Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет144/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   248
Зоология кітап
Зәр шығару жүйесі протонефридиальды. Ол сыртқа ашылатын 
екі түтікшеден құралған, ұштары жалын немесе жұлдызша тәрізді 
клеткамен аяқталады.
Қан айналу, тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үстіндегі ганглиядан және екі 
бүйірінде ұзына бойы орналасқан нерв бағанасынан тұрады.
223


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Сезім мүшесінің қызметін дене жабынында сирек орналасқан 
қылтандар және басының бүйіріндегі кірпікшелі шұңқырлар 
атқарады. Кірпікшелі шұңқырлар 
хеморецепторлары.
Жыныс жүйесі. Құрсақ кірпікшелілер дара жыныстылар немесе 
гермафродиттер. Жыныс бездері көбіне жұп болады. Жыныс тесігі 
аналь тесігінің алдында орналасады. ¥рықтануы іштей өтеді.
Құрсақ кірпікшелілер класы екі отрядқа бөлінеді: Chaetonotoidea 
тұщы суларда кең тараған; Macrodasioidea теңіз жануарлары. Су 
түбінде тұнбаның ішінде қорегін (ұсақ жәндіктерді) іздеуде шапшаң 
қозғалады, кейде субстратқа бекініп тіршілік етеді.
Құрсақ кірпікшелілердің турбеллярияларға, соның ішінде 
Rhabdocoela-ға жақындастыратын ұқсастық белгілері бар. Екеуінде 
де бір қабатты эпителий және кірпікшелері бар, тері бездерінің, 
протонефридияның, жыныс жүйесінің құрылысы ұқсас. Сонымен 
қатар, денесіндегі кутикула қабаты, алғашқы дене қуысы, ас қорыту 
жүйесіндегі аналь тесігі, кейбір түрлерінің дара жынысты болуы 
құрсақ кірпікшелілерді нематодтарға жақындатады. Бұлардың бүкіл 
жұмыр құрттар типінің филогениясын түсінуге қажетті маңызы бар.
КИ НОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA
Теңіз түбіндегі құмдарда немесе балдырларда тіршілік ететін, 
ұсақ құрт пішінді жануарлар. Ұзындығы 0,8-1 мм. 100-ге жуық 
түрлері бар.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі кішірек бас бөлімінен
қысқа мойын және ұзын дене бөлімінен тұрады. Денесі қалың хитинді 
тақталармен қапталған. Олар біріне-бірі тығыз үй шатыры (черепица) 
сияқты жанасып орналасуының нәтижесінде, қүрттың денесі буынды 
сияқты болады.
Тақталар құрт денесін 13 буынға бөліп тұрады: бірінші 
бас 
буыны, екіншісі - плакида деп аталатын мойын, қалғандары зонит 
деп аталатын дене буындары. Киноринхалардың буындарын, буыл- 
тық құрттардағы буындармен шатастыруға болмайды, өйткені кино- 
ринхалардың сыртқы буындарының ішкі мүшелерге қатысы жоқ.
Сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын 
гиподермалық клетка қабатынан тұрады. Денесінің басындағы 
кутикулярлы өсінділер ұзынша тікенек, ал қалғандары майда 
қылтаншалар түрде түзілген.
224


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Киноринхалардың бұлшықеттері бөлек-бөлек түйіндерге бөлініп, 
тұтас тері - бұлшықет қапшығын жасамайды. Бұлшықеттері көлденең 
салалы жолақ. Киноринхалар барлық төменгі сатыдағы құрттардан 
осы белгісімен ерекше. Дене қуысы 
схизоцель.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет