Филологическая 15 Резюме



жүктеу 56.87 Kb.

Дата27.02.2017
өлшемі56.87 Kb.

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

15

Резюме

В статье рассматриваются становление и развитие традиции 

лирической прозы в казахской литературе. В связи с этим были 

проведены литературные анализы и подведены выводы.

Resume

In this article the formation and evolution of the lyric prose tradition 

in Kazakh literature is being considered. In this connection literary analysis 

and conclusions were made.

ƏОЖ 882.151.212.2-4



ШӘКӘРІМНІҢ ОҚИҒАЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ

А.С. Ақтанова

Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей қ. 

Әдебиет зерттеулерінде драматизмді асқақтық, биіктік,адам жанының 

тазалығын, адалдығы нәтижесінде қақтығысқа толы тартысты оқиғаларға 

ұрынуы кезіндегі әрекеті негізінде қарастырады. Сондай-ақ,  драматизм 

әлеуметтік - мәдени қайшылықтарды көркемдік негізде біріктіру құралы да 

болады. Көркем драматизм әр дәуірдің қоғамдық-тарихи ерекшелігіне сай 

жалпы және жеке хаарктерлерге ие болып әр түрлі тартыстарды шешуде кейде  

трагедиялық сипат алса, кейде комедиялық түрде көрініп отырады. Жалпы 

драматизм термині полисемантикалық аспектіде көрініп: эстетика категориясы, 

поэтикалық элемент категориясы, жанрлық категорияларда көрінеді. Лирика 

жанрының сезімге құрылатындықтан лирикалық драматизмнің осы аталған 

үш белгісі де лирика бойынан табылатынына әкеледі. Сондай-ақ, лирикалық 

тұлғаның, яғни лирикалық «меннің» әлеммен, дүниемен байланысуы белгілі 

дәрежеде өзіндік көзқарас қалыптастыратынын айтпай кетуге болмайды. 

Белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада қалыптасып, өсетін суреткер тұлғасы үшін 

сол қоғамдық-әлеуметтік ортадағы әр түрлі тартыстар, қайшылықтар өз ізін 

қалдырады. Міне, осы қоғамдық ортаның әр түрлі тартысы жағдайларды ақын 

шығармашылығының өзіндік драматизмін  жасайды. Қазақ әдебиетінде сондай 

қайшылықты қоғамда өмір сүріп өзінің әдеби бет бейнесін, лирикалық болмыс-

бітімін қалыптастырған ақын - Шәкәрім. Ақын шығармаларындағы  көркем 

драматизм оның ішкі жан дүниесінің қоғамдағы әр түрлі қайшылықтарға 

деген жауабы ретінде көрінеді. Шәкәрімнің әдебиетте қалыптасқан лирикалық 

тұлғасы туралы айтқанда оның ең алдымен биік адамгершілікке негізделетінін 

айтамыз.  Шәкәрім шығармаларындағы негізгі тартыс та адамгершілік пен 

оған қарама-қайшы ұғымдар арасында өрбиді.  Ақынның өзіндік әлемімен 


Вестник ПГУ №4, 2010

16

оны қоршаған дүниенің, оның-рухани  өмірінің тарихпен, заманымен 

байланыс тудырады.  Шәкәрім эпикалық жанр шебері ретінде «Еңлік-Кебек», 

«Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ-Айсұлу», «Ләйлә-Мәжнүн», «Мұтылғанның 

өмірі» сияқты күрделі тартыстарға құрылған поэмалар дүниеге келтірді. 

Ал, лирикалық шығармаларының ішіндегі сюжетке құрылған, белгілі бір 

композициялық жүйемен жазылғандары да  көптеп кездеседі. Ақынның «Бай 

мен қонақ» деп аталатын өлеңі алғаш рет 1912 жалы «Жәрдем» баспасынан 

шыққан, «Қазақ айнасы» деп аталатын кітабында жарияланған. Өлең оқиғасы 

байдың үйіне келген қонақтың амандасуымен басталады. Алайда, ақын өлеңінің 

үшінші шумағындағы:

Іздегені болмайды жалғыз тамақ,

Басқа да жұмысы бар байқастамақ.

Келген кезде – бай менен қонақ тату,

Қайтарында болады қырын қабақ -,

деген жолдар  арқылы оқиғаның немене аяқталғанынан  хабар беріп, 

өзіндік қорытындысын білдіреді. Десек те, бұл әлі де ақынның қорытынды, 

соңғы пікірі емес. Өлең оқигасы  диалог арқылы өрбиді. Бұл шағын диалог 

арқылы қазақ халқының ұлттық тұрмыс-салты мен дәстүріне сай алынған 

сөздер тарихилық сипатта көрінеді. Лирикалық өлеңдегі тартыс қонақ пен 

байдың арасындағы тартыс келген қонақтың алдымен ақша, соңынан аттың 

майын сұрауынан басталады. Бұл ситуациялық оқиға қолында жоқ адам мен 

баршылықта отырған адам психологиясын да көрсетеді. Өлеңдегі қелген 

қонақ пен байдың алғашқы амандық - саулық сұрасып, мал-жан жағдайынан 

хабарласу сәттері шынайы түрде өрілген. 

«Семіз бе сіздің елдің малы?»- дейді,

«Тым аса семірген жоқ әлі дейді»-дейді.

«Жолығып, жолда аралап байқап едік,

 Жылқыңыз семіз екен, бәлі»- дейді -, деген келесі шумақтардағы 

диалогта қонақ пен үй иесінің іштей арбасқан психологиялық тартысы 

нәзік те, шынайы берілген. Себебі қонақтың нендей шаруамен келгенін іштей 

болжап отырған бай малының жайынан аса сыр ашқысы келмейді. Бірақ 

қонақ жай отырмай жолда байдың малын, көріп, хабардар екенін білдіру 

арқылы алда болатын әңгіменің шетін шығарады. Шәкәрім шеберлігі - қазақ 

халқының тұрмыс – тіршілігін терең білетін психолог, әрі сол мәселені барлық 

шынайылығымен көрсете алуымен ерекше.

Ал, өлеңдегі композициялық желіге келсек, оқиғаның шиеленісуі:

Аз жұмысым бар еді сізде,-дейді,

Бір азырақ ақша бер бізге,- дейді.

... – Ол жоқ болса, бір аттың берші майын,

Дұспаныма мақтанып , жаз жайлайын.

Екеуінің біреуін бермесеңіз,



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

17

Қасарысқан бір жолың, мен не айтайын?

- деген шумақтардағы өзіндік тартысқа құрылған диалогтан басталады. 

Осы аз ғана диалогтың өзінен қонақ пен байдың арасындағы ширыққан әңгіме 

басын аңғарамыз.

Өлең оқиғасындағы шарықтау шегі қонағына байдың:

- Семіз атым жоқ еді биыл,- дейді,

Ақша да жоқ қолымда тиын , дейді.

Аямаймын орайы келмей отыр,

Қатты батып отырсың, қиын.- дейді-, деп  берген жауабы десек, оқиғаның  

аяқталуы:

Бермеген   соң қонақ өкпеледі,

Елемеді мені деп кектенеді.

Не ақша, не ат майын бермеді деп,

Әлгі байды талай жан жек көреді.-деген баяндауы арқылы берілген. 

Бұл баяндау арқылы ақын- жай ғана айтып қоя салмайы. Ол қонақтың 

не себепті өкпелегенін білдіреді. Сондағы байдың қонаққа мал сойып,  

күткені бос әурешілік екені, енді бұл қонақтың байды жүрген жерде сараң 

деп айыптап жүретінін көрсетеді. Өлеңнің соңы Шәкәрім лирикасына сай 

адамгершілік мәселесін биіктетіп, өзінше баға бере отырып, былай деп 

қорытындылайды:

Байда жазық немене, малын сойды,

Қымыз ішті, шай менен етке тойды.

Қонағыңыз тым арсыз болды білем,

Бай бермесе өз малын бермей қойды.

Зиян тартпай қалмайды осыдан бай,

Болмаған соң қонақтың көңілі жай.

Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,

Қазақ қашан ел болар құдайым-ай!  

Ақын келген қонақтың әрекеті арқылы ел үстінен күн көруді тірлікке 

айналдырған адамдардың арсыз мінезін сынай отырып жасаған қорытындысы 

арқылы елді адамгершілікке тәрбиелеудің өзіндік бір амалын тапқандай. 

Себебі, халық өз ішінен көріп жүрген осындай адамдардан жиіркеніп, оның 

әрекетін қайталамауға тырсады.   

Шәкәрімнің «Піскен мен шикі» деген өлеңі де, «Қазақ айнасы» 

жинағында алғаш рет  жарық көрген. Бұл өлеңде  көрнеу тұрған шиеленіс, 

тартыс жоқ. Бірақ мұндағы  негізгі драматизм өмірге  икемсіз бай баласының 

іс-әрекеті арқылы көрінеді. Оқиға басы:

Бай мен жарлы баласы аңға шықты,

Жалаң қағып жарап тұр аты мықты.

Жортып жүрген түлкіні көрді-дағы,


Вестник ПГУ №4, 2010

18

Қуып барып еріксіз інге тықты-, деген өлең жолдарынан басталса, 

алғашқы драмалық тартыстың  басы бай баласының: «шылбырынан арқандап 

атты отқа қой, Тойып алсын болғанша біз жұмыстап» деген шаруақор сияқты 

көрінген сөздерінен басталады. Драмалық тартыстың осыдан басталатыны 

жарлы баласының аттарды «байы айтқан соң амалсыз арқандауымен» көрінеді. 

Жарлы баласының шаруа жайын білетінін де ақын осы сөздер арқылы 

білдіреді. Себебі, аттарды отқа қойғаннан кейін, басында ақын баяндауында 

айтылған «жалаңдаған жарау аттар» қашып кетіп, екеуі жаяу қалады да , 

өз ауылдарын іздеуге шығады. Тартыс үнемі осылыйша  екі бала әрекеті 

арқылы өрбіп, дамып отырады.  Ақын піскен мен шикі әрекеттері арқылы 

өлең оқиғасындағы шиеленісу мен шарықтау шегін де көрсетіп өтеді.

Бұл өлеңнің қорытынды екі шумағы да, Шәкәрім шығармашылығына  

тән баға бере отырып,  қорытынды пікірді үшінші жақтан бақылаушы адам 

ретінде  береді. Автордың әр өлеңнен кейін осылайша қорытындылап шығаруы 

белгілі бір дәрежеде өзіндік  қолтаңбасын, өзіне тән стилін танытқандай. 

Шәкәрім  өлеңдеріндегі ең  басты идея - адамгершілік мәслесі  десек,  ақын 

өлеңдеріндегі драмалық тартыс та осы мәселе төңірегінен өрбиді. 

«Ашу мен ынсап» өлеңі сегіз тармақты жиырма алты шумақтан 

құралған. Қазақ ұғымында қалыптасқан «белді бекем буу» тіркесі лирикалық 

кейіпкердің шын  ниетімен, бар ынтасымен ісіне кіріскенін көрсетеді. Белін 

бекем буынып іске  кіріскен лирикалық кейіпкер өз ісін бұлдамайтынын, 

қайта елді түзеті үшін шыққан теріне қуанатынын байқатады. Екінші шумақ 

алғашқы шумақ идеясын жалғастырады. Мұнда лирикалық тұлғаның 

қамығып, психологиялық ішкі тартысқа түскенін көреміз. Оның жан 

дүниесіндегі шарасыздық бір сәтте қажығанын, шаршағанын көрсетеді.  

Алайда, алдына қойған мақсатынан тартынбауға бел буынған лирикалық 

тұлға қайраты мен ойын мұңдасуға шақырады. Лирикалық өлеңнің байланысу 

сәтінен ақын қайрат, ой, ашу, еріншек, т.б. дерексіз ұғымдарды жандандырып,  

олармен сөйлесе бастайды.  

Үміт үзген қорқақ Ой

Дірілдейді қалшылдап

«Мүмкін емес,мұны қой»,-

Деп жалынды жалпылдап

Бір жағымнан Еріншек

Тағы келді салпылдап.

«Болмаймын,-деп,-келіншек»,-

Ашу келді арсылдап.

-деген шумақтағы лирикалық тұлғаның көмекке шақырған ойы 

қорқақтық танытса, керісінше қарсы жақтағы Еріншек пен Ашу иектеп, 

басым түсіп тұрғандай болады. Шәкәрім өлеңдеріндегі тарихи поэтикалық 

сипат күрделі сезім-күйдің, терең ойдың ерекше энергетикалық жағдайда 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

19

болуымен ерекшеленеді. Шумақтағы қалшылдап, жалпылдап, салпылдап, 

арсылдап деп көсемше формасында келген эпитеттер дерексіз ой, еріншек, 

ашу ұғымдарын нақылдандыра түскен. Сондай-ақ ақын қазақ жағдайын 

түзеуге байланысты ойларын ашына, әрі ашық айтады. М.О. Әуезов 1918 ж. 

«Абай» жураналының №5  санында жариялаған «Абайдан соңғы ақындар» 

деген мақаласында: «Шәкәрім көбінесе өлеңі халыққа ұғымды болуын 

көздейді; және өлеңі арқылы халықтың ақылын да тәрбие қылып, жетілдіргісі 

келеді. Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға  өлеңінің сыртымен болмаса 

да ішкі мағынасымен еліктеген кісі - Шакәрім. Міне, кемішілкті айтқанда 

жерлеп, кекеп, шенеп,  оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде шанышпа, ащылық 

бар» - деп Шәкәрім шығармашылығына баға береді.

Өлеңінің келесі шумақтарындағы оқиға желісі ашудың ұрсуы, сабырдың 

келіп ақыл айтып, барлық істі ынсапқа сынатумен аяқталады. Лирикалық 

тұлға ар, ұят, рахым сияқты адамгершілік қасиеттердің надандарлдың 

кеселінен «бетін топырақ жасырып» өлгендігіне налиды. Дегенмен, лирикалық 

тұлғаның үміті сабыр айтқан сөзден кейін жанданып: 

Жан кіргендей қозғалдым, 

Тұла бойым шымырлап.

Жан жағыма көз салдым. 

Сөйлейін деп,  қыбырлап 

- деп тіріле бастайды. Лирикалық оқиғаның соңында драмалық тартыс 

шиеленісіне түсіп, елдің жағдайын түзету үшін оқу оқып, білім алу керек 

деген қорытындыға келеді.Өлең жолымен берсек:

Ел саңырау, надан ғой,

Естіле ме құр айғай

Емделмеген адам ғой,

Ел бола ма құр ойбай

Құлағы мен көзі аш,

Оқу оқыт, ғылым жай.

Насихатты сөйтіп шаш,

Соны жүрсің біле алмай

- дейді. Лирикалық тұлға ынсап айтқан байламды жүрекке құптатады. 

Шәкәрім өлеңдерінде қолданылатын жүрек ұғымы жаратушыға жақын 

болу мағынасын береді. Олай болса жүрекке құптату идеясы жаратушы 

иеге құптатумен  пара-пар. Ақын өлеңінің соңғы шумағында қазақтан 

оқыған, білімді адам көп шықса, қазақ басындағы азап кетер еді деген үмітін 

де жасырмайды. Белгілі шәкәрімтанушы Б. Әбдіғазиұлының : «Әдетте 

лирикалық шығарма ақынның жүрегін кернеген сезім тамшыларынан 

туады. Олай болса, ондағы лирикалық қаһарман көп жағдайда ақынның 

өзімен теңеседі. Лирикада айтылған ой ақынның ойы ретінде қабылданады. 

Ақынның қуанышы да, күйініші де өлеңінің астарында жатпақ»-деген. 



Вестник ПГУ №4, 2010

20

[1,197] ойымен қосыла отырып, Шәкәрім лирикасындағы терең де мағыналы 

ойлар ақын жүрегінен шыққан шынайы лебізі демекпіз. Ақынның «Ашу мен 

ынсап» өлеңіндегі композициялық желінің негізі лирикалық тұлғаның адам 

басындағы жағымсыз қасиеттермен драмалық тартысқа түсуіне құрылады. 

«Наушеруан аңда жүріп киік атқан » деген өлеңінде ақын Нашеуранның 

аңда жүріп, өзінің бір жолдасын жақын бір қышлақтан тұз әкелуге жұмсайды. 

Жолдасы талай дерге кетіп қалғанда қайта шақырып алып,: «Тұзды тегін 

алма»,- деп әмір етеді. Уәзірінің: «Шымшым тұз бір тиынға татымайды, 

Бұл қалай» - дегеніне  Наушеруан өзінің терең мағыналы философиялық 

толғауын айтады. 

Шәкәрім өзінің  басшы адамның адал болу керек деген ойын осылайша 

мысалға салып жеткізеді. Әрі драмалық жағдай туғыза отырып өлеңдегі терең 

философиялық ойды ашады. Шәкәрімнің лирикалық тұлғасының ішкі жан 

дүниесі, психологиялық тебіренісі арқылы ашылатын драмалық жағдай

Жебір ұлық халқына қас қылады,

Көңілін шерлі, көздерін жас қылады.

Қиянат қылдай істен басталмақшы,

Ескермесе, аз науқас асқынады

-деген шумақтарымен түйінделеді. Автордың осындай ой-түйін, 

қорытынды пікір  жасауы оның  өмір сүріп отырған қоғамдық-әлемуметтік 

ортасы және сол  кездегі  тарихи жағдайлармен  байланысты. Шәкәрім 

жүрегінен осындай өлеңдерін тууы, қиянатшыл, жебір билеушілер тарапынан 

қысым көрген қарапайым халықтың жағдайын білген ақын тұлғасының 

толғанысы деуге болады. Шәкәрімнің  әдебиетте қалыптасқан әдеби тұлғасы 

адамгершілік туын биікке көтеріп, адамға қарсы бағытталған барлықы 

жаманшылық, атаулыға қарсы ашық күрес бастайтын қаһарман тұлға. 

Поэмалар шығармалардағы лирикалық тұлға болмысы туралы З. Ахметов 

айтқан: «Бұл жерде басқаны былай қойып, лирикалық тұлға арқылы да, 

соның сөзін сөйлету, ал сюжетті поэзиялық шығармада уақиғаны басяндау 

арқылы да танылатынын айтсақ та жеткілікті» - деген [4] пікірді қостай отыра, 

оқиғалы өлеңдердегі лирикалық тұлға көп жағдайда сырттан бақылаушы 

ретінде, әрі драмалық тартыстың қорытындысын нәтижесін шығарушы 

ретінде танылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әбдіғазиұлы Б. «Шәкәрім әлемі». -Алматы: «Рарирет», 2008.-408б.

2. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік - 

Павлодар, 2007. - 442б.

3.Шәкәрім шығармалары. Екі томдық. – Алматы: «Жібек жолы», 2007. 

- 625б.


4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы: “Мектеп”, 1973.

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

21

Резюме

В статье рассматриваются проблемы лирического героя и 

драматизм в лирических произведениях Шакарима.

Resume

In this article examination the problems of a lyric hero and dramatics 

of Shakarim lyric compositions is made.

ƏОЖ 81' 366.55



СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ АДВЕРБИАЛДАНУЫ

Г.М. Акумбаева

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Лингвистикада зерттеушілердің едәуір бөлігі сөз таптарының 

қалыптасуы  мен дамуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Олардың 

пікіріне қарағанда, зат есімдер заттық мағыналы сөйлем мүшелері - бастауыш 

пен толықтауыштың негізінде пайда болса, сын есімдер заттық мағыналы 

мүше - бастауышты сындық, сапалық тұрғыдан  анықтап, толықтырып 

тұратын мүше - анықтауыштың синтаксистік қолданысынан туады. Сондай-

ақ етістіктер сөйлемде объектімен байланысты мүше - бастауыштың іс-

әрекетін, қимылын  білдіретін баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметінің 

нәтижесі, ал үстеулер баяндауышқа мезгілдік, мекендік, сындық жағынан 

тәуелді мүше - пысықтауыштың тілдік функциясының жемісі.

Сөз таптарының шығуы мен дамуын қарастырған ғалымдардың 

барлығы да сөз таптарының бірден-бір мезгілде емес, тілдің тарихи даму 

барысында бірте-бірте қалыптасқандығын атап көрсетеді. Индоевропа 

тілдеріндегі сөз таптарына салыстырмалы-тарихи сарапатама жасаған   

В.М. Жирмунский, осы орайда, былай деп жазады: «Сөздердің морфологиялық 

жағынан тұлғаланған лексикалық топтарының, олардың синтаксистік 

қызметінің негізінде жасалу процесі индоевропа тілдерінің салыстырмалы-

тарихи грамматикасынан анық, айқын көрінеді. «Грамматикалық жағынан 

тұлғаланған сын есімдер категориясының жасалуы, яғни ежелгі сын 

есімдердің зат есімдер мен сан есімдерге дифференциялануы индоевропа 

тілдерінде салыстырмалы грамматика методтары арқылы көріне алады» 

[1, 27]. Ғалымның бұл тұжырымдарының  дұрыстығын орыс тіліндегі 

сөз таптарының шығуы мен дамуын кең көлемде, терең зерттеген  

А.А. Потебняның зерттеулері де нақтылай түседі. Орыс тіліндегі зат есімдер 

мен сын есімдердің жеке грамматкалық категория ретінде пайда болу мәселесі 



туралы айта келіп, ғалым ол орыс тіліндегі сын есімдердің зат есімдердің 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал