Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



жүктеу 1.11 Mb.

бет4/11
Дата22.04.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

білімнің қалыптасуы» тақырыбында 

республикалық ғылыми-зерттеу конфе-

ренциясы өтті.

Б

ұған «Қазақстан қор биржасы» 

АҚ  (KASE)  басқарма  төрағасы- 

ның    орынбасары  Андрей  Ца- 

люк,  осы    мекеменің  эмитенттермен 

және  инвесторлармен  жұмыс  жүргізу 

жөніндегі  бөлімінің  басшысы  Эльвира 

Сәрсенбаева,  «Фридом  Финанс»  АҚ 

Орал қаласындағы филиалының дирек-

торы  Бауыржан  Мұхамбетов,  «Эрнст 

энд  Янг-сабағаттық  қызметтер»  ЖШС 

мәмілелер  жөніндегі  сабағаттық  қыз- 

меттер департаментінің менеджері Гүл- 

нар  Бадығанова  және  облыстық  кәсіп-

керлер  палатасының  қызметкерлері 

мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. 

Жиынды  «Қазақстан  қор  биржасы» 

АҚ (KASE) басқарма төрағасының  орын- 

басары Андрей Цалюк ашып, қатысушы-

ларға  Қазақстанның  қор  биржасы  жө-

нінде  қысқаша  мәлімет  берді.

– Қор биржасы дегеніміз – құнды қа- 

ғаздардың  қалыпты  айналымын  қамта-

масыз  ететін    ұйым.  Биржаның  негізгі 

міндеті  Қазақстанның  ұлттық  валюта-

сы  –  теңгенің  енгізілуіне  байланысты 

ұлттық  валюта  нарығын  ұйымдастыру 

және  дамыту  болып  табылады.  Еліміз 

бойынша  мұндай  жұмыспен  әзірге  тек 

қана «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE 

айналысуда.  Бұл  ұйым  осы  бағытта  20 

жылдан астам уақыттан бері жұмыс жа-

сап  келеді.  Қазақстан  қор  биржасының 

(KASE)  айналымында  акциялар,  корпо-

ративтік  облигациялар,  Қазақстан  Рес-

публикасының  мемлекеттік  бағалы  қа- 



Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасының ғимаратында 

компания басшылары мен меншік иелері отандық қор нарығы-

ның жетекші сарапшыларымен кездесті. 

Қор  биржасының  қызметі  тиімді

ғаздары,  халықаралық  қаржы  ұйымда-

рының  облигациялары  мен  шетелдік 

мемлекеттік  бағалы  қағаздар,  вексель-

дер,  мемлекеттік  және  корпоративтік 

бағалы  қағаздармен  автоматтық  және 

тікелей  репо  инструменттері,  шетел 

валютасы бар. Бұл ұйым Орталық Азия-

ның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған 

қаржы  нарығының  операторы  болып 

табылады. Биржаның акционерлері не- 

 гізінен  бағалы  қағаздар  нарығына  кә-

сіби қатысушылар болып табылады. Қа-

зақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

KASE ірі акционері болып табылады. 

«Қазақстан  қор  биржасы»  АҚ  (KASE) 

осы  уақыт  ішінде  шетел  валютасымен, 

мемлекеттік  бағалы  қағаздармен,  кор- 

поративтік  сектордың  бағалы  қағазда- 

рымен  және  туынды  қаржы  құралдар-

мен  операциялар  жүргізуге  арналған 

әмбебап  алаңға  айналды,  –  деген  Ан-

дрей  Юрьевич  қатысушыларды  Қазақ- 

стан  қор  биржасында  (KASE)  қаржылан- 

дыру  көздерін  тарту  мүмкіндіктерімен 

таныстыру  үшін  келесі  сөз  кезегін  осы  

мекеменің эмитенттермен және инвес- 

торлармен  жұмыс  жүргізу  жөніндегі 

бөлімінің  басшысы  Эльвира  Сәрсен-

баеваға берді. 

– Бағалы қағаздар мен қор биржала-

ры  бүгінде  экономиканың  ажырамас  бір 

бөлшегіне  айналған.  Нарық  қатынасы 

дамыған  елдерде  қаржы  ресурстарын 

тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары 

арқылы жүзеге асады. Биржа неғұрлым 

ірі әрі дамыған болса, ол өзінде саудаға 

түсірілетін бағалы қағаздарға соғұрлым 

қатаң  талаптар  қояды.  Ірі  биржалар- 

дың тізіміне ену акционерлік қоғамдар-

дың  жоғары  деңгейін  көрсетіп,  беде- 

лін  көтереді.  Өкінішке  орай,  біздің  елі-

міздегі  ірі  акционерлік  қоғамдар  бир-

жа тізіміне енуге асығар емес. Мысалы, 

бүгінде  еліміз  бойынша  2500-дей  ірі 

акционерлік  қоғам  тіркелген  болса,  со-

лардың  тек  92-сі  ғана  нарық  қорының 

тізіміне ресми түрде енген, - деген Эль-

вира  Сәрсенбаева  меншік  иелерін  қор 

биржасымен жұмыстануға шақырды. 

Оның  сөзінше,  ірі  кәсіпкерлер  жеке 

кәсібін  кеңейтуге  қор  биржаларын 

пайдаланған  жағдайда,  тек  қана  ұтады. 

Өйткені  егер  кәсіпкер  банктерден  не-

сиеге  қаражат  алса,  оны  үстеме  пайы-

зымен  төлеуге  мәжбүр  болады.  Ал  қор 

биржаларының  акциясын  пайдаланса, 

қаражат мөлшері өсіп, ол тек қана ком-

панияға  жұмыс  істейтін  болады.  Және 

бұған  кепілдікке  дүние-мүлік  салын-

байды.  Сондай-ақ  қор  биржасымен  жұ- 

мыс  істейтіндерден  табысы  туралы  мә-

лімет  талап  етілмейді  және  облигация 

ставкасы  бірте-бірте  төмендей  береді. 

Қор  биржасының  артықшылықтарын 

осылайша  тізбелеген  Эльвира  Сәрсен-

баева  мұндағы  қаражаттың  жоғалып 

кету қаупі жоқ екенін айтты, өйткені қор 

биржасы жұмысына тек қана лицензиясы 

бар,  ресми  түрде  тіркелген  меншік  ие-

лері қатысады. 



Айша ӨтЕБәЛІ,

«Орал өңірі»

«ата  ерлігі  –  

ұрпақ жадында» 

Мамырдың  

7-8-і күндері  

Орал қаласындағы 

қоғамдық көлік  

бағыттарында 

Ұлы Жеңістің 

71 жылдығына 

орайластырылған «Ата 

ерлігі – ұрпақ жадын-

да» атты акция өтті.

М.  Горький  атындағы  қалалық 

кітапхана,  Ғ.  Құрманғалиев  атын-

дағы  облыстық  филармония,  об-

лыстық  тарихи-өлкетану  музейі 

ұжымдары  №2,  5  бағыттардағы 

автобустағы  жолаушыларды  Же-

ңіс  мерекесімен  құттықтады.  Жо- 

лаушылар  соғыс  тарихы  тақыры-

бындағы  викторинаға  қатысып, 

баянның  сүйемелдеуімен  май-

дан  әндерін  шырқады.  Оларға 

естелік  сыйлықтар  табыс  етілді. 

Сонымен  қатар  филармония  ән-

шілері «Саяхат» аялдамасынан «Ет 

комбинаты»  шағынауданындағы 

соңғы  аялдамаға  дейін  ән  шыр-

қады.  Автобустағы  жолаушылар 

таныс  әуендерді  ести  салысымен 

қосыла шырқады, қол шапалақтап, 

өнерпаздармен бірге суретке түс-

ті. №2 автобустың кондукторы Ан-

жела Красноперова шараны ұйым-

дастырушыларға  мерекелік  көңіл 

күй сыйлағандары үшін алғыс айт-

ты. 


Эльмира НҰРтАЗИЕвА

мерекелік тарту



Ұлы Жеңіс 

мерекесі 

қарсаңында 

Орал қаласында 

тұратын бір топ 

соғыс және еңбек 

ардагерлері 

өңіріміздегі 

этномәдени 

бірлестік 

мүшелерімен 

кездесті. 

Д

остық  үйінде  Қазақстан  хал- 

қы  Ассамблеясы  ұйымдас-

тырған  шараға  Қазақстан  Респуб-

ликасы  Парламенті  Мәжілісінің  де- 

путаты  Бақтияр  Мәкен  қатысып, 

ардагерлерді  мерекелерімен  құт-

тықтады.


-  Құрметті  ардагер  аға-апалар,  

жерлестер, ұлы мереке қарсаңын- 

да  сіздермен  кездескеніме  қуа-

ныштымын.  Бүгінгі  ұрпақтың  ашық  

аспан  астында,  бейбіт  заманда 

алаңсыз өмір сүруі сол жылдарда-

ғы  сіздердің  жанқиярлық  ерлік- 

теріңіз бен жанкешті еңбектеріңіз-

дің жемісі деп білемін. Соғыс жыл-

дарындағы  сіздердің  ерліктеріңіз 

– кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Олар  

сол ауыр жылдарды естен шығар-

май, жеңістің қандай қиындықпен 

келгенін  түсіне  білулері  керек.  Сол 

жылдарды  кейінгі  ұрпаққа  жеткі-

зуді мақсат етіп, естеліктер жинап, 

кітапты жарыққа шығаруға ұмтыл-

ған кітап авторларына алғыс айта-

мын, - деді Бақтияр Мәкен. 

Мерекелік  шара  барысында 

«Информбиржа  news»  редакция-

сының  қызметкерлері  құрастыр- 

ған Ұлы Отан соғысынан сыр шер- 

тетін «Хронограф Победы», «Приб- 

лижали, как могли» атты кітаптар-

дың  тұсаукесері  өтті.  Бұл  жинақ-

тарға  Базарғали  Қуатов,  Вячеслав 

Иночкин,  Наталия  Смирнова,  Ев-

гения  Чурикова,  Наталия  Жукова, 

Людмила Калашникова сынды ав-

торлардың  Жеңісті  жақындатуға 

үлес  қосқан  батысқазақстандықтар 

туралы  естеліктері  енген.  300  да-

намен жарық көрген кітап өңір кі-

тапханаларына таратылмақ.

Өз тілшіміз


10

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  12  мамыр  2016 жыл

МӘселе


Қособадағы  қақпалар  жөнделсе,

 МАЛ  АЗЫҚҚА  ҚАРЫҚ  БОЛМАҚ

Кезекті  іссапармен  Сырым  елінде  бол-

ғанымызда,  аудан  басшысы  Абат  Шыныбе- 

ков  осылай  деген  болатын.  Әкімнің  сөзі 

түрткі  болғандай,  Қособаға  бет  алдық.  Жа-

уыннан  кейінгі  жолдың  лайсаңдығынан 

көлігіміздің жүрісі өнер емес. 

26  шақырымдық  қашықтықтағы  ауылға 

әупірімдеп  жеткен  соң,  кеңсе  ішінде-

гі  мәжіліс  бөлмесінде  оқырмандармен 

кездестік.  Қарапайым  тұрғындармен  әң- 

гіме  емен-жарқын  өрбігендей.  1961  жылы 

кеңшар  болып  құрылған  бүгінгі  ауылда  кө- 

гілдір отын мен ауыз су мәселесі толық ше-

шілген.  Өткен  жылдың  соңында  «Бисен» 

шаруа қожалығының жетекшісі Наурызғали  

Бисенов  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптес-

тік негізінде тұрмыстық қызмет көрсету ор- 

талығын  ашуға  атсалысқан.  Бүгінде  бұл  ор-

талықта автокөлік жөндеу, аяқ киім жөндеу, 

тігін  цехтары  және  шаштараз  жұмыс  істей-

ді.  Интернет-клуб  ашуды  да  жоспарлап  қо-

йыпты.  Осы  орталықтан  әзірге  жеті  адам 

нәпақасын тауып жүр. Ал жеке кәсіпкер Ер-

тіс  Ихсановтың  ауыл  ажарын  ашып  тұрған 

150 орындық «Тұмар» тойханасы екі  жылдан 

бері жұмыс істейді екен. 

Қособалықтар осы ауылды ұзақ жыл бас-

қарған  Нөкен  Молдашевтың  есімін  ерекше 

құрмет тұтады. Марқұмның туғанына 85 жыл 

толуына  орай  биыл  біраз  іс-шаралар  өткізу-

ді  жоспарлап  қойыпты.  Еліне  еңбегі  сіңген 

азаматтың  мүсінін  орнатып,  көшеге  есімін 

бермек. 

-  Аудан  орталығымен  аралықтағы  жолға 

асфальт  салып  берсін  деп  талап  етпейміз,  

ең  болмаса  ауа  райының  қолайсыз  кезең-

дерінде жолды тазалап тұрса деген тілек бар. 

Тиісті сала басшылары бұл тілегімізге құлақ 

асса, - дейді зейнеткер Ерген Тойғожиев. 

Басқосуда  ардагер-ұстаз  Юнус  Райымов,  



«Қособа ауылдық 

округі аумағының 

шөбі шүйгін. Жылма-

жыл 10 мың гектар 

жерден шабылған 

шөп Жымпиты, 

Бұлан, Қособа 

ауылдық округтері  

тұрғындарын мал 

азығымен толық 

қамтуға жетіп жүр. 

Өлеңті көлдетіп  

суару жүйесін қайта 

қалпына келтірсек, 

мал азығынан тіптен 

қысылмауға  

болады».

ауыл  тұрғыны  Сағынбай  Бөпениязов,  ауыл-

дық округтің әкімі Жұмабай Сатаев және та- 

ғы  басқалары  Қособаның  кешегісі  мен  бү- 

гінгі  тыныс-тіршілігін  әңгімелей  келіп,  қуа-

ныштарымен де бөлісті. 

Ауылдық  мәдениет  үйінің  құрылысы  2016-

2018  жылдардың  жоспарына  енсе,    орта 

мектеп  ғимараты  биыл  күрделі  жөндеуден 

өткізілмек.  Бұйыртса,  жұмыссыз  жүрген 

жергілікті  тұрғындарға  да  жұмыс  табылары 

кәміл. Қособалықтардың басты қуанышы да 

осы. 

-  Біздің  мектепке  күрделі  жөндеудің  қа-



жеттілігі  жайында  осыдан  екі  жыл  бұрын 

«Орал  өңірі»  газеті  мәселе  көтеріп,  мақала 

жариялаған  болатын.  Журналистерге  де 

ауылдастар  атынан  алғысымыз  шексіз.  Енді 

ауылға  ұялы  байланыс  қажет,  -  дейді  ауыл 

мұғалімі Мұратбек Тойғожиев. 

Оқырмандармен  кездесуден  соң  ауыл  

ішін  бір  аралап  шығып,  аудан  басшысы  сөз 

еткен  көлтабандарға  жол  тарттық.  Ат  шап-

тырымдай  жүрген  соң  көзге  шалынғаны  –  

аққулары  қалқып  жүрген  айдын.  Айналып  

өтетін  шығармыз  деген  ойымыз  теріске  шық- 

ты. Рульде отырған «Мүтір» шаруа қожалы-

ғының  жетекшісі  Жеңіс  Шәпешов  үшін  суға 

толы  көлтабандарды  көлікпен  кешіп  өту 

дағдыға айналған ба дерсіз. Биыл аудандық 

мәслихаттың  депутаты  атанған  шаруа  адамы 

көп  сөзге  жоқ  сыңайлы.  Есесіне,  жанымыз- 

да  отырған  аудандық  ауыл  шаруашылығы 

және жер қатынастары бөлімінің бас мама-

ны  Өтеген  Уашев  кез  келген  сауалымызға 

жауап беруге әзір болып шықты. 

Өлеңті  өзені  бастауын  Жосалыдан  алып, 

Азынабай-Тайпақ  су  жүйесіне  құяды  екен. 

Қособа округінің аумағындағы 10300 гектар 

жерде  11  көлтабан  орналасыпты.  Сала  ма-

мандары  дәлелдеп  қойғанындай,  аумақтағы 

суармалы  жүйе  1933  жылдан  бастау  алған. 

Өлеңті  өзенінің  суын  көлтабандарға  шығару 

үшін  1952  жылы  арнайы  жоба  жасалып, 

көлдетіп  суландыру  жүйесі  пайдаланылуға 

беріліпті.  Уақыт  өте  келе  бұл  жүйенің  тоз-

тозы шыққан. 

Өзен  суының  көлтабандарға  құйылар 

тұсындағы  үш  қақпаның  қазіргі  мүшкіл 

сыйқын  көрген  соң,  жүйенің  негізгі  ныса-

нына келдік. Өлеңті өзеніне таяу орналасқан 

аталмыш  нысандағы  алты  қақпа  түгел  іс-

тен  шыққан.  Соның  салдарынан  өзен  суы 

жылғалармен  кері  айналып,  өзенге  қайта 

құйылуда. 

-  Негізгі  үш  көлтабан  маңындағы  қақ-

паларды  жөндеп,  тазарту  жұмыстары  үшін 

жобалық-сметалық құжаттардың дайын тұр- 

ғанына  біраз  уақыт  болды.  Бұл  мақсатты 

жүзеге  асыру  үшін  108  миллион  745  мың 

теңге  қаражат  қажет.  Әрине,    мұндай 

қаражатты облыстық деңгейде ғана шешуге 

болады, - дейді сала маманы Өтеген Уашев. 

Өңірдегі  үш  бірдей  округ  тұрғындарын 

мал  азығымен  қамтамасыз  етіп  отырған 

шаруалар  қырлықтан  гектарына  үш  цент-

нер өнім алып жүр. Ал  қақпалар жөнделіп, 

көлтабандарға  су  келер  болса,  гектарына 

кемі 20 центнерден мал азығын дайындауға 

болатындығына  қособалық  шаруалардың 

сенімдері нық. 

Мүсірбек АЙтАШЕв, 

сырымбек ЖәРДЕМҰЛы,

сырым ауданы 


11

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  12  мамыр 2016 жыл

қаулы-қарар



Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  қаулысы

2016 жыл __ ________                    №__               Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 «Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер 

регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

(Соңы. Басы газеттің №48, 49­50 сандарында)

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан  анықтама беру» мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесінің анықтамалығы

2016 жылғы «___»________№____

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына 10-қосымша

2015 жылғы 4 тамыздағы №200

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

«Медициналық­санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша 

жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1.  «Медициналық-санитариялық  алғашқы  көмек 

көрсететін  медициналық  ұйымнан  еңбекке  уақытша 

жарамсыздық  парағын  беру»  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  «Денсаулық  сақтау 

саласындағы  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стан-

дарттарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрінің 

2015  жылғы  27  сәуірдегі  №272  бұйрығымен  бекітілген 

«Медициналық-санитариялық  алғашқы  көмек  көрсететін 

медициналық  ұйымнан  еңбекке  уақытша  жарамсыздық 

парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандар-

тына (Қазақстан Республикасының  Әділет  министрлігінде 

2015  жылғы  11  маусымда  №11304  тіркелген)  (бұдан  әрі 

-  Стандарт)  сәйкес  медициналық-санитариялық  алғашқы 

көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін ұйымдарымен (бұдан 

әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді  қабылдау  және  мемлекеттік  көрсетілетін 

қызметтің  нәтижелерін  беру  қызметті  беруші  арқылы 

жүзеге асырылады.

2.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  нысаны  -  қағаз 

түрінде.


3.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  нәтижесі  - 

медициналық-санитариялық  алғашқы  көмек  көрсететін 

ұйымнан  «Еңбекке  уақытша  жарамсыздыққа  сарап-

тама,  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағын  және 

анықтамасын беру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасының  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік 

даму  министрінің  2015  жылғы  31  наурыздағы  №183 

бұйрығына  (Нормативтік-құқықтық  актілерді  мемлекеттік 

тіркеу тізілімінде №10964 болып тіркелді) сәйкес еңбекке 

уақытша  жарамсыздық  парағын  (бұдан  әрі  -  еңбекке 

уақытша жарамсыздық парағы) беру .

4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі 

(бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы).

5. Жұмыс кестесі көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс (жек-

сенбі)  және  мереке  күндерінен  басқа,  дүйсенбі  -  жұма 

аралығында үзіліссіз сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін 

қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің 

(қызметкерлерінің) 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Көрсетілетін қызметті алушының қызметті берушіге 

тікелей жүгінуі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойын-

ша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болады.

7.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінің  құрамына 

кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орын-

дау уақытының ұзақтығы:

1)  көрсетілетін  қызметті  алушы  дәрігердің  жолдама-

сы  бойынша  талонды  және  жеке  басын  куәландыратын 

құжатты (бұдан әрі - құжат) еңбекке уақытша жарамсыздық 

парағын беру үстелінің медициналық тіркеушісіне (бұдан 

әрі - тіркеуші ) ұсынады.

2)  тіркеуші  жеке  деректерді:  Т.А.Ә.,  тұрғылықты  ме-

кенжайы,  жұмыс  орны,  көрсетілетін  қызметті  алушының 

диагнозын еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тіркеу 

кітабына тіркейді, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын 

толтырады, 20 минуттан аспайды.

Нәтижесі  -  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағын 

көрсетілетін  қызметті  алушыға  танысуға  және  қол  қоюға 

береді;


3)  көрсетілетін  қызметті  алушы  еңбекке  уақытша  жа-

рамсыздық  парағымен  танысады  және  қолын  қояды,  5 

минуттан аспайды.

Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушы еңбекке уақыт-

ша жарамсыздық парағының түбіртегіне қол қояды;

4) тіркеуші еңбекке уақытша жарамсыздық парағының 

түбіртегін қиып алады және көрсетілетін қызметті алушыға 

еңбекке уақытша жарамсыздық парағын береді, 5 минут-

тан аспайды.

Нәтижесі  -  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағын 

беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрестелітетін 



қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің 

(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

8.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесіне  қатысатын 

құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1)  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағы  үстелінің 

медициналық  тіркеушісі  көрсетілетін  қызметті  берушінің 

тіркеу орны.

9. 


Мемлекеттік 

қызмет 


көрсету 

процесінде 

көрсетілетін  қызметті  берушінің  құрылымдық  бөлімшері 

(қызметкерлері)  арасындағы  рәсімдердің  (іс-қимылдың) 

өзара іс-әрекетінің реттілігін, ақпараттық жүйелерді пайда-

лану тәртібін толық сипаттау «Медициналық-санитариялық 

алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке 

уақытша  жарамсыздық  парағын  беру»  көрсетілетін  мем-

лекеттік  қызмет  регламентінің  (бұдан  әрі  -  регламент) 

1-қосымшасына  сәйкес  көрсетілетін  мемлекеттік  қызмет 

бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға 

арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік 

қоғамының Батыс Қазақстан облысы филиалымен және 

(немесе) өзге де көрсетілетін қызмет берушілермен өзара 

іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайда-

лану тәртібін сипаттау

10. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» 

коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамының  Батыс 

Қазақстан  облысы  филиалымен  және  (немесе)  өзге  де 

қызмет берушілермен көрсетілмейді.

11.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойын-

ша  көрсетілетін  қызметті  берушінің  және  (немесе)  оның 

лауазымды  адамдарының  шешімдеріне,  әрекетіне 

(әрекетсіздігіне)  шағымдану  Стандарттың  3-бөліміне 

сәйкес жүзеге асырылады.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік 

қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

2016 жылғы  ___  ________№____

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына 11-қосымша

2015 жылғы «4» тамыздағы №200

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген



«Медициналық­санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық 

анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер 

1.  «Медициналық-санитариялық  алғашқы  көмек  көрсететін 

медициналық  ұйымнан  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  анықтама 

беру»мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  (бұдан  әрі  -  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  «Денсаулық  сақтау  сала-

сындағы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  стандарттарын  бекі-

ту  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік  даму  министрінің  2015  жылғы  27  сәуірдегі  №272  бұй-

рығымен  бекітілген  «Медициналық-санитариялық  алғашқы  көмек 

көрсететін  медициналық  ұйымнан  еңбекке  уақытша  жарамсыздық 

анықтамасын  беру»  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  Стандартына 

(Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 

маусымда  №11304  тіркелген)  (бұдан  әрі  -  Стандарт)  сәйкес  меди-

циналық-санитариялық  алғашқы  көмек  (бұдан  әрі  -  МСАК)  көр-

сететін  ұйымдарымен  (бұдан  әрі  -  көрсетілетін  қызметті  беруші) 

көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 

нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны - қағаз түрінде.

3.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  нәтижесі  -  медициналық-

санитариялық  алғашқы  көмек  көрсететін  ұйымнан  «Еңбекке  уа-

қытша  жарамсыздыққа  сараптама,  еңбекке  уақытша  жарамсыздық 

парағын  және  анықтамасын  беру  Қағидаларын  бекіту  туралы»  Қа-

зақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму 

министрінің  2015  жылғы  31  наурыздағы  №183  бұйрығына  (Норма-

тивтік  құқықтық  актілерді  тіркеудің  мемлекеттік  тізіліміне  №10964 

болып тірелді) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын 

беру (бұдан әрі - еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы). 

4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан 

әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

5.  Жұмыс  кестесі  көрсетілетін  қызмет  беруші  -  Қазақстан 

Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс (жексенбі) және 

мереке  күндерінен  басқа,  дүйсенбі  -  сенбі  аралығында  (дүйсенбі 

- жұма - үзіліссіз сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін (учаскелік дәрігердің 

жұмыс уақытында), сенбі - сағат 9-00-ден 14-00-ге дейін);

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет 

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

6.  Көрсетілетін  қызметті  алушының  қызметті  берушіге  тікелей 

жүгінуімемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  бойынша  рәсімді  (іс-

қимылды) бастауға негіз болады.

7.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінің  құрамына  кіретін 

әрбір  рәсімнің  (іс-қимылдың)  мазмұны,  оны  орындау  уақытының 

ұзақтығы:

1)  көрсетілетін  қызметті  алушы  дәрігердің  жолдамасы  бойын-

ша  талонды  және  жеке  басын  куәландыратын  құжатты  (бұдан  әрі 

-  құжат)  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағын  беру  үстелінің 

медициналық тіркеушісіне (бұдан әрі - тіркеуші ) ұсынады.

2)  тіркеуші  жеке  деректерді:  Т.А.Ә.,  тұрғылықты  мекенжайы, 

жұмыс  орны,  көрсетілетін  қызметті  алушының  диагнозын  еңбекке 

уақытша жарамсызды парағын тіркеу кітабына тіркеуді жүзеге асы-

рады,  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  анықтамасын  толтырады,  20 

минуттан аспайды.

Нәтижесі  -  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  анықтамасын  көр-

сетілетін қызметті алушыға танысуға және қол қоюға береді;

3) көрсетілетін қызметті алушы еңбекке уақытша жарамсыздық 

анықтамасымен танысады, 5 минуттан аспайды.

Нәтижесі  -  көрсетілетін  қызметті  алушы  еңбекке  уақытша 

жарамсыздық туралы анықтаманың түбіртегіне қол қояды;

4)  тіркеуші  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  анықтаманың 

түбіртегін  қиып  алады,  көрсетілетін  қызметті  алушыға  еңбекке 

уақытша жарамсыздық анықтамасын береді, 5 минуттан аспайды.

Нәтижесі - еңбекке уақытша жарамсыздық анықтаманы беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрестелітетін қызметті 

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара 

іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылым-

дық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1)  еңбекке  уақытша  жарамсыздық  парағын  беру  үстелінің  ме-

дициналық тіркеушісі көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу орны.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті 

берушінің  құрылымдық  бөлімшері  (қызметкерлері)  арасындағы 

рәсімдердің (іс-қимылдың) өзара іс-әрекетінің реттілігін, ақпараттық 

жүйелерді  пайдалану  тәртібін  толық  сипаттау  «Медициналық-

санитариялық  алғашқы  көмек  көрсететін  медициналық  ұйымнан 

еңбекке  уақытша  жарамсыздық  анықтамасын  беру»  көрсетілетін 

мемлекеттік  қызмет  регламентінің  (бұдан  әрі  -  регламент)  1-

қосымшасына  сәйкес  көрсетілетін  мемлекеттік  қызмет  бизнес-

процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде «Азаматтарға арналған 

үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс 

Қазақстан облысы филиалымен және (немесе) өзге де көрсетілетін 

қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ 

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10.  Мемлекеттік  қызмет  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  ком-

мерциялық  емес  акционерлік  қоғамының  Батыс  Қазақстан  об-

лысы  филиалымен  және  (немесе)  өзге  де  қызмет  берушілермен 

көрсетілмейді.

11.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  мәселелері  бойынша  көр-

сетілетін  қызметті  берушінің  және  (немесе)  оның  лауазымды 

адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану 

Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек  көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын 

беру»мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



12

oral_oniri@inbox.ru

Мереке

Бейсенбі,  12  мамыр 2016 жыл




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал