Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/28
Дата24.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
Г. А. Дүйсенбиева   Б.У. Курбаналиев 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ 
оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шымкент 2016, ж 

 

УДК 378(075.8):82.09 
ББК:84(0) 
Д. 79 
 
 
Дуйсенбиева Г.А., Курбаналиев Б.У. 
Д. 79  Әлем әдебиеті: оқу құралы.- шымкент, 2016.- 272 б 
 
 
Пікір жазғандар: 
п.ғ.д., профессор Д.А. Кемешев 
п.ғ.д., профессор Г.Т. Мусабекова 
ф.ғ.к., доцент Ә.Ә.Ақкӛзов 
ф.ғ.к., доцент Ұ.С. Қайырбекова 
 
 
 
ISBN 978-9965-07-757-9 
 
 
Адамзат    баласының    қол  жеткізген  ұлы  игіліктерінің  бірі  –  білім 
қазынасы.  Ал  білім  сипаты  алуан  түрлі.  Ол  ұрпақтан  –  ұрпаққа  ауызша, 
жазбаша  түрде  немесе  кӛркем  әдебиет  арқылы  да  жеткен.  Кітап  адам 
баласының  сан  ғасырлық  ақыл  –  ойының  жемісі,  тарихы  мен  тағылымының 
алтын  сандығы.  «Кітап  дегеніміз  –  алдыңғы    ұрпақтың  артқы  ұрпаққа 
қалдырған    рухани    ӛсиеті.  Кітап    оқудан    тиылсақ,    ой  ойлаудан  да  тиылар 
едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.  
Кітап    таңдап    талғап    оқи    білу,  оны  түсіну  мен  түйсіну,  алған  әсеріңді 
ӛмір  қажетіңе  жарата  білу  –  әрбір  адамның   білігі  мен  білімін,  пайымы  мен 
парасатын  айқындайтын  алғы  шарттардың  бірі.  Міне  осы  асыл  қазынаны  оқу 
қазіргі  таңда  тӛмендеп  отыр.  «Кітап  маған  тақтан  да  қымбат»,  -  деп  атап 
кӛрсеткен Шекспир. 
 
УДК 378(075.8):82.09 
                                                                                             ББК 84(0) 
 
 
ISBN 978-9965-07-757-9 
 
 
 
 
 
 
@Дуйсенбиева Г.А., Курбаналиев Б.У., 2016 
 

 

 
Алғы сӛз 
 
Ӛзінің биік, таза рухани қасиетімен 
Кітап мәдениет пен руханиятты 
қорғауда теңдесі жоқ қару болып 
табылады. 
Кітап адамзат баласына ағарту һәм 
білім сыйлайды. 
                                   Н.Ә. Назарбаев 
 
 
 
Осы  оқу  құралында  ұсынылып  отырған  әлемдік  әдебиеттің  кӛрнекті 
ӛкілдерінің 
ӛмірі 
мен 
қызметінің 
сипаттамасы 
институттар 
мен 
университеттерге  арналған.  Бұдан  басқа,  осы  оқу  құралында  келтірілген 
кӛптеген  жазушылардың  шығармашылық  жолы  мектептер  мен  колледждерде 
оқытылады. 
Кез  -  келген  халықпен  бүкіл  дүниежүзі  білетін  әрі  құрметтейтін  әдебиет 
қайраткерлерінің  арқасында,  сол  халықтың  әдебиеті  арқылы  танысуға  болады. 
Қазақ  елінде  А.Құнанбаев,  қырғыз  халқында  Шыңғыс  Айтматов  тәжіктерде 
Абдурахмон Шәмші, ӛзбектерде Алишер Навой, әзербайжан халқында Низамий 
Ганджавий,  парсы  халқында  Фирдауси,  грузин  халқында  Шота  Руставели 
әлемдік  әдебиеттің  ұлы  классиктері  болып  табылады.  Олардың  шығармалары 
әлемнің кӛптеген тілдеріне аударылған. 
Әдебиетте  шекара  жоқ.  Шығарма  қандай  тілде  жазылса  да,  егер  де  онда 
таланттық   таңбасы болса, оны бүкіл дүниежүзінде оқиды. Кез - келген ұлт ӛз 
бейнесін    әдебиет  арқылы  таныта  отырып  оны  бүкіл  дүниежүзіне  де  таныта 
алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
Гомер 
 
Гомер  б.  з.  д  IX  ғасырда  Афинада  ӛмір  сүрді.  Алайда  антикалық дәуірдің 
кейбір  зерттеушілері,  ол  б.  з.  д  VII  ғасырда  ӛмір  сүрген  деп  есептейді.    Олар 
Гомердің  барлық  шығармалары оның ӛзі куә болған грек-троян соғыстарымен 
байланысты деп тұжырымдайды. 
Гомер  -  грек  әдебиетінің  түп  атасы.  Бұл  ұлы  ақынды  әлемдік  әдебиеттің 
алғашқы  ақыны  деуге  де  болады.  Бізге  дейін  Гомердің  екі  ірі  шығармасы 
жеткен. Бұдан басқа, мифологиялық сипаттағы 15-20 әннен тұратын гимндерді 
де соның есімімен байланыстырады. 
Кӛне  гректер  Трояны  «Илион»  деп  атағандықтан,  Гомер  ӛзінің ол  туралы 
шығармасын  «Иллиада»  деп  атады,  ол  «Одиссея»  атауы  Итака  патшасымен 
байланысты.  Онда  Троя  соғысынан  жеңіспен  оралған  Одиссейдің  таңғажайып 
теңіз саяхаты туралы баяндалған. 
«Иллиада»  мен  «Одиссеяда»    біз,  мүліктік  және  алеуметтік  теңсіздіктің 
күшейгенін,  ру  мен  оның  басшысының  билігінің  әлсірегенің,  бірге    билікке  
таласқан    артықшылықтарға    ие  болған  кӛп  санды  алеуметтік  топтың  пайда 
болғандығын  байқаймыз.  Соғыс  арбаларында  соғысушы    патшалар    мен 
ақсүйектер және жеңіл қаруланған жаяу әскердің қалың бұқарасының арасында 
жер мен кӛктей алшақтық пайда болды. Біз жерге құн салығын тӛлеп отыратын 
ұсақ  жер  иелерін,  ауыл  шаруашылығында    жұмыс    істейтін    жалдамалы 
еңбекшілерді,  күндік  табыс  үшін  жұмыс  істейтін  жұмысшыларды  кӛреміз. 
Ахилл Одиссейге айтқандай бас бостандығы бар бұл гректердің ӛмірі ӛлім мен 
қабірдегі азаптан болмашы ғана дәрежеде артық. Ахиллдың сӛзіне қарағанда ол 
ӛліктердің  патшалығында  билік  еткеннен  гӛрі  сіңірі шыққан  кедейдің жерінде 
күндік табыс үшін жұмыс істегенді артық санады.  
Геродоттың  Гректерге  құдайларды  тасап  берген  Гомер  мен  Гесиот  болды 
деген  тұжырымға  біршама  дәрежеде  әділ  болыпта  табылады.  Бірақ  шын 
мәнінде  Зевс  болжаған  олимпиялық  құдайлардың  әлемі  Гомер  мен  Гесиоттың 
ғана қиялының жемісі емес еді.  
Гомердің  қаһарманы  құдайлар  мен  ӛзіңің  жан  дүниесі  арқылы 
байланысқан,  олар  оның  бүкіл ой-қиялы  мен  қылықтарына  әсер  етіп  отырады. 
Міне  Агамемноға  ызаланған  Ахилл  ӛзін  ызаландырған  оған  бас  салу  үшін  ӛз 
қылышына  жабыса  кетеді,  алайда  оның  ішкі  жан  дүниесінде  қандай  да  бір 
ӛзгеріс болады да ол қылышты қынына сала қояды. Гомер болған оқиғаны әйел 
құдай Афинаның пайда болуымен түсіндіреді, ол батырды ӛзінің ашуын басуға 
шақырады.  Құдайлар  пенделердің  кез  -  келген  шешімдеріне  осылайша  ықпал 
ете алады, ал күдіктенген сәтінде олар қаһармандарға ӛз - ӛзіне деген сенім мен 
батылдықты  бере  алады.  Дегенмен  құдайлардың  әрекеттерінде  ешқандай  да 
тылсым  нәрсе,  арамдардың  олардың  саналы  еркіне  қарсы  қылықтарының 
бағытын  анықтап  берер  ештеме  жоқ.  Афина  Ахиллды  құдайлардың  бұйрығын 
кӛрсоқырлықпен  орындай  беруге  міндеттемейді,  ол  оны  ақылға  келуге 
шақырады, мойынсынуына  кӛзін  жеткізеді. Бұл құдайлардың әрекеттеріне  тән 

 

нәрсе және де олардың әрқайсысы адамдардың санасында айқын даралыққа ие 
болғандықтан ежелгі Эллиндердің ой санасына да солай ықпал еткен.  
Бастапқы  да  ақсүйектер  елитасының  саудамен  шүғылданған  адамдарға 
деген  кӛзқарасы  мүлдем  теріс  болды.  Бұған  текті  фракийлік  Эвриалдың 
(«Одиссей») Одиссейге айтқан мына сӛздері куә. 
О. Қонақ ер азаматқа ұқсамайсын сен ойынға шебер, 
Ұқсамайсын пенделер арасында болып тұратын сайысқа шебер. 
Ұқсайсын сен ескеншілерге бас болып,  
Тауарын сату пайда табу үшін теңізбенен жиі жүзген. 
Бұдан  басқа  Гомердің  есімімен  грек  -  троян  соғысының  себептері 
баяндалған  «Киприя»  шығармасын  да  байланыстырады.  Бізге  дейін  бұл 
шағарманың жие үзінділері ғана жеткен. 
 
 
Гесиод 
VIII б.з.д 
 
Гесиод  б.  з.  д  VIII  –  VII  ғасырда  ӛмір  сүрді.  Ол  Кіші  Азияда  туса  да, 
тағдырдың  жазғанымен  ол  Беотида  ӛмір  сүрді  де  Грекияның  ең  атақты 
ақындарының  бірі  болды.  Бізге  дейін  оның  «Еңбектер  және  күндер  »  атты 
поэмасы    жетті.  Гесиоттың  әкесінің  бүкіл  мұрасын  иеленіп  алған  Перс  атты 
ағасы болды. Бәлкім Гесиодтің ӛзінің кіші Азиядағы туған қаласын тастап кетуі 
содан  болуы  керек.  Ӛз  поэмасында  ол  Перске  ӛсиет  айтады.  Поэма  ақынның 
еңбегін  құрметтеуге,  жағымсыз  қылықтардан  бас  тартуға  шақырады.  Әйтсе  де 
оның  сюжеті  мифологиялық  (аңыз  әпсаналық)  болса  да,  поэма  ӛмірдің 
дидактикалық сипатына ие.  
Гректерге дейінгі кӛптеген құдайлар мен жындардың тумастай әлемі жаңа 
діни жүйеге енбей қалды. Дегенмен жаңа дін жеңіске бірден жете қойған жоқ: 
гректерге  дейінге  ескі  наным  -  сенімдермен  күрестің  жанғырықтары  жердің 
әйел  құдайының  балаларының  олимпиялық  құдайлармен    соғысы  -  титандар 
соғысы туралы баяндалатын - титанамагия туралы аңызда естіледі. Жаңа діннің 
Зевс  діннің,  тәртіп  пен  үйлесім  дінінің  алғашқы  қауымдық,  жӛнсіз  жабайы 
соқыр  күштерді  бейнелейтін  алыптар  мен  титандарға  деген  ескі  сеніммен 
күресіндегі  орнығуының    ұзақ    процессін  бейнелейтін  аңыздарды  Гомер  мен 
Гесиодтың поэмаларында кездестіруге болады. 
 
 
Эсхил 
(б.з.д.525-456 ж.ж.) 
 
Әлемдік    әдебиет    тарихында  Эсхил    «трагедияның  атасы»  деп 
есептелінеді.  Эсхил    гректің  Элевсин    қаласында    туған.  Жас  кезінде  грек  -
парсы  соғыстарына,  әсіресе  Марафон,  Платей,  Саламин  шайқастарына 
қатысқан. 

 

Ӛзінің  шығармашыл  ғұмырында  90  –  дай  трагедия  жазып  шықты,  алайда 
бізге дейін олардың жетеуі ғана жетті, олар: «Орестей» трилогиясын құрайтын 
«Перси»,  «Жетеуі  Фифке  қарсы,»  «Жартасқа  кӛгенделген  Прометей» 
«Агамемнон», «Хоэфорлар», «Эвменидтер», «Жартасқа кӛгенделген Прометей» 
трагедиясы  мифологиялық  сипатта  болса  да,  біз  үшін  оның  белгілі  бір  тарихи 
құндылығы  бар.  Оның  қаһарманы  Прометей  кавказ  тауларыны  кӛгенделіп 
байланған,  ал  оның  назары  скифтердің  иеліктерімен  амазонкалардың 
алқабының шексіз кеңістігіне бағытталған. 
Аттикалық  трагедия  ӛзінің  ӛшпес  даңқы  үшін  б.  з.  д  V  ғасырдың  ұлы 
ақындары  Эсхилге,  Софокл  мен  Еврипидке  қарыздар.  Бұлардың  біріншісі 
тумасынан ақсүйектер тобына жатса да ӛзінің бүкіл шығармашылығымен жаңа  
туындап    келе    жатқан  афиналық  демакратия  идеясымен  байланысты.  Бұл 
шығыс деспотизмі мен парсы патшасы Ксерокстың озбырлығы афиндықтардан 
жеңіліс  тапқан.  «Парсылардан»  ғана  емес,  сонымен    бірге    бәлкім    Эсхилдың 
бұдан да жетік шығармасы «Орестеядан» да байқалады. 
Әрине  Эсхилда  ӛзімен  замандас  адамдарға  тән  толықтай  діни  этикалық 
ұғымдарымен  ойлады.  Ақиқаттың,  әділдіктің,  игіліктің  шекаралары  оның 
трагедияларының  кӛпшілігінде  мейірімділік  үшін  рахымын  беретін,  зұлымдық 
үшін,  пенделердің  қылықтарында  оның  бұйырған  шектерінен  алып  кеткендігі 
үшін  жазалайтын  құдаймен  айқындалған.  Міндетті  түрде  болатын  әділ  жаза 
заңы Эсхилдің барлық қаһармандарының тағдырында кӛрініс табады. 
 
 
Софокл 
(б.з.д.496-406 ж.ж.) 
 
Б.  з.  д  441  жылы  Софокл  Афинадағы  жоғары  мемлекеттік  лауазымға 
стратег    болып    сайланған  болатын.  Ӛзінің  шығармашыл  ӛмірінің  60  жыл 
ішінде  120  дан  астам  шығарма  жазды,  алайда  олардың  кӛпшілігі  бізге  жеткен 
жоқ.  
Драмалық  ақындардың  арасындағы  дәстүрлі  сайыстарда  24  рет  жеңілпаз 
атанды.  Софоклды  Эдип  туралы  аңыздар  қатты  қызықтырды.  Олардың 
негізінде  оның  тарапынан  «Аякс»,  «Электра»,  «Филок-тет»,  «Тракиняндар» 
атты трагедиялары әлемдік әдебиеттің кӛне жәдігерлері болып табылады.  
Егер  де  Эсхилда    құдайлардың  еркі  әдеттегідей  әділ  болса,  Софоклда 
болса,  ол  ең  алдымен  аса  құдіретті  болып  келеді.  Оның  трагедияларының 
қарама  -  қайшылығы  –  адам  мен  жазмыштың  арасындағы  драмалық  текетірес  
құдайлардың    белгілеген,  жазылмаған  заңдары  жан  Аиданың  жер    асты  
патшалығында  мәнгіге  тыныштық  табу  үшін  ӛлі  денені  жерлеуді  талап  етеді, 
алайда  тәкаппар  адам  ӛзінің  енгізген  мемлекеттік  заңдарына  сүйене  отырып 
бұған  кедергі  жасауға  тырысады,  міне  сонда  барлық  бақытсыздықтар  бірінен 
соң  бірі  оның  басына  келе  береді  (Антигондағы  қақтығыс  пен  Креонт 
патшалығы «Антигондағы»).  
Танылмайтынмен  күресуге  ұмтыла  отырып,  құдайдың  алдын  -  ала 
айқындап    қойғанының    орындалуына  кедергі  келтіремін  дей  отырып,  тұлға 

 

ӛзін  -  ӛзі  жазмыштың  болмай  қоймайтын  жазасына  душар  етеді.  («Эдип  – 
патша»).  Алайда  құдайлардің  еркі  аса  құдіретті  болғандықтан,  оған  қарсы 
келуге  батылы  жеткен  адамдар  да,  жарқын  әрі  таңғажайып:  Креонт  пен  Эдип 
міне сондай жандар.  
Құдайдың жазылмаған заңдарымен жүру құқығына ие болу үшін қалай да 
болсын    күресетіндер  де    ұлы  әрі  құдретті:  антикалық  трагедияның  күшті, 
мойымайтын  және  батыл  қаһарман  қыздарының  галереясын  Софоклдағы 
Антигона  мен  Электра  ашады.  Аристократияға  жақын  Софоклға  текті 
тастардың және де бір кездері гректердің ӛмірінің кӛптеген тұстарын басқарған 
делефийлік ғибадатхананың қамқоршысы-құдайдың ӛзінің бір кездердегі беделі 
естелік болып қалды.  
 
 
Еврипид 
(б.з.д.480-406ж.ж.) 
 
Еврипид  Саламин  аралында  жері  бар  текті  афиналық  отбасынан  шыққан. 
Антикалық  авторлардың  сӛздері  бойынша  Еврипид  сӛздің  ӛте  тамаша  шебері 
болды. Ӛз талантының дәрежесі бойынша ол Эсхил мен Софоклдан асып түсті. 
Ақынның  әдеби  мұрасынан  біздің  заманымызға  дейін  17    трагедиясы    мен  1 
сатиралық  драмасы  жеткен.  Олар:  «Алкестида»,  «Медея»,  «Ипполит»,  «Ион», 
«Гекуба»,  «Геракл»,  «Троянка»,  «Электра»,  «Йфи-гения»,  «Тавриде»,  «Елена», 
«Андрамаха»,  «Финикиялық  әйелдер»,  «Циклон»,  бұлар  әлемдік  әдебиеттің 
сәні болып табылады. 
Әсіресе  «Алкестида»  трагедиясы  ерекше  әйгілі.  Бұл  туындыда  –  адам 
тағдырының  философиялық  мәні  жатыр.  Онда  Адмет  патшаның  тағдыры 
жайлы және сонымен байланысы туралы баяндалады. 
Дәстүрлі  түрде  ойлайтын  кӛне  діни  наным  -  сенімдер  мен  ырым  -
жоралғыларды жақтайтын Сафоклға қарағанда Еврипидте кейде құдайға қарсы 
келушілікке  дейін  барып  қалатындығы  басым.  Үш  ұлы  трагедиа  графтық 
кішісінде құдайлар қатыгез әрі әділетсіз адамдардың тағдырын олар емес адам 
жанының  жоқтатып  тұра  алмайтын  құлшынысы  оларды  қасіреттің    бір  
тұнғиығынан    екіншісіне  лақтыра  отырып  айқындайды.  Егер  де  Софокл  үшін 
Апполонның  еркі  мен  беделі  мызғымас,  кіршіксіз,  абсалюттік  болса,  Еврипид 
болса  құдайдың  культ  бәрін  алдын  -  ала  айқындап  беруші  қатал,  оны 
қарапайым  пенде  секілді  кекшіл  әрі  кешірмейтін  деп  атай  отырып  шабуылдай 
түседі.  Ясон  «Медеяда»  қорқақ  әрі  ӛте  нашар  адам  ретінде  кӛрінсе,  ал 
патшаның  қызы  Электра  кедей  шаруаның  әйелі  болып  қалғанда,  әпсана 
бұзылады да қасиетті аңыз дүнияуи қиссаға айналып шыға келеді. 
Еврипид  белгілі  бір  мәнде  музыканы  оның  сахнадағы  құқығында  қайта 
қалпына  келтірді,  алайда  мұны  хорды  күшейту  арқылы  емес,  актерлер  үлкен 
жеке арияларды орындауы арқылы жүзеге асырды; хор партиялары болса, таза 
музыкалық  әсер  туғыза  отырып,  драманың  әрекетімен  аз  байланыста  болды. 
Еврипидтегі  жеке  ариялар  орындалған  экспрессиялар  орындаудағы  едәуір 

 

шеберлікті  талап  етті,  бұл  касібилікке  және  театр  музыкасының 
шығармашылықтың жеке түрі болып бӛлініп шығуына алып келеді.  
 
Аристофан 
(б. з. д 445 – 385 ж ж) 
 
Тарихта    «комедияның    атасы»  ретінде  белгілі  Аристофан  40  тан    астам  
комедия    жасады,  оның  бізге  дейін  тек  11  ғана  жетті,  олардың  ішінде  
антикалық  дәуірдің    «Ахарендіктер»,  «Бейбітшілік»,  «Лисистрата»,  «Салт  
аттылар», «Аралар», «Құстар»,  «Бұлттар», «Бақалар» атты атақты комедиялары 
бар. 
Аристофан  әлемдік  әдебиеттегі  комедияның  негізін  қалады.  Ӛзінің 
шығармашыл ӛмірінің бүкіл 40 жылы бойы ол комедиантардың сайыстарында 
бас  жүлдегерді  жеңіп  алып  отырды.  Оның  шығармашылығындағы  жетекші 
орында  соғыс  пен  бейбітшілік  тақырыбы  тұрды.  Әсіресе,    бұл  тақырып 
«Лисиотрата»  комедиясында  кӛтеріледі,  мұнда  ерекше  назар  халықтың  ӛмір 
салтына бӛлінеді. 
Ӛзінің  ұнатулары  бойынша  керітарпа  антикалық  шаруалар  мен  қала 
халқының  орта  тобына  жақын  жатқан  Аристофанның  шағармашылығының  
мысалында  кӛне  атикалық  комедияның ӛткір саяси сипаты байқалып тұрады. 
Егістіктерді  тып  -  типыл  етіп  жермен  жексен  еткен,  сауданы  күйреткен 
Пелопоннес  соғысы  жылдарында  коммедиограф  бар  күш  -  жігерімен 
бейбітшілікті  насихаттаумен  болды.  («Ахареняндықтар»,  «Бейбітшілік», 
«Лисиотрата»  комедиялары).  Аристофонның  ертедей  сақталып  қалған  б.  з.  д 
425 жылы қойылған «Ахареняндықтар» атты комедиясында қаһарман  афиндік  
қарапайым    азамат  Диксопаевтің  сӛзімен  автор  афиналық  саясаткерлердің 
соғыс құмарлығын келемеждеп, бейбітшілікті дәріптейді. 
Аттикалық комедия ұлы қаланың шынайы саяси драмаларын аллегориялар 
мен символдарда ойнады. 
Мазмұны  бізге  мәлім  комедиялардың  ӛткір ұшы  әдетте  радикалдық – 
демократиялық    топтың    кӛсемдері    Периклға,  ол  кейінірек  Клеонға  қарсы 
бағытталды.  Комедиографтар  саясаттағы,  ӛнердегі  ӛткенді  мадақтауы 
таңқаларлық емес. «Бақаларында» қарт Эсхилді мадақтап, жаңашыл Еврипидті 
жағымсыз етіп кӛрсеткен мен ғана Аристофан емес, сонымен комедияның ӛзге 
де авторлары сахнаға ӛткен дәуірдің кейіпкерлерін шығарып, аларға ӛмір сүріп 
жатқан  ӛз  замандастарын  қарама  -  қарсы  қоюды  ұнатты.  Кратинның 
«Заңдарында»  кӛрермендерге  сахнадан  Солонның  ӛзі  қайта  оралуды  шақырып 
үн  қатты.  «Демдар»  комедиясында  Эвполид  жер  асты  патшалығынан  ӛлген 
Мильтиадты,  Ариспидті,  Сосонды  тірілтіп  шығарып  отырды,  содаң  соң  олар 
қап-қаранғы Аидқа қайта түсіп отырды.  
 
 
Вергилий 
(б. з. д 70-19 ж ж) 
 

 
10 
Ұлы  ақын  Вергилийдің    ӛмірі  мен  шығармашылығы  Римде  әдебиет  пен 
ӛнер  ӛзінің  гүлдеген  шағына  жеткен  Августтың  дәуіріне  тұспа  -  тұс  келді. 
Вергилий  үш  туындыны  қалдырды:  олар  –  «Буналиктер»  («Шопан  ӛлеңдері»), 
«Георгиктер»  («Шаруалар  ӛлеңдері»),  «Энэйда».  Бұларда  ол  адам  назарына 
шағымды кӛріністерді келтірген. 
Вергилийдің  ең  басты  сіңірген  еңбегі  –  ол  ежелгі  замандарда  шопандар  
әндерінің  негізін  қалады.  Вергилий күлдіргі  әңгімелерді халық аңыздарын ӛз 
құлағымен  естіп  қайту  үшін  Грекия  мен  кіші  Азияға  саяхатқа  шығуды 
армандады. 
Ол  поэзияның  әртүрлі  түрлері  мен жанрларын батыл қоса білді, эпос пен 
лириканы қосты, нәзік жан толғаныстарың сипаттауда бұрын -соңда  болмаған 
терең  ойлылыққа  қол  жеткізді.  Ӛз  ӛлеңдерінде  ол  махаббат  пен  достықтағы 
сенімділікті шырқады, ерлікті, дүниенің қызығынан бас кешуді дәріптеді. Оның 
туындылары  халық тарихының  тұрмысын    әдеп  -  ӛнегесі  мен  қайғы  мұңының 
кең кӛрінісі болып табылады. 
Вергилийдің  дидактикалық  поэмалары  «Георгикидің»  4  кітабында  ежелгі 
Италиядағы шаруа еңбегі мен ауыл ӛмірін шырқайды. 
«Георгиктерге»    үлгі    ретінде    александриялық  дидактикалық  поэмалар 
болды,  алайда  құрған  сарынды  тақпақтарды  дер  ӛңдеу  мен  астрономия 
бойынша    нұсқаулар    келтірімімен  олармен  салыстырғанда,  «Георгиктерде» 
Вергилийге  схематизмді  болдырмаудың  сәті  түсті,  шаруалардың  еңбегі  мен 
ӛмірінің  кӛрінісі  қысқа,  ықшам  және  де  ӛте  мәнерлі  ӛтіп  берілген.  Поэманың 
жартысына  жуығы  тамаша  философиялық  шегіністер  –  ақынның  табиғаттағы 
үйлесім,  әлемінің  құрылысы  туралы,  шынайы  шаттық  әлемдік  тәртіппен 
үйлессе,  саналы,  ізгілікті    әрі  әділетті    түрде    ӛмір    сүріп  жатқан  егіншілердің 
бақыты туралы ой-толғаныстары құрайды.  
«Энейда»  атты    римдік  ұлтық  эпопея  Гомердің  туындыларының  жанында  
лайықты  орынды  иеленді.  Қаһармандық  эпосты  халықтың  ӛзіндік  ақыл  ойын, 
оның  Гомердің  қаһармандарының  аңызға  айналған  дәуірінен    соншама  алыс  
жатқан  уақыттағы жалпылық тарихи сана-сезімін білдіру оңай шаруа болды.  
Вергилийдегі  Эней  -  тақуа  әрі  батыл,  шынайы  римдік.  Ӛзінің  барлық 
әрекеттерінде  ӛзінің  құдіретімен  адамдардың  мәнгі  дүние  жайлы  армандарын 
жүзеге асыруға міндетті. Римның болашақ күш - қуатын алдын - ала айқындап 
берген құдайлардың алдын - ала тағдырға салғанымен жүреді.  
Жер    бетінде    бейбітшілікті,  заңдардың  салтанат  құруы  мен  ескі  римдік  
ізгіліктердің    қайта    тізгілуін  қамтамасыз  ететін  мәнгі  қаланың  жаңа  
билеушісінің  іс  -  әрекеттері  Энейдің  диуаналығы  мен  қасіретті  ӛміріне  мән  - 
мағына  беріп  оны ақтап тұрғандай. «Энейданың» патриотизмі мен азаматтық 
тебіренісі  оны,  «ӛздері  үшін,  муза  үшін»  жазған  Александриялықтардың 
поэмаларынан  жоғары  қояды.  Грек  әдебиетінің  ең  тамаша  үлгілерімен, 
«Буколиектердегі» феокриттің идиллияларымен, осылардан шыққан Гесиод пен 
Араттың,  «Георгиктарындағы»  дидактикалық  поэмаларымен,  Гомермен 
Родосстың 
Аполлонийдың 
эпопеяларымен 
шабыттанған 
«Энейдада» 
Вергилийдің  шығармашылығы  оны  тудырған  Италия  жерімен  тығыз 
байланысты терең шынайы құбылысты білдіреді. 

 
11 
Одан  бұрынғы  Александриялықтардың  туындыларынан  Вергилийдің 
туындылары  формасы  мен  композициясы  бойынша  да  ерекшеленеді.  Оларда 
Александриялық  шытырман  таңдамалылығы  жоқ.  Олар  классикалық  стилдік 
қағидаларға сәйкес үйлесімді түрде құрылған, классикалық тілмен жазылған.  
Егер  де  қарапайым    адамдар    Римге  киниктерді  тыңдаған  болса,  Август 
дәуіріндегі  зиялы  қауым  бұрынғысынша  стоиктердің  философиясының 
ықпалында  қала  берді.  Италияда  орныққан  ішкі  дүние  принцип  тұсында 
Құдайдың  алдын  -  ала  жазғанына  деген  сенім  мен  нанымды  туғызды.  Ол 
стоиктер  үйреткендей,  әлемді  билейді.  Бұл  наным  Құдайдың  алдын  -  ала 
жазғаны  арқылы  ӛзге  елдер  мен  халықтардың  үстінен  билік  жүргізе  отырып, 
оларға  бейбітшілік  пен  гүлденуді  алып  келетін  Рим  мемлекетінің  тарихи 
тағдыры  идеясымен  ұштасып  жатты.  Римнің  тағдырындағы  Құдай  еркінің 
жүзеге  алуының  бұл  идеясы  «Энейда»  поэмасын  жаулап  алған.  Вергилий 
жастық    шағында  эпикуршылардың  ықпалында  болса,  кейінірек  ол  Энейдадан 
кӛрініп  тұрғандай  стоиктер  философиясына  бет  бұрады.  Кӛзқарастардың 
мұндай  эволюциясы    азаматтық    соғыстар  мен  республикалық  құрылыстың 
ыдырау  кезеңін    бастарынан    ӛткізген  және  әлемнің  жаңа  уақыттарын  қуана 
қабылдаған кӛпдеген адамдарға тән болды.  
 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал