Филология факультетi



жүктеу 0.61 Mb.

бет3/6
Дата14.06.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5   6

АБАЙ ЖƏНЕ ОРЫС, БАТЫС ƏДЕБИЕТI МЕН МƏДЕНИЕТI 

Жоспары: 

1. Абайдың орыс əдебиетi мен мəдениетiне ден қою себептерi. 

2. Абай жəне орыс классиктерi. 

3. Абай жəне Батыс мəдениетi.  

4. Шығысым Батыс болып кеттi. 

Тiрек сөздер мен ұғымдар: Реализм, сыншыл реализм, орыс классиктерi: 

Л.Толстой, Салтыков-Щедрин, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов, 

Гете, Мицкевич, Байрон, символизм, нигилизм, дворян əулетi, Батыс 

философиясы. 

Абай ақындық дəстүрлерiнiң революциядан бұрынғы қазақ əдебиетiнде орнығып 

дамуы жайында сөз ете отырып, орыс реализмiнiң дəстүрлерi туралы, орыс 

əдебиетiнен творчестволық жолмен үйрену жəне одан аудару туралы мəселеге соқпай 

орағытып өтуге бола ма? тiптi бұлай болуы мүмкiн де емес.  

Ең  алдымен,  орыстың  классикалық  əдебиетiнiң  iгi  əсерi  нəтижесiнде 

қалыптасқан  қазақтың  реалистiк  жазба  əдебиетi  өзiнiң  творче-стволық  даму,  өрлеу 

жолында сол əсерден еш уақыт сырт қалған емес. Абай тұсында да жəне одан кейiнгi 

кезеңде  де  осылай  болады.  Сондықтан  ХХ  ғасырдың  бас  кезiндегi  қазақтың 

демократтық  бағыттағы  əдебиетiнiң  негiзгi  сипаттары,  даму  заңдылықтары  мен 

ерекшелiктерi жайында сөз қозғалғанда жоғарыда аталған мəселеге де айрықша назар 

аударылуға  тиiс.  Өйткенi,  мұнсыз  бiз  өткендегi  əдебиетiмiздiң,  жалпы  рухани 

мəдениетiмiздiң тарихын толық елес-тете де, терең түсiне де алмаймыз. 

Екiншiден, Абай дəстүрлерi жəне орыс реализмiнiң дəстүрлерi-бiрiн Бере жоққа 

шығаратын,  қарама-қайшы  тұрған  құбылыстар  емес.  Қайта,  олар-бiрегей  де  тұтас, 

ажырамас  та  егiз  құбылыстар.  Түптеп  келгенде,  Абайдың  реалистiк  поэзиясы,  қазақ 

əдебиетiнде  ол  негiзiн  қалаған  сыншыл  реализм-орыстың  классикалық  əдебиетi 

дəстүрлерiнiң  жемiсi екендiгi де аян. Сондықтан бұл мəселелер бiрiн Бере өшiрмейдi, 

əлсiретпейдi, қайта толықтыра, тереңдете түседi. 

Үшiншiден,  Абай  төңiрегiндегi  бiрталай  ақындар  жəне  ХХ  ғасырдың  бас 

кезiндегi  қазақ  əдебиетiнiң  кейбiр  өкiлдерi  орыстың  классикалық  əдебиетiне  ең 

алдымен  Абай  арқылы,  Абайдың  творчестволық  тəжiрибесi  мен  эстетикалық-

көркемдiк принциптерi арқылы барады, сол арқылы тереңдеп үңiлдi. 


 

26

Абай  өзiнiң  бiр  ғақлиясында:  Орысша  оқу  керек: «хикмет  те,  мал  да,  өнер  де, 



ғылым  да-бəрi  орыста  зор…  Сен  оның  тiлiн  бiлесiң,  көкрек-көзiң  ашылады… 

Орыстың  ғылымы,  өнерi-дүниенiң  кiлтi» (II, 179)-деп  жазды.  Мұнда  Абайдың  тек 

ағартушылық жəне творче-стволық қана емес, сонымен бiрге тарихи мақсат көздегенi 

де байқалады.  

Ол  кенже  қалған  қазақ  халқы  үшiн  орыстың  тiлi  мен  ғылымы,  əдебиетi  мен 

көркем өнерi бүкiл адам баласының мəдени қазнасына жол ашатын, соның деңгейiне 

көтерiле  алуға  мүмкiндiк  беретiн  жəне  табиғаттың  ғаламат  сырларын  танытатын 

құрал  деп  бiлдi.  Абайдың  өз  басы  да  дүние  жүзiлiк  əдебиет  пен  көркемдiк  ойдың, 

ғылыми ойдың биiгiне орыс əдебиетiарқылы, орыс тiлiндегi кiтаптарды тереңдеп оқу 

арқылы жете. Орта Азия мен шығыс халықтарының арғы-бергi классиктерiнiң iшiнде 

орыс  мəдениетiне  тұңғыш  ден  қоюшылардың  бiрi  ұлы  Абай  болуы-бiздiң  ұлттық 

мақтанышымыз,  рухани  мəдениетiмiздiң  тарихындағы  жаңа  кезең,  баға  жетпес 

құбылыс. 

Абай  орыс  əдебиетiнiң  нағыз  классикалық  дəрежеге  жеткен  кезiне,  яғни  оның 

алтын  ғасырына  тап  келдi.  Көркем  сөздiң  небiр  құдiреттi  данышпандарын  тудырған 

орыс  əдебие-тi  бұл  кезеңде  бүкiл  адам  баласының  рухани  дамуына  айрықша  əсер 

еткендiгi де аян.  

Ол  халықтық  бағыттағы  əрi  нағыз  гуманист-жазушыларға,  жаңа  тұрптт-ты 

суреткерлерге соншалықты бай едi.  

Бұл  кезеңдегi  орыс  əдебиетi  Пушкин  мен  Лермонтов,  Гоголь  мен  Салтыков-

Щедрин,  Белинский  мен  Герцен,  Чернышевский  мен  Добролюбов,  Некрасов  пен 

Тургенов,  Толстой  мен  Чехов  тəрiздi  алыптардың  есiмдерiмен  сипатталады.  Абай 

солардың бəр-бəрiн дерлiк тереңдеп оқыған, аса жоғары бағалаған. Жалпы қазақтың 

реалистiк  жаңа  əдебиетiнiң  қалыптасуына  солардың  қай-қайсысының  да 

творчествосының, эстетикалық-көркемдiк ойларының шапағаты аз тиген жоқ. 

       Абайдың  Пушкин  мен  Лермонтовтан  творчестволық  жол  мен  үйренгенi, 

олардың  шығармаларын  аударғаны  жəне  Белинский  мен  Чернышевскийдiң  лұғатты 

ой-пiкiрлерiнен  тағлым  алғаны  айдай  əлемге  анық.Ол  қазақтың  реалистiк  жаңа 

əдебиетiн осы жолмен ғана жасай алды. 

Ал  оның  басқа  жазушылармен,мысалы  Гогольмен,  əсiресе  Салтыков-Щедрин 

мен  Толстой  есiмдерiн  зор    iлтифатпен  атайтыны  бар.  Бұл-айрықша  бағалы  факт. 

Бiрақ  бұл  аз.  Мəселенiң  түйiнiн  мұнымен  ғана  түсiндiрiп  қою  тапшылық  етедi.  Бiз 

тағы  да  Абай  творчествосына,  əсiрiсе  оның  сатиралық  шығармаларының  тереңiне 

үңiлемiз.  Сонда  Абай  Салтыков-Щедрин  сатирасының  идеялық  бағытына  əсiресе 



 

27

қатты  ден  қойғанын  аңдаймыз.    Абайдың  классикалық  орыс  əдебиетiмен 



творчестволық  байланыстарының  терең  бiр  тамыры  ол  жасаған  үздiк  көркем  əрi 

шыншыл аудармаларда екенi мағлұм. Бұл жайында мейлiнше көп жазылды. Бiз негiзгi 

тақырыбымызға  байланысты  кейбiр  жəйттерге  салыстырмалы  түрде  ғана  сəл  аялдап 

өтелiк. 


        Орыстың  классикалық  əдебиетiнiң  ұлы  өкiлдерiнiң  үлкендi-кiшiлi 

шығармаларын аударғанда Абай тек қана ағартушылық немесе творчестволық мақсат 

қана көздеп қойған жоқ, сонымен бiрге өзiнiң идеялық-эстетикалық көзқарастарын да 

бiлдiрiп отырыды. Əрине, оның əр ақыннан жасаған аудармалары əралуан өзгешелiк, 

əралуан сипат танытады. 

Мысалы,  Крыловтан  жасаған  кейбiр  аудармаларында  Абай  ауыз  əдебиетiнiң 

сарында-ры мен суреттеу тəсiлдерiн шебер қолданып отырыды. Бiрақ бұдан Крылов 

мысалдары-ның  өзiндiк  ерекшелiктерi  көмескi  тартпайды,  қайта  солардың 

дидактикалық, ғибратшыл-дық сарындары күшейе түседi.   

Ал  Пушкин  мен  Лермонтовтан  жасаған  аудармалары-тек  Абай  творчествосы 

үшiн ғана емес, сонымен бiрге бүкiл қазақ əдебиетi үшiн баға жетпес творчестволық 

əрi  көркемдiк  құбылыс.  Егер  Крылов  мысалдарын  аударғанда  Абай  өзiнiң  төл 

сатиралық  поэзиясымен  қоян-қолтық  келiп  отырса,  ал  Пушкиндi,  əсiресе 

Лермонтовты  аударғанда  ол  өзiнiң  ақындық  сарайын,  лирикалық  кейiпкерiнiң  iшкi 

əлемiн көбiрек ашады. 

Өз  творчествосында  да  идея  мен  мазмұнды  аса  жоғары  бағалаған  Абай  көркем 

аудармада  да  сол  пикирден  танбағаны  аян.  Ол  аударып  отырған  шығармасының 

идеялық тынысын, рухын терең жеткiзiп берудi бiрiншi орынға қойды. Ол кейде түп 

нұсқадан  сырттай  алыстаған  тəрiздi  болып  отырып  та,  нəтижеде  соған  сонағұрлым 

жақын келiп, етене туыса түсiп отырады. 

Бұдан көп жайды аңғаруға болады. Ең  алдымен, Абайдың өз халқының бай ауыз 

əдебиетiн,  соның  iшiнде  ертегiлердi  аса  жоғары  бағалағаны  байқалады.  Рас, «Мен 

жазбаймын өлеңдi ермек үшiн» деп келетiн бiр өлеңiнде Абай «жоқ-барды, ертегiнi» 

терудi  жақтырмайтынын  айтады,  зор  эстетикалық-көркемдiк  əрi  идеялық  тұрғы-дан 

қарайды.  Əйтпесе,  Абай  ертегiлердiң  халық  тарихын,  оның  өткенiн,  өмiрi  мен 

тағдырын, əдет-ғұрпын, ой-арманын тануда зор маңызы бар екендiгiн терең түсiнген. 

Тұраш  естелiгiнен  Абайдың  айтушы  əрi  тыңдаушы  ретiндегi  қалпы  да  жақсы 

аңғарылады. 

Бұдан  соң  естелiкте  Абайдың  жас  кезiнде  Шығыс  əдебиетi  үлгiлерiн  оқып, 

таратып,  ал  кейiн  орыс  əдебиетiне  көбiрек  ден  қойғаны  айтылуы - айрықша  бағалы 



 

28

факт, маңызды дерек. Бұл ұлы ақынның творчестволық iзденiстерiндегi, эстетикалық 



көзқарас-тарындағы  өзгеше  бетбұрысты  жақсы  танытады.  Сонымен  бiрге  оны 

қоршаған ортаның, тыңдаушылардың да талғамы өзгерген. Олар, яғни Тұраш сөзiмен 

айтқанда  дүйiм  ел  «Мың  бiр  түн»  сияқты  шығармалардан  жалығып,  роман  сияқты 

күрделi  жанырға,  реалистiк  жанырға  ауысқан.  Бұл - Абай  творчествосы  жəне  ол 

тағлым  алған  классикалық  орыс  əдебиетiнiң  өмiр  шындығымен  тығыз 

байланыстылығының,  заман  талабының,  халық  тiлегiнiң  үдесiнен  шыққандығының 

əсерi. 

Ұлы ақынның творчествосының-жас таланттар үшiн жаңа өрiске меңзейтiн арна 



ғана емес, мəдениетi жоғары əдебиеттерден творчестволық жолмен үйренудiң тамаша 

үлгiсi де едi. Сiрə, Абай өзiнiң ақын шəкiрттерiне орыстың классикалық əдебиетiнiң 

халықтығы  мен  демократизмiнен,  көркемдiк  ерекшелiктерiнен  үйрену  қажеттiгiн 

танытып  қана  қоймай,  қалай  жəне  қайтiп  үйрену  керектiгiн  де  көрсеткен.  Ақылбай 

мен  Мағауияның  реалистiк-романтикалық  поэмалар  тудырудағы  творчестволық  

тəжiрибесi  мен  iзденiстерi-бұған  анық  айғақ.  Шығандап  шығып,  алысқа  ұзап  көп 

оқып  үлгермеген  бұл  ақындардың  орыс  əдебиетi  сияқты  аса  күрделi,  творчестволық 

сыры мен қыры өлшеусiз мол, iргелi əдебиеттiң тереңiне тек Абайдай дана ұстаздың 

демеуiмен,  жəрдемiмен  ғана  үңiлгендiгi,  дəiрек  айтқанда  үңiле  алғандығы  даусыз 

болса керек.  



Сұрақтар мен тапсырмалар: 

1. Абайдың орыс əдебиетiн келуiнiң себептерi: 

2. Абайдың орыс достары: Михаэлис, Долгополов т.б. туралы не бiлесiң, олардың 

АБайға əсерi. 

3. Абайға Пушкиннiң əсерi; Абай аудармасын (Евгений Онегин) түпнұсқамен 

салыстыр. 

4. Абайдың Лермонтовты «махаббатқа уланған ақын» деуi нелiктен. 

5. Абай творчествосында орыс классиктерiнен кiмдердiң есiмдерi аталады? 



Əдебиеттер: 

1. З.Ахметов Лермонтови Абай 

2. Г.Бельгер. Ундестiк. Созвучие. 

3. Ə. Жиреншин.Абай  жəне орыстың социал-демократтары. 

4. М.Əуезов Абай Құнанбаев. 

АБАЙДЫҢ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫНА, ИСЛАМИЯТҚА ҚАТНАСЫ. 


 

29

Жоспар: 



1. Абай жəне Шығыс əдебиетi. 

2. Шығыс класиктерiн оқып үйренуi, таныуы. 

3. Абай өлеңдерiндегi исламға (дiнге қатысты ой-пiкiрлер. 

4. Ақынның қара сөздерiндегi дiни түсiнiктермен Шығыстық ой-пiкiрлер. 

5. Абайдың нəр алған қайнарының бiрi-Шығыс. 

Тiрек сөздер мен тiркестер. 

Шығыс 

филофосиясы; 

хəкiм 

мен 

ғалым, 

исламият, 

иманның  

түрлерi,шығыс класссиктерi, ойшылдықпен тану, жүрек,ми,əсер т.б. Ғақылият-

тасдихат, ғұла-махи-Дауани, араб-парсы ойшылдары.                  

Бүкiл  адамзат  тарихының  өткен-кеткен  дəуiрiн  барлай  қарасақ,  Шығыс,  соның 

iшiн-де, мұсылман дүниесi үлкен мəдениет ошағы болғандығы ешкiмге сыр емес. Ал, 

Абайды Абай дəрежесiне көтерiп, оны ақындықтың биiк шыңы-на алып шыққан үш 

қайнардың бiрi де шығыс мəдениетi екендiгiн толық мойындаймыз. 

Абайдың шығыс поэзиясы классиктерiмен алғаш танысуы медiреседе басталған. 

Шəкiрт  ақын  ұлы  классиктерге  елiктеп,  алғашқы  өлеңдерiн  жазу  үстiнде  Фзули, 

Шамси,  Сейхали,  Науаи,  Сағди,  Фердауси,  Хафиз  аттарын  тiлге  алып,  жетi  ақын 

классиктен медет тiлейдi. Соңыра балаң елiктеу, өнер салыстыру кезеңiнен өткен соң 

да, шығыс поэзиясы-ның жетi алыбын тереңдей оқып, сынмен қарап шығармашылық 

турғыдан  меңгеру  үстiнде  толыға  берген.  Муны  жетi  зерттеген  академик  М.Əуезов 

Абай шығармашылығын бiрнеше кезеңдерге бөледi. Бiрiншi кезең ақынның жиырма 

жасқа  (яғни 1865 жылға)  дейiнгi  өмiр  кезеңiн  қамтиды.  Муны  ол  ақынның  шығыс 

классиктерiне  елiктеу  дəуiрi  деп  таныған.  Абайдың  жастық  шағындағы  үш  өлеңi 

''Йузи раушан, көзi гауҳар''; ''Фзули, Шəмси, Сəйхали''  ''Əлифби'' өлеңiн таза елiктеу, 

шығыс үлгiсiнде жазылғандығын айтады.  

Шығыс  классиктерiне  қарым-қатынастың  алғашқы  кезеңiнде-ақ  Науаи,  Фзули, 

Сағди,  Жами,  Низами  поэзиясындағы  шын  өмiрдi  жырлап,  махаббат  сезiмiн 

ардақтаған.  Абайдың  кейбiр  өлеңдерiнде  ұлы  Науаи  шығармаларының  əсерi 

айқынырақ сезiледi. Тiптi ''Əлифби'' өлеңiнде Абай устазы Əлiшер Науаимен ақындық 

өнерi  жарыстырғандай  мiнез  танытады.  Науаи  кейбiр  араб  əрпiн  сұлу  əйелге  балай 

суреттесе, Абай араб əрпiн түгел қамтып, қыз бойындағы əсемдiк көркiне түгел жегiп, 

өзiнше  ақындық  өнер,  соны  тапқырлық  көрсеткендей  шеберлiк  те  танытады.  М. 

Əуезов  Абай  шығармалрындағы  шығыстық  белгiлердiң  ақынның  бала  кезiнен 

өмiрiнiң  соңына  дейiн  желiдей  созылып  арқау  болғанын  баса  айтады.  Абай 


 

30

шығармаларындағы  шығыстық  белгiлердi  шығыс  классиктерiнен  iздестiре 



бастағанда,  оларды  негiзiнен  а)  Абайдың  махаббат  лирикасынан;  ə)  дидактикалық 

өлеңдерiнен;  б)  өсиет-үлгi  сарындос  өлеңдерi  мен,  əсiресе,  қарасөздерiнде  жүйелi 

түрде  өз  танымын  желiлеп  таратып  отыратын  толық  адам  жөнiндегi  ой-

толғаныстарынан жиi ұшыратамыз. 

Абай-өзi жасаған əлеуметтiк ортаны, оны қурайтын жеке адамдарды тəрбиелеу, 

түзеу арқылы  өзгертуге  ұмтылған  ағартушы-демократ. Абайдағы  толық  адам жайлы 

ойдың о бастағы төркiнi ''Ғылым таппай мақтанба'' өлеңiнен басталып, ақынның осы 

өлеңдегi ''Адам  болам  десеңiз''  деген  тезисi  негiзiнде  жатыр.  Бул  өлеңде  Абайдың 

өзiндiк  танымы  мен  шығыс  ойшылдарының  пiкiрлерiмен  ой  ортақтастығы,  пiкiр 

iлiктестiгi де сезiледi. Əсiресе: 

Мұны жазған кiсiнiң,   

Атын бiлме, сөзiн бiл... 

Мұны жазған бiлген құл, 

Ғуламаҳи Дауани,- 

дегендегi Ғуламаҳи Дауаниге сiлтеме жасауынан да анық байқалып тур. 

Немесе:                   Бес нəрседен қашық бол, 

                                Бес нəрсеге асық бол. 

                                Адам болам десеңiз,- 

Дегендей ой төркiнiне назар салсақ, ақын арнайы таңбалап сынап отырған; өсек, 

өтiрiк,  мақтаншақ,  ерiншек,  мал  шашпақ  жəне  осыларға  қарсы  қойылатын;  талап, 

еңбек,  терең  ой,  қанағат,  рахым  жайлы  мағынасы  кең  ұғымдар  тамыры  тереңде 

жатқан ақын ойларында салмағы басым жатыр. Абай ''жанның тамағы'' деген ұғымға 

адамның  сыртқы  объективтi  дүниенi  санаға  сəулелендiру  арқылы-жан  қуатымен 

бiртiндеп  қорланатын  рухани  байлығы  деп  анықтама  берсе,  Жүсiп  Қарабағи: 

''бұлардың бəрiнен арылтушы-нағыз ғылым т. б.''-деп тəн азығы сияқты адам жанын 

сауықтыратын жанның тамақтары болатынын қөрсетедi. 

Абай  шығармаларын  сырттай  таныған  адам  толық  адам  болу  жайлы  ой 

желiстерiн  де  кездесетiн ''бенделiктiң  кəмалаттығы'', ''кəмалатты  азамат'', ''толық 

инсаният'', ''толық  адам'', ''жарым  адам'',  ''жəуантмəртлiк''  жайлы  ойлар  төркiнiн,  ол 

ұғымдар  табиғатын  жете  түсiне  бермейдi.  Бұлар  жалып  мұсылмандық  шығыс 

ойшылдарында сөз болған тамыры тереңге кеткен дүниелер. 

Адамның  жан  сыры  хақындағы  ойлары  мен  сол  танымын  насихаттау  үстiнде 

қолданған  ұғымдық,  атаулары  мен  терминдiк  сөздерiнiң  шығу  төркiнiн,  бастау  алар 

көзде-рiн iздестiре бастаса-ақ болды Мешаиюндер мектебiнiң Əл-Фараби бастаған iрi 



 

31

өкiлдерi Ибн-Сина, ибн-Баджа, Ə.Науаи, Ғұламаҳи Дауани, Ж. Қарабағи еңбектерiне 



тiрелсек,  екiншiден  Абай  аударған  орыс  ақындарының  өлеңдерiндегi  жүрек  жайлы 

ойлардың желiсiнен де көп нəрсенiң сырына қаныға түсемiз.  

Абайдың  дүниетанымында  жүрек  адамзат  бойындағы  сезiмдiк  мүшелерiнiң  ең 

күрделi əрi iшкi органдардың бiрегейi деп саналады. Нақтылы да дəлелдi деректерге 

сүйенсек,  əл-Фараби; ''Мүшелердiң  iшiнде  тұңғыш  рет  жүрек  пайда  болады,  будан 

кейiн ми''-десе, ибн Сина; ''Жүрек  бiрiншi бастама болып табылады, одан миға күш 

барады''-деген  пiкiрлерi  Абай  пiкiрлерiмен  өзектес.  Сондықтан  да  Абай  танымының 

нəр алған қөзiнiң түп-төркiнi əл-Фарабиде жатқандығы көрiнiп тұр. 

Абай шығармаларының негiзгi тақырыбы болған адамгершiлiк лирикасы  шығыс 

əдебiетi  классиктерi  Рудаки,  Фирдоуси,  Низами,  Руми,  Жами,  Науаи 

шығармаларының  да  негiзгi  тақырыбы  болған.  М.Əуезов  “Абайға  шығыстан  кiрген 

буйымдардың  басы  ислам  дiнi” -деп  көрсеткен  бұл  пiкiрдiң  түп-төркiнiнде  үлкен 

тарихи шындық жатқанын ескерiп барып айтқан. 

Қазақ  халқының  рухани  дүниесiнде XIX ғасырда  ислам  дiнi  кең  өрiс  алған 

кезеңде  болашақ  ұлы  ақын  аулында  мектеп-медреседе  оқып,  алғашқы  дүние 

танымының  қалыптасу  кезеңi  тұс  келдi.  Əкесi  Қунанбайдың  меккеге  барып,  елде 

мешiт салдырып; дiн жолына түскенi көз алдынан өтiп жатты.  

М.Əуезов дiнге нанған адам ретiнде Абайдың iшкi дүниетанымының сыры 1894-

1895  жылдардағы  жоқтау  өлеңдерiнде  жиi  аңғарылады  деп  қарайды. «Абай  дiнi-

сыншыл  ақылдың  шартты  дiнi»  деген  Əуезовтың  тезистей  ойларын,  негiзiнен 1895 

жылы  жазылған  «Лай  суға  май  бiтпес,  қой  өткенде»  деген  өлеңiнде  Абай  тəңiрiге 

деген  iшкi  нанымдары-ның  сырын  ашып,өзiн  құдайына  бас  иген  мұсылманның  бiрi 

ретiнде танытады. Бiрақ ойшыл ақын осы таным шеңберiнде тұрып қалмай, түп иенiң 

өзiн ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады.  

Абай  шын  ақындық  өнер  жолына  саналы  түрде  құлай  берiлген  дəуiрi-қырыққа 

қадам  басқан  шағы  Осыған  дейiнгi  өмiр  жолына  көз  жiберген  ақын 1886 жылы 

жазылған өлеңiнде: 

Өкiнiштi көп өмiр кеткен өтiп,  

Өткiздiк бiр нəрсеге болмай жетiк. 

Ойшылдың мен де санды бiрiмiн деп, 

Талап, ойсыз мақтанды қалдым күтiп, 

деп, ескертуiнде байқалған кiсiге көп мағына жатыр.  

Абай  тəңiрiнi  тануда  шығармаларында  шариғат  тоқта  деген  шартқа  аялдамай, 

тəңiрiнi ақылға салып, ойға қондырмай тоқтамайтынын  «Құмарсыз құр мүлгуге тоя 



 

32

алмаймын»  деген  пiкiрiнде  ашығырақ  бiлдiредi.  Абайдың  дiнi-«ақылдың, 



адамгершiлiктiң  дiнi»  Мұны  оның  (соңғы)  өмiрiнiң  соңғы  шағында  жазылып.  терең 

ойға құрық алған əр түрлi күрделi мəселелер төңiрегiнде сөз қозғайтын «Алланың өзi 

де  рас,  сөзi  де  рас»  өлеңi, 27-38-сөздерiнде  көруге  болады.  Осы  аталған 

шығармаларында  Абай үстiрт қараған кiсiге дiншiл ақын сияқты əсер де қалдырады. 

Бiрақ  үңiле  зерттей  қараса,  Абай  исламиеттың  кейбiр  түбiрлi  ұғымдарын  сыншыл 

ақылға салып, оны өзiндiк таным тұрғысынан адамгершiлiк дiнiне айналдырады. 

Абайдың  мағынасы  терең,  оқып  танудың,  мəнiн  түсiнудiң  өзi  қиынға  соғатын 

шығармаларының  бiрi 38-сөзiнде  («Ғақылият  тас-дихат»)  мағынасын  тереңiрек 

ашуды талап ететiн ұғымдар көп-ақ. 

Осындай  күрделi  ұғымның  бiрiне  Абайдағы  жəуант-мəртлiк  мəселесi  жатады. 

Абай  сүйенiп,  арнайы  таратуға  ұмтылған  үш  сипатты  (ақыл,  əдiлет,  рақымды) 

қамтитын  жəуан-мəртлiк  төңiрегiнде  ғана  пiкiр  қозғау-  М.Əуезов  жасаған  ой 

байламының түп-төркiнiн, сүйенген негiзiн аша түсетiн деректер көзiне əкелiуi: 

Абай 38-сөзiнде  Алланың  бойындағы  сифатияға  тоқталғанда  оларды  бас-

басына:  хаят

ةﺎﻴَﺣ


 

,  ғылым,

ْﻠِﻋ


ٌﻢ

  құдiрет,  көру  (басар 

ﺮَﺼَﺑ


),  есiту  (сəмиғ

ٌﻊﻴِﻤَﺳ


),  қалау 

(ирада), сөз (кəлам 



ٌمﻼآَ

), болдыру (тəкуин) деп атап өтедi. Алланың бойындағы осы 

сиппатар  зəредей  болса  да  оның  пенделерiнiң  бойында  болмақ.  Осы  сегiз  сипатқа 

Абай  өз  тарапынан  нақылия,  ғақылия  дəлелдер  арқылы  екi  сипатты  (əдiлет,  рахым) 

қосады. Ғылым мен құдiрет сияқты екi сипатты бiрiктiрiп, олардың баламасы ретiнде 

ақылды  (ғақыл

ٌﻞْﻘَﻋ

)  алады.  Абай  осы  он  сипаттың  iшiнен  үшеуiмен:  ақыл,  əдiлет, 



рахымның  адам  бойына  еңбексiз,  əрекетсiз, iзденусiз  дарымайтынын  ескертедi.  Осы 

үш  қажеттi,  яғни  кəсiби  құбылысты  бойына  уялатқандар  ғана  толық  адам  атына  ие 

болады деген байламға келедi. Ол «Ендi бiздiң бастағы тағриф бойынша құдай тағала 

ғылымды,  рақымды,  ғадалəттi,  құдiреттi  едi.  Сенде  бұл  ғылым,  рақым,ғадалат  үш 

сипат  бiрлəн  сипаттанбақ…  Белгiлi  жəуан-мəртлiк  үш  хаслат  бiрлəн  болар  деген  

сиддық,  кəрам,  ғақыл-бұл  үшiндəн  сиддық-ғадалəт  болар,  кəрам-шафағат  болар, 

ғақыл мағлум дүр-ғылымының бiр аты екендiгi». 

Абай  өзiне  дейiнгi  дəуiрдегi  техникалық  жаңалықтарды  ашқан,  оны  адамзат  

игiлiгiне қызмет еттiрушi хакимдердi қай дiни ұстанса да алаламайды. Қайта олардың 

дiни  нанымы  əр  түрлi  болса  да,  бүкiл  адамзат  баласына  тигiзген  пайдасына  қарай 

бағалайтын гуманис-тiк көз қарасы басым жатады.  Абайдың мұсылман хакимдерiнiң 

дiнге  қатынасын 38-сөзiнде  «Бұлардың  көбi-иманның  жетi  шартын,  бiр  аланы 

танымақтан  ғаири,  яғни  алтауына  кiмi  куманды,  кiмi  мүңкiр  болып,  тахиклой 

алмағандар», деп жiктей көрсететiн пiкiрiнде жатыр. Көпшiлiкке мəлiм «Иманшарт» 



 

33

кiтабының  түсiндiруiнше,  ислам  дiнiндегi  мұсылмандықтың  басты  шарты  иманның 



жетi  шартын  мүлтiксiз  орындау,  соған  көз  жұмып,  пiкiрсiз  нану  жатады.  Абайдың 

айтуынша,  алдынғы  қатарлы  мұсылман  хаким-дерi  осы  жетi  шарттың  бiрiншiсiне, 

əйтеуiр бiр жаратушы  күштiң  барлығына сенгенде, қалған алтауына күмəн тудырып, 

ешбiр ақыл-ойсынына қондыра алмай, оларға қарсы пiкiрде болғандар. Иманның жетi 

шартына  түгел  нанбай,  үзiп-жұлып  сену-мұсылманшы-лық  тұрғысынан  қарағанда, 

барып тұрған дiн бұзарлық қылық. Бiрақ Абайдың танымында мұндай хакимдер дiн 

жағынан ұстаз бола қоймағанның өзiнде де, бүкiл адамзат баласы-ның қамын ойлап, 

бул  дүниенiң  пайдасы  үшiн  қызмет  етуi  себептi,  бiз  оларға  борыштар-мыз  деген  ой 

түйiнен  ашық  бiлдiредi.  Алайда  мұндай    хакимдердi  дiни  көзқарасы  үшiн  емес, 

олардың  қоғамға  тигiзген  пайдасы  үшiн  жоғары  бағалауында  терең  мағыналы  ой 

жатыр. 

Қорыта  айтқанда  Абай  дүниенi  жаратушы  бiр  не  бар,  ол-тəңiрi  деген  ұғымда 



болған  жəне  ол  ұғымнан  қайтпаған.  Бiрақ  Абайды  «дiншiл»  деуге  болмайды. 

Ағартушылық идеясына деизм, пантеизм, антропологизм, затты тануда материализм, 

қоғамды тануды идеализм сарынды болды. Сойып келгенде Абай философиясы, оның 

ислам этикасын сынаған ойлары атеизмге қызмет iстедi.     




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал