Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет170/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248
Зоология кітап
Н е р в ж ү й е с і
буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, 
жұтқыншақ асты ганглиядан, екі жұтқыншақ айналасындағы 
коннективтен және құрсақ тізбегінен күралған. Нерв түйіндерінен 
дене бөліктеріне нервтер таралады. Құрсақ тізбегі 20 және одан да 
көп ганглиялардан тұрады, әрқайсысы бір сегментке сәйкес. 
Жұтқыншақ асты ганглиясы 4 ганглияның қосылуынан, ал артқы 
ганглиясы ірі 7 ганглияның қосылуынан пайда болған.
Сүліктерде кең тараған сезім мүшелерінің бірі - әрбір сегментінде 
бір катар көлденең орналасқан “бокал тәрізді” (кейде сезім бүршігі 
деп те атайды) мүшелер. Бокал тәрізді мүше ұзынша келген сезгіш 
эпителиальды клеткалар, бұларға нерв ұштары жалғасады, денесіне 
жанасқан әсерді сүлік сол арқылы сезеді. Сезгіш эпителиальды 
клеткалар тобын сыртынан мөлдір вакуольдеры бар ірі клеткалар 
қоршаған. Бокал тәрізді мүшенің қызметі әлі зерттелмеген, бірақ 
химиялық әсерді сезеді деп болжайды.
262


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Көптеген сүліктерде алдыңғы сегменттерінде болатын бокал 
тәрізді мүшелерінің біршама бөлігі көзге айнала алады. Көздері 1-5- 
ке дейін жұп болып, дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. 
Медициналық сүліктің көздері пигментті бокал түрінде болады (97- 
сурет). Бокалдың ішінде толып жатқан ірі кору клеткалары болады. 
Терінің астындағы паренхимада орналасқан көздің бокалдары сыр- 
тынан қара пигментпен қапталған. Бокалдың ортасынан көру 
нервтері өтеді, әрбір көру клеткасына нервтің ұшы жалғасады. 
Осындай құрылысты көздердің көру қызметі жарық пен қараңғыны 
ғана ажыратады.
Ж ы н ы с ж ү й е с і
- гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo 
medicinalis) аналық жүйесі үрық қапшығының ішінде орналасқан, 
тек бір жұп жүмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып 
қысқа жатынға қосылады. Жатын кең бұлшықетті қынапқа жалғасады. 
Жыныс тесігі қүрсақ жағында аталық шағылыс мүшесінің жанында 
ашылады.
Аталық жыныс жүйесіндегі 9 жұп аталық бездері түқым қапшық- 
тарының ішінде, денесінің ортаңғы бөлігінде метамерлі орналасқан. 
¥ры қ қапшықтарының әрбіреуінен жіңішке ұрық түтікшелері 
тарайды, олар оң және сол жақтағы ұрық жолына ашылады. ¥рық 
жолдары дененің алғашқы үштен бір бөлігіне келіп домалактанып 
ұрык калтасын түзейді. Екі ұрық жолы осы қалтадан шығып, бірігіп 
так ұрық шашатын түтігіне ұласады. Түтік бұлшықетті шағылыс 
мүшенің ішінде орналасып жыныс тесігімен аяқталады. Тұқым бүрку 
түтігіне қосымша бездер ашылады. Сүліктердің кейбір түрлерінде 
(Haementaria, Glossiphonia туысынан) шағылыс мүшесі дамымаған. 
Бұл жағдайда сперматозоидтар безді заттардан түзілген спермато- 
фора деп аталатын сопақша келген қалташаның ішіне шығарылады. 
Аталықтары сперматофораны сүліктің аналық жыныс тесігіне жа- 
быстырады немесе сүліктің қынабына енгізеді. Сперматофорадан 
шыққан сперматозоидтар жатынға түсіп, жұмыртқаларды іштей 
ұрықтандырады. Барлық сүліктердің жұмыртқаларының ұрықтануы 
іштей өтеді. Ұрықтанған жүмыртқаларын сүліктер пілләнің ішіне 
салады.
Сүліктердің денесінің алдыңғы сегменттері аралығында белдеуше 
аймағы болады (медициналық сүлікте 9-10-сегментінде). Белдеу- 
шенің сілекей тері бездері ісініп шырышты пілләні шығарып түрады. 
Медициналық сүліктің ұзындығы 2 см-ге дейін жететін пілләнің
263


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ішіңце 20-ға жуық жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде неме- 
се су жағалауларында кездеседі. Helobdella stagnalis, Pratoclepsis 
tessellata-ның пілләсі құрсағына жабысқан.
Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне өте ұқсас 
спиральды детерминативті жолмен өтеді. Үрықтарының даму 
сатысында кірпікшелерінің, целом қуысының болуы байқалады, кейін 
олар жойылып кетеді. Ересек формасының қалыптасуына D бласто- 
мераның ұрпағы маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі 
телобласт клеткаларынан 10 ұзын алқап клеткалары шығады кейін 
екеуінен мезодермальдық алқап, екеуінен құрсақ нерв тізбегі, қалған 
алтауынан эктодерма қабаты пайда болады.
Жалпы құрылысымен сүліктер азқылтанды құрттарға ұқсас. Еке- 
уінде де тұқым бездері тұқым қапшығының ішінде орналасады, 
жұмыртқаларын пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекше- 
лігі: жұмыртқаның ұрықтануы олигохеттерде сырттай (пілләнін 
ішінде), ал сүліктерде іштей өтеді.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет