Физико-математические науки №4 2016 Вестник Казниту 560



жүктеу 90.82 Kb.

Дата13.06.2017
өлшемі90.82 Kb.

 

 Физико–математические науки

  

 

№4 2016 Вестник КазНИТУ  



                              

560 


УДК 372.851.02 

 

З. Т. Суранчиева 

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.,  

Қазақстан Республикасы, zina_ss@mail.ru) 

 

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ  АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ 

КӨМЕГІМЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МАЗМҰНЫН  ЖЕТІЛДІРУ 

 

Аннотация.  Оқыту  үдерісінде  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  тиімді.      Осыған  орай 

елімізде  жан-жақты  жұмыстар  жүзеге  асырылуда.  Ақпараттық  білімдік  орта,  жаңа  ақпараттық  және 

коммуникативтік технологиялардың бірігуі білім беру жүйесін қажетті деңгейге жеткізуі тиіс. Сондықтан білім 

беру жүйесіне  қойылатын талаптар үнемі өзгеруде. Болашақ маман жаңа ақпараттық және  қарым-қатынастық 

технологияларды  пайдалануға  дағдылануы,  ақпаратты  тауып,  өңдей  білуі,  шығармашылықпен  ойлап,  шешім 

қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс. Қазіргі білім беру жүйесінде ақпараттық технология негізінде әр 

түрлі дидактикалық материалдарды дайындауға болады. Қазіргі оқыту үдерісінде дидактикалық материалдар әр 

түрлі әдістермен дайындалады. Ақпараттық технология құралдарымен дайындалған материалдар эстетикалық, 

тартымдылық, танымдылық жағынан дайындалып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.  

Кілттік  сөздер:  ақпараттық  технология,  оқытудың  әдістемелік  жүйесі,  оқыту  әдістері,  программалық 

құралдар, оқытудың ақпараттық технологиясы, гипермедиа, дидактикалық материал

 

 

Заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуында,  қарым-қатынасында  ақпараттық 



технологиялар  кеңінен  қолданылуда.  Ақпараттық  технологияларды  сабақта  пайдаланудың  негізгі 

мақсаты:  Қазақстан  Республикасында  біртұтас  білімдік  ақпараттық  ортаны  құру,  жаңа  ақпараттық 

технологияны  пайдалану,  Қазақстан  Республикасындағы  ақпараттық  кеңістікті  әлемдік  білім  беру 

кеңістігімен  сабақтастыру  болып  табылады.  Осы  орайда  ел  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2008 

жылғы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа  жолдауындағы  «Оқыту  үдерісінде  – 

ақпараттық  технологияларды  білім  беру  сапасын жақсартуда  қолданыс  аясын  кеңейту  керек»  деген 

сөзін  басшылыққа  ала  отырып,  информатика  сабағында  дидактикалық  материалдарды  ақпараттық 

технология  негізінде  қолданып  жетілдіруге  болады.  Сонымен  қатар,  ақпараттық  қамтамасыз  ету 

жүйесіне  баса  мән  бермейінше,  білім  берудің  жаңа  ақпараттық  технологияларын,  дәлірек  айтатын 

болсақ,  электрондық  оқулық  және  бинефильмдерді,  басқа  да  электрондық  басылымдарды 

қашықтықтан  оқыту  жүйесі  арқылы    ендірмейінше  кез  келген  экономикалық,  әлеуметтік  саланың 

алға басуы мүмкін емес деп ойлаймыз.  

Білім  беру  үрдісінде  сабақтың  өту  барысы  оқытудың  әдістемелік  жүйесімен  іске  асырылады. 

Оқытудың  әдістемелік  жүйесі  –  кез  келген  пән  бойынша  бес  компоненттен  тұрады:  оқытудың 

мақсаты,  мазмұны,  әдісі,  құралдары,  ұйымдастыру  формалары.  Оның  негізгі  бөліктеріне  сипаттама 

беретін болсақ,  

- оқыту мақсаты – оқушыларды оқыту барысында алынатын нәтиже; 

-  оқыту  мазмұны  –  оқу  мазмұны  бастауыш  мектеп  оқушыларын  оқыту  үшін  таңдалған  білім, 

білік, дағды, ойлау және іс-әрекет тәсілдері жүйесі; 

-оқыту  әдістері  –  мұғалімнің  оқушыға  жаңа  білім,  білік  пен  дағдыларды  меңгертуге,  сонымен 

қатар  олардың  дүниетанымын  қалыптастыруға  және  танымдық  күштерін  дамытуға  қол  жеткізуге 

мүмкіндік беретін жұмыстың әдіс-тәсілі

-  оқыту  құралы  –  оқушылардың  танымдық  және  практикалық  іс-әрекеттерін  қалыптастыру 

арқылы  білімді  жан-жақты  меңгеруге,  оны  тәжірибе  жүзінде  қолдана  білу  дағдысын  дамыту 

мақсатында пайдаланылуы   тиіс. Осындай әдістемелік жүйе компонентінің бірі оқыту құралы,  яғни 

дидактикалық  материалдарды  сабақты  өту  барысында  тиімді  түрде  пайдалану  қажет.  Енді 

дидактикалық материалдардың оқыту үдерісінде алатын роліне тоқталып өтейік.   

Оқушы  оқу  үдерісінде  теориялық  материалдар  бойынша  тапсырмаларды  орындау  барысында 

қиындықтарға  кездеседі.  Осындай  жағдайда  көптеген  оқушылар  оқулықтан  үйренгеннен  гөрі 

мұғалімнен сұрап білгенді жөн көреді. Сондықтан жеке оқушылардың тақырыпты игеруіне арналған 

дидактикалық  материалдар  жасау  қажеттілігі  туындайды.  Көптеген  мұғалімдер  дидактикалық 

материалдарды  білімді  бақылау  барысында  қолданады.  Бұл  материал  оқушылардың  танымдық 

қызығушылығын,  ойлау  қабілетін  белсендіріп,  тақырыпты  тереңдетілген  түрде  игеруге  мүмкіндік 

береді.     



 

 Физика–математика ғ ылымдары 

 

Қ азҰ ТЗУ хабаршысы №4 2016  



 

561 


Дидактикалық  материалдар  қолданылған  сабақ  жоспарында  оқытудың  бірқатар  принциптерін 

бөліп айтып кетуге болады: 

-

 

қолжетерлік  принцип  (оқушы  қолжетерлік  көрсеткішке  дейін  орындауға  негізделіп 



жасалады);  

-

 



өзіндік әрекеттік принцип (дидактикалық материалдармен өз бетінше жұмыс жасайды);  

-

 



жеке  тұлғаға  бағытталған  принцип  (дидактикалық  материал  жеке  тұлғаға  негізделеді  және 

материалдың қиындығы және түрі жеке тұлғаға бағытталады);  

-

 

көрнекілік  және  модельдік  принциптер  (бейнелі  көрнекіліктер  оқушының  ойлау  қабілетін 



дамытуда үлкен рөл атқарады);  

-

 



төзімділік принципі (оқушының жадында саралау қасиеті болады: өте қажетті, қызықты және 

материал  әртүрлі  болған  сайын  ол  ұзаққа  дейін  сақталады,  сондықтан  игерген  білімді    практикада 

ойын түрінде компьютер құралын  қолданып  үйренсе тақырыпты жақсы меңгереді);  

-

 



танымдық мотивациялық принцип;  

-

 



проблемалық  принцип  (оқушы  өзінің  оқығаны  бойынша  нақты  дидактикалық  проблеманы 

шешуі  тиіс;  проблемалық  жағдайға  тап  болған  оқушы  өз  бетінше  ізденісі  артып,  белсенді  түрде 

интеллектуалды, мотивациялық, ерік жігері жағынан дамиды).  

Дидактикалық материалдардың келесі міндеттерін атап өтуге болады: 

-

 

әртүрлі  ақпараттармен  жұмыс  істеу  үшін  дидактикалық  материалдарды  өз  бетімен  қолдана 



білу;  

-

 



оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру;  

-

 



жаңа материалды өз бетінше игеріп, үйрену;  

-

 



дидактикалық материалдағы сызбалар мен суреттер оқушылардың шығармашылық қабілетін 

және абстрактілік ұғынуына көмектеседі;  

-

 

бақылау бойынша қатемен жұмысты талдап, бағалау бойынша нәтижесін көру  (компьютерде 



дұрыс жауаптардың пайда болуы); 

-

 



өзіндік бақылау және түзету; 

-

 



оқу материалын түсінуге арналған жаттығу; 

-

 



оқытудағы күрделендіру мотивациясы; 

-

 



ойлаудың анықталған түрі бойынша дамыту (көрнекілік, теориялық, логикалық); 

-

 



ақпараттық мәдениет қоғамы мен оқыту әрекетінің мәдениетін құру. 

   Дидактикалық материалдың түрлері:  

-

 



әртүрлі  ақпараттарды  игеруіне  байланысты  дидактикалық  мәтіндер  (оқулықтар,  карталар, 

анықтамалық кітаптар, электронды ресурстар);  

-

 

танымдық  әрекет  түріне  арналған  кеңейтілген  жоспарлар:  ғылыми  түсініктерді  игеру; 



тәжірибені  дайындап  және  оны  жүргізу;  ғылыми-техникалық  зерттеулерді  жүргізу;  функционалдық 

тәуелділік графикасын талдау; кестелерді талдау);  

-

 

салыстыру, талдау, дәлелдеу, жалпылауға арналған тапсырмалар;  



-

 

әртүрлі  қиындығына  байланысты  деңгейлік  тапсырмалар:  репродуктивті,  үйренушілік, 



шығармашылық;   

-

 



проблемалық сұрақтар бойынша тапсырмалар;  

-

 



шығармашылық тапсырмалар;  

-

 



эксперименттік тапсырмалар;  

-

 



үйретуге арналған тапсырмалар, жаңа материалды игеруге арналған логикалық схемалар;  

-

 



кеңес-карточкалары, сурет арқылы түсіндірілетін дидактикалық материалдар, тапсырмаларды 

орындауға арналған жоспарлар;  

-

 

зертханалық жұмыстарды үйренуге арналған тапсырмалар;  



-

 

анықтамалық  материалдар  (зертханалық  жабдықтамалар:  құралдар,  олардың  техникалық 



сипатталуы, қолдану ережесі);  

-

 



тапсырмалардың орындалу алгоритмі;  

-

 



тапсырмаларды орындауға арналған  байланыс ережелері;  

-

 



тапсырмалар бойынша анықтамаларды, формулаларды көрсету;   

-

 



пайда болған немесе зерттелетін объекті бойынша модельдер;  

-

 



компьютерлік программалар бойынша орындалатын зертханалық жұмыстардың орындалуы;  

-

 



өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары.  

 

 Физико–математические науки

  

 

№4 2016 Вестник КазНИТУ  



                              

562 


Дидактикалық материалдарды орындауға арналған талаптар төмендегідей:  

-

 



ақпаратпен танысып, таңдап алу;  

-

 



өзіндік бағалау мен бақылаудың орындалу реті бойынша кеңестер беру;  

-

 



материалды құрастыру  үшін  салыстырып және  нәтиже  шығаруға  арналған  көрнекіліктермен 

қамтамасыз ету.  

Информатиканы  оқыту  үдерісінде  ақпараттық  технология  негізінде  педагогикалық 

программалық  құралдар  қолданылады.  Осы  педагогикалық  программалық  құралдардың  көмегімен 

дидактикалық материалдар дайындауға болады. Педагогикалық программалық құралдардың 2 түрлі 

мағынасы бар: 

-

 

біріншіден, әртүрлі пәндерді оқыту барысында қолдануға арналған қолданбалы программалар 



пакеті (ИЕТН сабақтарында оқыту объектісі). 

-

 



екіншіден,  оқу  мақсатына  жетуге  арналған  дидактикалық  құралдар  (мысалы,  ұғымды  енгізу 

және бекіту, қайталау және жалпылау, қорытынды бақылау және т.б.) 

Оқытудың  ақпараттық  технологиясы  –  білімді  жаңаша  беру  мүмкіндіктерін  жасау 

(педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үдерісінде 

оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп 

түсіну керек.  

Білімді  ақпараттандырудың  негізгі  мақсаты  –  оқушыларды  ақпараттық  қоғам  жағдайында 

тұрмыстық,  қоғамдық  және  кәсіби  салалардың  іс-әрекетіне  толық,  тиімді  араластыру    болып 

табылады. 

   Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.  

-

 

Тұтынушының қолдану сапасында



-

 

Нәтижесінде  әр  түрлі  салаларда  қолданылатын,  ақпараттық  технологияларды  жасаушы 



сапасында. 

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім 

мен  мәдениетті  беру  емес,  сондықтан  ақпараттық  технологиялар  педагогтарға  тек  қосымша  тиімді 

құрал ретінде қызмет атқарады.  Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ 

осы  білім  қажеттілігі  үшін  мамандандырылған  компьютерлік  жүйелер  саны  дайындалды,  олар  оқу-

тәрбие  үрдісінде  әр  түрлі  жағынан  қолдауға  бағытталды.  Бұл  –  жүйелердің  негізгі  түрлері  болып 

табылады. 

         Компьютерлік  бағдарламаланған  оқыту  –  бұл  сәйкесінше,  компьютерлік  бағдарламалардың 

көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология.  

-

 



Материалды  компьютердің  көмегімен  оқу  –  оқушының  жаңа  материалды  әр  түрлі 

құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуына мүмкіндік береді. Бұл жерде 

оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның 

өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады

-

 

Материалды  компьютер  қоры  негізінде  оқу  –  алдыңғы  технологиялар,  технологиялық 



құралдардың  алуан  түрін  (оның  ішінде  дәстүрлі  оқулықтар,  аудио  және  бейнежазбалар  және  т.б.) 

қолдануымен  айрықшаланатын  болса,  мұнда  бағдарлама  құралдарын,  оқушылардың  өз  бетінше 

тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі; 

-

 



Компьютер  қорымен  оқыту  –  білім  берудің  барлық  мүмкін  боларлық  формаларын  қолдану 

(мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді; 

-

 

Компьютердің  көмегімен  бағалау  –  өз  бетінше  оқыту  технологиясы  деп  қарастырылады, 



дегенмен  ол  практикада  басқаларға  құрамдас  элемент  болып  кіріп  жүр.  Мұндай  жүйе  оқылатын 

пәннің  мазмұны  мен  дәстүрлі  оқытуда  қолданылатын  немесе  оқыту  бағдарламаларында  жүзеге 

асырылатын әдістерге тәуелсіз. 

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады:  

-   тұтынушының қолдану сапасында; 

-  нәтижесінде  әр  түрлі  салаларда  қолданылатын  ақпараттық  технологияларды  жасаушы 

сапасында. 

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру  – бұл білім 

мен  мәдениетті  беру  емес,  сондықтан  ақпараттық  технологиялар  педагогтарға  тек  қосымша  тиімді 

құрал ретінде қызмет атқарады.  

Педагогикалық  программалық  құралдарды  жасаған  кезде  қолданушыға  арнап  жасалған 

нұсқауда мыналар көрсетілуі қажет: 



 

 Физика–математика ғ ылымдары 

 

Қ азҰ ТЗУ хабаршысы №4 2016  



 

563 


-

 

оқу процесінде ППҚ пайдаланудың мақсатын анықтау; 



-

 

ол қандай компьютерлерге арналғанын және қандай жүйелік талаптар қойылатынын көрсету 



керек; 

-

 



жас мөлшері қандай оқушыларға арналғандығын көрсету; 

-

 



сабақтың қандай түрінде және сабақтың қай кезеңінде қолдануға болады. 

Педагогикалық  программалық  құралдарды  дамытудың  тиімді  жолы  мультимедиялық 

технологиялар деп есептеуге болады.  

1.

 



 Мультимедиялық  технологиялар  –  табиғаты  әр  түрлі  ақпаратты  (мәтін,  дыбыс,  графика, 

анимация,  бейне)  құру  және  тиімді  пайдалану    әдістерінің  жиынтығы.  Көптеген  білім  беру 

педагогикалық  программалық  құралдар  мультимедиалық  болып  табылады.    Педагогикалық 

программалық құралдардың бірі гипермәтін болып табылады.  

2.

 

Гипермәтiн  –  бұл  белгілі  тақырып  бойынша  кейбір  сөздері  ерекшеленген  мәтіндік 



үзінділердің  жиынтығы.  Ерекшеленген  сөздер  жаңа  материалдан  тұратын  мәтін  үзіндісінің  пайда 

болуына  әкеледі.  Оның  артықшылығы:  оқушы  өз оқуын  өзі  жоспарлауында,  ол  өзін  қызықтыратын 

тақырыпты таңдап ала алады. Гипермәтіндік құжаттарға тек қана мәтін ғана емес, графика, анимация, 

бейне қосуға болады. Мұндай технология гипермедиа деп аталады.   

3.

 

 Гипермедиа – оқытуды көрнекі етуге мүмкіндік беретін технология.  



4.

 

 Электрондық кітаптар – компьютерде оқу материалын парақтап беруге арналған ППҚ-ның 



бір түрі. Электрондық кітаптар: 

1)

 



Энциклопедиялық (кең көлемдегі әртүрлі ақпарат); 

2)

 



Тақырыптық (қандай да бір тақырып бойынша); 

3)

 



Бақылаушы (оқушылардың дайындық деңгейін көрсететін) болып бөлінеді 

Мультимедиалы презентациялар технологиясы  жаңа материалды жаңа түрде  көрсету құралы 

болса,    екінші  жағынан  мұғалімдерге    осы  матералды    дайындауды  және  қолдануды  жеңілдетеді. 

Алдын  ала    жүргізілген  тәжірибелер    презентациялар  технологиясын    пайдалану  балалардың  оқуға 

деген ынталылығын  арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп оған дайындалу мерзімін 

қысқартады,  ең  бастысы  мұғалімдерді  жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалануға 

дағдыланырады.  Осыларға  қоса  мектептің  жергілікті    компьютерлік  желісінің  болуы  және  бұл 

желінің  интернет  жүйесіне  қосылуы  мұғалімдер  жұмысын  біріктіре  отырып  сабақ  беру  барысында 

жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігін береді. 

Үлгерімді  тексеру  және  оқушылар  білімін  жетілдіруде  компьютерлік  технологияларды 

пайдалану біріншіден, мұғалімнің  жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін  тексеруге  көбірек 

уақыт  бөлуге көмектеседі. Екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін  

бағалауды  жүзеге асырады. Үшіншіден, бақылау технологиясына  ғылыми технологияларды енгізіп, 

оны  кейіннен  де  пайдалануға  болатындай  етіп  білім  мекемелерінен  алынатын  білімді  стандарттау 

технологиялары жайлы айтуға негіз бола алады.  

Бұл  үдерістің  негізі  мынада  –  мұғалім  тексеру  нәтижесі  жайлы  толық  ақпарат  ала  отырып, 

балалардың әрқайсысына олардың қатесіне  байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. 

Оларды  орындау    нәтижесін  тағы  да    компьютерлік  тест  немесе    мұғалімнің  өзі  тексеріп  шығады. 

Мұндағы  бір  айта  кететін  жайт,  сонғы  бақылау  баға  қою  мақсатында  емес,    оқушының  қай 

тақырыпты қалай менгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу мақсатында жүргізіледі. 

Осындай  технология  өзінің  тиімділігін  әрі  қызықтылығын  көрсетті.  Мұндағы  негізгі  мәселе 

объективтілік,  сенімділік  және дұрыстылық  талаптарына  сай  келетін,  ғылыми  тұрғыдан  негізделген 

компьютерлік тесттер жасау керек екендігі белгілі.   

Сонымен  информатиканы  оқыту  үдерісінде  ақпараттық  технологияларды  қолданып 

дидактикалық  материалдардың  мазмұнын  жетілдірудің  келесідей  ерекшеліктерін  нақты  атап 

көрсетуге болады: 

-

 

оқу үдерісінде қолданылатын дидактикалық материалды талапқа сай дайындау; 



-

 

дидактикалық материалдарды педагогикалық технологияның мақсаты мен міндетіне негіздеп 



дайындау; 

-

 



дидактикалық  материалды  ақпараттық  технология  негізінде  дайындап,  оқушылардың 

компьютерлік сауаттылығын дамыту; 

-

 

дидактикалық  материал  бойынша  оқушылардың  танымдық,  қызығушылық,  ойлау, 



шығармашылық қабілетін дамыту.  

 

 Физико–математические науки

  

 

№4 2016 Вестник КазНИТУ  



                              

564 


Мұғалім  –  ақпараттанушы  емес,  оқушының  жеке  тұлғалық  және  интеллектуальды  дамуын 

жобалаушы.  Ал  бұл  мұғалімнен  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  қажеттілігін, 

ұйымдастырушылық  қабілеттілікті,  оқушыларды  қазіргі  қоғамның  түбегейлі  өзгерістеріне  лайық 

бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.      

                                                           

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



[1]

 

К.Халықова К. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000. 



[2]

 

Н.Сафронова. Теория и методика обучения информатики. Москва, 2008. 



 

Суранчиева З.Т. 



Усовершенствование содержания дидактических материалов  

с помощью информационных технологий в процессе преподавания информатики  

Резюме

В  статье  рассмотрены  эффективность  и  особенности  разработки  дидактических  материалов  с 

помощью  информационной  технологии. 

Дана  характеристика  видам  дидактических  материалов, 

педагогическим  программным  инструментам.  Приведены  особенности  усовершенстование  содержания 

дидактических материалов в процессе обучения информатики. 



Ключевые  слова:  информационная  технология,  методические  системы  обучения,  методы  обучения, 

программные инструменты, информационные технологий обучения, гипермедиа, дидактические материалы

 

 

Suranchieva Z.T. 



Improve the content of teaching materials with the help of information technology in the teaching of informatics 

Summary.  The  article  describes  the  efficiency  and  especially  the  development  of  teaching  materials  using 

information  technology.  The  characteristic  types  of  teaching  materials,  educational  software  tools.  Peculiarities  being 

improved, the content of teaching materials in teaching informatics. 

Key  words:  information  technology,  methodical  system  of  education,  teaching  methods,  software  tools, 

information technology training, Hypermedia, didactic materials 



 

 

 

УДК 530.145 

 

Т. Б. Бегимов, М. С. Кушпанов, Б. Д. Сарсембаева 

(Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И.Сатпаева 

Алматы, Республика Казахстан, bibigul_s_77@mail.ru) 

 

ВЫРАЖЕНИЕ НЕКОТОРЫХ ФИЗИЧЕСКИХ ПОСТОЯННЫХ ЧЕРЕЗ 



ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ КОНСТАНТЫ 

 

Резюме.  Показано,  что  постоянные  Планка  и  Ридберга  можно  выразить  через  сочетания  известных 

атомных  фундаментальных  констант.  Полученные  результаты  являются  следствием  проявлений  квантовой 

природы процессов, происходящих в рассмотренных случаях.  

Ключевые  слова:  Постоянная  Планка,  постоянная  Ридберга,  уравнение  Шредингера,  потенциальная 

яма, радиус Бора. 

   

В водородоподобных образованиях электрон находится в потенциальной яме вида 



 

r

Ze

r

U

0

2



4





 ,                                                                  (1) 

где r - радиус вращения электрона  

   Из-за  центрально  -  симметричной  зависимости    U(r)    ,  осложняющей  вычислительные 

операции по установлению энергетических состояний электрона, предусматривается аппроксимация 

выражения (1) одномерной прямоугольной ямой конечной глубины U

0

[1,2] 


  При этом стационарное уравнение Шредингера приобретает форму:  

 

            (2) 



 

где E - полная энергия электрона в атоме. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал