Ғылыми педагогикалық журнал



жүктеу 5.31 Kb.

бет12/31
Дата22.04.2017
өлшемі5.31 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

Инновационная  же  деятельность -  это  деятельность  по  освоению  и 
внедрению  результатов  научных  и  научно-педагогических  исследований  в 
образовательном процессе образовательного учреждения. 
Важнейшим  условием  успешности  инноваций  является  наличие  в  детском 
саду инновационной среды – определённой системы морально-психологических 
отношений,  подкреплённой  «комплексом  мер  организационного,  методического, 
психологического  характера,  обеспечивающих  введение  инноваций  в 
образовательный процесс школы». 
К  признакам  инновационной  среды  относятся: способность  педагогов  к 
творчеству, наличие в коллективе партнёрских и дружеских отношений, хорошая 
обратная  связь  (с  учащимися,  семьями,  социумом),  а  также  интегративные 
характеристики высокоразвитого коллектива (общность ценностных ориентации, 
интересов, целевых установок и т. п.). 
Вместе  с  тем  качественный  анализ  показывает,  что  часто  инновационные 
процессы  разрозненны,  малоуправляемы,  плохо  продуманы  и  не  подготовлены. 
Учреждения  образования,  вследствие  приказа  сверху  или  моды,  берутся  за 
разработку и внедрение разнообразных новшеств, органично никак не связанных 
с  жизнедеятельностью  конкретного  образовательного  учреждения.  В  итоге 
получается  либо  традиционный  "план  мероприятий",  либо  сложное 
"произведение  искусства",  созданное  руководителем,  непонятное,  чуждое  для 
коллектива  и,  как  следствие  этого,  отторгаемое  им.  В  итоге  массовость 
заявленных  инновационных  проектов  никак  не  подтверждается  количеством 
успешно освоивших то или иное новшество. 
Одной  из  основных  причин  такого  несоответствия  является  отсутствие 
системы  управления  инновационными  процессами  в  конкретном  учреждении 
образования.  На  практике  это  выражается  в  том,  что,  осваивая  те  или  иные 
новшества,  образовательные  учреждения  решают  какие  угодно  и  чьи  угодно 
проблемы,  только  не  собственные.  Т.е.  нововведения  не  являются  средством 
решения  проблем  конкретного  учреждения  образования  и,  как  следствие, 
средством  его  развития.  Мало  того,  эти  проблемы  не  всегда  толково  и  понятно 
могут  быть  сформулированы  руководителями  этих  учреждений.  И  в  результате 
сами  педагоги  игнорируют  проблемы,  над  которыми  должно  бы  работать 
образовательное учреждение. 
Поэтому  в  формирующемся  "инновационном  поле"  образовательного 
учреждения  необходимо  различать  нововведения,  которые  затрагивают 
непосредственно  сам  педагогический  (базовый  для  всех  образовательных 
учреждений)  процесс,  и  нововведения,  позволяющие  эффективно  управлять 
инновационными процессами. 
Несомненно,  что  инновационная  деятельность  конкретного  педагога  или 
группы педагогов - дело хорошее и нужное. Но наивно полагать, что, реализуя те 
или  иные  новшества  на  своем  учительском  уровне,  можно  добиться  решения 
 

Дидактикалық  ойындардың  тәрбиелік мәні 
87 
проблем  всего  образовательного  учреждения.  Скорее  всего,  в  этом  плане 
решаются другие, сугубо личные или групповые проблемы. 
Таким  образом, все  инновации  должны  решать  проблемы  конкретного 
образовательного  учреждения,  т.е.  быть  средством,  а  не  самоцелью.  В  этом 
плане  инновационный  процесс  становится  управляемым  и  ключевая  роль  в  нем 
принадлежит руководителям образовательных учреждений. 
 
 
 
Литература: 
1.
 
Молдавская Н.Д. Личностный подход в дошкольном образовании. 
2.
 
Пименова Л.В. Об образовании. 
 
 
 
УДК 323.2  
 
ДИДАКТИКАЛЫҚ  ОЙЫНДАРДЫҢ  ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Егізбаева А.Қ., Нұрпейісова Г.Қ. 
(«Балдырған» бөбекжай – бақшасы» МКҚК, Петропавл қ.) 
 
 
 
Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі 
баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  тәрбиелейтін  негізгі  іс  -  әрекет  –  ойын.Ойын 
арқылы  бала  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық  құбылыстармен, 
адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады. 
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада 
не  қоршап  тұрғанын  ұғынады.  Біртіндеп  өмірден  алған  тәжірибесі  көбейеді. 
Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға 
өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға 
әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. 
Ойын - баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше. 
Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы  Абай  Құнанбаев:  «Ойын  ойнап,  ән  салмай,  өсер 
бала  бола  ма?»,  -  деп  айтқандай,  баланың  өмірінде  ойын  ерекше  орын  алады. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  зейіні  тұрақсыз  болады.  Оларды  біркелкі 
жұмыс  тез  жалықтырады.  Сондықтан  олардың  зейінін  үнемі  қажетті  бағытқа 
аудару  үшін  оқу  іс  -  әрекетін  ойын  түрінде  жүргізу  қажет.  Өйткені 
ұйымдастырылған  оқу  іс  -  әрекетінде  алған  білімді  ойынмен  тиянақтау  білімнің 
беріктігіне  негіз  қалайды.  Ойын  барысында  баланың  жеке  басының  қасиеттері 
қалыптасады.  Баланың  қуанышы  мен  реніші  ойында  айқын  көрінеді.  Ойын 
кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық 
әсері  ұшқын  -далады,  белсенділігі  артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды, 
мұның  бәрі  баланың  шығармашылық  қабілеті  мен  дарынын  ұштайды.  Мектеп 
жасына  дейінгі  балалар  көргендерін,  байқағандарын,  айналасынан  естігендерін 
ойын  кезінде  қолданатын  байқауға  болады.  Ойын  айналадағы  болмысты 
бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін 
 

Егізбаева А.Қ., Нұрпейісова Г.Қ. 
88 
жұмсап,  сезімін  білдіруге  мүмкіндік  алады,  адамдармен  араласуға  үйренеді.  
Сондықтан  да  ойшыл  ұлы  адамдар  балаларды  ойын  арқылы  оқыту  керек  деген 
ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді 
қызықтырды.  Грузин  педагогы    Ш.А.Амонашвили  ойын  арқылы  балаларға  өте 
қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын 
ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына 
пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті 
– 
баланың  көздерінде  білімге  деген  құштарлықты  байқады.    Ойын  арқылы 
балалардың  логикалық  ойлауы,  математикалық  қабілеттері  дамиды.  Педагог 
ойындарды  өз  шығармашылығымен  түрлендіре  отырып,  балалардың 
психофизиологиялық  ерекшеліктерін  ескеріп,  жаңа  тақырыпты  өткенде,  өтілген 
материалды  қайталағанда,  білімді  тиянақтау  кезінде  іс-әрекеттің  мазмұнына  сай 
пайдаланады.  Сондықтан,  бұндай  ойындар  ойнау  балалардың  ойлау,  қабылдау, 
еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу 
үшін өте қажет.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мекемелерінде  балалармен  өткізілетін 
математиканың  алғашқы  ұғымдарын  қалыптастыру  іс  -  әрекетте  ойынның 
мынадай түрлерін пайдалануға болады:  
1) дидактикалық ойындар - логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін 
дамыту. 
2)  санға  байланысты  санамақ,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар  -  балалардың 
сандарды  танып  білуін,  тілдерін  жаттықтыру,  есте  сақтауын,  ойлау  қабілеттерін 
дамыту. 
3)  математикалық  сергіту  сәттері–кеңістікті  бағдарлау,  қимыл  қозғалысты 
дамыту. 
Дидактикалық  ойындар  мазмұны,  ойынды  ұйымдастырудың  әдіс–тәсілдері 
балалардың  зейінін,  есте  сақтауын,  байқағыштығын,  көзбен  мөлшерлеуін, 
тапқырлығын  дамытуға,  математикалық  білімдерін,  икемділіктері  мен 
дағдыларын, заттардың түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, 
ажыратуға,  кеңістік  пен  уақытты  бағдарлауға  үйретеді.  Балалардың  логикалық 
ойлау,  қабылдау,  есте  сақтау  қабілеттерін,  зейінін,  қолдың  ұсақ  моторикасын 
дамытуға арналған. 
Дидактикалық  ойындарды  тиімді  пайдалану  оқу  іс  -  әрекетінің  іскерлігін, 
тартымдылығын,  белсенділігін,  баланың  ынтасын  күшейтеді.  Ойын  ережесі 
балалардың  түсінуіне  оңай,  қарапайым,  әрі  қысқа  болу  керек.  Кейде  олардың 
мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, 
зейін  қойып  тыңдамайды.  Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық 
тапсырмаларды өз беттерімен орындау үшін педагог көркем әдебиет оқып беру, 
алдын – ала жұмыс жүргізу керек. Дидактикалық ойындардың түрлері: 
1.
 
Заттық  дидактикалық  ойындар  –  дидактикалық  ойыншықтармен  және 
түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 
2.
 
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар. 
3.
 
Сөздік дидактикалық ойындар. 
Дидактикалық ойындардың тиімділігі – оқу іс - әрекетінің әр кезіндегі орны 
мен  міндетін,  мақсатын  дәл  анықтауға,  оны  қолданудың  теориясы  мен 
практикасын тәрбиеленіп жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті 
материалдарды  алдын  –  ала  дайындап  алуға,  балаларды  белсенді  қатыстыруға 
 

Дидактикалық  ойындардың  тәрбиелік мәні 
89 
байланысты. Ойындарды өткен оқу іс - әрекетін қайталау, естеріне түсіру кезінде 
қолданған пайдалы. 
Ойын  түрлерін  оқу  іс  -  әрекетінің  мазмұнына  қарай  белгілі  бір  мақсатта 
таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін 
оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, 
оны  жүргізудің  тиімді  тәсілдерін  ойластыру  қажет.  Барлық    оқу  іс  -  әрекетінде 
дидактикалық  ойындар  қолданылады,  оны  оқу  іс  -  әрекетінің  ортасында 
қолданған  ыңғайлы.  Мысалы,  қазақ  тілі  сабағында  дидактикалық  ойындар 
балаларды  мұғалімнің  айтқанын  дұрыс  ұғып,  оны  тыңдай  білуге,  дыбыстарды 
ажыратып,  ойда  сақтап,  сөз  құрастыруға,  оның  ой  -  өрісін  дамытуға  үйретеді.  
Қазір  «Балапан»  бағдарламасына  байланысты  кешенді  оқу  іс  -  әректіне  бірнеше 
оқу іс - әрекетін қосып байланыстырып өткізу әдіс – тәсілдерін қолдануға болады. 
Мысалы, қазақ тілі сабағында сөзде неше дыбыс, неше әріп, неше дауысты дыбыс 
бар екенін балалар санайды, текшемен белгілейді немесе суретін салады. 
Дидактикалық  ойын  кіші  тобынан  басталады.Мұнда  жоғары  топтарға 
қарағанда  жеңіл  түрлері  беріледі.  Мысалы,  бала  ойнап  отырған  машинаның 
дөңгелегі нешеу, түсі қандай, текшелерді түсіне қарай топтастыр, кәне, «сен, көк 
текшелерді  әкелші»,  «үстелге  апарып  қойшы»  т.б.  Бұл  жерде  балалар  кеңістікті 
бағдарлауды үйренеді. 
Баланың  тілін  дамытуда  ауызекі  сөйлеу,  тілдің  дыбысталу  мәдениетіне 
тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін оқу іс - әрекеті 
кезінде  және  бос  уақытта  ойналатын  дидактикалық  ойындардың  маңызы  зор. 
Дидактикалық  ойындар  баланың  ақыл  –  ойын  дамытуға,  ойлауын,  қабылдауын, 
есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге өзін - өзі бақылауға үйретеді. Ойын 
мақсатында  сай  ойын  шартын  орындап,  ондағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға 
жауап  беруге  дағдыланады.  Ойын  шартын,  ережесін  қатаң  сақтау  арқылы  онда 
жолдастарын  тыңдай  білу,  олардың  қатесін  түзетуге  көмектесу,  ойын  шартын 
түсіндіріп  ойынды  жалғастыру,  жаңа  ойын  ережесін  ойлап  табу,  белсенділік 
көрсетуге  ынталандырылады.    Оқу  іс  -  әрекетін  бекіту,  меңгерген  материал 
туралы  түсінігін  кеңейту,  баланың  шығармашылығын  дамыту,  тіл  байлығын 
молайту үшін ойындар оқу іс - әрекетінің тақырыбына, мақсатына сай таңдалып 
алынады.  Дидактикалық  ойындардың  тапсырмалары:  сөйлеудің  екі  түрі 
монологтық және диалогтық сөйлесуге арналған. Мысалы, «Телефон» ойынында 
диалогтық  сөйлеудегі  әңгіменің  мақсаты  –  бір  нәрсе  жайында  сұралып,  баланы 
оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. 
Антоним  сөздермен  таныстырғанда  жануарларды  зообаққа  әкеліп,  оларды 
жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне 
қарап,  «үлкен,  кіші»  деп  бөліп,  оларды  соған  сәйкес  үлкен  немесе  кіші  торға 
орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың 
ой - өрісін кеңейту үшін өте пайдалы.  
Жалпы  және  жеке  ұғым  туралы  түсініктерін  тереңдету  үшін  «Жалпы  қалай 
аталады?»,  «Жалпы атауын бер»,  «Жеке – жеке атын ата» сияқты дидактикалық 
ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тәрелке, шанышқы – «ыдыс - 
аяқ»; алма, алмұрт, шие, өрік – «жеміс»; көйлек, қамзол, тақия, бешпент – «киім»; 
т.б немесе керісінше «үй жиһаздары» - диван, төсек, үстел, орындық, теледидар; 
«отбасы мүшелері» - әке, шеше, ата, әже, аға, іні, қарындас. 
Баланың  шығармашылығын  дамытуға  драматизациялық  ойындар  «Қоянның 
көңіл  -  күйі»,  «Біздің  көңіл  -  күйіміз»  т.б  ым,  мимиканы  әртүрлі  эмоцияны 
 

Егізбаева А.Қ., Нұрпейісова Г.Қ. 
90 
білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Мысалы: Қоян қорқып 
тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны 
дауыс ырғағымен: қуану, ренжу, жылау, т.б салуға, сол арқылы адамның көңіл - 
күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.  
Ойын  педагогқа  балалар  ұжымын  қалыптастырып,  үндемейтін  тұйық 
балаларды белсендіруде үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір 
сүрудің  белсенді  формасы,  сол  арқылы  ересектерге  еліктейді,  олардың  іс- 
әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік 
нормаларын  игереді.  Зейін,  ес,  қиял  сияқты  психологиялық  процестер 
қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды.  
Ойынның  міндеті  баланың  қызығушылығын  туғызып,  белсенділігін 
арттыратындай  іріктеліп  алынған  нақты  мазмұнымен  анықталады.  Педагог 
ойындардың  сабақ  кезінде  қолдануға  ыңғайлы,  ықшам,  өткізілуі  жағынан 
қарапайым  түрлерін  таңдап  алғаны  жөн.  Таңдап  алынған  ойындар  шәкірттердің 
сана - сезіміне, сөз байлығына, тілдік қорына сайболуы керек.  
Қандай  да  болмасын  ойынды  өткізу  үшін  педагог  алдын  ала  жоспар  құрып 
алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға 
жауап беруі қажет:  

Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;  

Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;  

Ойынның  ойналу  түрінің  топ  болып  ойнау,  кішірек  топ  болып  ойнау  т.б. 
нақтылануы қажет;  

Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;  

Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің 
таңдалынып алынуы;  

Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.  
Қазіргі Қазақстан  мектепке дейінгі тәрбиесінде жаңа өзгерістер әлемдік білім 
беру  тәжірибелерін  пайдалана  отырып,  баланың  жеке  -  дара  күшінің  дамуын 
қамтамасыз  ететін  жаңа  технологияларды  іздестіру  және  оларды  қолдануға 
бағытталған.  
Оның өзі оқу іс - әрекетін  әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет 
етеді. Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін 
іздестіруге  құрылады.  Ойынның  ұйымдастырылу  түрлері:  іскерлік  ойындар, 
рөлдік  және  оқиғалық  ойындар,  саяхаттық  және  білімдік  ойындар. Қорыта 
келгенде, ойын -  балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға 
байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл -  өмірдің заңдылығы. 
 
 
 
Әдебиет: 
1.
 
Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейнгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, 
Алматы, Мектеп, 1976 жыл. 
2.
 
Ф.Н Жұмабекова, А.Д Жұматаева. Мектепке дейінгі педагогика, Астана, 2007 жыл. 
3.
 
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы, 1985 жыл. 
4.
 
Журнал «Балабақша», 2009 ж, № 3; «Қазақ тілі: әдістеме» 2009 ж, №5; 2010 ж 11- 12 
 
 
 
 
 

Балабакшадағы мектепке дейінгі балалардың денсаулығы мен адамгершілік рухани 
сапалы тәрбиесі 
91 
 
 
 
УДК 372 
 
БАЛАБАКШАДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ 
ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН АДАМГЕРШІЛІК РУХАНИ САПАЛЫ ТӘРБИЕСІ 
 
Есенжолова Т.Е. 
(«Еркетай» бала-бөбек бақшасы, Ақжар ауданы, СҚО) 
 
 
 
Еліміздің  жас  ұрпақ  тәрбиесі  –  адамзаттың  мәңгілік  тақырыбы.  Еліміздің, 
ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың адам 
болып қалыптасуы  көптеген  уақыт пен тер төгетін, үлкен еңбекті қажет ететін, 
жауапкершілігі  мол  жұмыс.Ұлы  Абай  атамыз  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті 
болмайды:  естіп,  көріп,  ұстап,  татып  ескерсе  дүниедегі  жақсы  -  жаманды 
танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,- деген, 
ал    Жан  Жак  Руссо  француз  педагогы  «Бала  туғанда  ақ  қағаздай  болып  туады, 
оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол 
сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»,- деген екен [4] .  
Даму  барысында  баланың  биологиялық  индивид  ретінде  адамға,  жеке  адам 
ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы мен 
оның  жеке  басының  қалыптасуы  бір  тұтас  процесс.  12  жылдық  білім  берудің 
қажеттілігі,  бес  жасар  балаларды  мектепалды  даярлықтан  өткізу  мәселелерімен 
бірге,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  және  балабақшаларда  білім  беру 
бағдармалардың  сапасын  арттырып,  тәрбие  жұмысын  жетілдіруді  көздейді. 
Балабақшада  балаларды  мектепке  дайындауда  психологиялық  тұрғыдан, 
батылдық,  имандылық  тәрбиелерін  бала  бойына  сіңіріп,  оларды  жеке  тұлға 
ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.  
Балаға  мектепке  дейінгі  білім  беру  барысында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  төрт 
міндеті қарастырылады. Бірінші, әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-
қатынасы  және  өз  құрбы-құрдастар  мен  баланың  ой-өрісінің  қалыптасу 
мүмкіндіктері  көзделеді,  өз  Отанына,  отбасына  халқының  салт-дәстүріне  көңіл 
бөлу  жолдары  қарастырылады.  Екінші,  танымдық  даму  барысында  айнала 
қоршаған өмір мен таныстыру мәселелерін түйіндеу, оның тәсілдері мен қасиетін 
сезіну. Үшінші,  әсемдік  даму  эстетикалық  барысында  өмірге  деген  құштарлық  
пен  көркемдік  танымды  қалыптастырады.  Төртінші,  дене  тәрбиесі  дамуында 
салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  жан-жақты  күтімі  мен  дұрыс  дамуы,  өзін 
қоршаған  орта  мен  байланысы  қарастырылады.  Әр  отбасы  үшін  балаларының 
бақыты мен қуанышынан артық нәрсе жоқ. Балалар жайы - еліміз үшін де басты 
мәселенің бірі.  
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  арнаған  Жолдауында  «Балапан» 
бағдарламасының басты бағыты мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ісін жан-
жақты жетілдіре түсу қажеттілігі айтылған. Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі 
таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы бағытта болашақта еліне елеулі, 
 

Балабакшадағы мектепке дейінгі балалардың денсаулығы мен адамгершілік рухани 
сапалы тәрбиесі 
91 
халқына  қалаулы,  ата-анасының  мақтанышы  дені  сау  етіп  өсіру  жолындағы 
тәрбие ісін басшылыққа алып келу педагогтардың тікелей міндетті [1]. 
Бүгінгі  таңдағы  біздің  бар  мақсатымыз,  іс  жоспарларымыздың  барлығы 
балабақшадағы  тәрбиеленушілерге  жан  -  жақты  жағдай  жасау,  солардың 
Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні 
бүгіннен  бастап  негізінің  берік  қалануына  бас  назар  аудару.  Әрбір  ісімізді 
балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет санаймыз. Бала 
бойындағы  жаңа  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып,  олардың  өнегелі  болып 
тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі 
білім  беру  саласы  педагогтарының  алдына  қойған  мақсаты  -  баланың  жас 
ерекшелігіне  қарай  ұлттық  тәрбиені  салт  –дәстүрді  бойына  сіңіріп  жеке  тұлға 
ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету.  
Халқымыздың  әдептілік,  инабаттылық,  мейірімділік,  ізеттілік,  қонақжайлық 
қасиеттерін  жас  ұрпақтың  бойына  сіңіру  үшін  әрбір  тәрбиеші  халық 
педагогикасын, салт дәстүрін, әдеп - ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі 
бай, жаны таза адал жан болуы керек [6].   
Тәрбиеші саналы көзқарастарын таныта алатын, білімі мен тәжірибиесін жан-
жақты  дамытып  байыта  алатын  кез  балабақша  қабырғасынан  басталады. 
Балабақшаның  тәрбие  мен  оқытудағы  негізгі  мақсаттары:  денсаулық  сақтау  мен 
нығайту, баланың дамуында жеке үйлесімділікті қамтамасыз ету, ата - аналарды 
салауатты өмір салтына араластыру. 
Балабақшадағы  әрбір   тәрбиеші  –педагог   оқу-тәрбие  жоспарын  тиімді  әрі 
нәтижелі  етіп  ұйымдастыру  үшін  өздерінің  кәсіби  біліктіліктерімен, 
қабілеттіліктерімен  қатар,  педагогикалық  жаңа  технологиялар  негіздерін  жетік 
меңгеріп  білуі  тиіс.  Яғни,  бүгінгі  тәрбиешінің  басты  міндеті  -  әлемдік 
өркениеттілікке  ұмтылып,  әлемге  танылып  отырған  Тәуелсіз  Қазақстанның 
болашағын  құрайтын  жас  бүлдіршіндерді  саналы  азамат  етіп  тәрбиелеу. 
Тәрбиенің  негізі  бірінші  кезекте  әрбір  отбасында  қаланатынын  ескере  отырып, 
балабақшада  ұйымдастырылған  іс-шаралар  әрине  ата-аналардың  қатысуымен 
өткізіледі.  Өйткені,  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  ең  алдымен  отбасындағы  үлгі-
өнеге  мен  тәлім-тәрбиеге  байланысты  екенінде  дау  жоқ.  Бұл  бала  тәрбиесіне 
байланысты  ортақ  мәселелерді  бірлесе  отырып  шешуге  айтарлықтай  мүмкіндік 
береді.    
Қазақстан  Республикасының  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын 
басшылыққа ала отырып, «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», 
«Әлеуметтік  орта»  атты  білім  беру  салаларына  байланысты  мектепке  дейінгі 
баланың  жас  ерекшелігіне  сай  оқу  іс-әрекетін  шығармашылық,  ізденіс  негізінде 
жүзеге  асыруда. Балабақша  балаларының  тәрбие  мен    білім  берумен  қатар 
балалардың    денсаулықтарын  нығайту  мақсатында  барлық  тиісті  шараларды 
жүргізу  медбикенің  бақылауымен  өткізіледі.  Осы  білім  саласы  бойынша  дене 
тәрбиесінен  ұйымдастырылған  оқу  іс-  әрекеттері  де  жаңа  технологиямен 
түрлендіріліп,  балалардың  денсаулығын  нығайтып,  жылдамдыққа,  ептілікке, 
шыдамдылыққа  тәрбиелеуге  ықпалын  тигізеді. Сауықтыру  жұмыстарының 
дәстүрлі емес түрлері кеңінен қолдану керек. Олар: жазғықұмда жалаңаяқ жүру, 
суық  сумен  су  құю,  нүктелі  төсеніштермен  жүру.  Қысқы  ойын  түрлерінен 
спорттық жарыстар, мерекелік шаралар ұйымдастыру балалар бойына қуанышты 
көңіл  күй  сыйлайды.  Алдымен  балалар  ойнайтын  ойын  аланың  өздеріне  жақсы 
таныс  жануарлардың,  ертегі  кейіпкерлерінің  мүсіндерін  жасап  мерекеге  сай 
 

Балабакшадағы мектепке дейінгі балалардың денсаулығы мен адамгершілік рухани 
сапалы тәрбиесі 
93 
безендіріп,  жолдарды  қардан  тазартуға  белсене  қатысып,  сол  күннен  бастап 
мерекелік көңіл күйде жүреді. Сондықтан да дене шынықтырудан қызықты қысқы  
 
жарыстар  көбірек  ұйымдастыру,  жоспарлау,  балалардың  ойынға  деген 
қызығушылығын арттырары сөзсіз.  
Ойында 
балалардың 
ұйымдастырушылық  
дағдылары 
қалыптасып 
шындалады. Мектепке дейінгі білім беру стандарты «негізгі үштік» яғни, ата-ана, 
бала,  тәрбиеші  арасындағы  тығыз  байланысты  орнатуға  мүмкіндік  беріп  отыр. 
Ата-аналардың қатысуымен өткізіліетін ойындар мен эстафеталық жарыстардың 
мақсаты  баланың  денсаулығын  жақсарту,  спорттық  ойынға  деген 
қызығушылығын  ояту,  балалардың  бір-бірімен  қарым  –қатынасын  нығайтып 
азамат  болуға  тәрбиелеу,  дене,  аяқ-қол  бұлшық  еттерін  шынықтыру,  спортты 
сүюге  тәрбиелеу.  Яғни,  күнделікті  сауықтыру-  шынықтыру  шараларының 
қарапайым түрлерін тереңдетіп күрделендіре отырып жүзеге асыру. Балабақшаға 
жаңа  қабылданған  баланың  ата-анасымен  жүргізілген  түрлі  бағыттағы, 
сауалнамалар  алдағы  даму  баспалдағына  бірлесе  жасаған  қадамы  деп  айтуға 
болады.  «Бала  не  істей  алады?»,  «Енді  бала  не  үйренуі  тиіс?»  деген  сияқты 
сұрақтар шешімін тауып, отбасымен ынтымақтаса жұмыс істеу үрдіске айналып 
отыр.  Мақсат-  тәрбие  мен  білім  беруде  отбасыларды,  ата-аналарды  бірлесе 
жұмылдыру,  баланы  тәрбиелеу  мен  оқытудағы  мәліметтерін  кеңейту,  өзара 
сыйластық,  түсунішілік,  бір-біріне  деген  сенімділік,  терең  қарым-қатынастарды 
арттыру.  Балабақша  ұжымы  ата-аналарды  ұйымдастырып,  балаларының 
балабақшадағы  өмірінің  тәрбиесіне  белсене  қатысуларына  арналған  іс-  шаралар 
жиі өткізіліп тұрады [3] .  
Ата-аналар  оқу  әрекетіне  қатыса  отырып,  өз  балаларын  жан-жақты  зерттеп 
танып,  не  толғандырып  жүргенін,  не  қажет  екенін  біле  алады. Балаға  тіл 
мәдениетін игерту, баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін 
процесс.  Тіл  дамыту  жұмысын  тек  балабақшада  дамытып  қоймай,  отбасында 
жүйелі  жүргізу  үшін  ата–аналарға  баланың  тілін  түрлі  дидактикалық  ойындар 
арқылы  дамытатын  жинақ  кітапшаларын  ұсыну  керек.  «Қажетті  суретті  тап», 
«Формасы ұқсас заттарды тап», «Нені қайдан алуға болады» атты дидактикалық 
ойындарды күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа шыққан баланы сөйлете білу, 
сөздік қорының көбейтуге көмектеседі.  
Бала, ата-ана, тәрбиеші  ынтымақтастығы нығайған сайын түсінісу де жеңіл, 
пікірлесу  де  оңай,  ең  бастысы  балаға  тиімді  болады.  Бейнелеу  өнері-  мектеп 
жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс- әрекеттерінің бірі. 
Бейнелеу  өнерінің  сурет  салу,  мүсіндеу,  жапсыру  бала  үшін  әр  қайсысы  жеке 
өзінше қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл күйін 
білдіре  алады.  Я.А.Каменский  «Сурет  салу,  мүсіндеу  және  түрлі  құралдармен 
айналысатын  сабақтар  балалардың  сезімдерін,  ойлау  қабілеттерін  дамытады»,  - 
деп айтқан [5].  
Сурет  салу  іс  –әрекетінде  балаларда  эмоциялық  көңіл-күй  пайда  болады. 
Сурет  салу  әдістерін  меңгерту  мақсатында  дәстүрлі  емес  әдістерді  пайдалану 
балаларға  қызығушылықтарын  дамытады.  Дәстүрлі  емес  әдіс-тәсіл  түрлері:  мөр 
басу,  кляксография,  манотопия,  ылғал  бетте  сурет  салу,  шыныда  сурет  салу, 
майшаммен,  түрту,  нүктемен,  саусақпен  т.б.  Дәстүрлі  емес  әдіс-тәсілдерді 
пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады.  
Ойын - баланың жетекші іс-әрекеті. Ойынды тәрбиелеу және дамыту құралы 
ретінде  қолданады.  Әсіресе  дидактикалық  ойындар  мен  түрлі  материалдар 
 

Жакслыкова Г.М., Кириллова О.П., Ананьева Н.Р., 
Сисанбаева М.В., Холкина Е.А. 
94 
арқылы  жүргізілетін  ойындар  кеңінен  пайдаланылады. Оқу іс - әрекетінде ойын 
элеме нттерін  тәрбиешіден  аса  біліктілікті, шеберлікті, шығармашылық ізденісті  
 
қажет етеді. Ойынға балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп 
қарамай, 
балаға  берілетін  танымнын  білім  мен  тәрбиенің  құнды  негізі  деп  қараса  ғана  үлкен 
мақсатына жете алады. 
 
Адам  баласы  өмір  бойы  тәрбиеленіп,  үздіксіз  білім  алуы  қажет.  Тәрбие  мен 
білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасындағы ата-
ананың  ықылас  пен  мейірімділігінен  нәр  алған  бала  балабақшада  тәрбиешінің  
шуағына  бөленеді.  Бала  бойындағы  жақсы  қасиеттер  мен  мүмкіндіктерді  ашып, 
олардың өнегелі де, тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор 
екені белгілі.  
Қазіргі  заманда  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  әлеуметтік 
құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының  
2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында  «Мектепке  дейінгі 
тәрбие  - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін 
ескере отырып  дамытатын  орталық»  делінген. Тәрбиешінің  басты  міндеті-  бойында 
ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан - жақты азамат тәрбиелеп 
өсіру.  «Ел  боламын  десен,  бесігінді  түзе»,  деп  дана  халқымыз  айтқандай,  тәрбиелі, 
білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық [2].  
Қорытындылай келе, ұлы педагог Макаренко «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ - түйек 
деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде 
немесе  балаңыздың  өмірінде  бір  нәрсені  ерекше  деп  бөлек  алып,  соған  қатты  зер 
салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ 

түйектер  үздіксіз,  күнбе-күн,  сағат  сайын  кездесіп  отырады  және  өмірдің  өзі  сол 
ұсақ-түйекпен  құралады,  өмірдің  бұл  жағына  басшылық  көрсету  және  оны 
ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз», -деп айтқандай әр тәрбиеші 
– 
педагог өз міндетімізге жауапкершілікпен қарайық [7] . 
 
 
 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал