Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет204/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   248
Зоология кітап
Эуфаузиялар отряды 
Euphausiacea
Бұлар теңіздерде, планктон қабатында мекендейтін шаяндар. 
¥зындығы 7 мм-ден 96 мм-ге дейін. Басы - протоцефалон, бір жұп 
сабақшалы фасеттік көздері және мұртшалары бар. Көздің сабақша- 
сында және кеуде мен құрсақ сегменттерінде 10 жұп жарық шығару 
(жарқырау) - фотофора мүшесі болады. Жақкеуде құрамына барлық 
кеуде сегменттері қосылған, аяқтары жақаяқтарына айналмай, тек 
жүзуге бейімделген, екі бұтақты, олардың түбінде желбезектері 
орналасқан. Жүзуге құрсақ аяқтары да қатысады. Карапаксы жақсы 
дамыған.
Жұмыртқаларын суға салады немесе құрсақ аяқтарына жабысты- 
рады. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкасы - науплиус.
80-нен аса түрі бар. Негізгі өкілдері: Euphausia superba және 
Thysanoesia raschii. Бұлар балықтардың және мұртгы киттердің негізгі 
қорегі. Антарктика суларындағы мұртты киттердің көптеп бір аймақ- 
та жинақталуы крильдың қарқынды жылдамдықпен дамуына және 
көптігіне байланысты.
Криль (голландша Кгіеі - ұсақ түйек, құртақандай) көптеген 
ұсақ планктонды шаянтәрізділердің кәсіптік аты. Euphausia superba 
криль құрамының негізгі компоненті (бөлігі). Криль ауланып, олардан 
толып жатқан - сыр қоспасы, пасталар, мал шаруашылығының азық 
қоры, витаминдер әзірленеді.
313


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Теңаяқты шаяндар отряды 
Isopoda
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейтін және 
паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. 4500-ге жуық түрі бар, 
ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, ал теңіздің терең қабаттарында 
мекендейтін Bathynomus giganteus-тың ұзындығы 37 см.
Денелері дорзо-вентральды бағытта жалпайған. Бас құрылысы 
күрделі, оған акрон және 4 сегменттен басқа кеуденің 1 -2 сегменттері 
қосылады. Соңғыларының аяқтары жақаяқтарға айналған. Фасетті 
көздері жақсы дамыған. Карапаксы жоқ, кеуде сегменттерінде бір 
бұтақты жүру аяқтары бар, кейде олардың 1-3-ші алдыңғы жұптары- 
ұстағыш ілмекпен жабдықталған. Құрсағы кеудесінен қысқа, көп 
жағдайда барлық не біраз қүрсақ сегменттері жарты шеңбер, не 
ұшбұрыш тәрізді аналь қалқанымен қосылған. Қүрсақ аяқтарының 
алдыңғы 5 жұбымен тыныс алады. Олар қысқа буыннан және бір- 
біріне тығыз жанасқан (кітаптың беттері сияқты) екі кең жапырақ 
тәрізді желбезек бұталарынан тұрады. Бір жұп құрсақ аяғының экзо- 
подиті барлық желбезек жапырақшаларын жауып тұратын мықты 
қақпақшаға айналған. Осыған байланысты теңаяқтылардың біразы 
құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, Oniscus, Porcellio және 
Hemilepistus туыстарының өкілдері. Бұлардың көпшілігі ылғалды 
жерлерде, шіріген жапырақ пен ағаш түбірлерінде мекендейді және 
желбезектерінің сыртындағы ылғалда еріген оттегімен тыныс алады. 
Кейбір түрлерінде желбезектеріне қосымша, алдыңғы құрсақ 
аяқтарының экзоподиттерінде тұйықталған тыныс түтіктері бар 
терең ойыстары болады, оларды жалған трахеялар (псевдотрахеялар) 
деп атайды. Соның көмегімен атмосфералық ауамен тыныс алады.
Негізгі өкілдері, кәдімгі есекқұрт (Oniscus asellus), погребті 
есекқұрт (Porcellio scaber) ылғалды жерлерде тіршілік етеді. Орта 
Азия мен Қазақстанның шөл даласында Hemilepistus туысының 
өкілдері кездеседі. Н. cristatus 1 метрдей тереңдікке ін қазып, оны 
арқасындағы қалқанымен жауып жатады (бүктеліп жатып). Әрқай- 
сысында 53-ке дейін особьтары болады.
Тұщы суларда тіршілік ететін су есекқұрты (Asellus aquaticus), 
ұзындығы 12-20 мм. Ақпайтын тұщы су және баяу ағатын су қойма- 
лардың жағалауларында кең тараған. Детрит және су бетіне түскен 
шіріген жапырақтарды жеп, суқоймаларды тазартады (110-сурет).
Паразиттерінің ішінде балықтардың уакытша (Aega туысы) және 
тұрақты (Cymothoa, Livoneca туысынан) эктопаразиттері болады.
314


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Олар балықтардың терісіне, желбезектеріне қадалып тіршілік етеді. 
Сапсгісероп туысының өкілдері шаянтәрізділердің (креветкалардың, 
крабтардың) желбезек қуыстарында мекендейді.
Теңаяқтылардың жұмыртқалары аналығының кеудесіндегі 
ұрпақтық қапшығында “манка” деп аталатын личинкалық сатысына 
дейін дамиды. “Манка” личинкасы ересек түріне ұқсас, тек аяқтары 
толық жетілмеген. Өсімдік пен ұсақ жануарларды қорек етеді.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет