Ғылыми педагогикалық журнал



жүктеу 5.31 Kb.

бет6/31
Дата22.04.2017
өлшемі5.31 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Литература: 
1.
 
Государственная  программа развития образования  в Республике Казахстан  на 2005-2010 
годы. Астана, 2004, - 48 с. 
2.
 
Государственная  программа  развития  образования  Республики  Казахстан  на  2011-2020 
годы. - Астана, 2010, - 85 с. 
3.
 
Отчет  по  реализации  Программы  обеспечения  детей  дошкольным  воспитанием  и 
обучением «Балапан» за 2010 год, - Астана, 2011. - 6 с. 

Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру 
43 
 

Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру 
43 
УДК 372 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
 
Бектемісова А.Ө. 
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ), 
Төлепова К.Қ. 
(«№26 мектеп-балабақшасы» КММ) 
 
 
 
Музыкалық  тәрбие  ұғымы  қоғамдық  құбылыс  ретінде  кең  және  тар 
мағынасында  қолданылады.  Кең  мағынасы  дегеніміз  ол  музыкалық  іс-әрекетте 
жинақталған  тәжірибені  педагогикалық  ықпал  ету  негізінде  кейінгі  ұрпаққа 
меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал түрлі 
деңгейде  музыкалық  тәрбие  беру  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  бағытталған 
арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіретін ол тар мағына болып саналады. 
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. 
Музыкалық  білім  мен  тәрбие  беру  адамзат  өркениетінің  ең  терең 
тамырларынан  бастау  алады.  Адамзаттың  сан  ғасырлық  серігі  болып  келген 
музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орын, әсер - ықпалын, қоғам мәдениеттің 
дамуы  процесінде  қалыптасқан  әлеуметтік,  музыкалық  –  педагогикалық 
тәжірибені  ой  елегінен  өткізіп,  даму  кезеңдерін  қалыптастыруға  тікелей 
байланысты [1].  
Жан-жақты  дамыған  азамат  тәрбиелеуде  эстетикалық  тәрбиенің  басты 
саласының  бірі  –  музыка  мен  ән.  Музыка  адамның  жан  дүниесін  тебіренте 
отырып,  оның  өмірге  деген  көзқарасын,  әдет,  мінез-құлқын  қоғам  мүддесіне 
сәйкес  қалыптастыруға,  әдемілік  заңымен  өмір  сүруге  тәрбиелейді.  Мектепке 
дейінгі  жастағы  балаларға  музыкалық  тәрбие  –  талғамдық,  эстетикалық  тәрбие 
беру  ісінің  негізгі  саласы  болып  табылады.  Эстетикалық  тәрбиелеу  мәселелерін 
мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  Құлжанова  Н.,  Меңжанова  К.,  Меңдаяқова 
Қ.М.,  Левченко  Т.А.,  Жұмабекова  Ф.Н.  және  т.б.  зерттеген.  Мектепке  дейінгі 
балалар  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  жалпы  өмірде  табысты  болып 
келетіндіктен,  білімді  тез  қабылдап,  мектепке  дейінгі  ұйымдағы  оқыту  мен 
тәрбиелеу  үдерісі  оларды  алғашқы  біліммен қаруландырып,  қоғам  талабына  сай 
тұлғаны  қалыптастырудағы  алғашқы  негіз  болады.  Сонымен  басты  мақсат  – 
біртіндеп  түрлі  музыкалық  іс-шараларды  меңгерту  арқылы  баланың  бойындағы 
түрлі табиғи талабын дамыту.   
Өнер  түрлерінің  әрқайсысы  адамға   әсер  етудің  спецификалық  құралдарына 
ие. Бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие музыка болып саналады. Ең 
бір  бай  әрі  әсерлі  эстетикалық  тәрбие  құралы,  оның  аса  үлкен  эмоциялық  әсері 
бар, адамның сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастыратын ол музыка 
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер музыкалық қабілеттерінің дамуы, музыка 
мәдениеті  негізінің  қалыптасуы  екенін  айтады  -  содықтан,  музыкалық  тәрбиені 
мектепке дейінгі жастан бастау керек. Балалық  шақта  музыкалық әсердің тақыр-
таза болуының кейін орнын толтыру өте киын [2].   
Музыка  табиғи ырғақты сөзбен пара-пар. Сондықтан сөйлеу үшін сөздік орта 
қажеттілігі  сияқты,  музыканы  жақсы  көруі  үшін  балада  түрлі  дәуірлер  мен 

Бектемісова А.Ө., Төлепова К.Қ. 
44 
стильдердегі  музыкалық  шығармаларды  қабылдай  білу  тәжірибесі  болуы  тиіс, 
оның  ырғағына  үйренуі,  яғни  көңіл  күйін  тани  білуі  тиіс.  Әлеуметтік  
оқшауланушылыққа  ұшырған баланың ақыл-ой дамуында кедергі болады, ол өзін 
тәрбиелегендердің тілі мен  дағдыларын меңгереді, солармен ғана қарым-қатынас 
жасайды. Және ол балалық   кезінде  қандай дыбыстық ақпаратты бойына сіңірсе, 
оның  болашақ  саналы  сөйлеу  және  музыкалық  ырғақтылығында  тірек  етер  
музыкалық  тілі  және  ақындық  та  осы  болады.  Сондықтан  да  жасынан   бесік 
жырын тындап өскен, ертегі тыңдап, ойын-күлкі арасында  өскен   бала көпшілік 
бақылауға қарағанда,  санамақ айтып, неғұрылым шығармашылықты, музыкалық 
дамыған болатындығы осыдан  кейін түсінікті болады.  Музыкалық  даму жалпы 
дамуға  ештеңемен  алмастыра  алмайтындай  әсерін  тигізеді:  адамның  эмоциялық 
аймағы  қалыптасады,  ойлауы  жетіледі,  өнердегі  және  өмірдегі  сұлулыққа 
сергектігі тәрбиеленеді.   
Музыка   мектепалды  баласының  өмірінде  педагог  әрекетінің   белсенді 
ұйымдастырушылығы  арқасында  қолданыс  табуы  тиіс.  Көбіне   музыкалық 
жетекші  мен  тәрбиешілер  балалардың  музыкалық   қабілеттерінің  дамуы 
жұмысының   түйісуіне  байланысты  болады.  Музыкалық   жетекші  тәрбиешілер 
мен  бірігіп  әрекеттестігінде   балалардың  музыкалық  дамуы  бойынша   жұмысты 
бірлескен   жоспарлау  олардың  ұғымдары  мен  әрекеттерінің   жалпы  мағынасын  
қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет.  
Балабақша   өмірінің   барлық  жағына  белсене  қатыса   жүріп,  музыка  
жетекшісі  ата-аналар  арасында  музыкалық  –  эстетикалық  білімді   белсене 
 
насихаттау тиіс.  Егер ата-аналар музыкалық тәрбиенің  маңыздылығын түсінетін 
болса,  олар   балаларын  отбасында,  музыка  үйірмелерінде,  балалармен  бірге 
концерттерге,  музыкалық  спектакілдерге  барады,  жан-  жақты   музыкалық 
әсерлермен байиды, олардың музыкалық тәжірибесі кеңейді.  
Музыкалық тәрбие бойынша жұмыс  істейтін  педагогтер жұмысының  басты 
жетістігі  барлығын  бірыңғай   шығармашылық  командаға   біріктірігіп,  жұмыс  
жасау білігін жүзеге асыру болып табылады.   
Мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балалардың  музыкаға  қызығушылығын 
арттыру үшін тәрбиеші өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка 
сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір музыкалық тәрбиенің міндеттерін 
жүзеге асыруды көздейді [3]. 
Мектеп  жасына  дейінгі  ересек  топ  балаларының  музыкаға  қызығушылығын 
дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін 
(эмоциясын)  ояту.  Өйткені  балалардың  сабақ  үстіндегі  іс-әрекетінде  эмоция 
өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол: 
а) музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау; 
ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру; 
б) тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу; 
в) балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру. 
Екінші міндет – белгілі бір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу. 
Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс: 
а)  музыканың  көркемдік  құралдарының  (екпін,  ырғақ,  әуен,  дыбыс  бояуы, 
дыбыс  биіктігі  т.б.)  музыкалық  шығарма  мазмұнын  жасаудағы  ерекшеліктерін 
түсіндіру; 
ә) әр - түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;  

Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру 
45 
б)  ырғақтық  қимылдар  жасау  (нота  биіктігін  көрсету,  ырғақты  колмен 
шапалақтап  көрсету,  ойнауға  жеңіл  қарапайым  ұлттық  аспаптарды  қолдану 
арқылы меңгертіледі). 
Үшінші  міндет  —  музыкалық  шығарманы  өз  шама  -  шарқынша  орындауға 
үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. 
Бұл: 
а) шығарманы тыңдай отырып оны талдай білу дағдысын қалыптастыру; 
ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету; 
б) домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту.  
Мектепке  дейінгі  балаларының  жас  ерекшелігі  -  олардың  дамуымен,  жаңа 
әлеуметтік  жағдайлардың,  құрдастарымен  жасайтын  арнайы  өзара  қарым–
қатынасының  пайда  болуымен,  «балалар  қоғамының»  құрылуымен,  басқа 
адамдарға  қатысты  өзіндік  ішкі  позициясы,  өз  «менін»  және  өз  қылықтарының 
маңызын  аңғарудың  арта  түсуімен,  үлкендердің  ішкі  дүниесіне,  олардың  іс– 
әрекеттері мен өзара қарым–қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады. 
Қазіргі  музыка  сабағы  –  мектепке  дейінгі  ұйымдағы  музыкалық  тәрбие 
жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  формасы,  музыка  сабағында  балалар 
педагогика ғылымының оған қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс-
әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық 
қимылдар,  балалар  аспабында  ойнау,  музыка  сауаты,  балалар  шығармашылығы 
т.б. 
Музыка  –  эстетикалық  тәрбие  беру  құралдарының  бірі  болып  саналады. 
Өнердің  басқа  түрлері  сияқты  ол  да  өмірдегі  әсемдікті,  табиғат  сұлулығын 
бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. 
Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп 
ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты –халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі 
ән-күйлерін  бойларына  сіңіре  білу,  олардың  эстетикалық  талғамын  жан-жақты 
байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр.  
Қазіргі  оқу  -  тәрбие  жұмысын  жан  -  жақты  дамыту  мақсатындағы  басты 
міндеттердің  бірі  бала  тәрбиесіне  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  ұрпақтан 
ұрпаққа  мұра  болып  келе  жатқан  әдет  -  ғұрпына,  ұлттық  дәстүріне  байланысты 
әдебиет пен мәдениетке, тұрмыс - салтына, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі 
бір  өнер  иесіне  арналған  әсерлі  әдеби  -  музыкалық  кештер  өткізу  де  бала 
санасында із қалдырады. Әдемілікке, жақсыға, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін 
қайталауға,  ұқсап  бағуға  талпындырады.  Әр  сазгердің  немесе  әншінің 
шығармашылығындағы,  репертуарындағы  әндерді,  шығармаларды  тереңірек 
талдау  арқылы  бала  тағы  да  музыканың  эмоциялық  әсерін,  бейнелеу  күшін 
түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді. 
Сол  сияқты  баламен  жеке  жұмыс  жасауда  әр  баланың  бойындағы  қабілетін 
тауып,  дамытуға  жол  ашады.  Ал,  музыканы  түсіне  шығарма  кейіпкерімен  бірге 
жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, 
ұлттық  қазынаны  бағалай  білетін,  саналы  да  білімді,  отансүйгіш,  тәрбиелі,  адал 
азамат болып өсері сөзсіз. 
Балабақшадағы  сәбилік  шағынан  тәрбиеленіп  келе  жатқан  балада  музыканы 
тыңдау,  оны  есте  сақтау,  түсіну,    ажырата  білу,  ән  салу,  би  билеу,  сазгерлерді, 
аспаптарды  тану  қабілеттері  бірте  -  бірте  қалыптасады.  Ал,  балабақшаға 
қамтылған  баланың  бойына  қысқа  мерзім  ішінде  аталған  білім  дағдыларын 
қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі.  

Бектемісова А.Ө., Төлепова К.Қ. 
46 
Музыка  өнері  жеке  тұлғаның  дамып,  қалыптасуында  аса  маңызды  роль 
атқарады.  Музыкалық  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  түрлері  ол  ән  сабағы, 
музыкалық  шулы  аспаптарда  ойнау,  баланың  жеке  музыкамен  шұғылдануы, 
баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны, мерекелік ертеңгіліктер [4].  
Сондықтан музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық 
сезгіштігін дамыту керек. Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету, музыкалық 
қабылдауын,  таныс  шығармаларды  әуенінен  тану  және  есте  сақтауын  дамыту, 
балалардың  музыкалық  танымын  кеңейту,  Сол  себепті,  музыканың  құдіретті 
күшін  бала  бойына  дарыту,  сіңіру  мақсатында  музыка,  сазды  әуен  баланың 
күнделікті  өмірінде  орын  алуы  қажет.  Музыкалық  оқу  іс  -  әрекетінің  музыка 
тыңдау  бөлімі  бойынша  ән,  күй,  халық  әуендерін,  басқа  ұлттық  шығармаларды 
қолдана  отырып,  музыканы  тыңдау,  қабылдау,  есте  сақтау,  ажырата  білумен 
қатар,  оның  мазмұнын,  көркемдік  қасиетін  түсіндіру  қажет.  Әнді  музыкамен, 
музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін 
дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс 
ұстап,  әдемі  қозғала  білуіне  ерекше  мән  беріледі.  Музыканы  басқа  пәндермен 
байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың 
көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі. Яғни, ән баламен 
ойын - сауықтарда, ертеңгіліктерде, ойындарда, билерде бірге жүреді. Бала ойнай 
жүріп,  әнге  деген  құштарлығы  арта  түседі.  Музыкалық  –  дидактикалық 
ойындарды  ойнау,  балалардың  музыкаға  қызығушылығын  арттырады  және 
музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.  
Музыкалық  оқу  іс  -  әрекеттерінде  музыкалық  -  дидактикалық  ойындарды 
жүйелі  түрде  пайдалану  –  музыканы  сипатына,  көңіл  -  күйіне,  динамикалық 
реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек 
жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні 
зор.  Бұл  баланың  өзіне  -  өзінің  сенімін  ұштап,  шығармашылығын  шыңдайды. 
Музыкалық  -  ырғақты  қимылдарды  орындауда,  би  билеуде  музыкалық 
аспаптарды  қолдану  музыканың  ырғағын,  динамикалық  үнін,  екпінін  ажыратуға 
үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды. 
Мерекелік  ертеңгіліктердің,  ойын  -  сауықтардың,  сахналық  қойылымдардың 
кезінде  бала  образдық  бейнелерді  дәл  бере  білуге,  сахна  мәдениетіне 
жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.  
Сонымен  музыка  –  адамның  жан  дүниесін  тебіренте  отырып,  оның  өмірге 
деген көзқарасын, әдет, мінез – құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптатсыруға 
тәрбиелейді. 
«Дені  саудың  –  жаны  сау»  дегендей,  тәні  де,  жаны  да  сау,  рухани  бай 
эстетикалық  жағынан  сезімтал  азаматты  тәрбиеленіп  өсіру  –  ата-ана  парызы, 
қоғамдық  мекемелердің  міндеті.  Осы  міндетті  іске  асыру  балабақша  мен 
мектепалды  даярлық  тобынан  басталмақ.  Музыка  ең  бір  бай  әрі  әсерлі 
эстетикалық  тәрбие  құрылы,  оның  аса  үлкен  эмоциялық  әсері  бар,  адамның 
сезімін тәрбиелейді, талғамын қалыптастырады. 
 
 
 
Әдебиет:  
1.
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7 
желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген. www. Government.kz. 

Мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу 
47 
2.
 
Э.Б. Абдулин, Е.В. Николаева Музыкалық білім берудің теориясы мен тәжірибесі  -  М., 
2004.- 
245 б. 
3.
 
Р.К. Дүйсембинова Музыкалық білім беру педагогикасы.
 
Талдықорған, - 2006. – 213 б.. 
4.
 
Г.А.  Праслова  Мектепке  дейінгі  балаларға  музыкалық  білім  берудің  теориясы  мен 
әдістемесі. Детство-пресс, 2005. – 129 б. 
 
 
 
УДК 372. 3 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Бектемісова А.Ө. 
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 
 
 
 
Қазақстан  Республикасында  «Білім  туралы»  Заңның  қабылдануы  ұрпақ 
тәрбиесі  жөнінде  жаңаша  ойлауды,  үзіліссіз  тәрбие  негізі  саналатын  мектепке 
дейінгі  ұйымдардағы  баланы  тәрбиелеу  мен  қарапайым  білім  түрі  меңгертудің 
мазмұнын жаңартуды міндеттейді. Себебі бойында ұлттық сезім, ұлттық болмыс 
нышандары  орныққан,  өз  Отанының,  туған  жерінің  табиғатын,  оның  байлығын 
жаңашырлықпен  қорғап,  аялай  білетін  жастарды  тәрбиелеу  –  балабақшадағы 
үзіліссіз  тәрбилеумен,  оқытумен  жүзеге  асырылатын  ұзақ процесс.  Осыған  орай 
Республикамызда  мектепке  дейінгі  ұйымдарында  жүргізіліп  келе  жатқан 
экологиялық  тәрбие  жұмысының  мазмұны  уақыт  талабына  сай  жаңаша  сипат 
алуда [1]. 
Ел  Президенті  «Қазақстан  –  2030»  бағдарламасында  табиғат  жағдайының 
қиын  кезеңде  тұрғанын  нақты  атап  өтіп:  «...экологиялық  нашар  ахуал  бүгінде 
адам  өлімінің  жиырма  пайызына  себеп  болып  отыр.  Қоршаған  ортаны 
ластаушыларға  берік  тосқауыл  қойылу  қажет»,  –  деген  болатын.  Бұл  мәселенің 
тиімді  шешілуі  мектепте  мектепке  дейінгі  балаларға  экологиялық  білім  мен 
тәрбие  беру  арқылы  олардың  экологиялық  тәрбиеін  қалыптастыру  барысында 
мүмкін болатыны анық [2].  
Мектепке  дейінгі  тәрбие  саласында,  болашақ  ұрпақтың  денсаулығы  мен 
өмірін сақтау туралы қағидаларға тоқталғанда, табиғат заңдылықтарын күнделікті 
тіршілік  әрекеттеріндегі  қарапайым  ұғымдар  арқылы  түсіндіріп,  жеткізу 
ұсынылады. Ал табиғат қорғау Заңына сәйкес еліміздің «Білім туралы» Заңында: 
«Бала  тәрбиесіндегі  басты  міндет  –  жаратылыстану  және  техникалық  пәндер 
мазмұнын  экологиялық  және  әлеуметтік  маңызы  бар  фактілермен  толықтыру 
арқылы  жас  ұрпаққа  экологиялық  тәрбие  беру  процесін  жетілдіріп,    жүзеге 
асыру» - деп көрсетілген болатын. 
Жеткіншек  ұрпақтың  қоршаған  ортаға  қамқорлық  сезімін  оятып,  табиғатты 
экологиялық  апаттан  сақтауға  тәрбиелеуге,  экологиялық  мәдениетін  көтеруге 
бағытталған мынадай негізгі ұстанымдарды басшылыққа алу ұсынылады:  
а) мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу - тәрбие ісінің мазмұнында балаларды 
табиғаттың  құпия  сырларымен  таныстыру  және  оны  қорғау  жұмыстарының 
тұрақты жүргізілуі; 

Бектемісова А.Ө. 
48 
ә) табиғат қорғауға байланысты ұлттық тәрбие үрдістерін басшылыққа алып 
отыру; 
б)  экологиялық  тәрбие  жұмыстарына  арналған  әдістемелік  нұсқаулар, 
көмекші құралдар, қызықты суретті кітапшалар дайындау. 
Еңбектенген  баладан,  еңкейген  қартқа  дейінгі  барлық  адамзат  табиғатта 
аялап, құрметтеп, қамқорлық жасап өмір сүруді адамшылық міндетім деп түсіну 
үшін барша жұрттың экологиялық білімі болуы тиіс. Сонда ғана табиғатты аялап, 
қамқорлық жасап, қорғау арқылы табиғат байлықтарын дұрыс пайдалана алады.  
Мұндай аса маңызды міндет экологиялық тәрбие мен білім беру ісін мектепке 
дейінгі  тәрбие  ұйымдарында  жүйелі  түрде  2-7  жас  аралығындағы  сәбилерге 
саналы жүргізілгенде ғана жүзеге асады. Балабақшадағы экологиялық сабақтарда 
айналаны  қоршаған  табиғат  жайныдағы  ұғымды  қабылдап,  танысу,  серуенге 
шыққанда  табиғаттың  құбылысын  бақылап  зерттеп  білу,  табиғи  байлықтарды 
қалай  пайдалану  жолдары  үйретіледі.  Айталық,  айналамен  таныстыруда  табиғат 
деген  не  деген  басты  сұраққа  айналаға  қарағанда  бірден  көрінетін  аспан,  күн, 
бұлт, жер, өсімдік, жануарларды танып, осының бәрі табиғат деп біледі. 
Ал адамның қолымен  жасалған нәрселерді табиғат деп тануға болмайтынын 
ескеткен жөн. Табиғаттың өзін өлі және тірі табиғат деп екіге бөлеміз. күн, аспан, 
бұлт, жер, тас, су, жаңбыр, қар - өлі табиғат, ал жануарлар, өсімдіктер, адамдар 
тірі табиғат.  
Балалар екі жастан бастап жеті жасқа дейінгі аралықта жас ерекшелігіне орай 
табиғат  жайындағы  ұғымдармен  әжептеуір  танысады,  бірақ  табиғаттың  тылсым 
құбылыстарын  түгел  білу  қиын,  адам  табиғат  тамашаларын  өмір  бойы  үйренеді 
десе де болады. Балабақшадағы сәбилерді жан-жақты дамыту үшін, өлі және тірі 
табиғаттың  әсерін,  жыл  мезгілдеріне  орай  қалай  құбылатынын,  табиғаттағы 
өзгерістердің  адам  еңбегіне  нендей  әсер  ететінін,  жыл  бойындағы  маусымдарда 
табиғатты  қалай қорғаудың  жолдарын  үйрету  белгіленген.  Бала  өзін  табиғаттың 
бір бөлігі екенін, табиғатсыз өмір жоқ екенін түсініп, оған ұқыптылықпен қарауға, 
табиғатты  қорғауға  қатысуы  тиіс.  Балаға  алдымен  табиғат  пайда  болғанын, 
табиғатты  терең  түсінбеген  баланың  тілі  де  кеш  шығатынын,  жан-жақты 
дамығанымен кейбір кемшілігі көрініп тұратынын сезіндіру артық емес. 
 
Табиғат аясында болғанда балалардың бойында адами тұлғаның баға жетпес 
қасиеті  қалыптасады,  ол  –  байқау,  қадағалау.  Сол  себепті,  біз  баланың  бойында 
біліктілік,  танымдық  қасиеттерін  тиісті  мерзімде  қамтамасыз  етуіміз  өте  қажет 
деп  есептейміз.  Жеңілден  ауырға  қарай  іс–әрекеттерінің  мәселелерін  аңғартып, 
кез–келген  құбылыстардың  барлық  қиындықтары  мен  көпқырлылығын 
көрсетуіміз керек. 
Экологиялық  сана  мен  экологиялық  мәдениетті  мектеп  жасынан 
қалыптастырып, кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен 
оқушыларды  міндетті  түрде  таныстыра  отырып,  экологиялық  білім  негіздерін 
ұғындыру  кезінде  жеке  тұлғаның  шығармашылық  ойлау  қабілетінің  дамуын 
қарастыру  қажет.  Экологиялық  біліктілікті  терендетуге  жаңа  саналық  деңгейде 
экологиялық  тапсырмалар,  шығармашылық  жұмыстар  жүргізу,  окушылардың  өз 
бетімен ізденіп, жұмыстарына талдау жасауына өз септігін тигізеді.  
4–
5  жастағы  балалар  бойында  өсімдіктердің,  жануарлардың  көп  түрлілігі 
туралы,  сонымен  қатар  табиғат  маусымдары,  өзгерістерді  рет–ретімен  ауысып 
келіп  отыратынын  айтып,  ұғындырылады.  Жыл  мезгілдерінің  бір–бірінен 
айырмашылығы барын көріп білуге үйрету. 

Мектепке дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу 
49 
Жан–жануарлар туралы көз–қарастарын қалыптастыру: танып білуге үйрету, 
дене  мүшелерін,  түр–түсін,  қозғалысын,  дыбыстауын,  немен  қоректенетінін, 
келтіретін  пайдасын  айтып  түсіндіру.  Еңбек  дағдысын  қалыптастыру,  еңбектің 
мәнін түсіндіру, еңбектің нәтижесі туралы талдаулар жасау, өз беттерінше бөлме 
ішін тазалау және табиғат бұрышының жәндіктерін күтуге үйрету [6]. 
Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау 
қызықтау,  серуен.  Тәрбиешінің  табиғи  нысандары  мен  табиғат  құбылыстарын 
бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі 
болып  есептеледі.  Қызықтау  кезінде  балаларды  таза  ауада,  көз  тартар  әдемі 
гүлдер  мен  ағаштар  арасында  болуы  көтеріңкі  көңіл-күй  мен  қатар,  табиғат 
сұлулығын  сезіне  білуіне  әсер  етеді.  Ал  серуен  кезінде,  тәрбиеші  балаларды 
табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю, қураған жапырақтарды бірге жинау, 
ағаш  түптерінтазалау  т.б.  сияқты  қарапайым  еңбек  түрлеріне  қатыстырады. 
Мұндай  еңбек  түрлерін  орындау,  балалардың  еңбекке  деген  жауапкершілік 
сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. 
Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып 
табылатын  адамгершілік,  эстетикалық  еңбек,  имандылық  тәрбиелерімен  
сабақтастыра  жүргізу  басшылыққа  алынады.  Бағдарлама  мазмұнында 
көрсетілгендей  өлі  және  тірі  табиғатпен  одан  әрі  таныстырып,  табиғат 
құбылыстары жайындағы бастапқы жалпылама ұғымдарды нақты түрде меңгерту 
ұсынылады.  Жыл  мезгілінің  ерекшелігіне  орай  күзгі  табиғат  құбылысы 
(жаңбырдыңжаууы,  адамдардың  пайдалы  іс-әрекеті,  ауладағы  жапырақтарды 
жинау,  жылы  жаққа  ұшатын  құстарды  бақылау  т.б.).  Қыстап  қалған  құстарға 
қамқорлық,  табиғат  бұрышындағы  өсімдіктер  мен  құстарды  күту,  балыққа  жем 
беру.  Ерте  көктемде  ұшып  келетін  құстарға  үлкендер  көмегімен  дайындаған 
ұяларға  жем  шашу,  ауладағы  гүл,  көкөніс  өсімдіктерін  өсіруге  жәрдем  беру. 
Бүршік  жарған  ағаш  бұтақтарын  (бұтақ,  бүршік,  өсімдік  т.б.)  мағынасына  сай 
түсіндіру. 
Күнделікті  отбасында  қолданылатын  «сүтті  жерге  төкпе»,  «тұзды,  нанды 
аяққа баспа», «бұтақты сындырма», «гүлді үзбе» және басқа тыйым сөздер жаман 
әдет,  жағымсыз  іс–әрекеттен  бойды  аулақ  ұстауға  тәрбиелесе,  суға  байланысты 
айтылатын «ағын суды тоқтатпа», «құдыққа қоқыс тастама», «су ішкен құдығыңа 
түкірме»  сияқты  тыйым  сөздер  судың  тазалығын  сақтаудың  адам  өмірі  үшін 
қаншалықты  қажет  екендігін  аңғартады.  «Өрмекшіні  өлтірме»,  «аққуды  атпа», 
«балалы үйрекке оқ атпа» және басқалары жануарлар дүниесін қорғауға, олардың 
адам  баласы  үшін  ерекше  маңыздылығын  білдіріп,  баланы  адамгершілікке, 
сұлулықты сақтай білуге, мейірімділікке үйретеді. 
Табиғатты  аялай  білуге,  қызығушылық  пен  қабылдауға  үйрету  материалдың 
қарапайымнан  күрделіге,  жеңілден  ауырға,  жалпыдан  жекеге  қарай  ауысатынын 
ескерту,  эстетикалық  талғамын  жетілдіру  және  басқалар  бастауыш  сыныпта 
оқытудың  дидактикалық  принциптері  негізіне  алынды.  Жас  балаларға  өзінің 
туған  жері  мен  оның  табиғатына  деген  көзқарастары  туралы  терең  мазмұнды 
түсінік беріп, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасын қалыптастыру мақсатында 
экологиялық тәрбие беру жұмыстарының мазмұнына қазақ фольклоры жанрларын 
енгіздік.  Өйткені,  өз  тағдырын  табиғатпен  тамырластыра  білген  халық  қана 
табиғатқа  және  оның  жекелеген  байлықтарына  үнемі  мейірімділікпен, 
жанашырлықпен  қарауға  ұмтылады.  Қазақ  халқының  ұлан  байтақ  кең  далада 
көшіп–қонып,  әрбір  аймақтың  табиғат  жағдайларына  қарай  бейімделіп, 

Бектемісова А.Ө. 
50 
шаруашылық  салаларын  жүргізе   білуінің  өзі  байсалды  байқампаздықты,  терең 
біліктілікті аңғартады, әрі табиғатқа деген аялы алақан, жүрек жылылығын арнап, 
аса  зор  қамқорлық  көрсете  білгендігін  байқаймыз.  Халқымыздың  мағыналы  да 
мазмұнды  ұғымдары  ерте  кезден–ақ  табиғатқа  қамқорлықпен  қарап,  табиғат 
байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағытталған. 
Халықтық  тәрбие  хатқа  түскен  ереже  күйінде  емес,  тәжірибелік  негізінде 
жұрттың  этникалық  мінезінде  қалыптасады.  Болашақ  ұрпақты  табиғат  сырын 
ұғып–түсініп,  онымен  жақын  қарым–қатынаста  болуға  тәрбиелеуге  ерекше  мән 
берген  ата–бабаларымыз  өмірдің  өзінен  қалыптасқан  кейбір  салт–дәстүрлерді 
елеп–екшеп, жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендіріп отырған. Мәселен, 
күнделікті  тұрмыс–тіршілікте  «обал  –  сауап»,  «ынсап  –  қанағат»  қағидаларын 
берік  ұстаған  олар  табиғаттың  ешқандай  жанды–жансыз  туындыларына  қиянат 
жасамаған.  Табиғатпен  үйлесімді  қарым–қатынас  жасаудағы  дәстүрдің  озық 
үлгілерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Халық даналығынан туған «Орман 
– 
жер сәулеті, ел дәулеті»,  «Күте білсең, жер жомарт» сияқты аталы сөздер бала 
құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балаға      экологиялық    тәрбиенің    алғашқы 
түсініктерін  қалыптастыру  үшін:  балаларға  экологиялық  тәрбие  берудің  алғы 
шарттарын  құру;  балалардың  экологиялық  сауығуының     дамуы     үшін   
атқарылатын  жұмыстарға  көгалдандырылған  аймақтар  құру  және  ұйымдастыру; 
тірі объектілерді күтіп–баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс–шаралар 
ұйымдастыру; көркем    құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды,  
ойындарды,    ойыншықтарды,  түрлі  ертегілер  кейіпкерлерін  жүйелі  түрде 
қолдану; тәрбиешілердің білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру қажет. 
Қорыта  келгенде,  мектепке  дейінгі  мекемелерде  балаларға  экологиялық 
тәрбие  берудің  маңызы  зор.  Өйткені,  табиғаттың  таңғажайып  құбылыстарымен 
таныстыру, олардың мән–мағынасын ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан–
жақты  тәрбиелеу–  нақтырақ  айтқанда  баланың  қабылдауын,  зейінін,  ойын,  тілін 
дамытудың басты құралы. 
 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал