Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Ж¥МЫР Қ¥РТТАР немесе АЛЕАШҚЫ ҚУЫСТЫ Қ¥РТТАР



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет125/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248
Зоология кітап
Ж¥МЫР Қ¥РТТАР немесе АЛЕАШҚЫ ҚУЫСТЫ Қ¥РТТАР 
ТИПІ -NEMATHELMINTHES немесе ASHELMINTHES
Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, 
тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы 
өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың 
планета биосферасында кездеспейтін ортасы жок. Сондықтан бұлар 
космополиттік топ болып табылады.
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, 
ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзін- 
дік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель 
деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар 
деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі 
қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың 
денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай.
195


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); 
зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, 
немесе протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі 
дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі 
дамыған; ңерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара 
жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.
Жумыр қурттар типі 5 класца бөлінеді:
• НАҒЫЗ ЖҮМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ NEMATODA
• АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАЕЫ - ADENOPHOREA
• СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАЕЫ SECERNENTEA
• ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRICHA
• КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ KINORHYNCHA
• TYKTI ҚҮРТТАР КЛАСЫ NEMATOMORPHA
• КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ ROTATORIA
НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҮРТТАР немесе 
НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке 
таралуы сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл 
әлемде кездеспейтін ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, 
түщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе, пара- 
зиттік түрлері өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерінде 
кездеседі. Құстар мен насекомдардың паразиті ретінде олар ауа 
қабатын да меңгерген деп айтуға болады. Айналамызда жүріп жатқан 
шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы арқылы 
жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен бір- 
клеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып 
келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет