Филология факультеті



жүктеу 0.62 Mb.

бет4/7
Дата18.05.2017
өлшемі0.62 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.  Инновациялық технология туралы түсінік. 

2.  Жаңа технологиялардың түрлері. 

3.  Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану. 

Қай  ғылым  немесе  оның  салалары  болмасын  өміршең  əрі  ғылыми 

тұрғыда оқыту үшін де ең алдымен оның табиғатын түсіндіре алатын ғылыми 

əдістемелік  негіздері  болуы  бірінші  шарттылық.  Себебі,  ғылымның 

қалыптасуының өзі белгілі бір əдістемелік негізге сүйенеді.  

Қазіргі  кезде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  əлемдік  білім  беру 

кеңістігіне  бағыт  алуда.  Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту 

үрдісін 

ұйымдастыру 

жаңа 

педагогикалық 



технологияны 

енгізуді 

міндеттейді.  

Əрбір  технология  өзіндік  жаңа  əдіс-тəсілдермен  ерекшеленеді.  Ғылыми 

педагогикалық  əдебиеттерде  оқыту  үрдісінің  нəтижелерін  көрсететін  əдіс-

тəсілдер,  олардың  түрлері  «жаңашыл»,  «инновациялық»  деп  аталатын 

түрлері белгілі. Жалпы инновация (латын сөзі in - в novies – жаңа) – «жаңа», 

«жаңалау»  -  бір  нəрседен  жаңа  пайда  болу;  жаңалық  енгізу  деген  мағынаны 

береді. Алғаш шет елдік зерттеушілер (ағылшын, француз) қолданады, орыс 

ғалымдары (Днепрова, Лазерева)   1990 жылдың басынан қолдана бастайды.  

Инновациялық  іс-əрекет  бұрынғы  білім  беру  мазмұны  мен  əдістердің 

өзгерісі, түрленуі. 

Э.Брансуик педагогикалық жаңалықты үш түрге бөледі.  

Бірінші  түрі  –  білім  саласындағы  бұрын  сонды  болмаған  жаңалық. 

Бұндай  жаңалықтар  білім  мазмұнына  революциялық  өзгерістер  əкеледі. 

Ғылыми түрде эксперимент жасауды қажет етеді.  

Екінші  түрі  –  бұрынғы  кең  таралған  қолданылып  жүрген  əдістердің 

заман ағымына сай өзгеріп, түрленуі.  

Үшінші түрі – бұрын көңіл бөлінбеген əдістерді жаңарту.  

Қазіргі  кезде  біздің  лексиконымызда  «Инновациялық  технология» 

ұғымы  кең  түрде  қолданылып  жүр.  Ең  алғаш  бұл  ұғымды  қазақ  тілінде 

анықтаған, қолданған профессор Н.Нұрахметов.  



«Инновация,  инновациялық  үрдіс  деп  отырғанымыз  білім  беру 

мекемелерінің  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  жəне  таратуға 

байланысты бір бөлек қызметі» дейді.   

Əдіскер И.Құдайбергенова «инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай 

салынған жаңа нəтиже деп есептейді.  

Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 

меңгеру пəн мұғалімінің интеллектуалдық кəсіби шығармашылығын рухани, 

азаматтық жəне басқа қасиеттерін қажет етеді.  

Əрбір  мұғалім  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалана  білуді  қажет 

етеді.  


Жаңа  оқыту  технологиясының  мақсаты  –  оқытуды  ізгілендіру,  жан-

жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  оқушылардың  өздігінен 

танымдық  іс-əрекетін  жүзеге  асыру,  шығармашылық,  кəсіптік  қабілетін 

арттыру.  

Қазіргі кездегі оқыту технологияларының бірнеше түрлері бар: 

1. 


Илюстрациялы түсіндірмелі оқыту технологиясы 

2. 


Ірі блокпен оқыту технологиясы 

3. 


Преспективті дамыта оқыту технологиясы 

4. 


Проблемалық оқыту технологиясы 

5. 


Ойын арқылы оқыту технологиясы 

6. 


 Интерактивтік оқыту технологиясы 

7. 


Дебат технологиясы. 

8. 


Модульдік технология. 

9. 


Компьютерлік технология. 

10. Жекелеп оқыту технологиясы. 

11. Топтастыру технологиясы. 

12. Бағдарламалық технология. 

13. Дамыта оқыту технологиясы. 

14. Ұжымдық оқыту технологиясы. 

15. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 

16. Ізгілендіру технологиясы. 

Жоғарыда  аталған  технологиялардың  қазақ  тілі  сабағында  қолданудың 

тиімділігі өте жоғары. Əрбір мұғалім сабақ барысында қажетті технологияны 

қолдана алады.  

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7: 3], [1.7: 10], [1.7: 7], [1.7: 14], [1.7: 18] 

Қосымша əдебиеттер: [1.7: 9], [1.7: 4], [1.7: 10], [1.7: 11], [1.7: 65] 

 

5-дəріс 



Тақырыбы: Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологиялардың тиімділігі 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

         1. Дебат технологиясы.  

2.Модульдік технология. 

3.Топтастыру технологиясы. 

4.Ұжымдық оқыту технологиясы. 

5.Дамыта оқыту технологиясы. 

Қазіргі уақыт талабына сай қазақ тілін сапалы меңгерту жолдары – жаңа 

технологияларды  ұтымды  қолданумен  тығыз  байланысты.  Соңғы  кезде 

əдістеме  ғылымы  жаңару  даму  үстінде.  Қазақ  тілі  сабақтарын  дəстүрлі  емес 

сабақтар,  яғни  жаңа,  тиімді  технологияларды  қолдана  отырып  оқыту 

тəжірибеге енгізіле бастады. 

Білім  беру  жүйесінің  мақсаты  мен  міндеттеріне  қарай  оқытудың,  

проблемалап  оқыту  (М.И.Махмутов),  программалап  оқыту  (Ю.А.Самарин), 

(Т.А.Илина), 

дамыта 

оқыту 


(Ю.Б.Эльконин), 

ұжымдық 


оқыту 

(В.К.Дьяченко),  дистанциялық  оқыту  (Нұрғалиева  Г.К,  Д.М.Жүсібалиева), 

тəрізді түрлері оқыту процесінде қолданылып жүр.  

Олардың ішінде жиі қолданылып жүргендері  

1.  Дебат технологиясы. 

2.  Модульдік технология. 

3.  Компьютерлік технология. 

4.  Жекелеп оқыту технологиясы. 

5.  Топтастыру технологиясы. 

6.  Бағдарламалық технология. 

7.  Дамыта оқыту технологиясы. 

8.  Ұжымдық оқыту технологиясы. 

9.  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 

10.  Ойын арқылы оқыту технологиясы. 

Технология – шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін грек сөзі. 

Педагогикалық  технология  –  оқытудың  арнайы  формаларын,  əдістері  мен 

тəсілдерін 

айқындайтын 

педагогикалық-психологиялық 

нұсқалардың 

жиынтығы,  педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың  əдістемелік  аспабы 

(Б.Т.). Оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика жүзінде 

іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько). 

Жоғарыда  айтылған  анықтамаларға  сүйене  келгенде,  жаңа  технология 

дегеніміз педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары деген қорытынды 

жасауға болады.  

Оқыту  технологиясы  білім  берудің  тиімді  жолдарын  зерттейтін  ғылым 

ретінде  сипатталады.  Сабақ  процесінде  белгілі  бір  технологияны  қолдану 

арқылы мұғалім жоғары дəрежеге жетуді мақсат етеді. Бұл əрбір мұғалімнің 

еңбектенуіне,  шеберлігіне  тікелей  байланысты.  Шеберлік  бірден  пайда 



болмайды. Ол қаншама жылдар өткеннен кейін үлкен ізденіс пен орасан зор 

еңбектің  арқасында  келеді.  Шебер  мұғалім  сабақ  процесінде,  сабақтан  тыс 

уақытта  да  үнемі  ізденіс  үстінде  жүреді.  Ізденістің  арқасында  ғана  үлкен 

жетістіктерге қол жеткізеді.  

Сабақ  процесінде  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  да  қолданбай 

да  жоғары  нəтижеге  қол  жеткізуі  мүмкін.  Əр  мұғалімнің  сабақ  процесін 

дұрыс,  жүйелі  ұйымдастыра  білуіне  байланысты.  Мұғалім  оқушының 

сабақтағы  белсенділігін,  сабаққа  деген  қызығушылығын  əдіс-тəсілдерді 

ұтымды орынды қолдана білу арқылы оятады. Сабақты бір сарынмен өтпей, 

өзгертіп, түрлендіріп отыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. 



Дебат  технологиясы    Карл  Поппердің  дебат  технологиясы  тілдік 

тұлғаның  дамуына  көмектеседі.  Бұл  технология  оқушының  шығармашылық 

белсенділігін  арттырады,  сонымен  бірге  олардың  бойында  зерттеушілік, 

ізденушілік қасиеттері қалыптасады.  

Дебат 

технологиясына 



құрылған 

зерделік 

ойынға 

екі 


топ 

қатысады.(Бекітуші  топ  жəне  даттаушы  топ).  Əр  топтың  құрамы  3-5 

оқушыдан  құралады.  Дебат  технологиясы  белгілі  бір  уақытқа  мөлшерленіп, 

əр топтың дайындығына 15 минут уақыт беріледі.  



Модульдік  оқытудың  негізгі  мақсаты  -    оқушылардың  өздік  əрекет 

жасауының  дамуына,  оқу  материалын  жеке  тұлға  қабілетін  ескере  отырып 

меңгеруге байланысты жұмыс жасау іскерлігін дамытуға жəрдемдесу. 

Негізі – оқу модулі. Ол өзіне:  

- информацияның аяқталған блогын;  

- оқушы əрекетінің мақсатты бағдарламасын;  

-  мұғалімнің  осы  бағдарламаны  нəтижелі  іс  –  жүзіне  асыру  үшін 

нұсқаларын (кеңестері) қамтиды. 

Модульдік технология даралап оқытудың сапасына; меңгеру қарқынына; 

өзіндік  əрекет  сатысына;  оқу  əдістері  мен  тəсілдеріне;  бақылау  мен  өзін-өзі 

бақылау тəсілдеріне байланысты жүзеге асырады.    



Модульдік оқытудың басқа жүйелерден айырмашылығы: 

1.  Оқыту  мазмұны аяқталған өзіндік  кешен ретінде көрсетіледі.  Оларды 

меңгеру қойылған мақсаттарға байланысты іс жүзіне асады. 

2.    Мұғалім  мен  оқушылар  арасындағы  қарым  –  қатынас,  тілдесу 

формалары өзгереді. Ол модуль арқылы іс жүзіне асады жəне басқарушы мен 

басқарылушы арасында дара тілдесу қарым-қатынасы іс-жүзіне асады. 

3.  Оқушы  уақыттың  көбінде  өздік  жұмыс  атқарады.  Ол  мақсат  қоюға, 

өздік жоспарлауға, өзін - өзі бақылауға үйренеді. 

4.    Жеке  кеңес  беру  жəне  оқушыға  мөлшерлік  көмек  жасау  мəселелері 

жоққа  шығарылады  (Г.М.Кусаинов.  Новая  педагогическая  технология: 

методология, теория и практика. Усть-Каменогорск, 1997). 

Топтастыру  технологиясы.  Əдіскер  В.К.Дъяченконың  пікірінше, 

топтастырып  оқыту  –  оқыту  тəсіліне  қатысты  болады.  Бұл  технология  өз 

ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, белл-ланкастерлік 

жүйе, зертханалық топталған əдіс, сызба əдісі болып сараланады. 



Белл-ланкастерлік  жүйе  бойынша  оқушылар  бірінші  мұғалімнің 

басшылығымен  өз  бетінше  тапсырмаларды  орындайды.  Содан  соң  жақсы 

нəтижеге қол жеткізген оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді. 

Трамп  жүйесін  пайдаланған  кезде  мұғалім  оқулықтағы  тапсырмаларды 

орындау үшін сыныпты топтарға бөледі. Əр топтың басшысы сайланады. Əр 

топ  өздеріне  бөлінген  тапсырмаларды  орындайды.  Топ  мүшелерінің 

тапсырманы орындауға қатысқандары сараланады. 

Ұжымдық оқыту технологиясы. Бұл технологияның негізгі мақсаты – 

тапсырмалармен алмасу. Ең бірінші 6-7 адамнан тұратын топ құрылады.  

Мұғалім əр топқа дайындаған тапсырмаларын таратады. 

Əр  топ  мүшесіне  жеке  –  жеке  тапсырмалар  беріледі.  Оқушылар  бір  – 

бірімен  тапсырма  алмасады.  Тапсырмаларды  орындап  болғаннан  кейін,  топ 

ішінде  талқылайды.  Сабақ  соңында  бұл  технология  бойынша  əр  оқушы  кем 

дегенде  12  –  15  тапсырма  орындайды.  Қорытындылау  кезінде  бақылау 

жұмыстарын сынақ немесе тест түрінде қабылдайды. 



Дамыта оқыту технологиясы.  Бұл технологияда баланың ізденушілік, 

зерттеушілік  əрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда  болады.  Оқушы  алған 

білімінің  жеткіліксіздігін  сезініп,  ізденуге  талпыныс  жасайды.  Соның 

негізінде  оның  ынтасы  мен  қызығушылығы  артады.  Оқушы  теориялық 

материалды  жалаң,  жаттанды  түрде  емес,  қарапайым  бақылау  жасап, 

зерттеулер  жүргізу  арқылы  меңгеру  керек.  Дамыта  оқытуда  қойылатын 

сұрақтар  ойлауды,  пайымдауды  қажет  ететін,  өз  пікірін,  көзқарасын  білдіре 

алатын  проблемалы  сұрақтар  болуы  қажет.  Дамыта  оқытуда  сабақта  жаңа 

материалды  талдауға  көп  көңіл  бөледі.  Талдау  жасау  барысында  мұғалім 

оқушының ой-пікірін бақылауға мүмкіндік алады. 

Дамыта  оқыту  жүйесінде  мұғалім  барлық  оқушылардың  ойлауына, 

дамуына пікірлерін еркін жеткізуге жағдай туғызуы қажет. Мұғалімнің басты 

мақсаты сыныптағы барлық оқушыны жұмыс істете отырып, олармен тығыз 

қарым-қатынаста болу. 



“Интерактив”  деген  сөз  ағылшынның  “interact”  (“inter”-  “өзара”, 

“act”  –  “əрекет  ету”)  деген  сөзінен  шыққан.  Интерактивтік  деген  сөз 

энциклопедияда  көрсетілгендей,  интеракция  деген  ұғымнан  келіп  шығады. 

Яғни,  интеракция  –  жеке  тұлғалардың,  топтың,  жұптың  өзара  біріккен 

əрекетте бір – біріне алма кезек əсер етуі. 

Ғалым  Т.Левандовский  интеракцияны  қарым-қатынас  жасау  үрдісінің 

синонимі ретінде сипаттайды. Бұл əдіс, əсіресе, сұхбат құруда оқушылардың 

белсенділігін  арттырады.  Бірігіп  жұмыс  істеуге  үйретеді.  Олардың  ізденуін, 

шығармашылықпен əрекет етуін қамтамасыз етеді. 



Интерактивтік оқыту – бұл таным əрекетін ұйымдастырудың арнаулы 

формасы.  Оқытудың бұл формасы алдына нақты жəне жоспарланған мақсат 

қояды.  Сондай  мақсаттарының  бірі  –  оқу  үрдісінің  өнімділігін  арттыратын 

оқушының  ақыл-ой  кемелділіктерін,  өз  жетістіктерін  сезінетіндей  жайлы 

жағдай  тудыру.  “Интерактивті  оқыту”    1990  жылдары  интернет  желісінің 

дамуымен  байланысты  пайда  болды.  Осыған  орай,  көптеген  ғалымдардың 

түсіндіруінше,  интерактивті  оқыту  компьютер  жəне  интернет  желісін 


пайдалану  арқылы  оқыту  дегенге  саяды.  Информатикада  бұл  ұғымды 

“пайдаланушының  бағдарламамен  диалогы,  яғни  мəтіндік  командалармен 

(сауалдармен)  жəне  жауаптармен  (шақырулармен)  алмасуы  ретінде  немесе 

кез  келген  субъектілердің  бір-бірімен  өздеріне  тиімді  құралдар,  əдістер 

арқылы полидиалогқа түсуі” деген мағынада қолданады. 

Интерактивті оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де 

көрінеді.  Интерактивті  əдістермен  сабақ  өткізу  кезінде  мұғалім  тек  кеңесші, 

серіктес  рөлін  атқарады.  Мұғалім  жаңа  біліммен  бірге  оқушыларды  өз 

беттерінше ізденуге жетелейді. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7: 3], [1.7: 10], [1.7: 7], [1.7: 14], [1.7: 18] 

Қосымша əдебиеттер: [1.7: 9], [1.7: 4], [1.7: 10], [1.7: 11], [1.7: 65] 

 

6-дəріс 

Тақырыбы: Қазақ тілін проблемалық тұрғыдан оқыту 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.Проблемалық оқыту туралы түсінік 

2.  Шығармашылық  жұмыстар  арқылы  оқушылардың  ой-өрісін,  тілін 

дамыту 


3. Проблемалық оқыту технологиясының міндеттері 

4. Проблемалық оқыту технологиясының тиімділігі 

Оқушылырдың  шығармашылық  ойлауы  мен  шығармалық  əрекетін, 

белгілі бір сұрақтардың түйінін шешу үшін жəне тілдік тапсырмалар орындау 

дағдыларын алу үшін проблемалық əдісті қолданудың берері мол.  

Проблемалық  оқытуға  қатысты  іргелі  еңбектер  60-70  жылдардағы 

Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.Н.Махмутов, В.Оконь жəне басқалардың 

жұмыстары болып табылады . 

Проблемалық  оқыту  мəні  проблемалық  ситуация  тудыру  жəне  ол 

ситуацияларды  саналы  меңгеру,  қабылдау,  шешуді  мұғалім  мен  оқушының 

біріккен іс-əрекеті ретінде ұйымдастыру болып табылады. 

Проблемалық  оқыту  қажетті  білім,  білік  жəне  дағдылар  жүйесін 

қалыптастырып  қана  қоймай,  оқушының  ақыл-ойы  дамуының  жоғары 

деңгейіне  қол  жеткізіп,  олардың  өз  бетінше  білім  алу  қабілеттілігін 

дамытуды қамтамасыз етеді. 

Проблемалық 

оқытуда 

оқушылар 

алдына 

проблема 



қойылады, 

мұғалімнің  тікелей  қатысуымен  не  өз  бетінше  оны  шешу  жолдары  мен 



тəсілдері  зерттеледі,  яғни  болжам  жасалады,  оның  дұрыстығын  тексеру 

жолдары  белгіленіп,  негізделеді,  экперимент,  бақылау  өткізіледі  де,  оның 

нəтижесі талқыланады, дəлелденеді . 

Проблемалық  оқытуды  жекелеген  педагогтардың  өткінші  əуестенушілігі 

ретінде  жоққа  шығарған,  оны  оқытудың  біресе  формасы,  біресе  құралы, 

біресе  методтарының  бірі  деп  есептеген.  Ал  қазір  жалпы  мектеп  мұғалімнің 

проблемалық  оқыту  идеясын  қабылдап  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оны 

практикада қолдануға да тырысады. 

Проблемалық  оқыту  –  ойлау  операциялары  логикасы  (талдау, 

қорытындылау  жəне  т.б.)  мен  оқушылардың  ізденіс  əрекеттерінің 

заңдылықтарын  (проблемалық  ситуацияның,  танымдық  қызығушылығының, 

қажетсінуінің  жəне  т.б.)  ескере  отырып  жасалған  оқу  мен  оқытудың 

бұрыннан мəлім тəсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан ол 

бəрінен  гөрі  көбінесе  мектеп  оқушысының  ойлау  қабілеттерін  дамытуды, 

оның жалпы дамуын жəне сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді . 

Проблемалық  оқытудың  мақсаты  –  оқушыларға  білімді  даяр  күйінде 

бəрін  мұғалімнің  өзі  баяндап  бермей,  олардың  алдына  белгілі  проблемалы 

міндет қойып,  соны  өздеріне  шештіруге  бағыттау,  қызықтыратындай  мəселе 

туғызу. 

Проблемалық  оқыту  –  проблема,  проблемалық  сұрақ,  проблемалық 

тапсырма,  проблемалы  жағдаят  (ситуация)  деген  ұғымдарды  қамтиды.  Кез 

келген  сұрақ,  тапсырма  проблемалы  бола  бермейді.  Олардың  проблемалы 

болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыларға дайын жауап не 

үлгі  болмайды  жəне  ол  өзінің  білетінін  не  білмейтінін  арасындағы 

қайшылықты,  басқаша  айтқанда,  берілген  тапсырманы  шешуге  керекті 

білімнің немесе тəсілдің жетпей тұрғанын сезінеді.  

Проблемалық  міндет  дегеніміз  –  қиын  жағдаятты  іздеу,  зерттеу 

барысында  шешілетін  мəселе  міндет  мазмұны  деп,  белгілі  ізделініп 

отырғанын  арасындағы  қайшылық  нəтижесінде  пайда  болған  проблеманы 

айтамыз. Мұның жауабын практикалық олперациялар арқылы табуға болады. 

Сондықтан кез келген міндет проблема бола бермейді.  

Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері: 

-  оқушылардың  білімдер  жүйелері  мен  ақыл-ой  жəне  практикалық 

қызмет тəсілдерін меңгеруі; 

-  мектеп  оқушыларының  танымдық  дербестігі  мен  шығармашылық 

қабілеттерін дамыту; 

-  білімдерді творчестволық меңгеру дағдыларына тəрбиелеу (логикалық 

əдістерді немесе шығармашылық қызметтің жекелеген тəсілдерін қолдану); 

-  білімдерді 

шығармашылық 

қолдану 

дағдыларына 

(меңгерген 

білімдерді  жаңа  ситуацияларға  қолдану)  жəне  оқу  проблемаларын  шешу 

шеберлігіне тəрбиелеу; 

-  шығармашылық  қызмет  тəжірибесін  жинақтау  (ғылыми  зерттеу, 

практикалық  проблемаларды  шешу  жəне  шындық  болмысты  көркем 

бейнелеу методтарына ие болу т.б.). 



-  Проблемалық  оқытудың  барлық  міндеттері  ішінен  аса  маңызды  екі 

міндетті  бөлу  қажет.  Біріншісі  –  оқытудың  ғылыми  дəрежесін  арттыру; 

екіншісі – ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру. 

Проблемалық  оқыту  тек  проблемалы  жағдай  тудырып  қана  қоймайды, 

сонымен  қатар,  оны  дұрыс  шеше  білу  тəсілдерін  меңгеруді  де  жақсы  қажет 

етеді.  Ол  үшін  мұғалім  оқушының  материалында  кездесетін  ой,  пікір, 

қайшылықтарын  дұрыс  аңғарылуына  жағдай  жасап,  оны  шешудің  жолдары 

мен тəсілдерін меңгеруге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге 

тиіс. 

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 

дəрістің өз мақсатына жетуі 



негізгі тұжырымдар 

мəселенің теориялық маңызы 



мəселенің практикалық маңызы 



Негізгі əдебиеттер: [1.7: 3], [1.7: 10], [1.7: 7], [1.7: 14], [1.7: 18]   

Қосымша əдебиеттер: [1.7: 9], [1.7: 4], [1.7: 10], [1.7: 11], [1.7: 5  

 

7-дəріс  



Тақырыбы: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 

Дəріс  мақсаты  -    студенттерге  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  үдерісінің 

ерекшеліктерін  теориялық  жəне  практикалық  тұрғыдан  меңгерту.  Кəсіби 

деңгейі  жоғары,  жан-жақты  дамыған,  білім  нəрімен  сусындаған,  теориялық 

білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары 

маман даярлау. 

Дəрістің қысқаша мазмұны: 

1.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы туралы түсінік 

2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясында берілетін тапсырмалар 

3Деңгейлік тапсырмалардың түрлері 

4. Деңгейлеп саралап оқыту –оқушы білімін арттырудың жолы 

Жалпы  дидактикада  да,  əлемдік  əдістеме  ілімінде  де  қалыптасқан 

«деңгейлік  оқыту»  ұғымы  бар.  Деңгейлік  оқыту  əдістемесінің  негізгі 

қағидалары,  заңдылықтары  оны  жүзеге  асыру  жолдары  аталған  ғылым 

салаларында қарастырылған.  

«Деңгейлік»  сөзі  термин  ретінде  алғаш  математика  ғылымында  пайда 

болған. Математикада бұл термин «өлшеу құралын», «шаманы» белгілейді. 

Деңгейлік  идеясы  шет  елдерде  педагогика  ғылымына  1920  жылдың 

басында  енген.  Ал  кеңестік  педагогикада  оқыту  мəселесін  О.Б.Лошкова 

(деңгейлік саралап оқыту) енгізген . 

Өткен  ғасырдың  1960-жылдарда  Америкада,  ал  1960-жылдары  бүкіл 

əлемнің  алдыңғы  қатарлы  мектептерінде  білім  беру  мен  оқытуда  саралау 

үрдісі кеңінен етек алды. Бұл үрдіс бүгінгі таңда Қазақстан мектептеріне де 

жетті. 


Оқушылардың  бейімділігін  ,  қызығуын,  үлгерімін  анықтай  отырып 

оқыту,  яғни  саралап  оқыту  қазіргі  мектептердің  даму  бағытына  айналып 

отырғаны  даусыз.  Саралау  –  оқу  мекемелерінің  түрлеріне,  бір  мектептің 


кəсіби  бағдары  мен  өз  ішіндегі  ағымына  жəне  сыныптағы  топқа  бөлінеді. 

Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі. 

Жалпы  саралап  оқыту  бастауыш  мектепті  бітіргннен  кейін  басталады. 

Англияның грамматикалық жəне басқа мектептерінде, Германияның нақты 

училище, 

гимназия 

жəне 

негізгі 


мектептерінде, 

францияның 

технологиялық,  кəсіби  жəне  жалпы  білім  беретін  лицейлерінде,  Ресей  мен 

Қазақстанның  жалпы  орта  мекткп,  лицей,  гимназияларында  жəне  басқа 

мектептердің  əр  түрлі  атақты  мектептерінде  саралап  оқытылады.  Бұл  оқу 

мекемелерінің ерекшелігі – олардың оқу бағдарламаларында. Бір мекеменің 

өз  ішінде  саралап  оқыту,  əсіресе  Америка  мен  Жапония  мектептерінде 

кеңінен  тараған.  Бұлардың  жоғары  орта  мектептері  екі  түрлі:  жалпы  білім 

беретін жəне арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізіледі . 

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының мақсаты: Əр оқушыны оның 

қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушының əр түрлі 

топтарының 

ерекшелігіне 

сəйкес 


бейімдеу, 

ыңғайлау. 

Берілген 

тапсырманың саралануы. Əр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік оқушылар 

болады.  Оларға  деңгейлік  тапсырмалар  қолдану  қажет:  1-деңгей  – 

мүмкіндік;  2-деңгей  –  міндетті;  3-деңгей  –  эвристикалық;  4-деңгей  – 

шығармашылық. 

Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясының  ерекшелігі:  Мықтылар 

өздерінің  қабілеті  мен  икемділігін  одан  əрі  бекіте  түседі,  əлсіздер  өзін-өзі 

сынап  қаралауға  мүмкіндік  алып,  өзіне  сенімсіздіктен  арылады.  Күшті 

топтарда  оқуға  ынтасы  артады,  білім  дəрежесі  деңгейлес  оқу  топтарында 

оқу жеңілдейді . 

Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясының  мазмұны  мен  əдістерінің 

ерекшелігі: Оқу мазмұны арнайы мектептер, гимназиялар, лицей, коллежд, 

жеке  меншік  мектеп  сияқты  типтерінің;  гимназия,  тереңдетіліп  оқылатын 

сыныптардың;  факультатив,  əр  жастан  біріктірілген  топтар;  сынып 

құрамындағы топтар бағдарламалары негізінде жүзеге асады . 

В.В.Фирсов 

(міндетті 

нəтижеге 

негіздеп 

деңгейлеп 

оқыту), 

В.П.Беспалько  (тапсырмалардың  «қиыншылығын»  есепке  алу  əрекетінің 

төрт деңгейі), т.б. ғалымдар қарастырған . 

Педагог – ғалым В.П.Беспалько зерттеу еңбектерінде деңгейлеп саралап 

оқытуға  кеңірек  тоқталып,  оның  ең  тиімді  əдістерін,  тың  жолдарын,  озық 

үлгілерін  жаңашылдықпен  дəлелдеп  берді.  Ғалым  оқу  маттериалдарын 

меңгерудің төрт деңгейін ұсынады: 

1. 


Оқушылық деңгей (репродуктивті) 

2. 


Алгоритмдік деңгей  

3. 


Ізденімдік деңгей (эвристикалық) 

4. 


Шығармашылық деңгей 

-    Репродуктивті  (оқушылық)  деңгей.  Мұнда  білімнің  берілуі,  деңгейлік 

тапсырмалардың 

іске 


асырылуы 

бағдарлама 

талабына 

сəйкес 


қарастырылған .  

- І деңгейдегі тапсырмалар: 

- жаттап алуға лайықталған болу керек; 


-  алдыңғы  сабақтағы  тақырыпқа  меңгерген  білімнің  өңін  өзгертпей, 

қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс; 

- тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек. Оқушылық деңгейде бала 

мұғалім  көмегімен  амал-əрекет  жасайды.  Алдындағы  мақсатты  шешуге 

ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады  

- Алгоритмдік деңгейде оқу материалының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік 

тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады  

- ІІ деңгейдегі тапсырмалар: 

-  Өтіп  кеткен  материалды  реттеуге  жəне  жүйелеуге  берілген  тапсырмалар. 

Бұл  өзгертілген  жағдайдағы  тапсырмаларға  ұқсас,  бірақ  оларды  орындау 

үшін  алғашқы  алған  білімдерін  түрлендіріп пайдалануы  қажет.  Оқушының 

ойлау  қабілетін  жетілдіруге  берілетін  тапсырмаларда,  біздің  ұлттық 

ерекшеліктеріміз  ескеріліп,  таннымдық,  үйретімділік  маңызы  болуы  керек. 

Бұларға  логикалық  тапсырмалар,  ребустар,  сөзжұмбақтар  жатады. 

Сонымен, алгоритмдік деңгейде мақсатпен шешілуге тиісті ситуация анық, 

оқушы  бұрын  жинақтаған  білімін  пайдалана  отырып,  мақсатқа  жету  үшін 

өз бетімен жұмыс істейді . 

-  Ізденушілік  деңгейде  білімнің  берілуі  жүелілігі,  сабақтастығы, 

ізденушілік 

ерекшелігі 

басым 

болып, 


деңгейлік 

тапсырмалардың 

таннымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуі айрықша назар аударылады . 

- ІІІ деңгейдегі тапсырмалар: 

- Танымдық – іздену түріндегі тапсырмаларды орындау  

барысында  жаңа  тақырып  бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым 

білімдерінен  заңдылықтар  шығарады,  анықтамаларды  жаттау,  т.б. 

жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін 

жаңалық  ашуы  тиіс.  Эвристикалық  деңгейде  мақсат  анық,  ситуация 

түсініксіз,  оны  оқушының  өзі  толықтырады,  табады,  шешеді.  Бұнда  да 

бұрынғы білімі көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, бьбілімді өз ізденісімен 

алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей . 

- Шығармашылық деңгейді оқушының дарындылығы 

дарындылығы,  таланты,  тапсырмаларды  орындауға  ізденімпаздығы, 

танымы рухани интеллектуалдық шеберлікке ұштасады. 

- ІV деңгейдегі тапсырмалар: 

- Оқушылардың жинаған өмір тəжірибесі мен  

қалыптастырған  ұғым.  Түсініктерінің,  қиялы  мен  белсенді  ой  еңбегінің 

нəтижесінде  жаңаша,  бұған  дейін  болмаған,  белгілі  бір  дəрежеде  олардың 

жеке  басының  икемділігін  байқататын  дүние  жасап  шығаруға  незізделген. 

Олимпиадалық  жұмыстар,  берілген  тақырыпқа  өз  бетімен  реферат, 

баяндамалар  дайындау.  Демек,  бұл  тапсырмалар  оқушылардың  біліктілігі 

мен  дағдысын  қалыптастыру  жəне  оны  бағалау  деңгейі  болады.  Қорыта 

айтатын  болсақ,  шығармашылық  деңгейде  мақсат  жалпылама,  анық  емес, 

оқушы  оны  анықтайды,  жаңа  нəрсені  табады,  өз  бетінше  жаңа  дүние 

əкеледі 


- Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес.  

Қазіргі  технологияда  «миға  шабуыл»,  дебат,  модель,  проект  жасату, 

қорғату  арқылы  оқушылардың  сыни  көзқарасын  қалыптастыру  жиі 

пайдаланып  келеді.  Соның  ішінде,  əсіресе,  негізгі  концепциясын  ұсынып 

жүрген  Эльконин,  Давыдовтардың  дамыта  оқытуын  алуға  болады.  Дамыта 

оқыту тікелей баланы жан-жақты дамыта отырып оқытуға негізделеді . 

       - Б.П.Беспалько оқу материалын меңгеру деңгейлерін  

талдай отырып, оның өлшеу критерийлерін анықтайды. Ғалым əр деңгейде 

меңгеретін ерекшеліктерін көрсетеді. Бірінші оқушылық деңгейде берілген 

тапсырманың  құрылымын  айқындай  отырып,оны  орындау  үшін  өздеріне 

берілген  мəліметті  қайтадан  ққабылдануы  керек.  Ал  екінші  алгоритмдік 

деңгейде    оқушылардың  бар  біліміндерін  ққолдана  отырып,  жаңа 

тапсырманы  орындайды.  Ізденімдік  деңгейде  тапсырманың  мақсаты  ғана 

көрсетіліп,  жаңа  материалды  өз  бетімен  толықтырып,  өңдеп,  өз  бетінше 

меңгереді.  Шығармашылық  деңгейде  оқушыларға  берілетін  тапсырманың 

мақсаты  көрсетіліп,  оны  əрі  қарай  жетілдіріп  орындау  оқушыдан  талап 

етіледі.  Оқушы  шығармашылық  деңгейде  алдына  қойған  мақсатына  жету 

үшін  өз  бетінше  іздене  отырып,  ой,  қиялын  дамытады;  шығармашылық 

қабілетін ұштайды. 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал