Ғұзыхан АҚпанбек, педагогика ғылымының кандидаты, профессор. Кез келген ұлттың шығар биігі ұрпағының өз ұлтының



жүктеу 51.84 Kb.

Дата26.02.2017
өлшемі51.84 Kb.

Жидебай 

БАТЫР 

қазіргі Қоңырат 

оның қарауыл төбесі болған 

Ғұзыхан АҚПАНБЕК, 

педагогика ғылымының 

кандидаты, профессор. 

Кез келген ұлттың шығар биігі ұрпағының өз ұлтының 

қадыр, қасиетін бойына қаншалықты дәрежеде 

жинақтауына байланысты. Тарих тамырынан ажырап жалпы 

адамзат өркениетінің биігіне көтерілген бірде-бір ұлт болған 

емес, болмайды да. Ұлттың келешегін ойлағанда әрқашан 

өткенді еске алып отыру керек. 

Терең тамырлы, өзіндік ерекше 

мәдени-рухани болмысы бар қазақ 

халқының адамзат мәдениетіндегі 

алатын орыны ерекше. Көшпелі 

тайпалардың  қ у а т т ы құрылымы 

Шыңғысхан тұсында болды. Алтын 

орданың мемлекеттік және қоғамдық 

құрылымына байланысты  Қ а з а қ , 

Ноғай, Қырым, Қазан, Өзбек 

хандықтары шықты. Халқымыздың 

тарихындағы осы кезеңде 

бабаларымыз іргелі ел болып, дербес 

хандық құрды. 

Қ а з а қ халқының құба қалмақ 

шапқыншылығына қарсы күресі бес 

жарым ғасырға, берісінде Жоңғар 

мемлекетімен соғысы екі ғасырға 

созылды. Бір қиссада былай дейді: 

Біз келдік Сарыарқаға Сырда туып, 

Шығыпты сол мекеннен 

қалмақ қуып. 

Айрылып алдағы мал, 

бастағы үйден, 

Күрке ғып, үш ағаштың 

басын буып. 

Қалмақпен біздің қазақ айқасқалы 

Болыпты дәл жеті жүз жылға жуық. 

Ұ з а қ қ а созылған осы соғыстың 

жайы туралы әртүрлі аңыз, әңгіме, 

жыр түрінде жеткен шежіре ұлан-

ғайыр. Ойрат билеушісі Хара Хуланың 

баласы Батур қонтайшы бір 

орталыққа бағынған Жоңғар 

мемлекетін құрды (1635—1653 ж.). 

Батур қонтайгшының тұсындағы 

алғашқы соғыс 1635 жылы болды. 

Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүр 

бастаған қазақ қолы жоңғарларға 

қарсы тұрды. Бұдан кейін 1652 жылы 

жоңғарлар үлкен дайындықпен келіп, 

тұтқиылдан шабуыл жасады. 

Қазақтар жеңіліс тауып, кол бастаған 

Ж ә ң г і р хан опат болды. Осыдан 

бастап жоңғарлардың қазақ жеріне 

жорықтары үдей түсті. 18-ғасырдың 

басында 1711-12, 1714, 1718, 1723-25, 

1742 жылдары қазақ елі жоңғарлардан 

көп зардап шекті. Солардың бірі, 

«Ақтабан шұбырынды, Алқа көл 

сұлама» деген атпен ел есінде 

сақталған  ж о й қ ы н соғыс еді. 

Тұтқиылдан тиген құба қалмақ 

қазақтарды солтүстік, солтүстік-

батысқа қарай тықсырып тастады. 

Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық 

қазақтары, башқұрттар жан-жақтан 

шабуыл жасап, қазақтардың жойылып 

кету қауіпі төнді. Осы кезеңде Тәуке 

хан сияқты ел басшысының керек 

екендігі көрінді. Тәуке (Тәуекел — 

Мұхаммед — Батырхан) 1718 жылы 

қайтыс болған еді. Жоңғар 

хандығының билеушісі Сыбан Рабдан 

(1697 — 1727) ел басшысыз қалған 

осындай кезеңді шебер пайдаланды. 

Бұл тұста қазақ хандығы ішкі жағынан 

ыдырай бастаған болатын. «Жеті 

Жарғы» бойынша тәртіпке салынған 

заң жүйесі бұзылып, береке, бірлік 

әлсірейді. 1723 жылдың қысы қазақ 

даласыңда «қайың сауған ақ тышқан 

жыл» болып халық қатты жұтайды. 

Осы жұттың көктемін қазаққа шабуыл 

жасаудың оңтайлы кезеңі деп тауып, 

жоңғарлар жетпіс мың әскерімен жеті 

бағытта шабуылға шығады. Бірінші 

мыңдықты Сыбан Рабданның баласы 

Халдан Серен басқарады. Ол Бапқаш 

көлі маңындағы елдерді шабады

Екінші түменге Сыбан Рабдан 

қонтайшының інісі Жолан Бату 

қолбасшылық етіп, Алтай, Емел 

аралығы арқылы Көктал өзеніне өтеді. 

Үшінші қолмен Сыбан Рабданның 

немересі Әмірсана Нұра өзені 

бойында соғыс салады. Төртінші қолға 

Халдан Сереннің баласы 18 жастағы 

Серен Доржы басшылық жасап Шелек 

өзеніне жетеді. Бесінші онмыңдыққа 

Халдан Сереннің тағы бір баласы 

Дода Доржы ноян қолбасшы болып 

Шу өзеніне беттейді. Жетінші қолды 

Сыбан Рабданның өзі бастап Іле 

өзеніне қарай өтеді. Барлық қолды 

бақылау, жетекшілік жасау Сыбан 

Рабданның інісі Шоны  Д а б а ғ а 

тапсырылады. Сөйтіп жойқын соғыс 

басталады. 

Осыншама әскер, қыстағы ауыр 

жұт, елдің ішкі берекесіздігі қосылып, 

қазақтардың бей-берекет, ес-

ақылынан айрылып босуына мәжбүр 

етеді. Қазақтар жан-жақтан көмек 

сұрайды. Түрікпеннен көмек сұрауы 

көне жырда былай айтылады: 



Ей, Келімбеті 

Келіп тұрмын елім деп. 

Алаштан туған туыс ең, 

Қалмаққа кеттік телімдеп. 

Қырылған ел, аққан қан, 

Ойламаңдар тегін деп. 

Соғысамыз қайтадан, 

Дем алған соң ер түлеп. 

Халық қалды жасқанып, 

Жау қалмақты қуамыз, 

Кең өткелден ат салып. 

Батырлар кетті ізімен, -

Бөлек-бөлек жүзімен. 

Айырып малын алмақ боп, 

Әкеткен ұлы, қызымен. 

Жеті өзеннен тосамыз, 

Аттаныңдар тезінен. 

Келіп тұрмыз хабарға, 

Батырлар айтқан сөзімен, 

Қалмақтың беріп сазайын, 

Кең өткелден ат салса, 

Жермен жексен қылмай ма, 

Алты Алаш аттанса! 

Бірақ ешкім көмек бермей, 

қазақтар өз күшімен ұрыс салады. 

Соғыс ұзаққа созылып қырғын үдей 

түседі. Қазақтардың үштен екідейі 

қырылады. Осы тұста бірлік өте қажет 

еді. Батырлар қол жиып бас біріктіре 

бастайды. Жан-жақтағы күшті 

топтастыру үшін Ерасыл батыр 

(Қаракерей Қабанбай) бас батыр 

болып тағайындалады. 

Батырлар келіп жатыр 

дамыл алмай, 

Деген соң қол жинады 

ер Қабанбай. 

Жапырып жау қалмақты 

қуамыз деп, 

Келіпті қосынымен ер Бөгенбай. 

Үзеңгілес серіктері бірге жүрген 

Хас батыр Әлтекеден ер Жидебай. 

Сөз ұстар ақылшысы би Қазыбек, 

Үйсіннен іздеп кепті Райымбек. 

Бар екен ақ шабдар ат жетегінде, 

Арнаған Орта Жүздің көсеміне. 

Жорыққа ер Жидекем мінеді деп, 

Айтылған Абылайдың сәлемімен. 

Жидекеңнің ақ шабдар атты күтіп, 

баптап, баққан орыны туралы марқұм 

Тұрағұл Жұмабайұлы ағамыз айтқан 

еді. Бұл жер Шет және Ақтоғай 

аудандарының аумағындағы Кеншоқы 

мен Балықтыбұлақтың арасында, 

жолдың оң қапталындағы бір шоғыр 

тал, терек өскен таудың қуысында 

екен, сілемі көрініп жатыр. 

Шыңғысхан кезеңінен бері 7-10 

атаға дейін тынымсыз күй кешіп, 

соғыспен өткен ел тағдыры туралы 

аңыз-әңгімелер, жырлар көп. Жүзден 

аса батырлар жырындағы 

айтылғандардан қазақтардың биік 

рухы, ерлік-елдік бейнесі айқын 

көрінеді. «Ер Қабанбай», «Олжабай», 

«Бөгенбай», «Еңсегей бойлы ер Есім», 

«Жидебай батыр», «Шақшақ ұлы 

Жәнібек», т.б. жырларда айтылғандар 

тарихи шындық. Халық ел қорғаған 

ұланына деген риза сезімін білдіру 

үшін өз батырының айбынын арттыра 

баяндайды. Сондай ерекше тұлғаның 

бірі — Жидебай батыр. Аты аңызға 

айналып, «Сарыарқадай жер қайта, 

Жидебайдай ер қайда» деген сөз 

қалдырған. Бұл сөзді кезінде 

Г. Н. Потанин ел аузынан жазып алыпты 

(Казахский фольклор в собраний 

Г.Потанина, Алма-Ата, изд. Наука. 

1972 г.) 

Жидебай Қожаназарұлы Арғын 

тайпасының Қаракесек тармағының 

Әлтеке руынан шыққан. Туған жылы 

туралы әртүрлі деректер бар. 

Шежірешілердің айтуынша алғаш рет 

Аңырақай ұрысына (1730) қатысқан. 

Сол кезде он жеті жаста екен. Бұл 

дерек бойынша 1712-13 жылдары туған 

болып шығады. Қалмақтарға күйрете 

соққы берген Аңырақай ұрысында 

батырлығымен көзге түскен Жидебай 

Абылайханның сенімді серігі, беделді 

де белді батыры болған. Батыр 

бабамыз жүз жасаған. Зираты Шет 

ауданының аумағында. Ол туралы ел 

аузында «Сарыарқадай жер қайда, 

Жидебайдай ер қайда?» деген нақыл 

сөз қалып осы күнге дейін жетуі оның 

еліне үлкен еңбек сіңірген тұлға 

болғандығын білдірсе керек. 

Бабамыздың алғашқы жорыққа 

қатысуы туралы «Есенгелді батыр» 

қиссасында: 

Ал енді ер Қабанбай қол жинады, 

Халыққа хабар айтып мол жинады. 

Алтынбай, ер Еспенбет, 

Ақтамберді, 

Қол бастап батыр деген 

атпен келді. 

Матайдың бір батыры 

Шөңкей деген 

Жәнібек қалың Керей жақтан келді. 

Тағы да қанжығалы ер Бөгенбай, 

Білмедім бұлар қайсы 

жақтан келді? 

— деп айтылады. 

Осы жорықта Жидебай батыр 

Бөгенбай жасағында болған. Әл-

Машани ағамыздың айтуы бойынша 

Балқаш қаласынан 18 шақырым жерде 

болған биік Қоңырат тауы бір кезде 

Жидебайдың Қарауыл шоқысы деп 

аталған екен. Ақжан Жақсыбекұлы 

Машановтың 100 жылдық мерейтойын 

биыл бүкіл дүниежүзі атап өтуде, яғни 

ЮНЕСКО шеңберіндегі айтулы 

мереке. Геомеханика ғылымының 

негізін салып, оны ғылымның жеке бір 

саласы етіп шығарған ғұлама 

ғалыммен пікірлескенде (геомеханика 

туралы): «Алла білдірді, Жидекеңнің 

әруағы қолдады», деп еді. Дуалы ауыз 

Қаздауысты Қазыбек: 

«Замана өтпес болсайшы-ай, 

Жидекем өлмес болсайшы-ай» 

деген екен. Төкіш (Төлепберді) 

Ақышев пен Әл-Машанидың 

«Қазақстанның тас-қола дәуірі 

мирастары» атты кітабындағы 

(Алматы, 1996 ж.) «Алғашқы жер 

шалған бабалар» деген 

тақырыбындағы эпиграф: «Атақты 

жер шолушы Абылайдың Жидебайы» 

деп беріліпті. Тағы да осы кітапта: 

«Қанжығалы Бөгенбай — Жидебай 

батырмен бірге Абылай тобында 

болып, Шыңғыстау, Ертіс бойын 

жоңғарлардан тазартқан батырлар. 

«Жидебай» — Абай қыстауы — 

Жидебай батырдың шығыстағы 

бекінісі болған... «Болатқожа, Ақша — 

Түйте тұқымдары 1760 жылдары 

Қазыбек би, Жидебай, Жарылғап 

батырлар бабалары Қаратау — Сыр 

бойындағы ежелгі қоныстарын тастап, 

Орталық Қазақстандағы Солтүстік 

Балқаш өңіріне, қазіргі Ақтоғай — 

Қарқаралы — Абыралы — Баянауыл 

жерлеріне қоныстанған» деп жазады 

аталған ғалымдар. 

Ел аузында сақталған  с ө з д і ң 

бірінде Жидекеңе деген құрмет, 

халықтың әділ бағасы көрінеді: 

Көп жасаған қария, 

Ақылы теңіз-дария. 

Көкірегінде көзі бар, 

Көпке өнеге сөзі бар. 

Сөзі — соқпақ, өзі — нар. 

Келелі кеңестің бірінде көпшілік 

Жидекеңнен не жаман деп сұрағанда: 

Тіл алмайтын бала жаман, 

Нақақ жабылған жала жаман. 

Жанбай қалған шала жаман, 

Көзі бітелген бұлақ жаман, 

Сөз кірмейтін құлақ жаман, 

Айтқанды ұқпайтын жас жаман, 

Бәрінен де, ұран салып шыққанда, 

Бірікпейтін бас жаман, — депті. 

Сол сияқты Мәшһүр Жүсіп 

Көпейұлының шежіресінде: «Құдай 

рахмет қылсын, Жанғұтты 

Ботантайұғылында, Әлтеке, Сарымда 

атамның басы, енемнің бірдемесі 

қалғаны бар ма, Жанғұтты мен 

Жидебайдың аруағы еркіме қоймай 

жаздырып отырған» цеп жазылған. 

Жидекеңнің еліне сіңірген еңбегі 

ерен, әруақты тұлғасы биіктей береді. 

Елі оның есімін құрметтеп, пір тұтып 

келеді. Ақтоғай ауданындағы бір ауыл 

(бұрынғы Қоңырат) Жидебай батыр 

селолық округі аталады. Оның 

солтүстіктегі бекінісі Балқаш 

қаласының маңындағы Қарауылтөбе, 

қазіргі Қоңырат кеніші екендігі мәлім. 

Олай болса Балқаш қаласында 

көшенің біріне Жицебай батырдың 

есімін беру ізгі іс болар еді. Тіпті, 

Қоңырат немесе Шығыс Қоңыраттың 

бірін Жидебай батырдың есімімен 

атаса артық емес. 

Мысты өңір.-2006.-24 наурыз.-7 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал