Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет164/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   248
Зоология кітап
Ac қорыту жүйесі дененің простомиум сегментінде орналасқан 
ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысынан, жүтқыншақтан, өңештен 
(кейде жемсаудан), бұлшық етті қарыннан, ортаңғы және артқы 
ішектен, аналь тесігінен тұрады (96, Б-сурет). Жауын құртының 
(Lumbricus terrestris) өңешіне үш жұп ерекше ізбесті бездер (моррен 
бездері) ашылады. Олар қан тамырларымен тығыз байланысты және 
қандағы жиналған карбонаттарды шытару қызметін атқарады. Ізбест
254


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
96-сурет .
Жауын құртының (Lumbricus terrestris) құрылысы: A - тері-бұлшықет 
қапшығының құрылысы; 1 - эпителий қабаты, 2 - сақина тәрізді бұлшықеттері, 
3 - ұзына бойы бүлшықеттері, 4 - соматоплевра; Б - ішкі құрылысы;
1 - жұтқыншақ, 2 - өңеш, 3 - сақина қан тамыры, 4 - жемсау, 5 - қарын,
6 - метанефридия, 7 - ортаңғы ішек, 8 - арқа қан тамыры, 9 - тұқым қапшығы, 
10 - тұқым қабылдағышы, 11 - диссепимент, 12 - жұтқыншақ үсті ганглиясы
безінің сұйығы өңешке өтеді де, гумин кышқылдарының әсерін 
әлсіретеді (нейтрализациялайды).
Ортаңғы ішектің арқа жақ қабырғасында ішегіне терең енген 
тифлозоль деп аталатын қатпарлар ұзына бойлай орналасқан. Олар 
ішектің бетін ұлғайтып, қорек сіңіргіш қызметін жақсартады. Олиго- 
хеттердің негізгі қорегі өсімдік қалдықтары және детрит.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы, сегменттеліп орналасқан 
нефридиялардан тұрады. Құрылысы көпқылтанды құрттар жүйесіне 
ұқсас.
Ортаңғы ішектің және қан тамырларының сыртқы бетін жауып 
тұратын хлорагогенді клеткалар да зәр шығару қызметін атқарады.
255


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Хлорагогенді клеткалардың ыдырау өнімдері бір-біріне қосылып, 
жабысып “коңыр денешіктерді” түзейді, бұлар целом қуысына өтеді 
де, ерекше арқа поралары арқылы сыртқа шығарылады.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет