Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



жүктеу 0.73 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5   6

www.oraloniri.kz

Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

Орал өңірі



Бейсенбі,

1 қыркүйек 2016 жыл

№108 (20360)

+ 22 

0

С

+ 8 

0

С

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСи гАзЕТ

5

ЕЛ-ЖҰРТ

ТАРиХ

МӘСЕЛЕ

СОЛТүСТІКТЕН  ЖЕЛ  

ТҰРСА... 

ТАСҚАЛАҒА  цЕЛЛОфАН  

«ЖАуАДЫ»

ДҰҒАШЫ МЕН АСЫЛ 

МҰРАНЫ САҚТАуШЫ

ТАТуЛЫҚ пЕН ТАзАЛЫҚҚА 

үНДЕгЕН «АҚ ОРАМАЛ» 

АКциЯСЫ

Бүгін  –  Білім  күні

Жаңбыр  жауып,  жел  күшейеді!

«Қазгидромет»  РМК  «Батыс  Қазақстан 

гидрометеорология  орталығының»  мәліме­ 

тіне қарағанда, 1­2 қыркүйек күндері облыс­

тың  кей  жерлерінде  қатты  жаңбыр  жауып,   

солтүстік­батыстан  соғатын  желдің  жылдам­

дығы  15­20  м/с,  ал  Орал  қаласында  солтүс­ 

тік­батыстан  соғатын  желдің  екпіні  18  м/с 

дейін күшейеді.  

Тұрғындар  арасында  төтенше  жағдай­

ларға  жол  бермеу  іс­шаралары  жүргізілсін. 

Ұжым  басшылары,  әсіресе,  қалыпты  тір­

шілікті  қамтамасыз  ететін  коммуналдық  ме­ 

 кемелердің  жетекшілері,  электр  және  бай­

ланыс  желілерінің  барынша  тұрақты  жұ­ 

мыс жасауын  қамтамасыз  етуі  шарт.

Төтенше  жағдайды  жоюға  қарсы  күштер 

мен  құралдар  дайындыққа  келтірілсін,  бас­ 

шылық  құрамның  тәуліктік  кезекшілігі  ұйым­

дастырылсын.  Жағдай  күрделі  сипат  алып, 

 ТЖ қаупі төнген кезде БҚО ТЖ департамен­

тінің жедел кезекшісіне төмендегі нөмірлер 

арқылы  хабарлансын:  54­52­25,  51­39­35 

(факс), 51­42­22, 112.



Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегідей, біздің 

облысымыздағы 385 мектепте де (324 ауылдық,  

61 қалалық) алғашқы қоңырау сыңғырлап, шәкірттер 

мектеп партасына отырады. Облыстық білім 

басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, 2016-

2017 оқу жылында өңіріміздегі мемлекеттік күндізгі 

мектептерде 93 мыңнан астам оқушы білім нәрімен 

сусындамақшы. Оның 11 мыңнан астамы 1-сынып 

табалдырығын тұңғыш аттағалы отыр. 

Биыл  «Жұмыспен  қамту  ­  2020  жол 

картасы»  бағдарламасы  бойынша  –  9,  

жергілікті  бюджет  есебінен  –  1,  шетел  

инвестициясы  арқылы  екі  білім  ұясы 

күрделі  жөндеуден  өтуде,  бұл  жұмыс­ 

тар кестеге сай жүріп жатыр. 

Соңғы он жыл ішінде облысымыздың 

білім  саласын  қаржыландыру  бес  есеге 

өсіп,  53  млрд.  теңгеден  асты.  Өңіріміз­ 

де  үш  ауысыммен  оқу  жүйесі  келмеске 

кетті.  Жергілікті  бюджет  есебінен  1­4­

сынып  аралығындағы  оқушылар  тегін 

тамақпен қамтылған.

Қазір  мектептегі  балалардың  қауіп­

сіздігіне  баса  мән  берілуде.  Соған  орай 

биыл  білім  мекемелеріндегі  бейнекаме­

ралар  саны  үш  есеге  артты.  Нақтылап 

айтқанда,  319  білім  ұясында  4,7  мың 

бейнебақылау  жүйесі  жұмыс  істейді. 

Облыс  орталығындағы  мектептердің 

барлығы  дерлік  бұл  жүйемен  қамтыл­

ған.  Білім  ошақтарына  бейнебақылау 

қондырғыларын  орнату  енді  аудандар­ 

да да одан әрі жалғаспақ.

Өз тілшіміз

6-7

10

Өткен жылы екі бірдей асылдың 

ұрпағымен сұхбаттасқан болатынмын. Бірі 

– немересі, бірі – шөбересі. Бірақ күнделікті 

қарбаласпен жүріп, тіпті ақпарат та 

жазылмай қалды. Ақтөбеде болған биылғы 

қанды оқиғадан соң асылымызды танудың 

маңызды екендігі анық болды.



2

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  1 қыркүйек 2016 жыл

МЕЙРАМ


Тамыздың 29-да Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет 

және өнер орталығының амфитеатрында ҚР Конституци-

ясы күніне арналған мерекелік концерт өтті.  

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның 

ұйымдастыруымен болған шараға өңіріміздегі көптеген 

өнер ұжымы қатысты.

Мерекелік  концерт



К

лассиктердің  сөзіне  қа­

рағанда, 

мемлекеттің 

негізі болатын өзіндік қа­

ғидалары  бар.  Олар:  жері,  эконо­

микасы  мен  мәдениеті,  тілі    және 

Конституциясы. Міне, осы бес ны­ 

шан  ел  дамуының  алғышарты  бо­

лады.  Мұның  бәрі  Қазақстанда 

бар.  Биыл  республикамыздың  тә­

уелсіздігіне  –  25,  Ата  заңымызға 

21  жыл  толып  отыр.  Осы  уақыт 

аралығында  мемлекетімізде  жа­ 

ңаша  ойлайтын,  еліміздің  тәуел­ 

сіздігімен,  Конституциясымен  құр­ 

 дас  жаңа  толқын  қалыптасты.  

Олар  –  еркін  елдің,  құқықтық 

мемлекеттің  ұландары.  Иә,  еліміз­ 

дің әлеуметтік­экономикалық тұр­

ғыдан  дамуы,  саяси  тұрақтылық­

қа  қол  жеткізуінің  бәрі  Консти­

туциямызбен  байланысты.  Сол 

себепті біз Ата заңымызды қастер­ 

леп,  құрметтеуіміз  керек.  Батыс­

қазақстандықтарды  Конституция 

күнімен  құттықтаймын,  денсау­

лық,  ырыс­береке  тілеймін,  Көк 

байрағымыз  әрқашан  да  биіктен 

желбіресін, – деді шара барысын­ 

да сөз алған облыс әкімінің орын­

басары Марат Тоқжанов.

Мерекелік  концерт  барысын­

да  Ғ.  Құрманғалиев  атындағы  об­ 

лыстық филармонияның өнерпаз­ 

дарымен  қатар,  БҚО  мамандан­

дырылған  күзет  қызметі  басқар­ 

масының  «Ақжайық»  вокалды­ас­

паптар  ансамблі,  «Мерейлі  отба­ 

сы»  байқауының  облыстық  кезе­

ңінің  бас  жүлдегері  Биғалиевтер 

отбасылық ансамблі, «Николушка» 

балалар  фольклорлық  ансамблі, 

№34  мектеп­гимназияның  «Шұ­

ғыла»  би  ансамблі  және  аудан­

дардан  келген  жас  әншілер  де 

өнер көрсетті. 

Мәди ЫҚЫЛАС

Тамыздың 29­ы күні сағат 11.30­

да  Сырым  ауданының  орталығынан 

шыққан  велошабандоздар  сағат 

20­00­де Орал қаласындағы Қадыр 

Мырза  Әлі  атындағы  мәдениет 

және  өнер  орталығының  алдына 

келді.  Оларды  Орал  қаласының 

әкімі  Нариман  Төреғалиев,  облыс­

тық  дене  шынықтыру  және  спорт 

басқармасының басшылары қарсы 

алды.


–  Ата  заңымыз  күні  қарсаңын­

да  веложорық  шарасын  өткізу 

дәстүрге  айналып  келеді.  Осыдан 

екі жыл бұрын Ақсай­Орал, былтыр 

Чапаев­Орал  бағыттарында  вело­

шабандоздарымыз  жолға  шық­ 

ты.  Салауатты  өмір  салтын  наси­

хаттау,  балалар  мен  жастарды  ве­

лоспортпен  айналысуға  шақыру 

Веложорық 

ұйымдастырылды

ҚР Конституциясының 21 жылдығына орай Жымпиты-

Орал бағытында веложорық ұйымдастырылды.

мақсатында  ұйымдастырылып 

отырған  бұл  шараға  отызға  жуық 

спортшы  қатысты.  Олардың  ара­

сында жастар, орта және аға буын 

өкілдері  бар,  –  дейді  облыстық 

дене шынықтыру және спорт бас­

қармасының  бас  маманы  Дәурен 

Мұқанов. 

Айта  кетейік,  10  қыркүйекте, 

қала  күніне  орай  Қадыр  Мырза 

Әлі атындағы мәдениет және өнер 

орталығынан  П.  Атоян  атындағы 

стадионға дейін веложорық өтеді. 

Oған кез келген жан қатыса алады. 

Бұл жолғы веложорыққа да шама­

мен 600 шақты адам қатысады деп 

күтілуде.



Сәкен  МҰРАТҰЛЫ,

«Орал өңірі»



Қазболат  ҚҰРМАШЕВ, 



облыстық  велоспорт  бойынша 

БЖСМ  директоры:

–  Аудан  орталықтарынан  қалаға  дейін 

және  қала  ішінде  болатын  веложорықтар­

ға негізінен біздің тәрбиеленушілеріміз қа­ 

тысады.  Орал­Жымпиты  бағытында  жолға 

шыққандардың  арасында  ардагерлеріміз, 

бапкерлеріміз,  шәкірттеріміз  болды.  Бәрі 

де жақсы жетті.

Жалпы  спорт  мектебімізге  174  бала  ке­ 

ліп,  велоспорттың  қыр­сырын  үйреніп 

жүргенімен,  бәріне  бірдей  велосипед  же­ 

тіспейді.  Екі  балаға  біреуден  келеді.  Сол 

себепті  веложорықтарға  кезектесіп  шыға­ 

ды.  Десек  те,  өз  ісіне  берілген  бапкерлері­

міздің  арқасында  шәкірттеріміз  бұл  спорт  түрін  жақсы  меңгеруде. 

Республикалық,  халықаралық  жарыстардан  жеңімпаз,  жүлдегер  бо­ 

лып оралуда. 

Салтанат АЙТМАҒАМБЕТОВА, 

веложорықтың ең жас қатысушысы:

–  Алыс  қашықтықтағы  веложорыққа  екін­ 

ші рет қатысуым. Алғаш рет екі жыл бұрын 

Ақсай­Орал  бағытындағы  веложорықта 

өзімді  сынап  көрген  едім.  Ұнағасын  биыл 

тағы  шықтым.  Аса  қатты  шаршаған  жоқ­ 

пын. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Мен об­ 

лыстық  спортқа  дарынды  балаларға  ар­

налған  мектеп­интернаттың  10­сыныбында 

оқимын.  Велоспортты  бала  кезден  ұна­ 

тамын,  алдағы  өмірімді  осы  спортпен  бай­

ланыстырғым келеді.

ҚР  Конституциясы  күніне  ар­

налған  шараға  «Серпін  –  2050» 

әлеуметтік  бағдарламалар  аясын­

да  грант  негізінде  оқуға  түскен 

студенттер қатысты.

Кеш  «Ата  заң  –  мемлекет  да­

муының  іргетасы»  атты  кітап  көр­

месімен  ашылды.  Онда  жастар 

республикамыздың 

тәуелсіздік 

жылдары  қол  жеткізген  жетістік­

терін  баяндайтын,  Елбасы  және 

мемлекетіміздің белгілі тұлғалары 

туралы  сыр  шертетін,  сондай­ақ 

Қазақстан  тарихының  түрлі  ке­

зеңдерін  суреттейтін  кітаптармен 

кеңірек танысты. 

Содан  кейін  аталмыш  орта­

лықтың  маманы  М.  Алтыбайқызы 

еліміздің  басты  құжаты  болып  та­

былатын  Конституцияның  мәні 

мен маңызына тоқталды.  

Өңіріміздің 

жас 


ақыны, 

БҚМУ­дың  түлегі  Ж.  Шынтаев  ел 

тәуелсіздігіне, мемлекеттік құнды­ 

лықтарға  арнаған  өзінің  жүрек­

жарды  тілегін  өлеңі  арқылы  жол­ 

дап,  жырдан  шашу  шашты.  Сон­ 

дай­ақ жас ақын Ж. Ерманова бел

 

­



 

гілі  жерлес  ақынымыз  Айбатыр 

Сейтақтың  «Ата  заң  –  Азат  елдің 

ар­намысы»  атты  өлеңін  мәнер­ 

леп  оқыды.

Шара  еркін  сұхбат  түрінде  өтіп, 

жастар  Қазақстанның  тарихы,  мә­

дениеті  мен  әдебиеті  турасында 

өз ойларын ортаға салды. 

Өз тілшіміз

«Ата  заң  –  ел  тірегі»



Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер 

орталығында дәл осындай атаумен танымдық кеш өтті. 

3

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  1 қыркүйек 2016 жыл

қоғАМ


Бұл  қаражат  23  жобаны  іске 

асыруға жұмсалды. Аудан бойын­

ша 11 адам 31,3 млн. теңге көле­ 

мінде несие алды. Соның 7,5 млн. 

теңгесі  үш  жобаны  «жанданды­

руға»,  соның  ішінде    керамзиттік 

кірпіш  өндірісін,  дәнекерлеу  це­ 

хын  ашуға  және  бір  кафе  жұмы­

сын кеңейтуге жұмсалды.  Қалған 

23,8  млн.  теңге  құрайтын  сегіз 

жоба  мал  шаруашылығын  дамы­

туға жаратылуда.  

Несиелер  игерілуде 

Биыл Шыңғырлау ауда-

нына «Жұмыспен қамту – 

2020 жол картасының» 

ІІ бағыты - кәсіпкерлік 

бастаманы ынталандыру 

бойынша 60 млн. теңге 

несие бөлінді. 

Ардагерлер шықты 

сахнаға

Еліміз азаттығымыздың 

25 жылдығы құрметіне 

Ақжайық ауданының 

орталығы – Чапаевта ар-

дагер көркемөнерпаздар 

арасында «Тәуелсіздікке 

тағзым!» атты байқау- 

фестиваль ұйымдасты-

рылды. Қатысушыларды 

аудан әкімінің орынбаса-

ры Меңзипа Жұматова 

құттықтады. 

Чапаев,  Мерген,  Көнеккеткен 

және  басқа  ауылдардан  осы  ша­

раға ынта­ықыласпен келген ата­ 

әжелердің  өнеріне  көпшілік  қо­

шеметпен қол соқты.

Белгілі  сазгер,  мәдениет  сала­ 

сының  ардагері    Еділбай  Меңде­ 

шевтің  ән әуелетуімен басталған 

өнер  кешінде  ауданның  ардақты 

ақсақалдарының  бірі,  ұстаз  Мұ­

рат  Мақашұлы  баянда  попурри, 

Атолла    Нұрмұханов  пен    Аман­ 

ғали  Қайсағалиев  күй,  Көшер­

ғали  Макаров  терме  орындады. 

Қамария  Зиналиева,  Жасқайрат 

Құрманғазиев, Роза Сариева дәс­

түрлі  әндерді  шырқады.  Аудан­ 

дық  ардагерлер  хоры,  «Радуга» 

славян  мәдени  орталығының  хо­ 

ры  да  тамаша  орындаушылықта­

рымен қошеметке бөленді.  

Үздік нөмірлер облыстық бай­

қау­фестивальға барады.



Ш

ара  мақсаты  –  орыс 

тілді  азаматтар  ара­

сында  мемлекеттік  тіл­

дің  мәртебесін  көтеру,  жергілікті 

этнос  өкілдерін  насихат  негізінде 

бірлікке  шақыру.  Таяуда  Достық 

үйінде  жоба  авторы  Дос  Көшім 

баспасөз  мәслихатын  өткізді. 

Оның  айтуынша,  ҚР  Мәдениет 

және  спорт  министрлігі  тілдерді 

дамыту  және  қоғамдық­саяси  жұ­

мыс  комитеті  қаржыландырған 

жобаның  жоспарға сәйкес ұйым­

дастырылып  отырғанына  биыл  – 

үшінші  жыл.  Қазақстанның  бірне­

ше  қаласында  өткен  түрлі  іс­ша­

ралар  саны  бүгінге  дейін  80­нен 

асып  жығылған.  Оның  бірқатары 

тамыздың  22­26­сы  күндері  Орал 

қаласында  және  Бөрлі,  Зеленов, 

Теректі  аудандарында  ұйымдас­

тырылды.

Брифингке  сонымен  бірге  БҚО 

әкімдігі  жанындағы  Мемлекет­

тік  қызметшілерді  қайта  даярлау, 

біліктілігін  арттыру  және  мемле­ 

кеттік  тілді  оқыту  орталығының 

бөлім  меңгерушісі  Болат  Жексен­

ғалиев  пен  облыстық  тілдерді  да­

мыту  басқармасының  басшысы 

Махамбет Ихсанғали  қатысты.

– Бүгін мен қозғайтын тақырып – 

мемлекеттік  тілдің  бүгіні  мен  бо­

лашағы  жайында.  Емін­еркін  пікір 

«Заңнаманы  



Дос  КӨШІМ: 

Біздің өңірде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілін-

де» атты жоба аясында Қазақстан халқы ассамблеясы 

ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, «Ұлт тағдыры» 

қозғалысының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері Дос Көшіммен бірнеше кездесу өтті. 

наманы  қайта  қарауымыз  керек. 

Жиырма  жеті  жылдан  бері  мем­

лекеттік тілдің мәртебесі неге жо­

ғарыламады?  Соның  себебін  із­ 

деуіміз  қажет,  –  деген  Дос  Көшім 

брифингте  журналистермен  кеңі­ 

нен  әңігмелесіп,  қойған  сұрақ­

тарына уәж келтірді. 

Жанар ДӘУЛЕТОВА,

«Регион-Евразия»  газеті:

–  Мен  мектепке  дейін  қазақ 

тілінде  сөйледім.  Кейін  мектепте 

арнайы топта оқып, орыс тілін кей 

орыстардың өзінен жетік меңгеріп 

шықтым.  Кезінде  «Өзіңнен  баста» 

тақырыбында  мақала  жариялау 

үшін қазақ тілінде еркін сөйлейтін 

орыстармен сөйлестім. Олар қазақ  

тілін  үйрену  қиын  емес  екенін 

айтты.  Қазір  оқу  бағдарламасына 

енгелі  жатқан  үштілділік  жобасы­

нан  қауіптенемін.  Жоғары  сынып 

оқушыларына  информатика,  фи­

зика,  химия,  биология  пәндерін 

ағылшын  тілінде  оқытпақ.  Менің 

ойымша,  бұлай  жасап  керегі  жоқ. 

Кейбір балалар үш тілді меңгеруге 

қабілетті  емес.  Бұл  мәселені  тағы 

да Үкімет алдына қою керек. Екін­

ші айтарым, көптеген терминдерді 

жаппай аудару қолға алынуда. Көп 

балама сәтсіз болып жатыр. Жаңа 

сөздерді сол күйінде қабылдау ке­

рек деген ойдамын. 

Дос  КӨШІМ,

«Ұлт  тағдыры» 

қозғалысының  төрағасы:

–  Өз  басым  жаратылыстану 

бағытындағы пәндерді басқа тілде 

оқытуға түбегейлі қарсымын. Орта 

білімді  қазақ  тілінде  берген  жөн. 

Екінші  сұрағыңызға  айтарым,  тіл 

аясы  уақыт  өте  кеңейіп,  толығып 

отыратыны  рас.  Бірақ  «тілдік  по­

пулизмге» қарсымын. Яғни барлық 

аударма  қазақ  тілінде  болу  керек 

деген дұрыс  емес. Алайда кейбір 

аудармалар  түпнұсқадан  гөрі  өте 

сәтті  шығады.  Мәселен,  «морож­

ное»  сөзінің  баламасы  «балмұз­ 

дақ»  болып  айтылып,  жазылып 

жүр.  Меніңше,  тілдік  қорға  жаңа  

сөз  енгенде, оның бірнеше қазақ­ 

ша  нұсқасын  екі­үш  жыл  қолда­

нысқа  жіберіп,  қайсысы  тезірек  сі­ 

ңетінін  бақылауға  алу  керек.  Тіпті 

барлық  аударма  қоғам  тарапы­

нан  қолдау  таппаған  жағдайда, 

жаңа  сөзді  сол  күйінде  қалдыру 

қажет.  Ал  Терминком  қабылдаған 

нұсқаны  өзімізге  ұнамаса  да,  қол­

дануға  тура  келеді.  Себебі  заң 

бәрімізге ортақ.

Болат ЖЕКСЕНҒАЛИЕВ, 

БҚО әкімдігі жанындағы 

«Мемлекеттік қызметшілерді 

қайта даярлау, біліктілігін 

арттыру және мемлекеттік тілді 

оқыту орталығының» бөлім 

меңгерушісі:

–  Халықаралық  терминдерді 

аудармай  қолдануға  да  болады.  

Бұл  көптеген  елдердің  тәжірибе­

сінде бар. Бірақ ешбір ел сол тер­

минді  бір  ғана  тілдің  нормасында 

қолданбайды.  Мәселен,  латын  ті­ 

 лінен  енген  «Конституция»  сөзін  

Германия, Сауд Арабиясы, Англия 

мемлекеттерінде  түрлі,  яғни  тек 

өздерінің  ана  тіліндегі  нормаға 

сай жазады. Тарихтан белгілі, түркі 

тілінен  3  мыңдай  сөз  орыс  тіліне 

енді. «Камыш», «капкан», «беркут» 

сөздері  орыс  тілінің  нормасына 

сай  жазылды.  Керісінше,  «зауыт», 

«кәмпит»,  «Еуропа»  секілді  орыс 

сөздері қазақша жатық айтылады. 

Сондықтан  бұр  үрдісті  де  еске­

руіміз керек.



Табылғали САПАРОВ,

«ТДК-42» телеарнасының

директоры:

–  Посткеңестік  елдердің  қата­

рында  мемлекеттік  тілді  меңгеру 

жағынан қай деңгейдеміз?



Дос  КӨШІМ,

«Ұлт  тағдыры» 

қозғалысының  төрағасы:

–  Мемлекеттік  тілді  меңгеру 

тұрғысынан  біздің  ел  ең  соңғы 

орында.  Қырғыздар  мен  тәжіктер 

ғана біздің деңгеймен шамалас бо­

луы  мүмкін.  Соңғы  мәліметтерге 

сүйенсек, Өзбекстан халқының 50 

пайызы,  Тәжікстан  тұрғындары­

ның 69 пайызы, Қазақстан азамат­

тарының  17  пайызы  орыс  тілін 

білмейді.  Кейбір  дерек  бойын­ 

ша,  біздің  тұрғындардан  осы  тілді 

меңгермегендер  саны  миллионға 

шамалас.  1990  жылдары  Балтық 

жағалауы  елдері  орыс  тілі  мен 

әдебиетін  мектепте  оқытудан  бас 

тартты.  Грузия  мен  Өзбекстан  да 

оқу бағдарламасынан  толығымен 

алып тастады. 1993 жылы Грузияға 

барғанымда,  ол  елдің  азаматтары 

аудармашы  арқылы  сөйлесетінін 

айтып, қайран қалдырды. Әлі күн­

ге,  әсіресе,  Қазақстанның  алты 

облысында,  атап  айтсақ,  Ақмола, 

Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақ­ 

стан,  Солтүстік  Қазақстан  және 

Қарағанды  облыстарында  мем­ 

лекеттік  тіл  қолдануда  күрмеулі 

тұстар  көп.  Ал  Оңтүстік  Қазақстан­

да  барлық  салада  қазақ  тілі  қол­

данылады.

Наталья  гЛЕБОВА,

«Мой город» газеті:

– Меніңше, қазақ тілін үйренуге 

жағдай  жасалмаған  секілді.  Мә­ 

селен,  мектепте  қазақ  тілі  пәнін 

оқыдық.  Бірақ  жеткілікті  деңгейде 

меңгермедік.  Туысқандарымыздың 

бәрі орыс тілінде сөйлеседі. Қазақ 

тілін  ақылы  үйрететін  курс  қыз­

меткерлерінің  еңбекақасы  төмен 

секілді.  Ал  Германияға  барсаң, 

неміс  тілін  үйренуге  бір  жыл  ғана 

уақыт береді. 



Дос КӨШІМ,

«Ұлт  тағдыры»

қозғалысының  төрағасы:

–  Тек  қана  Германияда  емес, 

Израильде  де  шетелдіктерді    мін­

детті  түрде  үйретеді.  Қазақстан­

ды  мекендегеніне  бірнеше  жыл 

болғанын  айтқанымен,  орыс  тілді 

қауымның  қазақ  тілін  меңгеруге 

құлқы  жоқ.  Жиырма  жеті  жыл  уа­ 

қыт  өтті.  Оларға  үйретуге  ешкім 

міндетті  емес.  Көбі  «Мектептен 

меңгеріп  шықпадым»  дейді.  Бірақ 

неге  ата­аналары  балаларына  қа­

зақ тілін қажетті деңгейде үйрету­ 

ді мектеп басшылығынан талап ет­

пейді.  Яғни  қоғамда  сұраныс  жоқ. 

Қарапайым адам үш­ақ жылда кез 

келген  тілді  меңгеріп  шыға  ала­ 

ды.  Тілдік  орта  бар.  Интернет  ре­

сурстарында  ақпарат  жеткілікті. 

Іздену керек.



нұртай ТЕКЕБАЕв,

«Орал өңірі»

қАЙТА  қАРАУыМыз  кЕРЕк»

алмасу  бағытында  өткен  кездесу­

лерде  айтылған сын­пікірлер мен 

ұсыныстарды  сараптап,  министр­

лікке  жолдайтын  боламыз.  Жал­

пы, бүгінге дейін мемлекеттік тілді 

дамытуға  арналған  бағдарламаға 

көптеген  жайлар енгізілді. Сіздер­

дің  аймақтарыңызда  да  жоба  сәт­ 

ті жүзеге асты деген ойдамын. Не­ 

гізгі  мақсатым  –  орыс  тілді  ауди­

ториямен  сөйлесу,  пікір  таласты­ 

ру.  Біз  1989  жылы  шыққан  «Тіл­

дер туралы» ҚР заңымен келе жа­ 

тырмыз.  Бұл  қос  тілділікті  дамы­

татын  заң  еді.  Қазір  тілдік  ахуал 

өзгерді.  Соны  орыс  тілді  азамат­

тардың  өздері  айтып  отыр.  Заң­

Наурыз 


Бекматов 

басқаратын 

«Қамқор»  шаруа  қожалығы  Болашақ 

ауылдық  округіндегі  ісі  оңға  басқан 

шаруашылықтардың  қатарында.  Бо­ 

 лашақ  ауылының  тумасы  Наурыз  аға­

мыз  2004  жылы  өзінің  жеке  шаруа 

қожалығын  құрған.  Бүгінде  қожалық 

басшысы  шаруашылық  жұмысын  бас­

таған  кезде  көптеген  қиыншылық­ 

ты  бастан  өткергендігін  еске  алады. 

Тынбай  атқарған  еңбектің  арқасында 

ғана  қожалық  аяғынан  нық  тұрып, 

жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізе  бас­

тады. 

Қазір  шаруа  қожалығы  иелігінде 



790  қой,  80  ірі  қара  малы  бар.  За­

манауи  жемшөп  дайындайтын  тех­ 

никаның  бәрі  бар  десек,  артық 

айтқандық  болмас. 

Мал  бағудың  бейнетін  бір  адам­

дай  білетін  ағамыз  қолдағы  малды 

асылдандыруға  мән  беруде.  Қо­ 

жалық  “Алтын  асық”,  “Сыбаға”  бағ­

дарламалары бойынша қошқар, бұ­

қа  сатып  алды.  Шаруашылық  төрт  

адамды  тұрақты  жұмысқа  алған. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал