Филология факультетi



жүктеу 0.61 Mb.

бет1/6
Дата14.06.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

1

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖƏНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БIЛIМ 



МИНИСТРЛIГI 

БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ 

МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТI             

ТҮРКl  ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 

 

(лекция текстерi) 

 

 



 

 

                            Дайындаған: ф.ғ.к. Қ. Аралбаев             



                                        

 

 

Н Ө К I С - 2007 

 

2

АБАЙТАНУ КУРСЫ ОНЫҢ МАҚСАТЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН 



СИПАТЫ. 

Жоспары: 

1. Абайтану курсының зерттеу объектiсi. 

2. Курстың мiндеттерi мен мақсаты 

3. Абайтану курсы қазiргi кезеңде. 

4. Қазiргi абайтанушылар, олардың iзденiстерi. 

Тiрек  сөздер  мен  тiркестер:  Абайтану,  ақындық  дəстүр  мен  мектеп, 

ататегi,  жəдид  ағымы,  Құнанбай  жəне  құнанбайшылық,  Шəкəрiм  мен 

Көкбай,  алашордашыл  азаматтар,  Кəкiтай  Ысқақовтың  еңбегi.  Санкт-

Петербург-1909,  орыс  социал-демократтары  А.Байтурсынов,  Ə.Áөкейханов, 

М.Дулатов  туралы  мəлiметтер.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  тiлiндегi 

баспасөз,  демократ-ағартушылар,  буржуазияшыл  ұлтшылдық,  кеңес  дəуiрi, 

тоталитарлық жүйе. 

   Абайдың  шығармашылық  өмiрi-қазақ  əдебиет  тарихының  кiндiк  тұтқасы. 

Сондықтан  оның  ақындық  жолын  зерттеу  бүкiл  ұлттық  əдебиеттiң  даму,  есею 

кезеңдерiн  зерттеумен  тығыз  байланысты.  Қазақ  əдебиетiнiң  озық,  демократтық 

дəстүрi,  ұлттық  əдеби,  мəдени  мұрамен  байланысты,  кейiнгi  ұрпаққа  əсерi-бəрi  де 

Абайдың  ақындық  өнерiн  қарастыру  үстiнде  кең  талдануға  тиiс  нəрселер.  Алайда 

бұған дейiн орын алып келген бiздегi ұлттық мұраға деген көз-қарас бұл iске белгiлi 

дəрежеде  кедергi  жасап  келдi.  Коммунистiк  идеология  режимi  қазақ  халқының 

ұлттық  əдебиетiн  хандық,  феодалдық,  таптық  көз-қарастармен  шектеп,  оны  

жариялауға, кең көлемде зерттеуге жол бермедi. 

1995-жылы  Абайдың  туғанына 150 жыл  толуы  Қазақстанда  жəне 

республикамызда  үлкен  халықтық  мереке  ретiнде  атап  өтiлдi.  Осы  тойға  дайындық 

ретiнде    ақынның  екi  томдық  академиялық  жинағын  баспаға  дайындады,  оның 

шығармашылық  еңбегiн  қамтитын  əр  тақырыпта  зерттеулер  жасау  күн  тəртiбiне 

қойылды.  Абайтанудың  қазiргi  дəуiр  талап  етiп  отырған  негiзгi  мiндеттерi  де  осы 

проблемалардан туындайды. 

Тағы  да  толықтырылған  оның  ата-анасы,  туған-туысқандары  туралы    деректер. 

Олардың  да  сөзсiз,  Абай  өмiрбаянына  қатысы  бар.  Солардың  бiрқатарын  кезiнде 

үстем  тап  өкiлi  есебiнде  Абайға    қарсы  қою  мақсатында  суреттелген.  Бұл  тұрғыда 

алдымен  Құнанбай  туралы  деректер  толықтыруды,  анықтауды  керек  етедi 


 

3

Құнанбайдың  өз  заманының  азулы  билеушiсi,  феодалдық  дiни  ұғым  түсініктердің 



мықты қорғаушысы, мiнезi кесек, қатты кiсi болғаны рас. Абай ұғымына, көзқарасына 

оның қайшы келетiнi де осыдан. Кезiнде Құнанбайдың Абайға таққан үш мiнi тарихи 

шындықтан  алынған.  Соған  қарап  Құнанбайды  тек  ұнамсыз  жағынан  ғана  көру 

көбiрек байқалып жүр. 

Абайдың  əкесiне  зор  құрметпен  қарағаны  оның  өлеңдерiнен  де  анық  көрiнедi, 

Əбдiрахман өлгенде жазған өлеңдерiнiң бiрiнде: 

Арғы атасы қажы едi, 

Бейiштен татқан шəрбатты 

Жарықтықтың өнерi 

Айтуға тiлдi тербеттi. 

Адалдық, ақыл жасынан, 

Қозғапты тыныштық бермептi, 

Мал түгiл жанға мырза едi, 

Əр қиынға сермептi. 

Мұңды, шерлi жоқ жiтiк. 

Аңсап, алдын кернептi, 

                  Əдiл, мырза ел болып, 

Əлемге жайған өрнектi 

Тəубесiн еске түсiрiп, 

Тентектi жиып жерлептi. 

-деп əкесiнiң ұлағатты iстерiн, өнегесiн еске алады да, 

Оны да алды бұл өлiм 

Сабырлық қылсақ керектi,-деп өзіне жұбату айтады. 

Ақын өскен ортасының сырын ашатын тағы бiр сала-Абай маңындағы ақындар, 

жыршылар, өнер сүйгiш өнегелі жас қауым, шəкірттері. 

Олардың қай-қайсысы болса да Абай өнегесiн таратушы болған, əдебиетте жаңа 

дəстүрдi қалыптастырып, жалғастыруға қызмет еткен. 

Көбi  ақын  ұсаған  шығармалар  жазған.  Осылардың  iшiнде  Шəкəрiм  мен 

Көкбайдың  орны  ерекше.  Алайда,  коммунистiк  идеологияның  бiржақты  үстемдiгi 

кезiнде бұл екi ақын да тарихтан тиiстi бағасын ала алмады. Ендiгi бiр үлкен мəселе 

Абай шығармашылығын зерттеудiң мазмұны, əдiстемелiк принциптерi туралы.  

Осы  күнге  дейiн  Абай  туралы  зертеулерде  оның  орыс  əдебиетiмен  байланысты 

жағы  ғана  толығырақ  ашылып,  қалған  жағы  көмескi  қалып  келдi.  Мұның  да  дəуiр 

иделолгиясы-нан  туғаны  жұртқа  мəлiм.  Мұхтар  Əуезов  кезiнде  Абай 



 

4

шығармашылығының  үш  бұлағын  атап,  оларға  халық  əдебиетiн,  шығыс  əдебиетiн 



жəне орыс батыс əдебиеттерiн қосқан. 

Абайдың  ақындық  жолы,  ортасы  күрделi  болғаны  белгiлi.  Оның  ақындығы  да 

сол ортада өз дəуiрiнiң шындығына орай қалыптасты. Сондықтан ақынның өзi туып 

өскен ортаның əдебиеттiк үлгiлерiн қазақтың шешендiк өнерiнен, аты белгiлi ақындар 

өнегесiнен тыс тууы мүмкiн емес. Қайта Абай осылардың бəрiн жақсы бiлдi жанына 

азық  еттi.  Ұлттың  рухани  байлығын  бойына  сiңiре  отырып,  кейiн  Шығыс,  Батыс 

үлгiлерiн еркiн меңгеру арқылы бүкiл халықтық жалпы адамзаттық ой-пiкiр деңгейiне 

көтерiлдi. 

Абай - ұлт  ақыны.  Оның  ақындық  бағдарламасы  да  сөз  өнерi  арқылы  халқына, 

елiне  қызмет  ету.  Ұлтын  ағарту  iсiне,  өнегелi  жолға  түсуге  үгiттей  отырып,  ол  сол 

ұлттың  бойындағы  заман  қайшылықтары  тудырған  ұнамсыз  мiнездердi  аямай 

сынайды,  шенейдi.  Оның  қай  өлеңiн  оқысаң  да,  өзiмiзге  таныс  мiнездер  кездеседi. 

Олар сан алуан, бiрiн-бiрi толықтырып жатқан бейнелер. 

Абай  дəстүрi,  оның  ақындық  мектебi-бiраз  жылдардан  берi  зерттеуге  талап 

жасалғанмен,  əлi  де  тиянақты  шешiмiн  таппаған  мəселе.  Кезiнде  «Ақын  мектебi» 

дегендi  буржуазиялық  тероия  деп  соққандар  да  болған.  Ал,  шындығында  Абай  мен 

жалғаса  туған  шəкiрт  ақындар  шығармашылығы  мен  Абай  өнегесiн,  ол  ұстанған 

шыншылдық мектептi үлгi тұтқан кейiнгi ақындар еңбектерiн қазақтың ағартушылық-

демократтық  əдебиетi  принциптерi  тұрғысынан  зерттеу-ғылым  үшiн  аса  маңызды 

прблемалардың  бiрi.  Осы  саладағы  жұмысты  жалғастыру  Абайтанудың  өзектi  бiр 

мəселесі.  Абайдың  əлеуметтiк,  саяси  көзқарасын  зерттеуде  қоғамтанушы  ғалымдар 

белсендiлiк  көрсетуi  қажет  деп  бiлемiз.  Бұл  салада  бұрын  жүргiзiлген  зерттеулер 

бүгiн  тұтастай  қайта  қаралуы  керек.  Олардың  көбiнде  Абайды  совет  идеологиясына 

жақындатуға, ақын көзқарасындағы қайшылықты деген жақтарын жұмсартып айтуға, 

бүркемелеуге ұмтылушылық байқалатын. Абай ислам догмасына қарсы күрескенiмен, 

жалпы  мұсылман  дiнiне,  мұсылман,  түркi  халықтары    ынтымағына  қарсы  болмаған. 

Оның дiнге, құдайға сенуi - соқыр сезiм емес, шындықты, құдай жолын оймен тануға, 

шариғат қағидаларынан адалдық, имандылық, iздеуге құрылған. 

Соңғы  сөз - Абайтану  тарихы  жайында.  Ақын  шығармаларының  алғаш  газет 

беттерiнде («Дала  уалаяты»  газетi, 1889) жариялануынан  бастасақ,  бүгiнде 

абайтанудың  жүз  жылдан  астам  тарихы  бар.  Абай  шығармашылығы  жайындағы 

алғашқы ғылыми ой-пiкiрлер де ХХ ғасырдың басында, будан 100 жыл бұрын туған. 

Бұл  салада  Ə.Бөкейхановтың  «Киргизкий  край» (1903) атты  кiтаптағы  мақаласында 

келтiрiлген деректер мен « Семипалатинский листок » газетiндегi (1905) өмiрбаянын 



 

5

айтсақ  та  жеткiлiктi.  Алай  да  абайтанудың  бастаушысы  болған  бұл  автордың 



еңбектерiмен 

соған 


жалғас 

жазылған 

К.Ысқақовтың, 

А.Байтұрсыновтың, 

М.Дулатовтың  мақалалары  соңғы  кезге  дейiн  ғылыми  айналымға  келмей,  жабық 

түрiнде  қалып  келедi.  Ал,  совет  тұсында  Абайтану  iсiн  негiздеп,  ғылыми  жүйеге 

түсiрген - М.Əуезов,  Ол  кiсiнiң  ұзақ  жылдық  еңбегiнде  де  бағаланған,  бағаланбай 

сынға ұшыраған ой-пiкiрлерi аз емес. Бұл салада Ы.Мұстанбаевтың., Ғ.Тоғжановтың, 

І.Қабыловтың, Қ.Жұбановтың, Б.Кенжебаевтың, С.Мұқановтың, Қ.Жұмалиевтың т.б. 

абайтанушылардың еңбектерiн атап айтуға болады. Бүгiн осылардың бəрiн жинақтап 

қорытып,  абайтанудың  тарихын  жасау  мiндетi  де  алда  тұр.  Бұл  тұрғыда  соңғы 

жылдары М.Мырзаахметов бастап, жүргiзiп келе жатқан iстi қолдау əбден қажет. 

Əрине,  Абайтанудың  өзектi  мəселелерi  бұл  айтылғандармен  шектелмейдi.  Ол 

ұзақ  мерзiмге  бағытталған,  əрдайым  жаңарып  отыратын  ғылым.  Əр  дəуiрдегі 

қоғамдық  өзгерiстер,  көзқарастардың  жаңаруы  оған  өз  мiндетiн  жүктейдi.  Əр  ұрпақ 

Абай жөнiнде өз сөзiн айтатын болады. 



Сұрақтар мен тапсырмалар

1.   Абайтану пəнiнiң спецификасын айқында.  

2.   Абайтану қалай, қашан басталды?  

3.   Алғашқы абайтанушылар, олардың еңбектерi туралы не бiлесiң

4.  ХХ-ғасырдың 20-30-жыллдарындағы  абайтанудағы  «солақайлықтар»  жəне  оның 



зардаптары туралы айт. 

5. Абайтанудың ғылым ретiнде қалыптасуы жайында сөйлеп бер. 

6. Абайтану мен абайтанушылар алдында қазiр қандай мiндеттер  тұр?   

Əдебиеттер: 

1.М.Мырзахметов, М.Əуезов жəне Абайтану проблемалары. 

2. Т.Əлiмқұлов. Жұмбақ жан. 

3. Қ.Жұмалиев, Абайға дейiнгi қазақ поэзиясы жəне Абай поэзияның тiлi.  

4.  С.Қирабаев, Əдебиетiмiздiң ақтандық беттерi. 

АБАЙТАНУ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДА. А.БАЙТҰРСЫНОВ, М.ДУЛАТОВ, 

Ə.БӨКЕЙХАНОВТЫҢ АБАЙ ТУРАЛЫ ЕҢБЕКТЕРI. 

Жоспары: 

1. Абай творчествосының ХХ ғасырдың басындағы зерттелу жағдайы. 


 

6

2. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» еңбегi, оның абайтанудағы 



маңызы. 

3.  М.Дулатов Абай еңбектерi туралы. 

4. Нəзипа  Құлжанованың абайтанудағы қызметi. 

Тiрек  сөздер  мен  ұғымдар:  Абайтану  бастаулары,  Əлихан  Бөкейханов, 

Географиялық қоғам, Ахмет Байтұрсынов, Нəзипа Құлжанова, Əдеби кеш, оның 

маңызы, Абайға арналған кеш, Абайдың əдебиеттегi орны туралы. 

Абай  творчествосының  көпшiлiк  қауымға,  күллi  қазақ  халқына  кең  таныла 

бастауы  ХХ  ғасырдан  басталады. 1909-жылы  Санкт-Петербургте  ақынның  немере 

iнiсi  Кəкiтай  Ысқақовтың  бел  шешiп  кiрiсуi  арқасында  Абай  шығармаларының 

тұңғыш жинағы басылды. Абайдың есiмi, шығармалары бүкiл қазақ қауымына мəлiм 

болды. 


Абай  шығармалары  əралуан  əдеби  кештер  мен  жиындар,  сауық-думандар 

арқылы да халық арасына кең таралып отырған. Сондай кештердiң бiрi 1913-жылдың 

жазында  бiр  ауылда  өтедi.  Онда  қазақ  жəне  орыс  ақындарының  өлеңдерi  оқылып, 

түрлi-түрлi əндер айтылады. Қазақ сахарасын аралап жүрген Г.Н.Потанин де кез кеп, 

сол жиынға қатысады, жұрттың өнерiне қатты разы болады:  “Расында да қазақ халқы 

əншi  келедi.  Дауыстары  таза,  ашық  болады.  Əншiлер  өнерiн  халыққа  аса  шебер 

көрсетедi.  Əншi  болған  жерге  кəрiсi  бар,  жасы  бар  жиналмаған  жан  қалмайды 

Сондықтан да, менiң ойлауымша, қазақ арасында ең əуелi əн-сырнай өнерi гүлденбек. 

Ендi  бiр  елу  жылдан  кейiн  қазақ  əншi-сырнайшы  артистерi  патшалық  театрдың 

сахнасына да шығуға жарайды”-деп жазады ғалым. 

Осындай  бiр  кеш 1914 жылдық 26- январында  Семей  қаласындағы  “Халық 

үйiнде” өтедi. Бұл кеш Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арналады. Көше-

көшеге  жарнамалар  iлiнедi.  Кешке  қала  тұрғындары  да,  қыр  қазақтары  да  тайлы-

таяғы  қалмай  келедi.  Н.Құлжанова  сол  кеште  Абай  жайында  екi  тiлде  баяндама 

жасайды.  Одан  соң  ойын-сауық  болады.  Əлмағамбет  əншi  Абайдың  аударамалары 

мен өз əндерiн нəшiне келтiрiп орындайды.  

Ал 1915-жылдың 13-февралiнде  Семейдiң  “Приказчик  клубында”  өткен  əдеби 

кеш  Абай  мен  Ыбырай  творчествосына  арналады.  Кеште  бұл  екеуi  қазақ  халқының 

тарихындағы  кемеңгер  ақындар  ретiнде  бағаланады.  Кеште  Бiржан  мен  Сараның, 

Жанақ  пен  Баланың  айтыстарынан  көрiнiстер  берiледi,  Н.Құлжанова  Ыбырай 

өлеңдерiн оқиды, Əлмағамбет тағы да Абай əндерiн айтады. Кештiң басқа бөлiмдерi 


 

7

де  қызық  болып  өтедi.  Оған  Қаныш  Сəтбаев,  Тайыр  Жомартбаев,  Қайықбай  деген 



əншi, Ыбырай Алтынсариннiң баласы – Ғабдiлхамит жəне басқалар қатынасады.  

Осы ойын-сауықты көзiмен көрген көптiң дəн разы боп, көңiлдерi тасығаны- сол 

кеш  жайында  “Айқап”  журналында  жарияланған  хабарда  толық  айтылған. 

“Картинадан  соң  сценаның  бiр  жағына  қыз-келiншектер,  екiншi  жағына  бозбалалар 

отырып  кезекпе-кезек  қосылып  əн  салады.  Сөйтiп,  той  сықылды  болып  тарқады. 

Ойын өзi көңiлдi, қызықты болды... Сол күнi ай жарық, күн жылы, əйда, ойынға бар, 

қара, көңiлдi көтер, бас қос дегендей табиғат жағынан да еркiндiк болған едi.” 

Тек  бұл  ғана  емес,  сол  кездегi  газеттерде,  əсiресе  “Айқап”  журналында 

жарияланған,  өнер-бiлiм,  жер,  елдiң  болашағына,  мораль  тақырыбына,  əлеуметтiк 

жайларға  орналған  публицистикалық  мақаларда  Абай  есiмi  аса  зор  iлтифатпен 

аталады, оның əртүрлi өлеңдерiнен үзёндiлер, нақылдар келтiрiлiп отырады. 

Сөйтiп,  сөз  болып  отырған  дəуiрде  Абай  шығармалары  мен  аудармалары 

баспасөзбен  сахна  арқылы  да,  ауызша  айтылу  немесе  қолжазба  күйiнде  де, 

авторлығын  сақтамай  да,  сақтап  та  кең  таралды,  халықтың,  рухани  қазынасына 

айналды.  

Кейiнгi  зерттеушiлердiң  еңбектерiнде  де  Абай  поэзиясы,  оның  қазақ 

қоғамындағы орны мен ролi жоғары бағаланады. 

Абайдың  өмiрбаяны  жайындағы  очеркiнде  Н.Рамазанов  ақынның  «Қан  сонарда 

бүркiтшi  шығады  ақға», «Қақтаған  ақ  күмiстй  кең  маңдайлы»  атты  шығармаларын, 

табиғатты  суреттеуге,  махаббатты  жырлауға  арналған  өлеңдерiн  естiгенде 

тыңдаушылының құлақ құрышы қанып, еңсесi көтерiлiп қалатынын айтады. 

Ол Абай поэзиясының əлеуметтiк бағыты мен сатиралық өткiрлiгiн, халықтығын 

дұрыс  аңғарғанын  былай  деп  жазады: «Қазақтар  оның  шығармаларының  қадiр-

қасиетiн, тамаша түсiнедi.» 

ХХ ғасыр басында Абай туралы мақалалар жазып, ұлы ақын мұрасын зерттеуде, 

халыққа  танытуда  елеулi  үлес  қосқан  көптеген  қаламгерлер,  əдебиетшi-  ғалымдар, 

қоғамдық iскерлер де көп болды. Ендi солардан бiрнешеуiне тоқтай отырып, абайтану 

iлiмiнiң бастау көздерiн анықтауға болатынын ескердiк. 



Əлихан  Бөкейханов  (1870-1937)-қазақ  халқының  көрнектi  саяси  қоғам 

қайраткерi,  публицист.  Əлихан  Бөкейханов  Мəскеуде  Орман  шаруашылығы 

институтын бiтiрген, бiрақ əдебиет пен мəдениеттi, тарихты жақсы бiлетiн, бiлiмдар 

азамат  болған.  Қазақтың  тұңғыш  саяси  партиясы  Алаштың  ұйымдастырушысы    əрі      

лидерлерiнiң бiрi. 


 

8

1904-жылы  ұлы  ақын  қайтыс  болғаннан  кейiн  Семей  қаласында  шығатын  орыс 



тiлiндегi «Семипалатинский  листок » газетiнде (1905 №250-252), «Абай  (Ибрагим) 

Құнанбаев» атты мақаласын жазып бастырады. 

Бұл  мақаладағы  Абайдың  өмiрi  мен  шығармалары  жайындағы  дерек 

мағлұматтарды  автор  Абайдың  немере  iнiсi  Кəкiтай  Ысқақовтан  алғандығын 

ескертедi 1907-жылы  Ə.Бөкейханов  бұл  мақаласын  толықтырып  ақынның  суретiмен 

Орыс  Географиялық  қоғамының  Батыс  Сибир  бөлiмi  жазбалары  журналында 

қайтадан бастырып шығарған. 

Ə.Бөкейханов мақаласында Абайдың ата тегi, руы, оның белгiлi-басты адамдары 

туралы да мəлiметтер келтiрген. Абайдың өлең жазуды он төрт жасынан бастағанына 

да деректi мысалдар келтiре отырып, сол кездегi қазақ ақын-жыршыларының өнердi 

байдан  мал  қалап  алуға  жұмсағандығын,  ал  Абайдың  оларды  сынап-мінеп  өлеңдер 

жазғандығын көрсетедi. 

Ə.Бөкейхановтың мақаласында ұлы Абай XIX ғасырдың сексенiншi жылдарында 

өлеңге,  ақынға  деген  көзқарасын  өзгертедi.  Бұған  орыстың  демократ  ниеттегi 

зиялылары  себеп  болады.  Егер  олай  етпегенде,  Абай  ұлы  ақын  дəрежесiне 

көтерiлмеген,  бойындағы  бар  дарын-қабiлетiн  көрсете  алмай  өлiп  кеткен  көп 

ақынның бiрi болар едi деп таниды. 

Ə.Бөкейханов мақаласында əсіресе, Абайға орыс əдебиетiнiң, ақындарының əсерi 

мейлiнше мол болғанына да нақты дəлелдер, толымды мысалдар келтiрiлген. 

Өлеңдерiнен  көрiнiп  тұрғандай  Абай  асқан  поэтикалық  қуаттың  иесi,  қазақ 

халқының  мақтанышы  болды.  Абай  сияқты  халықтың    рухани  талап-тілегін 

осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны əлi кездескен жоқ- деп түйiндейдi,-автор. 

Қорыта  айтқанда,  Əлихан  Бөкейхановтың  Абай  туралы  мақалалары  бүгiнгi 

абайтану ғылымының алғашқы бастау көзi болып табылады. 



Ахмет  Байтурсынов (1873-1937)-қазақ  халқының  белгiлi  қоғам  қайраткерi, 

ақын, публицист, əдебиет-зерттеушiсi, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынов -абайтану 

iлiмiнiң  де  iрге  тасын  қалаушылардың  бiрi  болды.  Ғалымның  тiл  маманы,  əдебиет 

зерттеушісі  ретiнде  жазған  еңбектерi  өз  алдына  үлкен  бiр  мұра.  Бұлардың  iшiнде 

1913-  жылы  жазылған  жəне  «Қазақ»  газетiнiң  үш  санында  жарияланған    «Қазақтың 

бас  ақыны»  атты  мақаласының  ғылыми-қоғамдық  мəнi  аса  зор.  Абайдың 

тарихымыздағы,  рухани  болмысымыздағы  орны,  көркемдiк-эстетикалық  сипаттары 

дұрыс көрсетiлiп, терең талданды. Алғашқы рет қазақ оқырмандарына ұлы ақынның 

өлмес  мұрасы  хақында  жүйелi  де  терең  талдау  жасалған  бұл  мақала  абайтану 

ғылымында үлкен маңызға ие. 



 

9

 «Қазақтың  бас  ақыны»  мақаласында  Ахмет  Байтұрсынов  Абайдың  Абай 



болуында  орыс  мəдениетiнiң  атқарған  ролiн  тəптiштеп  көрсеткен.  Мақалада  қазақ 

халқының рухани өмiрiнде Абайдың аса iрi тұлға екенi, өмiрбаяны, шығармаларының 

мазмұн  тереңдiгi  мен  ақындық  шеберлiгi,  поэтикасы,  орыс  əдебиетiмен  байланысы 

туралы  ойлы  пiкiрлер  айтады,  ақын  мұрасының  эстетикалық  қадiр-қасиеттерiн 

ашады.  Мақалада  айтылған  пiкiр-тұжырымдардың,  негiзделген  концепцияның 

бiрсыпырасы  кейiн  ғылым  тарапынан  қолдау  тауып,  бұл  жүйедегi  зерттеулерде 

дəлелденiлiп, орнығып, жалғасымын тапты. 

«Қазақтың  бас  ақыны-Абай  (шын  аты-Ибраҳим)  Құнанбаев.  Одан  асқан 

бұрынғы-сонғы  заманда  қазақ  қазақ  баласында  бiз  бiлетiн  ақын  болған  жоқ»,-дейдi 

ғалым  өз  мақаласының  басында.  Ақын  өмiрiн,  қоғамдық-əлеуметтiк  iстерiн  баяндай 

келе, Абай өлеңдерiнiң жаңашылдық  сипатына ерекше тоқталады. 

Абайдың өзi тексергiш болған соң, оның өлеңiн тексерiп, қате шығарып, ешкiм 

жарыта алмайды. Абайдың қандай сыншы, сөз тексергiш екендiгiн төмендегi сөзiнен 

байқауға болады. 

Өлең сөздiң патшасы, сөз сарасы 

Қиыннан қиыстырар ер данасы....  

өлеңiн түгел келтiрiп, ғылыми-теориялық талдаулар жасайды.  

Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нəрсесi жалғыз өлең емес,-  дей келе 

ақынның əралуан тақырыптағы шығармаларына ден қояды, оларға дұрыс баға бередi. 

А.Байтұрсынов  Абай  творчествосын  тексере,  талдай  отырып,  оны  өзiмен 

замандас 

өзге 


ақындармен 

салыстырады 

(мəселен-Əбубəкiр), 

олардан 


айырмашылығын, артықшылығын дəл танытады. 

Абай  өлеңдерiнiң  мағынасы  терең,  ойлы  болып  келедi,  сондықтан  да  оны 

оқығандардың  бiр  қатары  мағынасына  түсiнбей  де  қалатындығын,  Абайды  түсiну 

үшiн байсалды ой, терең бiлiм, кең кругозор керек екендiгiн де баса айтады. 

А.Байтұрсынов қарапайым адамның түсiнуi қиын өлеңнiң бiрi деп-Абайдың «Көк 

тұман  алдыңдағы  келер  заман»  деп  басталатын  өлеңiн  түгел  келтiредi.  Кейiн 

«Абайдың  осы  сөзiнiң  дұрыс  емес,  қате  айтылған,  жұмбақ  қылып  ашпай  айтылған 

ешнəрсесi жоқ Бəрi де дұрыс, түзу, тиiстi орнында айтылған сөздер. Оған оқушылар 

түсiнбесе,  ол  Абайдың  үздiк, iлгерi  кетiп,  оқыушылары  шаңына  ере  алмағанын 

көрсетедi,-деп түйiн жасайды. 



Мiржақып  Дулатов (1885-1935) -  көрнектi  қоғам  қайраткерi,  ақын  публицист 

əрi аудармашы. 



 

10

М.Дулатов  «Оян,  қазақ» (1909) «Азамат» (1914) өлеңдер  жинағының  жəне 



қазақтың тұңғыш романы «Бақытсыз Жамалдың» (1910) авторы. 

М.Дулатов 1914-жылы  «Абай»  атты  ғылыми-зерттеу  сипатында  мақала  жазды. 

Мақала «Қазақ» газетiнiң 1914-жылға 23-маусымдағы №67 санында жарияланады 

Мақала  ұлы  ақынның  қайтыс  болғандығының  он  жылдығына  арнап  жазылған. 

Мақалада  автор  Абайдың  өмiр  жолын,  өскен  ортасын  көрсетумен  бiрге  қазақ 

əдебиетiндегi  орнына,  халқымыздың  рухани  өмiрiне  қосқан  үлесiне  тоқталып  өтедi. 

Алдымен өркениеттi елдерде Абай тəрiздi ұлы адамдарының туылған, өлген жылдары 

атаусыз қалмайтындығын, халқына iстеген қызметi, əдебиет пен мəдениетiне қосқан 

жаңалықтары  еске  түсiрiлiп  отыратындығын,  мұндай  шаралардың  өсер  ұрпақ  үшiн 

танымдық та, тəрбиелiк те маңызының молдығын ерекше атап көрсете келе, қазақта 

мұндай дəстүрдiң жоқтығына, əлi қалыптаспағандығына ренiш бiлдiредi. 

1905-жылы  «Семипалатинский  листок » газетiнде  жəне  одан  соң  Семей 

географиялық  қоғамы  шығарған  кiтапта  Əлихан  Бөкейхановтың  Абай  туралы 

мақалалар жазғанын тiлге тиек етедi.  

«Бүгiн  Абай  секiлдi  атымен  қазақ  халқы  мақтанарлық  ақынымызды  арамыздан 

жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсiрiп, халқымыздың мұндай адамның қадiрiн 

бiлмеуiн  айтып  қана  өтемiз...  Абай  сынды  ақынның  қадiрiн  бiлмеу  қазақ  халқының 

зор кемшiлiгiн көрсетуге толық жарайды»-деп салиқалы ой астайды. 

Абайдың əдебиетiмiздегi, жалпы қазақ мəдени өмiрiндегi орнын түсiндiре келiп, 

«Əдебиетiмiздiң негiзiне қаланған бiрiншi кiрпiш Абай сөзi, Абай аты боларға керек. 

Абайға шейiн қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ əдебиетi дерлiк 

бiр  нəрсе  болған  жоқ  едi.  Абайдың  бiзге  қымбаттығы  да  сол,»-деп  түйiндейдi  өз 

пiкiрiн. 

Мiржақып бұдан кейiн де өзiнiң бiрқатар мақалаларында Абай есiмiн аса жоғары 

бағалап отырады. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал