Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың АҚпараттық ҚҰзыреттілігін қалыптастыру және білім сапасын арттыру



жүктеу 64.36 Kb.

Дата14.09.2017
өлшемі64.36 Kb.

ФИЗИКА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ  

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ 

 

Ергужиева Н.Д. 

Орал қ. 

 

Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшілігі  –  тек  біліммен 



қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, 

үздіксіз  өз  бетінше  өрлеуіне  қажеттілік  тудыру.  Бiлiм  беру 

саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыру  мұғалiмдерден  өз 

мінез  –  құлықтарын,  ұстанымдарын,  мүмкіндіктерін  түрлендiрудi 

талап eтедi.  

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  11  – 

бабының  9  тармағында  оқытудың  жаңа  технологияларын,  оның 

ішінде  кәсіптік  білім  беру  бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек 

нарығының  өзгеріп  отыратын  қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал 

ететін  кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.  

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты 

Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан 

әрі  жалғастыруға  тиіспіз.  Бүгінде  мектептерді  компьютерлендіру 

толықтай аяқталды. Орта білім берудің                 12 жылдық моделі 

енгізілуде.  «Өмір  бойы  білім  алу»  әрбір  қазақстандықтың  жеке 

кредосына айналуы тиіс» делінген.  

Қазір  «Ғасырдың  мектебі  мен  мұғалімі  қандай  болу  керек?» 

деген  негізгі  сұраққа  жауап  ізделуде.  Білім  берудің  ұлттық 

моделіне  көшкен  қазіргі  мектепке  ойшыл,  зерттеуші,  тәжірибелік 

қызметте  педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген  іскер 

мұғалім  қажет  екендігі  аз  айтылып  жүрген  жоқ.  Қазір  заман  да, 

қоғам  да  өзгерген.  Бүгінгі  балалардың  мақсаттары  да, 

құндылықтары  да,  идеялары  да  бұрынғыдан  мүлде  басқаша. 

Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, 

іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. 

Олай  болса,  бұл  қоғам  кез  келген  педагогтан  өз  пәнінің  терең 

білгірі  ғана  болу  емес,  теориялық,  нормативтік  –  құқықтық, 

психологиялық  –  педагогикалық,  дидактикалық  әдістемелік 

тұрғыдан  сауатты  және  ақпараттық  компьютерлік  технология 



құралдарының  мүмкіндіктерін  жан  –  жақты  игерген  ақпараттық 

құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр. 

Дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде  ерекше  маңызды 

мәселелердің  бірі  –  оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде 

ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану. 

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына 

ақпараттық  кеңістікті  қүру  енгізілді.  Ақпараттандыру  жағдайында 

оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім,  білік,  дағдының  көлемі  күннен 

күнге  артып,  мазмұны  өзгеріп  отыр.  Білім  беру  саласында 

ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану 

арқылы  білімнің  сапасын  арттыру,  білім  беру  үрдісін 

модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі 

жетілдірілуде. 

Физика  сабағында  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

арқылы  оқушылардың  ақпараттық  құзіреттілігін  қалыптастыру 

атты  баяндамамда  қазіргі  заман  талабына  сай  ақпараттық 

технологияларды,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет 

ресурстарды  пайдалану  оқушының  білім  беру  үрдісінде 

шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  беретіндігі  туралы 

баяндалады. 

Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық 

мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм 

беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. 

Физика  сабақтарында  ақпараттық  -  коммуникациялық 

технологияларды пайдалану-дың тиімділігі:  

-оқушының өз бетімен жұмысы; 

-аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 

-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 

шығармашылық 

есептер 


шығару 

кезінде 


физикалық 

құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру; 

-қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 

-қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 

-экономикалық тиімділігі

-іс-әрекет,  қимылды  қажет  ететін  пәндер  мен  тапсырмаларды 

оқып үйрену; 

-қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен 

есту 

мүмкіндіктері 



болмайтын 

табиғаттың 

таңғажайып 

процестерімен  әр  түрлі  тәжірибе  нәтижелерін  көріп,  сезіну 

мүмкіндігі; 


-оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 

Оқытушы 


сабағында 

ақпараттық 

– 

коммуникациялық 



технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде 

көрсете  біледі.  Ақпараттық  -  коммуникациялық  технологияны 

пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. 

ХХІ  ғасыр  –  техниканың  озық  дамыған  ғасыры.  Елбасы             

Н.Ә.  Назарбаевтың  сындарлы  саясатының  арқасында  бүкіл  мектеп 

компьютермен қамтамасыз етілді. 

Компьютер  оқушы  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи 

құралы  болып  табылады.  Олай  болса  барлық  сабақтарды 

компьютердің  қуаттануымен  жүргізуді  үйрену  –  бүгінгі  күннің 

кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану және 

математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – 

оқу  үрдісін  белсендіруге,  оқытуды  жекешелендіруге,  оқушының 

өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. 

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім 

сапасын  көтеруді  жүзеге  асыруға  бағытталған  процесс,  яғни 

еліміздің  ұлттық  білім  жүйесінің  барлық  түрлерінде  кәдімгі 

технологияларды  тиімді  жаңа  комплекстік  ақпараттандыру 

технологияларына  алмастыру,  оларды  сүйемелдеу  және  дамыту 

болып табылады. 

Ақпараттық  коммуникациялық  технология  электрондық 

есептеуіш  технологиясымен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында 

компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, 

интерактивті  құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге, 

компьютерлік  оқыту  бағдарламасына  негізделеді.  Ақпараттық 

әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын 

пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті 

тақтаның  мүмкіндіктері  мұғалімдерге  баланы  оқытуда  бейне  және 

ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық 

білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін 

дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру 

құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық 

қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы 

әлемнің 


жүйелік 

– 

ақпараттық 



бейнесін 

оқушылардың 

шығармашылық  қабілеттері  мен  құндылық  бағдарларын  дамыту 

арқылы  қалыптастыруды  көздейтін,  адамның  дүниетанымының 

құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  интеллектуалды  дамуды 

қалыптастырудың бір жолы. 



Қазіргі  білім  беру  жүйесі  ақпараттық  технологиялар  мен 

компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда.  

Бүгінгі  таңда  білім  беруді  ақпараттандыру  формалары  мен 

құралдары  өте  көп.  Оқу 

процесінде  ақпараттық  және 

телекоммуникациялық  құралдар  мүмкіндігін  комлексті  түрде 

қолдануды  жүзеге  асыру  көп  функционалды  электрондық  оқу 

құралдарын  құру  және  қолдану  кезінде  ғана  мүмкін  болады. 

Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі 

дидактикалық  мақсаты  білім  беру,  білімді  бекіту,  дағды  мен 

іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау. 

Көп функционалды электрондық оқулықтар: 

• Оқушылардың өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға

•  Әр  түрлі  ақпаратты  жинау,  өндеу,  сақтау,  объектілерді, 

құбылыстарды  модельдеу  сияқты,  оқыту  қызметін  ұйымдастыру 

процесіңде  қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялардың 

мүмкіндіктерін пайдалануға; 

• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипермәтіндік 

және гипермедия жүйелерін пайдалануға; 

•  Оқушылардың  интеллектуалды  мүмкіндіктерін,  білім,  дағды, 

іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға; 

• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін 

бақылау  процесін  автоматтандыруға  интеллектуалдық  денгейіне 

қарай тапсырмалар беруге; 

•  Оқушылардың  өз  бетінше  оқу  қызметін  жүзеге  асыру  үшін 

жағдай жасауға; 

• Қазіргі заманда ақпараттық ағымдарды басқаруды қамтамасыз 

етуге мүмкіндік береді. 

Әдістеменің ерекшеліктері: 

Оқытудың  компьютерлік  әдістерін  интерактивті  деп  атайды, 

себебі  олардың  мұғалім  мен  оқушының  әрекетіне  “дыбыс  беру”, 

олармен  диалог  “жүргізу”  қаблеті  бар.  Бұл  компьютерлік  оқыту 

әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады. 

Компьютер 

оқыту 

процесінің 



барлық 

этаптарында 

қолданылады:  жаңа  материалдарды  түсіндіргенде,  бекіткенде, 

қайталағанда,  білімін,  іскерлігін  және  дағдыларын  бақылағанда. 

Сонымен  қатар  оқушы  үшін  ол  әр  түрлі  функцияларды  атқарады: 

мұғалімнің,  жұмыс  құралдарының,  оқыту  объектісінің,  ұжымның 

қызметін, ойын ортасын.  


Физикалық  процестер  мен  құбылыстарды  модельдеу  оқу 

процесін  дамыту  мен  жетілдірудің  болашағы  болып  табылады, 

әсіресе  оқушылардың  шығармашылық  белсенділігін  арттыруда, 

зерттеу  жұмыстарын  дамытудағы  ролі  ерекше.  Физикалық 

эксперименттерді  модельдеу  –  оқытушыға  сабақта  физикалық 

ұғымдардың  мағынасын  тереңірек  ашуға,  оқушыларды  физиканың 

қазіргі  эксперименттік  базасымен  таныстыруға,  физикалық 

құбылыстармен  зерттеу  әдістерін  толық  түсіндіруге  мүмкіндік 

береді. 

Электрондық  оқулықтың  тиімділігі  зор.  Электрондық  оқу 

құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге 

есептер  жинағы,  анықтамалар,  энциклопедиялар,  карталар, 

атластар,  оқу  эксперименттерін  жүргізу  нұсқаулары,  практикумға, 

курстық  және дипломдық  жобаларға нұсқау және  т.б. білім беруді 

басқаратын  мемлекеттік  органдар  тағайындаған  арнайы  статусы 

бар  берілген  түрдегі  баспаларды  қамтитын  электрондық  оқу 

басылымы. 

Оқытушы  үшін  электрондық  оқулық  –  бұл  күнбе  –  күн 

дамытылып  отыратын  ашық  түрдегі  әдістемелік  жүйе,  оны  әрбір 

оқытушы  өз  педагогикалық  тәжірибесіндегі  материалдармен 

толықтыра  отырып,  әрі  қарай  жетілдіре  алады.  Электрондық 

оқулық  арқылы  үй  тапсырмасын,  жаңа  сабақты  түсіндіруге  және 

тест тапсырмаларын орындауға болады. 

Қазіргі  таңда  мен  өз  тәжірибемде  оқушыларға  физика 

сабағында  электрондық  оқулықты  пайдаланып  келемін.  Онда  әр 

тарауда  тақырыптың  мазмұны,  заңдары  мен  анықтамалары, 

түсініктеме  сөздігі  мен  қазақша  –  орысша  сөздік,  кестелер, 

ғалымдардың  өмірбаяндары,  жаттығулар  мен  есептер,  бақылау 

жұмыстары  қамтылған.  Тараудағы  оқу  материалдары  бойынша 

берілген  анимациялық  тәжірибелер  оқушыларға  физикалық 

құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы. 

Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары 

берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр оқушыға жауап беру 

деңгейіне  қарай  пайыздық  көрсеткішпен  бағаланып  беріледі.  Бұл 

әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға 

оң әсер ететіндігі сөзсіз. 

Электрондық  оқулықтар  мен  компьютерлік  оқу-әдістемелік 

құралдарды  өз  дәрежесінде  қолдануды  үйренген  оқушылар 

зерттеуге  құштар,  өзі  белсенді  жеке  жұмыс  істей  алады. 


Оқытушының  жұмысын  жеңілдетіп,  оқушыны  жалқаулықтан 

құтқарады. 

Электрондық  оқулықтың  бағалық  –  нәтижелік  бөлігі  тесттер 

арқылы  жүзеге  асады.  Тест  сұрақтарына  жауап  бергеннен  кейін 

оқушы  диаграмма  түрінде  өзінің  білім  деңгейін  көре  алады. 

Оқытудың  компьютерлік  технологиясының  оқу  үрдісінде  кеңінен 

енуі  оқушылардың  өзіндік  және  шығармашылық  белсенділігін 

дамыта  отырып,  электрондық  оқулық  көмегімен  олардың  өзіндік 

жұмыс түрлерін орындауға баулиды. 

Оқушы  тұлғасының  дамуына  ықпал  жасайтын  электрондық 

оқулықпен  сабақтар  жүргізудің  негізгі  міндеттері  оқушылардың 

базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту 

үрдісінде  теориялық  және  өнімділік  ой  құрастыру  әрекеттері 

арқылы танымдық қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары 

арқылы  оқуға  деген  мотивациясын  дамыту,  оқу  материалын 

игеруде  және  оқу  іс-әрекеттерінде  жете  ұғынуға  талпындыру, 

өзіндік  жұмыстарының  ізденісті-зерттеу  түрлерін  ұйымдастыру, 

оқу  үрдісінде  компьютерлік  технологияларды  қолдану,  әр  түрлі 

шапшаңдықпен  және  әр  түрлі  көлемді  оқу  материалын  игерудің 

мүмкіншілігін  ашу.  Осы  міндеттер  негізінде  дәстүрлі  білім  беру 

жүйесінде  де  оқушы  дамуына  жәрдемдесетін  оқу  тобында 

оқытушылар  мен  оқушылардың  күш-жігерлерін  біріктіретін 

оңтайлы  жағдай  тудыратын  тілектестік  жұмыс  жағдайын 

қалыптастыру, 

оқушы 

мен 


мұғалімнің 

қарым-қатынасы 

әрекеттестік  ұстанымы  мен  жеке  тұлғалық  түсінісушілік  негізінде 

іске 


асырылуы, 

шығармашылық 

мүмкіншілігін 

тудырып, 

қабілеттерінің  жан-жақты  дамуына  ынталандыруды  көздеген  әр 

түрлі  әдіс-тәсілдерінің  кең  қолданылуы  (диалог-сабақтар,  есеп 

талдау,  әр  түрлі  тәсілмен  шығару,  кері  есеп  құрастыру,  есепті 

тексеру,  пікірталас,  іскерлік  ойын  сабақтары,  т.б),  балалардың 

эмоционалды-сезімділік және абстрактілі,қисынды ой құрастыруын 

дамытуға  ықпал  етілуі,  танымдық  қызығуын  арттырып  және  білім 

алу  нәтижелерін  жүйелі  талдаудан  өткізіп  бағалау,  өздерінің 

жетістіктерін  өздеріне  талдатып,  өзіндік  бағалау  әрекеттерінің 

ұйымдастырылуы сияқты ерекшеліктері де бар. 

Электрондық  оқулық  пән  оқытушылары  үшін  бұл  күнделікті 

дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта 

қолдану  оқытушының  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына, 

белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді. 


Электрондық  оқу  құралы  –  бұл  оқу  курсының  ең  маңызды  

бөлімдерін,  сонымен  бірге  есептер  жинағы,  анықтамалар, 

энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу 

нұсқаулары,  практикумға,  курстық  және  дипломдық  проектілерге 

нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы. 

Сонымен  қатар  электрондық  оқулықтарды  сабақта  пайдалану 

кезінде  оқушылар  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтіп,  өз  бетімен 

шығармашылық  тапсырмалар  орындайды.  Әрбір  оқушы  таңдалған 

тақырып  бойынша  тапсырмалар  мен  тарау  бойынша  тест 

жұмыстарын  орындап,  анимациялық  практика  тапсырмаларымен 

жұмыс  жасауға  дағдыланады.  Электрондық  оқулық  арқылы  түрлі 

суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге 

болады.  Бұл,  әрине  мұғалімнің  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен 

әлдеқайда  тиімді,  әрі  әсерлі.  Меңгерілуі  қиын  сабақтарды 

компьютердің  көмегімен  оқушыларға  ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа 

деген  баланың  құштарлығы  оянып,  білім  сапасы  артады  деп 

есептеймін.  

Ол  оқушыларды  даралай  оқытуда  жаңа  информацияларды 

жеткізуге,  сондай-ақ  игерілген  білім  мен  біліктерді  тестік 

бақылауға арналған бағдарламалық құрал. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал