Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ (PROTOZOA) ФИЛОГЕНИЯСЫ



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет42/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   248
Зоология кітап
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ (PROTOZOA) ФИЛОГЕНИЯСЫ
Эукариотты жануарлардың ішіндегі клетка деңгейіндегі 
организмдердің бірі 
қарапайымдылар. Олар жер бетінде бірінші 
пайда болып және күрделі организмдердің пайда болуына бастама 
берді.
Қарапайымдылардың құрылымын, даму ерекшеліктерін өзара 
салыстыра отырып, олардың шығу тегі және филогенетикалық 
байланыстары жөнінде бірнеше жорамал айтылған. Олардың бірі 
Пашер (1914). Пашердің көзқарасы бойынша ең алғашқы пайда 
болған организмдер автотрофты (бейорганикалық заттардан орга- 
никалық заттарды синтездеу) жолымен қоректене алатын орга­
низмдер болған деген. Осындай қоректену әдісі қарапайым жәндік-
72


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тер арасында тек талшықтыларда кездеседі. Бірақ та фотосинтезді 
көне замандағы қоректену түрі деп санауға болмайды.
Академик А. И. Опарин “Тіршіліктің пайда болуы” (1965) деген 
гипотезасында органикалық заттар жер бетінде тірі организмдерден 
бұрын пайда болган, сол себептен алғашқы организмдердің қорек- 
тенуі гетеротрофты (дайын органикалық заттармен қоректену) 
жолымен өтеді деп санаған. Бір клеткалы жәндіктер арасында қара- 
пайым құрылысты саркодалылар (жалғанаяқтылар) гетеротрофты 
жолымен қоректенеді.
Дегенмен өте ерте кезде, қазбаларда сақталмаған, бір клеткалы
қарапайым құрылымды, эукариотты гетеротрофты организмдердің 
топтарынан қарапайымдылардың саркодалылар мен талшықтылар 
класы пайда болған деген жорамал дұрыс сияқты.
Саркодалылар мен талшықтылар ерте кезде екі эволюциялық 
бағытта дамыған және көптеген күрделі құрылысты қарапайым- 
дыларды берген. Олардың ішінде ең күрделі құрылысты кірпікшелілер 
класының өкілдері болып саналады. Қозгалыс мүшелерінің, талшық 
пен кірпікшенің ұқсастығы инфузория мен талшықтыларды бір-біріне 
жақындастырады да, инфузориялар талшықтылардан пайда болған 
деген ой туғызады. Инфузориялар көп таралып қарқынды эволюцияға 
ұшырап, күрделі формаларға қарай дамыған. Кірпікшелі инфузо- 
риялардан сорғыш инфузориялар дамыған, бұған дәлел 
сорғыш 
инфузориялар дамыған кезінде пайда болған жас бүршіктерінде 
кірпікшелерінің болуы.
Споралылардың да арғы тегі талшықтылар болуы мүмкін, өйткені 
бұлардың тіршілік циклындағы ерекшеліктері де ұқсас (грегариналар, 
кокцидиялардың гаметаларының тұрақты болуы, талшықтың болуы 
талшықтылармен жақындастырады).
Книдоспоридиялар мен микроспоридиялардың шыққан тегі 
саркодалылар деп санауға болады, олар дамуының алғашқы кезең- 
дерінде амебатәрізді жалғанаяқтары арқылы қозғалады және ешбір 
уақытта талшықтары болмайды.
Тұрақты колония құрып тіршілік ететін талшықтыларды эво- 
люциялық тұрғыдан қарағанда олар көп клеткалы (Metazoa) жануар- 
лардың арғы тегі екендігі дәлелденген.



жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет