Филологическая 109 Resume



жүктеу 31.75 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі31.75 Kb.

серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

109

Resume

The author of the article pays the special attention to the steppe 

poetry peculiarities, to the authors, who have greatly contributed to the 

literature development

ƏӨЖ 882.151.212.2



ДАЛАНЫҢ САМАЛЫ АҢҚЫҒАН ЖЫРЛАР

Ө. Оралбаев

«Ақорда», Президент Әкімшілігі, Астана қ.

Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Дүние ғапыл» атты жыр 

кітабын оқығанда туған ойлар

Қалың оқырман қауым жақсы біледі: қазақ сөзінің қайраткері, халық 

жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері Әбіш Кекілбаев әдебиетке ақын болып 

келген қаламгер. Әрине, қаламгердің дені әдебиетке ақын болып келеді

сосын бірте-бірте кейбіреуі прозаға, кейбірі әдеби сынға, енді біреулері осы 

саланың ғылымына ден қояды. Бәрі де дендеп келгенде, сол қаламгердің ішкі 

жан-дүниесіне, қалам қарымына, ең бастысы ақындық рухының күш-қуатына 

тікелей байланысты.

Әбіш Кекілбаевтың алғашқы тырнақалды туынды кітабы «Алтын 

шуақ» деп аталатын өлеңдер жинағы. Кезінде қазақ баспасөзінде, әдеби 

ортада айырықша аталып өткендей, бұл жыр жинақ қазақ жырына және бір 

талантты да тегеурінді қаламның қосылғанын бірауыздан мойындатты. Жас 

ақынның ой мен образға бай, тілдік құнары көркем, айтар позициясы ашық, 

ұсынар мұраты адамгершілік пен гуманизмге толы туындылары туралы аға 

буынның жасы емес, басы көшелі пікір айтып, келелі әңгіме қозғады. Жаңа 

жыр жинағы жастар басылымында әдеби пікірталастың нысанына айналып

қазақ поэзиясына білімді, оқыған, әдеби дайындығы мол жастардың келе 

бастағаны барынша жақсы райда айтылды.

Жалпы поэзияда ең бірінші жинақта жарқ етіп көзге түсіп, ауызға ілігу 

үрдісі көп емес. Санамалап қарасақ, бұлардың қатарында Төлеген Айбергенов 

пен Жұмекен Нәжімеденов, Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиев, 

Сағи Жиенбаев пен Мұқағали Мақатаев секілді қазақ поэзиясының ерен 

жүйріктері бар. Кекілбаев жырлары осы көшке заңды қосылған сыбаға еді.

Ақын боп туған жаратылыс ешқашан жоғалып та, жойылып та кетпейді. 

Қайта ол проза жазса да, тіпті әдебиеттанудың теориясы мен сынына 

қалам тартса да жарқырап көрініп жатады. Ақындықтан прозаға келудің 



Вестник ПГУ №2, 2010

110

жақсы жақтарын Әбіш Кекілбаев шығармашылығынан үнемі көріп, сезініп 

отыратынымыз сондықтан. Жазушының көркем прозасында шұрайлы тіл, 

шырайлы теңеулер мен шынайы бейнелеулер алғаусыз  ақындықтың айқын 

белгісі. Сондықтан да Әбіш Кекілбаев прозасы өлеңдей оқылып, тереңдей 

сіңіп, адамның сезім айлақтарын шарпып кететінін жұртымыз жақсы біледі. 

Әу баста ақын боп жаралған жан ақын боп қалады. Оған ешкім де кедергі 

де, кеңесші де бола алмайды.

Әбекең ұзақ жылдар бойы көркем проза мен кемел публицистиканың 

ауылында ат байлап жатып та алды. Көп жазды, өндіріп жазды, өрісті 

жазды. Әсіресе публицистиканы. Солардың қай-қайсысында да ақындық 

аңғар сезіліп те, көрініп те жататын. Тіпті тілі қысқа, тіні жұтаң көрінетін 

жеделхаттар мен ұшқыр жолдауларында да жылт еткен сезім, жалт еткен ой, 

жарқ еткен образ ойнап жататын, ойлап жататын.

Осылардың бәрін етене білгендіктен Әбіш Кекілбаевтың жаңа жыр жинағын 

ұлы ұстаз, академик, сөз өнерінің зергері Зейнолла Қабдолов та байқап, 

«жүрексіне» қолға алыпты. Кітапты оқып шыққан соң барып, көңілі орнына 

түсіп, қаламын қолға алған. Көптен кездестірмеген сағынған жолаушысын 

көргендей болып қуанып, көзайымын көшелі оймен білдірген: «Міне, қолыңызда 

«Дүние ғапыл» - Әбіштің өлеңдер жинағы. Тағы бір ескеретін нәрсе: Әбіш өзінің 

ақындығына яки өлеңге кәсіп деп қарамаған, қасиет деп қараған. Өзінің құдай 

берген талантының бұл қырын жетілдірем деп жік-жапар болмаған, ұстартам 

деп қырнап-сырлаудан бас тартқан, сол әуелгі төлтума табиғи күйінде, сол 

баяғы  көрген жерден көз арбап, көңіл баурайтын дәстүрлі қалпында қалдырған... 

Сөйтіп Әбіш өзінің өлең сөзін жұртшылыққа жалаулатып ашық ұсынбай, жазу 

столының жәшіктерінде жасырып, шеберханасында бүркеп тастады; қоржын 

қазынасынан бөліп алып, қойын дәптеріне көшірді. Дабыраламай үнсіз жазып 

жүрді. Қалам құрғатпапты. Сонда оның өлеңдері жұрт көзінен сырт, тек өзінің 

жекедара көңіл қошына, рухани қанағатына, жан тынысына айналды». 

Ұстазымыздың сөзіне қосымша ретінде сөз жалғауға мүмкіндік болса, біз айтар 

едік: Әбекеңнің жекедара көңіл қошына айналған, рухани қанағатына айналған 

жырлар қалың оқырман қауымның да шынайы рухани қанағатына айналды. Жыр 

жинағындағы теңеулер мен образдар, астар мен меңзеулер, ойлар мен толғаныстар 

ірі қаламгердің теңіздей толқыған талантының айқын көрінісі болған.

Заңғар қаламгердің заман тынысын сездіретін өлеңдері оның көптен 

жазып жүрген елдік, халықтық тағдыр туралы ой орамдарының өлең тілінде 

көрініс табуы деген пікірімізді ортаға сала кеткенді жөн көреміз. Ұзақ қара 

сөзбен емес белгілі бір жайларға байланысты көкейге келген көшелі ойды 

жұмыр жырдың жүгі етіп, тез, шапшаң айтып тастау әдебиетте, соның ішінде 

прозаның байырғы қаламгерлері үшін «тығырықтан тез шығудың» да көрінісі 

болуы мүмкін. Бұл әдіс қалай болғанда да, өзін-өзі ақтайды. Ал ол Әбіш 

Кекілбаев поэзиясында өзін тіптен қара үздіріп көрсетіп тұрады.



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

111

Қаламгер өзін толғандырған қай тақырыпты да бостекі жырлай салмай, 

алған нысанына тереңдеп еніп, биіктеп ой айтады:

Даналықтан алып қашам басымды,

Ақыл алжып, аңғалдыққа бойлапты.

Ұмытамын ойды, ызаны, ашуды, 

Қуам енді күлкі менен ойнақты.

Парасаттың бес тиындық құны жоқ,

Бұл дүниеге шаттық – күн де, шарап  - ай.

Өлсем, өлем тек тәттіге құнығып,

Абайламай у жеп қойған баладай,- деп еді ол 1960 жылы жазылған 

бір жырында. Осы ой, осы сарын, осы бір мұң мен ширыға торығу қаламгер 

жырларында кейінгі жылдарда тіптен молая түскендей. Олар «Дүние 

ғапылдан» көбірек көрініп, оқырманды сан алуан сарсаңға да салғандай. 

Сонда адам жанын жеген, әсіресе ақын жанын жеген сарыуайым әлі де 

сүлдесін сүйретіп келе жатқаны ма? Солай-ау шамасы.

Әйтпесе, мына өлең қайдан шығып жатыр?

Сырласарға қара жоқ,

Мұңдасарға дара жоқ.

Жыртылар ма екен бұл жүрек,

Бір күні пара-пара боп.

Елеуредім «ел» деп мен,

Желеңдедім «жер» деп мен.

Тіл үшін тартпай тілімді,

Сайыстым сансыз жендетпен.

Елең қылмай ел мені,

Жерге тықпақ жер мені.

Тілдеп жатыр тіл шіркін,

Сонда неге сенгенмін?! Бұл жыр 1995 жылы жазылған. Арада өткен отыз 

бес жылды былай қойғанда, ауысқан қоғамдық формацияның өзін қайда 

қоясыз? Бірақ сол баяғы уайым мен сарын әлі де ақынды өкшелеп қалмай 

келеді екен. «Дүние ғапыл» жинағы осы тұрғыдан келгенде қаламгердің өткен 

мен кеткенге деген сағынышы ғана емес, өкпесі де, реніші де болып көрінеді. 

Ақын өзін талай толғандырған арман мен үміттің әлі де қолға түспей, қияның 

қызыл түлкісіндей болып зымырап бара жатқанын өзі көріп қана қоймай, 

өзгеге де көрсете алады. Зымыран заманның жалына жармасқан жұртының 

көптен күткені ақталмай қала ма? деген қауіп пен күдікке толы ойларын 

жырмен қашап, қағазға жұқтырады. 

Ел болмақтың орнына,

Бара жатыр ел іріп.



Вестник ПГУ №2, 2010

112

Ойланбақтың орнына 

Жүргендер көп еліріп.

Сахарада тудық па,

Сағымды көп қудық па?

Желпіл қағып шығамыз,

Етек-жеңді жел үріп, - дейді келесі бір өлеңінде ақын. Бұл өлең әлгінде 

мысалға келтірілген жырдың одан әрі шамырқанып, көшін ұзатуы. Ел мен 

жердің тағдыры, халық пен ұлыстың тағдыры осы жыр кітабының негізгі 

алтын арқауын құрайды. Бір өкініштісі, кезінде «Дүние ғапыл» жинағы 

әдебие ортада арнайы сөз болмай, ұлы көштің тасасында қалды. Қым-

қуыт заман мен мидай сапырылысқан тірліктің қамымен жүрген оқырман 

қаламгердің бұл еңбегін кезінде көзінен таса қылып алғандай. Ғалымдарымыз 

бен сыншылар қауымының құлағына алтын сырға деген оймен де осы шағын 

мақала жазылып отыр.

«Қалай десек те, «Дүние ғапылға» енген өлең-жырлар, сайып келгенде, 

Әбіштің «Абылай хан» дастанына дайындығы, өзінің осынау кең құлашты 

кемел туындысына келер жолдағы барлау, байқауы, шығармашылық 

сапарындағы тағы бір биік белеске басып шыққан баспалдағы екені даусыз» 

деп академик Зейнолла Қабдолов жазғандай, қаламгердің жаңа бір жарқын 

баспалдағы. Тек қана «Абылай ханға» барар жолдағы ғана емес, жалпы 

өзінің жан дүниесінде қайнаған қуатты жыр лавасын жандырудағы және 

бір жеңісті жолы. 

Адам баласының ынсабы мен қанағаты қашқан қазіргі заманда үлкен 

қаламгердің осындай оқыс ой, күтпеген кезеңдерге қол артуы заңдылық 

болар. Бәрін білген, бәрін көрген, бәрін пайымдаған, бәрін зерделеген зерделі 

жанның осы жинақтағы түпкі ойы Мағжанмен мұңдас: «Сұм өмір абақты ғой 

саналыға...» Сондықтан да:

Ынсап жеңбей, тиылмас бұл сұрапыл,

Жағаласқа сарп боп көрер жазық,

Өңмеңдеумен өтер ме дүние ғапыл?!- деп жазуын қайғыға бой алдырған 

күйректік емес, елге деген емеуірін деп ұққан абзал болар.

«Дүние ғапылды» оқығанда туған ұзақ ойлардың қысқа қайырымы осы 

болды.


Резюме

В данной статье раскрыты поэтические грани народного 

писателя А. Кекильбаева.

The present article discovers the poetic edges of the national writer 

A. Kekil’bayev




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал