Филология филология




Дата11.09.2017
өлшемі82 Kb.

ФИЛОЛОГИЯ

 

 



ФИЛОЛОГИЯ

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Е.С. АДАЕВА

 

 



Б. СОҚПАҚБАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МІНЕЗ БЕН ЖАҒДАЙ ТИПТЕРІ

 

http://www.enu.kz

 

 

 



The artistic and aesthetic function and the nature of the character and circumstances in the prose of the 

kazakh  writer  B.Sokpakbaev  are  discussed in the  article.  The  types  of  communication in the  works of  the 

writer are identified. 

 

 



Ұлттық

 

әдебиетіміздің  белгілі  бір  кезеңіндегі  жеке  жазушы  шығармасын  қарастырғанда, 



әдебиеттер  арасындағы  қарым

-

қатынастарды  зерттегенде,  олардағы  мінез  бен  жағдайдың 



байланысуының түрлеріне ерекше назар аударылу қажеттілігі айтылып жүр. Ғылыми еңбектерге 

кӛз салсақ, мінез бен жағдайдың бірлігі мен ӛзара қарым

-

қатынасы кӛптеген зерттеулерге негіз 



болғандығын  кӛруімізге  болады.  Солардың  ішінен  кӛрнекті  орыс  әдебиеттанушылары 

А.Карагановтың, В.Фащенконың, Е.Горбунованың және т.б. еңбектері назар аударарлық.

 

 

Дегенмен,  қазіргі  таңда  мінез  бен  жағдайдың  байланысы  туралы  белгілі  бір  жүйеге 



түскен  ғылыми  пікірлер  жоқ,  оған  жасалған  типология  түпкілікті  емес.  Мұның  себебі  осы 

мәселеге  қатысты  жүргізілген  зерттеулердің  аздығында  емес,  зерттеу  обьектісінің 

ерекшелігіне  байланысты.  Ӛйткені,  кӛркем  шығармалардағы  мінез  бен  жағдайдың  ӛзара 

әрекеттестігі сапалық жағынан үнемі ӛзгеріп отыратындыктан, оларды топтастыру ӛте қиын.

 

 

Тӛл әдебиеттану ғылымында мінез бен жағдайдың байланысын айқындайтын арнайы зерттеу



-

лер 


болмағанымен, монографиялық еңбектердің

 

тарауларында, жекелеген зерттеу мақалаларда, кӛркем 



тартысқа  байланысты  қорғалған  кандидаттық  диссертацияларда  азды

-

кӛпті  сӛз  болады. 



Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Н.Ғабдуллин, Р.Нұрғалиев, Т.Есембеков т.б. зерттеушілердің 

ғылыми еңбектерінде бұл мәселе жӛнінде мәнді пайымдаулар айтылған. Мәселен, әдебиеттанушы

-

ғалым  Т.Есембеков  ӛз  зерттеу  мақаласында  қазақ  прозасындағы  мінез  бен  жағдай  байланысының 



қалыптастырушы, бағыттаушы, айқындаушы үш типін анықтайды [1,40].

 

Кейіпкер  болмысын  танытудағы  жағдайлардың  маңызын  қазақ  әдебиетінің  классик 



жазушысы  Б.Соқпақбаев  шығармаларына  талдау  жасау  арқылы  кӛз  жеткізіп  кӛрейік. 

Б.Соқпақбаев  –

 

ұлттық әдебиетімізге  соғыстан  кейінгі  жылдары  келіп қосылған,  ӛзіндік  келбеті 



мен  дара  болмысы  бар  та

-

лантты  жазушыларымыздың  бірі.  Бұл  уақыт  қазақ  прозасының 



ерекше  жемісті,  ӛнімді  тұстарының  бірі  болғандығы  кӛп  айтылып  жүр.  Нақ  осы  кезеңде  қазақ 

кӛркемсӛзінің  биігіне  кӛтерілген  Ә.Нүрпейісов,  Т.Ахтанов,  С.Шаймерденов,  Б.Соқпақбаев, 

З.Қабдолов,  Н.Ғабдуллин  т.б.  бір  топ  қарымды  қаламгерлер  ұлттық  прозаға  жаңа  тақырыптар 

мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сонымен қатар оның поэтикалық ӛрісін кеңейтті.

 

 

Б.Соқпақбаев қаламынан қазақ әдебиетіне қыруар мұра қосылды. Суреткер қаламынан түрлі 



жанр

-

да  тамаша  шығармалар  туып,  олар  ӛз  кезегінде  қазақ  әдебиетінің  дамуына  ӛз  үлесін 



қосты.  Әсіресе,  қаламгердің  суреткерлік  қолтаңбасын  айқындаған,  жазушылық  талабы  мен 

талғамын  танытқан  озық  туындылары  –

 

«Жекпе


-

жек»,  «Менің  атым  Қожа»,  «Балалық  шаққа 

саяхат», «Қайдасың, Гауһар?» повестері мен «Ӛлгендер қайтып келмейді» романы. Осылардың 

ішінен жазушының атын ерекше жайған шоқтығы биік шығармасы  –

 

«Менің атым Қожа» повесі 



болды. Шығарма орыс, француз, укра

-

ин, литван, латыш, молдован т.б. тілдерге аударылған.



 

 

Жазушы  шығармаларының  құндылығы,  ондағы  кӛркем  образдар  галереясының  сапасымен 



айқындалатыны аз айтылып жүрген жоқ. Б.Соқпақбаевтың повестері мен аталмыш романы арқылы 

әдебиетімізге келген сотқар, қуақы әрі ақылды, тапқыр жаны таза Қожа, табанды Мұрат, ӛтірікші,

 


 

7

 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



жылпос,  қиялқұмар  Сұлтан,  сүйкімді  Жанар,  Садық,  Аяжан,  Нұрдәулет  секілді  қарасирақ  балалар, 

Тоқмолда  директор,  Байғұлақ,  Майқанова,  Еркін,  Нұрәлі  сияқты  қызықты  кейіпкерлердің  ұлттық 

әдеби бейне мен мінезді дамытуға сіңірген әсер

-

ықпалын орасан зор деп айтуымызға болады.



 

Б.Соқпақбаев шығармаларының тақырыптық кӛкжиегі, суреттеу ауқымы зор, кӛлемі кең. Жазушы 

прозасының тұтас тұлғасын ұстап тұрған бірнеше үлкен тақырып бар.

 

Олар: 1) Балалар ӛмірі; 2) Ұлы 



Отан соғысы жылдарындағы ауылдағы елдің тыныс

-

тіршілігі; 3) Спорт; 4) Махаббат пен достық т.б. 



Жазушы  бұл  тақырыптардың  қайсысын  алса  да  оны  жетік  меңгеріп,  шындылықпен  суреттей  білді. 

Әсіресе,  балалар  мен  жасӛспірімдер  ӛмірі  жазушы  шығармаларының  негізгі  ӛзегіне  айналды. 

Сондықтан  да жазушының қай шығармасын алсақ та олардың негізгі  кейіпкерлері жеткіншектер бо

-

лып келеді. Сонымен қатар, жазушы шығармалары ересектерге де ұнамды, әсерлі.



 

Кӛркем  туындылардағы  жағдайлар  бірін

-

бірі  қайталамайтын  сан  алуан  болса, 



мінездердің де жасалуы әр  шығармада әртүрлі.  Сондықтан да Б.Соқпақбаев повестерінен 

де мінез бен жағдай байланысының әркелкі типін байқаймыз.

 

 

Жазушының  спорт  тақырыбына  арналған  «Жекпе



-

жек»  повесінің  бас  кейіпкері  Мұрат  повестің 

басында мінез әлсіздігімен, нәзіктігімен оқырманға  аянышты сезім тудырса,  бірте

-

бірте  қайсарлығы 



мен  қажырлылығы,  еңбексүйгіштігі,  ұқыптылығы  мен  патриоттығы  сүйсіндіріп,  дән  риза  етеді.  Оның 

спортпен шынығып жетілуі шындыққа сай, нанымды суреттелген. Дене шынықтырумен айналыспай

-

тын, оп


-

оңай ауырып қала беретін Мұрат жазғы демалысында пионер лагеріне барады да, кӛп нәрсе 

үйреніп қайтады. Әртүрлі жаттығулар жасау дағдылы ісіне айналады. Кӛп ұзамай мектепте Николай 

Трофимовичтің  ұйымдастыруымен  түрлі  спорт  секциялары  ашылады  да  Мұрат  сол  секциялардың 

белсенді  мүшесі  болып  алады.  Алғашқыда  бокс  секциясына  қатысуға  құштарлық  білдіреді.  Бірақ, 

ұстазы  оның  жеңіл  атлетикамен  айналысуына  кеңес  беріп  бокс  секциясына  кабылдамай  тастайды. 

Бұл характер дамуындағы ішкі қақтығыс жағдайына әкеліп соқтырады. Кейіпкердің бұндай жағдайда 

бо

-



луы  оның  ӛмірінің  немесе  характерінің  ӛзгеруінің,  іс

-

әрекетінің  байланыс  элементі  болып 



табылады.  Бұдан  жазушының  образ  жасауда  мінез  қақтығысы  мен  жағдайлардың  бірлігін  тиімді 

пайдаланғанын кӛреміз.

 

 

Мұраттың  бокс  секциясына  қабылданбағанын  естіген  Садық  оны  одан  бетер  қорлай  түседі. 



Намыстанған  бала  енді  бокспен  ӛз  бетінше  айналыса  бастайды.  Жазушының  бейнелеген  ситуаци

-

ясы  характердің  жасырын,  белгісіз  қырларының  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Осы  кезге  дейін 



кӛрінбеген бала характеріндегі табандылықты сыртқа шығарудың сәті енді түскен тәрізді.

 

Мұрат  алға  қойған  мақсатына  бірден  жетпейді.  Оның  мақсаттылығын,  алған  бағытына 



дәйектігін  сипаттайтын  бірталай  сын  кезеңі  бар.  Талдырмаш,  нәзік  бала  алғашқыда  спорт 

ойындарынан болған әртүрлі жарыстарда ұтылып қалып жүреді: қара күші басым Садықпен 

ұстасып,  одан  жығылады,  жасӛспірімдердің  спартакиадасына  да  қатысып  жеңіліс  табады. 

Автор Мұратты осындай күрестер үстінде кӛрсетеді.

 

 

Жалпы, шығармадағы характер жағдайлармен ӛзара әрекеттестікте бейнеленгенде ғана тұтастық 



сипатқа  ие  болатын  болса,  сӛз  етіп  отырған  туындыдағы  Мұрат  мінезі  түрлі  психологиялық  ситу

-

ацияларда  қалыптасатынына  кӛз  жеткідік.  «Характер  связан  с  обстоятельствами  не  только  своим 



формированием, но и проявлением, реализацией. Такой тип связи характера и обстоятельств можно 

назвать формирующе

-

преобразующим» [1,40] деген құнды пікір тұрғысынан қарағанда «Жекпе



-

жек» 


повесінде мінез бен жағдай байланысының аталған типі айқын байқалады деп ой түюімізге болады.

 

Жазушының ғана емес, қазақ әдебиетінің де мақтанышына айналған туынды «Менің атым Қожа» 



(1960) екені баршамызға белгілі. Бұл шығарманың жазылу әдісі, батыс әдебиетіндегі романның әрбір 

тарауына айдар ретінде  кӛне қағидалардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағып жетектейтін тәсілді 

еріксіз  еске  түсіреді.  Мәселен,  В.Скоттың  «Айвенгосын»  қараңыз.  Немесе  Ж.Верннің  «Дәрігер 

Окстың тәжірибесіндегі» әрбір тараудың басындағы мазмұнның кысқаша баяндалып кету нұсқасы ӛз

 

дәрежесінде  шығарманы  ӛте  ұтымды  және  қызғылықты  етіп  кӛрсеткені  анық.  Бұл  да  «Менің  атым 



Қожаның»  жазылу  нұсқасына  ӛз  әсерін  тигізгені  байқалады.  Сондай

-

ақ  жазушының  «Менің  атым 



Қожа»  повесі  мен  М.Твеннің  «Том  Сойерін»  салыстырып  қарай  бастасақ,  тараулардың  қысқалығы, 

оқырманды  баурап  алатын  тартымдылығы,  автордың  айтайын  деген  ойын  тым  ауырлатпай,  жеңіл 

ел

-

гезек  тілмен  алып  кетуі  сияқты  ұқсастықтарды  табуға  болады.  М.Твеннің  Том  Сойері  мен 



Геккельбери  Фин  атты  кейіпкерлерінің  бойынан  Сұлтан  мен  Қожаға  тән  мінездерді  кездестіруге 

болады.  Осы  орай

-

да  Б.Соқпақбаев  кейіпкерлерінің  де  бойларындағы  бар  ұлттық  мінез,  ұлттық 



болмысымен

-

ақ М.Твен шығармасындағы кӛркем бейнелерден бірде



-

бір кем түспейтіні, мінез

-

құлқы, 


ойлау  ӛресі,  іс

-

әрекеті  жағынан  шын  ӛмірдің  кӛрінісіндей  нанымды  жасалуы  жазушы  шеберлігін 



байқататын фактор деп ойлаймыз.

 


 

№ 1 (92) 2013

 

 



Қаламгер

 

стилін М.Твен, Ж.Верн. Ч.Диккенс т.б. тәрізді әлем әдебиетінің кӛрнекті ӛкілдерінің



 

стильдік шеберліктерімен салыстыра қарауға болады. Ӛйткені аталған жазушылардың барлығы 

да  балалар  тақырыбына  қалам  тартқаны  белгілі.  Б.Соқпақбаевты  дүниежүзілік  әдебиеттегі 

алыптардың  қатарына  коюға  болады.  Суреткер  шығармасы  кӛркем  сомдалуы  жағынан 

жоғарыдағы  айтылған  әлем  әдебиеті  үлгілерінен  бірде

-

бір  түспейтін  кӛркемдік  биік  талаптарға 



жауап бере алған деп батыл ай

-

тамыз. Яғни, қазақ әдебиеті үшін қайталанбас ӛнер туындысы, 



әлем әдебиетінің алтын қазынасына қосылған зор үлес дей аламыз.

 

 



Дей тұрғанмен, шығарма алғаш 1957 жылы «Ӛзім туралы повесть» деген атпен жарық кӛргенде, 

әдебиетшілер  арасында  талас  та  тудырған  еді.  Бұзақы  Қожаның  шәлкес  қылықтарымен  танысқан 

балалар бұзылып кетеді деп үрейленушілер де ұшырасты. Ӛйткені, елуінші жылдардағы балаларға

 

арналған  санаулы  повестерді  шолып  шықсақ,  балғын  кейіпкерлер  негізінен  тәртіптілігімен,  ересек



-

тер  алдында  инабаттылығымен,  социалистік  меншікті  сақтауға  және  қорғауға,  қоғамдық  еңбекке 

шама шарқына қарай ұмтылушылығымен ерекшеленетін. Яғни, бұл кезеңде біздің прозамызда мінез 

бен жағдай байланысының бағыттаушы, қалыптастырушы типінің басым болғандығын атап кӛрсету 

қажет.  Бұған  мысалды  Соқпақбаевтың  ӛз  шығармашылығынан  да  келтіруге  болады.  Біз  жоғарыда 

тіл


-

ге  тиек  етіп  кеткен  «Алыстағы  ауылда»  повесінің  кейіпкерлері  де  еңбексүйгіш,  шыншыл, 

әрқайсысы ӛз жұмыстарына Отан алдында жауап беретін сезіммен әрекет етеді.

 

 



Образ  жасаудағы  ең  жауапты  буын  –

 

таптаурын  сүрлеуге  түсуден  бір  шиырды  айналсоқтаудан 



сақтану  болса  керек.  Осы  таптаурын  жолға  түспей,  кӛркем  бейненің  кілең  ұнамды  сипаттардан 

тұрмайтынын,  ӛмірдің  ӛзі  сияқты  оның  да  табиғаты  күрделі  екенін  кӛрсететін,  әрқилы  сәттерде  сы

-

нап


-

талдап,  оның  да  ӛзіндік  бітім

-

болмысы  бар  «адам



-

азамат»  екенін  кестелеген  де 

Б.Соқпақбаевтың  аталмыш  повесі.  Қожа  ӛмірден  үйренеді,  қате  басады,  сабақ  алады.  Образ 

диалектикасы дегеніміз осы. Қожа мінезінің даралануына септігін тигізген жазушының түрлі ұтымды, 

психологиялық  си

-

туацияларды  молынан  пайдалануы  дер  едік.  Шығармадағы  шырғалаң  оқиғалар 



мен соны туғызған жағдайлар повестің орталық тұлғасы Қожа мінезінің алуан сырлы психологиялық 

күймен ашылуына әсерін тигізген деп тұжырым жасаймыз.

 

 

Әдебиеттанушы



-

ғалым  Е.Горбунованың:  «В  истинном  искусстве  внешние  обстоятельства  жизни 

героев не остаются и не могут оставаться фоном нейтральной средой. Они непременно побужда

-

ют 



характер  к  действию,  являясь  источником  его  внутренней  коллизии»  [2,45],  –

 

деп  жазғанындай, 



шығармадағы бейнеленген жағдайлар мінездің ішкі қақтығысына ерекше әрекет етеді.

 

 



Әдетте

 

әдебиет туындысынан нанымды ортада



 

жасалған нанымды характер іздейміз. Сонда ғана 

оқыған  дүниеңе  разы  боласың,  кейіпкердің  сан  алуан  сырларына  қанығасың,  ағат  істеріне  кешірім

-

мен қарайсың... Осы тұрғыдан алғанда повестегі Қожаның қылықтарына балалықтың бойына сиым



-

ды  әрекеттер  деп  еріксіз

 

кешірім  жасап  отырасың.  Ӛйткені  Қожа  мінезінің  кейбір  жайсыздықтарын 



жуып

-

шайып отыратын күшті характер бар. Жазушы ӛз шығармасында кӛп құбылыстар ішінен кейіп



-

кер  мінезін  ашуға  ең  алдымен  қажет  деген  жағдайларды  талғап,  екшеп  алады.  Бала  жанының 

әртүрлі

 

иірімдеріне тереңдеп барып, жан



-

жақты кӛрсету үшін, ӛз қаһарманының тағдырын қилы

-

қилы 


си

-

туациялармен  байланыстырып  отырады.  Қаламгердің  таңдап  алған  жағдайлары  кейіпкердің 



бойын  билеген  сезімінің  тереңдігін,  пәс  ойлардан  бейкүнәлігін,  тазалығын  ашып  кӛрсететін  әрекет 

пен  қимылдарға  итермелейді.  Сӛз  болып  отырған  повестегі  бас  қаһарманның  әрбір  іс

-

әрекеті 


сендіреді және ол кӛріністер жағдайға  да мінезге  де орайласып отырады.  Кейіпкердің адамгершілік 

қасиеттері, адалдығы, пәктігі бірте

-

бірте нанымды ашылады. Жазушы кейіпкерді бірден ұнамды етіп 



жасауға  тырыспаған.  Қайта  оны  әртүрлі  сынға  салып,  күрделі  бала  мінезінің  қалыптасу  процесін 

дамыта кӛрсеткен. Егер адам мінезі ӛзінің диалектикалық қайшылығымен, шындығымен кӛрінуге тиіс 

десек, Қожа тұлғасы нақ осы талапқа жауап береді [3].

 

 



Повестегі Қожаның қызға арнап ӛлең шығаруы, сабақтан кетіп қалып балық аулауы, күресте 

жеңіп,  масаттанып  тұрған  кезінде  қаракӛл  елтірісі  ұрланған  шалдан  ауыр  сӛздер  естуі, 

шӛпшілердің ең алды

-

на тұрып алып газетке суретке түсуі, мұғалімнің



 

сумкасына құрбақа салып 

жіберуі сияқты оқиғаларға тап болуы –

 

оның адалдық, әдеп, ұят деген ұғымдарды санаға сіңіріп 



болмағандығын  байқатады.  Шығармадағы  жағдайлардың  бұлай  тоғысуы  характердің  жасырын 

қырларын табудың, олардың тар

-

тыста айқындалуының түрткісі болған.



 

 

Шығарма  кӛркемдігінің  сыры  –



 

қаламгер  кейіпкерлерінің  мінезін  олардың  іс

-

әрекеттері  ашатын



-

дай жағдайларға ұштастыра кӛрсетуінде  деп айтуымызға болады. Шығарма құрылымында кейіпкер 

табиғаты мен характерін айқындайтын жағдайлардың кӛрсетілуі –

 

жазушыдан үлкен шығармашылық 



ізденісті, еңбекті қажет етеді. Сондықтан да бейнеленіп отырған құбылыстың мәні мен кейіпкер мі

-

 



 

9

 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



незін  айқындайтын  жағдайлар  мен  оқиғаларды  таңдап  алу  –

 

қаламгердің  шығармашылық 



еңбегінің маңызды бӛлігі болып саналады [4].

 

 



Біз  бұл  мақаламызда  біз  Б.  Соқпақбаевтың  тек  балаларға  арнап  жазған  кӛлемді 

шығармаларындағы мінез бен жағдай байланысына тоқталып ӛттік.

 

 

Жазушының алғашқы шығармаларында мінез бен жағдайдың арасындағы байланыстың 



қалыптастырушы,  бағыттаушы  типі  кӛп  қолданылса,  «Менің  атым  Қожа»  повесінде  жаңа 

әдеби үрдістің басы болып саналатын айқындаушы типі қолданылған.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР



 

 

1. 



Есембеков Т. Проблема характера и обстоятельств

 

в прозе Мусрепова // Халықаралық ғылыми



-

практиикалық конференцияның материалдары. –

 

Петропавл, 2002. –



 40-

45 с. 


 

2. 


Горбунова Е. Идеи. Конфликты. Характеры. –

 

Москва: Советский писатель, 1960. 



250 с. 


 

 

3. 



Неупокоева И.Г. История всемирной литературы. Проблемы

 

системного и сравнительного анализа. –



 

Мо

-  



 

сква, 1997. –

 

310 с. 


 

 

4. 



Қирабаев

 

С. Әдебиетіміздің ақтандық беттері. –



 

Алматы: Білім, 1995.

-

288 б. 


 

 

Редакцияға 15.11.2012 қабылданды.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

10



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал