Факультеттің даңҚты түлектері асанғазы Оразкүл Асанғазықызы



жүктеу 249.03 Kb.

бет1/3
Дата21.03.2017
өлшемі249.03 Kb.
  1   2   3

ФАКУЛЬТЕТТІҢ ДАҢҚТЫ ТҮЛЕКТЕРІ 

 

 



 

Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты 

 

1952 жылы 22 ақпанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақтӛбе колхозында туған.  



1973 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына оқуға түсіп, оны 

үздік бітірген. Институтта оқып жүрген кезінде Лениндік стипендиат атанып, факультетте 

комсомол комитетінің хатшысы болды, сол кезде партия қатарына ӛтті.  

Еңбек  жолын  1973  жылы  Шымкент  облысы,  Сарыағаш  ауданы,  Жамбыл  атындағы 

орта мектепте мұғалімдік қызметтен бастаған.  

1979-1982 жж. К.Маркс атындағы орта мектептің директоры.  

1982-1985  жж.  Сарыағаш  қаласындағы  Қ.Сәтбаев  атындағы  №10  мектеп-

интернаттың директоры.  

1985жылы  Алғабас  аудандық  партия  комитетінің  хатшысы.  1987  жылы  аудандық 

партия комитетінің екінші хатшысы. 

1988  жылы  халық  депутаттары  Алғабас  аудандық  Кеңесі  атқару  комитетінің 

тӛрайымы болып сайланды.  

1990-1992 жылдары идеология бӛлімінің меңгерушісі, халық депутаттары облыстық 

Кеңесінің тіл, мәдениет және ұлтаралық қатынастар бӛлімінің бастығы.  

1992-1993 жж. Сарыағаш ауданының әкімі.  

1993-1995 жж. Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары.  

1995 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.  

1995-1996 жылдары Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әкімі.  

1997 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.  

1998-2006 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.  

2006-2012 жылдары Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы.  

2012  жылғы  қаңтардан  бастап  бесінші  сайланған  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Мәжілісінің  депутаты,  «Нұр  Отан»  Халықтық  Демократиялық  партиясының 

мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 

«Құрмет» орденімен, «Еңбектегі Ерлігі үшін», «Белсенді қызметі үшін», «Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 

жыл»  мерекелік  медальдарымен  марапатталған,  «Қазақ  КСР  оқу  ісінің  үздігі»  белгісі, 

Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш және Бәйдібек 

аудандарының және Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» атақтары бар. 

 

 

 

 

 

 


 

 

Ершина Айнакүл Қапасқызы 

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор 



 

Ершина  Айнакүл  Қапасқызы–  физик(сұйықтар,  газдар  және  плазма  механикасы, 

жылу  физикасы),  физика-математика  ғылымдарының  докторы  (2002),  профессор  (2008). 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының 1974 жылғы түлегі. 

1987  жылдан  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінде  қызмет 

істейді,  2007-2011жж.  Физика  кафедрасының  меңгерушісі,  ал  2012  жылдан  бері  физика 

кафедрасының профессоры.  

А.Қ.Ершина  таланты  студенттер  мен  магистранттарды  ғылымға  баулыды,  оның 

ғылыми  жетекшілігімен  студенттер  институттық,  республикалық  және  халықаралық 

конференцияларда  баяндамалар  жасады.  Мысалы,  2010  ж.  М.В.Ломоносов  атындағы 

Мәскеу  мемлекеттік  университетінде  ӛткен  Жетінші  бүкіл  ресейлік  жастардың  ғылыми 

мектебіндегі  жас  ғалымдардың  конкурсында  жеңімпаз  атанған  магистранттар 

А.Ақылбекова,  Ж.Мақашева  және  Т.Кӛлбаевалармен  бірге  бірнеше  ғылыми  жұмыстарға 

жетекшілік  жасағаны  үшін  профессор  А.Қ.Ершина  да  дипломмен  марапатталды.  Оның 

студенті  А.Бижанова  2012жылы  Алматыда  жас  ғалымдар  арасында  ӛткен  конкурста  ҚР 

Президентінің  стипендиясының  иегері  атанды,  ал  студенттер  А.Ақылбекова  мен 

Қ.Шампанова  –  республикалық,  Г.Исабекова  мен  Ж.Мақашева  –  ЖОО  деңгейінде 

жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. 

Профессор  А.Қ.Ершина  екі  ғылым  кандидатын  және  тӛрт  физика  магистрін 

дайындады. 100-ден аса ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 1 монография, 1 оқулық 

(ҚР  БжҒМ-нің  ашық  конкурсының  негізінде  шығарылды),  5  оқу  құралы,  2  мақаланың 

импакт-факторы мен Хирша индексі бар, 3 ӛнертабысқа ҚР мен РФ-ның патентін алды.  

Профессор  А.Қ.Ершина  ҚР  Теориялық  және  қолданбалы  механиканың  Ұлттық 

Комитетінің және Ресей Федерациясының Жаңарып тұратын энергия кӛздерін пайдалану 

жӛніндегі  Комитетінің  мүшесі,  Ресей  жаратылыстану  академиясының  академигі, 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша ҚР Президентінің халықаралық стипендиясының және 

2007, 2013 жж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 

Профессор А.Қ.Ершина жаратылыстану саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін 

2004  жылғы  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  І  сыйлықтың  иегері,  2012  ж.  Европаның  ғылыми-

ӛндірістік  палатасы  механика  саласындағы  жетістіктері  және  жоғары  сапалы 

профессионалдық  қызметі  үшін  сапа  дипломы  мен  Европаның  алтын  медалімен 

марапатталды.  Мәскеуде  Биоэнергетикадан  ӛткізілген  «ENERGY  FRESH  BIO  2011» 

дӛңгелек  үстелге  белсенді  қатысқаны  үшін  алғыс  хат  жолданды.  2011ж.  Ресей 

Федерациясының  Жаңарып  тұратын  энергия  кӛздерін  пайдалану  Комитеті  Қазақстан 

Республикасында  жел  энергиясын  пайдалану  саласында  жүргізілген  зерттеулері  үшін 

профессор А.Қ.Ершинаны Құрмет грамотасымен марапаттады. 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сақыш Ескендірқызы Шәкілікова 

Педагагика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру 

Академиясының академигі 

 

С.Е.Шәкілікова  1932  жылы  16-тамызда  Атырау  облысы,  Махамбет  ауданы, 



Сарайшық  ауылында  дүниеге  келген.  Махамбет  орта  мектебін  бітіргеннен  кейін  1950 

жылы  ол  Алматы  қаласындағы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтына 

оқуға түседі. 

1954  жылы  институтты  «Математика  мұғалімі»  мамандығы  бойынша  бітірген  соң, 

ол аталған ЖОО-ң «математика әдістемесі» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 

Кейіннен  Алматы  қаласындағы  №  72  мектепте  математика  пәнінің  мұғалімі  болып,  одан 

кейін осы мектептің директоры болып қызмет етті.  

1973  жылы  С.Е.Шәкілікова  КСРО  Педагогикалық  ғылымдар  академиясындағы 

оқытудың  мазмұны  мен  әдістері  ғылыми-зерттеу  инсититутының  Қазақ  филиалына  аға 

ғылыми  қызметкер  болып  сайланады.  Осында  математиканы  оқыту  әдістемесі 

саласындағы 

белгілі 


ғалым-профессорлар 

А.Д.Семушинмен, 

В.М.Маноховпен, 

В.А.Далингермен  және  кӛптеген  басқа  атақты  ғалымдармен  бірге  жемісті  еңбек  ету 

мүмкіндігі туады. 

Шәкілікова  Сақыш  Ескендірқызы  1984  жылы  Мәскеу  қаласында  «Дополнительная 

литература  как  средство  повышения  математической  подготовки  учащихся  средней 

школы»  тақырыбында  А.Д.Семушин  мен  А.М.Абрамовтың  ғылыми  жетекшілігімен 

кандидаттық диссертация қорғайды. 

Ал  1997  жылы  ол  «Дидактические  основы  создания  учебно-методического 

комплекса  по  математике  для  базовой  школы»  тақырыбында  докторлық  диссертация 

қорғады. 

С.Е.Шәкіліковаға  1995  жылы  доцент,  ал  2001  жылы  профессор  ғылыми  атағы 

берілді.  

Ол  1992  жылдан  бастап  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ  білім  академиясында  бас 

ғылыми  қызметкер,  «жаратылыстану-математика  пәндерін  оқытудың  мазмұны  мен 

әдістері», «Үздіксіз  білім  мазмұны  мен  стандарттары»  лабораторияларының  меңгерушісі 

болып қызмет атқарды. 

2006  жылдан  бері  Сақыш  Ескендірқызы  ҚР  Ұлттық  ақпараттандыру  орталығында 

лаборатория меңгерушісі болып еңбек етуде. 

 Ол «Қазақстан Республикасы  математикалық білім беру тұжырымдамасын» жазды 

және  жариялады.  Тұжырымдамада  автор  алғаш  рет  ҚР  мектептерінің  тәжірибесіне 

«Ықтималдықтар  теориясы  және  математикалық  статистика  элементтерін»  енгізудің 

қажеттілігін негіздеді, бұл нарықтық эканомикаға ӛту қажеттілігіне байланысты болды, ол 

жалпы  мектептік  білім  мазмұнына  нақты  әлемдегі  кездейсоқ  құбылыстардың 

заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік беретін ықтималдықтар теориясы мен математикалық 

статистика  элементтерін енгізуді кӛздейді.  


Профессор  С.Е.Шәкілікова  барлығы  400  ден  астам  еңбек  жариялады,  оның  ішінде 

20-дан  астамы  кітаптар,  сонымен  қатар,  ол  математикадан  20  электрондық  оқулықтың 

серіктес авторы. 

 Оның ғылыми жетекшілігімен 4 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты дайындалды. 

 Ол  ҚР  ЖАК-і  сараптық  кеңесінің,  ҚР  Педагогика  бойынша  үйлестіру  кеңесінің, 

«Информатика,  физика,  математика»,  «Білім  –  образование»  сияқты  бірқатар 

республикалық  журналдардың  редакциялық  алқасының,  Қазақ  білім  академиясы,  әл-

Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық  университеті  және  Абылайхан  атындағы  Қазақ  халықаралық  қатынастар 

және  әлем  тілдер  университетінің  ғылым  кандидатымен  ғылым  докторы  ғылыми 

дәрежесін беру жӛніндегі диссертациялық кеңестердің мүшесі болды. 

Профессор  Сақыш  Ескендірқызы  Шәкілікова  ғылыми-педагогикалық  қызметтегі 

жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен «Ы.Алтынсарин», 

«ҚР  халыққа  білім  беру  үздігі»  тӛсбелгілерімен  және  кӛптеген  грамоталарымен 

марапатталған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Сеитова Сабыркүл Мақашқызы 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор 

 

Сеитова  Сабыркүл  Мақашқызы  1951  жылы  18  сәуірде  Алматы  облысы,  Жамбыл 



ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген. 

1968  жылы  Шиен  орта  мектебін  бітіріп,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық 

институтының  физика-математика  факультетінің  математика  мамандығына  оқуға  түсіп, 

1972 жылы бітірген. 

Еңбек  жолын  1972-1975  жылдары  Алматы  обылысы,  Жамбыл  ауданы,  Шиен  орта 

мектебінде математика мұғалімі қызметін атқарудан бастаған. 

1975-1981  жылдар  арасында  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтында 

алдымен стажер-зерттеуші болып, содан соң аспирантурада оқыған.   

1981  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

жолдамасымен  І.Жансүгіров  атындағы  Талдықорған  педагогикалық  институтына 

жіберіліп, онда 1997 жылға дейін аға оқытушы қызметін атқарды. 

1995  жылы  13.00.02  «Математиканы  оқыту  әдістемесі»  мамандығы  бойынша 

«Методика  изучения элементов математического анализа в средней общеобразовательной 

школе»  тақырыбында  кандидаттық  диссертация  қорғады.  1998  жылы  доцент  ғылыми 

атағын алды. 

1997-2000  жылдары  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінде 

К14А02.02 диссертациялық кеңестің мүшесі болды.  

2003-2008  жылдары  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінде 

«Математика  және  информатиканы  оқыту  әдістемесі»  кафедрасының  меңгерушісі 

қызметін атқарды.  

2010  жылы  13.00.02  «Оқыту  және  тәрбиелеу  теориясы  мен  әдістемесі  (бастауыш, 

орта  және  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  математика)»  мамандығы  бойынша  «Орта 

мектепте  жоғары  математика  элементтерін  оқытудың  ғылыми  әдістемелік  негіздері» 

тақырыбында докторлык диссертациясын қорғады. 

Бүгінгі  күні  ол  І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университетінің 

Математика  және  математиканы  оқыту  әдістемесі  кафедрасының  профессор  қызметін 

атқаруда. 

С.М.Сеитованың  110  ғылыми  еңбектері,  оның  ішінде  бір  монография,  25  оқу  және 

оқу-әдістемелік құралдары жарық кӛрген. 

2000  жылы  „ҚР  білім  беру  ісінің  үздігі“  тӛсбелгісімен,  2012  жылы  «ҚР  ғылымын 

дамытуға сіңірген еңбегі үшін» тӛсбелгісімен марапатталған. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аганина Құндыз Жамиқызы 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор 

 

Аганина  Құндыз  Жамиқызы  1979  жылы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 



институты  физика-математика  факультетін  «Математика  пәнінің  мұғалімі»  мамандығы 

бойынша  қызыл  дипломға  бітірген.  Еңбек  жолын  Алматы  қаласындағы  №112  орта 

мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастап, кейіннен осы мектепте директордың 

тәрбие  ісі  жӛніндегі  орынбасары  қызметін  атқарған.  1991-2004  жылдарда  Ы.Алтынсарин 

атындағы  Қазақ  білім  академиясында  кіші  ғылыми  қызметкер,  ғылыми  қызметкер,  аға 

ғылыми қызметкер, аспирантура бӛлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1996 жылы 

педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  2004  жылы  педагогика  ғылымдарының  докторы 

ғылыми  дәрежелерін  қорғады.  Сонымен  қатар,  12-жылдық  РҒПО  Алматы  қаласындағы 

ӛкілдігінің  жетекшісі  (2005-2008жж.),  кейіннен  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясының  12-жылдық  орталығының  меңгерушісі  болды.  2008  жылы  профессор 

атағын  алды.  2009  жылдан  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогика  университетінің 

Магистратура және PhD докторантура институтында профессор қызметін атқаруда. 

 

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» тӛсбелгісімен марапатталған.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Қабдешқызы Сара 

ССРО еңбек ардагері 

 

С.Қабдешқызы  1954  жылы  орта  мектепті  бітіріп,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 



педагогика институтының физика-математика факультетіне түсті. Институтта оқып жүріп 

кӛптеген  қоғамдық  жұмыстарға  қатысты:  парашютпен  секірді,  спорт  гимнастикасымен 

шұғылданды,  1956  жылы  институт  бойынша  спорт  гимнастикасынан  чемпион  атағын 

алды.  Осы  жылы  Мәскеуде  ӛткен  ССРО  халықтарының  спартакиадасына  қатысты.1958 

жылы Мәскеуде ӛткен Қазақстанның 10 күндігінде Шараның би ансамбліндегі 40 қыздың 

бірі болып ӛнер кӛрсетті.1958 жылы оқуын бітіргеннен кейін осы институттың геометрия 

және  математиканы  оқыту  әдістемесі  кафедрасына  қалдырылып,  элементарлық 

математикадан, жер бетінде ӛлшеу жұмыстарын жүргізу т.б. пәндерінен сабақ берді. Кӛп 

жылдар  бойы  институттың  жергілікті  комитетінің  мүшесі,  студенттер  топтарының 

кураторы болды.Институт тарапынан және жергілікті комитет жағынан кӛптеген алғыстар 

жарияланды. ССРО-ның құрылғанына 60 жыл толуына байланысты Құрмет грамотасымен 

марапатталды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

Баймуратова Аманкуль 

 

Баймуратова  Аманкуль1945  жылы  Мұқыры  ауылында  дүниеге  келген.  1965  жылы 



Талдықорған  ауданының  Шұбар  ауылындағы  Матай  Байысов  атындағы  орта  мектепті 

бітіріп,  Алматы  қаласындағы  қыздар  педагогикалық  институтының  физика-математика 

факультетіне түсіп, оны 1969 жылы бітірген. 

Еңбек  жолын  1969  жылы  Кӛксу  ауданының  Мұсабек  Сенгербаев  орта  мектебінен 

бастаған.  Сабақ  бере  жүріп,  мектептің  комсомол  ұйымы,  партия  қатарына  ӛткен  соң, 

мектеп  партия  ұйымының  хатшысы  болған.  Қазіргі  кезде  сол  ұйымдардың  ӛмірдегі 

терістігін  айтып  жүрсек  те,  осы  ұйымдар  алдағы  уақыттағы  жұмыс  жолдарына, 

адамдармен  қарым-қатынастарына,  кейінгі  кездегі  мектеп  ұжымын  басқаруына  кӛмегін 

тигізген. 

Математика пән мұғалімі ретінде ӛзіне ізбасар шәкірттерін болғанын мақтан тұтады. 

Солардың бірі: Садыкова Зухра Талдықорған қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінде 

математика пән мұғалімі. 

1975  жылдан  бастап  Еңбекшіқазақ  мектебінде  оқу  ісінің  меңгерушісі,  ал  1978-1980 

жылында осы мектептің директоры болып еңбек еткен. 

1980  жылдың  желтоқсанынан  бастап  Мұсабек  мектебіне  ауысқан.  1980-1987 

жылдары  оқу  ісінің  меңгерушісі,  ал  1988-1998  жылдары  осы  ұжымды  басқарған.  Сол 

уақытта  Кӛксу  ауданының  оқу  бӛлімінде  тек  қана  орыс  мектептері  және  аудан 

орталығындағы мектептер ғана ӛздерін жоғарғы деңгейде кӛрсете алған.  

Осы  еңбегі  бағаланып  аудан,  облыс,  оқу  министрлігі  тарапынан  грамоталармен 

марапатталған. 2 рет облыстық мұғалімдер съезіне делегат болып сайланған. 

1991  жылы  «Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  озық  қызметкері»  белгісімен 

марапатталған.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Шилібаева Тілеулес Жұмабайқызы 

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

Т.Ж.Шилібаева  1945  жылы  желтоқсан  айының  25-ші  жұлдызында  бұрынғы 



Талдықорған  облысы,  Киров  ауданы,  Мұқаншы  ауылында  дүниеге  келген.  1963  жылы 

Алматы  қаласындағы  С.М.Киров  атындағы  №12  қазақ  орта  мектебін  бітірген.  1963-1967 

жылдары  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтының  физика-математика 

факультетін үздік бітіріп, институт қабырғасында комсомол, кәсіподақ ұйымына жұмысқа 

қалдырылады.  1989  жылы  Ресей  педагогика  ғылымдары  академиясының  президенті, 

аталмыш 


академияның 

корреспондент-мүшесі, 

профессор 

В.А.Сластениннің 

басшылығымен диссертациясын қорғап, 1992 жылы доцент атағына ие болды. 1997 жылы 

жаратылыстану  ғылымдары  академиясының  корреспондент-мүшесі  болып  сайланды.  40-

тан  аса  ғылыми  еңбектің  авторы,  физика  пәнінің  әдістемесін  жетілдіру  саласында  еңбек 

еткен.  


Физика-математика  факультетінде  15  жылдай  деканның  орынбасары  қызметін 

атқарды.  Студенттердің  құрылыс  жасағын,  ауыл  шаруашылық  жұмыстарын, 

интернационал  студенттер  жасағын  басқарған,  Мәскеуде  ӛткен  комсомолдың  XVIII 

съезінің  делегаты,  ҚазКСР-ның  Жоғарғы  кеңесінің  Құрмет  грамотасымен,  «Тың  және 

тыңайған  жерлерді  игерудегі  еңбегі  үшін»,  «Ерен  еңбегі  үшін»  медальдарымен 

марапатталған.  Білім  беру  саласындағы  «Еңбек  ардагері»,  «ҚазКСР  халық  ағарту  ісінің 

үздігі» медальдары мен мақтау грамоталарының иегері болған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Есенова Мария Ибрашқызы 

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор 

 

М.И.Есенова  1947  жылы  11  қыркүйекте  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Арыс  ауданы, 



Байырқұм  совхозында  Ұлы  отан  соғысының  ардагері,  математика  мұғалімі  Ібраш  – 

Қалбибі  Есеновтер  отбасында  дүниеге  келген.  1965  жылы  Н.В.Гоголь  атындағы  орта 

мектепті бітіріп, сол жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты  физика-

математика  факультетінің  «Математика»  мамандығына  оқуға  түседі.  1969  жылы 

институтты  үздік  бітірген.  1969-1971  жылдары  С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің  «Математикалық  талдау»  кафедрасы  жанында  стажировкада  болады. 

1971  жылдан  бастап  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институтында  оқытушы, 

аға оқытушы, доцент, профессор қызметтерін атқарып келеді. Сонымен қатар, 1986-1995 

жылдары  физика-математика  факультеті  деканының  орынбасары,  ал  2004-2008  жылдары 

дайындық бӛлімінің жалпы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтының  аспирантурасын  бітіріп,  1987 

жылы  «13.00.01-Педагогика  теориясы  мен  тарихы»  мамандығы  бойынша,  «Особенности 

подготовки  студентов  педвуза  к  формированию  учебно-познавательных  умений 

учащихся/на материале преподавания профилирующих дисциплин отделения  математики 

физико-математического факультета/» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.   

Жетекшілік 

бірлестікте 

тӛрт 


ізденушілері 

(Л.У.Жадраева, 

Р.М.Сыздық, 

Г.А.Баймадиева, Г.С.Енсебаева) кандидаттық диссертация қорғаған.  

100-ден 

астам 


ғылыми 

және 


әдістемелік 

еңбектердіңавторы. 

Олар:Совершенствование  дидактической  подготовки  учителя  в  процессе  изучения 

специальных  предметов/профильных  для  факультета/,  Анализ  бастамалары,  Векторлық 

алгебра  элементтері,  Учебно-методические  задания  по  теории  и  методике  преподавания 

математики,  Орта  мектепте  математика  есептерін  шығаруға  үйретудің  әдістемелік 

негіздері  және  т.б.оқу  құралдары;  Алгебра  және  анализ  бастамалары  (ЖМБ,  ҚҒБ)  10,  11 

сыныптарының оқулықтары мен оқу құралдары; ғылыми мақалалар. Аталған оқу құралдар  

университетіміздің,  басқа  жоғары  оқу  орындары,  колледждердің,  орта  мектептердің  оқу 

үрдістерінде қолданылуда.  

Білім  беру  саласындағы  кӛп  жылғы  жемісті  ғылыми-педагогикалық  еңбектері  үшін  

бірнеше  рет  ректораттың  алғысы,  Құрмет  грамоталары  берілді,  Қазақстан  Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрлігінің  құрмет  грамотасымен,  «Қазақстан  Республикасының 

тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 

 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал