Г. С. Балтабаева



жүктеу 66.95 Kb.

Дата28.02.2017
өлшемі66.95 Kb.

Г.С.БАЛТАБАЕВА

1

, А.ЕСІМОВА

2

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,

1

филология ғылымдарының  докторы,



2

қазақ әдебиеті кафедрасының магистранты



МҰХТАР МАҒАУИННІҢ ЖАҢА ПРОЗАСЫНДАҒЫ 

СИМВОЛДЫҚ ЖӘНЕ МИФОЛОГИЯЛЫҚ   ҚОЛДАНЫС

Аннотация

М.Мағауинның   жаңа   прозасындағы   символдық   және   мифологиялық   образдар

қарастырылған.

Кілт сөздер:  идеялық-көркемдік ізденістер, рухани құндылықтар, қазақ менталитеті,

ұлттық таным, философиялық тұжырым, символдық-мифологиялық образдар.



Ключевые слова:  идейно-художественные поиски, духовные цкенности,  казахский

менталитет,   национальное   познание,   философская   концепция,   символически-

мифологические образы.

Keywords: searches, spiritual, Kazakh mentality, national cognition, 

philosophical

conception, symbolically-mythological characters.

Жаңашылдық   қашан   да   соны   идеялық-көркемдік   ізденістермен   толығады.

Тақырыптың   жаңалығы   барша   табысқа   кепіл   емес.   Жаңалық   жазушының   өмір

құбылыстарына   келу   тұрғысынан,   көз   көрген,   құлақ   естіген   фактілерді   қорыту,   ойлау

позициясы   мен   суреттеу   принциптерінен,   белгілі   бір   идеяны   жеткізу   ерекшелігінен,

әлеуметтік  талдау  пайымынан  аңғарылмақ.  Бұған   кейіпкер   таңдау,  сюжет,   композиция

құру   тәрізді   суреткердің   дара   стиль   өзгешеліктері   де   қосылады.   Алайда,   әр   автордың

қайталаудан   алыс,   жаңалығы   мол   тың   шығарма   беруге   ұмтылысы   әрдайым   дәстүр

сабақтарымен астасып жатқанда ғана жемісті.

Әдебиетіміздегі   жануарлар,   хайуанаттар   өмірін,   жәндіктер   тіршілігін   суреттейтін

философиялық   шығармаларды   қарастырғанда     көрнекті   қаламгер   М.Мағауиннің

шығармаларын ерекше бағалауға болады.

Жазушының   кейінгі   жазған   шығармаларының   көбінде   жанамалап   немесе   астарлап

болсын   ұлт   тағдыры,   рухани   құндылықтар   ұлттық   таным   тұрғысынан   дәріптеліп,

суреттелуімен   қатар     қазақы   менталитетімізге   тән     кейбір   келеңсіздіктер,     аяушылық,


адамшылық сияқты   сезімдердің аяққа   тапталуы, мақсатсыз, мағынасыз   саясатқа деген

шарасыздық кейде ашық күйде берілсе, енді бірде астарлы образдар арқылы сөз болады.

Уақыт озып, алға  қадам басқан сайын әдебиеттің де күрделенуі, ойды білдірудің түрлі

тәсілдерінің пайда болуы заңды құбылыс. Осындай ойды жарыққа шығарудың  бір жолы –

символ. «Символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды

философиялық   астар   береді,   шығармаға   түрлі   сыршыл   сипат   бітіреді»  [1,   219]  деген

пікірге жүгінсек, бұл тәсіл арқылы өз ойын жарыққа шығарудың жазушыдан  қаншалықты

шеберлік, таланттылықты қажет ететінін ұғу қиын емес. Талантты жазушы өмірдің кез

келген   құбылысынан   небір   сырды   ақтарып   тастап,   жарқыратып   көрсете   біледі.   Сол

құбылыста терең мағына, үлкен философиялық ой, тұжырым жатқанын оның  туындысын

оқығанда ғана ұққандай, көргендей боласың. Осындай күнделікті тіршілікке қанат бітіріп,

биікке   самғату   сияқты   шеберлікті   Ғ.Мүсіреповтің   «Өмір   жорығы»,  «Қыран   жыры»,

М.Мағауиннің   «Құмырсқа   қырғын»  әңгімелерінен   көруге   болады.   Ғ.Мүсірепов   «Өмір

жорығында»  су   астындағы   таңғажайып   балықтардың   терең   сырлы   өмірін   бейнелесе,

«Қыран жырында» аспан әлемінің шырқау биігін, оның құдіретті құсы – қырандар жайын

жырлайды. Ал М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» әңгімесі болса, құмырсқалар өмірінен

сыр шертеді.

«Құмырсқа қырғын» – жай ғана көркем шығарма емес, идеясы соны философиялық

әңгіме.   Бұл  әңгімеде   өмір  үшін  күрес,  ұрпақ   жалғастығы   тәрізді   көкейкесті  мәселелер

философиялық   толғаммен,   автордың   кірпияз   талғамымен   шебер   үндесіп,   жымдасып

кетеді.  Суреткердің  бұл туындысы  қазақ  әңгімесіне  жетпей  тұрған айшықты  бояларды

жинақтаудың   тәжірибесі,   ойды   символикамен   жеткізу   тәсілін   батыл   игерудің   жемісі

сияқты.   Айтпақ   ойын  жорамал,  болжам  арқылы   білдіруі  әбден   заңды.  Бұл әдіс    қазақ

әдебиетінде бүгін ғана пайда болған нәрсе емес, фольклорлық  шығармаларымыз бен әлем

әдебиетінде де бар нәрсе. М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» атты философиялық ойға

құрылған    әңгімесі   табиғат құдіретіне бас июді ғана емес, өмір үшін күрес, қазіргінің

жалғасы,   болашақтың   тұтқасы   жас   ұрпақ   пен     ертеңіміздің   кепілі   –   жер-анамызды

қастерлеу   туралы   сыр   десе   де   болады.   Сырт   қарағанда     өзімізге   таныс,   өмірде   жиі

кездесетін       қарапайым   ғана   оқиға.   Кейде   аяғымыздың   астында   тапталып   қалатын

құмырсқалар өмірі автор-кейіпкердің көзімен бағамдалып, баяндалады.

Сонымен автор    бұл әңгімесінде   жәндіктер соның ішінде құмырсқалар өмірін тілге

тиек етеді. «Мына бір  илеу – тұтас бір әулет. Немесе, мемлекет. Ерекше тіршілік жүйесі,

бағзыдан бекіген, бұлжымас заң-жарғылары, басқару рәсімдері бар. Әрине, өзіндік үлгі,

бөтен бір өлшемдегі қоғамдық құрылым» [2, 86 б]   деп, бақ ішіндегі  құмырсқа  илеуіне

авторлық   таным   тұрғысынан   баға     беріледі.   Құмырсқа     илеуінің   дәл   төбесінен   төніп,

бажайлап қарап тұрған   автор «ғажайып   әлемнің»   көзімен көргенін, байқағанын асқан

шеберлікпен баяндайды. Бір-бірінен айырғысыз,  «құмырысқа мемлекетінің»   негізгі және

көпшілік бөлігі – жемсауына қор жинаған,  таң атқаннан күн батқанша, алты ай  жаз бойы

тынымсыз   еңбек   үстіндегі   бірі   кіріп,   бірі   шығып   жатқан   жұмыскер   құмырсқалардың

тірлігіне   тәнті   боласыз.   «Илеу   –   құмырсқалар   мемлекетінің   бас     бас   ордасы,   берік

ұйытқысы ғана емес, негізгі мекен-тұрағы. Алайда бүкіл қауымның тіршілік өрісі бұдан

әлдеқайда ұзақ  – кең көлемді бау. Алғашқы күндердің өзінде мен біздің аумақты, мәуелі

баудың ең негізгі қожайыны – осы   құмырсқалар әулеті екенін аңдадым»  [2, 88], -  деп

автор-кейіпкер   құмырсқа   илеуін көркемдік деталь ретінде ала отырып, оны бір қауым


елдің,   тіпті   мемлекеттің   символдық   (рәміздік)   белгісіне   айналдырады.   Баудың     қай

тарабына   барсаң   да   аяқ   асты   мен     шөп   арасы,   тіпті   ағаштың   діні   мен   бұтақтардың

ұшындағы жапырақтарында да өрмелеп   әлдене іздеп жүрген әдемі қоңыр құмырсқаның

жайлаған көркемдік кеңістігінің шексіздігін жәндік өлшемімен бірнеше жүз шақырым деп

пайымдайды. Осы жәндік өлшеміндегі жер – автор-кейіпкер танымында:  «Менің саяжай

деп отырғаным – ширек гектар бағы бар, орнықты, әлденеше бөлмелі тұрғын үйі бар, кең

қоныс»  [2, 89].   Көркем кеңістік туралы орыс   әдебиеттанушы  ғалымы И.Я.Чернухина

«продукт  творчества  автора, эстетический  способ  речевого  воплощения  физического  и

философского аспектов пространства в прделах прозаического и  поэтического текста» [3,

24], -  деп түйіндесе, Н.А.Николина «Характерные для реального пространства свойства:

протяженность,   непрерывность   прерывность,   трехмерность;   форма,   местоположение,

расстояние, границы между различными системами – находят отражение в тексте» [4, 68],

-  пайымдайды.   Жалғанды   жалпағынан   басқандай   болып   жүрген   қоңыр   құмырсқалар

мекендеген үлкен бақтың  түстік  жағында жаңа екі илеу пайда болады. Илеу деген аты

ғана, тақыр тегістік. Қаптаған тесік,  құжынаған қиқым, ұсақ, майда, қара құмырсқалар –

шымал.   «Үй   маңынан,   дуал   қабырғасы,   ағаш   бұтағынан   бұрын   да  ұсақ  құмырсқалар

ұшырасатын.   Мыналардың   да  бойы   асып   кеткені   шамалы,  бірақ   тым   жігерлі   бірден

байқалды және түгел қап-қара... Жаңа орнығып жатқан болды. Е-е, мейлі деп ойладым.

Орныға берсін. Мынандай, қармасаң  қолға да ілінбейтін ұсақ шіркіннен не қайыр... Рас,

біздің үйреншікті қоңырдан басқа нәсіл» [2 89 б].

Автор   неліктен   құмырсқаларды   «қоңыр»  және  «ұсақ   қап-қара»  деп   алып   отыр.

Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі –  қоңыр түсі.  «Қазақ тілінің түсіндірме



сөздігінде»  қоңыр  түсіне   байланысты   тура   және   ауыспалы   сөздер   тізбегі   берілген,

мысалы:  қоңыр, қоңыр ала, қоңыр аю, қоңыр ән, қоңыр бел, қоңыр дауыс, қоңыр жел,



қоңыр жүз, қоңыр көлеңке, қоңыр күз, қоңыр қаз, қоңыр леп, қоңыр салқын, қоңыр тарту,

қоңыр үн». Қоңыр – жер түсі, тірлік, өмір бейнесі. Қазақ нанымында бұл түс ерекше орын

иеленеді. Қоңыр– алдымен қауіпсіздік, тыныштық, мамыражай тірлік белгісі. Қоңыр сөзі

түстік мағынадан басқа мынадай: қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр жел, қоңыр

әңгіме, қоңыр қабақ, қоңыр тірлік, қоңыр сөз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр салқын,

қоңыр кеш, қойдай қоңыр, майда қоңыр сияқты тіркестермен келіп, әртүрлі құбылыстың

небір жанға жайлы, құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нәзік те әсем сәттерін, өмір,

тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде тіпті жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін

ерекшеліктері   көзге   түседі.   Мысалы:  қоңыр   кеш,   қоңыр   үн,   қоңыр   үй,   қоңыр   көлеңке,



қоңыр төбе, қоңырқай көз т.б.  

 «Қоңыр» түсі  қазақы танымда «қоңыр қозы », «қоңыр жел», «Қоңыр дауыс», «қоңыр

тіршілік»   т.б.  баласын  «қоңырым»  деп   еркелететін     қазаққа     жылы   естіледі.   Автор-

кейіпкер     сондықтан да қоңыр құмырсқаны «біздің» деп жақын тартады. Ал, ұсақ қап-

қара құмырсқалар – сырттан келген бөтен құмырсқалар. Жазушы құмырсқалар нәсілінің

екі әулетінің арасындағы тіршілік үшін күресіне, жер дауына қызықтай қарап, бақылайды.

Әрі зор, әрі қайратты  қоңырлар   көп болғанымен,   біріне-бірі көмек бергенді білмейді

екен. Бар істе ұйымшыл қоңыр құмырсқалар мына, негізгі бөтен сырттан келген жауға

қарсы күресте берекесіз де екен. Десе де, автор-кейіпкер көңілі  қоңырларда,  олардың

жеңгенін   қалайды,   көмек   те   бергісі   келеді.   «Мен   әрқилы   ойға   қалдым.   Мына   кейінгі

озбырларды – шымал әулетінің екі ордасын бірдей у сеуіп қырып тастасам  қайтеді. Бірақ



әділетке жата ма сол. Осы жердің ежелгі иесі,  байырғы тұрғыны қоңырлар неге сонша

берекесіз?»  [2,   93],   -  деп   толғанады.   Енді   бірде,   Қоңыр   құмырсқаның   бірі   үш-төрт

қарақшымен қатарынан, жанталаса айқасып жатса, екіншісі таяу төңіректе қамсыз қарап

тұратындығына   ызаланады.Ана   аталас   туысынан   соң   кезек   өзіне   келерін   ойламайды.

Бәлкім,   бұдан   былай   ақылдары   кіріп,   өздерінен   саны   да   аз,   қайрат-күші   де   кем

отаршылдарды қуып шығар деп те үміттенеді.Ақыры «Егер біздікілер, яғни байырғы жұрт

жеңіліп   бара   жатса,   көмекке   келемін.   Бес-он   минут   ішінде   быжылдатып   төгем   де,

басқыншылардың   екі   ордасын   қатарынан   ойран   қыламын.   ...Жеті   қат   көктің   төріндегі

Ақсақал   жердегі   мына   бізге   қарап,   дәл   осылай   масаттанып   отырған   шығар.   Кейбір

кездерде ол Кісі... Кісі емес, Тәңірі тағалам да өзі араласып кететін тәрізді ғой» [2, 93], -

деп   шешімге   келген   автор-кейіпкер   өзін     адамдар   тағдырын     шешіп   отырған   Тәңірі

тағаламен теңгеріп, психологиялық параллелизммен қатарластыра қояды. Ақыры автор-

кейіпкердің   ойлағанындай   болмай   шығады.   Дарашыл   құмырсқалар   ұйымшыл   қара

құмырсқаларға   жиделі-байсын бағын тастап басқа жаққа көшеді. Көшкенде әрқайсысы

ауыздарына   көлем   бидай   дәніне   тақау,   бір-бір   ақсұр   жұмыртқа   тістей   кетеді.   Бұлар   –

болашақ ұрпағын өзімен бірге әкетіп бара жатқан аналық пен аталықтар. Бағыт-бағдары

белгісіз, туған илеу,  ата-мекен қоныстан ауған, қайырылмас, қатал көшті – автор ұзын

қоңыр арқанға теңейді. 

М.Мағауиннің  бұл әңгімесіндегі көзге түсетін, көңілге  ұялайтын ерекше жәйттар  –

символикалық   пен   философиялық   сипаттардың   берік   жымдасып,   табиғи   кіріге   түсуі.

«Құмырсқа қырғындағы» өзгешеліктің бір ұшығы осында. Қаламгер бұл шығармасында

тырнақ   ұшындай   көзге   көрінер-көрінбес   құмырсқалар   тіршілігін   адамдар   өмірімен

қатарластыра алады. Құмырсқалар әлеміндегі   жаңа бір қақтығыс – бірі түстік дуалда,

екіншісі   терістік   дуал   түбіндегі   ұсақ     қара   шымалдардың   өзарасында   өліспей   бітіспес

қырғын   соғыс   басталады.  «Тірі   жан   шошырлық   қырғын   соғыс   басталған.   Бәрі   біреуге

қарсы, біреу бәріне қарсы. Бәрі бәріне қарсы. Шын мәнісінде, берік ұйымдасқан, әркім өз

орнын, өз міндетін білген, және ешкім де жан аяп тартынбаған кенеусіз қырғын» [2, 100], -

деп өз әулетінің болашақ өрісі үшін жан қиған мың сан құмырсқа   өлігі мен   өліспей

бітіспес жанкешті ұрыс  мыңдаған жылдық адамзат тарихында біздің саналы деп аталатын

екі аяқты қауым әрі қорқынышты, әрі аянышты, дәл осындай ғаламат соғыстың талайын

бастан өткерді. Автор көз алдында жүріп жатқан құмырсқа қырығынын  адамзат басынан

өткен   қан   майдандармен   шендестіреді.   Тек   құрт-құмырсқа   мына   адамзат   сияқты   жер-

көкті,  бүкіл әлемді  бүлдіріп  жатқан  жоқ, бар күресі  – табиғи  тіршілік  төңірегінде  деп

түйеді. 


Шығарма   өзегі   –   майталман   жазушы   шегіне   жеткізе   суреттеген   құмырсқа   өмірі.

«Жекелеген   құмырсқалар     ішке   кіріп,   тары   дәнінен   сәл   ғана   үлкен,   сопақша

жұмыртқаларды  тістеп  алып шыға бастады.  Мұндағы  ең үлкен  олжа – болашақ  ұрпақ

өндімек панасыз жұмыртқалар. Өз илеуіне апарады. Шайқап шығарады. Содан соң... ата-

тегін білмейтін жетімдерді түгел жұмыскер – мұндағы билеуші жұртқа тегін азық-түлік

жинайтын құл-құтан, немесе басқа бір, жат әулетпен соғысқа, тіпті, кешегі өз нәсіліне

қарсы   майданда   алға   салатын   жанкешті   жауынгер   етіп   шығарады.   О,   құдірет!   Тура

өзіміздің мәңгүрттер!» [2, 103], – деп  күні ертең жұмыртқа жарып шықпақ бүкіл болашақ

ұрпағы жат жұрттың құл-құтан, баскесер жендетіне айналмағы,сөйтіп, бүкіл бір әулет жер

бетінен   жойылмағы мағлұм болды дейді. Құмырсқалардың, олардың ұрпағының тірлік-



тынысы, болашақ тағдыры бізге мәлімсіз сырымен көз алдымызға панорама тәрізді жайып

салынады.  Қаламгер   бұл   шығармасында   құмырсқалар   өмірінен   қызықтау   ғана   емес,

«құмырсқа деген не? Адам деген кім?» деген сұрауға  жауап бередіДемек, бұл туынды –

адамдар туралы терең тебіреніске, толқынысқа толы философиялық әңгіме. Құмырсқа –

адам. Жазушы ойын тура айтпай, бүркемелеп жеткізеді, тұспалдап, бүкпелеп, жұмбақтап,

символмен   ұсынады.   Назар   салып,   байыппен   қарасаңыз   –   суреткер   адамдар   өмірін,

құмырсқалар күнкөрісін, табиғат  тылсымын қатар алады да, ешбір заманда,  адамзаттың

ешбір   соғысында   болмаған   жанқияр,   жаппай   ерлік,   жаппай   қаза,   жаппай   қаражүрек

қаныпезерлік айқын танылғандығын көрер едіңіз. Автор мақсаты, мүддесі – осы жайды

парықтау, болашақ ұрпақ үшін, бүгінгі ұрпақ үшін , ұлт тағдыры үшін адамдық, биіктік,

тазалық тілер жүрек үні. Әр адам осы құмырсқалардай ұрпағы, ұрпағының өсіп-өнер жері

үшін  жанын пида етер болса, онда арман не! –  деп аяқталатын бұл әңгіменің көлеміне

автордың   барлық   өміршеңдік,   философиялық   тың   идеясы,   тақырып   даралығы   сыйып

кеткендей.   Қаламгер   бұл   шағын   әңгімесінде   ел-жер,   ұрпақ   алдындағы   әрбір   адамның

жауапкершілігі,   оның   болашағы   үшін   жанымен   жауап   берушілігі   жайындағы   керемет

идеяны   еш   нәрседен   тайсалмай,   тайынбай,   батыл   қойып   отыр.   Шынында   да   ұрпақ

алдындағы ұлы жауапкершілікті сезінуден, ұрпақ мүддесі үшін бар жан-тәнімен қызмет

етуден,   қажет   жағдайда   өзіңді   құрбандыққа   шала   білуден   артық   абырой   жоқ   деген

Мағауин тұжырымдамасына кім қарсы болар екен? Өзіме болмаған ұрпағыма болса екен,

өзім шықпаған биікке ұрпағым шықса екен деген адамзаттың ізгі мақсатын дәл көрсеткен.

«Құмырсқа қырғын» өлең сияқты тез-ақ оқылатын көлемі шағын кіші-гірім әңгіме. Осы

ықшам   шығарманың   өзінде   жалпақ   дүниенің   суреті,   жарық   жалғанның   жұмбағы   бар.

Тіршілік поэзиясының суреттері адам баласының бойындағы кіршіксіз тұнық сезімдердің

көзін ашқандай, өмір мәнін ұқтырғандай. Осы бір үзік әңгімеде қаншама өмірдің өткір

философиясы, ащы шындығы бар. Бұл шығармада негізгі арқау болатын  нәрсе – өмірге

құштарлық,   өмір   сүру   үшін   күрес   мәселесі.   Тіршіліктің   сұлулығы   мен     мән-мақсаты,

жарасымдылығы күресте екендігін автор негізгі идея етіп алған. 

Сондай-ақ   М.Мағауиннің   «Құмырсқа   қырғын»   әңгімесіндегі   терең     философиялық

тұжырымның   да   мәні   ашылды.   Дүниедегі   ең   кішкентай   жәндіктер   тіршілігіндегі

әділетсіздік, теңсіздік  арқылы адам баласына ой салу,  мәңгүрттік сананың тамыр-тегін

ұқтырудағы   авторлық   қолтаңба     даралығы   да   бүгінгі   прозаның   ерекше   бітімі   ретінде

зерделенді.   Қазақ     халқының   ғасырлар   бойғы   жаратқан   ең     аяулы       қасиеті   -   өзара

ауызбіршілік     пен       өзін-өзі     құрметтеу,   жатқа     берілмеу,     ұрпақ       болашағын   ойлау

мұраты тұспалданғандығы талданды.

Қорыта келгенде, М.Мағауиннің  «Құмырсқа қырғын»  әңгімесі   новелистиканың   ең

үздік, ең айтулы туындыларымен деңгейлес шығарма, қазақтың бүгінгі көркемдік ойының

жақсы бір жемісі деп санауға болады.

ӘДЕБИЕТ


1 Қабдолов  З. Сөз өнері. Алматы. 1981. -347 б. 

2 Мағауин М. Құмырсқа қырғын. – Астана. Аударма, 2004. -352 б.

3Чернухина   И.Я.   Общие   особенности   поэтического   текста.   Воронеж:   Изд-во   ВГУ,

1987.

4Николина Н.А. Филологический анализ текста: М.: Академия, 2003.



2009. – 376 б.

REFERENCES

1 Қabdolov  Z. Sөz өnerі. Almaty: 1981. -347 b. 

2 Maғauin M. Құmyrsқa қyrғyn. – Astana. Audarma, 2004. -352 bet.

3Chernuhina   I.Ja.   Obshhie   osobennosti   pojeticheskogo   teksta.   Voronezh:   Izd-vo   VGU,

1987.


4Nikolina N.A. Filologicheskij analiz teksta: M.: Akademija, 2003. 2009. – 376 bet.

Резюме

Рассматриваются символические и мифологические образы новой  прозы М.Магауина.



Summary

The article is considered symbolic figure in M.Magauins new prose



02.02.2013 ж. түсті




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал