Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет54/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   248
Зоология кітап
ГИДРОЗОА КЛАСЫ 
HYDROZOA
Гидрозоа класының 2700 түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы 
суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар. Олардың 
полиптер мен медуза формалары 
гидрополип және гидромедуза
98


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
деп аталады. Жыныссыз, жынысты жэне ұрпақ алмасуы арқылы 
дамиды. Личинкалары - планула деп аталады.
Гидрозоа класы екі класс тармағына бөлінеді: гидроидтылар 
Hydroidea және сифонофоралар 
Siphonophora.
ГИДРОИДТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - HYDROIDEA
Бұларға жеке немесе колония құрып тіршілік ететін гидроидты 
полиптер жатады.
Гидра (Hydra oligactis) 
қарапайым құрылысты полиптің бірі. 
Биіктігі 1 см-ге жуық, ұзына бойы созылған қапшық тәрізді, табаны- 
мен субстратқа бекініп өмір сүреді. Өзендер мен шалшық суларда 
жиі кездеседі.
Құрылысы мен физиологиясы. Гидраның денесі эктодерма 
және энтодерма қабатынан құралған. Олардың арасындағы мезоглея 
қабаты өте жұқа құрылымсыз қоймалжың заттан тұрады. Денесінің 
бос жағында (алдыңғы) 6-12 қармалауышпен қоршалған ауыз тесігі 
орналасқан. Ол, энтодермалық клеткаларымен астарланған 
гастральдық қуысына ашылады.
Гидраның эктодерма қабаты алты түрлі клеткалардан құралган. 
Олар: жабынды эпителиальды клеткалары, эпителиальды-бұлшықет 
клеткалары, интерстициальды немесе аралық, атқыш, жыныс және 
нерв клеткалары (35-сурет)
Эпителиальды-бұлшықет (мускул) клеткалары цилиндр немесе 
призма тәрізді, өзінің түбімен мезоглея қабатына бағытталып, сол 
жерде өскіншелер түрінде созылады. Өскіншенің цитоплазмасы 
жіңішке жиырылғыш талшығын құрайды. Осындай эпителиальды 
клеткаларының өскіншелері бірігіп бойлай созылып орналасады, олар 
жиырылғанда гидраның денесі тартылып қысқарады. Ал клеткалар- 
дың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты жабынды эпителиді құрайды. 
Сонымен эпителиальды-бұлшықет (мускул) клеткалары жабынды 
эпителидің және жиырылу қызметін атқарады.
Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық 
немесе интерстициальды клеткалар орналасқан, олардан жыныс және 
атқыш клеткалар пай да болады.
Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді, ішінде қатты 
қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа 
толы және оның ішінде қабықшасының өзгеруінен пайда болған, іші 
қуыс спираль тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет