Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



жүктеу 1.11 Mb.

бет5/11
Дата22.04.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ұ

лы  Жеңіс  мейрамы  ба- 

тысқазақстандықтардың 

бауырластар  зиратына, 

Кеңес  Одағының  Батыры  Темір 

Масиннің, қазақтың қаһарман қы-

зы  Мәншүк  Мәметованың,  Кеңес 

одағының  маршалы  Георгий  Жу-

ковтың  ескерткіштеріне  және  «Ол 

күндердің  даңқы  өшпейді»  мо-

нументіне  гүл  шоқтарын  қоюдан  

басталды.

Салтанатты  шара  «Ерлікке  тағ- 

зым»  атты  акцияға  ұласты.  Акция  

барысында  мыңдаған  қала  тұрғы-

ны  қан  майданға  қатысқан  ата-

бабаларының  суреттерін  ұстап, 

соғыс әндерін шырқап, БҚМУ-дың 

алдынан Жеңіс алаңына дейін сал-

танатты шеруде сап түзеді.

Жеңіс  алаңында  өткен  мереке- 

лік  жиынға  соғыс  ардагерлері,  тыл 

еңбеккерлері,  сондай-ақ  олардың  

ұрпақтары  мен  жалпы  ел-жұрт 

қатысты.  Жиналғандар  Ұлы  Отан  

соғысында  қаза  тапқан  боздақ-

тарды  бір  минут  үнсіздікпен  еске 

алды.  Мерекеге  қатысушыларды 

өңір басшысы Алтай Көлгінов құт-

тықтады.


-  9  мамыр  -  адамзат  тарихын- 

дағы  ең  бір  қастерлі  де  құдіретті  

күн.  Ұлы  Жеңіс  бізге  оңайлық- 

пен  келген  жоқ.  Ел  басына  күн 

туған уақытта сол кездегі жас аға-

апаларымыз  Отан  үшін,  бүгінгі 

бақытты  өмір  үшін  майданға  ат-

танды.  Ал  тылда  буыны  қатайма-

ған  баладан  бастап  нәзік  жанды- 

лар  мен  қариялар  «Барлығы  май-

дан  үшін!  Барлығы  Жеңіс  үшін!» 

деген  ұранмен  жанкешті  еңбек 

етті.  Ұрпағының  бейбіт  өмір  сүруі 

үшін  қаншама  жан  өз  өмірін 

қиды.  Соғыстан  қираған  елді  қал- 

 пына  келтіріп,  халықтың  еңсесін  

тіктеу  де  оңай  болмады.  Осы  жы-

лы  өз  тәуелсіздігінің  25  жылдық 

мерейтойын  тойлап  отырған  еге- 

мен  еліміздің  бүгінгідей  дәреже-

ге  жетуі  жолында  да  осы  аға-

апаларымыздың  сіңірген  еңбегі 

өлшеусіз.  Бұл  жетістіктерге  біз  

ерлік пен еңбектің, бірлік пен ын-

тымақтың  арқасында  қол  жеткіз- 

дік.  Болашақта  да  осы  туған  елі- 

міздің,  өлкеміздің  өсіп-өркендеуі  

жолында  кейінгі  ұрпақ  аянбай  ең- 

бек ететін болады деп сендіремін. 

Бүгінгі  Ұлы  Жеңіс  күні  қан  май- 

данда  қаза  тапқан  ата-бабалары-

мызға,  арамыздағы  соғыс  және  

тыл  ардагерлеріне  бас  иіп  құр- 

мет  көрсету  -  біздің  парызымыз.  

Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі  

құтты  болсын!  -  деді  облыс  әкімі 

Алтай Көлгінов.

Жеңіс туы мәңгі

Сонымен  қатар  мерекеге  қа- 

тысушыларды  соғыс  ардагерлері 

Мұхтар Әжіғұлов, Иван Гапич құт-

тықтады.  Бұдан  соң  Жеңіс  алаңы- 

на  жиналғандар  мәңгілік  алауға 

гүл шоқтарын қойды. 



*       *       * 

М

ереке  күні  соғыс  ар-

дагерлері  Иван  Гапич,  

Хамза  Сафин,  Қалам 

Сүйіншәлиев  және  Меңжан  Әб-

дірахманов  соғыс  және  еңбек  ар-

дагері,  Жайық  жұртының  қадірлі 

қариясы Мұхтар Әжіғұловтың үйі-

не жиналды. 

Бұл  ардагерлердің  қай-қайсысы 

да барлығы – ел басына күн туып, 

ер  етігімен  су  кешкен  заманда 

Отанымызды  қорғау  үшін  майдан 

даласында  ерліктің  небір  үлгісін 

көрсетіп,  өзгеге  өнеге  болған  

жандар. Олар соғыс аяқталған соң 

да  күн  демей,  түн  демей  жұмыс 

істеп,  бүгінгідей  бейбіт  өмірдің  

іргетасын өз қолдарымен қалады. 

Ардагерлерді  мейрамдарымен  

құттықтау  үшін  облыс  әкімі  Алтай 

Көлгінов,  қала  әкімі  Нариман  Тө- 

реғалиев  және  облыстық  мәде-

ниет  басқармасының  басшысы 

Дәулеткерей  Құсайынов  мереке 

күні  Әжіғұловтардың  шаңырағына 

арнайы  келді.  Жеңіс  күні  құрметі-

не  үлкен  шаңырақта  бас  қосып, 

сонау  қиын  кезеңдерді  еске  алы-

сып отырған соғыс және еңбек ар- 

дагерлерін  мейрамдарымен  құт- 

 тықтаған  Алтай  Сейдірұлы  қария-

ларға ақ тілегін арнады. 

-  Бүгін  Жеңістің  71  жылдығын 

қарсылап  отырмыз,  бұл  –  біздің 

71-інші бейбіт көктеміміз. Біз осын-

дай  мамыражай  күнге  сіздердің 

көзсіз  ерліктеріңіздің  арқасында, 

шексіз  шыдамдылық  пен  қайтпас 

қайсарлықтарыңыздың  нәтижесін- 

де қол жеткіздік. Құрметті ардагер-

лер,  қазіргі  таңда  сіздердің  жас-

тарыңыз келсе де, «Қартайдық» де-

мей, қатарда жүрсіздер, өңірімізде 

атқарылып  жатқан  жұмыстарға 

белсенді араласып, әлі күнге дейін 

өздеріңіздің  ғибратты  істеріңіз-

бен  кейінгілерге  үлгі  көрсетіп  ке-

лесіздер.  Сол  үшін  сіздерге  мың 

алғыс!  Қан  майданда  да,  бейбіт 

өмірде  де  алдыңғы  шепте  болып, 

адалдық  пен  адамдықтың  үлгісін 

көрсетіп  жүрген  барлық  арда-

герлерге  басымды  иіп,  сіздерге 

және  отбасыларыңызға  мықты 

денсаулық,  ұзақ  ғұмыр  тілеймін. 

Аспанымыз  ашық,  еліміз  тыныш 

болсын! - деді әкім өз сөзінде. 

Бұдан  соң  өңір  басшысы  қа-

зақтың  қара  домбырасын  қолына 

алып, ардагерлерге белгілі күйші- 

сазгер  Секен  Тұрысбековтің  «Кө-

ңіл  толқыны»  күйін  тартып  берді. 

Ұлы Отан соғысының ардагері, үй 

иесі Мұхтар Әжіғұлов жас әкімнің 

өздеріне көрсеткен құрметіне әб-

ден  риза  болып,  ардагерлер  аты-

нан алғыс айтты. 

-  Мемлекет  басшысының  сараб-

дал саясатының арқасында еліміз-

де  бейбітшілік  пен  тұрақтылық  сақ- 

талып  отыр.  Елбасымыз,  Бас  қол-

басшымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  

отандастарымыздың 

ынтымағы 

мен  достығын  нығайтуға  жұмсау-

да.  Бұған  біз,  соғыс  ардагерлері, 

өте  ризамыз.  Біздің  ендігі  тілегі- 

міз  –  осы  тыныштық,  бейбіт  күн 

мәңгі  болсын  дейміз.  Ұрпағымыз 

біз көрген қанқұйлы соғысты көр-


oral_oniri@inbox.ru

13

Бейсенбі,  12  мамыр 2016 жыл



МейраМ

желбіресін!

месін,  бүгінгідей  бақытты  өмірдің 

шырқы  бұзылмасын!  -  деген  Мұх- 

тар  Әжіғұловты  дастарқанға  жи-

налған қариялар да қолдады. 



*       *       * 

Ж

еңіс  күніне  арналған 

шаралар бұдан әрі қа-

лалық  мәдениет  және 

демалыс  саябағында  жалғасты. 

Қалыптасқан  үрдіс  бойынша  Ұлы 

Отан  соғысы,  тыл  және  еңбек  ар-

дагерлері  биыл  да  «Жауынгер 

ботқасына» шақырылды.

Таңмен «Мәңгілік алау» алаңын-

да болып, майдан даласында қал-

ған сарбаздарды еске алған арда-

герлер  саябақта  өздеріне  арнайы 

жайылған  дастарқан  басына  жай-

ғасты.  Шара  барысында  әскери 

үлгідегі  киім  киген  бойжеткендер 

ардагерлерге  далалық  асханада 

арнайы  дайындалған  қарақұмық 

ботқасы  мен  қалбырдағы  бұқты-

рылған етті сары май қосып ұсын-

ды.  Бұл  кезде  қалалық  үрмелі  ор- 

кестр  мүшелері  Жеңіс  тақырыбы- 

на  арналған  әуендерді  бірінен  

соң бірін әуелетіп тұрды. 

Аталмыш  шараға  арнайы  кел-

ген  облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов 

ардагерлерді  Ұлы  Жеңіс  күнімен 

құттықтап,  оларға  ақ  тілегін  арна-

ды. 

-  Қадірменді  ардагерлер,  құр-



метті  қала  қонақтары!  Бүгін  бізге 

бейбіт өмір сыйлаған, тәуелсіздік-

ті  тарту  еткен  майдангерлердің  

мейрамы.  Жаңа  ғана  Жеңіс  ала-

ңында  болған  салтанатты  шараға  

облыс  орталығынан,  аудандардан 

мыңдаған  адам  келіп  қатысты. 

Майдангерлерді  құттықтау  үшін  

Ресей Федерациясының Оралдағы  

бас консулы Саид Магомедұлы да  

келді.  Бәріміз  сол  жерде  Жеңіс 

сарбаздарына  құрмет  көрсетіп, 

майданнан қайтпай қалған боздақ- 

тарды  еске  алдық,  оларға  арнал- 

ған  ескерткіш  басына  гүл  шоқта-

рын  қойдық.  Енді,  міне,  қалалық 

мәдениет  және  демалыс  саяба-

ғында  ұйымдастырылған  «Жауын- 

гер  ботқасына»  келіп  тұрмыз.  

Бұл  шараны  ұйымдастырудағы  

мақсатымыз  –  бұрынғы  жауын-

герлер,  қазіргі  ата-әжелеріміз  өз- 

дерінің  жастық  шақтарын  еске 

алсын,  бір-бірімен  кездесіп,  сыр-

лассын  деген  ой.  Көріп  отырмын, 

мұнда  да  майдангерлер,  тыл  жә- 

не  еңбек  ардагерлері  туған-туыс-

қандарымен көп жиналыпты. Бар- 

лығыңызды  бүгінгі  Ұлы  Жеңіс 

күнімен  құттықтап,  баршаңызға 

бақыт, береке тілеймін! 

Биыл  Қазақстан  Республикасы  

Тәуелсіздігінің  25  жылдығын  атап  

өтудеміз.  Бұл  мереке  –  біздің  бір- 

лігіміздің  нышаны,  татулығымыз-

дың  белгісі.  Мемлекет  басшысы 

айтқандай,  табыс  кілті  –  бірлікте. 

Көп  ұлтты  мемлекетімізде  сан 

түрлі  халық  өкілі  тату-тәтті  өмір 

сүріп,  ынтымақтаса  еңбектенуінің 

арқасында  осындай  жетістіктерге 

қол  жеткіздік.  Ұлттар  арасындағы 

татулық,  бірлік,  үлкенге  құрмет 

–  бұлардың  барлығы  бізге  ата-

бабамыздан  ауысқан.  Мұны  жал-

ғастыратын  ұрпақ  осында  тұр. 

Жеңіс  үшін  жанын  аямай  май-

дан  даласында  ерлік  көрсеткен 

сарбаздарға  және  сол  Жеңісті 

жақындату  жолында  еңбек  май-

данында  тер  төккен  ата-әжелері-

мізге  мықты  денсаулық,  ұзақ  ғұ-

мыр тілеп, ардагерлерге басымды 

иемін!  -  деді  Алтай  Сейдірұлы 

өзінің құттықтау сөзінде. 

Бұдан  соң  өңір  басшысы  тап 

осы  күні  еңбек  ардагері,  белгілі 

өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың 89 

жасқа  толып  отырғанын  айтып, 

ақсақалды  туған  күнімен  құттық-

тады. 

Құттықтау  сөзінен  кейін  әкім 



ардагерлердің  ортасына  барып, 

дастарқаннан дәм ауыз тиді. 

Шара  барысында  Жеңіс  тақыры- 

бына  арналған  әндер  шырқалып,  

билер  биленді.  Ардагерлер  Нәзи-

ра  Хибашева  мен  Римма  Нұрсұл-

танованың  орындауындағы  «Кес-

телі  орамал»,  Рүстем  Кереевтің 

орындауындағы  «Три  танкиста» 

әндерін  толқи  тыңдады.  Сондай-

ақ  Давина  Скэйдің  «Катюшасы» 

мен  Өміржан  Молдабековтің  «Қай- 

 дасыңдар,  қаруластар!»  және  Ай- 

бар  Қайырхановтың  орындауын- 

дағы  «Одинокая  гармонь»  әндері  

де  ардагерлерді  бейжай  қалдыр-

мады.  Сондай-ақ  «Непоседы»  би  

студиясы  бишілерінің  орындауын-

дағы  «Смуглянка»  биі  мен  «Ада-

жио»  би  ансамблінің  орындауын-

дағы  «Синий  платочек»  билерін 

де жиналғандар ықыласты қабыл-

дады. 

Жастық  шақтарын  естеріне  тү-



сірген  ардагерлер  әдемі  әуенге 

елтіп,  өздері  де  ортаға  шығып 

биледі.  "Біздің мәңгілік жадымыз-

да"  атты  концерттік  бағдарлама  

Салауат  Мұхамеджановтың  орын-

дауындағы  "Жеңіс  күні"  әнімен 

аяқталды. 

Жеңіс  мерекесі  кешке  қарай 

Абай  алаңында  жалғасты.  Мұнда  

жиналған  жұртшылық  облыстық 

қазақ  драма  театрының  әртістері 

даярлаған  театрландырылған  кө-

ріністер  мен  жергілікті  өнерпаз-

дардың  орындауындағы  әсем 

әуендерді  тамашалады.  Концерт-

тік  бағдарлама  соңы  отшашуға 

ұласты. 

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

Айша ӨтЕБәЛІ,

«Орал өңірі»

Суреттерді түсірген Медет ДОСЫМОв, Рафхат ХАЛЕЛОВ


14

oral_oniri@inbox.ru

естелік

Бейсенбі,  12  мамыр 2016 жыл



1983 жылдың күзі. Орал пединститутына оқуға, ілім-

білімге құштар жастар елдің түкпір-түкпірінен көп  

жиналдық. Өнерге ғашық, соның ішінде суретті жаны 

қалайтын жас талапкерлер аталмыш оқу орнының 

көркемсурет-графика факультетіне ағылатын. Достық 

даңғылы мен Пугачев көшесінің қиылысындағы екі қабатты 

үй біздің жүрегімізде нақ өнер ордасы болып сақталған. 

Оның өзіндік сыры бар, ғимаратқа кірсең шыққысыз, 

көз жауын алатын көркем туындылар қабырғада

дәрісханаларда ұдайы ілулі тұратын.

К

іреберістегі  №17  дәріс-

хананың  артқы  қабырға-

сында  үш  бөлімнен  құ- 

ралған  картина  орын  алушы  еді.  

Жалпы, шығарманың ені екі, ұзын- 

дығы  бес  метрдей.  Монументал-

дық  туынды  құдды  мемлекеттік  

мұражайдан орын аларлық дүние-

ге  ұқсайтын.  Картинаны  күнде  та-

машалаймыз, таңғаламыз. Топтағы 

достарымызбен  бірге  осы  жұмыс 

жайлы,  оның  авторы  туралы  біл-

мекке  құмартамыз.  Күндер  өте 

келе,  куратор  ағайымыз  Саты-

балды  Қажымұратұлынан  сұрап 

көрелік  деп  шештік,  дәрісханаға 

жайғасқан соң, актерлігі бар ағай, 

әңгімесін әріден бастады.

-  Өздерің  білесіңдер,  XVIII  ға-

сырдың  алғашқы  жартысында  қа- 

зақ  елі  жоңғар  басқыншылары-

ның  шабуылынан  көз  ашпады. 

Сол  кезде  халықтың  басы  онша 

біріге  қоймапты.  Оған  әлсіз  бас-

шылардың  азаттық  үшін  күресті 

дұрыс  ұйымдастырмауы,  дәрмен-

сіздіктері себеп болды деседі. Сол  

сүргінді  ашық  бейнелеген  роман  

желісі  бойынша  жазылған  дүние 

ғой бұл, - деп бір тоқтады. Қоғам- 

 ның  тірегі  де,  сәні  де  қарапайым 

бұқара халық екенін ұтымды көр-

сете  алған  жазушы  Әнуар  Әлім-

жановтің  «Жаушы»  романының 

желісі  бойынша  жазылған  карти-

на  екендігін  айта  келе,  әңгімесін 

тәрбиелік мақсатқа бұрып, «Жұрт-

тың алауыздығы - сор, бірлігі - же- 

ңіс,  ар-намыс  жолында  жан  аяма-

ған  жандар  бейнесін  осы  трип-

тихқа  сыйғызып  келісті  жасап 

шықты,  бұл  «группаласым»,  бірақ 

менен  жасы  кішілеу,  1961  жылы 

туған - Айбар Сейтімов деген аға-

ларыңның  дипломдық  жұмысы», 

- деді. Және сол жылы институтты 

аяқтап,  туған  жері  –  Жаңақалаға 

ұстаздық  қызметке  кеткендігін 

жеткізді. 

Айбар  ауылдық  мектепте  бей-

нелеу  өнері,  сызу  және  еңбекке 

баулу  пәндерінен  сабақ  берген. 

Оның  сурет  салғанын  қызықтап, 

тіпті  «Жаңақала»  тақырыбындағы 

сурет  сериясын  жазу  барысына 

куә  болғанын  ол  кездегі  оқушы, 

бүгінде  университет  оқытушысы 

Тұрарбек  Хамзин  ризашылықпен 

айтып,  балғындарды  азғантай  уа-

қыттың  ішінде  бейнелеу  өнеріне 

ғашық  қылғандығын  сағына  еске 

алады. 

Мектепте 2-3 жыл бала оқытып, 



тәжірибе  жинақтаған  жас  маман 

әскери  борышын  Балтық  бойын-

дағы  Снечкус  қаласында  өтейді. 

Әскерден  келген  талантты  жігітті 

өзі  оқыған  факультетке  жұмысқа 

шақырады.  Студенттерге  дәріс 

беруіне  ықпал  еткен  «Сурет  және 

кескіндеме»  кафедрасының  мең-

герушісі Ғалит Хабдоллаев екен. 

Кәсіби  суретшілік  дәрежесіне 

жету  үшін  суретпен  күн  сайын 

жүйелі түрде айналысу керек, оны 

әйгілі  суретшілердің  өмірлік  тә-

жірибелері  әлдеқашан  дәлелдеп 

қойған. Сонда жас суретшілер күн-

делікті  еңбектің  арқасында  білікті 

тәжірибе  жинақтап,  техникалық 

білім мен тәсілдерді игереді, өткен 

және қазіргі заманғы шеберлердің 

сурет  салу  техникасын  зерттеп 

үйренеді.  Айбар  Ғалымұлы  осы 

қағиданы қатаң ұстанды, шәкірте-

ріне  талапшыл  болды,  еңбекқор-

лығын бойымызға сіңіріп бақты. 

Айекең жайлы, оның ата-анасы 

туралы  білгіміз  келіп,  сыр  суырт- 

 пақтағанда,  ұстазы  әрі  әріптесі 

болған  Исатай  Өтегенұлы:  «Ай-

бар  педагогтар  отбасында  тәр-

биеленді,  әкесі  Ғалым  бар  болға-

ны  47  жыл  өмір  сүрген,  ал  анасы 

баласының  жетістіктерін  көріп, 

беріректе  дүниеден  өтті.  Оның 

сурет  өнеріне  келуіне  ағасы  Ер-

кіннің әсері болған сыңайлы. Өйт-

кені  «ағамның  жүрегінің  қалауы 

анималистік  жанрға  ауған,  жан-

жануардың  суреттерін  салғанда 

айнытпай  бейнелейтін,  мен  соған 

еліктеуші  едім  деп  отыратын»  -  

деген еді.

Орыстың ұлы суретшілері И. Ре- 

пин,  В.  Суриков  пен  В.  Серовты 

оқытқан  профессор  П.  Чистяков 

«Қиял  деңгейі  төмен  адам  карти-

на жаза алмайды, - деп есептеген. 

Орда  бұзар  жасқа  жақындаған, 

дәлірек 1989 жылы Алматыға бар-

ған  сапарында  атақты  философ-

суретші  Әбдірашит  Сыдыхановты 

кезіктірді, дұрысы, сәлем бермек-

ке  шеберханасына  іздеп  барды. 

Сол  кісіден  Альбертидің  «Сурет 

салу  тек  қолды  жаттықтыру  емес, 

ақыл-ойды жаттықтыру» - деген қа-

ғидасын  ұстанған  Микеланджело-

ның  «Суретті  қолмен  емес,  баспен 

салады»  деген  сөзін  естиді,  содан 

кейін  академиялық  бейнелеуден  

саналы  түрде  бас  тартып,  пәлса-

фалық  астары  бар,  түстер  үндес-

тігі  мен  композицияға  назар  ау-

дарылатын  картиналар  жазуға 

бағытталады. 

1991  жылы  ол  Қазақстан  Су-

ретшілер  одағының  ұсынысымен 

Мәскеу  маңындағы  Сенеж  сурет- 

шілер үйіне барып, екі айдай шы- 

ғармашылығын  шыңдайды.  Су-

ретшінің  «Капустин  Яр»,  «Мешіт», 

«Қобыз»,  «Жасыл  жаңбыр»,  «Қара-

көз», «Көш», «Өріс», «Қаңғыбас ит», 

«Болашақ»,  «Ару»  т.б.  көптеген 

туындылары  осы  кезде  жазылды. 

Жалпақ қылқаламмен жойқын жа-

ғыстар  жағылған  жұмыстарынан 

60-шы  жылдардағы  жарқырай 

көрінген  кескіндеме  шеберлері-

нің,  атап  айтқанда:  Ж.  Шәрденов,  

С. Айтбаев, Ш. Сариев, Ә. Сыдыха-

новтардың  қолтаңбалары  сезіле- 

тін.  90-жылдарды  Айбардың  на-

ғыз  өндіре  жазған  жұлдызды 

кезеңдері  деп  білеміз.  Өйткені 

осы  тұста  біріне-бірі  ұқсамайтын, 

композициясы  мен  идеялары 

сан  қилы  кең  көлемді  полотно-

лар  бірінен  соң  бірі  өмірге  келіп 

жатты.  Олар  өз  кезегінде  халық-

аралық,  республикалық  байқау, 

көрмелерде  («Жігер»  (1978,  2000 

ж.ж.), «Теңіз достарын шақырады» 

(1988  ж.),  «Өнердің  жібек  жолы» 

(2000  ж.),  «Әлем  Саннияз  –  Қазақ-

стан-2000»),  («Тәңір-Ұмай»    гале- 

реясы, «Шеберлік дәрісі», 2007 ж.) 

өздерінің  лайықты  биіктіктерін  ба-

ғындырып  жатты.  Көптеген  туын- 

дысы  республикадағы  бейнелеу 

өнері музейлері мен шетелдік же-

ке  коллекционерлер  қорларына 

алынды.  Бірнеше  альбом-кітап-

тарға еңбектері енді. 

Айбар Ғалымұлы суретшілік са- 

лада  танымал  болғаннан  кейін, 

өз  білімін  ғалымдық  жолмен  бай-

ланыстыруды  мақсат  етіп,  1998 

жылы  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың 

аспирантурасына  түседі.  Сөйтіп, 

2002  жылы  белгілі  өнертанушы, 

профессор  Болат  Байжігітовтің  

жетекшілігімен «Қазіргі қазақ этно- 

сының  көркемдік  дүниетанымы- 

ның  бірлігі  мен  әр  түрлілігі»  (дәс-

түрлі  және  қазіргі  бейнелеу  өне-

ріне  мәдени-философиялық  тал- 

дау) тақырыбындағы диссертация-

сын сәтті қорғап шығады. Бұқара-

лық ақпарат құралдары мен түрлі 

журналдарда сала бойынша келелі 

мәселелерді  қозғаған:  «Компози-

ция  өзегі»,  «Бояу  түстерінің  қыр-

лары  мен  сырлары»,  «Қазақстан 

суретшілері  шығармашылығының 

әмбебаптылығы», «Орнамент – ве-

ликое  наследство»,  «Көркем  бей-

недегі  мазмұнның  мәні»,  «Тарихи, 

табиғи,  мәдени  тамырлар  бірлігі» 

т.б.  жүзден  астам  мақаласы  жа- 

рық көріпті.

А. Сейтімов - 1995-1997 жылдар 

аралығында  А.  Пушкин  атындағы 

Батыс  Қазақстан  гуманитарлық 

университетінің көркемсурет-гра- 

фика факультеті деканының орын-

басары,  кейін  факультет  деканы, 

2002 жылдан дүниеден өткен 2011  

жылға  дейін  М.  Өтемісов  атында-

ғы  БҚМУ-дың  «Көркем-қолданба-

лы  өнер  және  кәсіптік  білім»  ка- 

федрасының  меңгерушісі  қызмет-

терін атқарды, философия ғылым- 

дарының кандидаты, доцент атақ-

тарын иеленді. 

Үлкенге іні, кішіге аға бола біл-

ген  азаматтың  шарапаты  шәкірт-

теріне  көп  тиді.  Осы  жолдардың 

авторы  менің  Суретшілер  одағы-

на  мүшелікке  өтуіме  бір  кісідей 

атсалысқан  азамат  осы  Айекең 

еді. Сол кездегі ҚР Суретшілер ода-

ғының  төрағасы,  халық  суретшісі  

Еркін  Мергеновпен  сөйлесіп,  ол 

кісіге бейнелеу өнері саласындағы 

азды-көпті  еңбегімді  баяндап,  ме-

ні  қабылдауын  өтініп  сұрады,  қа-

жетті құжаттардың дайындалуына 

көмектесіп, ақыл кеңесін берді.

Айбар  аға  пейілі  тар  адамды  

ұната  бермейтін.  Сөзімізді  біреу-

міреу  естіп  қояр  деп,  оқу  ғима-

ратының  сонау  түкпіріндегі  бөл-

меге  жетектеп  апарып,  есікті 

мықтап жауып, сонан соң сөз бас- 

тайтын.  Неге  олай  жасайсыз  де-

ген  сұрағымызға  іші  тар,  жүрегі 

мейірімсіз,  көре  алмайтын,  өзге- 

нің  жетістігін,  қолда  барын  қызға-

натын,  мінезі  бұзық  адамдар  жа-

нымызда  жүр,  олар  өте  қауіпті 

деп  сақтандырушы  еді.  Және  үл- 

кен көрмелерге барғанда ешкімге 

ағыңнан жарылып, сырыңды ашпа 

деп  ескертетін.  «Осы  адам  бала-

сы  қызық-ау,  егер  сен  жетістікке 

жетіп,  олжалы  болып  жатсаң,  бұл 

сенің  тағдырыңа  жазып  қойған 

Алланың нығметы екенін осы жұрт 

неге түсінбейді», - деп налитын... 

Құдай  қосқан  аяулы  жары  –  

Райхан  жеңгей  екеуі  ұл  мен  қыз-

ды  тәрбиелеп  өсірді.  Әділет  пен 

Айдана  Алматы  қаласындағы  қа-

зақтың  маңдайалды  оқу  орында-

рын  тәмамдаған.  Қазір  екеуінің 

де  өз  жанұялары  бар.  Шүкір,  Жа-

ратушының  мейірімі  арқасында 

асыл  ағаның  ұрпағы  жалғасып, 

өсіп келеді.

Облыстық  ішкі  саясат  басқар-

масының  қолдауымен  әлеуметтік 

жобалар  негізінде  «Өнер»  қоғам-

дық  қоры  мен  БҚО  Суретшілер 

одағы  «Жазира  Жайық»  байқау-

көрмесін  ұйымдастырып  жүргені 

белгілі. Аталмыш іс-шарада өз да-

рынымен  мойны  озық  келген  су-

ретшіге Айбар Сейтімов атындағы 

арнайы  сыйлық  дәстүрлі  түрде 

тапсырылатын  болды.  Соңғы  өт-

кізілген  республикалық  конкурс-

та  бұл  лауреаттық  атақты  өзіндік 

өрнегі бар, талантты қылқалам ше-

бері,  ағайдың  шәкірттерінің  бірі 

Нұртай Жәрдемов иеленген бола-

тын.  Бұның  өзін  тума  талантқа,  өз 

тарапымыздан  жасаған  кішкене 

ғана құрметіміз деп түсінеміз.

-  Айеке,  кафедра  басшылығын 

кейінгі  інілеріңізге  беріп,  абырой 

бермес  қағазбастылықтан  құтыл-

саңыз  қайтеді,  алтын  уақытыңыз-

ды сарп етіп, ағзаңызға көп салмақ 

түсіріп жүрген жоқсыз ба? - деген 

достық  ниетімізден  шыққан  інілік 

назымызға:  «Иә,  дұрыс  айтасың- 

дар,  келер  оқу  жылы  студенттер-

ді  таза  шығармашылық  бағытта 

жұмыс істеуге дайындаймын және 

өзім де солармен бірге ойда жүр-

ген  біраз  тың  композицияларды 

өмірге әкеліп, шығармашылықтың 

ләззатына бөленемін» - деген... 

«Өтеді  ғой...  өтеді  барлығы  да, 

Күн  арқалап  кетеді  таңды  мына, 

Менің  жаным  ашиды  барлығына: 

Таң нұрына, адамның тағдырына»... 

(Мұқағали).

Иә,  ардақты  ағаның  да  дүние-

ден  өткеніне  бес  жылдың  жүзі 

болып  қалыпты...  Құдайға  шүкір, 

Ақ  Жайық  өңірінде,  Құм  Нарында 

туып-өскен  тұлғалар  аз  насихат-

талып жүрген жоқ. Десек те, киелі 

күй елі – Жаңақала жерінде туып-

өскен,  сурет  өнеріне  қайталанбас 

қолтаңбасымен  келіп,  мыңдаған 

шәкірт  тәрбиелеген  ұстаз-ғалым, 

асыл  аға  Айбар  Ғалымұлы  Сейті-

мовтей  дарынды  ұлды  ұлықтаға- 

нымыз  жөн.  Әйтпесе,  ол  бізге,  яғ-

ни өңірдегі суретшілер мен өнер-

танушылар  қауымына,  қала  берді 

жерлестеріне  үлкен  сын  болары 

кәдік.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал