Ғаламтор және қазақ тілінің жаңа кеңістігі Сырымбет – сыршыл тарих мекені



жүктеу 0.96 Mb.

бет8/11
Дата25.04.2017
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директо-

ры Райхан Сахыбекқызы Имаханбет туралы көп айтып, көп 

жазуға болады. Ол танымал ахметтанушы ғалым, филология 

ғылымының кандидаты, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің доценті. 

Ахаң мұрасының 

қамқоршысы

хи тағылым үйіне айналды. 2016 

жылдың  зінде мұражай-үйіне 

қазақ елінің Үкімет басшысы 

болған К.Мәсімов, Мемлекеттік 

хатшы Г. бдіхалықова, Премьер-

министрдің орынбасары болған 

И . Т а с м а ғ а м б е т о в ,   А л м а т ы 

қаласының әкімі Б.Байбек келіп 

Ахаң рухына тағзым етіпті. Бұған 

дейін де мұражайға қазақтың 

белгілі ақын-жазушылары, ғылым 

д о к т о р л а р ы   м е н   а к а д е м и к -

тер, қоғам қайраткерлері келіп, 

здерінің к ріп-білгендерімен, 

тәлімдік ой-пікірлерімен б  ліскен. 

Солардың ішінде хал қына та-

нымал  .Кекілбаев, Т.Жұртбай, 

М . Ш а х а н о в ,   а к а д е м и к т е р 

.Қайдари, Р.Сыздық, Т.Кәкішұлы, 

. А й т б а й ұ л ы ,   К . С а ғ а д и е в , 

Ғ.Мұтанов,   Р.Алшан ұлы  және 

басқа да к птеген зиялы қауым 

кілдері бар. Ахаң мұражай-үйіне 

шетелдіктер де бас сұғатын к рінеді. 

Райхан Сахыбекқызы 2014 

ж ы л ы   Т о р ғ а й   ж е р і н е   к е л і п , 

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин 

салдырған мектептің 150 жылдық 

салтанатты жиынында баян-

дама жасады. Жарты сағаттық 

с з і н д е   е ш қ а н д а й   қ а ғ а з ғ а 

қарамай шешендігімен Торғай 

жұртын  зіне тәнті етті. Залда 

отырғандар сілтідей тынып, ұйып 

тыңдады. Сол салтанатты жи-

ыннан кейінгі отырыстың ал-

дында  мір бойы ұстаздық етіп, 

жас ұрпақтарды тәрбиелеген, 

еліне сыйлы Қонақбай Алин де-

ген ақсақал Райханды жанына 

шақырып: «Шырағым-ай, бағың 

жанып тұр екен, тіл-к з тимесін, 

батамды берейін» деп,  міріне 

ақ жол тілеп, ризашылығын 

білдірген еді. Мінекей, осындай 

жарасымды істерімен Райхан 

Сахыбекқызы халық құрметіне 

б леніп жүр.  

Ибраһим АҒЫТАЙҰЛЫ, 

ахметтанушы, Қазақстан 

Журналистер  одағының  мүшесі                

ҚОСТАНАЙ 

ШАРА

С.Жиенбаев атындағы облыстық 

жас спірімдер кітапханасында халқы-

мыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын 

насихаттау мақсатында  «Ақ бата» 

танымдық-этнографиялық кездесу кеші  

ұйымдастырылды.

А т а л м ы ш   ш а р а н ы ң   т у і н е   А қ т б е 

облыстық ішкі саясат басқармасы ғылыми 

интеллектуалдық ақпараттық тобы мен 

А қ т б е   о б л ы с т ы қ   Қ а з а қ с т а н   х а л қ ы 

Ассамблеясының атқарушы хатшылығы 

«Бірлік» ақсақалдар кеңесі мұрындық болды.

Кеш барысында С.Бәйішев атындағы 

Ақт бе университетінің әлеуметтік-саяси 

пәндер және Қазақстан халқы Ассамблеясы 

кафедрасының меңгерушісі, философия 

ғылымының кандидаты Есбол Есенбайұлы 

батаның мәні мен түрлеріне, ұлтымыздың 

ә д е т - ғ ұ р ы п т а р ы н ы ң   м а ң ы з д ы л ы ғ ы н а 

тоқталса, аталған оқу орнының қазақ тілі 

және әдебиеті факультеті кафедрасының 

меңгерушісі, филология ғылымының канди-

даты Тілектес Жаңабергенқызы бата ж нінде 

з пікірін ортаға салды. 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы 

  т р а   ғ а с ы н ы ң   о р ы н б а с а р ы   Ж а н ғ а б ы л 

 Қабақ баев с з алып, шараның жастарға бе-

рер тәрбиесі мол екендігін ризашылықпен 

жеткізсе, белгілі ақын, ҚР Жазушылар 

одағының мүшесі Гүлімай  бішқызы, «Шат-

лык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің 

мүшелері ақ тілектерін білдірді. 

Шара барысында «Үзілмесін бабалардың 

батасы» атты бейне слайд к рсетілді. «Ақ 

бата – асыл мұра» атты кітап к рмесі 

 таныстырылды. Кітапхана қызметкерлері 

Құрманғазының Динаға бата беруін к рі-

ніс түрінде к рсетті. Ғ.Жұбанова атындағы 

облыстық филармонияның әншісі Алма 

Адаханова әсем ән айтып, кешті әрлендіре 

түсті. 


Шара соңында кітапхана директоры 

Гүлжайнар Қалдина жиналған қауымға алғыс 

білдіріп, сыйлық табыстады. 

Алтынгүл ЕРМЕКБАЕВА,

кітапхананың б лім меңгерушісі 

Ақт бе облысы

«АҚ БАТА» 


АНА ТІЛІ

9

№9 (1371) 



2 – 9 наурыз

2017 жыл


ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА

ЖҰРТТЫ ЖҰБАТҚАН 

ЖАҢАЛЫҚ

«Мен оны к птен бері жақсы білемін. Ол 

менің студентім болған кезде қабі летімен 

ерекшеленді. Р.Берсімбаев – генетика мен 

молекулалық генетика саласындағы аса 

к рнекті ғалым». 

Л.И.Корочкин, 

Ресей Ғылым академиясының

 корреспондент-мүшесі,

1995 ж.

«Нағыз ғалым» деген ұғымды айшық-

тайтын белгілі бір  лшемдер бар. Соның 

ең бастысы – зерттеушінің  з саласында 

талассыз мойындалуы. Егер оның беделі 

биік, еңбектері ерекше болса, алыс-жақын 

елдердегі әріптестері т бесіне к теріп, 

алақанға салып аялайды. Оған қоса, 

ғылыми зерттеуінің нәтижелері шетелдің 

танымал басылымдарында жарияланып, 

елдің ыстық ықыласына б ленсе, бұл 

құрмет еселене түседі. Сондай-ақ, зерделі 

зерттеуші заманауи үрдістерді жетік біліп, 

шет тілдерін еркін меңгеріп, сол тілдерде 

оқып-жаза алса,  з ортасында айрықша 

беделге ие болады. Ал, осы талаптардың 

бәріне лайық адам ұлттық мұратты берік 

ұстанса, барша жұрт жаппай қадірлейтін 

тұлғаға айналады. 

Қазақ елінің маңдайына басқан мықты 

ғалымдары баршылық. Бірақ әлгіндей 

қасиеттер олардың бәрінің бірдей бойынан 

толықтай табыла бермеуі мүмкін. Бірі аса 

білікті маман болғанымен, ілгеріде алтын 

бастауларынан ажырап қалғанына  кінеді. 

Екіншісі  з елінде танымал болса да, сырт 

жұрт оны біле бермейді. Үшіншісі  зге 

тілдің бәріне жүйрік, бірақ,  з тіліне кел-

генде ептеп мүдіреді. Т ртіншісі, ғылыми 

мақалалары үнемі жарияланып жүрген 

белгілі ғалым болса да, жұрт алдында 

с йлейтін тұста ойын шашыратып алады. 

йтеуір, бір кем дүние... 

Ал енді жоғарыда аталған ерекшелік-

тердің бәрі де бойынан табылатын зерт-

теушілерді ұлттың ұйтқысы, зиялылардың 

зиялысы деп бағалауға болар. Біздің 

кейіпкеріміз Рахметқажы Берсімбай – нақ 

осындай ғибратты ғалым. 

Рахаңмен ертеректе «Дарын» орталығы 

ұйымдастыратын мектеп оқушылары 

арасындағы дәстүрлі ғылыми сайыстардың 

бірінде таныстық. Сол жылы ғылыми 

 жобаларды сарапқа салатын комиссияның 

мүшесі ретінде Астанада бас қосқанбыз. 

Комиссия құрамында  зім бұрыннан 

білетін қатарлас ғалымдар Амангелді 

 Бисенбаев пен Қасым Дускаев та бар екен. 

Ер к ңілді биолог Амангелді Қуанбайұлы 

мен «Су дегеніміз –  мір» деп тереңнен 

толғайтын гидролог Қасым Қоянбайұлы – 

з саласын жетік білетіні  з алдына, адам 

ретінде сыйласуға әбден лайық жігіттер. Ал 

Рахметқажы аға сол Амангелдінің ғылыми 

жетекшісі екен. 

К п ұзамай еліміздің бүкіл бұқаралық 

ақпарат құралдары сенсациялық жаңа-

лық ты жарыса хабарлап жатты. Жұрт бұған 

бірден елең ете түсті. Елеңдейтіндей реті 

бар еді. Осы уақытқа дейін Семей поли-

гонының зардаптары тұқым қуалай ды 

делініп келген-ді. Бұл ж нінде үздіксіз 

а й т ы л а т ы н ,   д а м ы л с ы з   ж а з ы л а т ы н . 

Тіпті ғылыми зерттеулердің де тұрақты 

тақы рыбына айналған. Шындығында, 

олай емес болып шықты. Жалпы, жаңа 

тұжырымды ұсынушылар полигон кеселі-

нің тұқым қуалайтынын мүлде жоққа шы-

ғар майды. Олар тек бұл зауалдың белгі лі 

бір атамен шектелетінін дәлелдеп отыр. 

Сынақ аймағының тұрғындары үшін бір-

бірінен сүйінші сұрайтындай ақжол тай 

хабар қалың жұртқа тарап кетті. Сол күні 

белгілі генетик ғалым, ҚР ҰҒА акаде-

мигі Рахметқажы Берсімбай біздің әріп-

тестерімізге сұхбат беріп,  зі ашқан жаңа-

лықты егжей-тегжейлі түсіндіріп жатты. 

Сынақтан соңғы радиация кез-келген 

организмге залал келтіретініне дау жоқ-

ты. Оның үстіне тұқым қуалау жыныс 

клеткалары арқылы жүретіні де белгілі. 

Сондықтан ғалымдар қауіпті кеселдің 

бірінші ұрпаққа әсер етуі мүмкін екенін ай-

тады. Ал әрі қарай қалай болмақ? Генетикті 

осы мәселе к бірек толғандырған еді. Ол  з 

зерттеулері арқылы «Полигонның зардабы 

осы аймақты мекендеген адамның бала-

ларына, немерелеріне қалай әсер етеді?», 

– деген сауалға жауап іздеумен болды. 

Тегінде, мұндай ауқымды зерттеулердің 

бәрі белгілі бір идеядан туындайды. Ал 

идея адамға түрлі жолмен келеді. Ғылыми 

басылымдардан кейбір мақалаларды оқып 

отырғаныңда ой түседі, сондағы тосын 

мәліметтер  згеше тұжырымға жетелейді. 

Содан  з бетіңше қорытынды жасайсың. 

Чернобыль атом электр станциясын-

дағы апат Рахаңның тәуекеліне түрткі 

болған еді. Соның зардаптары ж ніндегі 

мәліметтер Англияның «Nature» атты 

ғы лыми журналында жарық к ргеннен 

кейін бұл тақырыпты терең зерттеуге 

бел буды. С йтіп, іргелі ізденісті бастап 

кетті. Рахаңа тілеулес басқа ғалымдар да 

бұл зерттеумен айналысуға тілек білдірді. 

сіресе, Ұлыбритания, Финляндия және 

Американың генетиктері ортақ іске мол 

үлес қосты. Біздің кейіпкеріміз солардың 

бәріне басшылық етті. Зерттеу ісіне қыруар 

уақыт жұмсалды. Ақыры, бұлар «Үшінші 

ұрпақтан бастап радиацияның әсері бола 

қоймайды» деген тоқтамға келді. Шынын-

да да, кейіннен туған балалар  залалдан 

аман-есен болып шықты. Осы тұжырым 

арқылы Семей полигонынан зардап 

шеккендерді түп-тұқиянымен қосып ау-

рулар санатына жатқызып қойған кейбір 

ғалымдарға лайықты соққы берілді. 

Рахметқажы Берсімбай бастаған ғалым-

дардың жаңалығы халықаралық деңгей-

де сынақтан  тті. Бұл ж нінде «Science» 

журналында мақала жарияланды. Бүкіл 

дүниежүзіне тарайтын ғылыми басылым 

арқылы т рткүл дүние түгел құлақтанды. 

Осы саланы зерттейтін небір мықты 

ғалымдар Рахаңа арнайы телефон шалып, 

пікір алысты. Зерттеу нәтижелері АҚШ-

тың Сенатында талқыланды. Ғылыми 

орта енді аталған жарияланымға қарап, 

тиісті қорытынды жасап, бағыт-бағдарын 

түзейтін болды. 

Бұл – оның генетика саласындағы 

к п жаңалығының бірі ғана. Бірақ осы 

теңдессіз ғылыми нәтиже елеңдеулі 

елдің санасына  згеріс енгізіп, жабыққан 

жұрттың к ңілін орнына түсіріп, жұбаныш 

әкелгендей болды. Тіпті, біреулер к з жа-

сына ерік беріпті деседі...



ҮШ ҮРДІСТІҢ ҮЛГІСІ

«Мен оны алғаш рет Лондонда, 

Дүниежүзілік фармакология конгресінде 

кездестірдім. Сол кезеңде ол  те  німді 

жұмыс істеді. Соның бәрі оған аса беделді 

журналдарда 120-дан астам мақала 

жариялауға мүмкіндік берді».

 

Карл-Фридрих Севинг, 

Ганновер жоғары медицина 

мектебі медициналық зерттеулер 

орталығының директоры,

1995 ж.

Бір күні алашқа танымал академик 

мемлекеттік қызметке келді. Мемлекеттік 

қызмет болғанда да, анау-мынау емес, 

еліміздің Білім және ғылым вице-ми-

нистрінің орынтағына жайғасты. Дә-

лірек айтқанда, мемлекеттік қызмет 

ака демикке қолын ұсынды. Бұл оның 

Ал біздің кейіпкеріміздің тек-тұлғасы 

бұл талапқа о бастан сай келетін еді. 

Қазақшасы келісті, орысшасы оралым-

ды. Ағылшын тілінде еркін к сіледі. 

Қысқасы, үш тұғырлы ғалым. Қазақ 

 ауылында туған соң, ана тілінің қадір-

қасиетіне  жастайынан қанықты. Ресейде 

оқыған соң, орыс тілін жетік меңгерді. 

Х а л ы қ а р а л ы қ   д е ң г е й д е   з е р т т е у л е р 

жүргізетін болған соң, ағылшын тілін 

үйренуге ден қойды. 

К рші елдің құрамындағы Қосағаш 

ауданында қазақша оқыған, Таулы 

Алтайдың педагогикалық училищесін 

үздік бітірген ұғымтал ұлан Новосібір уни-

верситетіне түскенде ағылшынша бір әріп 

танымайтын. Кез келген оқу орнында 

ағылшын тілі сабағы басталғанда дәріс-

ке қатысушыларды тіл игеру деңгейіне 

қарай бірнеше топқа б летіні белгілі. 

Жас жігітті әліпті таяқ деп білмейтіндер-

дің қатарына қосты. Ол әдепкіде қатты 

қиналды. Академиялық қалашықта 

бұрынғы одақтың әр түкпірінен келген 

озық ойлы қыз-жігіттер тұрды. Бұл со-

лармен бірге оқыды. Шетінен сабақты 

үздік оқыған  рендер. Түгел дерлік  з 

республикаларындағы физика-матема-

тика мектептерін бітірген. Оның үстіне 

ғылымның қара шаңырағына айналған 

орталық тек мықтылардың мекені 

болу керек деген қағида бар. Сондық-

тан бәрі де биікке ұмтылды, ерінбей 

еңбектенді, ізденуден жалықпа ды. 

Біздің кейіпкеріміз де солардың шаңын 

қауып қалмауға тырысты. Ке шікпей 

қатарластарын қуып жетті. Ағылшын 

тілі алынбас қамал емес екен. Бірте-

бірте ойын жеткізе алатын болды. С йлем 

құрап жазуға кәдімгідей машықтанды. 

Жалпы, бұл оқу орнында тіл үйре-

немін деген адамға толық жағдай жасал-

мүмкіндік туды. Бұл тұста оның шет ел-

дерде бірнеше мақаласы жарық к рген-ді. 

Соның алдында ғана Шотландияға барып, 

халықаралық конференцияға қатысып, 

баяндама жасап қайтқан-ды. 

Англияға баратын ғалымға қатаң талап 

қойылды. Біріншіден, ол генетик болуы 

керек екен. Екіншіден, ағылшын тілін жете 

меңгеруі шарт. Үшіншіден,  з саласында 

ашқан жаңалықтары есепке алынады. 

Бұл кезде Қазақ ұлттық университетінде 

қызмет істейтін Рахметқажы Берсімбай сол 

талаптарға лайық ғалым еді. Сондықтан 

оның кандидатурасы дау тудырған жоқ. 

Л о н д о н н ы ң   Ұ л т т ы қ   К о р о л ь д і к 

  и н с т и   т у т ы н д а   Н о б е л ь   с ы й л ы ғ ы 

 лауреат тары лекция оқыды. Білімдері 

к л-к сір болса да, қарапайымдылығынан 

танбай ды. Біздегідей шыжыған шілдеде 

буы нып, галстук тағып жүргендерді мүлде 

к рмейсің. Аудиторияға жеңіл киі ніп 

келе береді. Шетінен кішіпейіл.  Нобель 

сыйлығын алып едік деп, танауын ас панға 

к термейді. Сені  зімен тең санап, әң-

гімеге тартады. Шетелдік ғалымдардың 

ішінде Рахаңның ағылшын тіліндегі 

алғашқы мақалаларын оқығандар да бар 

екен. Солардың бірқатары арнайы келіп, 

жолығып, пікір б лісті. Тіпті кейбірі  з 

мемлекеттеріндегі ғылыми орталықтарға 

қызметке шақырды. Осыдан соң Рахаң 

ағылшыншасын жетілдіруге құлшынбай 

қайтсін?! Ұлыбританияның ғылыми 

мектебі оның тілдік қорын байыта түсті. 

Қазіргі күні шет елдерде жарияланған 

мақалаларының  зі елуден асты. 

Жалпы, генетика ғылымына қалай 

келіп еді  зі? Бала біткенге  зі жақсы 

к  ретін мұғалімінің қалыптастырған та-

нымы санасына сіңіп қалатын к рінеді. 

Таулы Алтайдың педучилищесінде оқып 

жүргенде биология пәнінің оқытушысы 

з сабағын  те қызықты етіп  ткізетін. 

Ол тек оқулықтағы мәліметпен ғана 

шектелмейді. Пәнге қосымша үйірмелер 

ұйымдастырады. Сол үйірмеге кірсең, 

шыққың келмейді. Бұл  мірде биология-

дан артық нәрсе жоқтай к рінеді.  зі де 

бала кезінен жаратылыстың сырларын 

зерделеп к руге құмар еді. Биология 

пәні соның бәріне кеңінен жол ашты. 

Тегінде, оны адам миының құрылысы 

қатты қызықтыратын. Ми қандай зат-

тан құралады? Оған ой қайдан келеді? 

Ол ой қалай сақталады? Сосын қалай 

қорытылады? Жас жігітті осындай сауал-

дар үнемі мазалайтын да жүретін. 

Новосібір университетінің медици-

н а л ы қ - б и о л о г и я л ы қ   б л і м і н   б е -

кер таңдаған жоқ. Бұл кезде Трофим 

Л ы с е н к о н ы ң   ә й г і л і   д а у ы н а н   к е й і н 

қудаланған генетиктер еркіндік алған-

ды. Солардың бірқатары Новосібірде 

бас қосты. Атақты Николай Вавиловтың 

біраз шәкірттері де осында жиналды. 

Олар жаңаша к зқараспен жаңа зерт-

т е у л е р г е   қ ұ л ш ы н а   к і р і с т і .   С й т і п , 

академқалашықтың ғылыми дәстүрі 

дамыған үстіне дами түсті. Рахметқажы 

сынды жас ғалымдар солардың ілімінен 

үзбей нәр алды.

Новосібірдің ғылыми мектебі кейін 

іргелі ізденістерге жол ашты. Ұлы бри-

таниядан соң, Ганновер меди циналық 

ғылыми-зерттеу институтында, Еу-

ропа молекулалық биология лабора-

т о р и я с ы н д а ,   Ж а п о н и я н ы ң   Ұ л т т ы қ 

биомедициналық инновациялар инсти-

тутында ғылыми зерттеулер жүргізетін 

тағылымдамадан  тті.  лемді аузы-

на қаратқан алып елдердің танымал 

университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар 

мемлекеттерде  ткен халықаралық сим-

позиумдар мен форумдарда баяндама 

жасады.  сіресе, жапон ғалымдарының 

жанкештілігіне таң қалады. Бұл елде  ткен 

ғылыми конференцияларға бірнеше рет 

қатысты. 

Жапония ғылымға жете мән береді. 

Халықаралық конференцияға елдің 

Премьер-министрі Синдзо Абе арнайы 

келіп, с з с йледі. Жапон генетиктеріне 

толық жағдай жасалған. Мықты ғалымдарға 

арнайы ғимарат б лінген. Олар к птеген 

елдегі хирургиялық жолмен шешілетін 

проблемаларды клетканы  сіріп, ағзаға 

сіңіру арқылы реттеуге к шкен. Осы 

жолмен дауасыз делініп келген дерттің 

біразын ауыздықтауға болатын к рінеді. 

Жаңағы жапон зерттеушілері сырқаттың 

жанға батпауы, тәннің ауырмауы үшін 

тынбай жұмыс жүргізіп, ғаламат нәтижеге 

қол жеткізуде. Сырқатын сезінбейтін адам 

жасы ұлғайғанына қарамастан жұмысқа 

қабілетін танытады. Генетика – о  бастан 

медицинамен ауылы іргелес қонған 

ғылым. Ұлттың ұрпағы мықты болсын де-

сек, генетиктерге кеңінен  ріс ашу керек. 

Адамның семіп қалған мүшелері қатарға 

қосылып, клетканың қызметі жаңғырып 

жатса, генетик еңбегінің жанғаны емей 

немене? 


Шет елдердің лабораторияларында 

болып, осының бәріне к зі жетіп отырған 

қазақ ғалымы алдағы күнге сеніммен 

қарайды. Генетиктердің айы оңынан туа-

тын кезеңнің келеріне еш күмәнданбайды. 

Бұл үшін  з еліміздегі ғылыми жобаларды 

ілгерілетіп, әлемдік ғылымға қол созуы-

мыз керек. Біздің кейіпкеріміздің берік 

тұғырнамасы осындай.

ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМ 

ҰЛАҒАТЫ

«Р.Берсімбаев – халықаралық деңгейде 

толықтай танылған белгілі ғалым. 

Мен онымен бірнеше рет кездескенде 

ғылыми жетістіктерінің мойындалғанына 

к зім жетті».

Дж.Р.Тата,

Ұлыбританияның Корольдік 

қоғамының 

толық мүшесі, Даму биохимиясы 

лабораториясының меңгерушісі,

1995 ж.

Генетик болған соң, оны ғылымның 

осы саласының қазақ тіліндегі насихат-

талуы да ерекше толғандырады. Бірнеше 

тіл білетін Таулы Алтайдың қазағы  з 

зерттеулерінің  з жұртына мейлінше 

ұғынықты болғанын қалайды. Сондықтан 

молекулалық генетика терминдерінің 

қазақша-орысша және орысша-қазақша 

с здігін дайындап, бастырып шығарды. 

Салалық с здік нағыз маман араласқанда 

ғана құнды болмақ. Рахаң да әрбір атау 

с зді, түпкі мағынасына үңіле отырып, 

зор ықыласпен енгізді. Ол терминдерді 

оңды-солды қазақшалап тастайтындарды 

қолдай бермейді. Мәселен, клетканы «жа-

суша» деп аударатындарды соншалықты 

құптай қоймайды. Оның атам заманнан 

келе жатқан «клетка» деген атауын сақтап 

қалғанын қалайды. Сонымен қатар, гене-

тиканы «тектану» деп жүргендерді де онша 

мақұлдамайды.

Терминнің бәрі т л тілімізге сіңе 

бергені дұрыс, әрине. Бірақ біртіндеп сіңуі 

керек.  йткені, әзірге кейбір атаудың бүкіл 

болмысын, мән-мағынасын дәл таныта-

тын баламасы табылып тұрған жоқ.  лем 

ғалымдары түгел қолданатын ұғымдар 

згермегені дұрыс. Ол осы ұйғарымға та-

бан тірейді. 

Мұны бұрынғы жүйенің дәстүрлерінен 

ажырамауға тырысушылық деп түсін-

беген ж н.  йтпесе, академиктің жаңа-

шыл дығында мін жоқ. Оның қай кезде 

де заманға лайық қадам жасайтын дағ-

дысы Қазақстан Президенті жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясының 

бірінші вице-ректоры қызметінде айрықша 

байқалды. Ол бұл оқу орнына шет елдермен 

тығыз байланыс орнату үшін шақырылды. 

Академия түлектерінің халықаралық тәжі-

рибеден  ту үдерісіне басшылық етті. Сырт 

елдегі жылт еткен жаңалықтың бәрін  з 

дәстүрімізге бейімдеп енгізді. Сонымен 

қатар, шетелдегі тәжірибе кезінде  зі де 

академик басымен мемлекеттік басқару 

ісінің магистрі дипломын алып шықты. 

Ондағылар бұған дипломды жоғары оқу 

орны басшыларының бірі әрі танымал 

ғалым болғаны үшін бере салған жоқ. 

Сол үшін міндетті шаралардың бәрін 

атқарды. Басқа тыңдаушылармен бірге 

лекцияның бәріне қатысты. Магистрлік 

дәреже беру үдерісі үш саты арқылы жүзеге 

асады екен. Алғашқысы – сертификат, 

екіншісі – диплом, үшіншісі – диссер-

тация.  рқайсысына алпыс кредиттен 

тиесілі. Рахаң академикпін деп бәлсінбей, 

соның бәрін ойдағыдай орындап шықты. 

Жаңалыққа жаны құмар болмаса, с йте 

ме?

 Рахметқажы Іскендірұлы – Тау-



лы Алтайдың перзенті. Ресейдің Алтай 

лкесіндегі қазақтар мекендейтін Қосағаш 

ауданының Жазотыр ауылында  мірге 

келген. Жиырмасыншы ғасырдың басын-

да Қазақстанға қараған аядай ауылдың 

мектебінде жеті жыл қазақша оқыған ұлан 

кейін үш мектептің бесігінде тербелді. 

Жастайынан ұлттық ұғымдарды санасы-

на сіңіріп  сті. Есейе келе к рші елдің 

дәстүрлеріне қанықты. Кейін Батыс 

менталитетін игерді. Осы үш арнаның игі 

үрдістерін к ңіліне мықтап ұялатты. 

Ол туған жерінің мәртебесін ұлықтау-

дан жалыққан емес. Ілгеріректе Алма-

тыдағы М. уезов музей-үйі жанындағы 

халық уни верситетінде Алтай қазақ та-

рының тыныс-тіршілігі туралы арнайы 

дәріс  т кізді. Жиылған жұрт ойы оралым-

ды, бай ламы байсалды, танымы терең 

биолог тың с йлеген с зіне таңдай қақты. 

Деректері мен дәйектерін қызықты етіп 

айта біледі екен. Қазір де туған жерден 

тамырын үзген жоқ. Былтыр Алтай  ңіріне 

сапар шеккен экспедицияның құрамында 

елге барып-қайтты. Сапарластарына туған 

же рінің тарихын армансыз әңгімеледі. 

Қосағаш қазақтарының жай-күйі – оның 

таңды-таңға ұрып жырлайтын таусылмас 

тақырыбы. 

Б ү г і н д е   Р а х м е т қ а ж ы   Б е р с і м б а й 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

уни верситеті жалпы биология және ге-

номика кафедрасының меңгерушісі 

болып қызмет істейді. Бұл оқу орнына 

әуелде ректор Бақытжан  бдірайымның 

ұсынысымен ғылым және халықаралық 

байланыстар ж ніндегі проректорлыққа 

ш а қ ы р ы л ғ а н   е д і .   К е й і н   ғ ы л ы м и 

зерттеулеріне кеңінен  ріс ашқанды ж н 

к ріп, Клеткалық биология және био-

технология институтының директоры, 

молекулалық генетика лабо раториясының 

м е ң г е р у ш і с і   б о л д ы .   О н ы ң   ж е ң і п 

алған ғылыми жүлделерінде есеп жоқ. 

Шет елдердегі аса беделді ғылыми 

орталықтардың гранттарын иеленді. 

Ұлыбритания Корольдік қоғамының 

П . К а п и ц а   а т ы н д а ғ ы   с ы й л ы ғ ы н ы ң 

 лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. 

Абырой-беделі жеткілікті. Ең бастысы, 

зге мемлекеттердегі әріптестері онымен 

кәдім гідей санасады, таласты мәселелер 

туындай қалса, қазақстандық ғалымның 

пікіріне ықыластана құлақ түреді.

Қазақтың аса танымал генетиктері 

саусақпен санарлық. Рахметқажы аға 

– сол аз ғана ғалымдардың ішіндегі 

бірегейі. Жалпы, генетик болу бар да, 

ұлт мүддесін ойлайтын маман болу бар. 

Дәрігер халықтың саулығына алаңдайды. 

Мұғалім ұрпақтың к зі ашық болғанын 

қалайды. Ал ұлт мұратын ұстанған гене-

тик елдің болашағының қамын ойлай-

ды. Қазақ елінің келешегі кемелденіп, 

қазақ жұртының саны молайып, қазақ 

ұланының тектіліктен ажырамай, үнемі 

жетіле беруін жан-тәнімен тілейді. Жыл-

дар бойы жиған бүкіл ілім-білімін соның 

жолында сарп етеді. Адам баласы ерте 

қартаймай, ұзақ ғұмыр сүруі үшін күндіз-

түні зерттеу жүргізетіндер де – солар. 

Сондықтан  ркениетті елдер ғибратты 

генетиктерін пір тұтады. Биологияның 

осы бір аса қиын саласын таңдап, дара-

ланып шыққан Рахметқажы Берсімбай да 

– сондай тұғырлы тұлғалардың бірі. 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал