Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ӘЛЕМІ - PROTOZOA



жүктеу 23.02 Mb.
Pdf просмотр
бет12/248
Дата09.11.2022
өлшемі23.02 Mb.
#23561
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   248
Зоология кітап
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ӘЛЕМІ - PROTOZOA 
(БІР КЛЕТКАЛЫ ЖӘНДІКТЕР)
Қарапайымдылар - бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы 
көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қара- 
пайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан 
алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат 
алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, 
тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.
Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан 
түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микронная бірнеше миллиметр 
шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы 
1,5 мм.
Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клетка- 
сының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид 
бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті 
сыртқы эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. 
Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: 
митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи 
аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар 
ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. 
Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз 
және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін 
қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысы- 
мын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы 
зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш 
вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін кара- 
пайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің 
концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда 
жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы 
ортадағы су клетканың ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық 
суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде клетка 
жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы 
ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл
24


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапа- 
йымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай- 
ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). 
Ядрода қабықша, ядро шырыны, ядрошық және хромосомалар 
болады.
Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. 
Олар, жалған аяқтары яғни псевдоподиялары pseudopodia (латынша 
pseudo 
жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кір- 
пікшелер.
Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолы- 
мен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі 
митоз.
Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының 
(гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай про- 
цесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған 
клеткадан зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі 
гаплоидты жыныс клеткаларының (гаметалардың) қосылуы нәтиже- 
сінде түзіледі. Жыныс клеткаларының (гаметаларының) мөлшері мен 
пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері 
және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копу- 
ляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета макрогамета, 
кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия 
копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның 
қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония 
жолымен де көбейеді.
Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су 
кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) клетка сыртына қалың 
қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ 
уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын 
тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай қарапайымдылар екі топқа бөлінеді: 
автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жа- 
сыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл 
дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады немесе фотосинтез 
арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын орга- 
никалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл бал- 
дырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қара- 
пайымдылар және паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар дайын
25


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы 
қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп 
атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың 
кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихо- 
монас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар 
автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене алады, бұларды 
миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена 
миксотроф.
Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы су- 
ларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және 
жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.
Бұлар 5 типке бөлінеді.

жүктеу 23.02 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   248




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет