Филология факультеті



жүктеу 0.62 Mb.

бет5/7
Дата18.05.2017
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7: 3], [1.7: 10], [1.7: 7], [1.7: 14], [1.7: 18]   

Қосымша əдебиеттер: [1.7: 9], [1.7: 4], [1.7: 10], [1.7: 11], [1.7: 5] 

 

8-дəріс 



Тақырыбы:  Дамыта оқыту технологиясы 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.Дамыта оқыту технологиясы туралы түсінік. 

2.Дамыта оқыту технологиясы туралы ғалымдардың пікірлері. 

3. Дамыта оқытудағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. 

4. Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі. 

Дамыта оқыту технологиясының авторының (Л.В. Занков, В.В. Давыдов, 

Д.Б.  Эльконин  т.б.)  пікірінше  бұл  технология  жеке  тұлғаның  барлық 

сапаларын тұтас сəйкесте дамытуға бағытталған жүйе. Оның нəтижесінде əр 

баланың  өзін-өзі  өзгертуші  субъект  дəрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  соған 

лайықты  жағдайлар  жасалады.  Осыған  орай  балалардың   өзіндік  жұмысын 

ұйымдастырудың  маңызы  өте  зор.  Өйткені  сол  арқылы  балалардың   іс-

əрекетінің  дербестігі  артады,  бала  білімді  болады.  Балалардың  өзіндік 



жұмысына  мұғалімнің  тапсырмасы  бойынша  өздері  жоспар  жасап  істің 

тəсілін  анықтап,  оның  нəтижесін  бағалап  орындайтын  жұмыстары  жатады. 

Сонымен  қатар  балалардың   өзіндік  жұмысының  жоғары  түріне  олардың  өз 

еркімен жаңа амал-тəсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары 

жатады.  

Соның  ішінде,  əсіресе,  негізгі  концепциясын  ұсынып  жүрген  Эльконин, 

Давыдовтардың  дамыта  оқытуын  алуға  болады.  Дамыта  оқыту  тікелей 

баланы  (субъекті,  объекті)    жан-  жақты  дамыта  отырып  (жеке  басын, 

дүниетанымын, ойлау, темпін) оқытуға негізделеді. 

Оқыту  мен  дамыту  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Ғалымдар  алғаш  рет 

бала дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады. 

1.Бала  дамуының  жақын  аймағы  –  баланың  тек  үлкендердің  көмегі 

арқылы атқара алатын істері. 

2.  Бала  дамуының  қол  жеткен  аймағы  –  баланың  үлкендердің  көмегінсіз 

істей алатын істері. 

Дамыта 


оқытудың 

В.В. 


Давыдов 

жасаған 


жүйесінің 

көздеген 

мақсаттарына  жету  үшін  тек  баланың  белсенділігіне  байланысты.  Осыған 

орай, бұл жүйенің əдіс- тəсілдері де оқушының белсенділігн ұйымдастыруды, 

талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік- 

зерттеушілік  əрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін  бала 

өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа мəселені шешуге 

жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсу керек. Содан барып, оның білім 

алуға  деген  ынта-  ықыласын  артады,  білім  алуға  əрекеттенеді.  Сабақ 

мынадай жағдайда үш құрамдас бөліктерден тұрады: 

1. 

Оқу мақсаттарының қойылуы. 



2. 

Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру. 

3. 

Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу. 



Бұл  үшеуі-  дамыта  оқытудың  В.В.  Давыдов  жасаған  жүйесінің  негізгі 

компоненттері. Мақсаты шешу іштей талқылау, сонан соң жинақтау арқылы 

жүзеге  асады.  Мұғалім  сабақ  процесін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам 

рөлінде.  Шешім  табылған  кезде  əркім  оның  дұрыстығын  өзінше  дəлелдей 

білуге  үйретеді.  əр  оқушыға  өз  ойын,  пікірін  айтуға  мүмкіндік  береді, 

жауаптар  тыңдалады.  Əрине  жауаптар  барлық  жағдайда дұрыс  бола  бермес. 

Алайда, əр бала жасаған еңбегінің нəтижесімен бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс 

жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылап үйренеді 

«Дамыта  оқыту» 

деп 


ол  баланың  білім 

алуға 


əрекет 

етуін 


ұйымдастыратын  оқытуды  атаған.  «Жаман»  мұғалім  ақиқатын  өзі  айтып 

береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» деген қағиданы 

негізде  алады.  Дамыта  оқытуды  ұйымдастыру,  балаға  ақыл-  ой  əрекетін 

меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту – сабақтардағы 

ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушыны  арасындағы  ерекше  қарым-қатынас. 

Мұғалім  –  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп  қоюшы,  бақылаушы  емес, 

танымдық  іс-  əрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің  ұйытқысы.  Тек 

осындай  оқыту  ғана  баланың  интеллектісін  көзін  ашып,  шығармашылығын 

дамытады.  Оқушының  шығрамашылық  қабілеті  де  оның  ойлау  мен 


практикалық əрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды 

дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.  

«Дамыта  оқыту»  технологиясын  барлап  қарасақ,  ең  алдымен  «нені 

дамыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздестіреді. Əрине, ол оқушының 

1) сезім, түйсігін 

2) қабылдауын, ықыласын, ынтасын                                    Д 

3) зейінін, есте ұстауын                                                         А 

4) ұғынуын                                                                              М 

5) ойлау, қиялдау, болжау қабілетін                                     Ы 

6) ерік- қайратын                                                                     Т 

7) оқу іс- əрекеттерін, дағды–машықтарын                          У 

8) жауапкершілігінғ дербестігін, өз бетінше ізденісін 

(жеке адам қасиеттерін) 

Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қатынас  жаңа 

қағидаларға негізделеді. Олар – ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік 

сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды таға бір ерекшелігі – сынып 

оқушыларын  жақсы,  жаман  оқушылар  деп  бөлмей,  барлық  баланың  дамуы 

үшін  қолайлы  жағдай  туғызуды  мақсат  тұтуы.  Нашар  оқушының  да  өз 

шамасы  келгенінше,  қабілеті  жеткен  жерге  дейін  еңбек  етуі  ойластырылған. 

Сол арқылы ол да өзін мүмкін дəрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның 

қателесуі,  жаңылуы  əбден  мүмкін.  Тек  мұғалім  тарапынан  көрсетілген 

сабырлылық,  байсалдылық  оның  өз  күшіне  деген  сенімін  арттырып,  алға 

жетелейді.  

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7: 3], [1.7: 10], [1.7: 7], [1.7: 14], [1.7: 18]   

Қосымша əдебиеттер: [1.7: 9], [1.7: 4], [1.7: 10], [1.7: 11], [1.7: 5] 

 

9-дəріс 



Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы   

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы түсінік. 

2.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы. 

3.  Сын тұрғысынан  ойлау технологиясын сабақта қолдану. 

Қазіргі қоғам дамуының маңызды міндеттерінің бірі - 


мектепте  білім  беру  аясында  біліктілігі  жоғары  мамандарды  даярлау 

болып  табылады.  Біздің  қоғамның  болашағы  мұғалімнің  кəсіби  біліктілігіне 

жəне кəсіби деңгейіне тікелей байланысты.  

Білім  саласындағы  маңызды  өзгерістер  болашақ  мұғалімдердің  кəсіптік 

дайындығына күрделі де нақты талаптар қойып отыр. Қазіргі қоғамда болып 

жатқан  кең  шеңбердегі  өзгерістер  білімді,  саналы  жастарды  тəрбиелеуде 

үлкен  міндет  жүктері  сөзсіз.  Жас  ұрпақтың  жаңаша  ойлауына,  олардың 

біртұтас  дүниетанымының  қалыптасуына,  əлемдік  сапа  деңгейдегі  білім 

негіздерін  меңгеруіне  ықпал  ететін  жаңаша  білім  мазмұнын  құру  –  жалпы 

білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелердің бірі. 

Уақыт  талабына  сай  мектепте  қазақ  тілін  оқытудың  негізгі  міндеттерін, 

оқушыларды сауатты жазуға, ойын, сөзін еркін сөйлеп, əдеби тіл нормасына 

жатық,  əдепті,  мəдениетті  сөйлеуге  үйретуде,  білікті,  жан-жақты  тəрбиелі 

азамат  болуға  тəрбиелеуді,  қазақ  тілін  оқыту  əдістемесін  педагогика 

ғылымдарының жетістіктерімен ұштастыру білген, шығармашылықпен еңбек 

ететін, ғылыми дүние танымы тең ұстаз ғана атқара алады. Қазақ тілі сабағы 

құрғақ  өтілмей  мəдениетті  сөйлеу,  жазу  дағдысымен  ұштасып  жатуы  үшін, 

əрбір категорияның өмірде қолдану аясын ашатындай мақсат қойылуы керек. 

Бұл мəселені бүкіл сабақ процесінде сіңіріп, қайталап отыру қажет.  

Білімді  меңгерту  –  оқушының  танымдық  талдау  жасай  отырып  оны 

орынды  пайдалана білуі  арқылы жүзеге  асатын  құбылыс.  Бұл  оқушылардың 

есте  сақтау,  ойлау,  даму  қабілеттерін  арттырады.  Қазақ  тілі  сабағында 

əдістерді 

тиімді 


пайдалану 

арқылы 


оқушылардың 

білімге 


деген 

қызығушылықтарын  арттыру,  терең  ойлау  қабілеттілігінің  белсенділігін 

қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.  

Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  əлемнің  əр  түкпірінен 

жиналған  білім  берушілердің  еңбектерінің  жиынтығы.  Аталмыш  тəжірибені 

жүйеге келтірген: Чарлз Тэмпл, Джон Стилл. 

«Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  бағдарламасы:  оқушылардың  өз 

ойын  еркін  жеткізуге  дайындайтындығымен;  сабақты  өткізу  барысында 

стратегиялардың  үш  кезең  арқылы  жүзеге  асатын  тиімділігін,  мұғалімнің 

сапалы  сабақ  өткізуіне  мүмкіндік  туғызу;  оқыту  мен  ұйымдастырудың 

сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен ұйымдастырудың тиімді 

əдіс-тəсілдерінің  молдығымен;  ғылыми-теориялық  тұжырымдамаларының 

тереңдігімен ерекшеленеді.  

Сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарында  оқыту,  оқушыға  үйрету  емес, 

оқушының  үйренуіне  көмектесу  жүзеге  асырады.  Ұжымдық  іс-əрекет  білім 

игеруде  ортақ  қарым-қатынас  құралына  айналады.  Білім  алу  мұғалім 

көмегімен  оқушылардың  білім  деңгейіне  қарап  саралап,  балалардың  өз 

еркімен жүзеге аса бастайды. 

Қазір  оқытылатын  пəндер  оқушылардың  болашағы,  таңдайтын 

мамандығына қарай бағытталып мақсатты білім беру ісіне назар аударылуда. 

Білім  мен  тəрбие  берудегі  мемлекеттік  істің  ең  маңыздысы  –  жеке, 

шығармашылық тұлға қалыптастыру. Кəсіпке дайындау, мақсатты білім беру 

–  тұлға  дамуын  жүзеге  асыратын  мəселелер.  Қазіргі  кезеңнің  ең  басты 


ерекшеліктерінің  бірі  ретінде  жеке  тұлғаның  көзқарастары  мен  болмысына 

көңіл  қоюдың  артуын  атап  өту  керек.  Бұл  бағдарламаның  негізінде 

оқушылардың білімді өздігімен игеру идеясы жатыр. Оқушы пікірін бағалау, 

оқушыны тыңдай білу. 

Соның  бірі  –  Джордж  Соростың  ашық  қоғам  институты  мен  «Сорос-

Қазақстан»  қорының  «оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамыту»  технологиясы.  Бұл  технологияның  тиімділігі  –  біріккен  іс-əрекетті 

ұйымдастыра  отырып,  оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлау  мен  жазу 

дағдысын  қалыптастыру.  «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  -  сынау  емес, 

шыңдалған  ойлау.  Оқушы  өз  ойын  сын  тұрғысынан  ойлап,  дəлелдеуге 

тырысады,  ой-өрісін  кеңейтеді,  еркін  ойлай  отырып,  келе-  келе  мұғалімнің 

түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен жұптық жəне топтық жұмыстар арқылы өз 

ойларын  ашық  айта  білу,  пікір  айтуға  үйрену,  пікір  таластыру,  (дебат  əдісі), 

ойланып  жауап  беру,  жолдастарының  ойын  тыңдау,  жауаптарын  бағалай 

білу,  сыйластық,  ұйымшылдыққа,  білім  деңгейлерінің  жоғары  болуына  көп 

əсерлерін  тигізеді.  Оның  ішінде  ерекше  бір  жағдай:  сынып  бойынша  көп 

сөйлемейтін,  ойлау  дəрежелері  төмен  оқушылардың  да  қызығуы  туып, 

олардың  өз  мүмкіндіктеріне  қарай  топтар  бойынша  сабаққа  қатысуға 

тырысуы.  

Сондай-ақ  «сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы  бойынша  сынып 

оқушыларының  топтағы  білімдеріне  бағалау  үшін  бағалау  критерийлерін 

(деңгейлерін) белгілеп алу қажет. Ол деңгейлер мыналар: 

-  оқушылардың белсенділік танытулары; 

-  өз ойларын ашық, еркін жеткізе білулері; 

-  тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білулері; 

-  барлық топтар бойынша тəртіп, сыйластық, ұйымшылдықтың болуы. 

Бағалау деңгейлерімен оқушылар алдын-ала таныс болуы керек. Немесе 

тақтаға көрсетіп, іліп қоюға да болады. 

«Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы  бойынша  сабақ  жоспары 

мынадай кезең негізінде жүзеге асырылады: 

1.  Ой шақыру. 

2.  Топтастыру. 

3.  Кубизм. 

4.  Венн диаграмма 

5.  Инсерт жүйесі 

СТО  (сын  тұрсынан  ойлау)  –  оқу  мен  жазуды  дамыту  бағдарламасы. 

Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, 

бір-бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті  мəселені  шешу  жолдарын 

іздей отырып, қиындықты жеңуге көмектесетін бағдарлама. 

СТО-ның  əдіс-тəсілдері  оқушыларды  тынымсыз  ізденімпаздыққа 

баулиды.  Баланың  еркін  де  терең  ойлауына,  үздіксіз  жұмыс  жасауына  жол 

ашады.  Белгілі  бір  мазмұнға  сын  тұрғысынан  қарау  арқылы  жастардың  ойы 

дамиды.  

Оқытудың  тиімділігін,  сапасын  арттыруда  «оқу  мен  жазу  арқылы  сын 

тұрғысынан  ойлау»  бағдарламасының  стратегияларын  ұтымды  пайдалану 


оқытудың  шығармашылық  сипатын  күшейтуге  маңызы  ерекше.  Оқушының 

оқу  еңбегіндегі  ой  дербестігін,  оқу  əрекетін  жандандыруда,  сыныпта  жəне 

жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеруде қолданылған 

стратегиялардың қай-қайсысы болмасын сабақ сапасының артуына үлесі зор. 

Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің əр 

түрлі кезеңінде қолдануға болады.  

«Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  ойлауды  дамыту»  бағдарламасына 

негізделген  сабақтар  оқушыларды  жан-жақты  жəне  тереңірек  ашуға,  оларға 

бағыт-бағдар беріп, əсер етуге, оқушы көзқарасын өзгеруге септігін тигізеді. 

Мұндай  сабақты  өту  барысында  сабақтың  мақсатын  нақтылап,  оған 

шығармашылық  тұрғыдан  келіп,  оқушының  білімділік,  тəрбиелік  жағынан 

қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға назар аудару қажет.       



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7: 3], [1.7: 10], [1.7: 7], [1.7: 14], [1.7: 18]   

Қосымша əдебиеттер: [1.7: 9], [1.7: 4], [1.7: 10], [1.7: 11], [1.7: 5] 

 

10-дəріс 



Тақырыбы: Қазақ тілін оқытудағы модульдік технология 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.  Модульдік оқыту технологиясының маңызы 

2.  Модульдік оқыту технологиясының мазмұны 

3.  Модульдік оқыту технологиясының бөлімдері 

Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  оқытуға  өте  жоғары  талап  қойылады.  Жаңа 

педагогикалық  технологияларды  оқу-  тəрбие  үрдісінде  жүйелі  пайдалану 

арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру- бүгінгі таңдағы өзекті мəселе. 

Жаңа  технологияны  меңгерген  əрбір  мұғалім  өз  сабағының  нəтижесін 

даму жағынан көре алады. 

Оқушы  санасына  білімді  жүйелі  түрде  меңгеруіне  жəне  қабілет 

деңгейлерін 

дамытуға 

М.М. 

Жанпейісованың 



«Модульдік 

оқыту 


технологияның» маңызы ерекше.  

Модульдік 

оқыту 

технологиясы  жеке 



тұлғаны 

қалыптастыруға 

бағытталған,  синергетика  заңына  негізделген.  Ал,  синергетика  дегеніміз  – 

грек  тілінен  аударғанда  «біріге,  келісе  отырып  істеу»  деген  мағынаны 

білдіреді. 

«Модуль» деген қандай да бір жүйенің бөлігі, яғни оқу процесінің ортақ 

құрылымы,  бірақ  əртүрлі  мазмұны  бар  жекеше  бөліктерден  тұрады. 


Модульдік  оқыту  технологиясы  баланы  оқытып  қана  қоймай,  оның  іс-

əрекетін  ұйымдастыруға,  оқу  процесін  «диалогтік»  қарым-қатынас  негізінде 

құруға тиімді болып саналады. 

Модульдік оқыту технологиясының мазмұны: 

 

1. 


 Модульдік оқыту технологиясының құрылымы; 

2. 


 Оқу модулінің кіріспе бөлімі; 

3. 


 Оқу модулінің диалогтік бөлімі; 

4. 


 Диалогтік бөлімді дайындаудың негізгі этаптары; 

5. 


 Танымдық 

іс-əрекеттерін 

ұйымдастыруға 

оқушылардың 

білімділік дəрежесін есепке алу; 

6. 


 Технология жəне шығармашылық; 

7. 


 Дискуссиялық формалар; 

8. 


 Əр  бөлімде  оқу  еңбегінің  нəтижелерін  бағалаудың  мəні  мен 

мағынасы; 

9. 

 Оқушылардың 



іс-əрекетін 

бағалаудың 

оқу 

модуліндегі 



нұсқаулары; 

10. Оқу еңбегінің нəтижелерін анықтау. 

Оқыту  үрдісін  жаңа  технологиялардың  бірі  модуль  жүйесі  бойынша 

оқыту. Модульдік оқыту жүйесі үш бөліктен тұрады: 

1.  Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу); 

2.  Сөйлесу  (оқушылардың  танымдық  қызметін  өзара  сөйлесу  негізінде 

ұйымдастыру); 

3.  Қорытынды бөлім (бақылау). 



Кіріспе  бөлімінде  мұғалім  оқушыларды  оқу  модулінің  жалпы 

құрылымымен,  оның  мақсат-міндеттерімен  таныстырады.  Мұғалім  осы  оқу 

модулінің  барлық  уақытына  есептелген  оқу  материалын  қысқаша  (10-20 

минут  ішінде),  сызба,  кесте  жəне  т.б.  белгілік  үлгілерге  сүйене  отырып 

түсіндіреді. 

Сөйлесу  бөлімінде  танымдық  процесс  сыныпты  2-6  адамнан  шағын 

топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара əрекет етуіне құрылған. 

Яғни,  оқу  модулінің  сөйлесу  бөлімі  тарауды  тұтас  оқып-үйренудің  екінші 

операционалдық-  танымдық  кезеңін  іске  асыру  болып  табылады.  Оқу 

модулінің  сөйлесу  бөлімін  даярлағанда  мұғалім  оқу  метериалының  негізі 

мазмұнын бөліп, құрылымдайды. 

Мұнда  оқушылар  оқу  материалына  қайта  оралып,  пысықтап,  бекітуі 

үшін  оның  əр  сабақта  жеке  бөліктерімен  берілетінін  есепке  алу  керек,  бұл 

бөліктерде қысқаша түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі. 

Пысықтауды  қажет  ететін    материалды  мұғалім  үш  күрделілік 

деңгейінде  (қарапайым,  орташа,  күрделі)  дайындайды.  Үш  деңгейдің 

қайсысын таңдайтынын əр оқушының өзі шешеді. 

Мұның  бір  маңызы  күрделі,  ізденушілік,  шығармашылық  сипаттағы 

тапсырмаларды  кез-келген  күрделілік  деңгейдегі  бағдарламалық  материал 

тапсырмаларын орындаған оқушыға, іс жүзінде бəріне де беруге болды. 

Қорытынды  бөлімінде  оқушылар  жинақталған  бөлімдерін  қорыта 

келіп,  шығармашылық  тұрғыда  оқушы  зерттеу  жұмысын  өз  бетімен 



орындауға дағдыланады, сөйтіп, оқушы іздену арқылы белгілі бір жетістікке 

жетеді. Нəтижесінде ерекше қабілетті тұлғалар анықталады. 

Оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М. Жанпейісованың 

«Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы  ретінде» 

əдістеменің  құзіреттілігі  өте  жоғары  деңгейде.  М.М.  Жанпейісованың 

модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады. 

Мемлекеттік  тілдің  коммуникативтілік  құзіреттілігін  дамыту  дегеніміз  - 

оқушылардың  тілді  жетік  меңгеруін  жəне  білім  мен  білік  дағдыларын 

тəжірибеде қолдана білу. 

М.Жанпейісованың технологиясының ұтымдылығы: 

1. Жеңілден қиынға арттыру, тарау мазмұнына бірнеше қайтара оралу. 

2.  Сыныпты  микротоптарға  бөлу  арқылы  ақтық  үрдіс  негізінен 

оқушылардың өзара қатынасы арқылы іске асырылады. 

3. Оқу материалын əр оқушыға тыңдауға, жазып алуға, көруге, қайталап 

айтуға мүмкіндік береді. 

4.  Сөйлеу  білімі  өзін-  өзі  бағалау  арқылы  жүзеге  асырылады  да  ешбір 

оқушы шет қалмайды. 

5.  М.Жанпейісованың  модульдік  технологиясын  сабақта  қолдану 

мемлекеттік тілді оқытуға сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып 

табылады. 

Модульдік  оқыту  технологиясы  жеке  тұлғаның  өз-өзін  дамытуға, 

шығармашылық 

қабілеттерін 

арттыруға, 

қажетті 

іскерліктері 

мен 

дағдыларын  қалыптастыруға  қажетті  əдістемелік  мүмкіндіктерді  қамтитын 



бірден- бір технология.  

Оқушының  жеке  тұлғалық  қабілеттерін  ашуға,  блоктық-жүйелік 

технология төмендегідей мүмкіндіктер туғызады: 

- оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру; 

- сыныпта берілген блок бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен 

таныстыру; 

- мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте жəне 

т.б.); 


- оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; 

- оқушылардың  əрбір  сабақта  іс-  əрекетін  бағалау  үшін  диалогтық 

қарым- қатынас негізінде оқушының танымдық іс- əрекетін ұйымдастыру; 

- Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын 

меңгерту; 

- Барлық  тақырып  бойынша  тест  тапсырмалары  (сынақ,  сынақхат,  т.б.) 

жүргізу. 

Сонымен,  модульдік  оқыту  технологиясының  басты  маңыздылығы 

оқыту  процесінде  оқушы  мұғалімнің  берген  нұсқауы  бойынша  көзделген 

мақсатқа өз бетінше іздену нəтижесінде қол жеткізеді. Ол үшін төмендегідей 

талаптарды сақтау қажет етіледі: 

1. 


Модульдік 

бағдарлама 

мұғалімді 

оқытудың 

ақпараттық 

функциясынан  босатып,  кеңес  берушілік,  үйлестірушілік  функцияларын 

атқаруына жағдай жасайды. 


2. 

Модульдік  бағдарлама  педагог  пен  оқушының  бірлесе  отырып, 

тиімді оқыту жолдарын таңдап алуына жағдай жасалуы тиіс. 

3. 


Педагог  модульдік  бағдарламаны  педагогикалық  басқарудың 

кейбір  функцияларын  өз  міндетіне  алады,  сонда  бұл  функциялар  өзін-  өзі 

басқару функциясына ауысады. 

Модульдік оқытудың басқа жүйелерден өзіндік айырмашылығы: 

1.  Оқыту мазмұны аяқталған өзіндік кешен ретінде көрсетіледі. Оларды 

меңгеру қойылған мақсаттарға байланысты іс жүзіне асады. 

2.  Мұғалім  мен  оқушылар  арасындағы  қарым-  қатынас  тілдесу 

формалары  өзгереді.  Ол  модуль  арқылы  іс  жүзіне  асады  жəне  басқарушы 

жəне басқарылушы арасында дара тілдесу қарым- қатынасы іс жүзіне асады. 

3.  Оқушы  уақыттың  көбінде  өздік  жұмыс  атқарады.  Ол  мақсат  қоюға, 

өздік жоспарлауға, өзін- өзі бақылауға үйренеді. 

4.  Жеке  кеңес  беру  жəне  оқушыға  мөлшерлік  көмек  жасау  мəселелері 

жоққа шығарылады (М.М.Жанпейісова). 

Осындай  жеке  тұлғаның  дамуына  бағытталған  оқыту  технологиясына 

жасалған талдаулардың нəтижесінде, оқу- тəрбие процесін гуманизациялауда 

тиімдісі  –  М.М.Жанпейісова  ұсынған  интерактивтік  модульдік  оқыту 

технологиясы.  Бұл  технологияның  ерекшелігі  білімді  меңгеруге  емес,  жеке 

тұлғаның  таным  қабілеттері  мен  таным  процестерін  арнайы  жасалған  оқу 

жəне танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-

өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым- қатынас, ойын арқылы 

шығармашылық  қажеттіліктері  мен  белсенді  сөздік  қорын  дамытуға  ықпал 

жасайды.  Жалпы  айтқанда,  модульдік  оқыту  технологиясы  іс-  əрекеттің 

қарқындығы  мен  белсенділігін  арттырады,  сонымен  бірге  жеке  тұлғаның 

жетілуіне, дамуына ықпал жасайды. 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал