Философия, саясаттану және дінтану институты ғылым комитеті қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 3.76 Mb.

бет1/26
Дата28.03.2017
өлшемі3.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

1

ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ

ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ 

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТӘУЕЛСІЗДІК. АШЫҚ ҚОҒАМ. 

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ 

10-том

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 

25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АКАДЕМИК 

Ә.Н. НЫСАНБАЕВТЫҢ ТАҢДАУЛЫ ҒЫЛЫМИ 

ЕҢБЕКТЕРІНІҢ 10-ТОМДЫҚ ЖИНАҒЫ

Алматы

2016

2

ӘӨЖ 101

КБЖ 87

Н 91

ҚР БҒМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану 

институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынған

Редакциялық алқа:

З.К. Шаукенова

 (төраға), С.Е. Нұрмұратов (төраға орынбасары)



В.Ю. Дунаев, С.Ю. Колчигин, В.Д. Курганская

Рецензенттер:

ҚР ҰҒА академигі Ж.М. Әбділдин, 

ҚР ҰҒА академигі А.Қ. Қошанов, 

ҚР ҰҒА академигі С.С. Сартаев 



Н 91      Нысанбаев Ә.Н. 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

арналған  академик  Ә.Н.  Нысанбаевтың  таңдаулы  ғылыми 

еңбектерінің 10-томдық жинағы. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, 

саясаттану және дінтану институты, 2016. 

ISBN – 978-601-304-064-6

Т. 10: Адам және ашық қоғам. 10-том. 

– 453 б.


ISBN – 978-601-304-074-5

ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері, Президенттің бейбітшілік 

және  рухани  келісім  сыйлығының  лауреаты,  көрнекті  ғалым-

философ  Ә.Н.  Нысанбаевтың  таңдаулы  еңбектерінің  10  томдық 

жинағында оның белгілі шығармалары топталған.

Оныншы  томда  адам  және  оның  мәні  мен  мағынасы,  дүние-

танымы мен құндылықтар әлемі зерделенеді. Бұл кітапта адам мен 

ашық азаматтық қоғам арақатынасы мәселелері зерттеледі. Еңбекте 

адамды рухани жағынан жетілдіру қоғамды жетілдірудің төте жолы 

болып келетіндігі көрсетіледі.

Кiтап ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, студенттер мен 

докторанттарға және қалың оқырман қауымға арналған.



ӘӨЖ 101

КБЖ 87

ISBN – 978-601-304-074-5 (Т. 10)          © Нысанбаев А.Н., 2016

ISBN – 978-601-304-064-6 (ортақ)  © ҚР БҒМ Философия, саясаттану 

 

 



 

                        және дінтану институты, 2016



3

АЛҒЫ СӨЗ

Қоғам  –  әлеуметтік  институттар,  ұйымдар,  қауым-

дастықтар мен жеке индивидтердің тіршілігі мен даму-

ында көрініс табатын, адамдардың өмір сүруінің тарихи 

өзгерістерінің  формаларынан  құралатын,  табиғаттан 

бөлініп  шыққан  жүйелі

 

құрылым.


 

Осыған  байланысты 

әлеуметтік философияның пәні адам өзінің басқалармен 

бірлескен іс-әрекеті кезінде түзелетін алуан түрлі байла-

ныстар мен қатынастарды, сонымен қатар, олардың фор-

маларын анықтау болып табылады деп тұжырымдауға 

болады. 

Әлеуметтік философияның маңызды мәселелерінің 

біріне тарихи процесте заңдылықтардың болу мәселесі 

және  онымен  тығыз  байланысты  адам  қоғамының 

типологиясының объективті негіздерін іздеу жатады. 

Бұрын  өмір  сүрген  және  қазіргі  бар  алуан  түрлі 

қоғамдарды әлеуметтік философияда белгілі бір типтер-

ге бөледі. Қоғамдарды жіктемелеудің бірнеше тәсілдері 

бар. Маркстік дәстүрге байланысты қоғамның типі өн-

діріс тәсілі арқылы, яғни ол ие болатын экономикалық 

ресурстардың пайдаланылуы мен бақылануына байла-

нысты  анықталады.  Бірақ  қоғамдардың  типологиясы 

өмір сүруге қажетті оларға тән құралдарды алу тәсілдері, 

олардың әлеуметтік-мәдени сипаттары, шаруашылығын 

ұйымдастыру тәсілдері арқылы жасалуы мүмкін. 

Адамдар, өздерінің ерекшеліктері мен сапаларының 

сан  алуандығына  қарамастан  ең  алдымен  іс-әрекеттің 

субъектісі, ал өздерінің мақсаттарына жету үшін жасалған 

және қолданылатын құралдары – ең қарапайым тас бал-

тадан бастап компьютерге дейін – оның объектісі болып 

табылады.  Адамдар  арасында  пайда  болатын  байла-


4

ныстар мен қатынастар, оларға таңылатын объектілер 

де,  іс-әрекеттің  ұйымдастырушы  формалары  ретінде 

қарастырылады. 

Әлеуметтік  ұйымдастықтың  түрлері  мен  формала-

рының шарттылығына қажетті адамдардың іс-әрекетінің 

белгілі  бағытының  түбірі  туралы  маңызды  сұрақтар, 

адамның бостандығы мәселесі тәрізді, іс-әрекеттің ішкі 

регулятивті  механизмдері,  оның  субъектілерінің  жайы 

мен қасиеттері және олар әлеуметтік топтармен қарым-

қатынасқа түсу процесі кезінде пайда болатын сұрақтар 

болып  табылады.  Қысқаша  айтқанда,  адамзат  тегінің 

тіршілік ету ауқымының шектерінде іс-әрекеттің белгілі 

бір модификациясы болмайтын және оның іргелі сипат-

тамаларымен  қатынасы  арқылы  түсіндірілмейтіндей 

ештеңе  жоқ.  Сондықтан  іс-әрекеттік  тұрғыдан  қарас-

тыру  әрқайсысы  әлеуметтік  әрекеттің  субстанцио-

налды  түсінілетін  қасиеті  ретінде,  құрылымдық  эле-

мент  (бөлік)  ретінде,  бөліктердің  қатынасы  ретінде 

анықталатын  бірқатар  іргелі  ұғымдарда  әлеуметтік 

құбылыстардың барлық алуан түрлілігін қайшылықсыз 

түйіндеуге мүмкіндік береді.

Ары  қарай  әлемдік  философияда  қоғамдық  біртұ-

тастықты  тану  әлеуметтік  таным  деп  аталатындығы 

көрсетіледі. Социум танымның объектілерінің ішіндегі 

ең  күрделісі  болып  табылады,  өйткені  ол  –  материя 

қозғалысының  адамзатқа  белгілі  ең  жоғарғы  форма-

сы.  Әлеуметтік  танымда  қоғам  әрі  объект,  әрі  субъ-

ект  болады:  адамдар  өздерінің  жеке  тарихын  жасайды 

және де дәл солар оны тани алады. Мұндай объект пен 

субъектінің сәйкестігі бір мағыналы болып бағалана ал-

майды. Бір жағынан, ол оң мағынаға ие, өйткені қоғамда 

өтіп  жататын  процесстер  танитын  субъектіге  оның 

тікелей немесе жанама өмірлік тәжірибесіне өте жақын 

болғандықтан осы процесстерді терең түсінуі мен дұрыс 

тануына  мүмкіндік  береді.  Алайда,  екінші  жағынан, 

танымның  жинақталған

 

субъектісінде  әртүрлі,  тіпті, 



кейде  қарама-қарсы  ырықтар,  мақсаттар  орын  алады. 

Соның  нәтижесінде  тарихи  процестердің  өзіне  және 



5

оларды тануға субъективизмнің элементтері енгізіледі. 

Сонықтан әлеуметтік танымда шектен шығып кетуден 

сақ болу керек. 

Адамның  философиялық  ұғымы  әлеуметтік 

философияның  объектісі  ретінде  адамды  адам  ететін, 

маңызды  болып  табылатын  және  одан  оның  басқа 

да  ерекшеліктері  шығатын  адами  ерекшеліктері 

мен  қасиеттерін  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік  береді 

дейді.  Ең  алдымен  олардың  қатарына:  әлеуметтік, 

шығармашылық,  бостандық,  сонымен  қатар  адамды 

өзгеше  жаратылыс  ретінде  сипаттайтын  белгілерін 

жатқызады.  Соңғыларының  арасында  ең  маңыздысы 

болып  адамның  коммуникацияға,  жауапкершілікке 

қабілеттілігі  және  өзінің  жасаған  нормаларына  сәйкес 

өзін  ұстауы  есептеледі.  Сондықтан  Қазақстанның 

мемлекеттік  егемендігін  алуы  жағдайында  барлық 

әлеуметтік  саясат  бүкіләлемдік  сұхбатқа  ашық  болып 

табылатын  біздің  қоғамымыздың  ең  басты  байлығы  – 

адамға бағытталуы керек. 

Әлеуметтік  ортамен  өзара  әрекеттесе  отырып, 

өткен  ғасырлардың  тәжірибесін,  адамгершілік  норма-

лары мен ережелерін игере отырып, адам тек қана жеке 

тұлға болып қалыптасып, қоғамда өз орнын тауып қана 

қоймайды, сонымен қатар көп жағдайда адам өзін, өзінің 

индивидуалдылығын жоғалтады, сонымен қатар қоғам 

да адамды жоғалтады, ол адамнан жаттанады. 

Жаттану, шын мәнінде, адамның заттануына, өзінің 

іс-әрекеті  өнімінің  құлына  айналуына,  еңбегінің  шарт-

тары,  құралдары  мен  өнімдерінің  үстінен  бақылаудың 

жоғалуына  әкеледі.  Ол  оның  адамдық  мәнінің 

маңызының  жойылуына  әкеледі,  адамды  затқа,  басқа 

біреулердің  мақсаттарына  жетуінің  құралына  және 

өзінің  жеке  индивидуалды  тіршілігінің  құралына  ай-

налдырады.  Сонымен  қатар  адам  өзінің  бостандығын 

жоғалтады, ол «шектеулі», «шекті» болып қалады, яғни 

тек  қана  жеке  тұлға  ғана  емес,  индивидуалдылық  бо-

лудан  да  қалады.  Сондықтан  бостандық  логикасы 

жаттанудың  антиподы  болып  табылады.  Ол  орташа-


6

ланған, бір ізге келтірілген адам болып қалады. Мұндай 

бір  ізге  келтірілу  үшін  социумның  бүкіл  механизмдері 

мүмкіндік  туғызады.  Адамның  рухани  өмірі  екінші 

орынға түсіп қалады, ол адамның өзінен және қоршаған 

ортаны  материалдық  және  техникалық  тұрғыдан  иге-

руден  туындайды  және  соған  тәуелді  болып  қалады. 

Жаттанудың тек қана объективті ғана емес, субъективті 

жағы да бар. Жаттанудың субъективтілігі бұл әлеуметтік 

феноменнің жалған идеологиялық ұстанымдардан орын 

алатындығынан,  әлеуметтік  нормаларды  қарсы  күш 

ретінде қабылдаудан, жалғыздық сезімінен, апатиядан, 

әлеуметтік летаргиядан көрінеді. 

«Адам, – профессор Қ. Әбішев айтқандай, – заттану-

мен байланысты болатын әлеуметтік жаттануды жеңуі 

қажет,  өйткені  ол  адамды  билейді  және  әлеуметтік 

әділеттілікті  бұзады».  Мұндай  жаттануды  жеңу  тек 

демократиялық және адам бостандығы орнаған мемле-

кетте ғана мүмкін. 

Әлеуметтікті  адамның  ерекшелігі  ретінде  сөз 

қозғаған  кезде  адамның  қасиеті  –  ерекшелігі  көпшілік 

жағдайда  басқа  адамдарға  бағытталатындығын  және 

басқа адамдар тіршілік ететіндіктен ғана болатындығын 

ескеру  керек.  Адамның  табиғатына  тән  және  қоғамда 

жасалатын  әлеуметтілігі  оның  шығармашылығымен, 

бостандығымен,  сонымен  қатар,  өзіндік  санасымен 

органикалық түрде өзара байланысты. 

Шығармашылық тек адамға ғана тән: шығармашы-

лық процесінде ол бұрын болмаған нәрсені өндіреді, са-

палы түрде жаңа материалды және рухани құндылықтар-

ды  жасайды.  Шығармашылық  еңбекте  пайда  болатын 

адамның ерекше қабілеттілігі болып табылады. Ол сан 

алуан  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін 

қызмет  ететін  жаңа  шындықты  жасауға  бағытталады. 

Адамды өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін жасауға 

және  дамытуға  қабілетті  жаратылыс  деп  тегінен  тегін 

айтпайды. 

Шығармашылықтың  мүмкіндігінің  өзінде-ақ  адам-

ның  бостандығы  жатыр.  Бостандық  ұғымы көпқырлы; 


7

оның  маңызды  қыры  қоғамдық  өмірдегі  бостандық 

пен  қажеттіліктің  өзара  байланысы  болып  табылады. 

Сонымен  қатар  тек  қана  қоғамда  ғана  адамның  еркін 

дамуы  мүмкін.  Адамның  дамуымен  табиғи  қажеттілік 

патшалығы кеңейеді, өйткені тұтынушылықтың көлемі 

ұлғаяды;  бірақ  оны  қанағаттандыруға  бағытталған 

қоғамның  өндіруші  күштері  де  ұлғаяды.  Сөйтіп  адам 

табиғи және қоғамдық күштерді бақылауға ала отырып, 

қоғамда өзінің бостандығын шектеушілерді жеңеді. Осы 

күштерге  ие  бола  отырып,  ол  өзінің  бостандығының 

мөлшерін жоғарылатады. Ол бұл күштерді тануға мүд-

делі болған сайын және оларды өзіне қызмет етуге мәж-

бүрлеген  сайын  еркін  әрекет  ете  алады.  Бұл  белгісіз 

күштерді танып-біле және игере отырып, адам белгісіз, 

оның іс-әрекетін шектейтін қажеттілікті белгіліге, яғни 

бостандыққа айналдыруға қабілетті. 

Толеранттық

 

ұстын  басқа,  тіпті  мүлдем  қарама-



қарсы  көзқарасқа  төзімділікпен  қарауға  және  сыйла-

суға, менің өзімнің жеке «менің» ұстанатын құндылық-

тармен  үйлеспеуі  мүмкін  құндылықтарды  ұстанатын, 

мүлдем  басқа  мәдениеттің  өнімі  екендігін  түсінуге 

негізделеді.

Қатынас  адамдардың  бір-біріне  деген  қоғамдық 

қажеттілігін  білдіреді.  Адамдардың  арасындағы  қаты-

настарда  кездесетін  мәселелердің  бірі  әлеуметтік-

экономикалық  жағдаяттардың  әртүрлілігімен,  қаты-

насқа  түсетін  субъектілердің  этностық  және  ұлттық 

ерекшеліктерімен,  олардың  білімділігі  мен  рухани-

лығының  дәрежесімен,  жас  ерекшеліктерімен,  белгілі 

бір әлеуметтік топтың өзгешелігімен т.б. анықталатын 

мәдениеттердің әртүрлілігінде жатыр. 

Осыған  байланысты  әр  түрлі  мәдениетаралық, 

толеранттық  пен  өзара  түсіністікке,  басқалардың  идея-

сын  қабылдауға  деген  талпынысқа,  басқаның  ойын 

түсінуге, оны өзінікі етіп жасауға негізделген сұхбаттың 

қажеттілігі  өзекті  болып  табылады.  Мәдениет  қаты-

настың  нәтижесі  ретінде,  ең  кем  дегенде,  екі  түрлі 

мәдениеттің  сұхбаты  ретінде  пайда  болған  кезде  ғана 


8

терең  философиялық  мағынадағы  мәдениет  бола  ала-

ды.  Бұл  жерде  сөз  әрқайсысы  өзін  адамдық  болмыс-

тың, адам санасының, оның психологиялық ерекшелік-

терінің,  мінез-құлқының,  ең  соңында,  оның  өмірлік 

тағдырының  өзіндік  детерминациясының  формасы 

ретінде көрсететін мәдениеттердің сұхбаты туралы бо-

лып отыр. 

Мәдениеттің  иесі  әлеуметтік  субъект  болып  та-

былады.  Дәл  соның  өзі  мәдениетаралық  қатынастың, 

олардың  сұхбатының  өкілі  болып  табылады.  Және 

де  жүргізіліп  жатқан  сұхбаттың  жемістілігі  дәл  соған, 

әлеуметтік  субъектіге  тәуелді.  Сұхбаттың  барлық 

эвристикалық мүмкіндіктерін, оны жүргізуші, өздерінің 

дәстүрлерімен,  тілдерімен,  мәдениеттерімен  ерекше-

ленетін, әлеуметтік субъектілердің арасындағы комму-

никативті  байланыстарды  барынша  толық  пайдалану 

қақтығыстар мен дағдарыстардан құтқарады, бірлескен 

шығармашылыққа  мүмкіндік  береді,  жеке  тұлғаның 

және жалпы қоғамның дамуының негізін құрайды. 

Бұл жерде жаһандану ұғымы әлеуметтік философия-

да қазір жеке бір ұлт немесе халықты ғана емес, бүкіл 

әлемдік өркениетті қамтитын әлеуметтік өзгерістердің 

көлемділігін  көрсету  үшін  қолданылатындығы  атап 

өтіледі.  Жаһандану  теориясы  қазіргі  уақытта  эконо-

микалық  және  саяси  құрылымның  батыстық  моделі 

көп мөлшерде мойындалып, кең тарап, әлемде белсенді 

түрде  батыстану  (вестернизация)  жүргізілуі  көзде-

летін  қазіргі  мерзімдегі  көзқарсқа  негізделеді.  ХХ 

ғасырдың  соңғы  үшінші  бөлігінде  батыстық  мәдениет 

пен  капитализмнің  таралуын  ақтауға  бағытталған 

жаңару  идеясы  тарай  бастады.  Мұндай  көзқарасқа  сай 

қазіргі бүкіл өркениет жаңару процесінің туындысы, ал 

жаһандану  жаңарудың  таралуы  ретінде  түсіндіріледі. 

Қазіргі уақытта жаһандану бүгінгі әлемнің шындығына 

айналып отыр. Әрине, көп елдер, осы деректі мойындай 

отырып, бұл жаһандық процестерге батып кетпеуге ты-

рысады.  Қазақстан  Республикасы  жаһандану  дәуірінде 

өзін бірегейлендіруге ұлттық мәдениет арқылы талпы-


9

ныс  жасайды.  Оны  жуырда  жарық  көрген  «Қазақстан 

жаһандану  жағдайында:  философиялық-саясаттанулық 

талдау» атты ұжымдық монографияда зерттейді.

Әлеуметтік  сала  мен  құрылымды,  әлеуметтік  стра-

тификацияны  зерттеу  азаматтық  қоғам  мәселелерін 

танып-білумен  тікелей  байланысты.  Қазіргі  тұрғыдан 

қарағанда  азаматтық  қоғам  ондағы  бар  бүкіл  үлкен 

және кіші әлеуметтік топтардың, маманданған демогра-

фиялық  топтардың,  сонымен  қатар  ұлттық  қауымдас-

тықтардың  өзара  әрекеттесуі  болып  табылады.  Олар-

дың арасында әлеуметтік топтар мен қоғамның қабат-

тарының  объективті  түрде  пайда  болатын,  сонымен 

қатар  адамдардың  саяси,  экономикалық,  рухани  және 

әлеуметтік  қажеттіліктерін  іске  асыру  үшін  жасалына-

тын  іс-әрекеті  мен  соған  сәйкес  мүдделерін  ескерген 

маңызды. 

Идеалды  түрде  азаматтық  қоғам  –  бұл  қоғамдағы 

саяси  емес  және  саясаттандырылмаған  рухани  және 

экономикалық  қатынастардың  тұтас  жиынтығы.  Ол 

адамдардың  аяқ  асты  өзіндік  жүзеге  асырылу  аумағы: 

олардың азамат ретіндегі ерікті ұйымы немесе олардың 

тәуелсіз  индивидтер  түріндегі  іс-әрекеті  болып  табы-

лады. Сонымен қатар, бұл қоғам үшін өзгеше болып та-

былатыны адамдардың өзіндік жүзеге асырылу аумағы 

мемлекет  жағынын  болатын  бір  жақты  негізсіз  регла-

ментациядан соған сәйкес құқықтық нормалармен қор-

ғалатындығында.  Қазір  азаматтық  қоғам  туралы  сөз 

қозғаған кезде мемлекеттен автономды, тәуелсіз дами-

тын демократиялық қоғамды айтады. 

Бірақ  бұл  тәуелсіздік  салыстырмалы:  қоғам  адам-

дардың  демократиялық  құқықтары  мен  бостандығын 

қамтамасыз  ете  отырып,  толығымен  мемлекеттен 

тысқары кете алмайды. Олай болса, мемлекет азаматтық 

қоғам мәртебесін қолдауы қажет. Бұл мағынада ол өзі де 

азаматтық болуы қажет. 

Азаматтық қоғамның зерттеушілері қазіргі жағдайда 

оның экономикалық негізі жекеменшіктік қатынастарға 

келіп  тірелмеуі  керек,  ол  акционерлік,  корпоративтік, 


10

кооперативтік,  ұжымдық,  мемлекеттік  жекеменшікті 

және қоғамдық ұйымдардың жекеменшігін де құрамына 

енгізуі  керек  деп  атап  көрсетеді.  Азаматтық  қоғамның 

мақсаты  осындай  кең  экономикалық  негізде  әрбір 

азаматқа  өзін  толығымен  көрсетуге  мүмкіндік  беру, 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  бүкіл  қоғамға  пайда 

келтіру болып табылады. 

Қоғам  мен  адам  тіршілігінің  ең  маңызды  саласы 

болып  табылады.  Дәл  осында  адамды  басқа  тірі  жара-

тылыстардан  ерекше  ететін  –  рух,  руханилық  пайда 

болады  және  іске  асады.  Мұнда  ең  қарапайымдардан 

бастап, ең нәзік және синтетикалықпен аяқталатын ру-

хани тұтыныстар пайда болады; мұнда адамдық рухтың 

ғажайып жаратылысы болып табылатын – идеялардың 

өндірісі  өрістейді;  сөйтіп  маңызды  мөлшерде  оларды 

тұтыну жүзеге асады.

Қоғам өмірінің рухани саласы генетикасы жағынан 

да  маңызды  болып  табылады:  қоғамдық  практиканың 

туындысы  бола  отырып,  тарихи  түрде  ол  социумның 

қалыптасуын  аяқтайды.  Социумның  ішіндегі  жүйесі 

ретінде  пайда  бола  отырып,  рухани  өмір  социумды 

жоғарыға дейін құрастырған. 

Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның қоғамдық-

саяси  және  рухани  салаларын  демократияландыру

 

процесі кезінде біртіндеп, бірақ ұдайы діни ұйымдар мен 



конфессиялардың  заңды  құқықтары  мен  бостандығы 

қалпына  келтірілуде,  өмірге  әртүрлі  көзқарасты 

ұстанатын  адамдардың  шынайы  теңдігі  іске  асуда 

деп  көрсетеді.  Мұның  барлығы  біздің  қоғамымыз  бен 

қоғамдық  санамызда  конфессияаралық  сұхбат  пен 

жаңа  өзара  түсіністік  философиясының  гуманистік 

негіздерінің қалыптасуына әсерін тигізеді. 

Қоғамның  рухани  өмірі  қоғамның  ішіндегі  жүйесі 

бола  отырып,  өз  кезегінде  нақты  бір  тарихи  форма-

да  белгілі  бір  құндылық  болып  табылады  деп  атап 

көрсетеді.  Сондықтан,  оны  танып-білу  кезінде  осы 

қоғамға тән ерекшеліктерді анықтап алу керек. Мұндай 

тұрғыдан  қарастыру  авторға  рухани  құндылықтар 


11

әлемін  жасауға  бағытталған  әрекет  ретіндегі  рухани 

өмірдің  мүмкіндіктерін  анықтауға,  түрлері  мен  фор-

маларын  ашуға  мүмкіндік  береді.  Рухани  өмір  рухани 

құндылықтарды өндіру, тұтыну, беруге бағытталған іс-

әрекет ретінде көрсетіледі. 

Қоғамдық сана рухани өмірдің жүрегі болып табы-

лады.  Ол  қоғамның  белгілі  бір  даму  сатысында  оның 

теорияларының,  гипотезаларының,  көңіл-күйінің, 

эмоцияларының,  сезімдерінің  жиынтығы  болып  та-

былады.  Қоғамдық  сананың  деңгейі  –  бұл  қоғамның 

күрделі  себептік  байланыстарына  бойлау  мөлшері. 

Сана теориялық және қарапайым деңгейде жүзеге аса-

ды.  Қоғамдық  санаға  келсек,  оның  әрқайсысы  адам  іс-

әрекетінің  және  қоғамдық  қатынастардың  белгілі  бір 

түрлерінен  жоғары  тұратын  идеялар  жүйесі  болып  та-

былады.  Қоғамдық  сананың  формаларына,  мысалы, 

ғылым, мораль, философия, дін және т.б. жатады. 

Адамдардың әрбір жаңа ұрпағы кез келген қоғамда 

бала кезінен бастап, үстемдік ететін экономикалық және 

әлеуметтік  қатынастар  мен  идеологиялық  мекемелер-

мен  қатар  ұлттық  ерекше  құбылыстардың:  өмір  сүру 

бейнесінің  ерекше  кездерінің,  мәдениеті  мен  тұрмысы 

формаларының,  ұлттық  салттары  мен  дәстүрлерінің 

ықпалына түседі, үлкен буын адамдардан ұлттық тілдің 

байлығын,  өз  халқының  рухани  құндылықтарына 

құштарлық  сезімін,  халыққа  тән  белгілі  бір  әдеттерді, 

нормаларды,  мәнерлер  мен  өмірлік  қажеттіліктердің 

және т.б. өзгешеліктерін игереді. Мұның барлығы бірте-

бірте  осы  буынның  мінез-құлқының  ерекшелігінің  да-

муына әсерін тигізеді. Индивидуалды – ерекше (ұлттық) 

психикалық  қасиеттердің  әр  алуандығынан  немесе 

олардың әртүрлі тіркестерінен ұлттың мінез-құлқының 

ерекшеліктері қалыптасады. 

Қазіргі  көпэтностық  қазақстандық  қоғамды  іштей 

біріктіруші  фактор  ретіндегі  ұлттық  идеясының  рөлін 

ашады.  Ол  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  қазақстандық 

идеяның  негізін  іздеу  мен  анықтау  құндылықтардың 

жаңа  жүйесінің  қалыптасуындағы  және  қоғамдық 


12

санадағы  қайшылықтарды  шешудегі  маңызды  тари-

хи  кезең  болып  табылады  деп  есептейді.  Қазақстанда 

жаһандану дәуірі кезінде ұлттық идея ұлттық егемендік 

пен  елдің  идеологиялық  қауіпсіздігін,  тәуелсіздігін, 

унитарлы  мемлекетте  қазақ  мәдениетінің  басқа 

этностардың мәдениетімен сұхбатқа түсуіне, оның ерек-

ше  мәдениетіне  шабыт  беріп,  нығайтуға  ықпал  етеді. 

Мұнда  қазақстандық  идея  –  бұл  демократиялық  ашық 

қоғамның, әділеттіліктің идеясы, жаңа рухани-игіліктік 

кеңістіктің  қалыптасуы  мен  соның  негізінде  әрбір 

этностың  ұлттық  санасының  қайта  түлеуінің,  келісім, 

бейбітшілік  және  салауатты  өмірдің  кепілі  ретіндегі 

күшті  өркениетті  тәуелсіз  мемлекетті  құру  идеясы 

екендігін дәлелдейді. 

Білім берудің шығыстық және батыстық парадигма-

ларын  салыстырмалы  түрде  талдау  негізінде  егеменді 

Қазақстан  батыстың  білім  беру  дәстүріндегі  рацио-

нализм  мен  шығыстық  тәжірибені  бойына  сіңірген 

және  біздің  көпэтносты  елімізде  өмір  сүретін  барлық 

этностардың  педагогикасымен  өзара  байланысты 

қазақтың дәстүрлі педагогикасына бағытталған, өзінің 

білім беруге байланысты ұлтық моделін табуы қажет де-

ген маңызды қорытынды жасайды. Ол білім әлемдік, ал 

тәрбие ұлттық деңгейде болғанын қолдайды. 

Ол  білім  беру  мен  тәрбиенің  оқушыны  педагоги-

калық  ықпалдың  енжар  объектісіне  айналдыратыны 

авторитарлықтан  туады.  Білім  берудегі  жеке  тұлға-

ның  жаттануы  негізінде  классикалық  педагогика 

жатқан қазіргі оқу процесіндегі индивидуализмді жой-

ып,  «бұқаралық  адамды»  қалыптастырудан  көрінеді. 

«Бұқаралық  адам»  –  бұл  көбірек  алып,  азырақ  беруге 

тырысатын,  белгілі  бір  стандарттарға,  стереотиптерге 

сай ғана ойлап, әрекет етуге әдеттенген адам. Өкінішке 

орай,  бұл  бұқаралық  адамдардың  ортасы  өзінің  бір 

қалыптылығына  орай,  оқушының  дербестікке  және 

даралылыққа  құлшынысына  қарсылық  көрсететін 

педагогтың белгілі бір типін қалыптастырады. 



13


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал