Филологическая 19 Түйіндеме



жүктеу 79.8 Kb.

Дата10.03.2017
өлшемі79.8 Kb.

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

19

Түйіндеме

Берілген бүл мақала неміс тіліндегі себеп-салдарлық қарым 

–қатынасты білдіретін сөз тіркесінін талдауына арналған. Сонымен 

қатар мақалада сөз тіркесінің әртүрлі себеп-салдарлық  әртүрлі 

семантикалық реңкі қаралған.

Resume

The given article is devoted to the analyses of prepositional word-

combinations in German language, expressing causal relations. Deferent 

semantic variants of causality expressed by prepositional word-combina-

tions are considered in the article.

ƏӨЖ 811.512.122-26



О. БӨКЕЙ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ  ЫРҒАҚТАР

А. Әбілов 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 

Қызылорда қ.

Жалпы әлем әдебиеті көркем проза ырғағына қатысты пікірлер мен 

зерттеулерден кенде емес. Бірақ, олардың көпшілігі негізінен буын, сөйлем, 

дыбыстар кезектестігіне көбірек назар аударады да, оның көркемдікке 

қатысты жағын назардан тыс қалдырады. Көркем прозада ырғақтылық 

болмаса, ішкі ырғағы дұрыс болмаса – онда шығармадан көркемдік, 

шеберлік іздеудің өзі де басы артық еңбек, бос тірлік Әлде осы күнге 

дейін мәселенің қыр – сырын аша жасалған зерттеулердің болмауынан 

ба, әйтеуір, қазақ әдебиеттануындағы аса күрделі мәселелердің бірі де 

– қаламгердің шығармашылық даралығы және көркем проза ырғағы болып 

қалып отыр. Бұл екі мәселе бір – бірімен тығыз байланысты, қаламгердің 

шығармашылық даралығы оның шығармашылығындағы ырғақ мәселесін 

анықтап алмай құпиясын аша қоймасы белгілі. Прозада ырғақ табиғаты 

поэзиялық шығармаларға қарағанда өзгешелеу екені де, бірден көзге түсе 

қоймайтыны да анық. Иә, прозалық шығармалардағы ырғақ өте күрделі, 

көп қырлы. Сонымен қатар, көркем проза ырғағы өз алдына жеке тұратын, 

томаға тұйықтық емес, керісінше, бұл - өмір шындығының қара сөзбен көркем 

бейнеленуіндегі тілдік–көркемдік құрылымның әсем тұтаса жарасымдылық 

табуының көрсеткіші. Бұл көрсеткіш жазушы стиліне, шығарманың өмірге 

келген кезеңіне, жанрына және т.б. жәйттерге қатысты күрделілене түседі.  

Қазақ әдебиетіндегі проза ырғағының өзге ұлт әдебиетіндегі проза 

ырғағынан айырмашылығы болуы заңды құбылыс. Мұның негізі әдебиеттің 



Вестник ПГУ № 3, 2010

20 

ұлттық сипатында, ұлттық ерекшелік мәселесінде жатқаны да анық. Соған 

сай,  қазақ көркем прозасының ырғағы өзіндік ерекшелікті, ал әр қазақ 

қаламгерінің өзіндік ырғағы болары тағы да ақиқат. Соңғы мәселенің ең соңғы 

нүктесі, нәтижесі – қаламгердің өзіндік қолтаңбасы, жазу ерекшелігі, яғни 

стиль болары да күмәнсыз. Осыған орай, қазақтың талантты ұлдарының бірі, 

аса дарынды қаламгер Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі ырғақ мәселесіне назар 

аударар болсақ, бірталай жәйттің сырын ашарымыз анық. Оның қаламгерлік 

қолтаңбасы жазушының ырғақ табиғатын жете түсінгенін және оны өз 

шығармашылығында айрықша назарда ұстағанын аңғартады, әңгімелерінен 

ырғақтылықтың сан түрлі қалпын, сан түрлі жағдайын байқаймыз және көбіне 

– көп негізгі ырғақ жетекші болып отырады да, ішкі ырғақтар өзара байланыса 

келіп, сол негізгі ырғаққа тоғысады. Алайда, идеяны, ойды жеткізуде кейде 

ырғақтар алмасуы немесе екі ырғақтың кезек – кезек көрінуі де болады. Бұл 

әсіресе ішкі сезімді, кейіпкердің  ішкі әлемін ашуға көбірек көңіл бөлінген, 

осыны негізгі тірек етіп алған шығармаларында анығырақ, көбірек байқалады. 

Мәселен, «Жылымық» атты әңгімедегі ырғақтарды саралап көрелік. 

«Мен осы бір суретті көрген сайын, сені есіме алатынмын, немесе сені 

есіме алған сайын осы суретті көретінмін. Қазір қайда, не істеп жүргеніңді 

білмеймін. Мүмкін... аузым бармайды ондай жамандыққа... Мүмкін бұл 

дүниелік емес шығарсың. Оған өкінішім жоқ, сен бәрібір қашанда менің 

қасымда жүрер едің; жалғыз – ақ өкінішім, мына өзің туралы новелланы 

өз бетіңмен оқи алмайтының. Сен қу мекен далада өскен ақ қайың ең, 

желіккен жел жұп – жұқа қабырғаңды сыдырып, қалтырап тұрсың – ау 

жазған; қалтырап тұрып сыңсып ән саласың – ау жазған; сол мұңлы үн менің 

құлағыма еміс – еміс естілгендей болады; сол сай сүйегіңді сырқыратар 

жетім әуен тым жалғыздығыңның – тым жарымжандығыңның бебеу қаққан 

жаршысы, адамдар, тіпті, бүкіл әлем алдындағы аппақ    ар – ожданыңның 

арашашысы сықылданатын» [ 2].

Осылайша басталған әңгіме үзіндісі қаламгердің өз шығармашылығында 

ырғақтылыққа, ішкі үнге ерекше назар аударғанына дәлел бола алады. Қазақ 

прозасында роман, повестерге қарағанда әңгіме, новеллалар ырғағы жиірек 

болады десек те, бұл әңгіменің ырғақтылығы басқаларға қарағанда жоғары 

екендігін айта өткеніміз жөн. Ол тіпті, әңгіменің әу басынан, алғашқы 

сөйлемдерінен де анық байқалады. Алғашқы сөйлемдегі «Мен осы бір суретті 

көрген сайын» деген тіркес шығармадағы негізгі ой ырғағын танытушы десек, 

мұны  жазушы сол алғашқы сөйлемнің, айтылар алғашқы ойдың өзінде – ақ  

қарама – қарсы қайталау арқылы «Мен осы бір суретті көрген сайын, сені 

есіме алатынмын, немесе сені есіме алған сайын осы суретті көретінмін» деп 

ішкі ырғақтар құйылысына айналдырып жібереді. Осы алғашқы сөйлемнің 

өзінде төрт ой ырғағы бар және осы ырғақтар ішкі алты иірімнен тұрады. 

Осы үзіндінің поэзиялық үлгіге  жақындай түсуіне де сол ырғақтылық, яғни 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

21

ырғақтар жиілігі әсер етіп тұрғаны анық. Алғашқы сөйлем құрамында екі жай 

сөйлем бар екені белгілі, ал осы жай сөйлемдер екі ой ырғағынан тұрса, осы 

реттілік кейінгі жолдарда да сақталады. Алайда, бесінші сөйлемнен бастап ой 

ырғағы жиілей түседі, оның себебі ішкі ырғақтар кезектестігінің жиілеуінен 

деп ойлаймыз. Пікірімізді нақты мысалмен дәлелдеп, дәйектеп көрелік. 

Сонымен қатар, біз әңгіме желісінде бөліп алып отырған үзіндіге назар сала 

қарасақ, әлгі пікірге дәйек болар жәйттерді ғана емес, жазушы шеберлігінің 

сырына барлау жасатар басқа да тұстарды көреміз. «Сен қу мекен далада 

өскен ақ қайың ең, желіккен жел жұп–жұқа қабырғаңды сыдырып, қалтырап 

тұрсың–ау жазған; қалтырап тұрып сыңсып ән саласың–ау жазған; сол мұңлы 

үн менің құлағыма еміс–еміс естілгендей болады; сол сай сүйегіңді сырқыратар 

жетім әуен тым жалғыздығыңның–тым жарымжандығыңның бебеу қаққан 

жаршысы, адамдар, тіпті, бүкіл әлем алдындағы аппақ ар–ожданыңның 

арашашысы сықылданатын». Жазушы, байқап отырғанымыздай, далада 

өскен қайың ең, қалтырап тұрсың – ау жазған, қалтырап тұрып ән саласың–

ау жазған – деп, ойды да, ырғақты да үстемелете береді, бұл иірімдерде 

«тұрсың–ау жазған», «ән саласың–ау жазған», «қалтырап», «қалтырап 

тұрып» деген тұстағы  қайталаулар ой құйылысына да, сөйлем бітіміне де 

үлкен әсер етіп тұр.Осы ішкі ырғақтар,иірімдер тұтаса келіп «Мен осы бір 

суретті көрген сайын» деген сөйлеммен берілетін негізгі ырғаққа бірігеді. Енді 

келесі абзацқа келелік. Мұнда да ой «Мен осы бір суретті көрген сайын» деген 

сөйлемнен басталады. «Мен осы бір суретті көрген сайын, тіршіліктің мәнін 

бұрынғыдан әлдеқайда терең түсініп, адам өмірінің шын қуанышын, шын 

қайғысын жырлау, сипаттау екінің бірінің қолынан келмейтіндігіне илана 

түсетінмін. Бұл суретке ұзақ үнсіз қарап тұрып бақыт, күлкітоқтық дегеннің 

бәрін санамнан сылып тастап, өзім де біле бермейтін мәңгі шексіздікке, мәңгі 

тұманды сапарға аттанып кетуді көксер едім...» [2]. Міне, шығармадағы 

екінші ой, екінші үлкен ырғақ осылай басталады. Бұдан да байқарымыз 

жоғарыда әңгімелеп өткендей жәйттер. Бірақ бұл үзіндіде, осы екінші абзацта 

ішкі ырғақтар «сурет» сөзіне қатысты көрінеді, яғни автор бір абцацта «сурет» 

сөзін бес жерде қайталап қолданады да, ырғақтар байланысын үйлестіруді 

де, ой тұтастығын үйлестіруді де, оны бұдан бұрынғы абцацтағы оймен, 

ырғақпен біріктіруді де осы сөзге  жүктейді. Сол сияқты үшінші абзац та, 

үшінші үлкен ырғақ та тағы да  «Мен осы бір суретті көргенде» деген ойдан 

басталады. «Мен осы бір суретті, алғаш  көргенде сұлулық  Һәм тамаша 

өнер жайлы жайдақ ұғымыма ұлы өзгеріс енгізгенмін...»[3]. Міне, көріп 

отырғанымыздай осы әңгіменің басталу ырғағы жиі, ал бұдан соң негізгі 

оқиға баян етілер тұста  ырғақ созылыңқылығы бар және осы тұста екінші 

бір үлкен ырғақ басталады. Мұны беруде автор негізгі міндетті «жылымық» 

деген сөзге, сөзге емес – ау, ойға жүктейді. О.Бөкей шығармашылығында 

кейде жекелеген сөздің де абзацтар, сөйлемдер атқарар мінтетті атқарып, 



Вестник ПГУ № 3, 2010

22 

солар көтерер жүкті алып шығатынын жасырын емес. Бұл – жазушының 

өзіндік жазу өрнегі, бұл – қаламгер даралығына тән жәйт.

«Жылымық! Ақырған аяздың дәурені бітіп, бұл өңірге жылымық 

ұялағаннан бермен қайғы жұтып жүдеген далада қыбыр – қыбыр қозғалыс 

барға ұқсайды....» [3]. Міне осылайша басталған ой да, ой ырғағы да манағы, 

әңгіме басындағы «мен осы бір суретті көргенде» деп басталар ой мен ой 

ырғағын ауыстырады. Дәл манағы айтқанымыздай осы абзацтағы ішкі 

ырғақ «жылымық» сөзі арқылы, осы сөзді қайталай үш рет қолдану арқылы 

біріктірілген. Бұдан кейінгі оқиға желісінде тағы да «сурет» сөзі, сол арқылы 

берілер ырғақ қайталанады. Мұның себебі мынада, сайып келгенде әлгі екі 

ұғымның тұтасып кетер жері де бар, бар емес–ау екеуі ішкі бірліктегі нәрсе. 

Сырт қарағанда осы екі ұғым, екі сөз екі ырғақ тудыратын сияқты болып 

көрінгенмен,  ақиқатында бұл екеуі ішкі тұтастықта, ішкі бірлікте  берілген, 

бірін–бірі толықтырар, бірін–бірі ашар ой иірімдері. Міне сондықтан, біз 

мұны ырғақтылықтың екі түрде, екі формада, екі сөз арқылы берілуі түрінде 

де қарай аламыз. Өйткені, Жылымық – сурет, сурет – жылымық.. Әңгімеде 

бас кейіпкер басынан  оқиға өткен кез де – жылымық кез,  сол оқиғаны 

кейіпкердің еске түсірер кезі  де – жылымық кез және сол оқиғаны, өткенді 

еске түсірер нәрсе - сурет, ал ол суреттің аты – Жылымық. Осы абзацта автор 

былайша көркем кесте жасайды:

 «...Менің айтып отырғаным В. Васильевтің «Жылымық» атты сурет 

екені есіңе түскен шығар. Өйткені біз дәл осы мезгілде танысып едік қой. Бұл 

сурет жайлы өз ғұмырымда әңгімелеп те, жазып та тауыса алмас едім. Оның 

кереметтігі, тіпті суретшінің асқан талантынан гөрі біздерді таныстырған 

дәнекерлі қуатында шығар» [4]. Міне, біздің де әлгі  «жылымық» деген 

ой мен «сурет» деген ойдың бірлігін, екі ой ырғағының тұтас бір ырғаққа 

әкелетіндігін айтып отыруымыздң себебі де осы. Бұдан соң шығарма желісінде 

екі сөздің бірін – бірі ауыстыра қолданылуы да, бірін – бірі толықтыра қатар 

қолданылуы да, бірінен соң екіншісі кезектесе қолданылуы да кездесе береді. 

Автор  мұны бір жағынан ой желісінің үзілмеуіне кілт ретінде алса, екінші 

жағынан ішеі иірімдердің ырғаққа айналуының тетігі ретінде пайдаланады. 

Санаториге келе жатқан автобус ішінде жігіт қолындағы «Жылымық» атты 

суретті өзі түрегліп тұрғандықтан оң жақ терезе тұста орындықта отырған 

қызға ұстатады. «Он екіде бір гүлі ашылып, қулық–сұмдықтың есігінен 

сығалай қоймаған, өмірге, айналасындағы адамдарға деген сезім – түйсігіне 

қылау түспеген, таңсәрі шағындай» әдемі қыз суретке қарамйды да. Бір – екі 

ауыз тілге келген соң, жігіт қыздан «Қарындас, қараңызшы, қазіргі шақ дәл 

мына суреттегідей емес пе?» - дейді. Қыз көзі көрмейтінін айтады.міне, осы 

тұстан әңгіме оқиғасы негізгі арнаға түседі де, жігіт пен қыз сезімдері кезек 

беріле, өмір, табиғат тылсымы, көз және көңіл соқырлығы, жақын адамдар 

арасындағы сатқындық және т.б. туралы ойлар, тұжырымдар, пікірлер, ой 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

23

түйіндері, толғамдар кейіпкерлер әрекеті, сөзі және ойы арқылы беріледі. 

Мұндағы негзгі ырғақ «Жылымық», «Тағы да жылымыққа оралайыншы», 

«Жылымық.... бір жылы нұр тарайды бойыма», «Жылымық» деген суретті 

көтеріп», «Жылымық кез», «Тағы да жылымық» «Жылымық!» және т.с.с 

қолданыстар арқылы беріледі. Алайда негізгі оқиға арнасында енді ішкі 

ырғақтар тудырушы « көз», «көру», «Жанар», «көрмеу», «соқырлық», 

«көзінің саңылауы бар» және т.б. осы мағыналас сөздер арқылы ішкі иірімдер 

байланысы жасалған.Бұл да шығарма желісінде негзгі ырғаққа келіп бірігеді. 

О. Бөкейдің бұл әңгімесінде  ырғақтар өзгешелігі бар екенін жоғарыда айтып 

өттік. Әңгіменің  бөлімдері арасындағы ырғақтар тұтастығын сақтау үшін 

де автор  «жылымық» сөзін алады. « Жылымық... Қыстай қысырап жатқан 

қардың көбесі сөгіліп, жіби бастаған шақ  жан–жануардың ең бір азып–тозған 

күйінің көктемді көксетер үміт жыршысына айналатын. Салқын да, сабырлы 

қабақпен қарсы алатын наурыздың кеші түнге ұласқанда дәуренінің дәм 

– тұзы таусыла бастаған ақпанның ақырғы айғайына, ақырғы күрсінуіне 

айналатын» [5].

О. Бөкейдің «Сарыарқаның жаңбыры» атты әңгімесіне назар аударсақ, 

мұндағы ырғақ тек әңгіме басында ғана емес, өзгеріссіз қалпында әңгіме 

соңында да қолданылған, ал әңгіме ортасындағы қолданыстар өзгеріске 

ұшыраған. «Күн еңкейіп барады. Мен Қызылқайың сарқырамасы жағасындағы 

кәрі қайыңның түбінде ойға батып отырмын» [6]. Бұл шығарманың басталуы. 

Автордың осы бір үзіндіге, осы жолдарға айрықша назар аударуы, айрықша 

мән беру неліктен екен?- деген  ой туары да белгілі. Бұл мәтін тек ойдың 

басталуы ғана емес, бұл мәтін тек ырғақтың басы ғана емес. Автор бұл 

мәтінге, бұл ойға тіпті бөлім ретінде де маңыз берген. Осыған ұқсас ырғақтар, 

осыған ұқсас сөйлемдер шығарманың өне бойында жиі кездеседі. Бірақ, 

олар өзгеріске ұшыраған, ырғақтылығы да бөлектеу. Мәселен, кейіпкер 

Қызылқайың сарқырамасы жағасына жиі барады, өлең жазғысы келсе де, өзін 

ойлар мазаласа да, төңірегіндегілерге ренхісе де, қуанса да, әйтеуір, кейіпкер 

Қызылқайың сарқырамасының жағасынан жанына сая табады. Бірақ, бұл 

тұстағы ырғақтар ішкі иірімдерді біріктіріп, негізгі ырғаққа тұтастыру 

үшін ғана қызмет атқарады. Сонымен қатар, адам мен табиғат бірлігіне 

қатысты ой осы иірімдердің негізгі тірегі екені аңғарылады. Енді әңгіменің 

аяқталуына, ойдың қорытындылануына келейік.« Ақ жауын сілбілеп тұр. 

Мен  Қызылқайың сарқырамасының жиегіндегі кәрі қайыңның түбінде таң 

алдындағы шолпан жұлдыздай туып батқан аяулы ағаны емірене есіме алып 

әлі отырмын» [7].  Бұл жерде де автор осы мәтінге бөлім құқығын береді

яғни идеяны, ойды жеткізуде дәл осы мәтінге айрықша міндет жүктейді. 

Міне, көріп отырғанымыздай, көркем прозада ырғақ – маңызды мәселенің 

бірі ғана емес, ойды бастаушы да, қорытындылаушы қызметке де ие екен. 

Бұл – ырғақтың көркемдік қызметінің бір ғана қыры. 



Вестник ПГУ № 3, 2010

24 

О. Бөкейдің «Қамшыгер» атты әңгімесі туралы да жоғарыдағы пікірді 

қайталауға болады. «Ай астында: Қанжылап, жетімсіреген қараша үй қалды; 

қара жамылған жесір әйелдің мұңдықты басы қалды.

Ай астында: Марғауланып ер мен елдің осыншама еркелігін, осыншама 

қасіретін мамырстан кеудесіне сыйғызып, қазақтың күреңселі даласы жатты» 

[8]. Ал, енді әңгіме соңы тура осы үзіндідегідей болып аяқталады.Тек «Бірақ 

осы аңғал – саңғал Алтай тауында өткен уақиғаның бәрі – бәрі де баяғының 

садағасы еді...» деген [9] сөйлем ғана қосылған. Табиғаты бөлек, көркем 

шығарма ретінде көтерер жүгі үлкен осы бір әңгімедегі негізгі екі ырғақ та 

бір–бірімен тығыз байланысты. Олар – Қамшыгер және қамшы. Осы екі ой 

ырғағы тұтаса келіп автордың айтпақ ойын жеткізеді.Әңгіменің ішкі ырғақтары 

осы екі негізгі ырғақ төңірегіне үйірілгенмен, бұдан да басқа толып жатқаны 

ырғақтылыққа әкелер қолданыстар аз емес. Солардың бірі – баяндаудың өткен 

шақтық үлгіде берілуі. Мәселен, «Қараша үйден кейде қолында құманы бар 

бөкебайлы әйел шығар еді; шығар еді де қаздаңдай басып Шарықтыбұлақтан 

су алар еді. Су алған күйі киіз үйге қайта кіріп жоқ болар еді. Бұдан соң 

оның төбесін қайтып көрмейсің.       Жым–жырт... меп–меңіреу тыныштық 

ұйып, қаймағы бұзылмастан мелшиеді – ау кеп. Аңғарды құлазыған өлі 

тыныштық жайлайтын...Өлі тыныштық жайламайтын кейде. Құлаққа: 

Шарықтыбұлақтың арсыл–гүрсіл арыны, әупілдектің әні шалынатын

мұрынға: боз көденің исі келіп, қытықтайтын, тау қызғалдақтары қызықтыра 

мен мұндалайтын. Қазір тау қызғалдақтары жоқ – тын. Күз ғой, солған, қуарып 

қалған...» [10] деген үзіндінің өзі жоғарыдан біз айтқан пікірге дәйек болумен 

қатар, түрлі ырғақтар тоғысын да байқатады. Біріншіден, көркемдікке 

келісімін таба қызмет еткен қос сөздер қолданылысы ырғақтылық тудырса 

(жым – жырт, меп – меңіреу,арсыл – гүрсіл), екіншіден, ой қарсылығы арқылы 

керемет иірім жасалады (Аңғарды құлазыған өлі тыныштық жайлайтын, Өлі 

тыныштық жайламайтын кейде). (Сөзер мен сөйлемдер астын сызған – біз). 

Үшіншіден, ой жалғаспалылығы – ырғақ жалғаспалылығына әкелген. Сөйтіп 

іс-әрекеттің кезектілігі,ой кезектілігі ырғақ кезектілігіне ұласқан. Мәселен, 

Қараша үйден кейде қолында құманы бар бөкебайлы әйел шығар еді; шығар 

еді де қаздаңдай басып Шарықтыбұлақтан су алар еді. Су алған күйі киіз 

үйге қайта кіріп жоқ болар еді. Төртіншіден, «келіп» сөзінің ауызекі сөйлеу 

стиліндегі «кеп», ал «болатын» сөзінің «тын» түріндегі қолданылу жағдайын 

жазушы ішкі ырғақты сақтау үшін шебер пайдаланады. (мелшиеді – ау кеп, 

қызғалдақтары жоқ – тын) Бесіншіден, «Құлаққа: Шарықтыбұлақтың арсыл 

– гүрсіл арыны, әупілдектің әні шалынатын; мұрынға: боз көденің исі келіп, 

қытықтайтын, тау қызғалдақтары қызықтыра мен мұндалайтын» деген тұста 

ырғақты сақтау міндеті құлаққа,  мұрынға  сөздеріне жүктеліп тұр. Міне, 

көріп отырғанымыздай шағын ғана үзіндінің өзінен ырғаққа қатысты талай 

нәрсені аңғаруға болады екен. Оның үстіне, бұл тұста біз тыныс белгілердің 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

25

және т.б. ырғаққа әкелуі деген мәселені тіпті әңгіме етіп отырғанымыз да жоқ, 

тек анық, байқалуы айқын ырғақтар хақында ғана сөз қозғап отырмыз. Ал, 

«Кербұғы» атты әңгімедегі ырғақ бұдан өзгешелеу. Бұл әңгімеде ырғақтылық 

өте жоғары, тек ішкі ырғақтар, ішкі иірімдер ғана емес, сыртқы ырғақтар, 

ой ырғақтары жиілігі мен мұндалап көзге ұрады. Сайып келгенде, мұндай 

жәйт қаламгер жанының шиыршық атуын,     жан – дүниесінің шығармамен 

қоса қым – қуыт тірлік кешкенін де аңғартады. Бұл әңгімеде автор шешімі 

– шеберлік нышанын көрсетіп қана қоймайды, сөзбен салынған көркем 

шындықтың ғажап құдіретін де сездіреді. Әңгіменің басталуы да бөлек, басқа 

әңгімелеріне ұқсамайды.

« А-а-у-у-а! 

Кербұғы бүгін де су ішкен жоқ» [11]. Бұл әңгімедегі ой ырғағы бүкіл 

әңгіме желісін тұтастырушы болумен қатар, негізгі ырғақпен қос өрім өріліп,  

бөлек иірім арқылы ырғаққа әкелетін  кербұғының « А – а – а – а - у – уу 

– аааа» деп шығар үнімен беріледі. Табиғат атты құдіретті, оның ғаламат 

құпиялы тіршілігін әңгімеде адамзатпен, адам ойымен, түсінігімен, тіршілімен 

байланыстырушы да осы үн,осы ырғақ. Бұл әңгімеде де Оралхан қолтаңбасын 

танытар ырғақтық қолданыстар көп және жоғарыда біз әңгімелеген жәйттер 

де көп кездеседі. Қос сөздер, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстыра қолдану, 

ауызекі сөйлеу стилінің қолданыстарын шебер пайдалану, тыныс белгілеріне 

ырғақтылыққа қатысты міндет жүктеу, баяндаудың өткен шақтық формасы 

және т.б. жиі кездесетін шығармада кербұғы тіпшілігінің шиыршық атуы 

да, қалыпты жағдайға көшуі де, тіпті оның торығу, түңілу сәтіне жетуі де, 

ойдың күрделіліене түсуі де, барлығы жоғарыда айтылып өткен кербұғы 

үні арқылы жеткізіледі. Сөйтеді де, соңғы ырғақты, Жасбұғының үнімен 

өрнектейді.Салыстыра қаралық. 1.  « А-а-у-у-а! 

Кербұғы бүгін де су ішкен жоқ...» [11].

2.  «...Әбден көндімге көшкен орман уілдеген суық желге қосылып, 

ала жаздайды көрген қызығын сағына ма, белгісіз бір мұңның, белгісіз бір 

үміттің, болымсыз бір арманның жүдеу жырын гөй гөйлейтін. Ал кербұғы 

сол салдақы желге артын беріп, ұзақ, тым ұзақ шақыратын  үйірді. 

-  А – а – а – а – у – уу – аааа!

Бұл бедеу үн баяғыдай дүниені дүр сілкіндірер зор болмағанмен, тегіндегі 

тегеурінді дауыстан қалған жұрнақ айқай екенін аңғартарлық....» [12].

3.  «...  Әлде  көз  алдында  ақырғы  рет  секіріп  билеп  кетіп  бараған  жас                 

марал – қызды енді қайтып (түсінде, қиялында болмаса) көре алмайтыны; 

енді қайтып салмақпен жүріп, сабырмен еркелейтін марал – анаға көз қыла 

алмайтыны; енді қайтып көре алмасы, ести алмасы, көп баянсыз жалғанның 

тұмбасына шым батып, тұманына шын адасқаны енді ғана есіне түскендей 

селк етіп, ұнжырғасын көтерді де, тағы да бір рет жан дүниесін қақырата 

ышқынды


Вестник ПГУ № 3, 2010

26 

    -  Ааааа,   ууууу,  ааааа!...» [13].

4. «...Бұл Кербұғының басқа бұғылардан бөлекше үнін баяндайтын ең 

ақырғы шақыруы еді.

    -  Ааааааааа,   уууууууууу,  ааааааааа!...» [ 14].

5. «... Баяғыда бұл да кәрі бұғының шекесін қақ айырып, үйірді өзі 

иемденгенде, дәл осылайша шаттыққа, шабытқа толы жеңімпаз әнін шырқап 

еді – ай...Дүние кезек екен, дүние кезек екен... 

     - Аааа, уууу, аааа!...» [ 15].

6. «... Кербұғы самырсынның астынан шығып, зеңіген маңдайын 

шуаққа төседі, сонсын аса қинала ышқынып еді, дауысы қырылдап өзгеше 

қорқынышты, әрі келте қайырылды.Өзімен бірге үні де өше бастапты.

     -  Ааа,   ууу, ааа?...»  [ 16].

7. «... Кербұғы қаңси бастаған кеудесін қақ айыра шақырмаққа аузын 

ашты, бәрібір баяғыдағы сырнай үні тарғылданып шықты.

      -  Аааа, уууу, аааа?...» [ 17].

8. «... Бұдан соң көзіне жас алып тұрып, баяғыша, жас шағындағыдай, 

арқырап, таза әрі зор дауыспен күйек шақырды.

   -  Аааааааа, ууууууууу,  аааааааааа, уууууууу, аааааа !!! ...» [18].

9. «...Ағаш қоршаудың ішінен Жасбұғының рахатқа батқан ессіз үні 

естілді.

    -  Аааааа, уууууу, аааааа,ууууу !!?...» [19].

Бұл мысалдарды біз жоғарыдағы пікірімізге дәйек ретінде алып отырмыз. 

Бұдан шығарар қорытындымыз - Оралхан Бөкей  әңгімелерінің ырғағы 

өте күрделі екендігіне және оның ырғаққа айрықша назар аударғанына, 

ырғақтылыққа әкелер шебер қолданыстар сырын асқан талғампаздықпен, 

шеберлікпен игергендігіне шүбә болмасы анық  деген түйін..

Жоғарыда айтылған жәйттер проза ырғағының бір жағынан тілдік 

материалды ұйымдастырудың белгілі бір формасы болуымен қатар, екінші 

жағынан, эстетикалық қызмет атқаратын сапа екендігін де көрсетеді. Қорыта 

айтар болсақ, көркем прозадағы ырғақ – шығарманың тілдік–көркемдік 

құрылымының үндестігі, оның тыныс – тіршілігінің қан айналысы, жүрек 

соғысы, өмір бейнесінің көркем шындыққа айналуындағы ерекшеліктердің 

түпкі қазығы, көркем шығарма эстетикалық сапасының өзегі...» [1]. Біздің 

жүргізіп отыған жұмысымыз бір қарағанда шығарманы бөлшектеу сияқты 

көрінуі мүмкін немесе тіпті қарадүрсіндеу ойлағанда арифметикаға барып 

тірелетіндей көрінуі мүмкі. Жоқ, мәселе басқада. Біз мәселеге көркемдік 

тұрғысынан келіп отырмыз. Жазушы стилін, оның шығармашылық 

даралығын анықтаудағы ырғақтың рөлін ашуға қатысты ой қорытудамыз. 

Мысал ретінде  алынған әңгіме үзінділеріне  ой жібере қарасақ, осы әңгіменің 

өзінен қазақ көркем прозасының ырғағы күрделі екендігіне көз жеткіземіз,  

Қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосқан қазақ қаламгерлерінің 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

27

бірі, бірі емес – ау бірегейі, көркем қара сөз өнерінде өзіне ғана тән жазу 

өрнегін қалдырған талантты жазушының шығармашылығын зерттеуде 

біраз еңбектердің өмірге келгені белгілі, біз де осы  Оралхантану ісіні аз 

да болса үлес қосуды мақсат ете отырып, оның шығармашылығының кей 

қырларына ғана қатысты ой түйдік. Проза ырғағына байланысты О.Бөкей 

шығармашылығының көп сырлары, құпия қырлары мол, сондықтан бұл 

- өз алдына көлемді және жан – жақты зерттеулер жасауды қажет ететіні 

ақиқат. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әбілов А. Көркем аударма шеберлігі. - Алматы: Қаз.унив., 1997. 

- 111-112б. 

2. Бөкеев  О. Үркер ауып барады. - Алматы: Жалын, 1981. - 272 - 483б.

Резюме

В статье рассматриваются ритмические особенности 

рассказов  О. Бокея.

Resume

The article deals with rhythmic peculiarities of O.Bokey`s stories.

ƏӨЖ 811.512.122-122



МӘТІНТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУДЕГІ 

ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫҢ  (БАСЫЛЫМДАРДЫҢ)  

МАҢЫЗЫ 

Ғ. Әнес 

«Арыс» баспасы, Алматы қ.

Арнайы мамандаған мәтінтанушылардың аздығы мен мәтінтану 

ғылымының қанат жая алмай отыруы тілдің тарихын зерделеуде, қазақ 

әдебиеті классиктерінің академиялық жинақтарын, канондық мәтіндерін 

қайта қалпына келтіруде үлкен кедергі тудырумен қатар, кейде тарихи 

шындықтың бұрмалануына себепкер болып жататынын ұмытпаған жөн. 

Яғни, бүгінгі таңда туындап отырған мәтінтану проблемалары, негізінен, 

әдебиеттану мен баспа ісі қызметкерлерінің ғана керегін өтейді деген 

сыңаржақ көзқарасты ығыстырып, оны қолданбалы  филологиялық пән 

(дисциплина) мәртебесіне көтеріп, лингвистикалық тұрғыдан да зерттелуі 



түбегейлі қолға алуды керек етіп, зәрулігі арта бастағанын айғақтайды.  




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал