Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 109-cypem



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет200/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   248
Зоология кітап
308


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
109-cypem .
Мұртаяқты шаяндар (Cirripedia): I - теңіз үйрекшесі (Lepas);
1 - денесі, 2 - аяқтары, 3 - бақалшағы, 4 - сабақшасы; II - теңіз жаңғағы (Balanus); 
1 - бақалшак, 2 - қақпақша; III - Balanus-тың метанауплиус личинкасы;
1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - үстіңгі жак, 4 - астыңғы жақ, 5 - қүрсақ
Қапкеуделі шаяндар отряды - Ascothoracida
Маржан полиптердің (Anthozoa) және тікентерілілердің (Есһіпо- 
dermata) денесінде паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділердің 
шағын ғана отряды. 40-тан астам түрі бар, бұлар паразиттіліктің 
әсерінен көп өзгерістерге ұшырамаған. Мысалы, Sinagoga туысының 
өкілдері жорғалап немесе жүзіп жүру қабілетін жоймаған, бұлардын
3 0 9


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
құрылымы еркін тіршілік ететін шаяндарға едәуір ұқсас, тек антен- 
нулалары қысқаштәрізді, ауыз аяқтары бірігіп сорғыш ауыз конусын 
түзейді. Кеудесі, екі бұтақты жұп аяқтары бар, 6 сегменттен тұрады. 
Sinagoga туысының өкілдері Antipates маржан полиптердің колония- 
сында және теңіз лалагүлдердің (Crinoidea) денесінде кездеседі.
Ascothorax туысының өкілдерінде барлық аяқтары және денесінің 
сегментациясы сақталған. Олар офиуралардың (Ophiuroidea) жыныс 
қапшығында тіршілік етеді. Керісінше, Denarogaster туысының 
өкілдері қатты өзгерістерге ұшыраған. Ірі (10 см-ге дейін) аналығы- 
ның денесі екі жағына қарай бұғы мүйізі сияқты бұтақталған мантия 
қуысынан тұрады. Кеуде аяқтары жоқ. Мантия қуысында ергежейлі 
аталықтары орналасқан. Denarogaster-лер теңіз жұлдыздардың 
(Asteroidea) эндопаразиттері. Науплиус личинкасы аналығының 
мантия қуысында дамып, сыртқа ересек түріне ұқсас личинка шы- 
ғады.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет