Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Опалинина отряды - Opalinina



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет26/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   248
Зоология кітап
Опалинина отряды - Opalinina
Өкілдерінің негізгі ерекшелігі 
көп ядролы, денесі түгел 
кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы 
опалининаларды кірпікшелілер класына, яғни Protociliata класс 
тармағына жатқызган. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты 
айырмашылығы - ядролары бірдей болып келеді, жынысты жолымен 
көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция 
процесі жүреді (инфузорияларда - конъюгация). Қосмекенділердің 
артқы ішегінде паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті жолымен 
қоректенеді. Басты өкілі - Opalina ranarum.
СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқ- 
тылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде
дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір 
клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас 
қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл
46


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ll-c y p e m .
Грегариналар: A - Corycella armata; Б - Lophorhynchus insignis;
В - Hirmocystis ventricosa (сизигия түрінде);
1 - эпимерит, 2 - протомерит, 3 - дейтомерит, 4 - ілмешек, 5 - пелликула, 
6 - эктоплазма, 7 - эндоплазма, 8 - ядро
денесі арқылы сщіріп алады, ешқандаи қозғалыс органоидтары 
болмайды, тек жынысты клеткаларында 
микрогаметаларында 
талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен 
көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге 
асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар 
деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы гаметогония 
деп аталатын, гаметалардың пай да болуы. Копуляция нәтижесінде 
түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. 
Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішінде, споро- 
гонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар бұлардан майда 
спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орна- 
ласады.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар Gregarinina 
және кокцидиятәрізділер Coccidiomorpha.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет