Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 72-cypem



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет121/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   248
Зоология кітап
189


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
72-cypem.
Немертинаның құрылысы: A - ішкі құрылысы; 1 - бас қан тамыры,
2 - церебральды ганглиясы, 3 - ауызы, 4 - өңеш, 5 - бүйірлі қан тамыры, 6 - арқа қан 
тамыры, 7 - көлденең қосқыш кан тамырлары, 8 - гонадалар, 9 - жыныс тесігі,
10 - аналь тесігі, 11 - ішек; Б - алдыңғы бөлімінің үзына бойғы кесіндісі; 1 - түмсығы 
шығатын тесік, 2 - қүрсақ нерв ганглиясы, 3 - ауыз тесігі, 4 - өңеш, 5 - түмсық,
6 - тұмсык қынабы - ринхоцелом, 7 - арка нерв ганглиясы, 8 - эпидермис;
В - личинка пилидий; 1 - төбе кірпікшелер шашағы (сүлтан), 2 - ішек,
3 - эктодерманың өсіндісі, 4 - ауыз алды белдеуі, 5 - ауызы, 6 - мезенхима
190


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Зәр шығару жүйесі протонефридиялы. Денесінің алдыңғы екі 
бүйірінде арнайы тесігі бар екі зәр шығару түтіктері орналасқан. 
Олардан дене ішіне көптеген қосымша түтікшелер тарайды да, 
тұйықталған жұлдыз тәрізді терминальды клеткалармен аяқталады. 
Түтікшелердің ұштары бүйірлік қан тамырларымен тығыз 
байланысты болады, соның нәтижесінде қандағы зат алмасу 
процесінің жиналған қалдықтары зәр шығару жүйесіне өтеді.
Тыныс алу мүшесі жоқ.
Қан айналу жүйесі немертиндерде бірінші рет дамыған, осы 
белгісімен олар жалпақ құрттардан ерекше. Негізінде үш қан тамыры 
болады: арқа және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен дененің алдыңғы 
жағында бірігіп бүкіл дене бойында көлденең қосқыш қан тамырлары 
арқылы байланысады. Қан айналу жүйесі қоректік заттарды 
тасымалдайды, сонымен қатар қан түйіршіктерінде әр түрлі тыныс 
алу пигментгерінің, әсіресе гемоглобиннің болуы тыныс алу қызметін 
де атқарады деп санауға болады.
Нерв жүйесі жақсы жетілген. Орталық бөлімін екі жұп 
церебральды ганглиялар құрайды. Олардың бірінші жұбы тұмсық 
қынабының үстінде, ал екінші жұбы оның астында орналасып, екі 
нерв талшықтарымен байланысқан. Церебральды ганглиялардан 
артқа қарай екі бүйір нерв бағаналары өтеді, олар тері-бұлшықет 
қабының немесе паренхима аралығында орналасады. Үзын нерв 
бағаналары көптеген көлденең, сақина тәрізді комиссуралармен 
байланысып, ортогон типті нерв жүйесін құрайды.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет