Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



жүктеу 1.11 Mb.

бет8/11
Дата22.04.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін 

бекіту туралы

Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  қаулысы

2016 жыл 29 наурыз                    №88               Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде  

22.04.2016 жылы №4346 болып тіркелді

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы  23  қаңтардағы,  «Мем-

лекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  2013  жылғы  15  сәуірдегі 

Қазақстан  Республикасының  Заңдарын  басшылыққа  ала  отырып, 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 



ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса  беріліп  отырған  «Ақталған  адамға  куәлік  беру»  мемле-

кеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2.  «Батыс  Қазақстан  облысының  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру 

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі 

(Ж. Ғ. Иманғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік 

тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық 

ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы 

әкімінің орынбасары И. В. Стексовке жүктелсін.

4.  Осы  қаулы  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс  әкімі                         А.  КөЛГІНОв

2016 жылғы 29 наурыздағы №88

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 

1. Жалпы ережелер

1.«Ақталған  адамға  куәлік  беру»  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  Батыс  Қазақстан  облыс 

 аудандарының  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жұмыспен  қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімдерімен  (бұдан  әрі  –  көрсе-

тілетін  қызметті  беруші)  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық 

сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрінің  2015  жылғы  28  сәуірдегі 

№279  «Әлеуметтік-еңбек  саласындағы  мемлекеттік  көрсетілетін  қыз-

мет стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет 

министрлігінде  2015  жылғы  12  маусымда  №11342  тіркелді)  бұйры-

ғымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсеті-

летін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

2.  Өтініштерді  қабылдау  және  мемлекеттік  қызмет  көрсету 

нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асы-

рылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.



4.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  нәтижесі  -  «Ақталған  адамға 

бірыңғай  үлгідегі  куәлік  беру  қағидаларын,  ақталған  адамның  куә-

лігінің  үлгісін  бекіту  және  «Саяси  қуғын-сүргінге  ұшырап  ақталған 

адамдарды  куәлікпен  қамтамасыз  ету  тәртібі  туралы»  Қазақстан 

Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 

1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Респуб-

ликасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №184 қаулысымен бекітіл-

ген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы.

Мемлекеттік  қызмет  көрсету  нәтижесін  ұсыну  нысаны:  қағаз 

түрінде.


5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін 

қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

6.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  Стандарттың  9-тармағында 

көрсетілген қажетті құжаттармен (бұдан әрі– құжаттар) қоса өтініш 

беруі  мемлекеттік  қызметті  көрсету  рәсімдерін  (іс-қимыл)  бастауға 

негіз болады.

7.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінің  құрамына  кіретін 

әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсе  маманы  30  ми-

нут  ішінде  көрсетілетін  қызметті  алушыдан  алынған  құжаттарды 

қабылдауды және тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады және 

оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды. 

Нәтижесі – тіркеу журналына жазу және көрсетілетін қызметті 

берушінің басшысына қарауға жолдау;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішін-

де  құжаттарды  қарайды,  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты 

орындаушысын белгілейді. 

Нәтижесі – жауапты орындаушыны белгілеу;

3)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жауапты  орындаушысы  3 

жұмыс  күні  ішінде  құжаттардың  толықтығын  және  дұрыс  ресім-

делгенін  тексереді,  куәлікті  (куәліктің  телнұсқасын)  дайындайды 

және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. 

Нәтижесі  –  куәлікті  (куәліктің  телнұсқасын)  көрсетілетін  қыз-

метті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішін-

де  куәлікке  (куәліктің  телнұсқасына)  қол  қояды  және  көрсетілетін 

қызметті берушінің кеңсесіне жібереді. 

Нәтижесі – куәлікті (куәліктің телнұсқасын) көрсетілетін қызмет 

берушінің кеңсесіне жібереді;

5)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсе  маманы  30  минут 

ішінде  куәлікті  (куәліктің  телнұсқасын)  тіркеу  журналына  тіркейді 

және  мемлекеттік  қызмет  көрсету  нәтижесін  көрсетілетін  қызметті 

алушыға береді. 

Нәтижесі  –  тіркеу  журналына  бергені  туралыжазу  және 

көрсетілетін  қызметті  алушының  мемлекеттік  қызметті  алғандығы 

туралы қолы.

 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 



берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылым-

дық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

9.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  процесінде  көрсетілетін  қыз-

метті  берушінің  құрылымдық  бөлімшелерінің  (қызметкерлерінің) 

рәсімдері  (іс-қимылдары),  өзара  іс-қимылдары  реттілігінің  толық 

сипаттамасыосы  «Ақталған  адамға  куәлік  беру»  мемлекеттік  көр-

сетілетін  қызмет  регламентінің  қосымшасына  сәйкес  мемлекеттік 

қызмет  көрсетудің  бизнес-процестерінің  анықтамалығында  көр-

сетіледі. 

10.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойынша  көрсе-

тілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адам-

дарының  шешімдеріне,  әрекеттеріне  (әрекетсіздігіне)  шағымдану 

Стандарттың  3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  қаулысы

2016 жыл 1 наурыз                    №59               Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде  

01.04.2016 жылы №4317 болып тіркелді

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы  23  қаңтардағы,  «Мем-

лекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  2013  жылғы  15  сәуірдегі 

Қазақстан  Республикасының  Заңдарын    басшылыққа  ала  отырып, 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі



 ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса  беріліп  отырған  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъектіле-

рінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субси-

диялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2.  «Батыс  Қазақстан  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқар-

масы» мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет 

органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық 

жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жа-

риялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы 

әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.

4.  Осы  қаулы  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс  әкімі                  Н.  НОғАЕв

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен 

сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін 

бекіту туралы

1. Жалпы ережелер

1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепіл-

дендіру  мен  сақтандыру  шеңберінде  субсидиялау»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының 

ауыл  шаруашылығы  басқармасы»  мемлекеттік  мекемесімен  (бұдан 

әрі  –  көрсетілетін  қызметті  беруші)  Қазақстан  Республикасы  Ауыл 

шаруашылығы  министрінің  міндетін  атқарушының  2015  жылғы  23 

қарашадағы  №9-1/1018  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъектілерінің 

қарыздарын  кепілдендіру  мен  сақтандыру  шеңберінде  субсиди-

ялау»  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандартын  бекіту  ту-

ралы»  (Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінде  2015 

жылы  26  желтоқсанда  №12523  тіркелген)  бұйрығымен  бекітілген 

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру 

мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

Өтініштерді  қабылдау  және  мемлекеттiк  көрсетілетін  қызмет 

нәтижесін беру «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамымен (бұдан 

әрі – оператор) жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1)  агроөнеркәсіптік  кешен  субъектілерінің  қарыздарын  кепіл-

дендіру  мен  сақтандару  шеңберінде  субсидиялау  мәселелері  бо-

йынша облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін комиссия 

отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;

2)  өтініштерді  мақұлдаған  жағдайда  кепіл  берушінің  немесе 

сақтандыру ұйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз 

түрінде


4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі 

- көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша іс-қимылды бастауға не-

гіздеме Стандарттың 1-қосымшасына инвестициялық субсидиялауға 

арналған  өтініш  болып  табылады,  Стандарттың  9-тармағында 

көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) болады.

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінің  құрамына  кіретін 

әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №59 қаулысымен бекітілген



«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттiк 

көрсетілетін қызмет регламенті

(Жалғасы 18­бетте)

18

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  12  мамыр 2016 жыл

қаулы-қарар

1)  оператор көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат 

бойынша өкілі) қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап 30 (отыз) 

минуттың  ішінде  оларды  қабылдауды,  тіркеу  журналына  тіркеуді 

жүзеге асырады; 

2)  оператор  көрсетілетін  қызметті  алушыдан  құжаттарды 

алғаннан  кейін  10  (он)  жұмыс  күні  ішінде  мынадай  іс-шараларды 

жүзеге асырады:

көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын 

тексереді.  Құжаттар  топтамасы  толық  ұсынылмаған  не  белгілен-

ген  талаптарға  сәйкес  келмейтін  құжаттар  ұсынылған  жағдайда 

оператор  нақты  кемшіліктерді  көрсете  отырып  оларды  жою  үшін, 

ұсынылған құжаттарды қарыз алушыға қайтарады;

көрсетілетін қызметті алушының және оның кредитінің мемле-

кеттік қызмет көрсетудің шарттарына сәйкестігін тексереді;

комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;

ұсыныстарды,  күн  тәртібін  қалыптастырады,  комиссия  төраға-

сының келісімі бойынша отырыстың күнін, уақыты мен өтетін орнын 

айқындайды;

көрсетілетін  қызметті  алушылардың  өтініштерін  қоса  бере 

отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын комиссияның 

қарауына енгізеді;

3)  комиссия  1  (бір)  жұмыс  күні  ішінде  көрсетілетін  қызметті 

алушылардың  өтінімдерін  мақұлдау  немесе  мақұлдамау  туралы 

шешімді  оператордың  ұсынымдарын  басшылыққа  ала  отырып 

қабылдайды

4)    көрсетілетін  қызметті  берушіоң  шешімі  бар  комиссия  оты-

рысы  хаттамасынан  үзінді  көшірмені  алғаннан  кейін  3  (үш)жұмыс 

күні  ішінде  банк  қызметтерін  жүзеге  асыру  құқығына  тиісті  лицен-

зиясы  бар  қаржы  институттарына,  қаржы  ұйымдарына,  сондай-ақ 

өңірлердің  әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорацияларына  (бұдан  әрі 

–  кепіл  беруші),  немесе  сақтандыру  бойынша  комиссияны  суб-

сидиялау  тәртібі  мен  шарттары  туралы  кепіл  берушімен  немесе 

сақтандыру ұйымымен шарт жасасады;

5) кепіл беруші немесе сақтандыру ұйымы шартқа қол қойғаннан 

кейін 

3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы кредитінің 



бір  бөлігін  кепілдендіру  немесе  сақтандыру  шартына  қол  қояды 

және оны екінші деңгейдегі банктерге, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы 

холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына, сондай-ақ 

банк қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кре-

диттік ұйымдарға (бұдан әрі – кредитор) жібереді;

6)  кредитор  кепіл  берушіден  кепілдендіру  шартын  алғаннан 

кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны көрсетілетін 

қызметті алушыға қол қою үшін береді;

7) көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру немесе сақтандыру 

шартына қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы өздігінен 

және  бір  мезгілде  кепіл  берушіге  немесе  сақтандыру  ұйымына 

төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін 

төлеуді жүзеге асырады;

8) кредитор қарыздарын кепілдендіру/сақтандыру шеңберінде 

субсидиялау  кезінде  көрсетілетін  қызметті  алушы  кредит  беріл-

геннен  кейін  8  (сегіз)  жұмыс  күні  ішінде  кредитор  растаған  қарыз 

шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін 

кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына жолдайды;

9)  қарыздарын  сақтандыру  шеңберінде  субсидиялау  кезінде 

кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 

3 (үш) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және 3 (үш)жұмыс күні ішін-

де  көрсетілетін  қызметті  алушымен  қарыз  алу  шартын  жасасады 

және көрсетілетін қызметтіалушыға кредиттің нақты берілуін жүзеге 

асырады;


10)  қарыздарын  кепілдендіру/сақтандыру  шеңберінде  субсидия-

лау  кезінде  кепіл  беруші  кредит  берілгеннен  кейін  8  (сегіз)жұмыс 

күні ішінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру 

және оның кепілдендіру/сақтандыру комиссиясын ішінара төлеу ту-

ралы мәліметтерді жолдайды;

11)  оператор  3  (үш)  жұмыс  күні  ішінде  ұсынылған  құжаттарды 

қарайды және көрсетілетін қызметті берушігетиісті хат жолдайды;

12)  көрсетілетін  қызметті  берушіоператордан  хатты  алғаннан 

кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кепіл берушінің немесе сақтандыру 

ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.

7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын 

мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс - қимылының) нәтижесі:

1)    оператор  құжаттарды  қабылдайды,  тіркеу  журналына  тір-

кеуді жүзеге асырады; 

2)  оператор  құжаттардың  толық  топтамасын  тексереді,  комис-

сияның қарауына құжаттар топтамасын енгізеді;

3)  комиссия  өтінімдерін  мақұлдау  немесе  мақұлдамау  туралы 

шешімді қабылдайды; 

4)    көрсетілетін  қызметті  беруші  кепіл  берушімен  немесе 

сақтандыру ұйымымен шарт жасасады;

5) кепіл беруші немесе сақтандыру ұйымы кепілдендіру немесе 

сақтандыру шартына қол қояды кредиторға жібереді;

6)  кредитор  кепіл  берушіден  кепілдендіру  шартын  алғаннан 

кейін оған қол қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға бе-

реді;

7) көрсетілетін қызметті алушы кепілдендіру немесе сақтандыру 



шартына  қол  қойғаннан  кейін  кепіл  берушіге  немесе  сақтандыру 

ұйымына төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбай-

тын бөлігін төлеуді жүзеге асырады;

8) кредитор қарыздарын кепілдендіру/сақтандыру шеңберінде 

субсидиялау  кезінде  кредитор  растаған  қарыз  шартының,  ақша 

аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін кепіл берушіге/

сақтандыру ұйымына жолдайды;

9)  қарыздарын  сақтандыру  шеңберінде  субсидиялау  кезінде 

кредитор  қызметті  алушыға  кредиттің  нақты  берілуін  жүзеге  асы-

рады;


10) қарыздарын кепілдендіру/сақтандыру шеңберінде субсиди-

ялау кезінде операторға көрсетілетін қызметті алушыға кредит беру 

және оның кепілдендіру/сақтандыру комиссиясын ішінара төлеу ту-

ралы мәліметтерді жолдайды;

11) оператор ұсынылған құжаттарды қарайды және көрсетілетін 

қызметті берушіге тиісті хат жолдайды;

12)  көрсетілетін  қызметті  берушікепіл  берушінің  немесе 

сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

7.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесіне  қатысатын  көрсеті-

летін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкер-

лерінің) тізбесі:

1) оператор;

2) комиссия;

3) көрсетілетін қызметті беруші;

4) кепіл беруші;

5) кредитор;

6) сақтандыру ұйымы.

8.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  рәсімдер  (іс-қи-

мылдар)  реттілігінің,  көрсетілетін  қызметті  берушінің  құрылымдық 

бөлімшелерінің  (қызметкерлерінің)  өзара  іс-қимылдарының  то-

лық  сипаттамасы  осы  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъектілерінің 

қарыздарын  кепілдендіру  мен  сақтандыру  шеңберінде  субсидия-

лау»  мемлекеттiк  көрсетілетін  қызмет  регламентінің  қосымшасына 

сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анық-

тамалығында көрсетіледі.

9.  Көрсетілетін  қызметті  берушілердің  және  (немесе)  олардың 

лауазымды  тұлғаларының  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті  

көрсету  мәселелері  бойынша  шешімдеріне,  әрекеттеріне 

(әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге 

асырылады

10.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  ерекшеліктері  ескеріле  оты-

рып  қойылатын  өзге  де  талаптар  Стандарттың  4-бөліміне  сәйкес 

жүзеге асырылады.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет регламентіне қосымша

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік қызметін 

көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  қаулысы

2016 жыл 1 наурыз                    №60               Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде  

01.04.2016 жылы №4318 болып тіркелді

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған 

шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы  23  қаңтардағы,  «Мем-

лекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  2013  жылғы  15  сәуірдегі 

Қазақстан  Республикасының  Заңдарын    басшылыққа  ала  отырып, 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 



ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса  беріліп  отырған  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъек-

тісі  инвестициялық  салынымдар  кезінде  жұмсаған  шығыстардың 

бір  бөлігінің  орнын  толтыру  бойынша  субсидиялау»  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2.  «Батыс  Қазақстан  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқар-

масы» мемлекеттік мекемесі (М. К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет 

органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық 

жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жа-

риялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы 

әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.

4.    Осы  қаулы  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс  әкімі                              Н.  НОғАЕв

1. Жалпы ережелер

1.  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъектісі  инвестициялық  салы-

нымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру 

бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі 

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының 

ауыл  шаруашылығы  басқармасы»  мемлекеттік  мекемесімен 

(бұдан  әрі  –  көрсетілетін  қызметті  беруші)  Қазақстан  Республика-

сы  Ауыл  шаруашылығы  министрінің  2015  жылғы  16  қарашадағы 

№9-3/999  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъектісі  инвестициялық 

салынымдар  кезінде  жұмсаған  шығыстардың  бір  бөлігінің  орнын 

толтыру  бойынша  субсидиялау»  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

стандартын  бекіту  туралы»  (Қазақстан  Республикасының  Әділет 

министрлігінде  2015  жылы  26  желтоқсанда  №12520  тіркелген)  

бұйрығымен  бекітілген  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъектісі 

инвестициялық  салынымдар  кезінде  жұмсаған  шығыстардың 

бір  бөлігінің  орнын  толтыру  бойынша  субсидиялау»  мемлекеттік 

көрсетілетін  қызмет  стандартына  (бұдан  әрі  -  Стандарт)  сәйкес 

көрсетіледі.

Өтініштерді  қабылдауды  және  мемлекеттік  қызметті  көрсету 

нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан 

әрі – оператор) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  нәтижесі  -  инвестициялық 

субсидиялау  мәселелері  бойынша  облыс  әкімі  орынбасарының 

төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және 

мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме 

(бұдан әрі - хаттамасынан үзінді көшірме)

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз 

түрінде.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі 

- көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

5.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  іс-қимылды  бастауға 

негіздеме  Стандарттың  1-қосымшасына  инвестициялық  субсидия-

лауға арналған өтініш болып табылады, Стандарттың 9-тармағында 

көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) болады.

6.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінің  құрамына  кіретін 

әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы.

1) оператор көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар ұсынған 

сәттен бастап 30 (отыз) минуттың ішінде оларды қабылдауды, тіркеу 

журналында  инвестициялық  бағыттар  топтары  бойынша  тіркеуді 

жүзеге асырады; 

2)  оператор  20  (жиырма)  жұмыс  күні  ішінде  көрсетілетін 

қызметті  алушы  ұсынған  құжаттардың  толықтығын  тексереді 

және  сараптамалық  комиссия  отырысын  шақыру  туралы  оның 

мүшелеріне  жазбаша  хабарламаны  жібереді,  құжаттар  топтама-

сын толықтай ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыны 

қажетті құжаттардың жоқ екендігі туралы жазбаша нысанда хабар-

дар етеді;

3)  сараптамалық  комиссия  14  (он  төрт)  жұмыс  күні  ішінде 

өтініштерді  қарайды,  көрсетілетін  қызметті  алушыұсынған  құжат-

тардың  толықтығын  тексереді,  олардың  сәйкестігін  қарайды,  суб-

сидиялар есептемелерін жасайды жәнежобаның инвесторлық суб-

сидиялауға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық 

комиссияның  қорытындысын  дайындайды  және  операторға  жол-

дайды;


4)  оператор  сараптамалық  комиссия  қорытындысын  алғаннан 

кейін 


5  (бес)  жұмыс  күні  ішіндекомиссия  отырысын  шақыру  туралы 

жазбаша  хабарламаны(құжаттарымен,  қорытындысымен  және  ны-

санды қарап тексеру актісімен бірге)оның мүшелеріне жолдайды;

5) комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініштердімақұлдау неме-

се қайтарып беру туралы шешім қабылдайды, хаттаманы ресімдейді 

және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;

6) көрсетілетін қызметті беруші хаттаманы хаттамаларды тіркеу 

журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен 

куәландырылған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені 

3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыларға жолдай-

ды және эскроу-шотқа қаражатты аударады.

7.  Келесі  рәсімді  (іс-қимылды)  орындауды  бастауға  негіз  бола-

тын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:

1)  оператор  көрсетілетін  қызметті  алушыдан  құжаттарды  қа-

былдауды, тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады; 

2) оператор көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың 

толықтығын тексереді;

3)  сараптамалық  комиссия  өтініштерді  қарайды,  субсидиялар 

есептемелерін  жасайды  және  жобаның  инвесторлық  субсидия-

лауға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сараптамалық комис-

сияның қорытындысын дайындайды;

4)  оператор  комиссия  отырысын  шақыру  туралы  жазбаша  ха-

барламаны оның мүшелеріне жолдайды;

5) комиссия өтініштерді мақұлдау немесе қайтарып беру тура-

лы  шешім  қабылдайды,  хаттаманы  ресімдейді  және  көрсетілетін 

қызметті берушіге жібереді;

6) көрсетілетін қызметті беруші хаттаманы тіркейді және хатта-

манын  үзіндісінкөрсетілетін  қызметті  алушыларға  жолдайды  және 

эскроу-шотқа қаражатты аударады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 

берушініңқұрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетіле-

тін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерле-

рінің) тізбесі:

1) оператор;

2) сараптамалық комиссия;   

3) комиссия;

4)көрсетілетін қызметті беруші.

9.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  рәсімдер  (іс-қи-

мылдар)  реттілігінің,  көрсетілетін  қызметті  берушінің  құрылымдық 

бөлімшелерінің  (қызметкерлерінің)  өзара  іс-қимылдарының  толық 

сипаттамасы  осы  «Агроөнеркәсіптік  кешен  субъектісі  инвестиция-

лық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын 

толтыру  бойынша  субсидиялау»  мемлекеттiк  көрсетілетін  қызмет 

регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің 

бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың 

лауазымды тұлғаларының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсе-

ту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 

шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

11.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  ерекшеліктері  ескеріле  оты-

рып қойылатын өзге де талаптар Стандарттың 4-бөліміне сәйкес жү-

зеге асырылады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 

2016 жылғы 1 наурыздағы №60 қаулысымен бекітілген




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал