Философия, саясаттану



жүктеу 7.71 Kb.

бет1/20
Дата07.09.2017
өлшемі7.71 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
 
 
                      
                                                  1
АЛҒЫ   СӨЗ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ  
ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
МЕМЛЕКЕТ, ОНЫҢ БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ
МЫШЛЕНИЕ КАК ТВОРЧЕСТВО
Алматы
 2014


        
Мемлекет, оның басқару формалары
ӘӨЖ 342.5:1/14 (035.3)
КБЖ 67.400.6+87.3
М 44
ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану 
институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
Жалпы редакцияны басқарған:
З.К. Шәукенова, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 
әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор
С.Е. Нұрмұратов, философия ғылымдарының докторы, профессор
Пікір жазғандар: 
М. Сәбит, философия ғылымдарының докторы, профессор 
Б. Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, доцент 
С. Колчигин, философия ғылымдарының докторы, профессор 
А. Камалиденова, философия ғылымдарының кандидаты 
Авторлық ұжым:
Әбішев Қ., философия ғылымдарының докторы, профессор (ұжымдық 
монографияның жетекшісі) (алғы сөз, 1, 2, 3 тараулар, қорытынды); Кокушева Ә., доктор-
ант (4 тарау); Жетпісбаева М., философия ғылымдарының кандидаты (5 тарау).
Авторский коллектив:
Абишев К., доктор философских наук, профессор (руководитель авторского 
коллектива) (введение, 1 глава, заключение); 
Изотов М., доктор философских наук, профессор (2 глава).
М 44  Мемлекет, оның басқару формалары / Жалпы ред. басқ. З.К. Шәукенова, 
С.Е. Нұрмұратов = Мышление как творчество. Коллективная монография / Под 
общ.  ред.  З.К.  Шаукеновой.  –  Алматы:  ҚР  БҒМ  ҒК  Философия,  саясаттану  және 
дінтану институты, 2014. – 224 б.
ISBN – 978-601-304-025-7
Ұжымдық  монография  мемлекет,  оның  түпкі  мәні,  басқару  формалары  туралы 
мәселелелердің  философиялық  мазмұнын  жан-жақты  ашуға  арналған.  Бұл  тақырып 
қоғамдық ойдың тарихында ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаралып келеді. Қазіргі 
кезеңде осы мәселелер, көбінесе, тарихи, социологиялық, саясаттану тұрғысынан талда-
нып жүр. Авторлардың пікірінше, мемлекеттің түпкі мәні де, оның басқару формалары 
да барлық мәдениеттер мен өркениеттер үшін ортақ негізде құрылады.  
Бұл  ұжымдық  монография  ғылыми  қызметкерлерге,  жоғары  оқу  орындарының 
студенттеріне,  магистранттар  мен  докторанттарға,  сонымен  қатар,  мемлекеттің  мәні, 
басқару  формалары  туралы  мәселелерге  қызығушылық  білдіретін  жалпы  оқырман 
қауымға арналады. 
Коллективная монография посвящена уяснению философского содержания госу-
дарства, форм его правления, а также анализу творческой функции мышления человека. 
Функция отражения является хотя и важной, но второстепенной. Понимание творчества 
как сущностного назначения мышления, идеального в человеческой жизни единственно 
и может объяснить бытие человека в мире, его историю, его деятельность, а не отражение 
мышлением бытия вообще и общественного бытия в частности. Такое понимание ставит 
на первый план ценностно-мотивационную сферу человеческого мышления, а познава-
тельно-отражательную – на второй. 
Коллективная монография адресуется ученым, преподавателям, а также всем, кого 
волнуют актуальные проблемы философии. 
 
    ӘӨЖ 342.5:1/14 (035.3)
     КБЖ 67.400.6+87.3
ISBN – 978-601-304-025-7   
 
            © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
                                                                                          және дінтану институты, 2014

 
 
 
                      
                                                  3
АЛҒЫ   СӨЗ
МЕМЛЕКЕТ, ОНЫҢ БАСҚАРУ 
ФОРМАЛАРЫ


        
Мемлекет, оның басқару формалары
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ.................................................................................... 5
1 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАРУ 
ФОРМАЛАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАР 
(Антика және Орта ғасыр ойшылдары)..................... 8
2 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАРУ 
ФОРМАЛАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮЗІМДЕР (Жаңа дәуір)........... 24
3
МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ФОРМАСЫНЫҢ 
АДАМ МӘНІНЕ НЕҒҰРЛЫМ САЙ ФОРМАСЫ 
ЖӨНІНДЕ (Маркстік теория)........................................
58
4
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 
БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ 
ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ.....................
80
5 М. ШОҚАЙ КЕЛЕШЕК ТҮРКІСТАН ДЕРБЕС 
МЕМЛЕКЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАРУ 
ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ.......................................................... 92
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ 111

 
 
 
                      
                                                  5
АЛҒЫ   СӨЗ
АЛҒЫ СӨЗ
Мемлекет, оның түпкі мәні, басқару формалары қоғамдық 
ойдың  бүкіл  тарихында  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  ретінде 
қаралып  келді.  Қазіргі  кезеңде  бұл  мәселе,  көбінесе,  тари-
хи,  социологиялық,  саясаттану  жағынан  талданып  жатады. 
Тақырып
 
тарихи, социологиялық тағы басқа қырларынан емес, 
философиялық мәні тұрғысынан болғандықтан, Қазақстанның 
қоғамдық ғылымында ол жөнінде әдебиет жоқ деуге де бола-
ды. Авторлардың пікірінше, мемлекеттің түпкі мәні де, оның 
басқару  формалары  да,  жалпы  алғанда,  барлық  мәдениеттер 
мен өркениеттер үшін бірдей болып есептеледі. Мемлекеттің 
түпкі мәніне оның тек әрбір жеке мүшесінің еркі мен құқығын 
құрметтеуге  құрылған  басқару  формасы    неғұрлым  сәйкес 
келеді, ал оған кереғар түрлері оның мәнінен алыстайды. Осы 
тұжырым бұл еңбектің негізгі нәтижелерінің бірі болып табы-
лады.  Авторлар  оның  дәлелі  –  «қоғамның  ең  алғашқы  ұйым-
дасу  қалыптары»,  –  дейді.  Ежелгі  ең  қарапайым  ұйымдық 
(рулық  тайпалық)  формаларда  жеке  адамның  алатын  орны 
мен  рөлі  әлдеқайда  орнықты.  Қазақтардың  хандық  дәуірдегі 
жағдайы осы шамалас. Көптеген тарихи деректерге сүйенсек, 
оларда демократиялық тәртіптердің деспотиялық үстемдіктен 
тарихи ерте пайда болғаны айқын деп тұжырымдалған. 
Көшпенділер қоғамындағы жеке адамның алатын орны мен 
рөлі  –  оның  рулық  қатынастарға  қаншалықты  берілгендігіне 
қарамастан  отырықшыларға  қарағанда  әлдеқайда  еркіндікте 
болғандығы  белгілі.  Көшпелілердің  қадірлеген  тарихи  құбы-
лысы – еркіндік ұғымы – жалпыадамзаттың түпкі құндылығы, 
өмірінің  түпкі  мәні.  Бұл  еңбекте  көшпенділердегі  еркіндік 
құбылысы  жан-жақты,  әсіресе  А.Тойнбидің  көшпенділердің 
еркіндігі жайлы ойларымен салыстыра зерттелген. 


        
Мемлекет, оның басқару формалары
Сонымен  қатар,  қазіргі  күні  ХХ  ғасырдың  басындағы 
кейбір  нақты  мәселелерге  байланысты  Ә.  Бөкейханов  пен 
М. Шоқайдың айтқан жеке құнды пікірлері өте құнды болып 
табылады.  Аталмыш  монографиялық  жұмыстың  көздеген 
мақсаты – мәселені философиялық мәні тұрғысынан зерделеу. 
Жалпы қоғамдық құрылым, соның аясындағы мемлекеттік 
құрылым  адамдардың  өзі  қандай  субъектілік  қалыпта  бол-
са,  соған  тәуелді.  Себебі,  адамдар  –  қоғамды,  мемлекетті 
құрушылар.  Қандай  дәуірде  қандай  адамдар  қауымдастығы 
қандай  негізгі  құндылықтарды,  мақсаттарды  ұстанады,  не 
нәрселерді ең биік асылдықтар деп, соған бой ұрады, дұрыс та, 
бұрыс та болсын, олар соған сай әлеуметтік түзімдер жасайды. 
Бірақ, мысалы, Аристотельдің айтуынша, мемлекет тек өз 
азаматтарының  бақыты  үшін  құрылады.  Жаңа  дәуір  ойшыл-
дары,  әсіресе,  Руссо  мен  Кант  адамның  түпкі  табиғатының 
өзі  еркіндік,  олай  болса,  мемлекеттік  құрылым  осы  еркіндік 
принципіне негізделуі қажет деп санаған. 
Авторлар  осы  идеяларды  талдай  отырып,  Қазақстанда 
тәуелсіз  мемлекеттік  форма  әрбір  азаматты  дербес  субъект 
ретінде қарай алатын мемлекеттік жүйе болуы тиіс деп ойлай-
ды. Ондай жүйе – демократиялық республика. Демократиялық 
жүйе – адам табиғатына, оның түпкі мәніне сай келетін басқару 
жолы. Демократияның балаң, әлі жетілмеген түрі – қауымдық 
құрылым.  Империялар  құрылмай  тұрған  дәуірдегі  адамдар 
қатынасы,  оның  Қазақстандағы  көшпенді  қоғамдық  тәртіптің 
формасы  –  хандық  билік  те  осы  демократиялық  жүйенің 
біршама  өзгерген  түрі.  Көшпенділерде  диктатуралық, 
тираниялық биліктің болуы мүмкін емес еді. 
Осы  концепциялық  тұрғыдан  қаралған  «ойлаудың 
құндылықтық-пиғылдық  саласының  ерекшеліктері»  мәселе-
сіне  арналған  бөлігінде  большевиктер  билеген  кеңестік 
дәуірдегі  тарихты  материалистік  тұрғыда  түсінудің  түпкі 
принциптерінің  жалған  көзқарас  екендігі  сарапталады.  Ав-
торлар  ең  алдымен  бейнелеу  теориясын  теріс  деп  санайды. 
Лениндік  бейнелеу  теориясы  деп  аталған  көзқарас  ойлаудың 
түпкі мәнін көрсете алмайды, себебі, бейнелеу бар объектінің 
ой жүзіндегі бейнесін құра алады. Тек бар нәрселердің идеал-

 
 
 
                      
                                                  7
АЛҒЫ   СӨЗ
дық бейнесін түзу адамдар өмірінде, қоғамда үнемі болып жа-
татын жаңа үдерістердің өзгешеліктердің бейнесін көрсете ал-
майды. Бейнелеу бар нәрселерді идеалдық түрде қайталаумен 
ғана шектеледі. Ал адамдар өз іс-әрекеттерінде әрқашан өмірде 
бұрын болмаған, өздерінен тыс табиғатта тіпті болуы мүмкін 
емес  жаңа  нәрселерді  –  жаңа  қатынастарды,  бұйымдарды, 
құрал-жабдықтарды  түзіп,  орнатып  жатады.  Ол  жаңа  нәрсе-
лердің ойлаудағы бейнелері, идеалдары, мақсаттары т. б. олар-
дан сөз жоқ, бұрын қалыптасады. Ең алғашқы тас балталардан 
бастап,  қазіргі  ракеталарға  дейінгі  құралдар  адамдар  ойлау-
ында олардан бұрын пайда болады, тек содан кейін ғана олар 
материалдық, заттық түрде іске асырылып жатады. 
Яғни, әркім үшін күнделікті тәжірибеден белгілі осындай – 
үдерістер адамдар тарихында, әлеуметтік өмірде идеалдықтың, 
ойлаудың шын мәнінде іс-әрекеттік қимылдардан, оларды іске 
асырудан уақыт жағынан бұрын ғана емес, қайта адамдардың 
материалдық  болмысын  анықтайтын  шешуші  анықтаушы 
фактор  екенін  көрсетеді.  Яғни,  бұл  тұрғыдан  философияның 
негізгі  ойлаудың  болмысқа  қатынасы  туралы  мәселеде  – 
ойлаудың  бірінші,  ал  болмыстың  екінші  екені  ақиқат.  Фило-
софия тарихында осы мәселелердің маңында қаралған негізгі 
ой жүйелер талданып, ондағы материалистік көзқарастардың, 
соның ішінде маркстік материализмнің идеялық адасушылық 
екендігі баяндалады. 
 


        
Мемлекет, оның басқару формалары
1   МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ 
ЖАЙЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАР 
(Антика және Орта ғасыр ойшылдары) 
Мемлекет  мәселесі,  жалпы  билік  туралы  мәселе  ерте 
замандардан-ақ  қоғамдық-саяси  ойдың  өзекті  бөлігі  бо-
лып  келеді.  Мемлекеттің  түпкі  мәні,  әрине,  билік  ұғымына 
келіп  тіреледі.  Көп  жағдайларда  тіпті  билік  пен  мемлекетті 
бір нәрсе деп қарау үйреншікті қалып алатыны да бар. Жал-
пы  философиялық  ойда  (оны  ерте  кезде  метафизика  деп  те 
атағаны мәлім) мемлекетті оның жеке өзгеше формаларынан 
оқшау, дербес ұғым ретінде қарастыру қалыптаса бастаған. 
Мемлекеттің  түпкі  табиғаты  (мәні),  оның  қандай  бастау-
лардан туындайтыны, түпкі нәр алатын тамырлары жөніндегі 
ізденулерді біршама шартты түрде екі типке бөлуге болады деп  
ойлаймыз. Олардың біріншісі – мемлекеттің, жалпы биліктің 
шығу көзін адамдар әлемінен тыс, тіпті кейде табиғаттан да тыс 
күштерден  іздейді.  Бұл  ең  алдымен  әртүрлі  діни  бағыттарға 
тән.  Мемлекетті,  оның  тәртіптері  мен  талаптарын  дүниеден 
тыс құдіретті күштердің адамдар үшін жер бетінде орнатқан 
тәртібі деп түсінетін көзқарастар өткен дәуірлерде кең тараған. 
Қазіргі кезеңдерде де үлкен ықпалы бар. Осы типтес бағыттағы 
қисындарға  Антика  дәуіріндегі  Платонның,  Аристотельдің, 
Орта  ғасырларда  әл-Фарабидің  Жаңа  дәуірдегі  Спинозаның, 
Гегельдің, Ницшенің, Шпенглердің философиялық жүйелерін 
жатқызуға болар еді. Бұл салаға мемлекеттің, жалпы биліктің 
шығар көзін әлемдік, табиғат күштерінің арасындағы өзара бай-
ланыстарынан көретін толып жатқан қисынсымақтар да жата-
ды. Олардың ішінде кез-келген себеп пен салдардың байланы-
сын  мемлекеттің,  адамдардың  ара  қатынастарымен  бара-бар 
деп санайтын, тек сыртқы ұқсастыққа негізделетін көзқарастар 
да бар. Сондай тым тұрпайы көзқарастарға Э. Канеттидің тек 

 
 
 
                      
                                                  9
1   Мемлекет және оның басқару формалары жайындағы 
философиялық концепциялар (антика және орта ғасыр ойшылдары)
механикалық  сипаттағы  түзімдері  мысал  бола  алады.  Осы 
типтес  көзқарастарды  құрайтын  ой  жүйелерін  шартты  деп 
есептейтін  себебіміз  –  олардың  біразы  түпкі  себепті  адамдар 
дүниесінен тыс күштерден көре отырып көп жағдайда олардың 
қоғамдағы өзара қатынастарына үлкен мән беріп, талдайтын-
дарымен ұштасып жатады. Бұл, мысалы, Гоббс, Вольтер, Рус-
со,  Канттарда  бар.  Екінші  типті  билікті,  оның  негізгі  форма-
сы  –  мемлекетті  –  адамдардың  өздерімен,  адамдар  құратын 
дүниемен  байланыстырып,  негізінде  сол  арқылы  түсіндіруге 
ұмтылатын  ой  жүйелерін  құрайды.  Бұл  бағыттың  көрнекті 
өкілдері  Жаңа  дәуірдің  белгілі  тұлғалары  Гоббс,  Локк,  Юм, 
Монтескье, Вольтер, Руссо, Кант, Фихте, Маркс т. б. 
Әлеуметтік ойдың, соның ішінде философиялық ойдың та-
рихында көбінесе қоғам мен мемлекетті ажырата берген жоқ. 
Олар  бір  нәрсе  сияқты  қаралып  жүрді.  Бұл  әсіресе  Антика 
дәуірінде басым болды. 
Мемлекет туралы жүйелі түрде әрі ол туралы белгілі бір 
идеяны негіздеп өрбітуді алғаш рет Платон іске асырды. Бұрын 
да айтқандай Платонның ой үйірімінде мемлекет ұғымы қоғам 
ұғымымен бара-бар. Жалпы алғанда ол дұрыс та. Платон зама-
нында қоғам әлі өте кең түрде іштей жіктеліп, өмірдің толып 
жатқан салаларына бөлініп, бір-бірінен алшақтап кете қойған 
жоқ.  Сондықтан  мемлекет  те  қоғамнан  бөлектенген  өзгеше 
құрама  ретінде  көріне  қоймаған.  Қоғамдық  тұтастықтың 
бүтіндігін  ой  жүзінде  көріп,  қамтып  қарастыру  қазіргіден 
көрі оңайырақ. Өз кезіндегі Афиналардағы біршама дамыған 
демократиялық  басқаруды  Платонның  теріс  бағалағаны 
белгілі.  Ондағы  азаматтардың  әсіре  белсенділігі,  жүйелі 
заңдардың әлі бекімегендігі, маңызды шешімдердің халық жи-
налыстарында қабылданып, олардың жиынға қатысқандардың 
көңіл күйіне орай өзгере беретіндігі белгілі топтардың байып, 
өздеріне көрші полистерді бағындыруға, басып алып үстемдік 
құруға ұмтылулары т. т. өзгерістер Платонның кезінде жүйелі 
тәртіптен  көрі  анархияға  ұласатындығы  оның  теріс  бағасына 
негіз  де  бергендігі  айқын.  Платонның  өзінің  ақсүйектер 
тұқымынан  шыққандығы  да  оның  осы  көңіл  күйіне  әсер  ет-
кен болар. Афиналардағы демократиялық тәртіптерді аса жек 

10 
        
Мемлекет, оның басқару формалары
көріп  кетуіне  әсіресе  өзі  аса  бағалайтын  ұстазы  Сократты  ха-
лық  жиналысының  шамалы  ғана  артық  дауыспен  өлім  жаза-
сына бұйырған шешімі әсер еткен дейді. 
Осы  айтылған  кейбір  жәйттерден-ақ  Платонның  демо-
кратияға,  жалпы  қарапайым  бұқараға  қатынасының  төмен 
екендігі түсінікті. Демократия оның ойынша қарадүрсіндердің 
билігі.  Көптеген  сұхбаттарында  (диалог),  «Мемлекетте  де» 
халық  туралы  оның  сөздері  менмендікке  толы.  Халық,  яғни, 
қаралардан, тіпті тобырлардан тұрады. Тобырдағы адамдарға 
тек  пікір  тән,  бірақ  таным  жоқ.  Таным  тектілерге  ғана  тән. 
Таным  барлық  құбылмалы  көріністердің,  өзгерістердің  ар 
жағындағы  ешқашан  бұлжымайтын,  өзгермейтін  болмыс-
ты  көре  алады.  Құбылыстардың  әр  тегінің  түпкі  идеясы  бар. 
Яғни  бүкіл  құбылыстар,  болмыстар  дүниесінің  ар  жағында 
мәңгі идеялар жүйесі бар. Идеялар әрбір тектің түпкі үлгілері, 
таза  мәндер.  Табиғаттағы,  адамдардағы  құбылыстар  сол 
мәңгі үлгілердің тек солғын бейнелері, солғын ұқсастықтары, 
көлеңкелері.  Табиғаттағы  құбылыстар  бірінші  көлеңке,  ал 
табиғат  құбылыстарына  еліктеп  адамдар  жасайтын  заттар, 
мүліктер, істер көлеңкенің көлеңкесі. 
Платон  философиясы  сондықтан  бүкіл  әлемді,  ондағы 
денелерді жанды, зерделі (разумно) деп түсінуге негізделген. Ең 
жетілген, ең биік зерделі нәрселер мәңгі айнымас қозғалыста 
болады,  яғни  олар  қозғалады,  бірақ  өзгермейді.  Осындай  де-
нелерге  ол  ең  алдымен  аспан  денелерін  –  күн,  жұлдыздарды 
жатқызады. Себебі олар қатаң тәртіппен айнымас қозғалыста. 
Оларда өзіндік мәні таза күйінде, түпкі идеясы біршама сәй-
кестік  формасын  тапқан.  Ал  ең  тәртіпсіз  қозғалыста,  құбыл-
малы жағдайда жүретіндер – тірі жәндіктер, жануарлар, әсіресе 
адамдар.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  адамдар  –  ең  жетілмеген 
зерделілер.  Олар  құратын  қоғамдағы,  мемлекет  формалары 
үнемі  өздері  сияқты  тұрақсыз,  өзгермелі.  Солардың  ішінде 
әсіресе, тирания, демократия сияқты түзімдер. 
Адамдар бүкіл космостың бір бөлігі ғана. Олар Космостың 
мәңгі заңдарымен өмір сүруі керек. Ал космосты, мәңгі идея-
лар жүйесін ұлы Жаратушы (Демиург) орнатқан. Мәңгі Космос 
өзгермек  емес.  Адамдар  болса  одан  ауытқып,  алшақтай  бер-

 
 
 
                      
                                                  11
1   Мемлекет және оның басқару формалары жайындағы 
философиялық концепциялар (антика және орта ғасыр ойшылдары)
мей Космостық тәртіп бойынша өз дүниесін, яғни өз қоғамын, 
мемлекетін  құруы  тиіс.  Яғни  мемлекет  те  мәңгі  бұлжымас 
тәртіпте жасалуы  тиіс. 
Платон философиясында, тіпті жалпы сол дәуірдегі қоғам-
дық ой үрдісінде даму идеясы әлі жоқ, әлі белгісіз деп есептей-
тін баға (мысалы, А.Ф.Лосев, т. б.) дұрыс деп ойлаймыз. Өйт-
кені  Платон  өзгермелікті,  тұрақсыздықты  жетілмегендіктің 
белгісі деп қарайды. Ал даму ол тұрғыдан тіпті ақылға сиым-
сыз нәрсе деп қабылданар еді. 
Яғни, Платон мемлекеттің мәңгі өзгермейтін, ең жетілген 
түрін  табу  керек  деп  есептеді.  Ал  ондай  биліктің  Космостық 
құрылымында  үлгі  боларлық  нышаны  қайсы?  Оның  ойын-
ша  ондай  нышан  –  бүтіннің  бөлікке  үстемдігі  немесе  одан 
басымдығы.  Егер  бүкіл  Космосты  бүтін  деп  қарасақ,  –  ал  ол 
тап  солай,  –  онда  адамдар  да  соның  бір  бөлігі.  Мемлекет  те 
ендеше  жалпы  космостық  заң  немесе  принцип  бойынша 
құрылуы керек. Ол принцип адамдарда әділеттілік деп атал-
са, онда бүкіләлемдік әділеттілік, ол – бүтіннің өз бөліктерінен 
басымдығы,  тіпті  оларға  үстемдігі.  Онда  адамдар  өміріндегі 
бүтіндікті  не  құрайды?  Платонша  ол  –  мемлекет,  ал  адам-
дар, олардың әртүрлі топтары – бөліктер. Платон өз кезіндегі 
үш  адамдар  тобын  атайды:  шаруалар,  қолөнершілер  және 
сақшылар. Бүтіндіктің мүддесі, яғни бүтіндікті сақтау ең биік 
мүдде. Ол ең жалпы мүдде ешбір жеке мүддемен үйлеспейді. 
Бүтіндік өзі өзі үшін түпкі мақсат. Ешбір жеке адамның, топтың 
мүддесі, мұқтаждықтары жалпы мүдденің өзгеше көріну түрі 
емес. Себебі тұтастық, бүтіндік бөліктерді тудырады, әрі оларға 
абсолюттік  мағынада  тәуелсіз.  Космостық  ауқымда  болсын, 
мемлекет ауқымында болсын. Сондықтан адамдарда бақыт деп 
есептелетін нәрселер шын мәнінде тұтастықтың бақыты, жеке 
адамның, адамдар топтарының мөлдек бақыты болмайды, олай 
деп  ойлау  –  жалғандық.  Платонның  ұғымында  мемлекеттік 
тұтастықтың бақыты да жеке адамның өз жанында күй кешетін 
бақыты емес. Ол тіпті жеке түрде бола алмайды. «... Ешкім де – 
еркек те, әйел де – ешқашан бастықсыз қалмау керек. Маңызды 
істерде де, ойында да ешкімде өз қалауынша әрекет етуге өзін 
үйретпеуі  тиіс:  жоқ,  қашанда  болсын,  –  соғыста  да,  бейбіт 

12 
        
Мемлекет, оның басқару формалары
шақта да бастыққа қарайлап және оның нұсқауларымен өмір 
кешу керек. Тіпті ең ұсақ-түйек нәрселерде де сол нұсқауларды 
басшылыққа алып отыру керек, мысалы, оның бірінші бұйры-
ғымен  орныңда  тоқтап,  ілгері  жүріп,  жаттығуларға  кірісіп, 
жуынып,  тамақтанып,  күзетке  тұруға  және  тапсырмаларды 
орындауға түнде ояну керек. Ең қауіпті жағдайларда да тек бас-
тықтың түсіндіруімен ғана жауды қудалап немесе шегініс жа-
сау керек. Қысқасы, адам жаны басқалардан оқшау бір нәрсе іс-
тей алмайтын болып, тіпті оның қалай болатынын түсінбейтін 
болып машықтансын. Мейлі барлық адамдардың өмірі барлық 
уақытта мүмкіндігінше неғұрлым толығымен ынтымақта және 
бірдей  болсын...  Бағыныштылықсыздық  барлық  адамдардың, 
тіпті адамға тиісті жануарлардың да өмірінен аластатылуы ке-
рек» [1, 444 б.]. Солай бола тұра Платон мемлекеттегі екі топтың 
адамдарында жеке меншіктің, жеке от басының болуын мойын-
дайды. Олар – шаруалар мен қол өнершілер. Бірақ, ең жоғарғы 
топ – сақшыларда меншік те, жеке от басын құру да болуға тиіс 
емес. Оларда әйелдер де, перзенттер де ортақ. Сақшылар (стра-
жи) мемлекеттің тұтас мүдделерін қорғаушылар. Сақшыларда 
әсіресе ешбір Платонның өз сөзі бойынша – өз тәнінен басқа 
– меншік бола алмайды. Жеке жанның тек өзіне ғана қатысты 
мүдде-мақсаттар түгіл, ешқандай сезім, жан толғаныстары да 
болуы  тиіс  емес.  Олар  өз  балаларын  да  біле  алмайды,  білуге 
тиіс  те  емес,  екі  адам  арасында  жекелік  жақындық,  достық, 
сүйіспеншілік сезімдер де мемлекеттің бүтіндігіне, оның ішкі 
беріктігіне жат нәрселер. 
Платонның жетілген (идеалдық) мемлекет туралы идеясы 
бойынша онда жалпылықтың абсолюттік үстемдігі болу қажет, 
бірақ  жекелікке,  өзгешелікке  орын  жоқ.  Жекеліктің  болуы 
мемлекеттің тұтастығын бұзады, оны ірітеді. 
Жекеліктің  өзіндік  ерекшелігін  мойындамайтын  Платон-
ның  жалпылық  идеясы  абстракциялық  сыңаржақтылыққа 
жақын. 
Ертедегі гректерде әрбір кішігірім қалашықтардың өз ал-
дына дербес мемлекет (полис) болып құрылғаны мәлім. Қала 
көбінесе белгілі бір өңірдің орталығы. Ауыл шаруашылығының, 
қолөнердің  ұйытқысы.  Оларда  мемлекет  басқарудың  патша-

 
 
 
                      
                                                  13


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал