Ғылыми жұмыс «Ыбырай Алтынсарин әдеби шығармаларының өмірлік құндылықтары» Орындаған



жүктеу 56.36 Kb.
бет3/16
Дата07.02.2022
өлшемі56.36 Kb.
#17033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ы алтынсарин
1.Ы.Алтынсарин – тарихи тұлға.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Аманқарағай ауылы. Осы өңірде,Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң атасы Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады. Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.

Ұстаздық – ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі.Орынбор генерал – губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу – ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.

Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшінТорғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән – маңызы зор болды.

Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактиктикалық оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды. 

Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білімге шақырады.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табылар – деп өнер – білім жолына үгіттейді. Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ — қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады .

«Оқымаған жүреді,

Қараңғыны қармалап.

Надандықтың белгісі –

Еш ақылға жарымас»- деп, ақыл – танымның бәрі оқудан екенін негіздейді.

Ата-енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу.

Қартайғанда мал тайса,

Сүйеу болар бұл оқу – дей келе, оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді.

Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады. Ыбырай шығармаларындағы көрегенділікті осы өлең жолдары арқылы анық тануға болады. Ыбырай шығармалары арқылы өз кезеңінде адам сенгісіз армандай болып жырланған ұғымдар бұл күндері шындыққа айналды, ол адамды құстай ұшырды – ұшақ. Отынсыз тамақ пісірді – газ отыны, сусыздан сусын ішірді – құбырдан алынған су, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды – телефон, тастан сарай салғызды – көп қабатты үйлер, теңізде жүзді балықтай – деп, кемелерді атағандай. Өнерге деген оқырман құштарлығын арттыру барысында бұл сөздерді астарлап, метафораларды ұтымды қолдана білуі өнердегі тылсым, құпиялылықты арттыра отырып тыңдаушысын қызықтыра түсетіні анық. Ыбырай шығармалары әлі күнге дейін өз құндылықтарын жоғалтпағаны жазушы туындыларының терең мәнділігінен, оқырманын қарапайымдылығымен қызықтыра білгенінен байқалады. Қазіргі заманның өзінде де жазушы шығармасын оқыған оқырман адамгершілік, еңбек, тәрбие мәселелері төңірегінде жазушы шығармаларын оқи отырып өз ой-пікірін білдіре алады. Себебі, Ыбырайдың әңгіме жазудағы шеберлігі қарапайым ғана ауызекі баяндау стиліне құрылғанымен, адамгершілік қасиеттерін жоғары қойған құнды шығармалар.

Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкіметінің 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен Ыбырайдың туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді.  Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды. Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары бар. Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі. Тіпті, өзіміздің мұғалімдер даярлайтын Рудный гуманитарлық колледжі де Ы.Алтынсарин атымен аталғанын мақтаныш тұтамыз.

Ыбырай оқу – ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. Өз шығармаларында оқушыны Отансүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән – мағынасынжоймақ емес.

Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.



  1. жүктеу 56.36 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет