Филология факультеті



жүктеу 294.8 Kb.

бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі294.8 Kb.
  1   2   3

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

Филология  факультеті  



Қазақ филологиясы    кафедрасы 

050205 “Филология: қазақ тілі” мамандығы жəне  «Қазақ  тілі  мен əдебиеті» 

мамандығы   

бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 

күндізгі  бөлім  студенттеріне арналған 

 

«Қазіргі қазақ тілі. Құрмалас сөйлем синтаксисі» 

(пəннің атауы) 



ПƏННІҢ ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ  

 

Курс – 3 



Семестр – 6 

Кредит саны – 3 

Дəріс – 30 сағат 

Практикалық сабақ– 15 сағат 

Оқытушының жетекшілігімен  

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ –) - 45 

СӨЖ –  45 

Барлығы –   135 сағат 

 

 



 

 

 



                                                   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Орал 2011ж. 

 


 

            «Қазіргі қазақ тілі.  Құрмалас сөйлем синтаксисі» пəні   



                                                  бойынша  бағдарлама.  

       2010- – 2011 оқу жылы.                   6-семестр.                     3 кредит. 

 

«Филология: қазақ тілі» жəне  «Қазақ  тілі  мен  əдебиеті»  мамандығының 



3-курс  студенттері  үшін    кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  «Қазіргі 

қазақ  тілі.  Құрмалас  сөйлем  синтаксисі»  пəнінен  оқу-əдістемелік  кешен. 

2007ж Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті дайындаған жоғары 

оқу орындарына арналған типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.  

 

 

                         Құрастырған:  ф.ғ.к. доцент  Ұ.Р.Ержанова.  



                                                      (аты-жөні, лауазымы, ғылыми дəрежесі) 

«Қазақ филологиясы» кафедрасының отырысында қарастырылды. 

05.09.2011 ж. №  1 хаттама. 

 

Филологиялық    факультеттің  оқу-əдістемелік  кеңесінің  отырысында 



бекітілді. 

07.09.2011  ж.  № 1  хаттама. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2.Пəн бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS 

              

2.1 Оқытушы туралы мəлімет 

 

 



Оқытушы:  «Қазақ    филологиясы»  кафедрасының  доценті,  ф.ғ.к.   

Ержанова  Ұлдай  Рсқалиқызы. 

 

Оқытушының мекен-жайы:  С.Есқалиев  көшесі,  120\ 1 үй, 19-пəтер.  



Телефон:  26-21-96. 

     Жұмыс орны: 4-ғимарат, 409-бөлме, «Қазақ филологиясы»    кафедрасы. 



 

                                  2.2 Пəн туралы мəлімет 

                « Қазіргі  қазақ  тілі синтаксисі»  Құрмалас  сөйлем 

Семестр 15 оқу аптасынан жəне 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 1 кредит 

сағат  саны,  əр  кредит  сағат  саны  (2  дəріс,  практика)  екі  байланыс  сағаттан 

жəне 1 сағат СӨЖ, 1 ОЖСӨЖ тұрады.  

 

Аптаға кредит – сағат санының бөлінуі 



 

Сабақ 


Өткізу уақыты 

Сабақ 


Өткізу 

уақыты 


Байланыс сағаты 

(дəріс) 



50 минут 

 

ОЖСӨЖ+СӨ



Ж 

50 


минут+ 

 50 минут 

 

Байланыс сағаты 



(дəріс) 

50 минут  

ОЖСӨЖ+СӨ

Ж 

50+50 



минут  

Байланыс сағаты  

(практикалық 

сабақ) 


50 минут  

ОЖСӨЖ+СӨ


Ж 

50+50 


минут  

 

 



  

                                    Оқу жоспарынан көшірме:  



 

Курс  Семестр  Кредит 

саны 

Дəріс   Семинар  ОЖСӨЖ  СӨЖ  Барлығы  Бақылау 



түрі 

5,6 



30 


15 

 45 


45 

135 


емтихан 

 

 



 

 

 



 

1.3. « Қазіргі  қазақ  тілі синтаксисі»  құрмалас  сөйлем  пəні – жоғары оқу 

орындарында филология мамандықтарына оқытылып жүрген негізгі пəн.  



Курстың мақсаты: «Қазіргі қазақ тілі.  Құрмалас сөйлем синтаксисі» 

пəні-  студенттердің  бұған  дейінгі  қазақ  тілінің  лексикология,  морфология, 

сөз    тіркесі    жəне    жай    сөйлем    синтаксисі      салаларынан  алған  білімдерін 

тереңдетіп  кеңейтуге  мүмкіндік  беретін  негізгі  пəндердің  бірі.  Курстың 

мақсаты-студенттерге  қазіргі  қазақ  тілінің  құрмалас  сөйлем  синтаксисі 

саласының  қалыптасуы  мен  дамуы,  зерттелуі  жайынан  түсінік  беріп,  

құрмалас  сөйлемнің    грамматикалық  құрылысымен  таныстыру.  Атап 

айтқанда,  сөз  тіркесі  мен    жай    сөйлемнен  басты    айырмашылықтары    мен  

ұқсастықтарын    көрсету,        анықтамасы,  түрлері,  құрылысы,  мағыналық 

ерекшелігі,  зерттелуі,      басқа  грамматикалық  единицалармен  ара  қатынасы, 

яғни  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары,    өзіне      тəн  белгілер  мен 

критериилері,    құрмаласу    жолдары,          құрылымдық-мағыналық 

ерекшеліктері,  жасалу  жолдары  сияқты  мəселелер  қарастырылады.  Жалпы, 

қазақ тілінің синтаксистік құрылысына қатысты барлық теориялық мəселелер 

кең  қамтылады.  Сонымен  қатар,  жоғарыда  көрсетілгендей,  қазақ  тілінің 

синтаксистік  құрылысына  байланысты  мəселелер  туралы  қазақ  тіл  білімінің 

негізін  салушылар  А.Байтұрсынов  пен  Қ.Жұбанов  еңбектерінен  бастап, 

С.Аманжолов,  М.Балақаев,  Н.Сауранбаев,      Т.Сайрамбаев,  М.Серғалиев, 

О.Төлегенов,  Т.  Қордабаев,  Қ.Есеновтың        еңбектерімен,  ой-пікірлерімен, 

көзқарастарымен  таныстырылады.  Сөйтіп,    құрмалас  сөйлем  синтаксисінің 

алғашқы кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі зерттелу тарихынан хабардар 

ету  көзделеді.  Нəтижесінде,  студенттерге  қазақ  тілінің  грамматикалық 

құрылысын,    құрмалас  сөйлем  синтаксисі  мəселелерін  жан-жақты,  толық 

меңгерту мақсат етіледі. 

 

Курстың  міндетттері:  «Қазіргі    қазақ    тілі  синтаксисі»      құрмалас  

сөйлем    бұрын өтілген   материалдарды   қамти  отырып,  терең  теориялық  

жəне  практикалық  мағлұматтарды   беруі тиіс.    

                                                   

2.4 

Сабақ мазмұны мен кестесі  

1-апта 

1-дəріс 

Дəріс тақырыбы: Қазақ тілінің синтаксистік құрылысы 

Дəріс  мазмұны:  Синтаксис  пəні,  оның  зерттелу  дəрежесі.  Синтаксистің 

негізгі тараулары мен нысандары.  

 

1-апта  

№ 1 семинар 

Кредиттік сағат саны – 3  

Семинар  тақырыбы:  1.Синтаксис  жəне  оның  зерттеу  объектісі.  Қазақ  тілі 

синтаксисінің  революцияға  дейінгі  зерттелу  жайы.  П.М.Мелиоранский,     

Н.И.Ильминский, т.б. орыс ғалымдарының еңбектері. 

 2. Синтаксис саласының революциядан кейінгі кезеңдегі зерттелуі.  



     А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов,  

     М.Балақаев, т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы.  



 

№ 1 ОЖСӨЖ  

Кредиттік сағат саны – 3  

Тақырыбы:    1.  Қазақ  тілі  синтаксисі  туралы  ХІХ  ғасырдағы 

П.М.Мелиоранский, И.Ильминский, В.В.Катаринский, Н.Лаптев, Н.Сазонтов,                          

М.Терентьев, 

Г.Архангельский, 

т.б. 

орыс 


зерттеушілерінің                          

еңбектерінің ерекшеліктері.  

   2. ХХ ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев,  

   Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінің  

                         маңызы. 

 

№ 2 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3  

Тақырыбы: 1. Құрмалас сөйлемнің   басқа грамматикалық единицалармен  

                           арақатынасы.  Ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 

     2. Сөйлем – коммуникативтік  негізгі  тұлға.  

 

2- апта 



2-дəріс 

Дəріс тақырыбы:   Тілдің синтаксистік құрылысына тəн негізгі ұғымдар. 

Дəріс мазмұны: Синтаксистік байланыс, синтаксистік қатынас, синтаксистік 

мағына, синтаксистік құрал, сөз, сөзтұлға, сөз тіркесі, сөйлем, мəтін. 

 

№ 2 семинар 

Кредиттік сағат саны – 1  

Семинар тақырыбы:  1.Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің  предикаттылық, 

модальділік қасиеттері жəне олардың берілу жолдары. 

 2.Құрмалас  сөйлемге  қатысты  теориялық  мəселелер.     

 3.Құрмалас  сөйлемнің  коммуникативтік мəні туралы. 

 

№3 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3  

Тақырыбы: 1.  Құрмалас  сөйлемнің  құрылымы.  

     2.Құрмалас  сөйлемге  қатысты  теориялық  мəселелер.   

 

3-апта 

3-дəріс 

Дəріс тақырыбы: Қазақ тілінің сөзтұлға синтаксисі 

Дəріс  мазмұны:  Сөзтұлға  синтаксисі:  сөз,  күрделі  сөз  жəне  оның  түрлері. 

Тіркес түрлері мен өзара айырым-ерекшеліктері. Сөз тіркесі мен номинативті 

тіркестің  ара  қатынасы.  Сөз  тіркесі  мен  күрделі  сөздің  ара  қатынасы.  Сөз 

тіркесімділік  жəне  оның  мəні.  Синтаксистік  тəсіл  жəне  оның  амалдары. 

Сөздердің байланысу формалары. 


 

№ 3 семинар 

Кредиттік сағат саны – 1  

Семинар тақырыбы:  1. Құрмалас  сөйлем  – синтаксистік единица.    

2.Құрмалас  сөйлемге    тəн белгілер.  

3.Құрмалас  сөйлемнің  коммуникативтік мəні туралы. 

 

№ 4 ОЖСӨЖ 



Кредиттік сағат саны – 3  

Тақырыбы:  1.  Құрмалас  сөйлемнің  классификациясы.   

                       2. Салалас  сөйлем,  оның  басты  белгілері.   

 

№ 5 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы

1.Жалғаулықсыз  салалас  сөйлемнің  құрмаласу   жолдары 

2. Жалғаулықты  салалас  сөйлемдердің  құрмаласу  жолдары.   

 

4-апта 



4-дəріс 

Дəріс тақырыбы: Қазақ тілінің сөз тіркесі синтаксисі 

Дəріс  мазмұны:  Сөз  тіркесі  синтаксисі.  Сөз  тіркесінің  құрамы:  дара  жəне 

күрделі. Сөз тіркесінің түрлері.  

 

№ 4 семинар 

Кредиттік сағат саны – 1  

Семинар тақырыбы:  1. Құрмалас  сөйлемге  қатысты  теориялық            мəселелер.     

                       2. Құрмалас  сөйлемнің  коммуникативтік мəні туралы. 

                       3. Құрмалас  сөйлем  – синтаксистік единица.     

 

№ 6 ОЖСӨЖ 



Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:  1. Салалас  құрмалас  сөйлемнің  мағыналық  түрлерінің 

                             классификациялық  тарихы.  

                        2. Мезгілдес,  себептес,  қарсылықты  салалас  сөйлем.   

 

 



5-апта 

5-дəріс 

Дəріс тақырыбы:  Сөйлемнің функциялық топтастырылуы 

Дəріс  мазмұны:  Сөйлемнің  айтылу  сазы  мен  мақсатына  қарай  саралануы: 

хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты  сөйлемдер,  олардың  жасалу  жолдары  мен 

мағыналық топтары. Көңіл-күйге қатысты сөйлем түрлері: лепті, лепсіз жəне 

оның жасалу жолдары. Болымды, болымсыз жəне оның жасалу жолдары. 

 


№ 5 семинар 

Кредиттік сағат саны – 1 

Семинар тақырыбы:  1.  Салалас  сөйлемнің  құрмаласу  жолдары.     

                      2.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің  түрлері.   

 

№ 7 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:  1.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің  мағыналық  түрлерінің 

                             классификациялық  тарихы.  

                        2. Мезгілдес,  себептес,  қарсылықты  салалас  сөйлем.   

 

№8 ОЖСӨЖ 



Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:  1. Салалас  құрмалас  сөйлемнің  мағыналық  түрлерінің 

                             классификациялық  тарихы.  

                        2. Мезгілдес,  себептес,  қарсылықты  салалас  сөйлем.    

 

6-апта 



6-дəріс 

Дəріс  тақырыбы:    Синтаксистік    қатынастар    мен    синтаксистік  

байланыстар.    



Дəріс  мазмұны:  Сөздердің  сөйлем  мүшесі  болуының  негізгі  шарттары. 

Сөйлем  мүшелерінің  құрамы:  дара,  күрделі,  үйірлі  мүшелер.  Бұларды  бір-

бірінен ажырату жолдары, белгілері. Сөйлемдегі айқындауыш жəне бірыңғай 

мүшелер. Сөйлем мүшелерінің орын тəртібі жəне оның қызметі.  Сөйлемнің 

тұрлаулы 

мүшелері: 

бастауыш, 

баяндауыш. 

Тұрлаусыз 

мүшелер: 

толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш: мағынасы мен сөйлемдегі орны. 

 

№ 6 семинар 



Кредиттік сағат саны – 1 

Семинар  тақырыбы:    1.  Салалас    құрмалас    сөйлемнің    мағыналық    түрлерінің 

классификациялық  тарихы.  

                        2. Мезгілдес,  себептес,  қарсылықты  салалас  сөйлем.  белгілері. 

 

№ 9 ОЖСӨЖ 



Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы: 1.Салалас  құрмалас  сөйлемнің  мағыналық  түрлері. 

 

7-апта 

7-дəріс 

Дəріс тақырыбы:   Синтаксистік заңдылықтар.  

Дəріс  мазмұны:  Сөйлемге  тəн  белгілер:  модальдылық,  шақтық,  жақтық, 

предикаттылық.  Сөз  бен  сөйлемнің  арақатынасы.  Сөз  тіркесі  мен  сөйлемнің 

ара  қатынасы.  Сөйлемнің  құрылыстық  түрлері,  белгілері.  Сөйлемдегі  оқшау 

құрылымдар: қаратпа, қыстырма, одайғай. Олардың тыныс  



 

№ 7 Семинар 

Кредиттік сағат саны – 1 

Семинар тақырыбы:  1. Салалас  сөйлемнің  мағыналық  түрлері.   

 

№10 ОЖСӨЖ 



Кредиттік сағат саны –3 

Тақырыбы:  1.  Сабақтас    компоненттерінің      шылаулар      арқылы  

құрмаласуы.   

 

№11 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны –3 

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас  сөйлемнің  құрылымдық  бөлшектері.  

 

8-апта 



8-дəріс 

Дəріс тақырыбы:   Құрмалас сөйлем синтаксисі 

Дəріс  мазмұны:  Құрамалас  сөйлемнің  дəстүрлі-логикалық  жіктелуі. 

Құрмалас сөйлемнің функциялық саралануы.  

 

№8 Семинар 

Кредиттік сағат саны – 1 

Семинар  тақырыбы:    1.  Салалас    құрмалас    сөйлемнің    мағыналық    түрлерінің 

классификациялық  тарихы.  

                        2. Мезгілдес,  себептес,  қарсылықты  салалас  сөйлем.   

 

№ 12 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы: 1. Мезгіл, мекен, қимыл-сын немесе амал пысықтауыштар, 

олардың жасалу жолдары. 

2. 

Себеп,  мақсат,  мөлшер  пысықтауыштар  жəне  олардың  жасалу 



жолдары. 

 

9-апта 



9-дəріс 

Дəріс тақырыбы:   Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-семантикалық сипаты. 

Құрамалас сөйлемнің қос жəне көп құрамды түрі, ерекшеліктері. 



 

№ 9 Семинар 

Кредиттік сағат саны – 1 

Семинар тақырыбы:  1.Сабақтас  компоненттерінің  есімше  арқылы  құрмаласуы.   

                      2. Сабақтас  компоненттерінің  көсемше  арқылы  құрмаласуы.   



 

№13 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы: 

1. 


Айқындауышты  қосалқы  сөйлемдер.  Оңашаланған    айқындауышты 

сөйлемдер. 

2. 

Қыстырма  сөйлемдердің  мағыналық  ерекшелігі  мен  жасалу  жолдары. 



Қыстырынды  сөйлемдердің  ерекшелігі  жəне  түрлері:  а)  алдын  ла  ескертпелі 

қыстырынды сөйлемдер; б) соңын ала ескертпелі қыстырынды сөйлемдер. 

 

№ 14 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы: 

1. 


Қабыспалы оралымдр жəне оның түрлері: 

а) есім қабыспалы оралымдар; 

б) есімше қабыспалы оралымдар. 

2. Жанаспалы оралымдар, оның түрлері: 

а) көсемшелі оралымдар; 

ə) есімшелі оралымдар; 

б) шартты рай тұлғалы оралымдар; 

в) қимыл есімді оралымдар. 

 

10-апта 

10-дəріс 

Дəріс тақырыбы:  Салалас құрмалас сөйлем 

Дəріс  мазмұны:  Салалас  құрмалас  сөйлем.  Оның  жасалу  жолдары: 

интонация,  орын  тəртібі,  жалғаулық  шылау.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің 

құрылымдық-мағыналық топтары. 

 

№10 Семинар 



Кредиттік сағат саны –3 

Семинар тақырыбы:  1. Сабақтас  компоненттерінің  шартты  рай   арқылы  құрмаласуы  

№ 15 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:  :   

1.Мезгіл бағыныңқылы  сабақтас  жəне  мезгілдес  сабақтас.  



2.Себеп  бағыныңқылы  сабақтас.   

Жаттығу  жұмыстары. (Ержанова  Ұ.Р. Құрмалас сөйлем  синтаксисі, 2006 ж, 

Бақылау-пысықтау  жаттығу  жинақтары.) 

11-апта 

11-дəріс 

Дəріс тақырыбы:  Сабақтас құрмалас сөйлем 

Дəріс  мазмұны:  Сабақтас  құрмалас  сөйлем,  оның  жасалу  жолындағы 

тиянақсыз  тұлға  (есімше,  көсемше,  шартты  рай)  ерекшеліктері.  Сабақтас 

құрмалас сөйлемнің мағыналық топтары. 

 


№11 -Семинар 

Кредиттік сағат саны –1 

Семинар тақырыбы:  1. Сабақтас құрмалас  сөйлемді  жіктеу  тарихынан.   

                       2. Шартты  бағыныңқылы  сабақтас.   

 

№ 16 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:   

1.  Көп    бағыныңқылы    сабақтас    құрмалас    сөйлем,    олардың    жасалу  

жолдары.  2. Түсіндірмелі  сабақтас құрмалас сөйлем.     

  

№ 17  ОЖСӨЖ 



Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:   

1.Тілдің синтаксистік құрылысына тəн негізгі ұғымдарды ажырату. 

2.  Синтаксистік  байланыс  түрлері  –  салалас,  сабақтас,  орайлас,  аралас  – 

ажырату. 

3. Синтаксистік қатынас түрлері – предикаттық жəне предикаттық емес: 

анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық 

 

12-апта 

12-дəріс 

Дəріс тақырыбы:  Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрі 

Дəріс мазмұны: Құрмалас сөйлемнің көп құрамды түрлері. Көп компонентті 

салалас. Көп бағыныңқылы сабақтас, оның түрлері. Көп басыңқылы сабақтас. 

Аралас құрмалас сөйлем, оның жасалуы мен мағыналық қатынасы. 

 

№12 Семинар 



Кредиттік сағат саны –1 

Семинар тақырыбы:   1.Пысықтауыштың мағыналық топтары мен жасалу 

жолдары. 



2. 

Сөйлемнің 

бірыңғай 

мүшелерінің 

байланысы 

жəне 


оларды 

байланыстыратын жалғаулықтар. 



 

№ 18 ОЖСӨЖ 

Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:    1.  Синтаксистік  тəсіл  түрлері:  аналитикалық,  синтетикалық 

жəне аралас.  

2.  Синтаксистік  тəсіл  амалдары:  интонация,  орын  тəртібі,  шылау;  жалғау 

түрлері жəне бұлардың қабаттаса жұмсалуы. 

3. Сөздердің байланысу формалары: қиысу, қабысу, жанасу, матасу, меңгеру. 

4. Тілдегі тіркес түрлері: салаласа байланысқан тіркес, тұрақты тіркес, 

атаулық тіркес, түйдекті тіркес, еркін тіркес. 

 

13-апта 



13-дəріс 

Дəріс тақырыбы:  Бөгде сөз, оның түрлері 

Дəріс мазмұны: Бөгде сөз. Жалпы сипаттама. Бөгде сөздің түрлері: төл сөз, 

төлеу  сөз  жəне  ортақ  төл  сөз.  Бұлардың  əрқайсысының  өзіне  тəн  өзіндік 

ерекшеліктері мен айырым белгілері. Оларға қатысты тыныс белгілер. 

 

№ 13 Семинар 



Кредиттік сағат саны – 1 

Семинар тақырыбы:   1. Қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас.   

                       2.  Мақсат бағыныңқылы  сабақтас.   

 

№ 19 ОЖСӨЖ 



Кредиттік сағат саны – 3 

Тақырыбы:    1. Сөз тіркесінің құрамы: дара жəне күрделі 

     2.  Сөз тіркесінің түрлері: есімді, етістікті.  

3. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңар қызметіне сүйену жолдары 

 

14-апта 

14-дəріс 

Дəріс тақырыбы: Мəтін жəне оның бірліктері 

Дəріс  мазмұны:  Күрделі  синтаксистік  тұтастық  туралы  түсінік.  Күрделі 

синтаксистік  тұтастықтың  зерттелуі.  Параллель  байланысты  күрделі 

синтаксистік тұтастық. Тізбекті байланысты күрделі синтаксистік тұтастық. 

  

№ 14 Семинар 



Кредиттік сағат саны – 1 

Семинар  тақырыбы:  1.  Синтаксистік  оралымдар  туралы  түсінік  жəне  олардың 

түрлері.  

2. 

Қабыспалы оралымдар мен жанаспалы оралымдар, олардың ерекшелігі. 




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал