Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 400.19 Kb.

бет1/4
Дата23.01.2017
өлшемі400.19 Kb.
  1   2   3   4

Газет 1930 жылғы қарашаның 

7 жұлдызынан шыға бастады

Аудандық қоғамдық-саяси газет

№67-68

(11294)

Сенбі

23 тамыз

2014  жыл

Қоғамның ең қымбат

жемісі адам жəне оның өмірі

деп Ата Заңымызда

көрсетілгендей, адамдардың

денсаулығы, өмір сүру

ұзақтығы бүгінгі таңдағы

басты мəселеге айналып

отыр. Адамдар

а р а с ы н д а ғ ы

с а л а у а т т ы л ы қ -

денсаулықтың негізгі ті-

регі. Салауатты өмір

салтын қалыптастыру

мақсатында түрлі іс-ша-

р

а



л

а

р



ұ й ы м д а с т ы р ы л у д а .

Əсіресе халық арасында

бұқаралық спортқа мəн

беру кеңінен қолдау

тапты. Жалпы, спорт-

денсаулықтың кепілі.

Осы орайда, арнайы

спорт күні бекітіліп, жер-

жерлерде мереке ре-

тінде аталып өтуде.

Есімдерін ел танып,

əлемдік ареналарда жерінің

намысын қорғап жүрген білек-

тілер мен жүректілерді

дүниеге əкелген Қарқаралы

жерінде де спорт күні мерекесі

аталып өтті. Мекемелер жəне

жастар ұжымдары қатысқан

шара аудан əкімі

Х.Мақсұтовтың құттықтау

сөзімен ашылды. Аудан бас-

шысы спорт саласында жеті-

стіктерге жетіп жүрген,

шəкірттері ауданның абыро-

йын асқақтатып жүрген

бірқатар азаматтарға алғысын

білдірді. Осындай абырой биі-

гінен көрініп жүрген Арғын

Елеусізов, Қайыржан

Дүйсеков, Асылбек

Абишевтарға аудан əкімінің

құрмет грамотасы, Ербол Их-

санов, Бағлан Ахметов, Ардақ

Құсайынов, Қанағат Аюпов,

Берік Көшеновтер алғыс хат-

тармен марапатталды. Мара-

пат иелеріне Кəмшат

Базанова, Аида

Əбілқасымовалар əдемі

əндерден шашу шашты.

Аудандық мəслихаттың депу-

таты, аудандық «Қарқаралы»

газетінің бас редакторы Рым-

бек Смағұлов жарысқа

қатысушы барлық спорт сүйер

қауымды айтулы мерекемен

құттықтай келе алдағы сын-

дардан сүрінбей өтулеріне ті-

лектестігін білдірді. 

Мерекенің мерейін

тасытып, көрігін қыздырған

аяқдопшылар бұл жолы да

еселерін жібермей, айла-

əрекеттерін іске асырып-ақ

бақты. Нəтижесінде, шағын

футбол мекемелер арасында

І орын жастар орталығы, ІІ

орын Қарқаралы мемлекеттік

ұлттық табиғат паркі, ІІІ орын

аудандық əкімшілік, оқушылар

мен жасөспірімдер арасында

І орын «Барабай» командасы,

ІІ орын № 1 орта мектептің

командасы, ІІІ орын № 2 орта

мектептің «Жастар 2»

командасы иеленді.

Білектің күшіне басатын

қарымды жігіттер ара-

сында өткен арқан тарту-

дан І орын Қарқаралы

мемлекеттік ұлттық

табиғат паркі, ІІ орын

ауылшаруашылық кол-

ледж, ІІІ орын

«Қазақмыс», Қол

күресінен мекемелер ара-

сында І орынға

Қарқаралы мемлекеттік

ұлттық табиғат паркі, ІІ

орынға мəдениет үйі, ІІІ

орынға интернат үйі

табан тіреді. 60 кг

салмақта І орынды Иска-

ков Ерлан, ІІ орынды Ах-

тамберлин Руслан, ІІІ

орынды Мəрібай Жандос, 70

кг салмақта І орынды Аманбе-

ков Айдын, ІІ орынды Ахметов

Дидар, ІІІ орынды Алимбетов

Жасұлан, 80 кг салмақта І

орынды Есенгельдин Саят, ІІ

орынды Серікбаев Мұратбек,

ІІІ орынды Мусин Жақсылық

иеленді. «Жүзден

жүйріктерге» сый-сияпатты

қала əкімінің орынбасары

Е.Аманбаев тапсырды. 

Спорт-бейбітшіліктің

жаршысы. Адамдар

арасындағы достықты ғана

нығайтып қоймай,

салауаттылыққа үндейтін

спорттық шаралардың көптеп

өтуі, белсенді қоғамның

қалыптасуына ықпал етері

сөзсіз. 


Сағыныш Әбілова.

Т.Хамитов  (ФОТО).

Қарқаралы қаласының 190

жылдық  мерейтойының

бағдарламасы 

4 қыркүйек

11.00                    Тарихи тұлғалар туралы деректі 

фильм көрсетілімі  (мəдениет үйі)

5 қыркүйек

Қарқаралы қаласы

10.00 – 13.00   Қарқаралы қаласы бойынша экскурсия

14.00 – 18.00  Республикалық ақындар айтысы (мəдениет үйі)

18.30 – 22.00   Эстрада жұлдыздарының мерекелік  концерті. 

Демалыс кеші.    (орталық саябақ)



6 қыркүйек

Киіз үйлер ауылы

10.00 – 11.00    Мерейтойдың салтанатты ашылуы   

11.00 – 13.00    Мəдени-көпшілік шаралар

13.00 – 15.00   Түскі үзіліс

15.00 – 16.00   Өнер ұжымдарының концерті

16.00 – 19.00   Күрес - 60 кг, 70 кг, 80 кг жəне 80 кг жоғары

Аламан бəйге  - 35 шақырым 

(25 мың теңге жарнасы)

Тоқ бəйге – 20 шақырым 

(15 мың теңге жарнасы)

20.00 – 21.00      Кешкі ас.  

Ұйымдастыру алқасы   Тел. 8 (72146) 31-8-01, 31-3-05

Жаңа оқу жылы,

жаңа міндеттер

мен жаңа


ұ с ы н ы с т а р ,

жаңалықтар,  са-

палы білім, биік

ж е т і с т і к т е р ,

к ө к е й к е с т і

мəселелер, білім

саласын дамыту

б а ғ ы т ы н д а ғ ы

оңды іс- шара-

ларды жүзеге

асыру. Міне,

осының бəрін

ортаға салған ке-

лелі кеңес,

алқалы жиын болып өтті.

Ол жылдағы дəстүрлі түрде өткізіліп келе

жатқан ауданның білім беру қызметкерлерінің

тамыз мəслихаты. Қарқаралы ауданы білім

беру   қызметкерлерінің педагогикалық кеңесі

секциялық жұмыстардан басталып, онда өз

пəндері  бойынша ауданы  мыздың барлық пəн

мұғалімдері қатысып, жүзден аса баяндамалар

оқылды. Пленарлық отырыс өткізілді.

Мəслихаттың үлкен жиналысына аудан əкімі

Халел Мақсұтов, Қарағанды облысының білім

басқармасының бас маманы Қаламқас Оспа-

нова жəне қала, кент,селолық округ əкімдері,

ауданның мекеме, кəсіпорын басшылары

қатысты. Жиынды аудан əкімінің орынбасары

Сайлау Əлиұлы ашып жүргізіп отырды. "Білім

берудегі инновациялық стратегия- мемлекеттің,

қоғамның жəне жеке тұлғаның тұрақты даму

ф а к т о р ы "

тақырыбындағы

б а я н д а м а м е н

аудандық білім,

дене шынықтыру

жəне спорт бөлімі

басшысы міндетін

атқарушы Жеті-

баев Жетпісбай

Қырғызбайұлына

алғашқы сөз ке-

зегі берілді. Елі-

міздегі тұрақты

дамудың жаңа

с т р а т е г и я л ы қ

бағыттары, жедел

ақпараттандыру

білім беруге қойылатын талаптарды өзгертуге

байланысты білім беруді жаңартуда педагог-

тардан жауапкершілікті түсініп, кəсіби міндет-

терді жүзеге асыруда жаңаша көзқарастарды,

инновациялық қызметті талап етеді.Осы

тұрғыдан алғанда ұстаздар қауымына жас

ұрпаққа сапалы біліммен тəрбие беруде зор жа-

уапкершіліктер жүктейді. Міне осындай өзекті

мəселелерді қамтыған баяндамада өткен оқу

жылында ауданымыздағы білім саласының

атқарылған жұмыстары сараланып,  жан- жақты

көкейкесті мəселелері айтылды. Баяндаманы

талқылауға шыққан аудан мектептерінің дирек-

торлары, пəн мұғалімдері де ортақ мүдде  - жас

ұрпақтың жарқын болашағы жолындағы өз

жұмыстарымен кеңес жиынына

қатысушылармен бөлісті. 



(Жалғасы келесі бетте)

Алтын бесік ауылдарымыздың жағдайы кім-кімді болсын

алаңдатпай қоймайды. Сол себепті, Елбасының арнайы тапсыр-

масымен ауылдарды дамытуға арналған «Өңірлерді дамыту»

бағдарламасы қабылданып, біршама күрделі деген жұмыстар ше-

шімін табуда. Жақында осы бағдарламаның орындалысы жөнінде

кеңейтілген əкімдіктің отырысы өтті. Күн тəртібінде негізгі екі

мəселе қаралды. Қарқаралы ауданының «Өңірлерді дамыту»

бағдарламасын іске асырудың аясында бөлінген бюджет

қаражаттарының пайдаланылуын бақылау қорытындысы жөнінде

аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Б.Берниязов

жəне екінші мəселе, жер қатынастарын реттеу бойынша аудандық

жер қатынастары бөлімінің басшысы Ə.Наушабаев хабарлама жа-

сады.


Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы «Өңірлерді да-

мыту» Бағдарламасын іске асырудың шеңберінде бөлінген бюд-

жет қаражатының пайдаланылуын бақылаудың қорытындыларын

қарастырып, 14 бақылау обьектілерінде 2395,0 мың теңге жалпы

сомаға бұзушылықтар жəне 41 рəсімдік сипаттағы бұзушылықтар

орын алғандығын белгіледі. Жиын барысында аудан əкімі

Х.Мақсұтов осындай кемшіліктерге жол берген Томар, Қаршығалы,

Тегісшілдік, Егіндібұлақ, Н.Əбдіров, Қарағайлы кенті, Қ.Аманжолов,

Қырғыз, Қайнарбұлақ, Ынталы, Бақты, Бесоба, Шарықты,

Балқантау селолық округ əкімдерінен себептерін сұрады. Алайда,

қиынды қиыстырып айтуға дағдыланған ауыл əкімдері бұл жолы

да түрлі себептерді айтты. Бірі жұмыс жасаймыз десе, бірі

есепшінің қателігі, жаңа əкім ескі əкімнен қалған жұмыс дегенді

алға тартты. Ауылдардағы осындай қателіктер ауыл əкімдерінің

түрлі заңнамаларды дұрыс білмейтіндігі. Осының нəтижесінде ҚР

Бюджет кодексінің 145-бабының 5-тармағының негіздері бойынша

орындалған жұмыстар көлемінің құнын шамадан тыс асырғаны

үшін Қаршығалы, Тегісшілдік, Егіндібұлақ, Қырғыз, Бесоба селолық

округі, Қарағайлы кенті əкімдеріне ескерту жариялану жөнінде,

Қ.Аманжолов, Томар, Нұркен, Қайнарбұлақ, Ынталы, Бақты,

Шарықты, Балқантау селолық округі əкімдеріне заң

бұзушылықтарға жол бергені үшін, аталмыш бағдарламаға жау-

апты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде аудан

басшысына аппарат басшысы ұсыныс жасады. Осындай əдеттегі

жазаға еті үйренген ауыл əкімдері құтылар.  Аталмыш

бағдарламаның игілігін көре алмаған ауыл халқының сенімі мен

үмітіне селкеу түсірмеу ауыл əкімдерінің болашақтағы атқарар

жұмыстарына берілген басты міндет болып саналмақ.   

Сонымен қатар, жиын барысында жер қатынастарының он

екі мəселесі қаралып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар бе-

рілді. 

Сағыныш Әбілова. 

Аудан əкімдігінде

БАҒДАРЛАМА 

БАҒДАРЛАМА 

БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Тамыз мəслихаты

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ - 



БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ



ЕСЕЛІ ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕН КҮН



Спорт мерекесі

2

23 тамыз  2014 жыл

ЖОБА

Қ.Аманжолов 

селолық округінің 

Талды, Ақбай-Кызылбай,

Сарыобалы елді 

мекендеріне, 

«Үштөбе», 

«Өзен», «Қарамолла» 

қыстақтарына жəне Ынталы 

селолық округінің  Ынталы

елді-мекені 

аумағында шектеу 

іс-шараларын белгілеу 

туралы

Қ а з а қ с т а н

Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті

мемлекеттік басқару жəне өзін-

өзі басқару туралы Заңының 31

бабының 1 тармағының 18 )

тармақшасына, Қазақстан

Республикасының 2002 жылғы

10 шілдедегі  «Ветеринария ту-

ралы» Заңының 10 бабының 2

тармағының 9) тармақшасына

сəйкес, Қарқаралы ауданының

əкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ірі қара, ұсақ мүйізді  мал-

дарынан жəне иттерден бру-

целлез ауруының шығуына

байланысты Қ.Аманжолов

селолық округіндегі Талды,

Акбай-Кызылбай, Сарыобалы

елді мекендері, «Үштөбе»,

«Өзен», «Қарамолла»

қыстақтарына жəне Ынталы

селолық округіндегі Ынталы

елді-мекені  аумағында шектеу

іс-шаралары белгіленсін. 

2. Ветеринариялық-

санитариялық, сауықтыру жəне

шектеу іс- шаралары Қазақстан

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң

қолданыстағы заңнамасына

сəйкес өткізілсін.

3. Осы қаулының орындалуын

Қарқаралы ауданы əкімінің

орынбасары    Б.М.Токмурзинге

жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғаш

ресми жарияланған күнінен ба-

стап қолданысқа енгізіледі.



К. Максутов,

Қарқаралы ауданының əкімі.  

ПРОЕКТ

Об установлении 

ограничении мероприятий

в населенных  

пунктах Талды, 

Акбай-Кызылбай, 

Сарыобалы, 

зимовках «Уштобе», 

«Озен», «Карамолла»

сельского округа 

К.Аманжолов,

а также в населенном

пункте Ынталы,

Ынталинского  

сельского округа

В соответствии с подпунк-

том 18) пункта 1 статьи 31 За-

кона Республики Казахстан от

23 января 2001 года «О мест-

ном государственном управле-

нии и самоуправлении в

Республике Казахстан»,  под-

пунктом 9)  пункта 2 статьи 10

Закона Республики Казахстан

от 10 июля 2002 года «О вете-

ринарии», акимат Каркаралин-

ского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1.  В связи с возникнове-

нием заболевания бруцеллеза

среди крупного и мелкого рога-

того скота и собак,  установить

ограничительные мероприятия

на территории населенных

пунктов Талды, Акбай-Кызыл-

бай, Сарыобалы и в зимов-

ках1«Уштобе», «Озен»,

«Карамолла» сельского округа

К.Аманжолова, а также в насе-

ленном пункте Ынталы  Ынта-

линского  сельского округа. 

2.1Провести ветеринарно-

санитарные, оздоровительные

и ограничительные мероприя-

тия в соответствии с действую-

щим законодательством

Республики Казахстан.

3.  Контроль за исполнением

настоящего постановления воз-

ложить на заместителя акима

Каркаралинского района Б.М.

Токмурзина

4. Настоящее постановление

вводится в действие со дня его

первого официального опубли-

кования.

К. Максутов,

аким Каркаралинского

района.       

«Балам дейтін ел бол-

маса, елім дейтін бала

қайдан


шығады»

дейтін қазақ халқы қашанда

елі үшін еселі еңбек еткен ер-

азаматтарын назардан тыс

қалдырған емес. Арда

ұлдарының əр басқан

қадамына қуанып, жетістігіне

марқаятын дархан халықтың

дала көңілі ешқашан

тарылған емес. Осындай рия-

сыз көңілден туған ой асыл

азаматтарымызды ардақтауға

бағытталып жатыр. Жақында,

аудандық Мəслихат шешімі-

мен жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері,

Қарқаралы ауданының тумасы, Ш.Айманов атындағы

«Қазақфильм» ұлттық компаниясының бас редакторы

Қосылбеков Дидар

Амантайұлына, өндіріс сала-

сында ұзақ жылдар еңбек сіңірген

ж е р л е с і м і з

кенші 


Нұралин Жүкенге

«Қарқаралы ауданының құрметті

азаматы» атағы берілді. Сондай-

ақ, ауданымыздағы №72-ші жол

пайдалану бөлімінің басшысы 25

жыл бойы қызмет атқарып келе

жатқан  Айдар Әнуарбекұлы

Медеубаевты ҚР Көлік жəне ком-

муникация министрлігінің

“Құрметті жолшы”  төс белгісі ма-

рапаттымен құттықтаймыз.

Жерлестерімізге толағай табы-

стар тілей отырып, елі үшін

атқарып жүрген еңбектеріңіз елене берсін дейміз.

Құттықтаймыз!

(Соңы. Басы 1-бетте)

Атап айтсақ, "Мектеп оқушыларының

оқу нəтижелерін бағалау жолдары"

тақырыбында Қарағайлы кентіндегі

№16 орта мектептің директоры

М.Акимбаев,"Қоғамдық пəндерді

оқытуда ақпараттық- коммуникативтік

технологияларды пайдалану жол-

дары"атты баяндамасымен Талды

ауылындағы №19 орта мектептің тарих

пəнінің мұғалімі  Жанар Аманжолова,

"Білім беру ұйымдары қызметінің

нəтижелілігін бағалау мен диагностика

жүргізудің жаңа ғылыми - əдістемелік

жəне технологиялық тəсілдері"

тақырыбында Аппаз ауылындағы №18

орта мектеп директорының оқу-тəрбие

жұмысы жөніндегі орынбасары Шарбат

Райымбекова, "Математика пəнінен

оқушыларды ұлттық бірыңғай тесті-

леуге дайындау ерекшеліктері"

тəжірибелік баяндамасымен

Қарқаралы қаласындағы №1 орта

мектептің матеметика пəні мұғалімі

Гүлнұр Омарбекова, "Ауыл

жағдайында мектепке дейінгі тəрбие

мен оқытудың мемлекеттік стандартын

жүзеге асыруды қамтамасыз ету”

тақырыбында Егіндібұлақ селосындағы

"Айгөлек" балабақшасының

меңгерушісі Меруерт Мадикенова,

"Оқушылардың, педагогтар мен ата-

аналардың қажеттілігіне бағытталған

мектептің тəрбие жұмысын дамыту"

жұмысымен бөліскен Ақжол

ауылындағы №12 орта мектеп

директорының тəрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары Шынар

Нұрмағанбетова, "Бастауыш пен негізгі

буын арасындағы сабақтастық - білім

сапасын жетілдірудің кепілі" атты ба-

яндамасымен Егіндібұлақ селосындағы

№5 орта мектептің бастауыш сынып

мұғалімі Қарлығаш Ахметжановалар

жарыссөзге шығып, ойларын ортаға

салды. Сөз Қарағанды облысының

білім басқармасының бас маманы Қ.

Оспановаға беріліп, білім саласындағы

талап пен міндет, жауапкершілік

деңгейіне тоқталып, мемлекет тарапы-

нан жолданған бағыт –

бағдарламалардың маңыздылығын

жеткізді. Жиынды қорытындылаған

аудан əкімі Х. Мақсұтов  ұстаздар

қауымын алдағы жаңа оқу жылымен

құттықтады, еңбектеріне жеміс тіледі.

Аудан əкімі соңғы жылдары елімізде

білім саласының дамуы үшін

атқарылған игі шараларға тоқталып,

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан

халқына арнаған Жолдауындағы "

Ұлттық білім берудің барлық буынының

сапасын жақсартуда бізді ауқымды

жұмыс күтіп тұр"деген сөзінің осы білім

саласына қатысты екенін айта келіп,

білім беру бағытындағы жетістіктер мен

қоса шешімін күткен жұмыстарда жоқ

емес. Оның бірқатары белгілі

болғанымен, біраз жұмыстың қаржыға

байланыстылығы жəне олардың кезең-

кезеңмен шешіліп жатқаны да бар.

Білім саласындағы барлық мəселелер,

мектептердің  материалдық базасы ,

кең жолақты интернетке қосылу

мəселелері күнделікті бақылауында

екенін айтып өтті. Сондай-ақ,кейінгі

жылдардағы ауыл

мектептеріндегі бала

санының азайып

келе жатқаны ауыл

болашағы үшін

а л а ң д а у ш ы л ы қ

т у ғ ы з ы п

отырғандығын, бұл

үлкен проблеманы

ауыл əкімдері, мек-

теп басшылары ауыл

х а л қ ы н

т ұ р а қ т а н д ы р у ғ а

оларға жұмыс беру,

меншік иелігіндегі

к ə с і п о р ы н ,

өңдеу,өндіру орын-

дарын көптеп да-

мыту арқылы жəне

мемлекеттік бағдарламаларды өз

ауылдарында жүзеге асыруға жұмыс

жасау қажеттілігін баса айтты.Өскелең

ұрпақтың оқу - тəрбиесі еліміздің одан

əрі дамуына жасаған бірден -бір

баспалдақ екенін ұқтырған аудан əкімі

тоқталып қамтымаған мəселе қалмады.

Аудан əкімі өз сөзін   М.Жұмабаевтың "

Қазақтың тағдыры да, келешекте ел

болуы да мектебінің қандай негізде

құрылуына барып тіреледі. Мектебі-

мізді таза, берік һəм өз жанымызға

/қазақ жанына / үйлесетін негізде құра

білсек, келешегіміз үшін тайынбай- ақ

серттесуге болады" деген аталы

сөзімен алқалы жиын, тамыз

мəслихатының мəні - маңызын ашық

түйіндеп берді. Тамыз мəслихатының

маңызы артқан жиынында марапаттау

рəсімінің де орайы келді. ҚР Ұлттық

бизнес -рейтингтің ұйымдастыру

алқасының шешімімен ерен еңбегі,

еңбектегі табысы үшін “Қазақстан

Даңқы” орденімен -Қазақ ССР халық

ағарту ісінің озық қызметкері, ҚР- ң

Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері, еңбек ардагері Садуақасов

Тілек Садуақасұлы марапатталса, ҚР

Ұлттық бизнес - рейтингтің 2014

жылдың " Лидер отрасли" құрметті

атағымен аудандық білім, дене

шынықтыру жəне спорт бөлімі мара-

патталды. Облыстық білім

басқармасының Құрмет грамотасымен

Қарағайлы кенті №16 орта мектептің

тарих пəнінің мұғалімі Əділ

Жұмашев,облыстық білім

басқармасының Алғыс хатымен

Егіндібұлақ селосы №5 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Дакен

Қожабаева марапатталып, лайықты ма-

рапаттарын аудан əкімі Халел

Мұқатайұлы табыстады. Маңызды

жиынның күн тəртібіндегі мəселелер

бойынша ұсыныстар қабылданып, са-

раптау алқасысының ұсыныс жобасы

негізге алынды. Онда кеңесте оқылған

баяндаманы талқылау барысында

айтылған ұсыныс-пікірлерді жəне аудан

əкімінің нақты тапсырмасын ескерген

толықтырулармен қабылданды.

Жиында айтылған өткір мəселелердің

мұғалімдер қауымына ой салатын

тұстары аз болған жоқ. Сол жан -жақты

айтылған пікір- ұсыныстармен қоса

аудан басшысының тапсырмасының

өзегі- баршамыз үшін ең бірінші кезекте

оқушыға берілетін білімнің сапалы

болуы қадағалануы тиісті екенін

нақтылады. Əрбір жаңа оқу жылының

өз ерекшелігі мен қиындығы болатыны

белгілі. Тек, табысты болғай демекпіз.



Бану Мұқашева.

Тамыз мəслихаты

“Жас ұрпақтың қос қанаты

- білім мен тәрбие”

Бүгінгі таңда əр адамның денінің саулығы

қоғамдағы өзекті мəселенің бірі болып отыр. Осы

орайда, жақында Қарқаралы ауданы əкімдігі

жанындағы туберкулез жəне басқа инфекциялық ау-

рулармен күресу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің от-

ырысы өтті. Кеңестің отырысына аудан əкімінің

орынбасары С.Əлиұлы төрағалық жасады. Күн

тəртібіндегі маңызды тақырыптар Қарқаралы ауданы

бойынша 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында

туберкулез ауруына қарсы жүргізілген жұмыстар

жөнінде аудандық орталық аурухананың фтизиатр

дəрігері А.Нұрмағанбетова, туберкулез жəне басқа

да жұқпалы аурулардың алдын-алу тақырыбында

аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау

басқармасының басшысы С.Қырғызалин, ауданда

туберкулез жəне басқада инфекциялық аурулардың

алдын алуда жөнінде ветеринариялық бақылау жəне

қадағалау комитетінің аудандық аумақтық

инспекциясының басшысы Т.Көпжасаровтар

аудандағы ахуал жөнінде хабарлама жасады. 

2013 жылдың 6 айының көрсеткіші бойынша тубер-

кулез сырқаты аудан бойынша 40438 халық санына

шаққанда 17,3 пайыз немесе 7 адам болса,

ағымдағы жылдың осы мерзімінде 8 адам есепке

алынып, сырқаттылық 20,5 пайыз немесе 1 адамға

өскен. Есепке алынғандардың ішінде Қасым ауылы-

нан-3, Теміршіден-1, Нұркеннен-1, Қаршығалыдан-1,

Шарықты-1, Қарқаралы қаласынан-1 адам. Ал дерт-

тілік көрсеткіші 2013 жылдың алты айында 44,5

пайызға яғни нақты көрсеткіші 18 науқас болса, 2014

жылдың 6 айына 27  науқасқа өскен. Себебі, биылғы

жылы ауруының қайталануына байланысты 6 науқас

тіркеліп, 2 науқас басқа жақтан ауысып келген.

Жалпы, ағымдағы жылдың 6 айы бойынша аурудың

асқынған түрі кездеспеген. Аурудың ашық түрімен

ауыратын науқастардың 15 ошағы тіркелген. Бұл

ошақта қатынаста тұрған адамдардың ішінен тубер-

кулезге шалдыққандар жоқ. Жəне де бұл кісілер

уақытылы дəрігерлік тексерістерден өтіп тұрады.

Аталмыш аурудың негізгі алдын алу жолы жоспарлы

түрде флюорографиялық тексерістен өту. Сонымен

қатар, жаңа туған нəрестеге салынатын БЦЖ екпе-

сін алу. Сондай-ақ,  туберкулез ауруының таралуына

жанама түрде себепші болатын үй жануарлары.

Биылғы жылдың 6 айында аудан бойынша туберку-

лез ауруына қарсы 66000 бас ірі-қара зерттеліп, ауру

мал басы анықталмаған. Сондай-ақ, аудандағы мал

басындағы бруцеллез ауруының көптеп кездесуі

адамдарға жұғу қауіпін төндіруде. Жоғарыдағы кел-

тірілген көрсеткіштердегі туберкулез адамдардың

санының өсуі алаңдатып отырған өзекті мəселенің

бірі. Аудан бойынша аурудың алдын алу жұмыстары

жақсы жүзеге асып отыр. Жоспарлы жұмыстар мен

түбегейлі тексерістердің нəтижесінде дер кезінде

ауруға шалдыққандар саны анықталуда. Егер

анықтау жұмыстары жүргізілмесе аурудың

жұқпалылығы күрт өсуі мүмкін. Ал уақытында

анықталған сырқаттар ем-домдарын алып, үнемі

бақылауға алынуда. Дегенмен, қол байлау болатын

мəселелер де жоқ емес. Əсіресе ауру таратушы

қатарына жататындар арзан жұмыс күші ретінде пай-

даланатын сырттан əкелетін жұмыскерлер мен

тұрмысы төмен адамдар. Дəрігерлер учаскелік

қызметкерлермен бірлесе жұмыс жасап, елді мекен-

дерді аралап, адамдардың хал-ахуалын үнемі

бақылауда ұстайды. Алайда алыс қыстақтардағы

жұмысшылардың барлығын дəрігерлік тексерістен

өткізу мүмкін емес. Осы жерде шаруақожалық

басшыларының да көмегі ауадай қажет-ақ.

Шаруашылықтарына жұмыс істетуге əкелген адам-

дарды дəрігерлік тексерістен өткізіп алса, өздеріне

төнетін қауіптің алдын алушы еді. Кейбір

шаруашылық басшылары учаскелік инспекторлар

барғанда жұмыскерлерін қораларына тығып,

көрсетпей деген реніштер де айтылып қалды.

Орынды. Ендігі бір айта кетерлігі ауыл əкімдері де

осы жұмысқа енжарлық танытпай, дəрігер, учаскелік

инспектормен біріге үш жақты жұмыс жасаса, бəрін

жөнге салуға болады. Əсіресе, аудан орталығынан

арнайы шығарылатын флюорографияға ауыл

тұрғындарының біркісідей түсуін қамтамасыз етуі

қажет. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»

демекші, өз денсаулығымыз өз қолымызда екенін



естен шығармағанымыз жөн. 

Сағыныш Әбілова.


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал