Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



жүктеу 1.11 Mb.

бет1/11
Дата22.04.2017
өлшемі1.11 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

WWW.oralonIrI.kz

Газет 1917 жылдан бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

орал өңірі



Бейсенбі,

12 мамыр 2016 жыл

№53 (20305)

+ 25 

0

С

+ 18 

0

С

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САЯСИ гАЗЕТ

4

10

МӘСЕЛЕ

ЖОЛ ЖӨНДЕу 

ЖАЛғАСА БЕРМЕК

АуЫЛ-АйМАҚ

ҚОғАМ

ЖЕңІС  КүНгІ 

ДуМАН

Жеңіс туы   

мәңгі желбіресін!

«Тайжарыстың» 

 жеңімпаз-жүлдегерлері

Еліміздің  әр  өңірінің  өнерлі 

өрендері  бақ  сынаған  байқауда 

эстрадалық  вокалдан  Аяна  Қажы-

мова  бас  жүлде  иеленсе,  Ерназар 

Темір  екінші  орын,  ал  Мұхаммед 

Ізмұқан  дәстүрлі  ән  бойынша  бас 

жүлде алды.

Өңіріміздің  мерейін  асырған 

байқау  жеңімпаздарын  №3  саз 

мектебінің ұжымы «Алматы-Орал» 

пойызынан  салтанатты  жағдайда 

күтіп алды.

«Жеңіс»  кубогы  –  оралдықтарда!

Бұл жарысқа Орал мен Атырау-

дан қос-қостан және Орынбор, Ақ- 

төбе, Ақсай қалаларынан  бір-бірден, 

барлығы жеті команда қатысты.



Оралдағы №3 балалар саз мектебінің  

өрендері Алматы қаласында өткен 

республикалық “Тайжарыс” радио байқауынан 

олжамен оралды.

Аяна  Қажымова  63  бәсекелесі-

нің де мықты болғанын айтса, Мұ- 

хаммед  Ізмұқан  бір  кездері  ата-

сы  орындаған  Мұхит  Мерәліұлы- 

 ның “Көкайдай” әні сәттілік сыйла-

ғанын  жеткізді.  Өнерлі  өрендерге 

дәстүрлі ән-терме класының оқы-

тушысы Фархат Оразов пен дауыс 

қойылымы  класының  оқытушысы 

Әсел  Мұржанова  жетекшілік  жа-

сады.


12-13

ҚОСОБАДАғЫ  ҚАҚПАЛАР  

ЖӨНДЕЛСЕ,  МАЛ   

АЗЫҚҚА  ҚАРЫҚ  БОЛМАҚ

8

Сайыс  қорытындысында  Орал 

қаласының  командасы  бірінші, 

атыраулықтар  екінші,  ақтөбелік-

тер үшінші орынды иеленді.

Мамырдың 6­8­і күндері қаламыздағы мұзайдынды 

спорт сарайында Ұлы Жеңіс күніне арналған шайбалы 

хоккейден ардагерлер мен әуесқой командалар арасында 

«Жеңіс» кубогы атты ашық турнир өтті.

Сауапты   істен  

шет   қалмаңыз! 

Бұдан  бұрын  да  хабарлағаны-

мыздай, бүрсігүні, яғни 14 мамыр-

да  жергілікті  уақытпен  09.30-да 

мұсылман  қауымға  қатысты  зи-

рат-қорымдардың  төңірегін  та-

залау  жұмыстары  басталады.  Бұл 

үрдіс  Қазақстан  мұсылмандары 

діни  басқармасының  ұйытқы  бо- 

 луымен  ел  ішінде  түбегейлі  ор-

ныға  бастаған  құптарлық  ғадет. 

ҚМДБ-ның  Батыс  Қазақстан  об- 

лысындағы  өкіл  имамы  Руслан 

Тыныштықұлының сөзіне қараған-

да,  сауапқа  жазылар  үшбу  шара- 

ға  Орал  қаласындағыға  қоса,  ау- 

дан-ауылдардағы  имам-молдалар  

биыл  да  белсенді  атсалыспақ. 

Ендеше,  сауапты  істен  сіз  де  шет 

қалмаңыз, әлеумет.



Суретті түсірген Медет ДОСЫМОв

2

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  12  мамыр 2016 жыл

халық пен Билік

Сумен  қамту  және   

жол  жағдайымен  танысты



Осы аптаның сейсен-

бісінде облыс әкімі Алтай 

Көлгінов, ҚР Парламенті 

Сенатының депутатта-

ры Ерболат Мұқаев пен 

Рашит Ахметов Ақжайық 

және Қазталов ауданда-

рына жұмыс сапарымен 

барды. Іссапар Ақжайық 

ауданындағы Киров су 

қоймасының жай-күйін 

бағамдаудан басталды.

Алғабас ауылдық округінде ор- 

наласқан  су  қоймасының  сыйым-

дылығы – 63 млн. метр

3

, ұзындығы 



–  1750  метр.  Су  қоймасынан  Ки- 

ров  -  Шежін,  Первомай,  Бударин  

күретамыр  арналарға  су  жібері-

леді. «Қазір біздің есебіміз бойын- 

ша  Жайық  өзенінің  ағысы  секун- 

 дына  900  текше  метр.  Киров  қой- 

масынан  секундына  80  текше 

метр  су  босатылуда.  Былтыр  су 

қоймалары  30  пайызға  дейін  то-

лып еді, биыл  80 пайызға көбейді. 

Себебі  Ақтөбе  облысындағы  15 

жылдан бері арнасы толмаған Елек 

өзенінен Жайыққа бір ай бойы су 

жіберілді.  Жайыққа  құйылатын 

өзендерден  Сақмар  енді  тасып  

жатыр. Ресей аумағындағы сыйым-

дылығы  160  миллион  текше  метр 

Ириклинск  су  қоймасы  жақында 

толады.  Алдағы  уақытта  арнайы 

комиссия  құрып,  ресейлік  тарап- 

пен  Орынбор  қаласында  келісім 

жүргізіледі.  Әзірше  бұл  су  қойма-

сынан  секундына  90  текше  метр  

су  босатуды  сұрап  отырмыз.  Жа-

йық  суының  деңгейі  былтыр  3 

метр 69 см болса, биыл 5 метр 13 

см»,  –  деді  «Қазсушар»  РМК  БҚО 

филиалының директоры Нұрболат 

Жұмағалиев.

Директордың айтуынша, Ресей-

ден  келетін  судың  құны  жыл  са-

йын  12-16  пайызға  қымбаттауда. 

Қазіргі  кезде  бір  текше  метрі  16 

теңгеге  бағаланып  отыр.  Саратов  

облысындағы  Қараөзен  және  Са-

рыөзен  бойына  су  қоймалары 

салынуына  байланысты  Еділден 

келетін  су  деңгейі  азайған.  Егер 

бұл  бағытқа  30  миллион  текше 

метр  су  жіберілмесе,  екі  өзеннің 

бойындағы 17 елді мекен, яғни 18 

мың  тұрғын  ауыз  сусыз  қалады. 

Жәнібек - Бөкей ордасы суланды-

ру  жүйесіне  11  миллион  текше 

метр су керек. Республикалық бюд- 

жеттен  биыл  1  млрд.  1  млн.  теңге  

бөлінді.  Қосымша  620  миллион  

теңгеге  жуық  қаражат  қарасты- 

рылуы  қажет.  ҚР  Ауыл  шаруашы-

лығы вице-министрі Ерлан Нысан-

баев  бұл  мәселе  күзде  шешілеті- 

нін  айтқан.  Бірақ  бұл  уақыт  өте  

кеш болады дейді мамандар. 

Елдің  бюджетіне  шығын  әке-

летін  бұл  ауыртпалықты  жеңілде- 

ту  мақсатында  2010  жылы  Киров 

су  қоймасынан  шығып,  батыс 

жақты  бүйірлей  оңтүстік  бағытқа 

ағатын Киров - Шежін магистралін 

қалпына  келтіру,  180  шақырымға 

созылатын  арнаны  Қазталов  ау-

данындағы  Ақпәтер  ауылдық  ок-

ругіне  дейін  апарып,  Қараөзенге 

қосу  үшін  арнайы  жоба  қолға 

алынды. Сонда Қараөзен суы үшін 

жылма-жыл  Ресейге  бөлінетін  қа-

ражаттың  50  пайызын  үнемдеуге 

болады. 


2011  жылы  осы  жоба  аясында 

тендер  арқылы  бюджеттен  бөлін- 

ген  949  млн.  теңгеден  астам  қа- 

ражатты  иеленген  Өскемен  қала-

сындағы «Подводстрой» ЖШС-ның  

кейін  су  арнасы  құрылысын  жүр-

гізу  үшін  қосымша  423  миллион 

теңгеге  жалған  есеп  жасағаны 

анықталды.  Тасқала  ауданы  соты-

ның үкімімен серіктестік директо-

ры  Д.  Якунин  сотталды.  2012  жы- 

лы  172  млн.  53  мың  теңгеге  «Қаз-

сушар»  РМК  БҚО  филиалы  мен 

«Оралводстрой»  АҚ  жөндеу  жүр-

гізді.  Былтырдан  бастап  бұл  іске 

«АзияТехСтрой»  құрылыс  компа-

ниясы  тартылған.  Бүгінге  дейін 

Киров-Шежін су арнасының 46 ша-

қырымы  кеңейтіліп,  тереңдетілді. 

Биыл «Қазсушар» РМК БҚО филиа-

лы  осы  жобаның  1-кезеңін  толық 

аяқтауға,  яғни  55-шақырымға  де- 

йін  жөндеуге  93  млн.  теңге  қара- 

жат бөледі. 

Киров  –  Шежін  су  арнасын  та-

зарту  жұмысының  екінші  кезеңін 

жүргізуге  854  миллион  теңгеден 

астам  қаражат  керек.  Нұрболат 

Жұмағалиев егер бұл қаржы биыл 

бөлінбесе,  су  арнасы  құрылысы-

ның  жобалық-сметалық  құжатын 

қайта  жасақтау  үшін  қосымша 

шығындануға  тура  келетінін  айт- 

ты.  Екінші  кезеңдегі  жұмыс  ма-

гистральдың  74  шақырымын  қам-

тиды.  Яғни  Қазталов  ауданының 

Талдықұдық  ауылындағы  су  қой-

масына  дейінгі  арна  аршылады. 

Жұмыс  сапарымен  осы  ауылға 

келген облыс әкіміне Ермек Аман- 

ғалиев  тұрғындардың  мұң-мұқта-

жын  жеткізді.  «Талдықұдық  аудан 

орталығынан  127  шақырым  қа-

шықтықта  орналасқан.  Ауылдық 

округ  орталығынан  60  шақырым 

жерде  Қайрош  елді  мекені  бар. 

Ұялы байланыс, ғаламтор әлі күн- 

ге орнатылған жоқ. Кейде науқас- 

танып  қалғанда  жедел  хабарла-

судың өзі мұң. Зейнетақының уақ- 

тылы  келмей  қалатын  кезі  де  бо- 

лады.  Ауыл  орналасқан  жер  сор- 

таң.  Мамандар  зерттеу  жүргізге-

німен, жер астынан тұщы су қорын  

таба  алмады.  Мына  тоғанның  қа-

зылғанына 49 жыл болды. Түбі та- 

йыз.  Бір-ақ  метр.  Көктемде  және 

күзде толтырып аламыз. Су сорғы- 

сымен  ауылдағы  су  мұнарасына 

жіберіледі.  Кейде  қыста  қатып  қа-

лады.  Ауылға  бұрын  жер  астынан 

ауыз суға жіберілген пластикалық 

құбырлар  әлі  де  жатыр.  Мүмкін 

болашақта  кәдеге  асар.  Ауылда-

ғы  800-ден  астам  тұрғын  осы  мә-

селелердің  шешімін  табуды  асыға 

күтеді», – деді зейнеткер. 

–  Облыста  суармалы-суланды-

ру  жүйесін  жетілдіруді  қолға  ал- 

сақ,  тұрғындар  үшін  ауыз  су  мә-

селесі  шешімін  табар  еді.  Соны-

мен  қатар  мал  шаруашылығын 

дамытуға  қолайлы  жағдай  туады. 

Киров - Шежін су арнасын қалпы- 

на  келтірудің  екінші  кезеңіне  қа- 

ражат  қарастырамыз.  Егер  қаржы 

табылса,  Ақжайық,  Тасқала,  Қаз-

талов  аудандарында  40  мың  гек-

тардан  суармалы  жер  жандана- 

ды, – деді облыс басшысы. 

Талдықұдық  су  қоймасына  қа- 

зір  секундына  2  текше  метрден  

су жіберіледі. Егер Киров - Шежін  

су  арнасы  толық  тазартылса,  су  

қоймасына  секундына  8  текше  

метр  су  жіберуге  болады.  Талды-

құдықтан  әрі  қарай  жобаның 

үшінші  кезеңі  іске  аспақ.  Онда 

Киров  -  Шежін  магистралінің  30,6 

шақырымы тазартылса, Қараөзен-

ге  қосу  үшін  18,8  шақырым  жаңа  

арна  қазылады.  Бұл  үшін  қыруар 

қаражат керек екені түсінікті.

Облыс басшысы Алтай Көлгінов  

сапар  барысында  Қазталов  ауда-

нындағы  Жалпақтал  ауылының 

қасындағы  «Автобаза»  бөгетіне 

барды.  Қараөзен  суы  тасығанда 

осы  бөгетті  жыруға  тура  келеді. 

Малын  жайылымға  айдайтын 

тұрғындар  бұған  жиі  наразылық 

танытады.  Сондай-ақ  сол  тұста 

автокөлік  қатынасы  да  кедергі 

болады.  Осы  «Автобаза»  бөгетіне 

су  жіберетін  құбыр  орнату  керек. 

Сонда  су  сәл  еңісте  орналасқан 

«Гүрілдек»  бөгетіне  ағады.  Ал 

сыйымдылығы  115  миллион  тек- 

ше  метр  «Гүрілдек»  бөгетіне  екі 

қақпа орнатылса, өзен суын таби-

ғи  шабындықты  суландыру  үшін 

тиімді пайдалануға болады. 

Облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов 

осы  сапары  барысында  Ақжайық 

ауданындағы  «БатысМарқаЛамба» 

ЖШС-да болды. Серіктестік жұмы- 

сын  2015  жылы  наурызда  баста-

ған.  Жоба  құны  –  2,8  млрд.  теңге. 

Кәсіпорын  1400  бас  қозы  етін 

өңдеуге  қабілетті.  Тоңазытылған 



3

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,   12  мамыр  2016 жыл

халық пен Билік

Бейбітшілік  жолындағы  табанды 

күрескер,  Елбасымыз  Н.  Назарбаев- 

тың  күні  кеше  ғана  Вашингтон 

қаласында  өткен  ядролық  қауіп- 

сіздікке  арналған  әлемдік  басқо-

суға  қатысып,  «Әлем.  ХХІ  ғасыр» 

манифесін  жария  етуіне  байла-

нысты  осындай  ой  түюге  болады. 

Тәуелсіздік  алғаннан  бері  Қазақ- 

стан  қай  жерде  болсын,  жер  бе-

тінде өзара дінаралық, саяси, эко- 

номикалық,  мәдени  ынтымақ,  тө- 

Ізгі  мақсат  жолында

Жұмажан   ҚОЖЖАНОв,

облыстық   мүгедектердің  ерікті 

қоғамының  төрағасы

Әлемдегі қауіпсіздік – ең маңызды құндылық. Өйткені 

дүние жүзіндегі осы кезге дейін жинақталған  ядролық 

қарудың қоры Жер-ананы толығымен құртып жіберу-

ге жетеді. Демек, ондай қаруды жинаудың, сақтаудың 

қаншалықты қажеттілігі бар? Жоғарыда айтқан әлемдік 

қауіпсіздікке төнген, төнетін басты қауіп те сол.

зімділік  пен  татулық  салтанат  құ-

ру  үшін  күресіп  келеді.  Еліміздің 

атом қаруынан ада аймақ ретінде 

жариялануы да соның бір айғағы.  

Егер  дүние  жүзінде  қауіпсіз  ай-

мақтар  көбейе  берсе,  бүкіл  адамзат 

ядролық  соғыс  пен  қару  үре- 

йінен  сейілер  еді.  Жер  бетіндегі 

істің  бәрі  жаппай  қарулану  емес, 

жасампаздыққа  қарай  бағыттал- 

са,  қандай  жақсы!

Қазақ елi тәуелсiздiк алған күн-

нен бастап  әлемдiк қауымдастық 

алдында  өзiндiк  даму  бағытын, 

саяси ұстанымын айқындап алған. 

Қазақстан  –  әуел  бастан  бейбiт-

шiлiк сүйген, ырысын ынтымақпен 

арттырған  мемлекет.  Елбасымыз 

Нұрсұлтан  Назарбаев  тiзгiндi  қо-

лына  алған  күннен  бейбітшілік 

сынды  ұлттық  қасиетiмiздi  әлем-

ге  танытып  үлгердi.  Алғаш  болып 

ядролық қарудан бас тарттық. Ке- 

ңестiк  кезеңде  ядролық  қару  сы-

нағына  айналған  Семей  полиго- 

 ны  да жабылды. Елбасының сали-

қалы  саясатының  өмiршеңдiгi  де 

осында.  Кесапатты  қарудан  бас 

тарту бағытында қабылданған ма-

нифест ұрпақ саулығын ойлаудан, 

ұлт болашағына алаңдаудан туын-

дады.  Әлемдiк  қауiпсiздiк  жөнiн- 

 де  өткен  саммит  Қазақстанның 

және  Елбасының  әлемдiк  қауым- 

дастық  алдында  аса  зор  абырой-



Бұқаралық ақпарат құрал-

дарынан көргеніміздей, жақында 

Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік 

жөніндегі төртінші саммит өткен 

болатын. Халықаралық сая- 

саттағы күрделі ахуал, елдер-

дің бір-бірімен алауыздығы, 

қантөгіске айналған көтерілістер   

ынтымақтастық пен ауызбірліктің 

жаңа жолдарын қарастыруға 

итермелеп отыр. Бұл тұрғыдан 

алғанда Елбасымыздың бітімгер-

шілік бастамалары әлемге жаңа 

леп әкелді. 

беделге  ие  екендігін  дәлелдей- 

ді.  Елбасының  жаһандық  жиында 

баяндама  жасап,  «Әлем.  XXI  ғасыр» 

атты  манифесiн  жариялауы  адам-

зат  баласын  алапат  қырғындардан 

арашалап  қалудан  туған  iзгi  ниет-

тiң  жемiсi  екендiгi  рас.  Бұл  мани-

фест  бүкіл  адамзат  үшін  тарихи 

маңызды  құжат  болып  табылады. 

Манифестің  БҰҰ-ның  Бас  Ассам-

блеясы  мен  Қауіпсіздік  кеңесінің 

ресми құжаты болып танылуы елі-

міздің  және  Елбасымыздың  әлем 

алдындағы  беделін  асқақтата  түс-

ті.  Еліміз  ядролық  қарудан  бас 

тарта  отырып,  бейбітшілікке  адал 

ұстанымын  бүкіл  әлемге  паш  етті. 

Елбасымыз  қашанда  бейбіт  өмір- 

ді,  елінің  аспаны  ашық,  берекелі-

мерекелі  болғанын  қалайды.

Арман ДӘУЛЕТОв,

«Мұқтаж азаматтарға 

үйде әлеуметтік 

көмек көрсету 

бөлімшесі» 

мемлекеттік 

мекемесінің директоры                     

елбасымыз  

бейбітшілікті  жақтайды

етті газдалған және вакуумды қап-

тамада  шығаратын  кешенде  қазір 

60  адам  еңбек  етеді.  Италияндық 

«Rovаni» компаниясының жабдық-

тарын  «ҚазАгроҚаржы»  АҚ-ның 

демеуімен  сатып  алған  серіктес-

тік  қалдықсыз  технологиялық 

өнімдер  шығарады.  Өнім  сапасы- 

на  40  тәулікке  дейін  кепілдік  бе-

ріледі. «Наурыздан бері 2745 тон- 

на  қозы  етін  өңдедік.  40  тонна-

сын  Ресейге  экспорттадық.  Қазір  

бір  ауысымда  600-700  бас  қозы  

соя  аламыз.  Шілде  айында  кәсіп-

орын  толық  қуатында  жұмыс  жа- 

сайды  деп  жоспарлануда.  Қасап-

шыларымызды  шетел  мамандары 

жаңа  технологияның  қыр-сырын 

үйретті»,  –  деді  “БатысМарқаЛамба” 

ЖШС  директорының  көмекшісі 

Руслан Темірболат.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов со-

нымен  қатар  «Батыс  Нық»  ЖШС-

ның ірі қара мал етін өңдеу кеше-

ні  құрылысымен  танысты.  Кешен 

құрылысы  2014  жылы  басталған. 

Мердігер – «Westkaros» ЖШС. Жо-

баға 425 млн. теңге несие қаража-

ты бөлінген. Кәсіпорын маусымда 

іске қосылады. Осында ашылатын 

жұмыс  орындарына  20-дан  астам 

адам тарту жоспарлануда.

Екі  кешенді  аралаған  облыс  

әкімі  Алтай  Көлгінов  кәсіпорын 

жетекшілеріне  шаруа  қожалықта-

рынан  қабылдаған  малдың  құнын 

уақтылы  төлеуді,  санитарлық-ве-

теринарлық  нормаларды  сақтау- 

ды  тапсырды.  Бұл  жобалар  мем-

лекетке  пайда  әкелу  қажеттігін 

айтты. 


Екі  жыл  бұрын  Чапаев  –  Жал-

пақтал  –  Қазталов  -  РФ  шекарасы  

бағытындағы  республикалық  ма- 

ңызы бар күрежолға күрделі жөн-

деу  басталғаны  белгілі.  Кезең-ке- 

зеңмен  жүзеге  асып  жатқан  жөн-

деу  жұмысына  республикалық 

бюджеттен 9 млрд. 457 млн. теңге 

жұмсау  жоспарланған.  2014-2015 

жылдары  30  шақырым  жөнделсе, 

биыл  қатқыл  табанды  жол  беті  18 

шақырымға  жаңармақ.  Яғни  ав-

томобиль  жолының  127-ші  және 

145-ші  шақырым  аралығындағы 

бөлігі  қамтылады.  Бұл  тұста  Қаз-

талов  ауданының  Қараөзен  және 

Жалпақтал  ауылдық  округтері 

орналасқан.

Жол  бойында  жұмысшылармен 

жүздескен  сенаторлар  мен  облыс 

басшысына  “Uniserf”  ЖШС-ның 

ӨТБ басшысы Александр Карнеев  

техникалық  картамен  жол  құры-

лысын түсіндірді. Қазір жол құры-

лысына  43  техника  тартылса,  147 

адам  жұмыспен  қамтылған.  «Бұл 

автожолды  жөндеу  2011  жылы 

басталды.  Жылына  4  шақырымнан 

ғана  жүргізілді.  Кейін  Парламент 

қабырғасында  жол  мәселесін  кө-

тердік. Республикалық бюджеттен 

қаржы  бөлінді.  Жол  құрылысы 

нәтижелі  жүріп  жатыр.  Биылғы 

күрделі  жөндеуге  2,2  млрд.  теңге 

бөлінді»,  –  деді  Сенат  депутаты  

Ерболат Мұқаев.

Облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов  

биыл  110  шақырым  республика-

лық,  120  шақырым  жергілікті  ма-

ңызы бар жол жөнделетінін айтты.

Кейін  мәртебелі  меймандар 

Қазталов  ауданындағы  Ақпәтер 

ауылының  тарихи-өлкетану  му-

зейінде  болды.  Музей  меңгеруші-

сі  Кәрім  Өтеғұлов  музейдің  жә- 

дігерлерінің  тарихы  туралы  әңгі-

меледі. Ауылда музей ресми түрде 

2014  жылдан  бастап  істей  баста-

ды. Қорда 3 мыңдай экспонат бар. 

Қазір  8  қызметкер  жұмыс  жасай- 

ды.  Музей  басшысы  мекеме  жа-

нында  тұрғызылған  «Ана  мен  ба- 

ла»  монументін  көрсетіп,  ескерт-

кіштің  тәрбиелік  мәні  зор  екенін 

айтты.

Кейін  Жалпақтал  ауылы  әкім-



дігінде облыс әкімі Алтай Көлгінов 

пен  Сенат  депутаттары  Ерболат 

Мұқаев, Рашит Ахметов еңбек жә-

не  тыл  ардагерлерімен  кездесті. 

Қазталов  аудандық  ақсақалдар 

алқасының  төрағасы  Нағым  Ризуа-

новтың  айтуынша,  аудандағы  28 

елді  мекенге  газ  тарту  мәселесі  

кенже қалып тұр. Жұлдыз ауылын- 

да жаңадан мектеп салу қажет бол-

са,  аудан  орталығынан  110  орын- 

дық  балаларға  арналған  мектеп-

интернатының  құрылысын  қолға  

алу  керек.  Сегіз  ауылдық  округке 

«Ақбұлақ»  бағдарламасымен  ауыз 

су тарту да өзекті күйінде. 

«Ақпәтер  ауылдық  округінде  

жеке  шаруа  қожалығым  бар.  Бір-

неше  жыл  бұрын  бір  жігіттер  ке- 

ліп, жерімнен еш рұқсатсыз 3 метр- 

лік  құбыр  қазып  алып  кетті.  Оны 

аудан  әкімі  Нұрлан  Бекқайырға 

айтып  едім,  ол  бұл  іске  аралас-

пауымды  айтты.  Биыл  да  аудан 

басшысына  жолықтым.  Ол  ар-

найы  комиссия  жіберді.  Хатта- 

ма  толтырылып,  түсініктеме  алын-

ды.  Бірақ  кейін  тиісті  шара  алын-

ған  жоқ.  Он  үш  шақырымға  дейін 

қазылған жердің тереңдігі - 2 метр, 

ені  -  2,5  метр.  Оның  үш  шақыры- 

мы ғана көмілді. Жазда жайылым-

да  өрт  шыққанда  айтарлықтай 

кедергі  келтіреді.  Ең  болмаса,  құ- 

быр  орнындағы  шұңқырды  көміп 

берсе»,  -  деді  осы  басқосуда  же- 

ке  кәсіпкер  Ахметқали  Қарағой-

шин.  Облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов 

тиісті  шара  қабылдамаған  аудан 

әкімдігімен жұмыстанатынын айт- 

ты. Ал ақсақалдарға аудан дамуы-

на  қатысты  басым  бағыттар  ай-

қындалып,  көкейкесті  мәселелер 

қаржылық  мүмкіндікке  қарай  ше- 

шілетіндігін  түсіндіріп,  аудан  бас- 

шысына  кейбір  мәселелерді  ау-

данның  даму  жоспарына  енгізуді 

тапсырды.



Нұртай  тЕКЕБАЕв,

«Орал өңірі»

суреттерді түсірген 

Рафхат хАЛЕЛОв

Мерекелік дастарқан басында

4

oral_oniri@inbox.ru



Бейсенбі,  12  мамыр 2016 жыл

қоҒаМ


Ш

араға  облыстық  жо-

лаушылар көлігі және 

автомобиль  жолдары 

басқармасының  басшысы  Марат 

Қуанышалиев,  қалалық  тұрғын 

үй-коммуналдық  шаруашылығы, 

жолаушылар  көлігі  және  автомо-

биль жолдары бөлімінің басшысы 

Қайрат  Мұхамбетқалиев  қатысып, 

аталмыш тақырып аясында әңгіме 

қозғады.


2016  жылы  облыстық,  аудандық 

маңызы  бар  автомобиль  жолда-

рын  жөндеу  және  күтіп  ұстау  жұ-

мыстарына  6  083,89  млн.  теңге 

қарастырылған.  Соның  ішінде  Ча-

паев – Жаңақала – Сайқын автожо-

лын күрделі жөндеуге 105,966 млн. 

теңге, Орал – Кирсанов автожолын 

орташа жөндеуге 1000 млн. теңге, 

Жымпиты  –  Қаратөбе  автожолын 

орташа  жөндеуге  1  650,915  млн. 

теңге,  Ақсай  –  Шыңғырлау  авто-

жолын  орташа  жөндеуге  1  004,5 

млн. теңге, Аңқаты ауылына кірме 

жол  мен  Аңқаты  –  Сарыөмір    ав-

тожолын  орташа  жөндеуге  552,77 

млн.  теңге,  Чапаев  –  Жаңақала  – 

Сайқын  автожолын  күрделі  жөн- 

деуге  1206,579  млн.  теңге,  облыс-

тық маңызы бар автомобиль жол- 

дарын ағымдағы жөндеу және кү- 

тіп  ұстауға  400  млн.  теңге  бөлін-

ген.  Бұлдырты  ауылына  кірме 

жолды  орташа  жөндеуге  163,143 

млн.  теңге  қарастырылған.  Жал- 

пы айтқанда,  бұл бағытта ағымда-

ғы  жылдың  соңына  дейін  119  ша-

қырымнан  астам  автожол  жөндеу 

жұмысы  жоспарланып  отыр.

Қалалық  тұрғын  үй-коммунал-

дық  шаруашылығы,  жолаушылар 

көлігі  және  автомобиль  жолдары 

бөлімінің  басшысы  Қайрат  Мұ-

хамбетқалиевтің 

мәлімдеуінше, 

шаһарымыздағы  барлық  жолдың 

ұзындығы  –  580,9  км.  Мұның  287 

шақырымы  –  асфальтбетонды 

жабын.  Асфальтбетонды  жолдың  

130,3  шақырымы  қанағаттанар-

лықсыз  күйде.  Соңғы  үш  жылда 

қаламызда  10,  735  млрд.  теңгеге 

84,3  шақырым  жол  жөнделген. 

Биыл қаламыздағы 14 көшеде жал- 

пы  ұзындығы  20  шақырым  бола-

тын  жол  жөндеу  жұмыстары  жүр-

гізіледі.  Мұның  ішіндегі  тоғыз 

көше  «ҚПО  б.в.»  компаниясының 

қаржысы есебінен жөнделмек.

Үстіміздегі  жылы  жалпы    құны 

444  328,83  мың  теңгеге  қалалық 

және  облыстық  бюджет  есебінен 

2014-2015  жылдары  құрылысы 

басталған  нысандарды  аяқтау  жос-

парланған.  511  384,81  мың  теңге- 

ге 2015 жылы құрылысы басталған 

жолдардың  жөндеу  жұмыстары 

аяқталмақ. Бұл жұмыстарға «Азия-

ТехСтрой»  ЖШС  мердігер  ретін-

де  бекітілген.  Мұның  сыртында 

қаламыз  бойынша  665  945  мың 

теңгеге  жаңадан  жол  жөндеу  жұ-

мыстары басталмақ.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал