Философия, саясаттану



жүктеу 3.67 Kb.

бет1/23
Дата11.03.2017
өлшемі3.67 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
                      
                                                  1
 К І Р І С П Е
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ  
ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ
Жазира Ошақбаева
ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ ӘМБЕБАПТАР: 
ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
Алматы
 2014


        
Дүниетанымдық әмбебаптар: 
тарих пен тағылым
ӘӨЖ 1 (091)
КБЖ 87.3
О 96
ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану 
институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, 
профессор З.К. Шәукенова және философия ғылымдарының докторы
профессор С.Е. Нұрмұратовтың 
жалпы редакциясымен 
Пікір жазғандар:
Д.Т. Кенжетай, философия ғылымдарының докторы, профессор
Ә.Н. Нысанбаев, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының
докторы, профессор 
Б.М. Сатершинов, философия ғылымдарының докторы, доцент 
О  96    Ошақбаева  Ж.Б.  Дүниетанымдық  әмбебаптар:  тарих  пен 
тағылым / З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редак-
циясымен.  –  Алматы:  ҚР  БҒМ  ҒК  Философия,  саясаттану  және 
дінтану институты, 2014. – 242 б.
ISBN – 978-601-304-011-0
Монографияда  дәстүрлі  қоғамдағы  дүниетанымдық  әмбебаптардың 
мәндік  және  құндылықтық  маңызы  зерделеніп,  этникалық  дүниетанымға  тән 
әмбебаптық категорияларға талдау жасалынады. Жұмыста ХV ғ-дан бастап ХХ-
ғасырдың аяғына дейінгі аралықтағы қазақ ойшылдарының шығармашылығы 
философиялық  сараптаудан  өткізіліп,  олардың  дүниетанымдық  жүйесінде 
орын  алған  рухани  маңызды  ұстанымдар  анықталады.  Еңбекте  қазіргі  гума-
нитарлық салалар аясында қолданылатын пайымдаулар өзектендіріледі. 
Жұмыстың ғылыми нәтижелерін философия тарихы, қазақ философиясы 
мен мәдениеттану, тарих және әдебиеттану, этика пәндерін оқытуда, жастарды 
руханилыққа тәрбиелеуде пайдалануға болады. Кітап ғылыми қызметкерлерге, 
оқытушыларға, магистранттарға, жалпы оқырман қауымға арналған.
Монография  «Ғылыми  қазына  (2012–2014  жж.)»  салааралық  ғылыми  бағ-
дарлама аясында дайындалған.
ӘӨЖ 1 (091)
КБЖ  87.3
ISBN – 978-601-304-011-0  
              © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану
                                                                            және дінтану институты, 2014
 
 
 
 
              © Ошақбаева Ж.Б., 2014

 
 
 
                      
                                                  3
 К І Р І С П Е
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................... 4
1 ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ ДҮНИЕТАНЫМЫН ЗЕРТТЕУДІҢ 
   ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ хандығы кезеңіндегі жыраулар шығармашылығының 
идеялық қайнар көздері....................................................................... 11
1.2 Дүниетанымдық әмбебаптардың рухани және материалдық
әлемді философиялық байыптаудағы орны................................... 38
1.3 Жыраулар дәстүріндегі рухани сабақтастықтың 
этно-мәдени негіздері........................................................................... 67
1.4  Еркіндік мәселесінің қазақ жыраулары 
шығармашылығындағы өзектіленуі.................................................. 90
2 ДӘСТҮРЛІ ҚОҒАМДАҒЫ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ 
   ӘМБЕБАПТАРДЫҢ БОЛМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ    
   МАҢЫЗЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
2.1 Әлемдегі Адам болмысын зерделеу – жыраулардың дүниеге 
көзқарасындағы басты дүниетанымдық бағдар............................. 104
2.2 Қоғам мен адамның өзара байланысы мәселесінің 
құндылықтық-мағыналық қырларының айшықталуы................. 135
2.3 Қазақ жырауларының дүниетанымдық әмбебаптарының 
қоғамның тарихи санасындағы рухани сабақтастығы................... 163
2.4 Қазақ зиялыларының руханилықты 
қалыптастырудағы рөлі........................................................................ 207
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................ 225
ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................................. 230
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану 
институты туралы мәлімет.......................................................................... 236
Информация об Институте философии, политологии 
и религиоведения Комитета науки Министерства образования 
и науки Республики Казахстан................................................................... 238
Information about the Institute for Philosophy, Political Science 
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry 
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.......................... 240


        
Дүниетанымдық әмбебаптар: 
тарих пен тағылым
КІРІСПЕ 
Идеялардың  мыңдаған  жылдық  құпиясын  өз  бойына 
жинақтаған философия тарихы әдіснамасының бүгінгі таңда өз 
ұлтының  түп-тамырына,  салт-санасы  мен  ерекшелігіне  назар 
сала бастаған тәуелсіз мемлекеттер үшін маңызы ерекше зор.
Жалпы бұл дүниеде ғылыми таным үдерісі мен халықтың 
идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары 
өзара  үйлесім  тауып,  қордалана  көрініс  тапқан.  Қазақ  фило-
софиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үл-
кен негіз және әдістемелік тетік. Ол қоғамдық сананың басқа да 
түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйрен-
бейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өне-
рін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және 
тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қо-
зғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғы-
лыми  құндылығымен  қатар,  жоғары  азаматтық  қасиетімен, 
әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат са-
лысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
Шығыс  дәстүріндегі  бай  философиялық  және  әлеуметтік 
ой,  оның  ішінде  қазақ  халқының  философиялық  ойы  Батыс-
тағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, поэзия-
да,  фольклорда,  музыкада,  ауыз  әдебиетінде,  мифологияда, 
мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде жатыр. Әлемді, адамды, 
оның өзін-өзі тануын, тұлғаның өмірдегі орны мен рөлін фи-
лософиялық  және  этикалық  тұрғыдан  жан-жақты  зерделеуге 
айрықша  мән  беру  қазақ  философиясының  ерекше  сипаты 
болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде қазақ философиясы 
– шығыстық философиядағы, ең алдымен, толық, рухани жа-
ғынан жетілген адам болу рухын қастерлеу мен зерделеу дәс-
түрін  жалғастыра  отырып,  оны  өзіндік  мазмұнмен  байытқан 
философия. «Қазіргінің  талай елін қайран  қалдырған  осынау 

 
 
 
                      
                                                  5
 К І Р І С П Е
байтақ  кеңістікті  кернеген  поэзиялық  әлем,  –  деп  атап  көр-
сетті  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Тарих  толқынында» 
атты  кітабында,  –  тек  қана  сұлулық  пен  сезімнің  шеңберінде 
шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. 
Содан  да  болар,  қазақтың  поэзиялық  шығармашылығында 
мейлінше  терең  танымдық  қасиеттер  бар.  Сондықтан  да 
қазақтың  дәстүрлі  поэзиясы  ұдайы  философиямен  шендесіп 
жатады» [1]. 
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хан-
дар  мен  қолбасшылар,  айтыскерлер  мен  ертекшілер,  билер 
мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті 
құбылыстарын  тілге  тиек,  ойға  өрнек  етіп,  әр  түрлі  деңгейде 
қазақ  халқының  қоғамдық  саяси,  мәдени,  сайып  келгенде, 
философиялық  ойлау  жүйесінің  құрылымын  жасады.  Олар 
шынайы реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік 
және  пантеистік  көзқарастар,  адамгершілік,  ізгілік,  иманды-
лық,  зорлық-зомбылықққа  қарсы  күресу,  құқықтық  саяси 
және  философиялық  жақтары,  мемлекет,  қоғам,  жеке  адам 
мәні, тағы басқалар еді. Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, 
тоқыраушылыққа,  қазақ  халқының  прогрессивті  дамуына 
кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл 
да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік 
ерекшелігі. 
Қазақ  хандығы  ұлттық  мәдениет  пен  әдебиеттің  өркен-
деуіне  зор  ықпал  етіп,  ерекше  жағдай  жасады.  Жеке  отау 
тігіп, өз мемлекетін құрған қазақ елі үшін XV-XVІ ғасырларда 
ең  басты  мәселе  –  жаңа  құрылған  мемлекетті  күшейту  мен 
қорғау  болды.  Қоғамдық  ой-сана,  халықтың  аңсары  –  ұлттық 
тұңғыш  мемлекетті  сақтап  қалу  болды.  Ру-тайпаларды  бір 
орталыққа  бағындырып,  ішкі  алауыздықты  тиятын,  сыртқы 
дұшпандарға  тойтарыс  беретін,  елдің  қамын  жейтін  әмірші 
керек екенін халық жақсы түсінді. Мемлекет күшті болу үшін 
ақылды  да  айбарлы  хан  керек  екенін  біліп,  хандық  идеяны 
дәріптеді.  Хандық  идеологияны  жақтап,  үгіттеуге  бар  күшін 
салған  жыраулар  мен  би-шешендер  өздерінің  құдіретті 
сөзімен, үлгі ісімен көп еңбек сіңірді. «Қазақ халқының фило-
софиялық  ой-пікірінің  ерекшелігі  –  оның  данышпандықты 


        
Дүниетанымдық әмбебаптар: 
тарих пен тағылым
жоғары  бағалағандығы,  ойшылдығы,  инабаттылығы  мен 
қайырымдылығы,  кеңпейілділігі  мен  кешірімшілігі»,  –  дейді 
Д.Кішібеков  [2,  32  б].  Бүкіл  Үнді,  Қытай  философиясындағы 
ғасырлап  қалыптасқан  адамгершілік,  гуманистік  қасиеттер 
қазақ  философиясына  да  тән.  Яғни,  үлкенді  сыйлау,  әдепті 
болу, оқыс, өрескел мінез көрсетпеу – қазақ халқының негізгі 
ұлттық сипаты. Бұл – ерте заманнан, сонау скиф, массагет, сақ 
дәуірлерінен келе жатқан дәстүр. Бұл дәстүр ақын-жыраулар 
шығармаларынан көптеп көрінеді. Белгілі философ ғалымдар 
Әбдімәлік  Нысанбаев,  Ғарифолла  Есім  рухани  еркіндік  алған 
алғашқы  жылдардан  бастап-ақ  «Қазақ  философиясы  адам, 
адамгершілік философиясы, адамның өмір сүру философиясы, 
экзистенциалдық философия», – деген пікірлер айта бастады 
[3, 4–5 бб.]. Cоңғы жылдардағы дүниеге келген философиялық 
туындылар осы пікірлердің дұрыстығын дәлелдейді.
Қазақ  халқының  философиялық  және  әлеуметтік  ойын 
зерттегенде осындай ерекшеліктерді ескеріп, ұлттық әдебиетті 
ұлттық  философияның  өмір  сүру  формасы  ретінде  түсініп, 
көркем  әдебиет  туындыларына  салыстырмалы  талдау  әдісін 
қолданып, жеке тұлғалардың поэтикалық мұрасындағы фило-
софиялық  мазмұнды  ашып  көрсету  үшін  оны  герменевтика-
лық тәсілдің көмегімен саралағанымыз жөн болады. 
Алаштың  азаттығы  үшін  бастарын  бәйгеге  тіккен  ерлер 
қай заманда да табылған. Олар елін жасытпау үшін, дұшпанын 
тасытпау үшін қаны мен жанын аямаған. Осылай сан ғасырға 
созылып, күні кешеге дейін жалғасқан ұлы күреске 20-ғасыр-
дың соңында нүкте қойылды. Қазақ жылнамасының жаңа беті 
ашылып,  тәуелсіздік  тарихы  тасқа  басылды.  2012  жылдың  14 
желтоқсанында  жарияланған  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 
қазақстандық  қоғамның  қол  жеткізген  идеологиялық  және 
саяси-әлеуметтік  деңгейінің  арқасында  мүмкін  болды.  Стра-
тегияда 2050 жылғы кезеңге дейінгі Қазақстанның әлеуметтік, 
саяси, экономикалық және мәдени дамуының барлық страте-
гиялық анықтаушы бағыттарын қамтитын көптеген мәселелер 
ауқымы айқындалған. Бұл стратегиялық жоспарлау мен бол-
жаудың  инновациялық  парадигмасына  негізделген  қазіргі 
әлемдік саяси тәжірибеде теңдесі жоқ құжат еліміздің мемле-

 
 
 
                      
                                                  7
 К І Р І С П Е
кеттік органдары, ғылыми-гуманитарлық және сараптамалық 
қауымдастығы  алдына  бірқатар  түбегейлі  жаңа  міндеттерді 
қояды. 
Елбасы  Стратегияда  мемлекетіміз  Мәңгілік  ел  болу  жо-
лындағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрі-
нісіне теңей отырып, бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен 
істері  және  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  арасында  сабақ-
тастық болса ғана біздің аспан астында адамзат баласы қанша 
жасаса,  сонша  ғұмыр  кешетін  ұлы  ел  бола  алатынымызды 
атап өтті. Халқымыз сан ғасырлық тарихында бастан өткерген 
қиындықтардан  ой  түйе  отырып,  ондай  сәттерді  кейінгі  ұр-
пақтың көрмеуі үшін еңбек ету – біздің негізгі мақсатымыз, тиі-
сінше,  ерен  еңбек  арқылы  жеткен  жетістіктерімізден  пайым 
жасай отырып, болашақ қазақстандықтар одан биік белестер-
ді бағындыруына жол салу біздің басты мұратымыз болуы тиіс.
«Қазақстан-2050»  стратегиясы  ел  болашағының  дүниета-
нымдық  жаңа  үлгісін  жобалау,  басты  құндылықтар  мен  бағ-
дарларды  айқындау  туралы  болып  отыр.  Бұл  құндылықтар 
осы  заманғы,  болашаққа  ұмтылған  құндылықтар  болуы  тиіс. 
Олар  ұлттың  тілін,  руханиятын,  дәстүрлерін,  мәдениетін 
сақтауды  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Сондықтан  да  Мемлекет  бас-
шысы «Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың та-
рихи санасының өзегіне айналуға тиіс» деп баса көрсетті.
Уақыт  талабы  –  заманауи  тарихи  сананы  жаңғыртуға  қа-
лың көпшіліктен бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық атса-
лысуы  қажет  екендігін  ескертуде.  Сондықтан  да  бұл  өмірлік 
мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен қазақстандық 
менің  болашағым  үшін  қажет  дегенде  ғана  жүзеге  асыра 
алады.  1995  жылы  Президенттің  тапсырмасымен  жасалып, 
Президент  жанындағы  мемлекеттік  саясат  жөніндегі  Ұлттық 
Кеңес мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру 
тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың 
басты  міндеті  –  тарихи  ғылымның  басты  мәселелерін  және 
оны  шешудің  мүмкін  бағыттарын  белгілеу,  тарихи  білім  мен 
ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы 
уақыт  аралығында  гуманитарлық  сала  ғалымдары  аз  жұмыс 
атқарған жоқ. Әсіресе, жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына 


        
Дүниетанымдық әмбебаптар: 
тарих пен тағылым
байланысты  жобалар,  «қазақ»  этнониміне,  қазақ  халқы  этно-
генезіне, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына, көшпелі қоғам 
эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді. 
XX  ғасырдың  басында  зиялылар  тағдыр  сынын  қалай 
көтерсе, XXI ғасыр басында да жаһандық мәселелер ортасында 
қиындықты  жеңіп  шығатын,  әлемдік  тарихтағы  Қазақ  елінің 
орнын  ойып  көрсете  алатын  ойшыл  ғалымдар  ғана  жаңа 
тарих сахнасынан көрінері анық. Ал халық талай рет тарихтың 
толқынды дауылына шыдас беріп келеді. Үкімет басшысының 
атап өткен ұлттық тарихтағы шешілмей келген ауқымды мін-
деттерін  шешуде  ғылыми  талдауларды  жаңаша  көзқараспен 
дүниеге  әкелу  үлкен  жауапкершілікті  талап  етуде.  Ұлттық 
тарихты халық игілігіне айналдыруымыз қажет. Ол үшін жаңа 
әдістерді қолдану керек. Әсіресе, тарихтың ақтаңдақтарын те-
рең зерттеу қажеттігі байқалып отыр. Кез келген мемлекеттің 
негізгі тірегі және басты байлығы сол елді құраған халқы болып 
табылады.  Ал  сол  халықтың  алға  қарай  адымдап  дамуында 
тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі тарих халықтың 
өзін-өзі  тануына  жәрдемдесіп,  ұлттық  намыс,  ел  бірлігі  және 
мемлекеттік  мүдде  деген  ұғымдарды  қастерлеуге,  ұлттық 
құндылықтарды  сақтауға  үйретеді.  Ұлттың  шынайы  тарихы 
ұлттық  идеологияның  қалыптасуының  да  негізгі  қайнар
көзін құрайды. Сондықтан тарихи білім беруге үздіксіз көңіл 
бөлінуі қажет.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігі кезеңінде 
саяси, экономикалық, қоғамдық өмірде және әлеуметтік салада 
күрделі өзгерістер орын алуда, қазақстандықтардың өмірінде 
алға басушылықтар байқалып, өтпелі кезеңнің көптеген келеңсіз 
құбылыстары артта қалуда. Халқымыздың осы бостандығының 
беріктігі, еліміздің саяси дербестігі, оның экономикалық дамуы 
және  әлеуметтік  өркендеуімен  тікелей  байланысты.  Қазіргі 
жаһандану  заманында  қазақ  халқының  ұлт  болып  сақталуы 
үшін  ұлттық  құндылықтары  насихатталып,  төл  деректері, 
құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Қазақ елінің тарихына 
қатысты  өз  пікірін  білдірген  қазақ  зиялысы  А.  Байтұрсынов 
былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің 
тарихын  ұмытқан  ел,  қайда  жүріп,  қайда  тұрғандығын,  не 

 
 
 
                      
                                                  9
 К І Р І С П Е
істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн 
туатынына  көзі  жетпейді.  Бір  халық  өзінің  тарихын  білмесе, 
бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға 
ыңғайлы болып тұрады».
Жас  тәуелсіз  мемлекет  өз  қауіпсіздігі  мен  тәуелсіздігін 
нығайта  түсуі  қажет.  Оған  рухани  жаңғыру  мен  діни  наным-
сенімнің  де  айтарлықтай  рөлі  бар.  Ал,  тарихи  білім  Отан 
тарихын жетік біліп, шынайы сезінгенде ғана тәрбие құралына 
айналады.  Ұлттық  сана  сезім  Отан  тарихын  тану  арқылы 
қалыптасады.  Кез  келген  жас  ұрпақ  әлем  елдері  тарихынан 
да хабардар болуы керек. Сондықтан да қазақ философиясы-
ның  тарихын  зерттеу,  ХV-ХХ  ғасыр  аралығандағы  ойшыл-
дар  шығармашылығының  философиялық  астарларын  ашып 
көрсету уақыт талабы. 
Бұл  еңбектің  қазіргі  заманғы  еліміздің  рухани  дамуында, 
ұлттық идеяны қалыптастыру бағытында қазақ ойшылдарының 
дүниетанымдық әмбебаптарын зерделеп, оның тарихилық пен 
дәстүршілдік  принциптерінің  алғышарттарын  орнықтыруда, 
ұлттық  құндылықтарымызды  қайта  жаңғыртуда  өзіндік 
орны  бар  зерттеу  болатындығы  шүбәсіз.  Ойшылдардың 
рухани  мұраларының  халқымыздың  рухани  дүниесін  байыта 
түсетіндігі,  рухани  сабақтастықтың  мәдениет  пен  фило-
софиялық  жүйе  тұтастығын  сақтауға  қызмет  ететіндігі  осы 
жұмыста көрініс табады. Ғылыми еңбектің тақырыбы мемле-
кеттік  маңызды  бағдарламалармен  де  толық  сәйкес  келеді, 
әсіресе «Мәдени мұра», «Ғылыми қазына» мемлекеттік бағдар-
ламаларына үндес ғылыми ізденіс болып табылады. Сонымен 
қатар  философия  тарихы  бойынша  ғылыми  зерттеу  ретінде 
халқымыздың  рухани  байлығын  жан-жақты  зерделеуге  негіз 
болады. 
Қазақ халқының өзіндік санасын, рухын тануда жыраулар 
дүниетанымын  философиялық  талдаудан  өткізу  қазіргі 
гумнитарлық  ғылымдар  жүйесінің  маңызды  мәселелерінің 
қатарына  жатады.  Себебі  келешекке  сенімді  қадам  жасау 
үшін  алдымен  өткенді  танудың  маңызы  зор.  Халқымыздың 
қиын-қыстау  замандағы  мұң-мұқтажын  адамзаттық  гуманизм 
деңгейіне  көтере  білген  ойшыл  тұлғалардың  дүниетанымын 

10 
        
Дүниетанымдық әмбебаптар: 
тарих пен тағылым
зерттеудің  тәуелсіздігіміздің  іргетасын  бекіте  түсудегі  маңызы 
ерекше.  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  рухани,  дүниетанымдық 
қатынастарды,  олардың  мәнін  жыраулар  дүниетанымының 
аясында  сараптаудың  да  өзіндік  маңыздылығы  мол.  Әр 
халықтың  дүниеге  деген  философиялық  көзқарасы,  өзіндік 
дүниетанымдық  ерекшеліктері  болады.  Қазақ  халқының 
дүниеге деген қатынасы, адам – әлем туралы көзқарастарының 
қалыптасуы  тамыры  терең  тарихтан  бастау  алып  дамып 
келеді.  Қазақ  хандығы  кезеңінде  өмір  сүрген  жыраулардың, 
би-шешендердің  шығармашылығы  қазақ  философиясының 
дамуына  ерекше  үлес  қосқан  деп  айта  аламыз.  Олардың 
даналық  ой-толғамдарын  тарихи-философиялық  тұрғыдан 
талдаудың  да  маңызы  ерекше.  Себебі  халқымыздың  өткен 
тарихындағы  ойшыл  тұлғалардың  дүниетанымын  зерттеп, 
одан  тәлім,  үлгі-өнеге  алудың  іргетасы  енді  ғана  қаланып, 
бекіп  келе  жатқаны  тәуелсіз  Қазақстан  үшін  маңызы  өте  зор. 
Еңбекте  жыраулардың  сан  қилы  ой  толғаулары  сабақтастық 
және өзара байланыстылық тұрғысынан қарастырыла отырып, 
олардың  философиялық  мазмұны,  қазақи  қоғамдық  сананы 
қалыптастыру  ісіне  тигізген  игі  ықпалы  таразыланып,  қазақ 
философиясының  қайталанбас  ерекшеліктеріне  арқау  болған 
рухани құбылыс ретінде сараланады. 
Қазақ ойшылдарының шығармалары мен саяси-құқықтық 
көзқарастары  бүгінгі  күні  де  өте  маңызды.  Олардың  ұлттық 
мемлекетке  деген  көзқарасы  бүгінгі  Қазақстан  үшін  ғана 
емес,  саяси  тәуелсіздік  пен  егемендікке  қол  жеткізген  барлық 
мемлекеттер  үшін  де  ерекше. 
Қазіргі  жаһандану  процесінің 
кең  етек  жайып,  барлық  рухани-мәдени  байлығымызға  әсерін 
тигізіп,  өз  үстемдігін  жасауға  талпынған  дәуірде  өз  бол-
мысымызды,  ұлттық  ерекшеліктерімізді,  тіліміз  бен  ділімізді 
әлемдік  рухани  мәдениеттің  бір  бөлігі,  ерекше  түрі  ретінде 
сақтап қалуға талпыныс жасап отырған кезде тарихқа, ата-баба 
даналығына арқа сүйеп, мәдени мұраны қалқан тұту үшін оның 
ерекшеліктеріне ден қойып оқып-білуі қажет деп ойлаймыз. 

 
 
 
                      
                                                  11
Қазақ жыраулары дүниетанымын зерттеудің 
   ғылыми негіздері
1  ҚАЗАҚ  ЖЫРАУЛАРЫ  ДҮНИЕТАНЫМЫН  ЗЕРТТЕУ-
ДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГIЗДЕРI
1.1 Қазақ хандығы кезеңіндегі жыраулар шығармашы-
лығының идеялық қайнар көздері 
Ортағасырлық  атақты  тарихшы  Мұхаммед  Хайдар 
Дулатидың  куәландыруы  бойынша  1456  жылы  Керей  мен 
Жәнібек  сұлтандар  Қозы-Басы  дейтін  байтақ  қоныс  пен  Шу 
өзенінің  бойында  дербес  хандықтың  туын  көтереді.  Қазақ 
хандығы  ұлттық  мәдениеттің  өркендеуіне  орасан  зор  ықпал 
жасады.  Қазақ  елi  өзiнiң  сан  ғасырларға  созылған  ұзақ 
тарихында  қилы-қилы  асулардан  өтiп,  талай  шерлi  заманды 
басынан  кешiреді.  Соған  қарамастан  халқының  адал,  батыр 
азаматтары  тарих  жүгiн  ұлтының  атын  жоғалтпай  ғасырдан 
ғасырға өткiзiп отырды. 
Қазақ тарихының қызықты да жiгерлi, ойшыл да сұлулыққа 
толы  бетiнiң  бiрi  –  хандық  дәуiр  кезеңi.  Бұл  қазақтың  кең 
даласына,  таусылмас  байлығына  ие  болуға  екi  ұлы  империя 
Ресей  мен  Қытайдың  екi  бүйiрден  қадалып  тұрған  кезi  бола-
тын. Бұл қазақ халқы мәдениетiнiң де өзiндiк бетi айқындала 
бастаған  кезең  едi.  Осы  қиын  заманда  ел-жұртымен  бiрге 
өмiр  сүрiп,  олардың  басына  түскен  ауыртпашылықтарға 
ортақтасып,  қайғы-қасiреттерiн  мұңды-сазды  әуендерiмен 
зарлана-шерлене  толғаған  жыраулар  едi.  Бұл  дәуірде  ежелгі 
мифологиялық  аңыздар  мен  фольклорлық  шығармалар, 
тарихи-шежірелік туындылар мен шешендік өнер қатар ғұмыр 
кешті.  Себебі,  қазақ  хандығындағы  болмыс  пен  мемлекеттік 
құрылым өзгеше еді. Көшпелі өмір мен отырықшы тұрмыстың, 
бақташылық  пен  диқаншылықтың  қатар,  жарасымды  дамуы 
сол кездегі рухани өмірге өзіндік сипаты мол ауыз әдебиетін, 

12 
        


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал