Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 444.99 Kb.

бет1/4
Дата24.01.2017
өлшемі444.99 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

Аудандық қоғамдық-саяси газет

№71-72

(11298)

жұма

5 қыркүйек

2014  жыл

Қарқаралының 190 жылдығы құтты болсын!

Өткен аптада Қарағанды облысына

жұмыс сапарымен Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев  арнайы  келгені  белгілі.

Жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан

Әбішұлы Қарағандыда кейінгі жылдары

бой көтерген әлеуметтік-өндірістік ны-

сандарды аралап, аймақтың әлеуетін бағдарлады. Үдемелі индустриялық-

инновациялық  даму  (ҮИИд)  бағдарламасы  аясында  атқарылып  жатқан

жұмыстармен  танысып,  жаңадан  ашылған  заманауи  кәсіпорындардың

жұмыстарын көрді. «сарыарқа» еркін экономикалық аймақ жұмысының аяқ

алысын  да  салмақтап,  облыс  әкімі  Нұрмұхамбет  Әбдібеков  пен  облыс

әкімінің орынбасарлары, «Қазақмыс» компаниясы, «Арселор Миттал Темір-

тау» АҚ басшыларының есептерін тыңдады.  Аймақтың тыныс-тіршілігін,

оның дамуы мен болашақ жоспар-

ларын мұқият зерделеген Елбасы өңір,

аудандардың 

да 

дамуын 

шет

қалдырмады.  бұл  орайда  Қарқаралы

ауданының  жаңалықтарын  да  сұрап,

аудан  әкімі  Халел  Мақсұтовтан  тиісті

ақпарат алды. Х.Мақсұтов Теректі ауылында ҮИИд бағдарламасы аясында

ашылатын  «Көктасжал»  өндіріс  орны  туралы  баяндап,  онда  бүгінде

атқарылып жатқан жұмыстармен  таныстырып өтті. бұл ауқымды жұмысқа

Елбасы  ризалығын  білдіріп,  аймақтың  дамуына  қосылатын  үлес  екенін

айтты. Әрі өңір тұрғындарын осы өндіріс жұмысына тарту қажеттігін ескертті.

Апта-Ақпарат. 

Қасиетті  Қарқаралының

тарихына үңілсеңіз, талай

ғасырлардан өтіп, қойнауы

шежірелі  мұраға  толы

қазақтың  тек-тамырына

тереңінен 

бойлай

беретініңіз анық. Анығында

бұл  киелі  өлкенің  жылна-

масы 

мыңжылдықтарға

кете  береді.  Бұған  уақыт

өткен  сайын  осы  жердің

тума топырағынан табылып жатқан тарихи

жәдігерлер  дәлел.  Сондықтан  бүгінде

Қарқаралы қаласының іргесі көтерілгеніне 190

жыл  толу  мерейтойында  сол  бай  тарихы-

мызды жаңғырта отырып, кешегіні бүтіндеп,

бүгінгіні тайға таңба басқандай айшықтай бе-

руіміз керек. Бұл үшін бізде тасқа басылған ше-

жіре  де,  әрдайым  толығып  келе  жатқан

жәдігерлеріміз де баршылық.

Өткен өмір – халықтың айнымас та-

рихы.  осындай  атаулы  мерейтойларда  елді

айрандай  ұйытқан  көсемдер,  әділдіктен

таймаған  шешендер,  ел  мен  жерге  қорған

болған  батырлар  есіміне,  олардың  ардақты

рухтарына  тағзым  еткен  ләзім.  Сонымен

қатар, бір замандарда Ресей патшалығының

қол астында болсақ та, ұлтты ұйыстырып,

елдіктің 

туын 

биікке 

көтерген

марғасқаларымыз  бен  майталмандарымыз

болды. Сондай бірегей тұлғалар қай заманда

болсын  «Арқаның  сәукелесі»  киелі  мекен  –

Қарқаралы жерінен аз шықпаған. осы жердің

қасиетті  топырағы  мен  мөлдір  ауасын

жұтқан талай қайраткер, ардагерлеріміз бар.

Талай ғасырдан бері түтінін түтетіп, ұрпақ

тәрбиелеген, 

етегін 

қымтап, 

елдігін

танытқан ұлағатты халық бар. 

міне, сол Қарқарлыға биыл 190 жыл толып

отыр.  Екі  ғасырға  жуық  уақыт  ішінде  небір

алмағайып 

заманды 

басынан 

кешті.

Тағдырдың қызығын да, шыжығын да татқан,

ақ патшаның қасіретті саясатын да басынан

кешіріп, Ақпан, Қазан революцияларының да,

Кеңес  заманында  да  талай  зобалаң

жылдардың    куәгері  болған  Қарқаралы,  енді

міне ғасырлар бойы аңсаған қазақ халқының

тәуелсіздігі  кезеңінде  өзінің  190  жылдығын

қарсы  алып  отыр.  осы  ортақ  мерейтой

құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш

болсын.  Береке-бірлігіміз  бекем,  тәуелсіз

еліміздің тұғыры берік болсын.

нұрмұхамбет ӘБДІБЕКов,

Қарағанды облысының әкімі.

Аймақ жаңалығы

ЕлбАсығА ЕсЕп бЕрді

Қарқаралы  –  ұлт

з и я л ы л а р ы н ы ң

шоғырланып, 

қызмет

еткен, орталық Қазақстан

өңірінің  барлық  саяси

оқиғаларының ордасы, Ұлан

байтақ  Сарыарқадағы  та-

рихи,  мәдени  шежірелердің

мол  қоймасы,  табиғи

көркіне көз тоймайтын жер

жаннаты.

Біз биыл атап өтейін деп

отырған  190  жылдық  –  ол

Қарқаралының  ресми  түрде  қала  статусын

алғаннан  бергі  кезең.  Ал  тарихқа  терең  үңілсек,

Қарқаралының  тарихы,  Қарқаралы  деген  сөздің,

Қарқаралы  деген  жалпы  ұғымның  пайда  бола

бастаған кезінен белгілі десек артық емес шығар.

Сайып келгенде, Қарқаралының тарихы осы өңірде

адамзат тіршілігі пайда болған кезден басталады

деп айтуымызға болады. оған дәлел,  «Суық Бұлақ»

басындағы  алғашқы  адам  тұрағы,  Кент

тауларындағы  үш  мың  жылға  жуық  тарихы  бар

атақты  «Протогород»  қазбалары,  Сақ  дәуірі

мәдениетінің  куәсі    Талды-2  орнынан  табылған

Сарыарқаның «Алтын Адамы».

Қарқаралы өңірінің қасиетті топырағында қалың

ел бірлігінің туын көтерген қоғам қайраткерлері,

жез  таңдай  шешендер,  от  ауызды  орақ  тілді

ақындар, аспандағы аққуға үн қосқан күміс көмей

әншілер, қол бастаған батырлар, жұртшылықты

ғажап өнерімен тәнті еткен табиғи талант иелері

дүниеге келген. Елбасы нұрсұлтан Әбішұлы назар-

баев  айтқандай,  «Өткендердің  қадірін  білу,

олардың арман-мүдделерін жалғастыру – адамгер-

шілік  парыз  ғана  емес,  қоғамдық  дамудың,  ілгері

басудың  негізгі  алғышарттарының  бірі»,

сондықтан  біз,  өткен  тарихымызды  ұлықтап,

қастерлеуіміз  керек.  Сол  арқылы  жас  ұрпақты

тәрбиелейміз.

«Туған  топырақтың  тау-тасы  –  тынысың,

торғайы  –  туысың»,  десек  Қарқаралының  әрбір

азаматы  осы  қасиетті  мекенді  көзінің

қарашығындай сақтап, әрбір тасы мен тауын, әр

ағашы  мен  тоғайын,  құсы  мен  аңын  қызғыштай

қорып, келер ұрпаққа жеткізуге міндетті. 

Енді, міне биыл, бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің жеті-

стіктеріне өзіндік үлес қосып, келешекке нық қадам

басып  келе  жатқан  қасиетті  Қарқаралы  қаласы

ресми түрде 190 жылдық мерейтойын қарсы алуда.

осы айшықты мереке –баршамызға ортақ дүбірлі

той. Бұл атаулы күн өткенге салауат айтып, ке-

лешекке үміт артатын, елдіктің туын тұғырлы

етіп,  халқымыздың  көсегесін  көгертетін  күн.

осындай 

мерейтойлар 

жалғасын 

тауып,

халқымыздың мерейі үстем, абыройы айқын бол-

сын  дейміз.  Қастерлі  тарихымыз  әлі  талай

ғасырларда халқымызбен қауышып, ұрпақтың үлгі

тұтар мұрасы бола бергей.

Халел мАҚСҰТов,

Қарқаралы ауданының әкімі.

Қасым АмАнжолов

...Уа,  дариға, алтын 

бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей 

кеше гөр..

жата алмас ем топырағыңда 

тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам 

мен егер.

неткен байтақ, неткен

ұлы жер едің,

нендей күйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім мен, 

сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде 

дер едім.

мен де өзіңдей байтақ едім, 

кең едім,

Қызығыңды көріп еркін келемін.

Сен де аямай бердің маған 

барыңды,

мен де аямай барым 

саған беремін...

Арқаның жер шоқтығы-

ҚАрҚАрАлы

Мерейтой – халықтың

Мерекесі

Каркаралы 1_Макет 1  04.09.2014  20:39  Страница 1



2

5 қыркүйек  2014 жыл

Қарқаралы аудандық аумақтық 

сайлау комиссиясы ШЕШІМ

3 қыркүйек 2014 жыл                                 №1                                    Қарқаралы қаласы

Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық

округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір

мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555

Жарлығына сәйкес Қарқаралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті әкімінің сайлауы 2014 жылдың 22 қазанына

тағайындалсын.

2. Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті әкімінің сайлауының күнтізбелік іс-шаралар жос-

пары бекітілсін.

3. Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2014 жылдың 22 қыркүйегінде басталып,27 қыркүйегінде

аяқталады.

4. Үміткерлерді тіркеу 2014 жылдың 7 қазанында аяқталады.

5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

с.бектұрсынов,

қарқаралы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы.    

а.құдайбергенова,

қарқаралы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы.

ХАБАРЛАМА

2014 жылдың 22 қазанына тағайындалған Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті әкімінің сайлауына Қарқаралы ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының құрамы және оның орналасқан орыны туралы

п/п



Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері

Байланыс теле-

фоны, факс

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы

1.

100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы,



Т.Әубәкіров көшесі 38, Мәдениет үйі.

Код 8-72146;  

Байланыс теле-

фоны: 32889,

31330

Комиссия төрағасы -  Бектурсынов Серик Боранбаевич



Комиссия төрағасының орынбасары - Ахмадиев Канат Наркенович;

Комиссия хатшысы  - Кудайбергенова Айнур Женисовна;

Комиссия мүшелері: Секербайұлы Азамат, Елеусизов Нурлан Аркено-

вич, Абуғалиев Ерлан Толеубекович, Акимбаев Муратбек Зекенович



с.б.бектұрсынов,

қарқаралы аудандық аумақтық сайлау  комиссиясының төрағасы. 

ата заң ардақталды

Саяси  тұрақтылық,  һәм  ішкі

тыныштықты  сақтап,  барша

қазақстандықтарды тәртіп пен бір-

лікке шақыруды мақсат тұтқан Ата

Заң  мерекесі  Қарқаралы  ауда-

нында 

ойдағыдай 



өтті.

Қасымханның 

қасқа 

жолы,


Есімханның ескі жолы, Әз Тәукенің

жеті жарғысынан бері қарай дала

заңымен үндесіп, ғасырлар бойы

адамзат өркениетімен бірге дамып

келе  жатқан  бүгінгі  Тәуелсіз

еліміздің  Ата  Заңы  мерекесінде

мәдениет 

үйіне 


жиналған

жұртшылықты 

аудан 

әкімі


Х.Мақсұтов    құттықтай  келе,  ел

еңсесін  көтеруге  арналып  жаса-

лып  жатқан  іргелі  жұмыстарға

тоқталып 

өтті. 

Халықтың


ә л е у м е т т і к - э к о н о м и к а л ы қ

әлеуетінің артуына белсене үлес

қосқан  бір  топ  азаматтарды  марапаттады.  Алдымен  ақ  жаулықты  көпбалалы  ана  Р.Тұрғанбаеваға

«Алтын алқаны» табыстады. Аудан әкімінің құрмет грамотасымен Н.Ташенов, М.Адамбеков, Д.Бижа-

нов, алғыс хатпен Д.Тахиров, Қ.Таласбаевтар марапатталды. Мемлекеттік қызметке тұрған мамандар

ант қабылдап, ел игілігіне қалтқысыз қызмет ете береміз деген ойларын жеткізді. Ата-бабаларымыз сан

ғасырлар 

бойы 


аңсаған

Тәуелсіздігіміздің  басты  құжаты

Ата Заңымыздың айтулы мереке-

сімен    аудандық  Мәслихат  хат-

шысы 

С.Нүркенов, 



жастар

орталығының директоры А.Рахым-

бергеновтер  жиналған  қауымды

құттықтап,  алдағы  күндеріне

сәттілік, елімізге тыныштық тіледі.

Салтанатты  шараны  «Аңыздың»

мың  бұралған  бишілері  мен

С.Бөдесов,  Кәмшат  пен  Аида,

Д.Ахметжанова, П.Әлімбетовалар

әдемі  би,  әсерлі    әннен  шашу

шашты. 

Г.Сламбекованың



қобызбен  орындаған  әдемі  әуені

көрермендердің көңілінен шықты. 



Өз тілшімізден.  

т.Хамитов (Фото).

Еркіндігіміз бен елдігімізді ұлықтайтын Конституция күні қалаға кіреберіс дөң

басында  көк  туымыз  тұғырына  бекітілді.  Бейбітшілікті,  егемендік  пен

біртұтастықты  білдіретін  көк  туымызды  көтеру  мәртебесіне  аудан  әкімі

Х.Мақсұтов, мәслихат хатшысы С.Нүркенов, Ұлы Отан соғысының ардагері

Ж.Мұсатаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Қасымжанов, ардагер

ағамыз Ә.Омаров, жастар орталығының директоры А.Рахымбергеновтер ие

болды. Еліміздің айбынды әнұраны орындалғаннан кейін аудан әкімі жиналған

халықты айтулы мерекемен құттықтай келе, егемендігіміз мәңгілік, туымыз

тұғырлы, ел іргесі бүтін болсын деген тілегін жеткізді. Ардагер ағамыз, «Туған

ел»  қорының  директоры  Ә.Омаров  ағамыз  елдің  тұстастығын  сақтау

мақсатында жасалып жатқан игілікті істерге ризашылығын білдірді. Аудандық

мәдени  ойын-сауық  орталығының  әншілері  Е.Уалханов,  А.Мұсатаев,

Ж.Садықовтар  орындаған  «Көк  тудың  желбірегені»  әні  жиналған

жұртшылықтың көңілінен шықты.

Мерейлі мереке

туымыз 

тұғырлы болсын

Велоспортшылар 

бақ сынады

30 тамыз күні аудан орталығында еліміздің Ата-Заң мере-

кесі  құрметіне  арналып  «Қарқаралы  Веложарыс-2014»  жа-

рысы өткізілді. Аталмыш жарыс аудандық жастармен жұмыс

жасау  орталығының  ұйымдастыруымен  өткізіліп,  жарысқа

қаламыздың біраз жастары қатысып өз бақтарын сынады. Ве-

ложарыс додасы 14 пен 17 жас аралығы бойынша ұлдар және

қыздар тобы болып, сонымен бірге, 17-29 жас аралығында

ересектер арасында тартысты өтті. Бір-бір велосипед мінген

спортшыларымыз  3000  метр  қашықтық  бойынша

мықтылықтарын  дәләлдеп,  жарыс  жолында  жеңіске  деген

құлшыныстарын  танытты.  Осымен  екінші  жыл  өткізіліп

отырған  вело  сайысының  бәсекелі  сынында  14-17  жас

аралығы  бойынша  қыздар  арасында  Анжелика  Павлыш  I-

орынды, Вероника Олиференко II-орынды, Карина Олифе-

ренко  III-орынды    иеленсе,  дәл  осы  жастағы  ер  балалар

арасында  Болат  Серік  I-орынға,  Түсіп  Серікжан  II-орынға,

Сахан  Дамир  III-орынға  табан  тіреді.  17  мен  29  жас

аралығындағы ерлер бойынша өткен жарыста Думан Бейсе-

наев  I-орынды,  Шандер  Владимир  II-орынды,  Данияр

Оңғарбаев III-орынды еншіледі.

Вело  сайыс  өз  мәресіне  жеткенде  барлық  спортшылар

қаламызға  кіре  берісте  жуырда  ғана  ашылған  тұғырлы  көк

байрағымыздың  жанында  марапаттау  рәсімі  жасалып,

ауданымыздың  біраз  жас  азаматтары,  атап  айтқанда,

аудандық  кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп  бөлімінің  басшысы

С.Төлеубек, АІІБ-і жол патрульдік полициясы, полиция  сер-

жанты  Ж.Қабдырашев,  аудандық  жедел  жәрдем  бөлімінің

фельдшері А.Тәңірбергенов, ата-аналар атынан В.Павлыш-

тар спортшыларға алғыстарын айтып, осындай жарыстардың

өтіп тұруына бір адамдай ат салысайық деген тілектерін біл-

дірді.


Жарыс барысында жеңімпаз атанған барлық спортшылар ар-

найы сыйлықтармен бірге кубоктармен марапатталды.



Өз тілшімізден.

Каркаралы 2_Макет 1  04.09.2014  20:41  Страница 1



3

5 қыркүйек  2014 жыл

- Маған қойған сауалыңа өзің талай

жыл сары майдай сақтаған мына фо-

тосурет жауап беріп тұр-ау, - деп фо-

тоны интернеттен көрген бойда Юрий

Григорьевич  бірден  байланысқа

шықты.  –  Қатар  тұрғандар  солдан

оңға қарай: Л. Төкебеков, С. Насибу-

лина, М. Смағұлов, В. Давыдова, В.

Новиковтармен институтта үлкен өмір

жолын бірге бастадық. Мамандығым

инженер-металлург 

бола 

тұра,


өлкетанушылықпен айналысуым осы

60-жылдары  Қарқаралы  табиғатына

сүйсініп, туристік жорықтарға шығудан

басталған болатын... Жауын-шашын,

тар жол-тайғақ кешуден қорықпай тау-

тасты, ескі қорымды армансыз аралау

үшін  алдымен  шыныққан  шымыр

болуың  қажет.  Сол  себепті  мен

ғылыми  еңбегімді  қорғаумен  қатар

КСРО  спорт  шебері  нормативін  орындап

шықтым.  80-жылдары  Қарағанды  облыстық

спорт және туризм федерациясының төрағасы

етті  мені,  республикалық  Орталық  кеңестің

мүшесі, «Турист» жорналының штаттан тыс кор-

респонденті болдым...

-  Өлкетанушылықтың  қай  бағытына  ден

қойған едіңіз?

- Әу баста өзім туған Орталық Қазақстанның  то-

понимикасы  мен  қазба  байлық  индустриясы

және өлкеміздің қала, ауылдарының арғы-бергі

тарихын,  қазақ  даласынан  шыққан  тарихи

тұлғаларды 

анықтауға 

бет 


түзедім.

Құжаттамалық негізде жазылған хикаяттарымда

Қ. Сәтбаев, Ш. Уәлиханов, М. Пришвин, Г. Пота-

нин, С. Марков, Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, А.

Құнанбаев, С. Ерубаев, Т. Казанғапұлы, М. Руса-

ков, Г. Фогелер, В. Эйферт, А. Чижевский сияқты

тұлғалардың  беймәлім  қырын  ашқанымды

мақтаныш тұтамын.

Иә,  алпысыншы  жылдардан  бастап

өлкетанушы-жазушы  Ю.Г.Поповтың  елімізде

және  ТМД  аумағында  жазған,  телеэкраннан

көрсетілген материалдары бүгінде жүздеп емес,

мыңдап  саналады.  Бірталай  еңбегі  ҚарМУ  ка-

федраларында,  баспадан  шыққан  кітап,

брошюраларының бәрі Қарқаралыдағы №2 орыс

орта 


мектебінің 

музейінде 

сақталып,

қолданылуда. Юрий Григорьевичтің «Соқпақтар

Қарқаралыға  жетелейді»,  «Каркаралинские

узоры»,  «Қарқаралы  уезінің  болыстық  управи-

тельдері  мен  билері»,  «Сарыарқа  самалы»,

«Потаниннің  соңғы  саяхаты»,  «Тәттімбеттің

алтын домбырасы», «Қарқаралы уезінің емгер-

фершілдері»,  «Қаракесек-Сарымның  болы-

стары», «Кенесары Қасымов», «Этнограф-сазгер

А.Затаевич»  секілді  бірнеше  кітабы  мен

мақаласын атауымыздың өзі оның әр күнді, әр

сағатты  тек  жұмыспен  өткізіп  дағдыланғанын,

жорықтар мен жазу-сызу ол үшін демалыс-тыныс

екендігін аңғарамыз, мұны өзі де мойындайды.

Ол қатыспаған жорық жоқ, ол алмаған марапат

жоқ. «Әкелер даңқы жолымен», «Сарыарқа ас-

паны  астында»  циклды  материалдары  қазақ,

орыс, неміс, поляк тілдерінде шығатын 60-тан

астам  газеттерде  жарияланған.  Өлкетанушы

жинаған  дүниелер  Балқаш  пен  Теміртаудың,

Қарағанды мен Шығыс Қазақстанның облыстық

музейлері мен архивтеріне алынған. Мәскеу мен

Петербор  көркемөнер музейлерінде жүзге жуық

қолжазбалар мен хаттар, бейнелеу туындылары

тапсырылған.

- 1994 жылдың күзінде Тверьге қоныс аудардым,

- деп жалғастырды ол әңгімесін. -  Қасіретім бе,

қасиетім бе, білмеймін, бірдеңеге көңілім кетсе,

соған  жетпей  мазам  болмайды.  Сөйтіп  өзімді

тылсым сырымен көптен қызықтырған Торопец

және Холм қалалары, Бончарово, Краснополец,

Ельно,  Киевичи  мекендері,  соларда  ғұмыры

өткен дворяндар Куропаткин, Чириков, Мусорг-

ский әулеттерінің, орыс православиесінің М. Г.

Рюриков, В. И. Меньшиков, М. А. Никольский т.б.

қастерлі  тұлғалары  туралы  зерттеп,  кітапқа

түсірдім.

Ю. Попов бұл ісімен көптеген ғылыми-ағарту

қоғамының  марапатына  бөленді.  КарЛАГ

абақтысынан аман шығып, Қарағандыда тұрып

қалған жандар туралы, Арқаның жаужүрек серісі

Мәди,  сегіз  қырлы-бір  сырлы  арманда  өткен

күйші-сазгер  Тәттімбет  бабамыз  туралы,

Қарағандыны тұрғызуға жанын салған өзге ұлт

азаматтары туралы еңбектері - солар тұрған жер-

лерді  тынымсыз  аралап,  қаншама  жұртпен

жүздесіп, 

соны 


Санкт-Петербург

мұрағаттарындағы  құжаттармен  салғастырып

тыным  таппағандықтың  жемісі.  Қарқаралының

аудандық  газеті  90-жылдар  аласапыранына

дейін «Коммунизм таңы» - «Заря коммунизма»

аталып екі тілде аптасына әрқайсы 3 реттен 6

газет (ондай заман да болған!) шығып тұратын.

Тоқсаныншы  жылдары  жариялылыққа  жасыл

көше ашылды дегеннен соң бұрын айтылмай-жа-

зылмай келген тақырыптарға біз де жол аштық.

Юрий Поповтың біздің редакциямен байланысы

тіпті нығайды, ақыры «Тасқа басылған

есімдер»  айдарымен  90-жыл  бойы

аудандық газетімізде жарияланған мате-

риалдар журналистердің республикалық

байқауының жүлдесіне ұсынылып, Юрий

Григорьевич 

лауреат 


атанды.

Редакторлық жылдарым ішінде еңбеккер

жанға көрсеткен бір құрмет осы болды.

Онан  соң  аудандық,  облыстық  баспа

беттерінде  ұстазым  Ш.  Мезгілбаев

бастаған, нәтижесін көре алмай кеткен

ісін  жалғастырдым,  ақыры  2005  жылы

Ю. Поповқа Құрметті азамат атағы бе-

рілгенін Қарағандыда тұрып естідім.



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал