Фармацевтикалық дәріхана ашылды 2 бет Емдеу орталығы ашылды



жүктеу 0.63 Mb.

бет1/4
Дата07.09.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4

  4 бет

Шырайлы Шымкенттен – шұғылалы Шығысқа

Атажұртта орындалған арман

  2 бет


 5 бет

Фармацевтикалық 

дәріхана ашылды

 2 бет


Емдеу орталығы 

ашылды

Ынтымақ пен жасампаздықтың дәуірі



Әз-Наурыз айрықша  

тойланды!

14 бет


«Дегдар» 

қоғамдық  

қорының  бастамасымен  2011 

жылдан  бері  еліміздің  ірі 

қалаларында  қайырымдылық 

концерттері 

өтіп 

келеді. 


Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы 

қарсаңында 

барлық 

об-


лыс 

орталықтарын 

ара-

лап  шығуды  көздеген  жоба 



ұйымдастырушылары  жуыр-

да  Өскемен  қаласына  келіп, 

соғыс және еңбек ардагерлеріне 

арналған тегін концерт ұсынды.

 5 бет

ҚАЗАҚСТАН 



ХАЛҚЫ

АССАМБЛЕЯСЫНА

ПРЕЗИДЕНТ 

САЙЛАУЫНА 

КҮН ҚАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯСЫНА

20 жыл

30

20 жыл



70 

    жыл


550 

жыл


170

жыл


ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ

ҚАЗАҚ


ХАНДЫҒЫНА

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 

ТУҒАНЫНА

№13 (276) 

26 наурыз, 2015 жыл

85 теңге


2

Өскемен


№13 (276)

26.03.2015

ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҰСАУКЕСЕР

ШОУ

КӘСІП


Әсел Алтынбекқызы

Ұ

лыстың ұлы күні 



қарсаңында қаламызда 

фармацевтикалық өнімдер 

дайындайтын жаңа дәріхана 

есігін айқара ашты. «Бизнестің 

жол картасы - 2020» 

бағдарламасы бойынша жүзеге 

асқан жоба, алдағы уақытта 

қала тұрғындарын қол жетімді 

бағамен қоса түрлі дәрі-дәрмек  

қоспаларын 

дайындаумен  

қуантпақшы.

Жаңадан ашылған ны-

санда әзірге 4 адам қызмет 

етеуде, алдағы уақытта 

олардың санын 10-ға дейін 

өсіру жоспарда. Дәріхана 

қаланың дәл ортасында 

орналасқандықтан, алғашқы 

күннен-ақ келушілердің 

қарасы көп.

– Бүгінгі күні шағын биз-

несті қолға алған кез-келген 

жанға үкімет үлкен қолдау 

танытып отыр. Оның ішін-

де Қазақстанда жасалған 

өнімдерді қолдауымыз ке-

рек. «Даму» көмек қорынан 

14 млн. теңге несиеге 

қаржы алдым, қалғанын 

өзімнің қалтамнан қосып 

осы істі бастап отырмын. 

Бұл қалада ашылған үшінші 

бөлім, алдағы уақытта да 

 

көбейту ойымда бар, – дей-



ді «NUR-FARM» дәріхана 

 

бөлімшелерінің директоры 



Төлеген Сағатов.

Грузинская 3 мекен 

жайында ашылған жаңа 

нысынның ашылуына 

қала әкімінің орынбасары 

Бұлбұл Бакинова тұсаукесер 

рәсіміне қатысып, ақ жарма 

тілектерін жеткізді.

Жаңа дәріхананың 

тұрғындарға ыңғайлы 

тұсы көп. Дәрі-дәрмектің 

құны қаладағы басқа 

дәріханаларға қарағанда 40 

%-ға төмен болса,  бірқатар 

жақпамайлар, ерітін-

ділер, ұнтақтар осы жерде 

дайындалып, бірден қала 

тұрғындарына жол тартатын 

болады.

Фармацевтикалық дәріхана 



ашылды

Елжан Қуанышұлы

 

Н

аурыз мерекесінде Өскемен 



қаласының тарихында бірінші 

рет қала жастары Наурыз мерекесін 

түнгі клубпен байланыстырып, 

 

ерекше форматта қарсы алды. 



«Наурыз party». Дәл осы-

лай аталған шараға қала 

жастарының барлығы 

түнгі уақытта қалалық 

клубтардың біріне жиналды. 

Өскемен қаласы әкімдігінің 

жастар орталығының 

ұйымдастыруымен өтіп 

отырған шарада ұлттық 

құндылықтар шет қалмады. 

– Аталған шараны өткізуге 

Өскемен қаласының жастар 

орталығы түрткі болып отыр. 

Негізінде, «Наурыз» және «түнгі 

клуб» түсініктері бір-біріне 

сәйкес келе бермейді. Алай-

да, біз оларды байланыстырып, 

бірдей деңгейде өткізгіміз кел-

ді. Оның үстіне қаламызда На-

урыз мерекесі күндіз тойланса, 

ұйымдастырушылар оны түнгі 

уақытта да өткізгісі келген, – 

деді шараны өткізуші Руслан 

Абдрасулин.

Кеш басталмастан бұрын 

әрбір келушіге бауырсақ және 

қымыз таратылды. Соны-

мен қатар ұлттық нақышта 

жасалған банерге әрбір келуші 

естелік суретке түсіп жатты. 

Залға кірген сәтте де, әр 

жерде ұлттық тағамдар және 

қымыз өнімдері қойылған. Бір-

неше сағатқа созылған шара 

барысында жастар арасын-

да «Наурыз» деп кім қатты 

айқайлайды немесе «Кім көп 

бауырсақ жейді» дегендей 

ойындар өткізілді. Әрбір өткен 

байқаудың сыйлықтары да осал 

емес, жеңімпаздарға планшет-

тер табысталды. 

– Өскеменде бірінші рет өтіп 

отырған шарамен өскемендік 

жастарды құттықтаймын. Тек 

бізде өтіп отырған осындай 

 

кештер жастардың көпшілігіне 



сергек көңіл-күй сыйлай-

ды деп ойлаймын. Жастарға 

 

ерекше көңіл бөліп, шараларды 



өткізуге түрткі болып отырған 

қала әкімдігіне алғысымды біл-

діремін, – деді қала тұрғыны 

Абылай Шакерханов. 

Айдана Аумадиева

Ұ

лыстың ұлы күні 



қарсаңында Ахат Күленов 

атындағы кентте «Сапа» жеке-

меншік медорталығының ашы-

лу рәсімі өтті. 

Салтанатты рәсімге қала 

әкімі Темірбек Қасымжанов 

арнайы келіп қатысып, 

орталықтың жұмысына 

сәттілік тіледі.

– Құрметті өскемендіктер! 

Нысанның Әз-Наурыз 

мерекесі қарсаңында 

ашылуының өзі көңілімізге 

қуаныш ұялатады. Осы-

нау мереке аясын-

да қаламызда көптеген 

әлеуметтік нысандардың 

ашылу рәсімдері өткізілуде, 

солардың бірі бүгінгі 

ашылып отырған «Сапа» 

медициналық орталығы 

Куленовка кентінің 

тұрғындарына сапалы 

қызмет көрсетеді деген 

сенімдемін, – деді қала әкімі 

Темірбек Қасымжанов.  

Облыс және қала 

қолдауының арқасында 

есігін айқара ашқан 

медорталық, әлеуметтік 

маңызы зор нысандардың 

бірі. Орталық рес-

ми түрдегі жұмысын 1 

сәуірден бастағанмен, 

қазірден бастап аталған 

кент тұрғындары терапевт 

маманның қабылдауына 

бара алады. Сонымен қатар, 

емделу орталығында тера-

певт дәрігерден басқа бала-

лар дәрігері, травматолог, 

ортопед, УДТ, тіс дәрігері, 

аллерголог, ЛОР бөлімдері 

халыққа қызмет көрсететін 

болады. 

Медициналық кешен 

толықтай озық технология-

мен қамтылған. Мұндағы ма-

мандар кент тұрғындарынан 

басқа, жақын маңдағы 

ауыл халқына да қызмет 

көрсетеді. Дәрігерлердің 

дені жоғарғы санатты, өз 

істерінің кәсіби шеберлері. 

– Жаңа құрылғылармен 

жұмыс жасаудамыз. Бұлар 

негізінен эндо-видео 

қондырғы деп аталады. Сол 

арқылы мұрын қуыстарын 

үлкейтіп, экранда көрсетеді. 

Бұл бізге дәл диагноз қоюға 

үлкен септігін тигізеді, – 

деді ЛОР дәрігері Ержан 

Сапарғалиев. 

Аталмыш мекемені ашу-

ды қолға алған жас кәсіпкер 

«Бизнестің жол карта-

сы - 2020» мемлекеттік 

бағдарламасы аясында 

өңірлік «Даму» қоры арқылы 

20 миллион теңге көлемінде 

несие алған. Бұл қаражат 

орталықтың құрылысы мен 

медициналық құралдарды 

сатып алуға жұмсалған екен. 

Сондай-ақ, алдағы уақытта 

тағы да жаңа жабдықтар 

алынып, мамандардың са-

нын арттыру жоспарда бар 

екендігін мекеме басшысы 

жасырмады. 

– Жаңадан іс бастағысы 

келетін кәсіпкерлерге мем-

лекет тарапынан үлкен 

көмек көрсетілуде. Мен 

де мемлекет қолдауының 

арқасында 20 миллион 

теңге алып, өз кәсібімді аш-

тым. Қазіргі күні онда 15 

адам қызмет жасайды. Ке-

лешекте олардың санын екі 

есеге көбейту жоспарда бар, 

– деді «Сапа» ЖШС дирек-

торы Ғафур Нұрасыл. 

Емдеу орталығы ашылды

Белсенді 

жастардың сайысы

Елжан Қайырханов

 

Ж

ақында Өскемен қаласы Жастар орталығының 



ұйымдастыруымен қалалық полиция 

қызметкерлерімен бірлескен студенттік топ 

мүшелері арасында мини-футболдан сайыс өтті. 

Жалпы саны 3 күнге созылған ойын Нау-

рыз мерекесінің қарсаңында өтіп отыр. Бір-

неше күнге созылған сайысқа жалпы саны 

оннан астам білім ошақтарының атынан ко-

мандалар қатысып, өзара жеңімпаздарды 

анықтады. 

Жарысқа қатысушыларды келе жатқан 

Наурыз мерекесімен құттықтап, сай-

ыста сәттілік тілеген қалалық жастар 

орталығының бөлім меңгерушісі Сы-

рым Бектасұлының айтуынша, аталмыш 

ойындардың мақсаты – жастардың ара-

сында футбол ойынын дамытып, студенттік 

топтармен байланысты нығайта түсу. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні сту-

денттік топтар тәртіп сақшыларымен бірлесе 

жұмыс істеуде белсенділік танытып, құқық 

бұзушылықтарды және шағын қылмыстарды 

ашуда көмектерін тигізіп келеді.

ТУРНИР

ЖИЫН


Тұрғындармен кездесу

Әсел Бұлғымбаева

«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірін-

ші орынбасары Екібасова Майраш Шайзадақызы 

«Защита» шағын ауданының тұрғындарымен 

кездесу өткізіп, алдағы уақытта іске асатын 

жұмыстар жайында сөз етті.

Кездесуге жиналған ауданның тұрғындары 

өздерін мазалаған  бірқатар сұрақтарға жа-

уап алып, болашақта жасалатын жұмыстар 

жайына қанық болды. 

–«Защита» шағын ауданы қаладағы 

өркендеп келе жатқан шағын аймақтардың 

қатарында. Біз сіздермен барлық 

сұрақтарды, мәселелерді бірге шешіп 

келеміз. Осы кездесу аясында сіздер-

ді көктем мерекесімен құттықтаймын! 

Әрқашан бізбен бірге болып, ауданның 

дамуы жолындағы бірлесе жасап жатқан 

жұмыстарыңыз үшін алғысым шексіз. 

Алдағы уақытта да бір жеңнен қол шығарып 

жұмыс жасайтынымызға сенемін, - деді 

кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы 

қалалық филиалының бірінші орынбасары 

Майраш Шайзадақызы. 

Кездесуде көптен бері шешімі табыл-

май келе жатқан сұрақтар да назардан тыс 

қалмады. Көпшілікті алаңдатқан сұрақтың 

бірі бос жүрген жүгенсіз иттер жайында 

болды. Аулада балалар ойнайды, таң атысы-

мен жұмысқа шығатынымыз тағы бар,  иесіз 

жүрген иттерге қандай шара қолдануға бо-

лады деген сауал тастады аудан тұрғыны. 

Сұрақты мұқият тыңдаған басшылар, ар-

найы осы іспен айналысатын бөліммен 

бірігіп мәселені  шешетіндіктерін жеткізді.

Ұлыс күніндегі «Наурыз party»


Өскемен

3

№13 (276)



26.03.2015

ҚАЛА ТЫНЫСЫ

ТУРНИР

МЕРЕКЕ


ЫРЫС

Наурыздағы 

жәрмеңке

Әсел Алтынбекқызы

Н

аурыз мерекесінің құрметіне орай 23-ші 



наурыз күні қаладағы «Дос-Нар» және 

«Fresh-market» сауда орындарында азық-түлік 

тағамдарының жәрмеңкесі болып өтті.

Мұнда қала тұрғындары мен қала 

қонақтарының назарына Қазақстанда 

жасалған отандық азық-түлік өнімдерінің 

сан түрлері ұсынылып, Наурыз мерекесінің 

құрметіне 20 %-ға жеңілдетілген бағамен 

саудаланды. 

–Бүгінгі жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 

өте ыңғайлы, қалтамызға қарай қолайлы 

қойылған. Қыдырып шыққан едім, үйге 

керек-жарақтар алып қайтып бара-

мын. Осындай жәрмеңкелерді  көптеп 

ұйымдастыра берсін. Барлық қала 

тұрғындарын мерекемен құттықтаймын. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - де-

ген ізгі тілегін жеткізді қала тұрғыны Айман 

Құрманқызы.

Жәрмеңкеге жиылған қала тұрғындары 

азық-түлікті қолайлы бағамен сатып алып, 

үйлеріне көңілді тарасты.

«Жұлдызша» III облыстық 

турнирі


Назерке Кәрімова

Ө

скемен қаласының 



Б.Александров атындағы 

спорт сарайында ҰОС жеңісінің 

70 жылдық мерейтойына орай, 

ШҚО мектеп командалары 

арасында шайбалы хоккейден  

«Жұлдызша» III облыстық 

турнирінің ашылуы болып өтті.

Аталмыш шараға ҰОС 

ардагерлері мен спорт ар-

дагерлері қатысты. ШҚО 

әкімінің орынбасары 

Жақсылық Омар қатысушы 

командаларға сәттілік пен 

ойынның қызықты өтуін 

тіледі.

 Мемлекет жасөспірімдер 



мен балалар хоккейін дамы-

ту үшін барлық жағдайды 

жасап жатыр. Мәселен, 

Өскемен қаласының өзінде 

2 хоккей модулі салын-

ды. Қазіргі таңда Риддер 

және Зырян қалаларындағы 

модульдердің құрылыс 

жұмыстары жүргізілуде. 

Өскемен, яғни ШҚО 

 

Қазақстандық хоккейдің 



Отаны болып табылады. Сол 

себепті, біз үшін сіздердің 

жетістіктеріңізді көру 

маңызды,  деді Жақсылық 

Омар.

«Жұлдызша» турнирі «Ал-



тын шайбаның» баламасы 

болып табылады. «Алтын 

шайба» клубының негізін 

қалаушы және төрағасы 

 

үздік жаттықтырушы Ана-



толий Тарасов.   Ауқымды 

балалар турнирінің бірі 

болып табылатын «Ал-

тын шайбаның» қызықты 

тарихы 1964 жылдың 

желтоқсан айынан бастау 

алады.  Кезінде аталмыш 

турнирде З.Билялетдинов, 

В.Мышкин, Б.Александров, 

В.Крутов, В.Фетисов сын-

ды атақты хоккейсттер өнер 

көрсеткен. Сонымен қатар, 

біздің жерлестеріміз де осы 

бүкілсоюздық жарыстарда 

жүлделі орындар иеленгенін 

айта кету керек.

ҚР білім және 

ғылым министрлігінің 

денешынықтыру тәрбиесінің 

ғылыми-тәжірибелік 

орталығы 2000 жылдан ба-

стап аталмыш балалар тур-

нирін жандандырды. Бүгінгі 

таңда «Жұлдызша» жас 

дарындардың үлкен спортқа 

келуіне жолдама беріп, са-

лауатты өмір салтын наси-

хаттауда елеулі үлес қосуда. 

2014 жылдың 

желтоқсанынан 2015 

жылдың наурыз айы 

аралығында қалалар мен ау-

дандарда шайбалы хоккей-

ден «Жұлдызша» іріктеу тур-

нирлері өткізілді. Онда 1173 

бала және жасөспірімнен 

құралған 97 топ қатысты. Ал 

облыстық турнирде ШҚО 

19 командасы бақ сынады.

Турнир қорытындысы 

бойынша, Семей қаласының 

командасы 

жеңімпаз  

атанып, ШҚО білім 

басқармасының мақтау 

қағазы мен алтын ме-

дальмен марапатталды. 

Ал 2-орынды Бородули-

ха қаласының командасы 

 

иеленді.



Наурыз келсе, құт 

келгені ағайын

Айдана Ағламбек 

Н

аурыз - өте көнеден келе жатқан қасиетті 



мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы 

көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына 

айналған бұл мерекенің қай уақыттан бері тойла-

нып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Деген-

мен, қиын-қыстау жылдары ұмыт қалған мереке, 

тәуелсіздік алғаннан соң елімізде жыл сайын кең 

көлемде аталып өтілуде. 

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 

шаһарымыздың барлық аумақтық 

бөлімшелері мен мектептерінде мере-

келік шаралар легі ұйымдастырылып, қала 

тұрғындары үшін концерттік бағдарлама, 

жәрмеңке, спорттық ойындар өткізді. 

Сондай шаралардың бірі 19 наурыз күні 

қаламыздағы №15 орта мектепте «Наурыз 

келсе, құт келгені ағайын» тақырыбында 

аталып өтті. Онда аталмыш мектептің 

оқушылары арнайы дайындаған өнерлерін 

көрсетіп, жиналғандарды әсем әнге бөлеп, 

мың бұралған билерімен тамсандырды. 

Шараны ұйымдастырушылардың ай-

туы бойынша бұл мейрам оқушылардың 

шығармашылықтарын ғана дамытып 

қоймай, қазақтың көнеден бері келе жатқан 

салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын наси-

хаттайды. 

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 70 ЖЫЛ 

Назерке Ахметова

Ж

еңістің 70 жылдығына 



орай «Дегдар» қоғамдық 

қоры ұйымдастырған соғыс 

және еңбек ардагерлеріне 

арналған тегін концерт Өскемен 

қаласында жалғасын тапты. 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мей-

рамымен тұспа-тұс келген атал-

мыш шара өскемендіктер мен 

қала қонақтары үшін мереке 

кезіндегі таптырмас сый болды. 

Металлургтер мәдениет 

сарайына немере-

лерін жетелей келген 

ардагерлердің қарасы көп 

болды. Олар «Астана Опе-

ра» театрының жетекші со-

лисі, Башқұртстанның еңбек 

сіңірген әртісі Альфия Кари-

мова, атақты пианист, Қазақ 

ұлттық өнер академиясының 

профессоры Тимур Орман-

чиев, талантты жас скрип-

кашы Еркебұлан Сапарба-

ев орындаған қазақ, еуро-

па, орыс классикаларының 

жауһарларын тамсана 

тыңдап, үздіксіз қол соқты. 

Концертке келген барша ар-

дагерлерге мерекелік азық-

түлік салынған арнайы дас-

тархан себеті сыйға берілді. 

Бүгінге дейін 3862 ардагерді 

құттықтаған аталмыш жоба 

биылғы жылы 2250 арда-

герді құттықтауды жоспар-

лап отыр.

«Времен связующая 

нить» қайырымдылық жо-

басы «Дегдар» қоғамдық 

қорының қамқорлық 

кеңесінің төрайымы Дариға 

Назарбаеваның бастамасы-

мен қайырымдылық кон-

церттерін 2011 жылдан 

бері өткізіп келеді. Отандық 

классика жұлдыздарының 

қатысуымен республиканың 

ірі қалаларының ең үздік 

мәдени ошақтарында 25 кеш 

өткен. Жеңістің 70 жылдығы 

қарсаңында игі концерт ше-

руін ұйымдастырушылар 

атаулы күнге дейін барлық 

облыс орталықтарын ара-

лап шығуды көздеп отыр.

Шырайлы Шымкенттен 

шұғылалы Шығысқа келген 

жоба 23 наурыз күні Ақтөбе 

қаласында жалғасын тапты. 

Шырайлы Шымкенттен –  

шұғылалы Шығысқа 

Облыс ардагерлеріне арналған қайырымдылық концерті өтті



4

Өскемен


№13 (276)

26.03.2015

ӘЛЕУМЕТ

САЛТАНАТ


КОНЦЕРТ

МЕРЕКЕ


Елжан Қайырханов

 

Н



аурыздың 22 жұлдызында 

алқалы жұрт Наурыз ме-

рекесін салтанатты түрде 

қарсы алды. Олардың ішін-

де өскемендіктер де қалыс 

қалмай, дәстүрлі мерекені 

жандандыра түсті. 

Орталық алаңда өткен 

шарамен қатар, Спорт 

сарайының маңында 

да мерекелік шара 

ұйымдастырылды. Дәл 

осы жерде әртүрлі ме-

кемелер өздерінің нау-

рыз көжелерін әзірлеп, 

келушілерге дәм-ауыз 

тигізді. 

– Бүгінгі қуанышты 

мерекемен барша 

өскемендіктерді және 

шығысқазақстандықтарды 

шын жүректен 

құттықтағым ке-

леді. Осы шараны 

ұйымдастырушыларға да 

алғысым шексіз. Дәстүрлі 

наурыз көжесін әзірлеп, 

келушілерге ұсынуда. На-

урыз көжесінің ішінде 

қанша өнім болса, сіздер-

ге де сонша бақыт, та-

быс және шаттық тілей-

мін, – деді Өскемен 

қаласының тұрғыны Сы-

рым Нұрсадықов. 

Шара тек концерттік 

бағдарламамен тоқталып 

қалмады. Қазақ ойын-

дарынан түрлі сайыс-

тар ұйымдастырылып, 

жастардың назарын 

өздеріне аудара түсті. 

Соның ішінде гір көтеру, 

қол күрес сынды сайы-

стардан қала жастары 

қарап қалмай, өзара мык-

тыларды анықтаумен бол-

ды. 


Наурыз мерекесі тек 

бір-екі күн емес, бірне-

ше күн аталып өтетін ме-

реке. Соның ішінде, қазақ 

халқында «отыз күн ойын, 

қырық күн тойын той-

лады» деген суретте-

ме сөздің өзі осы Нау-

рыз мерекесіне қатысты 

айтылған деп ойлаймын. 

Себебі дәл осы мерекеде 

адамдар арасында барлық 

өкпе-реніш ұмытылуы 

тиіс. Қала тұрғындарын 

мерекемен шын жүректен 

құттықтаймын, – деді сту-

дент Арай Әбдікәрімова. 

Қызығы мен шыжығы 

мол мереке соңында 

жиналған қауымның 

өзі шағын «флеш-моб» 

ұйымдастырды. Атап ай-

тар болсақ, барлығы бір-

дей қара жорға биін билеп, 

өнерлерін ортаға салды. 

Ізгі тілектерін аямады

Наурыз – сезіміңізді 

селт еткізер мейрам

Айдана Аумадиева 

Қ

асиетті наурыз айында жер көгеріп, қысқы 



ұйқыдағы аңдар оянып, барлық тіршілік 

жаңара бастайды. Күн мен түн теңеліп, халық та 

ұзын-сонар суықпен қош айтысады. 

21 наурыз күні қаламыздағы Метал-

лургтер мәдениет сарайының алдындағы 

алаңда Әз-наурыз мерекесі кеңінен ата-

лып өтті. Жиналған халық жеті түрлі 

тағамнан әзірленген наурыз көже мен 

ыстық бауырсақтан дәм татып, ар-

найы ұйымдастырылған концерттік 

бағдарламаны тамашалады. 

Тарихи тамыры тереңге бойлаған 

Ұлыстың ұлы күні ешкім жұмыс істемейді, іс 

бастамайды, ешкімді ренжітпейді, өзі де еш-

кімге ренжімейді. Бұл күні барлық даланы 

Қызыр ата аралайды деп жұртшылық үйінің 

есігін ашып отырады. Жастар үлкен кісілер-

ден бата сұрайды, ал жігіттер қыздарға сый-

сыяпат жасайды. Ренжіскендер бір-бірінен 

кешірім сұрап, татуласады. 

Еліміз егемендігін алғаннан бастап, Әз-

Наурыз мерекесі жыл сайын ауқымды 

түрде тойланып келеді. Дегенмен, мере-

кеміз көбінде концерт тамашалап, нау-

рыз көжеден ауыз тиюмен аяқталады. 

Ал, ұйқыңды ашып, сезіміңді селт еткі-

зетін ата-бабаларымыздан қалған дәстүрді 

жаңғыртсақ нұр үстіне нұр болатын еді.  

Назерке Ахметова

Ж

ылдағы дәстүрінен 



таймай биылғы жылы 

да қаламызда Наурыз мере-

кесі кең көлемде аталынып 

өтті. Білім ошақтарында 

түрлі мерекелік концерттер 

ұйымдастырылды. Соның 

бірі «Наурыз – достық мере-

кесі» атауымен қаламыздағы 

№1 балалар музыкалық мек-

тебінде жалғасын тапты. 

140 оқушы қатысқан 

мерекелік концерт бары-

сында ән де айтылды, күй 

де тартылды, би де билен-

ді. Бұл жолғы мейрамның 

ерекшелігі ата-аналар 

қауымы балаларымен бір 

сахнада өнер көрсетті. 

Бірі Қыдыр ата болып, 

бата берсе, енді бірі шашу 

шашты. Бүлдіршіндердің 

өнерлерін тамашалап от-

ырып, аталмыш білім 

ордасы Наурыз мейра-

мын жыл сайын дәстүрлі 

түрде үлкен дайындықпен 

қарсы алатынына көз 

жеткіздік.

– Шағын аудан 

тұрғындары мен ата-

аналарға, сондай-ақ, 

«Үлбі» орталығындағы 

жарымжан балаларға ар-

нап мейрам қарсаңында 

оқушыларымыз мере-

келік концерт ұсынады. 

Басты мақсатымыз 

қазақтың мәдениетін, 

салт-дәстүрін өскелең 

ұрпақтың бойына 

сіңіру. Ол, әрине, му-

зыка арқылы, – деген 

№1 балалар музыкалық 

мектебінің директо-

ры Елена Щеглова бар-

ша қазақстандықтарды 

Ұлыстың ұлы күнімен 

құттықтап, бейбіт күн 

тіледі. 

Биылғы жылғы кон-

церт те өз ерекшелігімен 

өтті. Сахнада мектеп 

оқушыларынан құралған 

ансамбльдер мен ұстаздар 

қауымы өнер көрсетті. 

Мерекелік концерттің 

шымылдығын домбы-

рашылардан құралған 

«Қарлығаш» ансамблі 

түрді. Ал Евгения Лож-

кина жетекшілік ететін 

балалардан құралған 

«Алау» хоры «Наурыз» 

әнін шырқап, мерекелік 

кештің көрігін қыздыра 

түсті. 50-ден астам бала 

өнер көрсететін бұл ан-

самбль қаламызда өтетін 

түрлі шаралардың бел-

сенді қатысушысы. 

– Мектебімізде жыл 

сайын Наурыз мерекесін 

кең көлемде атап өтеміз. 

Өнерімізді тамашалуға 

келген қонақтарымызға 

көтеріңкі көңілкүй 

сыйлауға тырысамыз 

және оларға есігіміз 

әрдайым ашық, – дей-

ді келешекте әнші болу-

ды армандайтын 9-сынып 

оқушысы Анел Исина.

Концерт барысында 

өнер көрсеткен «Кара-

мель» би ансамблі, шек-

ті аспаптардан құралған 

«Жұлдыздар» ансам-

блі, «Акцент», «Конфет-

ти» вокалдық топтары, 

үрмелі аспаптар дуэті 

классикалық музыканың 

жауһарларын, джаз және 

эстрадалық композиция- 

ларды орындады. Ме-

рекелік кештің соңы 

барлық шығармашылық 

ұжымның орындауын-

дағы Наурыз мейрамы-

на арналған әсем әнмен 

қорытындыланды. Кон-

церт көруге келген 

халық үздіксіз қол соғып, 

бүлдіршіндердің өнеріне 

ризашылықтарын біл-

діріп тарқасты.    

Ұлыстың ұлы күніне өнерлі бүлдіршіндердің тартуы

САЙЫС

Елжан Қуанышұлы



 

Н

аурыз айының 22 



жұлдызында Өскемен 

қаласында «Жайдарман» 

ойындарының қалалық 

лигасының 1/8 финалдық 

ойындары болып өтті. 

Соңғы бірер жылда 

қала жастарын өзіне тар-

тып үлгерген «Жайдар-

ман» ойындарына бұл 

жолы келушілердің де саны 

аз болмады. Жалпы саны 

14 команда қатысқан әзіл 

ойынының тақырыбы да 

ауқымды. 

Жалпы бүгінгі жайдарман 

ойыны өте жоғары дәрежеде 

өтті деп айта аламын. Себе-

бі қатысқан командалардың 

саны да, сапасы да көңілге 

қонымды болды. Әрбір 

қойылған әзілдің өзінде, 

көрермендерге жақсы әсер 

сыйлап үлгерді. Ағымдағы 

жылы өтіп отырған ойын 

«Тарих» тақырыбында 

болып отыр. Дегенмен, 

бүгінгі мереке, «Наурыз» 

мерекесінің қарсаңында 

да ұлттық-дәстүрлер тура-

лы әзілдер қойылды, – деді 

«Жайдарман» ойындарының 

Шығыс Қазақстан облысы 

бойынша филиал директо-

ры Сейфолла Бердімұрат. 

Өткен ойын бойын-

ша, келесі 1/4 финалға 

10 команда іріктелініп 

алды. Олардан бөлек, 4 

команда резервте тұр. 

Ұйымдастырушылардың 

айтуы бойынша, 2 команда 

резервтен келесі финалдық 

ойынға жолдама ала алады. 

Сонымен қатар, «Наурыз» 

мерекесінің қарсаңында 

өтіп отырғандықтан, «На-

урыз кубогі» сайысы ой-

натылды. Аталмыш мере-

ке бойынша орынды әзіл 

көрсетіп, көрерменіне күлкі 

сыйлай алған «Қамажай» 

жайдарман тобы мерекелік 

кубогті қанжығаларына 

байлап қайтты. 

Тарихты тербеткен жайдарман


Өскемен

5

№13 (276)



26.03.2015

ҚОҒАМ


МЕРЕКЕ

Әсел Алтынбекқызы

Ш

уақты көктеммен қатар ке-



летін Ұлыстың ұлы күні – Нау-

рыз мерекесі ежелден келе жатқан 

көктем мезгілінде тойланатын мей-

рам. Бұл мереке ырыстың, береке 

мен молшылықтың, бірліктің, бей-

бітшілік пен көктемгі жаңғырудың 

мерекесі, ол әрбір қазақстандық 

үшін қымбат. Қоғамда бейбітшілік-

ті, келісімді, достықты нығайтуда 

бұл мерекенің атқарар рөлі ерекше.

Шығыс күнтізбесі бойын-

ша Наурыз Жаңа жылдың 

басталғандығын білдіреді 

және көктемгі күн мен 

түннің теңесуімен дәл келеді. 

Халқымыздың тұрмысында, 

әдет-ғұрпында ерекше орын 

алатын, ертеден-ақ мереке-

леніп келе жатқан мейрамның 

бірі болып табылады. Қардың 

еріп, көктің шыға бастайтын бұл 

кезді жұртшылық қуана қарсы 

алады. Мал төлдеп, шаруаның 

арқасы кеңіп, бала-шағаның, 

жалпы үлкен мен кішінің аузы 

аққа тиіп, бәрі зор қуанышқа ие 

болады. Сондықтан да бұл күн 

«Ұлыстың ұлы күні» деп аталған. 

Наурызда туған-туыс, дос-жа-

ран бас қосып береке-бір-

лік, ынтымақ-жарастық тіле-

седі. Өкпе-наздарын кешіреді. 

Өйткені, бұл мейрам ақтың 

молаятын, күннің ұзаратын, 

тіршіліктің жаңаратын, өмірдің 

жаңғыратын, пейілдің түзелетін, 

көңілдің кеңитін кезеңнің бас-

тамасы. Самарқанның көк 

тасы еріп, тіршілік атаулыға 

жылулық әкелетін молшылық 

мейрамын 22-наурыз күні 

өскемендіктер де кең ауқымда 

атап өтті. 

Бұл күні дүбірлі той, ақ 

түйенің қарны жарылған күні 

алаңда қаз-қатар тігілген киіз 

үйлер, алтыбақан, қазақша 

күрес, наурыз көже барлығы да 

келген қонақтарды қазақтың 

кең жайлауына жетелегендей 

болды. Таң атқаннан алаңға 

жиналған халықтың қарасы 

қалың. Жұрт бар жақсысын 

киіп, ауыл аралап, бір-біріне 

жақсы тілектер айтуда. 

– Ұлыстың ұлы күнімен 

сіздерді шын жүректен 

құттықтаймын! Әз-Наурыз – 

жаңару мен бейбітшіліктің, із-

гілік пен мейірімнің мерекесі. 

Тамырын тереңнен тартқан бұл 

мейрам береке мен татулықты 

нығайтып, риясыз қуанышқа 

кенелте берсін.  Ұлтымыздың 

мерейін өсіріп, бар болмысы-

мызды айшықтайтын қасиетті 

Наурыз жасампаздықтың 

жарқын жолымен жүріп келе 

жатқан елімізге жаңа жетістік-

тер, әр шаңыраққа ынтымақ 

пен шаттық, бақыт пен 

молшылық әкелсін, – деген 

құттықтауын Шығыс Қазақстан 

облысы әкімі Даниал Ахметов 

қала тұрғындарына жеткізді.

Қаз-қатар жасау-жабдығы 

келiсіп тігілген 15-тен астам 

ақшаңқан киіз үйлер қазақтың 

кербез сәні мен салтанатының 

айғағындай. Қайсы шаңыраққа 

бас сұқсаңыз да әсем әннен 

шашу шашылып, күй төгiлуде. 

«Жақсыны көрмек үшiн» де-

гендей, «Наурыз ауыл» көрер 

көздi сүйсiндiрдi. Негiзiнде 

жыл басының астарында «Нау-

рызда жақсы атаулының бәрiн 

халыққа көрсетiп, ұсынады» де-

ген түсiнiк қалыптасқан. Осыған 

орай әрбiр киiз үйдiң жасауы 

да өз ерекшелiгiмен бiр-бiрi-

нен үстем түскiсi келгендей 

бар жақсысын жайып салыпты. 

Ұйымдастырушылар қазақтың 

алты қанат ақ боз киіз үйлерін 

қазақтың әсем ою өрнектері 

салынған текеметтер және 

түскиіздері мен үй ішін безен-

діріп, дала өркениетін көрсетуге 

тырысқан. Наурыз мейрамына 

жиналған жұртшылық киіз үй 

ішіне және сыртына қойылған 

қолөнер шеберлері мен 

суретшілердің өнер туындыла-

рын да қызықтап жатты.   

– Бүгінгі мереке өте жоғары 

деңгейде тойланып жатыр. От-

басыммен алаңдағы концерт-

ті тамашалаудамыз. Барлық 

өскемендіктерді Жаңа жылмен 

құттықтаймын. Елімізде үнемі 

тыныштық пен береке-бірлік 

болсын, – деді қала тұрғыны 

Ерлан Жұмағалиев.

Көктемгі бірлік және өзара 

түсінушілік мейрамына Ұлы 

Отан соғысының ардагерлері, 

зейнеткерлер, жасы үлкен 

қариялар арнайы шақырылған. 

Қонақтар тек мейрам жөнінде 

ғана емес, қазақтың салт-

дәстүрлерін, ұлттық тағамдары 

жөнінде білуімен шектелмей, 

киіз үйдегі бай дастарханнан 

дәм татты. Наурыз дастарха-

нында көпшілік наурыз – көже, 

шұбат, қымыз, қазы-қарта, 

құрт, сүзбе, ірімшік және тағы 

басқа да ұлттық тағамдардан 

ауыз тиді. 

Театрландырылған көріністен 

бастау алған мерекеде қала 

тұрғындары түрлі спорттық 

сайыстарда да бақ сынасып, 

бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Сонымен қатар ағаш шеберлері 

де ағаштан мүсін жасап, қалаға 

сый-тарту жасады. Кешкілік 

уақытта мереке алаңдағы би 

кешіне ұласып, соңынан қаланы 

ғажайыпқа бөлеген түрлі  отша-

шумен аяқталды. 

Әз-Наурыз айрықша тойланды!


6

Өскемен


№13 (276)

26.03.2015

БІЛІМ

МЕРЕКЕ


ДӘСТҮР

Наурыз - бұл ежелгі дәстүр 

бойынша Жаңа жылдың баста-

луы ғана емес, бұл сонымен бір-

ге таңғажайып көктем мерекесі, 

табиғаттың қайта түлеп, қайта 

жаңғыруы. Өскемен қаласы 

бойынша №6 «Күншуақ» КМҚК 

балабақшасы «Балдырған» 

тобының балаларының 

ертеңгіліктері жаныңызды күн 

нұрындай жарқыратып, ал 

көңілдеріңізді мейірімділік пен 

махаббат сезімдеріне толты-

рады! Ертеңгілік кең ауқымды 

өтті. Ертеңгілік мақсаты 

өскелең ұрпаққа Наурыз мей-

рамы туралы кеңінен түсіндіріп, 

ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет-

ғұрпын құрметтеуге үйрету.

Балабақша тәрбиешілерімен 

ұйымдастырылып өткен іс-

шараға бал тілді бүлдіршіндер 

мен қатар олардың ата-ана-

лары да белсене ат салысты. 

Ортаға шыққан өрендер ай-

тыс шумақтарын жатқа айтты. 

Тәрбиешінің ұйымдастыруымен 

«Тұсаукесер» рәсімін топтағы 

балалардың өздері көрсетті. 

Топ тәрбиеленушілері 

өнерлерін қазақтың биі, 

ән-жырымен қазақи салт 

дәстүрлерімен, көрініс 

қойылып, ұлттық ойындар-

ды көрсете білді. Атап айтсақ: 

«Қыз қуу», «Асық көздеу», 

«Арқан тарту». Балалар ара-

сында айтыс ұйымдастырылып, 

балалардың тілінің байлығы, 

сөз табу шеберлігі байқалды. 

Бұл ақ түйенің қарны жарылған 

күні балалар қуанышқа кенелді.

Наурыз мерекесі бала-

лар көңіліне үлкен қуаныш, 

шаттық сыйлады. Ата-

аналарға қазақтың ұлттық 

тағамдары, елдігімізді таныта-

тын ас түрлерінен дастархан 

жайылды. Жеткіншектерімізге 

ұлттық тәрбие беріп, еліміздің 

болашағы жолында саналы 

тәртіп, сапалы білім берудегі 

қажырлы еңбектеріне рахмет 

айта отырып, осы балабақша 

басшылығына, Жәнібекова 

Тілеукеш Ысқақызына  және 

тәрбиешілеріне Мамырбаева 

А.Т., Абаужүнісова А.О. сондай-

ақ балабақшаның барлық 

ұжымына шексіз алғысымызды 

айтамыз. Сіздердің қазақ 

елінің ертеңі үшін жасап 

жатқан еңбектеріңіз жеңісті, 

жеңістеріңіз жемісті бола бер-

сін! Наурыз мерекесі құтты бо-

лып, денсаулықтарыңыз зор, 

табыстарыңыз мол болсын де-

гіміз келеді. 

Құрметпен «Балдырған» тобының 

ата-аналары.

Біздің салт-дәстүріміз 

сонау көне заман-

да қалыптасқан. Күні 

бүгінге дейін мән маңызын 

жоймаған мерекенің бірі 

– Наурыз мейрамы. Ол 

дәстүр-салтымыз бен ойын-

сауығымыздың бәрі де тегіс 

қамтылған жыр-думан.

Наурыз – парсы сөзі. Нау-

рыз шығыс халықтарының 

қадамы, күн парағының 

 

жаңа жылы. Ол табиғат тір-



шілігінде қайыра баста-

латын, жаңарған, қайыра 

түлеу, көктем мерекесі. Нау-

рыз шын мәнінде халықтың, 

еңбектің мерекесі. Көл-көсір 

қуаныш пен шаттыққа толы  

келер күнге үміт арқалаған 

жасару мерекесі.

Жалпы Наурыз мейра-

мы амандасу-сәлемдесу 

рәсімдерінен, адамдардың 

бір-біріне тілек айтуынан 

 

басталады. Ерлер бір-



бірімен қос қолдап аман-

дасып, төс қағыстырып, 

әйелдер мен ерлер құшақ 

жайып амандасып, «Ұлыс 

оң болсын, ақ мол бол-

сын!», «Ұлыс береке бер-

сін, жамандық жерге ен-

сін!» деген тілектер айтыла-

ды. Қазақ халқы арасында 

қалыптасқан салт-дәстүр 

негізінде Ұлыс күні жеті түрлі 

тағам қосылған – соғымнан 

қалған сүр ет, сүт, езілген 

құрт, бидай ( тары, күріш) 

су, тұз дәстүрі,  ұн қосып, 

қазан толы наурыз көже 

пісіріледі. Қазақ ұғымында 

жеті саны тұрақтылық пен 

ақылдылықтың символы 

болып саналады. Әр үйдің 

дастарханына ақтан – сүт 

тағамдары, қызылдан – ет 

тағамдары, көк ырыстан-

дән тағамдары мен же-

міс-жидектен жеті түрлі 

дәм қойылады. Қазақтың 

этикалық дәстүрі бойын-

ша, қойдың басын ауыл 

ақсақалына ұстатады. Жал-

пы, халық наурыз көжені 

тойып ішеді. Көже ішіліп 

болған соң, жиынның 

төрағасы қолын жайып бата 

береді.


Өзге халық сияқты, қазақ 

елінің де бала тәрбиесі 

жөнінде атам заманнан 

бергі жиып-терген мол 

тәжірибесі бар. Адам жарық 

дүниеге келген күннен бас-

тап, оның есейіп, қартайып, 

о дүниеге аттанып кет-

кенге дейінгі өмірі мен 

іс-әрекеті, басқалармен 

қарым-қатынасы атаулы-

ның барлығы-салт-дәстүр- 

лерден өзекті орын алып, 

адамның дүниетану 

 

көзқарасын қалыптасты-



ратын тәрбие мектебі. Өз 

ұрпағының «сегіз қырлы, бір 

сырлы» өнерлі, өнегелі бо-

лып өсуін мақсат еткен ата-

бабамыз өз бойындағы бар 

асыл қасиеттерін әлденеше 

ғасырлар бойы насихаттап 

келеді. Халықтың шілде-

хана, баланы бесікке салу, 

қыз ұзату сияқты дәстүрлі 

жиындарында марапат-

талып келеді. Сол арқылы 

көпшілік қауымға, әсіресе 

жастарға өнеге айту, тәлім 

тәрбие беру көзделеді.

Біздің шағын орталықта 

мемлекеттік тілді, салт-

дәстүрді үйрету –негізгі 

оқыту бағыттарының бірі. 

Бұл бағытта көптеген игі 

шаралар іске асырылуда. 

Мерекелерге қарай шағын 

орталықтағы топтарда 

ұлттық салт-дәстүрлердің 

элементтерімен танысты-

ру мақсатында  «Қыз сыны» 

«Жігіт сұлтаны» «Менің от-

басым» сайыстары өткізілді.

Ұлыстың ұлы күні 

қарсаңында шағын 

орталықтың  үш тобын бірік-

тіріп мерекелік ертеңгілік 

өткізілді. Наурыз мерекесін 

өткізгенде балаларға Нау-

рыз туралы түсінік бере-

міз. Ойлау қабілетін дамы-

тып, граматикалық жүйелі 

сөйлеуге, мерекелік көңіл 

көтеруге, елге, жерге деген 

сүйіспеншілігін арттыруға, 

салт-дәстүрді құрметтеуге 

тәрбиелейміз. Мысалы, Нау- 

рыз мерекесінде бесікке 

салу, тұсау кесу, атқа мін-

гізу және т.б.дәстүрлер 

көрсетіледі.

Қазақ халқының көп жыл-

дар бойы атадан балаға 

мұра болып келе жатқан 

салт-дәстүрдің бірі – ба-

ланы  бесікке салу рәсімі. 

Бала туылғаннан кейін бір-

неше күннен кейін баланың 

ата-анасы баланы бесікке 

салу рәсімін жасайды. Бесік-

ті баланың анасының туыс-

тары жасап әкеледі. Бесікке 

баланы көп балалы аналарға 

салғызады. Бесікті алдымен 

тіл көзден,жаманшылықтан 

аластап алады,содан кейін 

ғана баланың көрпе жастығын 

салып,баланы жатқызып бес-

ікке бөлейді. Бесіктің бас 

жағына тұмар ілінеді.Бесікке 

бөленген баланың бойы таза, 

денсаулығы да жақсы болады 

және жылы жатады. Бесіктің 

ортасында шүмегі-дәретке 

отыратын жері болады. Бесік 

жыры айтылады. Бесіктойға 

келген қонақтарға шашу ша-

шылады.

Біздің шағын орталықтағы 



өткізілген  мерекелік іс ша-

раларда қазақтың ұлттық 

ойындары кеңінен пайдала-

нылады. Өйткені балаларға 

ұлттық ойындардың 

түрлері өте көп, ата-

бабаларымыздың әртүрлі 

той жиындардың ұлттық 

ойындарсыз өтпегенін 

түсіндіру және де бала-

ларды ұлттық ойындар 

арқылы шапшаңдыққа, 

ептілікке, жылдамдыққа 

үйрету – біздің алға қойған 

мақсатымыздың бірі  болып 

табылады.

Біздің ата-бабаларымыз 

ұлттық ойындармен сусын-

дап өскен. Ұлттық ойындар-

сыз ешқандай той өтпеген.

Ұлттық ойындардың түрлері 

өте көп. Мысалы: «Қыз қуу», 

«Арқан тартыс», «Көкпар», 

«Хан талапай», «Аударыспақ», 

«Сақина салмақ», 

«Алтыбақан» және т.б.

Күлімдеген шуақты 

көктеммен бірге қазақ да-

ласына жаңа жыл келді.Әр 

адам келер жылдан үлкен 

үміт күтіп,оны тілекпен,ақ 

ниетпен қарсы алады. Ұлы 

мерекелеріңізбен  құттықтай  

отырып, дендеріңізге 

денсаулық, жанұяларыңызға 

бақыт, еңбектеріңізге табыс 

тілейміз! Ұлы мереке сіздер-

ге бақыт сыйласын!

Исанова Шұғыла Жанатқызы,

Өскемен қаласы әкімдігінің 

«№6 орта мектеп» КММ–нің 

шағын орталық әдіскері

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Зерделеу орталығы 

ашылды

Н

аурыз мерекесінің қарсаңында Болгариядағы 



София университетінің Шығыс тілдері мен 

мәдениеті орталығында Қазақ тілі және Қазақстан 

тарихы мен мәдениетін зерделеу орталығының 

салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара шеңберінде Қазақстанның 

Болгариядағы дипломатиялық 

миссиясының басшысы Теміртай Ізбас-

тин және София университетінің ректо-

ры И. Илчев Қазақстанның Болгариядағы 

дипломатиялық миссиясы және София уни-

верситеті арасындағы өзара түсіністік тура-

лы меморандумға қол қойды. Меморандум 

қазақ және болгар тараптарына мәдениет, 

ғылым және білім беру саласындағы 

ынтымақтастықты одан әрі дамытуға 

мүмкіндік береді.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуды Еуропа-

да алғаш рет болгар түріктанушысы 

Емил Боев София университетінің 

академиялық бағдарламасына енгізген. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның Болгариядағы 

дипломатиялық миссиясы мен Құрметті 

консулдігінің күш-жігерлерінің арқасында, 

София университетінің қолдауымен, Қазақ 

тілі орталығы жөнделіп, қазақ тілін үйренетін 

студенттер үшін заманауи жабдықпен және 

оқұ құралдарымен қамсыздандырылды.

Іс-шара қонақтары ішінде Қазақстан аза-

маттары және диаспора өкілдері, шет мем-

лекеттер дипломатиялық өкілдіктерінің бас-

шылары, депутаттар, Болгарияның баспасөз, 

академиялық және қоғамдық орталарының 

өкілдері болды.

ҚЫСҚАША


Турнирге жолдама 

алды


2

015 жылдың 15 наурызында Өскемен 

қаласындағы  «Жекпе-жек» сарайында 

ҚСРО спорт шебері В.Б. Поликанинді еске алуға  

арналған дзюдо спорты бойынша  жасөспірім 

ұлдар мен қыздар арасындағы  ашық  облыстық 

турнир өтті. 

Балалар ауылы тәрбиеленушісі Кото-

ва Анастасия 63 кг салмақ категориясы 

бойынша жүлделі 1 орынға ие болды. Настя, 

Шығыс Қазақстан облысы атынан  команда  

құрамында Талдықорған қаласында өтетін 

дзюдо спорты бойынша республикалық 

 

турнирге  жолдама алды.



“Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!”

Өскемен

7

№13 (276)



26.03.2015

ТАРАЗЫ


ӨЗЕКТІ

Елжан Қайырханов

 

С

алт-дәстүрден жұрдай халық 



болмағасын, ата-бабалары-

мыздан мұра ретінде, ауыздан-

ауызға беріліп келе жатқан 

болжамдар да жетерлік. Деген-

мен, бүгінгі күні ғылыми техни-

ка, нанотехнологияның түр-түрі 

пайда болғандықтан, ауа райын 

болжаудың да әдістері көбейе 

түсті. Алайда, ескі ауа райы 

күнтізбесі қаншалықты шындыққа 

жанасады?

Ауа райын қалай  

болжауға болады?

Қазақ халқы дана халық 

болса да, ауа райын болжай 

білген. Әсіресе түнгі уақытта 

айға қарап, келер күннің 

қаншалықты қолайлы болаты-

нын болжаған. 

Күлаш Әбілмәжінова 

сексеннің сеңгіріне шыққан 

ауыл қарттарының бірі. Де-

генмен, бүгінгі күні немере-

шөберелеріне білгенімен 

бөлісіп, салт-дәстүрлерді 

сақтап келеді. Соның бірі, айға 

қарап, ауа райын болжау әдісі. 

– Балалық шағымызда біз 

жиі түнгі уақытта айға қарап, 

келер күннің қандай бола-

тынын болжап жарысатын-

быз. Мысалы, егер жарты ай 

шығып, ол жатқан жағдайда

«айға қолайлы, ал адамдарға 

қолайсыз болады» деген бол-

жам болған. Яғни, ауылымызда 

көбінесе егін шаруашылығымен 

айналысқандықтан, мамыр-ма-

усымда жаңбыр аз болса, ал 

шілде, тамыз жаңбырлы бол-

са деп армандайтынбыз. Ол 

кездері теледидар немесе ра-

дио болмады. Сондықтан, тіке-

лей дәстүрлі әдістерге сенуге 

тура келетін. Ал егер «жарты 

ай тұрып тұрса, айға қолайсыз, 

сондықтан келер күн ойдағыдай 

болады» деп екінші бір болжам 

жасап қоятынбыз, – деді Күләш 

Әбілмәжінова. 

Егер тарихи деректерге 

сүйенетін болсақ, аталған әдісті 

көбінесе Ассирия және Урарту 

елдерінде қолданған. Дегенмен, 

олардың болжамдары керісін-

ше, яғни «ай тұрса келер күн 

сәтсіз, ай жатса, келер күн сәтті 

өтеді» деп болжам жасаған. 

Көпшіліктің айтуы бойын-

ша, бұның барлығы, ежелгі ел 

халықтарының өздерімен аспан 

денелерін байланыстырудан 

шыққан. 

Ақ жаулықты әжей тағы бір 

әдісті айтып өтті. Әсіресе жазғы 

уақытта, жаңбыр боларын білу 

сондай қиын емес. 

– Біздің ауылда қарлығаш 

өте көп болды. Егер қарлығаш 

төмен, жер бетімен ұшып 

жүрсе, онда жуық арада 

нөсер жаңбыр жауады. Біз 

егер қарлығаштың жерден 

ұшатынын байқап, жаңбыр бас-

талады деп қамдана бастай-

тынбыз. Бертінгі уақытта ой-

лап отырсам, ол әдіс шындыққа 

жанасады екен. Себебі, нөсер 

жаңбырдың алдында, ауа ылғал 

болып, тымырсып ыстық бо-

лып кететін. Менің ойым-

ша, осы ылғалдан шыбын-

шіркейдің қанаты дымданады. 

Олар төмен ұшқандықтан, шы-

бын-шіркеймен қоректенетін 

қарлығашта төмен ұшады. 

Сондықтан, осындай болжам 

жасаған болуымыз керек, – 

деді ақжаулықты әжей Күләш 

Әбілмәжінова. 

Дәстүр мен діннің тығыз 

байланысты болып келетін-

дігі сөзсіз. Бірақ, көп жағдайда, 

әсіресе жастар тарапы дін-

ге сенсе де, дәстүрлі әдістерге 

көптеп сенбейтіндігін жет-

кізді. 

– Мысалы, ауа райын бол-



жау жайлы немесе оған 

қарап болжам жасау тура-

лы ешқандай әдеби кітап, 

шығармалар жоқ. Оның 

барлығын ата-әжелерден 

сұрап алу қажет. Бірақ, есте 

сақтаудың өзі мүмкін емес 

деп ойлаймын. Қазіргі таңда 

ғаламтор барлық жер-

де бар. Қолымызда болса, 

ұялы телефондар әрдайым 

жүреді. Сондықтан, тіке-

лей ғаламторға шығып, біле 

салған әлдеқайда жеңіл деп 

ойлаймын. Оның үстіне, ал-

дын-ала жасалған кез-келген 

болжамға сенбеймін. Оның 

барлығы кездейсоқтық бо-

луы мүмкін, – деді студент 

 

Аяулым Арынғожина. 



Болжам: орыс халқының 

 

болжамы бойынша, 14 наурыз 



күні «Торғай су ішетін» немесе 

«Торғай суға шомылатын күн» 

деген атқа лайық болған. Яғни, 

ескі күнтізбе бойынша, бұл күн 

«ескі көктем» деп аталып, күн 

жылу қажет. Егер дәл осы күні 

торғай жылғалардан су ішіп, 

шомылған жағдайда, күн жы-

лиды. Ал егер ол күн салқын 

болса, онда қатарынан келер 

40 күн суық болып, көктем кеш 

келмек. Дәл осы болжамға се-

нер болсақ, Өскемен қаласында 

қар борап, салқын ауа сезілген 

еді.  

Бау-бақша күнтізбесі қандай?



Қарттар, соның ішінде бау-

бақша күтімін ұнататын әжелер 

бау-бақша күнтізбесін құруда 

алдына жан салмайды. Әсіресе, 

олардың әр жеміске арнап 

қойған уақыттары айтуларын-

ша ешқашан алдаған емес. 

Өскемен қаласында саяжай-

лар аз емес. Әжелеріміздің 

сөзіне сенер болсақ, әсіресе, 

қаладағы күйбелең тіршілік-

тен гөрі, таза ауада берері мол 

іспен айналысудың өзі үлкен 

рахатқа бөлейді.

Соның ішінде, әр жемісті 

отырғызу, суғару және жи-

нап алудың өз әдіс-тәсілдері 

бар. Бұл жайлы Жаңа Ахмер 

кентінің тұрғыны Оксана Хри-

щкова түсіндіріп берді. 

– Жеміс-жидек, көкөністерді 

салған уақытта, белгілі бір 

мерзімді байқаған дұрыс. Се-

бебі егер бірінші күні жемісті 

салып, кейін ертеңінде суық 

болып, жаңбыр жауып кет-

се, дәндердің үсіп қалуы әбден 

мүмкін. Сондықтан, ай толуына 

қараған дұрыс. Мысалы, мамыр 

айының басында ай бірінші рет 

толады. Ол уақытқа дейін күн 

салқын болып, аздап жаңбыр 

жауады. Шамамен 2-3 мамыр 

күні түнде ай толып, келесі күн 

ашық болған сәтте, онда далаға 

бақшаға жеміс сала беруге бо-

лады. Бірінші күн қандай бол-

са, ол сондай болып қалмақ. 

Бірақ, топырақ ылғалдығын да 

қарап алған абзал. Күн жылы 

ал топырақ өте дымқыл бол-

са, бір рет қопсытып алған жөн. 

Себебі күн жылуынан топырақ 

бірден құрғап кетіп, кешке 

қайтадан суыған сәтте, дәнді 

дақыл ондай құбылмалы мер-

зімді көтере алмай қалып, шіріп 

кетуі әбден мүмкін, – деді Ок-

сана Хрищкова. 

Қазақ халқында көбінесе 

тұқымды отырғызу емес, бірін-

ші кезекте оны будандастыру 

немесе күтім жасау тәсілдері 

қарастырылған. Яғни, жеміс-

тен, астықтан мол өнім алу 

жолдары. 

– Менің ойымша, барлығын 

болжау үшін, астрофизика са-

ласын жетік меңгеру қажет. 

Үйткені, кез-келген адам оны 

бақылап отыра алмайды. Био-

лог маман ретінде, тек ғылыми 

теория және практика бұл істі 

алға жылжыта алады. Егер же-

міске қолайлы жағдай жаса-

лып, оған қажетті минерал-

дар берілген жағдайда, өсе 

береді. Үлкен ботаникалық 

бақшаларда жұмыс жасай-

тын әріптестерімнің айтулары 

бойынша, тек жаз емес, қыс 

мезгілінде де қолайлы жағдай 

жасалған жеміс әб-сәтте өсіп 

кетеді, – деді биолог Анар Сол-

танова. 

Сондай-ақ, биолог маманның 

айтуы бойынша, өсімдіктің же-

міс беру көлемі де тек салынған 

мерзіміне емес, минерал-

ды тыңайтқышқа байланысты 

болмақ. 

Ескі күнтізбенің қайсысына сенеміз?





  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал