Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ЖАНУАРТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет23/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   248
Зоология кітап
ЖАНУАРТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ
ZOOMASTIGINA
Гетеротрофты талшықтылар, еркін немесе паразиттік тіршілік 
етеді. Олар құрылысы мен тіршілік әрекетіне байланысты көптеген 
отрядқа бөлінеді.
42


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Жағалы талшықтылар 
отряды - Choanoflagellata
Жеке (Codosiga) және коло­
ния (Sphaeroeca) түзіп тіршілік 
етеді. 
Талшығы біреу, оның тү- 
бін цитоплазмадан құралған жу­
ка жаға қоршап жатады. Тал- 
шықтың қозғалу әсерінен ұсақ 
органикалық қоректік заттар 
(бактериялар, көк-жасыл балдыр- 
лар т.б.) жағаға жабысып, бірте- 
бірте цитоплазмаға және ас ко­
рыту вакуоліне өтеді.
Тамыраяқты талшықтылар 
отряды - Rhizomastigina
Бір немесе бірнеше тал- 
шықтары болады. Олар талшық- 
тарымен қатар жалған аяқтарын 
да (псевдоподияларын) шығара 
алады, сондықтан да екі кластың Sarcodina және Mastigophora-ның 
аралық иесі болып саналады. Бактериялармен, көк-жасыл бал- 
дырлармен, ұсақ қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз 
жолмен ғана көбейеді. Тұщы суларда жиі кездесетін өкілдері: 
Mastigamoeba aspera, Actinomonas mirabilis және басқалары.
Кинетопластидалар отряды - Kinetoplastida
Бұл отрядтың ерекшелігі - талшықтың түбінде, яғни кинето- 
соманың жанында кинетопласт деп аталатын арнайы органоидтың 
болуында. Кинетопласт ұсақ денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК- 
ға толы. Бір немесе екі талшығы болады. Өз еркінше қозғалатын Bodo 
туысының өкілдері тұщы суларда көп кездеседі. Басым көпшілігі 
жануарларда және адамдарда паразиттік тіршілік етіп (Costia, Try­
panosoma, Leischmania туыстарының өкілдері) қауіпті ауруларды 
туғызады.
Трипаносома (Trypanosoma) туысының өкілдері 20-70 мкм-ді 
сопақша, ұшы сүйірленіп келген талшықтылар (8,Г-сурет). Талшығы

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет