Ғылым жаршысы / Вестник науки



жүктеу 156.83 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі156.83 Kb.

С.Сейфуллин  атындағы

Қазақ


агротехникалық

университетінің



Ғылым

жаршысы / Вестник  науки Казахского агротехнического университета  им. С.

Сейфуллина. – 2013. - №4 (79). – Б.42-47



ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ, ПАРЕМИЯЛЫҚ ҚАЙШЫЛЫҚТЫҢ

ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ОРНЫ: ТҮРЛЕРІ, ТОПТАСУ ЖОЛЫ

Жүсіпов А.

Аннотация

Мақалада қазіргі  тіл  біліміндегі қайшылықтың тұрақты  тіркес,

мақал-мәтел  арқылы  жасалуына  арналған.  Сонымен қатар,  мақалада

қазіргі  тіл  біліміндегі қайшылықтың түрлері,  топтастырылу  жолы

қарастырылған.  Аллегориялық,

парольдік

қайшылық,

ортофрония,

аллофронияның жасалу жолына талдау жасалған.

Кілттік  сөздер: қайшылық,  тұрақты  тіркес,  паремия,  аллофрония,

ортофрония.

Қайшылық

құбылысы


фразеологиялық

тіркеске 

де

тән[1;2;3;].



Қазақ

тілінің


фразеологиялық

сөздігінде

кездесетін

ішкі


қайшылыққа

құрылған мысалды талдап көрелік.

Азу  тісін  /азуын/  басады.  (1)

қатты қысымға  алды,  азаптады;

тіс 

батырды, 

күш 

көрсетті,

өктемдік  жасады.  Азуыңды  бас,

аяма  деп, құнанбайға  да  салмақ

салды(М.Ә.). 

Әр 


жерде

әр

«мырзамен»  тамырласат, Әр  жерде



әр  «сұлуға»  бауыр  басат,  Дегенге

мұның  қалай? - азу  басат,  Тістесіп,

қағаздасат,  сауырласат  (І.Ж.).  (2)

Тісін

қайрап, 

іштен 

тынды.

Тоқайдың


осы

қылығына


жұмыскерлердің

көбі-ақ


азуын

басады.  Тек  азу

ғана  басады.

Әйтпесе  одан  асырып  Тоқайға

қылар қайрат жоқ (І.Ж.).

Фразеологиялық

тіркестің

бірінші  мағынасындағы қимылға,

іс-әрекетке, 

екінші 


мағынадағы

ылажсыздық, іштен  тыну қайшы

қойылып 

тұр. 


Алғашқысында

динамика,

қозғалыс 

бар, 


ал

соңғысында қалып қана, еш өзгеріс

жоқ. Айызы қанды.(1)  Көңілі  жай

тапты,


құмары

тарқады,


құлақ

құрышы қанды, рахаттанды. Кешегі

қан 

майданда 



жеңдік 

жауды,


Жеңіске еңбекші елдің айызы қанды

(ҚӘ). (2) Ұнамсыз мағынада «бәлем

сол  керек  еді»  деп,  кекете  көңіл

тұшытты.  Оразбай  мен  Есентайға

бұл  жайдың шеті  мәлім  болса  да,

мына 


тұста 

айыздары


қанып,

кеңкілдеп  күле  берісті  (М.Ә.).

Екінші қайшы  мағынадағы  «айызы

қанды» 


деген 

фразеологиялық

бірлікті  ашып  тұрған  «кеңкілдеп

күлісу»  тіркесі.  Бірінші  мысалда

рахаттанды,  көңілдері  жай  тапты


деген  мағына,  екінші  сөйлемде  де

рахаттанды,  көңілдері  жай тапты,

алайда  екеуінің

ішкі  мағынасы

қайшы.

Айды 

аспанға 

бір

шығарды.(1) Даңқы жер жарды, аты

шықты,  даңғазалай  жария  етіп,  таң

қалдырды. Мұндағысы оның атақты

саудагер  Көк  Орда  ишік-атасы

Мұхаммед

әкім


әл 

Таразидің

мұрагері бар екен деп, жер-жиһанға

дәріптеумен қатар,  айды  аспанға

шығарған  той  жасап,  атақ  құмар

саудагер, өзінің атын  да, өзгеге

таныту  еді  (І.Е.).  (2)

Ұнамсыз


мағынада  орынсыз

әркет  еткен

кісілерге  де қатысты  айтылады.

Бүгін…  бүгін  көрсетуіміз  керек.

Айды  аспанға  бір  шығармасақ па?!

(Т.А.). Айды  аспанға  түрлі әрекет

жасап 

шығаруға 



болады.

Сондықтан  осы  тіркестің

ішкі

қайшылығы  дау  тудырмас. Әрине



бұл 

тіркестің

түрлі 

мағынада


жұмсалуын 

актуалдандыратын

контекст.

Аты

әйгілі/аты  жайылған

(аты  шулы,  шыққан,  жер  жарған)

/атағы  (даңқы)  елге  жайылған.

Ғалым Р.Сыздықованың  «Сөздер

сөйлейді» атты еңбегінде осы тіркес

ішінен  орын  алған



аты  шулы

тіркесінің тарихынан  біраз  мәлімет

беріледі  [4].  «Бұл  тіркестегі шулы

сөзінің


айғай-шу

дегендегі



шу

сөзіне қатысы  жоқ. Көне  түркілер



чау сөзін «даңқ, атақ, даңқты,

атақты» мағынасында қолданған».

Сонда аты  шулы деген  тіркестің о

бастағы  тұлғасы  аты  шуалы  болуы

керек,  ол «аты  даңқты,  атақты»

деген  сөз  болып  шығады.  Монғол

тілінде  де цуу (1)  біреу  жайында



таралған  сөз,

әңгіме;  (2)«даңқ,

атақ» мағыналарын  береді.  Демек,

чау/чу/цуу/шау/шу тұлғалары  көне

заманда  түркі-монғол  тіліне  ортақ

сөз  болып,  негізінен  түркі-монғол

тіліне ортақ сөз болып, негізінен бір

мағынаны  білдірген. Қазақ тілінде

шау/шу сөзі «атақ, даңқ» ұғымында

жеке қолданыстан қалып, аты шулы

сияқты тіркес құрамында сақталған

«көне  көздердің» бірі»,- делінген.

Енді


ҚТФС  берілген  мәліметке

назар  аударайық.  (1)  Әйгілі,  көпке

мәшһүр, 

көпке 


белгілі, 

атағы


тараған, көпшіліктің аузына ілінген

(ҚТФС). Қала  дейтін  сиқы қайсы?

Атағы  жер  жарған  Торғай  сен

мұндай  ма едің?  (Б.І.).  Ол  кезде

қазақ

оқығандарының



атына  ел

қанық. Әсіресе, Бүркіт тәрізді ақын

ұлдарының атағы жер жарады (І.Е.).

Кемелердің

екпіні 

тіліп 


суды,

Желбірете  көтеріп

қызыл  туды,

қыстауы  мен  жайлауы қара  теңіз,

Айбынды  Отаны  бар  аты  шулы

(И.Б.). (2) Ұнамсыз мағынада қатар

қолданыла  береді  (ҚТФС).  Сонда

жаңағы 


торы 

төбел 


аттың

бауырында 

тығылып 

отырған


Оразбайдың аты  шулы ұрысы -

қиқым атып тұрады (М.Ә.). Атағың

жер 

жарған 


Кендебайдың

қызымысың?..(Б.І.). 

Аты 

шулы


«Даңғаза» 

тобының


концертіне

шақыра  келген  боларсың?  (АТ).

Адам  бойындағы  сан қилы қасиет

арқасында

қоршаған 

ортаға


танымал  болады. Ұлы  Абайдың

қара  сөзінде  «Атың шықпаса,  жер

өрте»  дейді.  «Жер өртеп  шығарған

атыңның несі  мұрат»  деген  ой  бар.

Дегенмен  осы  жолға  түсіп  аттарын

шығарып  жатқандар  саны  аз  емес.



Тарихымызға үңілетін  болсақ аты

қалған  түрлі  шапқыншы  соның

айғағы. 

Ендеше 


осы 

тіркестің

формасы 

бірдей 


болғанымен,

көтеретін,

үстейтін, 

беретін


мағыналары  іштей

қайшылыққа

құрылған  деп  толығымен  айта

аламыз.


Аты шулы тіркесінің алғашқы

мағынасына

қарсы 

жұмсалуы


Р.Сыздықова 

көрсеткен



шулы

сөзінде  емес  пе  екен?  Елге  ойран

салып,

әңкі-тәңкілерін  шығарып,



у-шу,  айғай-шу

қылып  кететін

адамға  байланысты

аты  шулы

тіркесін қолдануы  «шулы»  сөзінің

тарихы  сонау  тереңде  жатқанын

біле  бермегендіктен  бе  деген  пікір

айтамыз. 

Жоғарыдағы 

тіркеске

енетін  мына  сөз  этимологиясына

сәл үңілсек,  сол  сөздің  өз  ішінде

қарсылық


мағынаның

бар


екендігіне көз жеткіземіз[4].

Айтулы,  атаулы,

атақты,


әйгілі, 

белгілі, 

даңқты 

деген


мағынаны  береді.  Бұл  нұсқада

батырлар  жырларында  кездеседі.

«О да айтулы ер еді» немесе «Жібек

сұлу деген бар екен, Айтулының өзі

екен».  Бұл  сөз  айтылу  түрінде

«даңқты, 

белгілі,

әйгілі»

мағынасында

қырғыз 

тілінде


кездеседі: Айтылуу Жээренче чечен

(Юдахин).

Қазақша

айтулы,

қырғызша


айтылуу

сөздерінің

түбірі – айт-етістігі.  Татар  тілінің

диалектілерінде атаулы деген  сөз

бар  мағынасы:  (1) атақты,  белгілі;

(2)  арнаулы

(Будагов).



Белгілі,

әйгілі,  даңқты деген  мәнде қазақ

тілінде  бұл  күнде атақты сөзі

қолданылады.  Бірақ бұл  сөз,  сірә,

кейінгі  кезеңде  жанданған

сөз

болар.  Бұрынырақ бұл  мағынада



атақты

дегеннен  гөрі



атаулы,

айтулы

не

өзге 



сөз 

көбірек


қолданылған  сияқты. Өйткені  күні

кешеге  дейін  атақ сөзінің «жаман



атақ, өсек» деген ұғымы да болған.

Мұны қазақтың  өткен ғасырдағы

сөздігін  жасаған  М.Будагов  та

көрсеткен.  Сондықтан  соңғы  кезге

дейін  кездесетін атақты сөзін  екі

түрлі мәнде түсінуге болады: (1)бірі

-

әйгілі, 

белгілі, 

жақсы 

аты

бар;(2)екіншісі – жаман  аты  бар,

өсекке шыққан.

Кеудесіне  (көңіліне)  түйді.(1)

Көңіліне тоқыды, жадында сақтады,

ойында ұстады.  Ей, құрбым,  бұл

сөзіңе құлақ астым,  Түйермін  тек

кеудеме,  жыламаспын.  Шайқалып

кетемін  мен  ойлағанда,  Азырақ

жарылармын, құламаспын(Қ.А.).(2)

Кек  сақтады.  Жаман  неме  емес  пе,

болмашыны 

кеудесіне 

түйіп,

бұртиып  жүреді  ылғи  (АТ).  Бұл



фразеологиялық

тіркесте 

сырт

қарағанда еш қарсылық жоқ сияқты.



Алайда  бірінші  мысалда  жақсы,

жағымды  ойды  көңіліне  тоқыды,

есінен  шығармады  актуалданып

тұрса,  екіншісінде  жадында  тек

кекті,  жамандықты,  келеңсіз  ой,

кеселдікті  сақтады  деген  бірден

ойға  келеді.  Сондықтан  бұл  тіркес

ішкі қайшылыққа құрылған.



Қан жалады.(1)  Таяқ жеді,

сабалды,  аузы-басы  даладай қан

болды. 

Сыздық


келіп, 

екеуі


қосылып,  менің аузы-басымды қан

жалатты, - деді  Жақып  (Ғ.М.).(2)

Өлтіріп,  кегі қайтты. Өзің кел,

Гудзар 


баба, 

шықпады 


елің!

Атымның тартып  тұрмын мықтап

белін, - Шіреніп «шық шапшаң» деп


тұрып алды, қан жалап қайтпаймын

деп алмай телім (РД). Сөз жоқ, осы

мысалдан көретініміздей қайшылық

қимыл  арқылы  берілген.  Алғашқы

мысалда объект сабалды, таяқ жеді -

келесіде  объект өзі  сабады,  тіпті

өлтірді.

Қол көтерді.(1)  Бағыну,  тізе

бүгу 


мағынасында 

жұмсалады

(ҚТФС).  Дұшпаннан  пролетариат

соқты


қолын,  Сұм  жаулар

қол


көтерді  шыдай  алмай, Келгенін бет

қаратпай


қиыр 

Шығыс, 


Сырт

дұшпан  бір  басылды  содан  былай

(И.Б.).  (2)  Күш  көрсету, қарсылық

ету 


мағынасында 

айтылады


(ҚТФС). 

Енді


ұратын 

болсаң,


Советке  айтып  жапқызып қоям, -

дейді  маған.  Содан қорқып, қол

көтеруді қойдық  (Ғ.М.).  Ізбасар

ұстай  балды қолынан  Жақыптың

ағайындары

үш-төрт 


жігіт

орындарынан 

дүрдие 

тұрысты.


Тоқабай қол көтерсе-ақ, бас салғалы

тұр 


(Ғ.М.).Құлағына

алтын

сырға.(1)  Сен  тыңдамай-ақ  қой,

есітпей-ақ  қой.  Келіннің  құлағына

алтын  сырға,  берер  шайын  ертерек

берсін  (АТ).  (2)

Әзіл  ретінде

керіснше мағынада да қолданылады

(ҚТФС). 

Жеңгеміздің 

құлағына

алтын  сырға,  Егер  мені  сол қызбен

таныстырса (АТ).

Көптеген


ғалым

мақал-мәтелді 

тілдің

тұрақты


тіркесіне қисынды түрде  жатқызып

жүр,  ал  формасына қарасаң ол -

«қысқа 

тәмсіл», 



ауыспалы

мағыналы 

аяқталған 

сөйлем.


Мақал-мәтел - қай  халықтың да

жан-дүниесі, 

мінез-бітімі,

тыныс-тірлігінің

айнасы; 

сол


халықтың

сөздік


қорының

байлығын  жанытып қана қоймай,

оның уақыт  озған  сайын құны

артпаса  арзымас қазына  екенін  де

сездiрер 

белгісі.


Өйткені,

мақал-мәтелдің

айтары

-

өсиет,



ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.

Мақал-мәтел

қай  тілде



болмасын, 

халық


даналығының

қайнар  көзі,  ақылман  ойшылдар,

ділмәр-шешен, 

айтқыш 


даналар

сөзінің


мәйегі,

ұйтқысы  болып

саналады  [5:32].  Мақал-мәтел - сан

ғасыр  бойы  халықтың  қоғамдық

даму

үрдісінде



қалыптасқан

ұстанымы,

әдет-ғұрпы,

салт-дәстүрі,  оның тарихы,  рухани

мәдениетінің  қайнар  көзі жайында

мол ақпарат беретін тілдік қор.

Аллегориялық 

қайшылық.

Бұл 

кезде 


автор

қос


коммуникативтік  мағынаның бірін

астарлауды  мақсат  етпейді[6],  [7].

Керісінше, автор тұспалдап отырған

мағынасына  болмыстағы  басқа  бір

ұқсас құбылыс  (түсінікті)  тауып,

соны  оқырманға  көрсету  арқылы

оның айтылмақшы  ойды  түсінуіне

жағдай  жасайды,  дересіз

ұғым

түсінікті 



нақты 

образ 


арқылы

бейнелеуге  талпыныс  жасалады.

Аллегориялық  қайшылық  әрдайым

стилистикалық тұрғыдан  бейнелі,

әсерлі болады. Түрлері:

(а)  мақал-мәтел,  афоризмде

кездесетін 

аллегориялық

қайшылық;

«Қызым, саған айтам, келінім

сен  тыңда»  деген  сияқты, қазақ

мақал-мәтелінің көбі көп мағыналы,

мазмұнды  болып,

өмірдегі  сан

құбылысты 

меңзеп, 


тұспалдап

тұрады.


«Ит

ұяласынан

қорықпас»

деген 


мақалды 

«бір


ұядығы

күшіктер  бір-бірінен қорықпайды»

деп,  тікелей  мағынасында  түсінуге

де  болады.  Сонымен  бірге  бұл

мақал «бір үйде өскен ұл-қыз кейде

ұрысып-таласып

қалғанымен,

бір-бірінен қорықпайды,  бір-біріне

бауыр,  ес  болады»  деген  мағананы

да ұғындыра  алады.  «Бұралқы  ит

үргенімен  жағар»  деген  мақалды

тікелей 


мағынасында, 

яғни


«бұралқы  ит үрсе,  иесіне ұнайды»

деп  түсінуге  де  болады.  Сондай-ақ

бұл  мақалда  «жағампаз,  жалтаң

адам өзінен  күштінің сөзін  сөйлеп,

жыртысын жыртып, әділ болмаса да

күштінің


жағында  болып,  иттік

қасиет  көрсетеді»  деген  мағына  да

бар. 

Көріп 


отырғанымыздай

мақалда  нақты  жәйтті  сипаттап,

нақты  оқиғаны  көрсете  отырып,

абстракт, 

дерексіз 

мағына


ұғындыру, аллегориялық тұспалдау

көп көрініс тапқан.



«Ит-құсқа  кезікпеген  теке

Меккеге 

де 

барады», 

«Көсеуі

ұзынның  қолы күймес»,  «Алланың

да,  албастының да  тілін  алар  кез

бар»,  «Дария  жанынан

құдық

қазба», «Көрмес түйені де көрмес»

т.б. 


сияқты 

мақалдардың

әрқайсысында бір сөйлемнің ішінде

қос  не  одан  да  көп  мағына  жатыр.



«Ит-құсқа кезікпеген теке Меккеге

барады»

деген 


мақалды

қарастыратын 

болсақ,

алғаш


қарағанда  аң-құсқа  жем  болмаған

текенің Мекке  болмаса  да ұзаққа

кететінін 

айтып 


тұрғандай

болғанымен, 

шындай 

келгенде


«теке»  деп  сақалды  кісі,  соның

ішінде дін адамын нұсқап тұрғанын

байқауға  болады.  Сонымен  бірге,

теке 


сөзінің, 

әдетте,


ұнамсыз

мағынасы  да  бар,  оны  «текедей

сасық», 

«текедей 

бақылдаған»,

«теке  сақал»  деген  тіркестерден

аңғарылады.  «Теке»  сөзі  адамға

қатысты


қолданғанда 

ақылсыз,


сақалы  шошаңдаған,  жеңіл  мінез

қағымсыз 

адамды 

білдіреді.



Осылардың

бәрін


ескергенде

жоғарындағы  мақалда  ащы  уыт,

ызғарлы  сатира,  кекесін  жатқанын

байқауға болады.



«Көсеуі

ұзынның 

қолы

күймес»

деген 


мақал 

алғаш


қарағанда  нақты құбылысты  айтып

тұрған  тәрізді,  расында  да  көсеуі

ұзын адамның қолы жүймейді, бұны

пешке  от  жағатындардың

бәрі

біледі. 


Алайда, 

беткі 


тіке

мағыналық  қабатымен қоса  бұл

мақалда 

екінші 


аллегориялық

мағыналық қабат та бар, – айла-әдісі

көп, қолдаушы, тірегі мықты адамға

бәле  жуымайды  дегенді  аңғартады

бұл мақал.

Жалпы қазақ мақалдарының

мағыналық тереңдігі, өмірдің талай

жәйттерін  дөп  баса  білетіндігі,

астарлы 

мысқылды, 

уытты

келемежді  тұспалдау үшін  екіұшты



мағына  бере  білуі,  аллегориялық

қуаты қайран қалдырады.  Оларды

өмірдің  әр қилы  жағадаятына  оңай

қолдана  беруге  болатындығы  да

олардың осы  көп  мағыналылық

қасиетіне 

негізделеді.

«Қасқыр

жарып 

салды,//Құзғын 

жарып

қалды», деген  мақалда  «жарып»

сөзінің


омонимі 

сәтті


пайдаланылған.

Қ. 


Мырзалиевтің

«Ғибратнама»  кітабында  көптеген



аллегориялық 

қос 


және 

көп


мағыналылық кездеседі:«Далада –

күннің 

қабағы//Үйде



әйелдің

қабағы»; «Мұз бар жерде – бұзылу

бар,//Қыз бар жерде – қызығу бар»;

«Жаз  мезгілі  жетеді,//Қыз  мезгілі

өтеді» (М.Қ.).

Бұл


қайшы 

айтылымның

соңғы үшеуінде қос  не одан  да  көп

мағынаның  қатар  актуалденуі үшін

семантикалық жұптың қажет екенін

байқаймыз.  Мысалы



«Мұз  бар

жерде – бұзылу бар» дегенде әңгіме

мұздың бұзылуы  туралы ғана  емес,

қызға қызыққан  адамның көңілі

бұзылатыны 

тұспалданып 

тұр.


Бірақ, бұл  мағынаның актуалденуі

үшін 


«қызға

қызығу» 


деген

тіркестің

болуы  шарт.  Кейінгі

мысалдағы «Жаз  мезгілі  жетеді»

деген  тіркес  уақыттың тез өтетінін

нұсқап,


қыз 

баланың


жастық

шағының  өткінші  нәрсе  екенін

бейнелі  көрсетіп  тұр  (Қыз  мезгілі

өтеді). 


Мұндағы

қайшылық


оқырман  санасында «Қыс  мезгілі

өтеді» деген тіркестің пайда болуы,

қыстың да, қыздың да  уақыты  тез

өтіп кететіні параллелденуі арқылы

туындап тұр.

(ә) Тәрбиелік  мәнді  мысал,

аңыз


әңгімедегі 

аллегориялық

қайшылық;

Қайшылықтың

бұл 

түрі


мысалда 

кең 


қолданылып,

айтылмақшы  ойдың

көркем  де,

мән-мағыналы 

шығуына

көмектеседі.



Ұлы 

ақын 


Абай

аударған  И.Крыловтың  «Есек  пен

бұлбұл»  атты  мысалын  талдап

көрелік: «Шөпке  тойып,  тентіреп,



жер  кезіп  келе  жатқан  есек

бұлбұлді  кездестіріп://–

Сенбісің

ақын  бұлбұл,  жаңа  көрдім,//Атыңа

жұрт  мақтаған құмар  едім.//Бір

сайрап 

берсең 

қалқам,

өзім

естіп,//Жұрттың сөзін,  рас  па,

сынар едім, - дейді.  Бұл  сөзді

естіген  бұлбұл  бар өнерін  салып,

төңіректегілердің

бәрін

әніне

ұйытып, құйқылжытып ән  салып

беріп,  есетің сынын  күтеді.  Сонда

ақымақ

есек://Іш 

пыспай-ақ

тыңдарлық

бар

екенсің,//Әттеген-ай, 

білмепсің

әтешті өзің!// Екенсің ән салуға сен

дағы  етпі,//Сен  біраз әтеш әнін

үйрен! – депті (А. 262).

Бұл  мысалдағы  кейбір  сөздер

қатар

қолданылып 



тұрған 

екі


мағынаға  ие  (1)  есек – жануар;  (2)

есек – ақымақ адам,  надан  сыншы;

(1)  бұлбұл – құс;  (2)  бұлбұл – аса

өнерлі,  таланты  жан,  соған  сәйкес

бүкіл мысалдың  өн  бойында  екі

коммуникативтік  мағына  жүзеге

асып  тұр  (1)  тікелей  мағынасы;  (2)

«өнерлі, 

талантты 

жан 


топас

сыншыға  тап  болмасын»  деген

ұғым.

«Есек»  сөзін  ақымақ, надан



адамға 

байланысты

қолдану

төменде  келтірілген  мысалдағы  екі



достың

бір-бірімен

қалжындасуында қызықты  көрініс

тапқан:


«Біреу

өзінің  әзілдесіп

ойнатын адамының үйіне қыдырып

барады. 

Ол

үйінде 

болмайды.

Ренжіп,  есігіне  «Есек»  деп  жазып

кетеді. 

Келесі 

күні 

екі 

дос

кездеседі.//– Мен  кеше  сенің  үйіңе

барған 

едім,



дейді.//–

Иә,

келгеніңді  білдім:  есікке  есіміңді

жазып  кеткен  екенсің, – дейді

екіншісі» (К).

Сонымен, 

аллегориялық

қайшылық тәрбиелік мәні бар ертек,

мысал, 


аңыз, 

сондай-ақ

мақал-мәтелде,

әртүрлі


әдеби

жанрда  кең  қолданылады,  ауызекі

сөйлеу 

тілінде 


сирек

кездесетіндігіне көз жеткіздік.

Парольдік  деп

әдетте


қос

мағынасының бірі құпияланатын

қайшылық айтылады.  Парольдіктің

басты 


ерекшелігі 

оның


бір

мағынасы жұрттың бәріне түсінікті,

белгілі  болады  да,  ал  екінші

мағынасы  тек  жеке  адам  не  адам

тобына

ғана 


түсінікті  болады.

Мұндай қайшылық  әдетте  алдын

ала 

келісіліп 



алынады.

Әскер


өмірінде 

не

қауіпсіздік



ұйым

қызметі,  ішінара әдеби  шығармада

кездесіп 

отыратын 

парольдік

қайшылық 

өзінің

көркемдігі,



әсерлілігімен 

ерекшеленбейді,

көбіне қарабайыр болады. Олардың

аллегориялық 

қайшылықтан

айырмашылығы

парольдікте



құпия 

мағына 


барынша

көлегейленіп, 

көмескіленсе,

аллегориялықта  керісінше – автор

өзі  тұспалдап  отырған  мағынасын

бүкіл 


оқырманның

түсініп,


ұғынуын қалайды, соған тырысады.

«– Маған Қарға керек. Қарға!

Өзіңіз  бе,  жолдас

қарға!  Мен

Тоқылдақпын. Ар жақтан бір адам

келді. 

«Путь 

Ильича» 

деген

партизан  отрядынанмын  дейді.

Өткен 

жылдың

көктемінде

қоршауда қалған қызыл әскер  екен.

Мұның

жау

қорғаны  жөніндегі

мәліметі  анадағы  біздің барлаушы

мәліметіне  сәйкес.  Жоқ. Алғашқы

ақпарды 

тексеруге 

жіберген

адамымыз әлі қайтқан  жоқ. Бір

мезгілде  тиісейік  дейді...  жақсы,

жақсы. Құп  болады, құп!» (И.Қ.

210).


Бұл  соғыс  кезінде  болып

жатқан  оқиға.

Әскер  бөлімі өз

нөмірін  жауға 

білдірмеу

үшін


пароль қабылдаған,  ол  алдын  ала

келісілгендіктен 

де 

хабарласып



тұрған  командир  кім, қайсы әскери

бөліммен байланыс жасап тұрғанын

жақсы  біледі.  Мұндағы қайшылық

негізінен

құс  атауының  әскери

бөлімді  білдіруінен  туындап  отыр

(1) Қарға – құс;  (2) Қарға – әскери

бөлім.


Перифраз

қайшылық.

Перифраз сөздің тікелей мағынасын

баяндау, сипаттаумен ауыстыратын

троптың

бір 


түрі. 

Перифраз


қайшылық оны құрайтын  бірнеше

сөздің


жиынтық

лексикалық

мағынасымен қатар, қосымша  тағы

бір  мағынаның

жүзеге  асуынан

туындайды.  Ол қосымша  мағына

перифраз

құрайтын 

сөз

мағынасынан 



келіп 

шығады:


Өсірген  оны  тербетіп,//  Октябрьдің

бесігі.//Бесігі 

емей 

немене,//Көз



жіберіп

қарашы://Отаныма

өнеге

//Ұлы Ленин қаласы.



Бұл  шумақтағы  «Октябрьдің

бесігі» деген өлең жолы Ленинград

қаласын  білдіріп  тұр.  1917  жылғы

Қазан 


төңкерісінің

Петербург

шаһарында  (кейінірек  Ленинград

атанған) 

басталғаны 

белгілі,


Жамбылдың

Ленинградты

«Октябрьдің бесігі»  деп  сипаттауы

сол  оқиғадан  туындап  тұр  (Ж.Ж.

208).

Аң

патшасы  болғанмын,

сауық ері,//Бақты  мені  орманның

қауым 

елі.//Бауырым, 

сен

«бастығым  мисыз»  дейсің.//Дұрыс.


Бұрын  себебі  ол  тауық еді (Р.Е.

276).  Ақынның бұл  шумағындағы

«Аң

патшасы» 



деп,

әдетте,


өлең-жырларда  арыстанды  атайты

белгілі.


«Мақал-мәтел



қысқа,

ырғақты, 

тілдесімде 

тұрақты

халықтың бейнелі нақыл сөзі» [5:6].

Осында  айтылған қасиеттің

көбі

(қысқа,


тұрақты, 

бейнелілік)

фразеологизмге  тән.  Мақал-мәтел

аллофрониялығы 

тура 

мәнімен


емес, 

сол 


секілді 

жағдаятта

қолданыла 

алу 


мүмкіндігімен

ерекшеленеді. Мақал-мәтел арқылы

сөйлеуші 

айтылмаған 

ойды

бағалайды,  сипаттайды.  Көптеген



мақал-мәтелдің тағы  бір қыры –

олардың


парадоксқа

құрылуы.


Ағылшын 

тілінің


Уэбстер

сөздігінде  мақал-мәтелге  берілген

негізгі  анықтамаға қоса  «бұл –

тосын не парадоксты пікір» дегенді

айтады. 

Ендеше


қайшылық

мақал-мәтелге  екі  рет:  алғашында

фразеологиялық

бірлікке,  екінші

ретінде – мақалдың басым  бөлігін

құрайтын парадокс пікірге енеді.



Болымсыздық

аллофрония:

әйел логикасы, бұл тіркес жалпы тіл

біліміне 

ортақ

фразеологизм.



«Әйелдің

шашы

ұзын, 

ақылы

қысқа» десе  де қазақтың тілдік

әлемінде


әйел 

адамның


орны

айрықша.  Білімі  мен  біліктілігімен

әр  кез  тең түсетін,  кейде  асып  та

жатады,  оған  мысалға Қарашашты,

батырлар  жарларын  келтіре  кетуге

болады.  Дегенмен  аллофронияның

аты  айтып  тұрғандай бұл - қоғамда

қалыптасып

қалған,

өмірде


кездесетін құбылыс.

Анықтауыштық аллофрония:

тәтті  су,  жынды су,  кендір  мойын

бау/галстук/.

«Перифраз

қайшылық,

әдетте, 

толық

аяқталған

айтылымды құрамайды  және  де

коммуникативтікке

қарағанда

төменгі  семантикалық

деңгейде

тұрады.  Олар  негізінен өлең мен

публицистикада ұшырасады  және

айқын  көрінетін  көркемдікке  ие»

деген  В.  Панькин  [9].

Әрине,

перифраз троптың сирек  кездесетін



түрі,

әрі  олар

қандай  да  бір

көркемдік мән-мағына алып келеді.

Бірақ перифраз затты тек бір жақты,

көбіне  эмоциялық

экспрессивтік

тұрғыдан 

сипаттайтын

болғандықтан,  заттың  өз  атауы

секілді  оның толық лексикалық

мағынасын  бере  алмайды.  Ол  тек

қабылдаушыға  сол  заттың тікелей

түсінігін  беретін  белгі,  яғни  сөздің

лексикалық

мағынасын

ғана

тұспалдайды, ұғындырады.



Энигматикалық 

қайшылық


(энигма  (гр.  ainigma)

құпия,



жұмбақ дегенді  білдіреді)  алғаш

қарағанда  толық аяқталып  тұрған,

өзіндік 

мағынасы 

бар 

тілдік


құрылым.  Тек  мән  беріп қарағанда

ғана 


олардың

басқа 


бір

мән-мағынаны  тұспалдап  тұрғанын

байқаймыз, – олар  затты  тікелей

сипаттамайды, заттың атауы, соның

ішінде,  лексикалық мағынасы  тек

тұспалданып, 

меңзеліп 

тұрады.


Мұндай қайшылық ауыз әдебиеті,

көркем әдебиетте  сирек  болса  да

кездесіп  тұрады. Үлгісі ретінде  кей

жұмбақты  көрсетуге  болады:  «Ақ

отау, 

аузы-мұрны 



жоқ

отау»


(шешімі: жұмыртқа). Сөйлем толық

аяқталып,  белгілі  бір  лексикалық

семантикалық

мән-мағынаға 

ие

болып  тұрғанындай  (яғни, әңгіме



қандай  да  бір  аузы-мұрны  жоқ ақ

отау 


жөнінде 

сияқты) 


болып

көрінеді. Әйтсе де ол мағына толық

аяқталған, түпкілікті мағына емес, –

бұл  сөйлемнің нақты  мағынасы  бір

сөзден  тұратын  «жұмыртқа»  сөзі

екені 


анық.

Осындай 


жолмен

мағынаның  қабаттаса  параллель

актуалденуі 

жүзеге 


асып,

қайшылық пайда болып тұр.



Әдебиет тізімі

1. Қабдолов З., Сөз өнері. Алматы, 1992.- 231б.

2. Әділова

А.,


Қазіргі

қазақ


көркем 

шығармаларындағы

интертекстуалдылық репрезентациясы,  семантикасы, құрылымы.  ФҒД

авторефераты Алматы. 2009.

3. Ганеев Б., Противоречия в языке и в речи. Уфа, 2004

4. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. - Алматы: Санат, 1995. - 90 б.

5. Қайдар Ә., Халық даналығы – Алматы: Тоғанай, 2004 –558 б.

6. Kuusi  M.  Concerning  Folk  Paradoxes  Mind  and  Form  in  Folklore.

Selected articles of MattiKuusi. Helsinki 1994. – P. 131-141.

7. Mieder  W.  Popular  views  of  the  proverb.  Proverbium  2  (1985).  P.

109-14.

8. Панькин  В.,  Омонимия  лексическая  и  синтаксисческая//Русская



речь. 1975. №1, С.71-76.

Резюме

В 

данной



статье 

рассматривается 

природа 

противоречия:

фразеологические, паремические виды в современном языкознании. Вместе

с  тем,  в  статье  рассмотрена  классификация,  виды  противоречии  в

современном 

языкознании. 

Разобраны

аллегорические,

парольные

противоречия, ортофрония, аллафрония.



Summary

This article examines the nature of conflict: Idioms, paremicheskie species

in modern linguistics. However, in the paper the classification, types of conflict in

modern  linguistics.  Collated  allegorical,  password  contradictions  ortofroniya,



allafroniya.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал