Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет8/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

 
XV 
 
Алғашқы  сенбілік  кӛп  жұмылса  керемет  жасайтынын  кӛрсетті. 
Жайшылықта  айға  созылар  еді,  «Қарағанды  —  Нұра  —  Майқұдық» 
каналдарын  ақысыз-бұлсыз бір-ақ жұмада қазып  тастады кӛпшілік.  Сол  кӛп 
енді әрқайсысы ӛз тұсынан ӛзгеше бір қайрат, құмарлық кӛрсетіп барады... 
Қарағанды  биік  белдің  солтүстік  бетінде.  Бұл  беті  бірсыпыра  жазық. 
Жұмысшы  ауылдарының  шеті  сонау  «Кампан»,  «Аққұдық»  поселкелеріне 
жетіп  қалған.  Белдің  оңтүстік  етегінде,  «Майқұдықпен»  екі  арадағы  алқап 
ауылға  толып  болған.  Батыс  жақта,  бұрын  «Марионовка»  аталатын  ақ 
тӛбенің  тӛңірегінде  де,  шығыс  жақта  «Шолақ  қарасу»,  «Қызылқұдық» 
поселкелерінен  бергі  бұйраттардың  алдында  да  киіз  үйлер  кӛрінеді. 
Қарағанды  енді  биікте,  қалың  жұмысшы  ауылының  ортасында  тұр.  Осы 
биіктен  қарағанда  қоршаған  кӛп  ауылдың  әрекеті  әсем  түседі  кӛзге. 
Жапатармағай  жер  қазып  жатыр.  Томпиған  топырақтардан  кӛз  тұнады. 
Бұрын әр жерден ашылып жатқан шахталар, шурфтар «мен мұндалап» тұрса, 
енді  топырақ  үйінділерінің  арасында  елеусіз  қалып  барады.  Соны  қардағы 

87 
Sauap.org
 
қалың  жылқының  тебіні  сияқты,  жер  беті  дал-дал.  Біреулер  үйінің  орнын 
ӛлшеп, біреулер қазып үлгеріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған. Кілең жер 
үй  қаулап  ӛскелі  тұр.  Әттең  ағаш  жоқ.  Нұра,  «Майқұдық»  канаулары 
қазылады, труба жоқ. Бәрін темір жол әкеледі. 
— Әй, темір жол!— деп зарыға күтеді бәрі. Қарағандының қатты қысын, 
сентябрьдің  салқын  күндері  хабарлаған  сайын  ашына,  қысыла  қимылдап 
жатыр жұрт. 
Күн  бүгін  тымық.  Кӛптің  шаңы  онша  кӛтерілмей,  баяу  ұшып  басыла 
қалды.  Күн  кӛзі  ашық  та  болса  ӛткір  емес.  Жанға  жайлы,  жылы  шуақ. 
Мейрам кӛп ауылдың бергі шетін жаяу аралап келеді. Жер үй қазушылардың 
біріне  аз,  біріне  кӛбірек  бӛгеліп,  сӛйлесе  келеді.  Оны  қазір  бәрі  біледі. 
Кездескен  адамы  бір  жоғын  айтпай  қалмайды.  Міне,  алдын  тосып  бес-алты 
жұмысшы тұр. Солардың ішінде кӛзі жайнаған қара торы келіншек те тұр. 
— Іске сәт!— деді Мейрам. Келіншек салған жерден байланыса кетті. 
— Қайным-ау,  тұз  екеш,  тұз  да  жоқ  па  сендерде?  Әлгі  бір  семізше 
жігіттер ауызымен жарылқап жүр еді, қайда кетті? 
Семізше  жігіті  Махмет  болса  керек.  Бірнеше  ларек  ашқан  соң  ауданға 
кеткен. Ларектері әзір мәнсіздеу еді. Бұл арада Махмет үшін де жауап берді 
Мейрам. 
— Бардың  ӛзін  келтіру  қиын  болып  жатыр.  Семізше  жігіт  соның 
қамында жүрген болар. 
— Жоқ, ол үйлену қамында жүрген болар. Осында бір үйге күшік күйеу 
болып  кіріпті  ғой,—  деп  келіншек  күлімдеп  қойды.  Мейрамның  жүрегіне 
шық  етті  бұл  сӛз.  Келіншек  сүйір  тілін  сұға  түсті.—  Бәрін  темір  жолға 
қаратасыңдар. Ол бар болғыры Шоқайға жетіпті ғой... Осы тұрған Шоқайдан 
әкелу қанша қиын! 
— Әкеліп те жатыр. Кӛлік жетімсіз. 
— Осы  жұрттың  қақ  жарымысында  кӛлік  бар.  Жинаса,  жалдаса  бәрі 
барады.  Кӛрмейсіздер  ме?  Әне,  ана  жүргеннің  бәрі  кӛлік.  Дагауардағы  үй 
қайда,  жұмыс  киім,  аванс  қайда?  Ең  құрығанда  нан,  тұз,  суға 
зарықтырмаңдаршы... 
Келіншек  Мейрамның  екі  аяғын  бір  етікке  тықты.  Сӛзі  тіпті  заңды, 
дәлелді.  «Кетеміз»,  «қырамызы»  жоқ. Жасаймын,  жасай  отырып  сыбағамды 
жоқтаймын деп тұр. Күйеуі момындау жігіт кӛрінеді. Анда-санда: 
— Қойсаңшы!  Кӛптің  бабын  табу  оңай  ма...—  деген  болады.  Онысын 
келіншек тыңдар емес. Ӛзін бір қарпып тастады: 
— Баспа  аузымды!  Үйде  күңкілдегенше  осындайда  айт!  Айтып  қалам. 
Берем  деген  ағаштарың,  кәне?  Терезе,  есіктерің  кәне?  Ауызды  қу  шӛппен 
сүрте бергенше, жұлқына қимылдап, таппайсыңдар ма! Осы жұрт жұлқынып 
жатқан жоқ па? 
— Табамыз, табамыз!— деді Мейрам, ӛжет келіншекті ықтай сӛйлеп.— 
Сіз тек кӛлік табыңызшы. 

88 
Sauap.org
 
— Табамын.  Сол  Шоқайдан  ӛз  үйім  жабдығын  ӛзім  әкелейін.  Қағаз 
беріңдерші. 
— Қағаз түгіл, ақысын да береміз. 
— Онда осы жұрттың кӛбі барады. 
Мейрам  қалтасынан  блокнотын  алып,  «кӛлік  табылды.  Кӛп  іші 
таусылмайтын  күш  екен!»  деп  жазып  қойды.  Осы  кӛпшілікті  жүдетпей 
қыстан  алып  шығу  бүгінгі  ең  зор  уайымы  еді  оның.  Жабдықсыз  жайрап 
жатқан  жер  үйлер  жасалғандай  болды.  Алғыс  айтты  келіншекке.  —  Рақмет 
жеңеше! Жақсы салдыңыз еске. Атыңызды білуге бола ма? 
— Атым Балжан. Оны да жазып қой. 
Мейрам  атын  қағазға  жазғанда,  қара  торы  Балжан  Мейрамды  кӛңіліне 
жазды. Сӛзі қатаң келсе де, кӛзі жұмсақ. Ұзын қара кірпігінде күлкі ойнайды. 
«Састырдым ба, жігітім» деп тұрған тәрізді. 
— Балжан тауып айтты,— деді жұмысшылардың бірі.— Бәріміз де соны 
айтпақ  едік.  Кӛлігі  барлар  ӛз  үйінің  жабдығын  тасып  алған  соң,  басқаға  да 
кӛмектеседі. Тек трест ақы тӛлесе болғаны. 
— Тӛлейді,—  деп  кесіп  айтты  Мейрам.—  Кӛлікті  колхоздан  іздеп 
жатыр.  Қолдағыдан  неге  жериді?  Ӛте  табылған  ақыл.  Кӛлігі  барлар 
дайындалсын.  Арба-саймандарының  бұзылғандары  болса,  трест  бүтіндеп  те 
береді. 
Бұл сӛз жұмысшыларға тіпті ұнап кетті: 
— Апыр-ай, мынасы жақсы екен! 
— Менің арбамның шені босап қалып еді...— десіп жатыр... 
— Бойларында әлі ауыл мінезі мықты. Кӛліктерің сауындарын тар жерде 
қасарыса ұстап кӛлденең кәсіпті де кӛздеп отырған кӛрінеді. 
— Кӛліктің  күні  туды!—  деп  қутыңдайды  кейбіреулері.  Үйді-үйге  су, 
кӛмір  тасып  жүрген  арбакештер  осылар  сияқты  бір  аяғы  шахтада,  бір  аяғы 
ауылда  жатқан  екі  жақтылар.  Бастықпаған  ӛндіріс  бұларға  тіпті  пайдалы: 
малына ауылшаруашылық салығы түспейді, сол малдың күшін, сүтін күнбе-
күн  сатып,  ақша  қылып,  шай,  қант,  киім-кешекке  тарықпайды.  Ауылда 
отырса  «жекеше»  деп  колхозшылар  түртпектей  берер  еді.  Мұнда 
«жұмысшы» деп құрметтейік. Ӛндіріс бастығып, пайда сұйыла бастаса, жаңа 
ӛндіріс іздеп, цыганша кӛше жӛнелетіндер де осылар. 
Мейрам  ӛзінің  Жайлаубайың  кӛргендей  танып  тұрды  бәрін.  Бәйтенше 
«кулак» демеді. Ескі ӛмірге жаппай социалистік шабуыл жасалған кезде, екі 
арада  алақтап  жүрген  бишаралар  деп  қарады.  Қолдарында  бірсыпыра  күші 
бар,  пайдаланамыз,  іштерінде  бірсыпыра дат  бар,  тазартамыз,  тәрбиелейміз, 
деген үмітпен қуана қайтты. Енді орталықтағы суатқа келеді. 
«Герберт»  шахтасының  астындағы  кӛп  суы  сыртқа  тартылған.  Ішуге 
жарамайды.  Жуынуға,  малға,  кірге,  құрылысқа  ғана  жарайды.  Құдық  суы 
қазір  бірыңғай  адам  ішуге  қалды.  Су  мұқтаждығы  уақытша  болса  да 
жойылған тәрізді еді. Суат маңы топыр кӛрінеді. Мал, адам, бӛшкелі арбалар 

89 
Sauap.org
 
иіріліп  қалыпты.  Үш  темір  шүмектен  үздіксіз  құйылған  су  аздық  қылып, 
кезекке тұра бастаған жұрт. Біреулер кезексіз кимелеп, шу кӛтеріп жатыр. 
Жұманияз  осы  кӛптің  ішінен  шығып  бері  аяңдады.  Әлдекімді  боқтап, 
қатты ашуланып келеді. Мейрам тосып алды. 
— Неге ашуландыңыз? 
— Жұмысшы екенін, шаруа екенін біліп болмайды. Мына қаптаған мал 
не? Бізге жұмысшы керек. 
— Жұмысшыға мал керек. 
— Керек болса малына суды ӛзі тапсын. 
— Қайдан табады? 
— Қайдан тапса, одан тапсын. 
— Дұрыс  емес,  Жұмеке,—  деді  Мейрам.—  Солақай  соғып  тұрсыз.  Сол 
малдың арқасында жұмысшылар бізге жалақтамай, ӛз күнін ӛзі кӛріп жатыр. 
Ең  ақыры  нан  мен  тұзын  да  бірде  беріп,  бірде  бере  алмай  келеміз.  Әрбір 
жұмысшының  сиыры  болса,  тіпті  жақсы  болар  еді.  Жаңа  жасалып  жатқан 
социалистік қор жұрттың бәрін қарқ қыла алмайды. Оның бержағында сіздің 
тұсыңыздағы  жұмысшы  мен  бүгінгі  жұмысшы  бір  емес.  Бүгінгі 
жұмысшының  сиырымен  қоса  бақшасы  да,  мінетін  меншікті  машинасы  да 
болмақ. 
— Жеке меншікті қайта қоздырамыз ба? 
— Меншіктің меншігі бар. Қоғам менингиті бӛгетсіз еңбекшінің ӛзіндік 
меншігі  әлі  де  ӛмір  сүреді.  Оны  ӛшірмейміз,  ӛсіре  береміз.  Бізде  енді 
бұрынғы пролетариат болмайды, жұмысшы болады. Жұмеке, оқи түсу керек 
Ленинді. 
— Бұл  не  дегенің!—  деп  Жұманияз  булыға  қалды.  Қатты  ашуланғанда 
сӛзі  анық  естілмей,  кӛмекейінен  шығатын.  Ашуға  қақалып  тұр.—  Мен 
«лениндік  призывта»  партияға  ендім.  Содан  бері  «Ленинизм  мәселелерін» 
басыма жастанып жатып оқимын. 
— Жақсы әдет,—деді Мейрам. Жұманиязды жұбата сӛйледі.— Оқу бар 
да,  тоқу  бар,  Жұмеке.  Екеуі  де  іске  керек.  Ӛмір  шытырмандарына 
кездескенде  алып  шыға  алмаса  —  неме  керек  олар?  Сізге  қарағанда  мен 
кӛбірек оқыдым. Кӛп оқысам да, аз оқыған бір қыз асып түсті менен. Жаңа 
ғана  оқымаған  бір  келіншек  ақыл  айтты.  Оқуымыз  әлі  аз  ба  дейім. 
Қысылғанда  кӛз  алдындағыны  кӛрмейтін  сасқалақтығымыз  тағы  бар.  Тіпті, 
біз зәредей кӛмекті қағыстырып жүріп, таудай кӛмекті кӛрмеппіз. 
— Қандай кӛмекті? 
— Мынау жер үйлердің жабдығын да жұмысшылар ӛздері тапқалы тұр. 
Материалды Шоқайдан ӛз кӛліктерімен әкелгелі жатыр. Бұл зор кӛмек емес 
пе?! 
— Апыр-ай, анық па?!— деп Жұманияз жалт қарады Мейрамға. Ашулы 
жүзінде қуаныш ойнады енді.— Есі құрғырға қалай келмеген. 

90 
Sauap.org
 
Жұманияздың  ашуы,  қайтуы  тез  болатын,  жадырап  кетті.  Жұмысшы 
кӛпті  қысқа  дейін  үйге  орналастыру  —  мұның  да  бүгінгі  зор  уайымы  еді. 
Қазір серпе сӛйлеп келеді: 
—...Айттым  ғой,  материал  қинайды  оларды.  Материал  болса,  үй  салып 
алу  чепуха.  Малдарын  жүдетпеу  керек  екен.  Әттең  труба  жоқ.  «Герберт» 
суын осы ауылдардың ішіне тартып, суатты кӛбейтсе. Қайткенмен бір шара 
істемей болмайды. Шүмектерді кӛбейтеміз. Сонда мынау ӛшірет жойылады. 
Жұманияз  осындай  бірсыпыра  ұсыныстар  да  айтып  келе  жатты. 
Екібастың  ескі  жұмыскері,  слесарь.  Жұмыс  жайына  келгенде  басқадан 
тапқыр  да,  ұқыпты  да  еді.  Инженер,  техниктер  тұратын  барактың  жанынан 
ӛте бергенде тағы да күйіп-пісе далды: 
— Қарашы!  Анау  дәретхананы  кірпіштен  жасаса  ғой,  оған  кеткен 
ағашпен  бір  жұмысшы  үйінің  тӛбесін  жабады.  Орлов,  Орлов  бұны  істетіп 
отырған! Жаны аши ма оның, ішінде мұз қатып жатыр! 
— Щербаковтің рұқсатымен болған шығар,— деп Мейрам болмашыдан 
шу кӛтергісі келмеп еді, Жұманияз ершелене түсті. 
— Щербаковтің  мүлкі  емес,  қазынаның  мүлкі.  Қазына  әуелі 
жұмысшылардікі.  Неге  рұқсат  етеді?  Жұмысшыларға  келген  жұмыс  киімді 
тағы  да  осылар  алады  алдымен.  Щербаков  бүйте  берсе,  жұмысшылардың 
профсоюзы, еңбек заңы бар. Олар тәлкекті кӛтермейді. 
Жұманияз  біраз  лаулап  басылып,  шахтаға  кетті.  Мейрам  тура  треске 
келіп енді. Щербаков Қанабек екеуі оңаша үлкен әңгімеде отырған. 
— Жақсы  келдің,  Мейрам  Омарович,  іздеп  отыр  едік,  —  деді 
Щербаков,— аудан қожасы сирек келсе де, сыбағаны сықап әкепті. 
— Әрине, үлкен кісінің жолы да үлкен ғой. Кӛрелік. 
— Қой,  қой  үлкейтпеңдер,  қулар,  «түйенің  үлкені  кӛпірден  таяқ 
жеген»,—  деп  әдетінше  қарқ-қарқ  күлі,  қасындағыларды  да  күлдіріп  алды 
Қанабек.—  Біз  сирек  келсек  те  сырттан  қамдарыңды  жеп  жүреміз. 
Ақмоладан, Алматыдан келе жатырмын. Округтегі, орталықтағы сӛздердің де 
«пісмелласы»  Қарағанды  қазір.  Округ  жақын  арада  елу  қызметші  жіберетін 
болды. Соның жетеуі дәрігер, бесеуі мұғалім, Орталық, бір-екі айдың ішінде 
бес  жүз  қызметші  жіг  бермек.  Темір  жолды  тез  жеткізуге  тӛтенше  шаралар 
қолданып жатыр. 
— Айта түсіңіз. 
— Қарашы,  ауыздарын  арандай  ашуын,—  деді  Қанабек,  тағы  бір 
қутыңдап, жымыңдап қойды,— Ал подхоз жасаңдар. Әзірге үш жүз бас мал, 
бес жүз гектар егістік жер бӛлінді, жете ме? 
— Соған  бірер  совхоз  қосса,  жете  тұрады  ғой,—  деп  Щербаков 
Мейрамға кӛзін қысқанда, Қанабек жымыңдап басын шайқады. 
— «Әкем  шоты  шапқан  сайын  ӛрлейді»  деген  осы.  Совхоз  мәселесі  де 
жуырда  шешіледі.  Қарағанды  кӛп  ұзамай  қалаға  айналады.  Тек  сонда  «ӛзі 
болған қыз, тӛркінін танымай» жүрмесін. 

91 
Sauap.org
 
Бұлар  жастарының,  орындарының  әрқилы  екеніне  қарамастан, 
қалжыңдаса,  қағыса  отырып,  үлкен  істі  кеңеспен  шешті.  Болашақ  подхоз, 
совхоздардың  жерін  қарастырып,  ұйымдастыру  шараларын  да  нобайлап 
тастады.  Сӛз  аяқталғанша  ішіне  іркіп  отырып,  Мейрам  жұмысшылардың 
қолындағы кӛлік күштерін айтып еді, Щербаков балаша қуанып, тұрып кетті 
орнынан. 
—...Тездету  керек!  Тездету  керек!  Біздің  Мейрам  Омарович  үндемей 
жүріп тау қопарады. Қарашы, бағанадан бері айтпауын! Жас деген жалындап 
жанып, арындап алып қашатын еді. Бұның ішіне сия береді... 
Жасы  үлкен,  денесі  кең  Сергей  Петрович  әрқашан  осылай  балаша 
қуанады,  балаша  ренжиді.  Оның  қуанышы  да,  ренжуі  де  айқын.  Жадағай, 
асты  құмайт  кӛл  сияқты  тұнық  кӛңілі  түбіне  дейін  кӛрініп  тұрады.  Қанабек 
әкелген  жаңалықтар  бұндай  қуантпағаны  —  бұрыннан  хабары  бар-ды. 
Мейрам  әкелген  хабар  ойламаған  жерден  шықты.  Ауырған  жерін  жазып 
жібергендей болды. Дереу жұртты аттандыру қамына кірісіп еді: 
— Бұл кӛмекті онда күшейте түселік, — деді Қанабек.— Кӛптің ішінен 
қыңырлар да, қазына сауғыштар да табылады. Поселкелік совет қаулы алуы 
керек. Бір жағынан міндетті болсын кӛлік иелері. Жаппай қатынассын. 
— Әбден дұрыс, әбден!— деп Сергей Петрович қостай жӛнелді. Мейрам 
тағы да бір тілек білдірді: 
— Бұл  кӛп  бар  күшін  беріп  жатыр  ғой.  Қыстыгүні  малым  қалай 
сақтайды  осылар?  Оларға  біз  де  кӛмектесуіміз  керек.  Біз  болғанда  —  трест 
қазір  дәрменсіз.  Аудан  не  айтады?  Жұмысшылардың  аз  малы  жұтап  жатса 
жақсы ма? Менімше бұл мәселе де дереу шешуді күтеді. 
Қанабек  ойланып  қалды.  Күн  сайын  қосылып,  лезде  елге  айналған 
Қарағанды аудан құшағын кернеп барады. Күтпеген жерден осындай күрделі 
тілектер  айтып,  мойын  бұрғызбай  тұрғаны.  Орындамасқа  ылаж  жоқ,  заңды 
тілек. Орындауға шама келе бермейді. 
— Біз  сізге  қарасақ,  сіз  жерге  қарайсыз,  бұл  қалай!—  деді  Мейрам, 
Қанабек біраз ыңылдап отырып, қайырды жауапты: 
— Айтып  па  ем  —  «түйенің  үлкені  кӛпірден  таяқ  жейді».  Тұйыққа 
тығып қойып, шықшы кәне?— деп тұрғанын! Ал, шығып кӛрелік. Екі түрлі 
ғана  амал  қалған  сияқты:  кӛлігі  бар  жұмысшылар  колхоздан  шӛп  алса, 
кӛліксіздері  малын  колхозға  бақтырса  деймін.  Әрине,  екеуі  де  ақылы. 
Пайдасы  түгел  болып,  оның  үстіне  аудан  айтып,  ұйымдастырса  колхоздар 
қарсы  болмас.  Шӛп  запастары  бар  еді.  Бір  қысты  осылайша  ӛткізелік.  Кӛз 
алдында қырамыз ба малды. 
Осыған «жә» десті бәрі. Бірақ сӛзді сӛз, жұмысты жұмыс қозғап, әңгіме 
созыла берді. Созылған сайын Қарағанды үлкейе берді... 

92 
Sauap.org
 
 
XVI 
 
Андрей Андреевич Орлов қызметтен келе жуан портфелін столға қойды 
да,  оңаша  бӛлмеде  сенделе  берді.  Ұзын,  арық,  еңкіштеу  денесі  әлі  ширақ. 
Шашы  ағарса  да,  маңдайынан  алыстаған  жоқ.  Анда-санда  салалы 
саусақтарын  тарбитып  апарып  басын  қысқанда,  ешкібасы  үлкен  шеңгеліне 
сыйып кетеді. Сабақсыз кӛзілдірігін қозғап, сүртіп, тұжыра қырыққан шоқша 
сақалына да дамыл бермей жүр. Іштегі мазасыз ойдың әсері әр қимылынан, 
мінезінен байқалады. Оқтын-оқтын күрсінуі, қайқылау танауын сіңбіре беруі 
тарылған тынысты кеңейту далбасасы сияқты. 
Орловты бұл күйге келтірген бүгінгі оқиға. Шахтада бір жұмысшы ауыр 
жараланды.  Тебе  құлап,  бір  забойдың  жұмысы  тоқтады.  Шахтада  ара-тұра 
болып  тұратын  бұндай  сәтсіздікке  үйренбеген  жаңа  жұмысшылар  дүрлігіп 
кетті. 
— Шахтасы  құрысын!  Жер  үстінде  істейміз!—  деген  дауыстар  естілді. 
Шуласып,  «бауырымдасып»  жаралы  жұмысшыны  қоршап  алды.  Бірақ 
Орловты қобалжытқан бұның бірі де емес. 
— Айыпты кім? Аямай соттаймыз!— деп Жұманияздың алақтай қараған 
ашулы  кезі  еді.  Сол  кез  әлі  тінтіп  тұрған  тәрізді.  Сенімін  жоғалтып,  сында 
жүрген Орлов қатты сескенеді. Біресе «бәрібір маған сенім жоқ» деп жаман 
ойларға да кетеді. Осындай ауыр халде отырғанда, есік қақты біреу. 
— Рұқсат!—  деді  елең  етіп.  Жүрегі  тулап,  ӛңі  сұп-сұр  болып  кетті. 
Әлібек енді үйге. 
— Сәлеметсіз бе, Андрей Андреевич!— деп қол алысты келе.— Атақты 
Әлібек Тайманов, қосымша атым  — «Кӛсеу қара». Ақтарыла кірген бұл кім 
дерсіз.  Ӛзіңіздей  бітеу  жара  бір  жанмын.  Ем  бар  ма  екен  жараға?  Бір  кезде 
бұл даланың бәйтерегі едім, дауыл соғып, шорт сындым. Сауығуға бола ма? 
Бүкпе  сырға  ӛзім  де  кенде  емен,  шын  сӛйлесейік.  Тек  «далбаса»  дей 
кӛрмеңіз. Ӛзге сӛзіңіздің бәрі алтын. 
Салған  жерден  ақтарыла,  апшысын  қуыра  келген  Әлібекке  Орлов 
таңданып  тұрып  қалды.  Ескі  қазақтың  мұндай  батылын,  оқымыстысын 
кӛргені  осы.  Тұлғасының  ӛзі  тегін  емесін  айтып  тұр.  Бірақ,  Орлов  адамға 
сенуден  қалған.  Әлібек  түгіл  ӛзімен  бірге  Донбастан  қуылған  қарт 
инженерлерге де күдікті... Қадам сайын қақпан, адам сайын айла — бәрі оны 
аңдып  тұрған  сияқты.  Ішкі-сыртқы  зымиян  ойларды  талқан  еткен  «шахта 
оқиғасы» осылай зәрезеп қылып тастады оны. Әлібекке сүйсіне де, сезіктене 
де қарап отырып: 
— Сіз мені қайдан білесіз?— деді бір кезде. 
— «Шахта оқиғасынан» білем. Мұнда келгелі жер астында талай кӛрдім. 
— Апыр-ау, жер астында істейсіз бе? 
— Иә, бәрін қайла шешеді қазір. Сонсоң мен де жармастым қайлаға. 

93 
Sauap.org
 
Андрей  Андреевич  Әлібекке  тағы  да  бір  кез  тоқтата  қарады.  Оның 
сазарған суық ӛңінен түршіге түсті денесі. Арбап тұрған тәрізді. Бір заманда 
үлпілдеген ақ саусақ, бүгін қайла ұстаса, жаңа ғана жылпылдаған майда тіл у 
тӛгуден  де  тайынбас.  Ӛте  қауіпті  адам.  Бұл  ішті  жылыта  кіріп,  жарып 
шыққан талайлар. Сенбеймін, сенбеймін, деген ойына мықты бекініп: 
— Сіз менің бұрынғымды білсеңіз де, бүгінгімді білмейді екенсіз,— деді 
Орлов.  Шылымын  алды  қалтасынан.  Әлібекке  ұсынып  еді,  тартпады.  Ӛзі 
құныға бір-екі сорғаннан кейін ғана, үзілген сӛзін жалғап әкетті.— Мен қазір 
бұл  ӛмірді  жасаушылардың  қатарындамын.  Қиратушылар  ӛзі  қирады.  Сіз-
дағы  бір  қайламен  қарсы  шыққанда,  мың  қайлаға  не  істер  екенсіз?  Осы 
жердің  астында  ондаған  миллиард  тонна  кӛмір  жатыр.  Оны  ондаған  мың 
адам  алғалы  жатыр.  Алатындығына  күмән  қалмады.  Тұс-тұстан,  үздіксіз 
құйылған  халық  ақысыз-бұлсыз,  тіпті  құралсыз  кешегі  сенбілікте  керемет 
кӛрсетті.  Сол  кӛпке  үлкен  қауіп  қыс  еді,  жұмыла  қимылдап  оны  да  жеңіп 
барады.  Жер  үйлер  жер  бетінде  кӛбейіп  қалды.  Ертең  осы  кӛп  осы 
ынтымақпен жер астына түскенде, қолына машина тигенде не шыдайды? 
— Сақтығыңыз  ұнады,—  деп  Әлібек  езу  тартты.  Үлкен  аузын  ыржита 
осы күлкісінің ӛзі аузын ашқан аждаһадай кӛрінді Орловқа. Әлібек түңілудің 
орнына  тақала  түсті  оған.—  Бәрінен  айрылғанда  жалғыз  әйел  бала  қалды 
қолымда,  мен  содан  да  сақтанам.  Сақтанбасқа  болмайды.  Ел  кетті  бізден. 
Дұрыс айтасыз — мың қайла әрине күшті. Бірақ сол мыңның жасағанын бір 
қайла да бүлдіре алады. Дәлелім — бүгін құлаған забойдың тӛбесі. Бүл тебе 
менің кім екенімді дәлелдеп тұр. Құлатқан мен. Сене беріңіз енді. 
Андрей Андреевич ұшып кете жаздады орнынан. Безектей бастады: 
— Шахта  құлаған  жоқ!  Сіз  құладыңыз,  басқаны  да  құлаттыңыз!  Темір 
бронға ағаш оқ атқан бұл неткен ақылсыздық! 
— Сабыр етіңіз!— деді Әлібек жай ғана.— Әлі сенбейсіз бе, әлде ауыз 
күйгендік  пе?  Қайсысы  болса  да  тартынарым  жоқ.  Шешінген  судан 
тайынбайды. Сіз сол суға түсіп те шықтыңыз, бұл қай байбалам? 
— Шыным бұл, шыным! 
— Жоқ,  шыныңыз  айтылған!  Әшкереленген!  Екі  тұмақ,  екі  ӛлмек  жоқ. 
Шындық  та  біреу-ақ.  Сізді  алдағым  келмесе,  алданғым  да  келмейді!  — 
дегенде Әлібектің үні әмірлі естілді. Тап қожаң мен, менсіз сен де білуші ең, 
дегенді  аңғартты.  Орлов  бәсеңсіп  қалды.—  Тыңдай  беріңіз,—  деп  сӛйлей 
берді  Әлібек.—  Ақылсыздық  дейсіз.  Мүмкін.  Күшігін  алдырған  қасқыр 
қотанға  шабады.  Қолға  түскен  ұры  жатып  ішеді.  Біз  —  сол.  Ӛзін-ӛзі 
құтқармаса екеуіне де рақым жоқ. Олар тарылғанмен дүние кең. Кең дүниеде 
қорқақ  қоян,  қастан  шаян да жүр.  Егер  үміт кесілсе,  шаянша  шайнап  тынар 
едім ӛзімді. Бірақ, үміт әлі бар. Жұмылған жұрттың сыртын кӛріп түңілмей, 
ішіне де кӛз жіберелік. Құрым түндігін жамыла келген осынау қазақтар, қазақ 
ұранына қоса, ру ұранын, ата кәдесін ала келіп отыр. Оған ұлттар арасындағы 
алакӛздікті,  істегі  толып  жатқан  осалдықты  қосыңыз.  Сонда  жұмылған  кӛп 
бақсының  жыны  болып  шығады.  Бұны  неге  кӛрмейсіз?  Шақпақты  неге 
шақпаймыз? Бір шағар қуың қалса, тұтатар жерің дәл осы! Әрине, бұнымен 

94 
Sauap.org
 
сынған  белің  сауыға  алмас.  Ұлы  оташың  сыртта.  Оның  қырағы  кӛзі  бізде. 
Сол  келгенше  шыдап  бақ.  Жаралы  боп  берілгенше,  жанталаса  қарман. 
Бетегенің де жеңгенің... 
Андрей  Андреевич  сұлық  отырып  қалды.  Мастықтан  айыққан  адам 
сияқты,  мең-зең  басымен  ойлап  отыр.  Әлібек  енді  советке  қарсы  бар  уын 
жиған  адамға ұқсады.  Ондай  уды  кӛрген,  ӛзі  де  қолданып  байқаған  Андрей 
Андреевич: 
— Үгітке  мен  зәру  емен,—  деп  тыжырына  теріс  қарады,  сонсоң:—Сіз 
сенген  сырттағы  оташылардың  да  емі  белгілі.  Сізге  кӛрінген  кӛп  «жындар» 
да  кӛз  алдымда.  Сіздердің  жоғыңызды  жоқтаймын  деп,  ӛзім  аз-ақ 
жоғалмадым. Сынған белді шанди орап, енді сол кӛптің соңынан шойқаңдай 
баса кетпекпін. Байлауым осы. Алаңдамаңыз маған. 
Әлібек жаңа ғана түңілгендей болды. Ұзын денесі бір иіріліп, тереңдегі 
кіші  кӛзі  таймастан  қадалды  Орловқа.  Үн  жоқ.  Тесіп,  ішіп,  жеп  барады. 
Қатыңқы  қара  сұр  жүзі  қара  күрең  тартқан.  Атылғалы  тұрған  оқ  жыландай 
еді. Сӛзі де удай болды. 
— Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды. Мейлің! Бірақ, оңай олжа табам 
деме.  Шахтаны  құлатқан  мен  болсам,  құлаттырған  сенсің  енді.  Батылың 
жетсе ұстап бер! — деді де есікті қатты серпіп шығып кетті. 
Кӛзіне  от  ұрынған  Әлібек  құтырған  қасқыр  тәрізді.  Кеше  ғана 
айдауында, алдауында жүрген момын ел, бүгін оны қуып тастап, социализм 
деген ұлы істі жер жаңғырта жасап барады. Сол елдің әр үні инедей қадалса, 
боратқан  шаңы  бораған  ұшқындай  сескентеді  Әлібекті.  Оның  бойындағы 
батылдық  емес.  Жан  берер  алдындағы  қатты  ышқыну  еді.  Сонда  да  есінен 
танбапты.  Орловқа  келгенде  бәрін  есептеп  келген.  Орловтан  шыққанда 
«әттегене-айдың»  орнынан,  «бүлк  ете  алмайды»  деп  шықты.  Ендігі  беті 
«Герберт»  суаты.  Ымырт  жабылған.  Суатқа  келіп,  кетіп  жатқан  мал,  адам 
аяғы әлі басылған жоқ. Дабыр сӛздер естіледі: 
— Бүгін жараланған кім? 
— Әлгі  бір  пысық  келіншектің  момын  күйеуі  бар  еді  ғой,  сол  бишара 
кӛрінеді. 
— Пысық келіншегі қайсы? 
— Білмейсің бе? Парткомның екі аяғын бір етікке тыққан. Аты кім еді? 
Е, Балжан! Осы маңдағы мұраттардың бірі. 
— Шахтаның  ақшасы  кӛп  болса  да,  мынасы  шошытты.  Сірә,  жер 
үстінде-ақ істей берермін. 
— Иә, бұл ӛзі әркімді ойлантты... 
Әлібек бәрін естіп келеді. «Герберт» басы адамсыз болмайтынын біледі. 
Солардан  ел  аңызын  байқамақ.  Бір  жағынан  ел  сусыны  болып  тұрған  осы 
«Герберттың»  ӛзін  айналдырып  кӛрсе  деген  ойы  бар.  Бірақ  «Герберт»  тас 
үйдің ішінде. Слесарь Лапшин есікті тас қылып жауып алған. Сақтық түрін 
кӛрген  соң,  Әлібек  алыстан  кӛріп,  басын  шайқап,  шаңырақта  ет  кӛрген 
мысықтай болып тұр еді. 

95 
Sauap.org
 
Суат  басында,  Бондаренко  әркімді  іліп-қағып,  ешкім  естімеген  сӛгіс 
сӛздерді  сӛйлеп  жүр  екен.  Әркімнің  шамына  тиетін  мұндай  сӛздерді  ол 
қайдан  ала  келгенін  кім  білсін?  Оның  күл  тӛкпеген  жері  аз.  Бүгін  мында, 
ертең  онда,  барып  тұрған  «летун»  болатын.  Қазір  қызу,  ішіп  алған.  Бұқаша 
күжілдеп,  су  басындағыларды  мүйізімен  шайқап  жүр.  Ол  барған  соң  торы 
биені жетелеп, Жұмабай бері аяңдады. Әлібек танып, тосып алды. 
— Бүгін кешірек суардың ғой. 
— Отағасы-ау,  сіз  кеткен  соң  десятник  бәрімізді  жинап  алып,  құлаған 
жерді қолма-қол түзеттірді. Соған кешігіп қалдым. 
— Сӛйтті ме? Бітті ме? 
— Құданың  құдіреті,  бұндайда  кісі  күшті  боп  кетсе  керек.  Қыруар 
жұмысты  бітіріп  кеттік!  Жұманияз  ӛзі  болды  басында.  Ескі  жұмысшы  екен 
ғой. Балта мен қайлаға бірдей кӛрінеді сабаз. 
— Ешкімге ұрысқан жоқ па? 
— Әлгі  ақ  бас  инженерді  «кӛрмейді,  үйретпейді»  деп  сыртынан  біраз 
сыбады.  Бізге  крепті  қалай  қоюды,  тӛбенің  берік,  осалын  қалай  білуді 
кӛрсетті. Оп-оңай екен, Әлеке! Қалай білмегенбіз? 
— Біз  жаңа  жұмысшымыз  ғой.  Қатеміз  бола  береді.  Бондаренко  су 
басынан шатақ шығара алмай бері аяңдады. Әңгімелесіп тұрған Жұмабай мен 
Әлібектің жанынан, «битті қазақ, әй битті...» деп бұлғаңдап ӛте бергенде: 
— Әттең, мына сақал!— деді Әлібек.— Әйтпесе мынаны... 
Сол-ақ  екен  қойдан  қоңыр  Жұмабай  ебелектеп  барып,  Бондаренконың 
алдына тұра қалды. 
— Әй, сен ӛзің не айтып барасың?! Ақымақ! 
Бондаренко  сӛзге  келген  жоқ.  Тұмсыққа  жұдырықпен  бір  берді  де, 
жытып кетті. Мұрнын басып Жұмабай отыр. Басалқы айтып Әлібек тұр: 
— Қалай барып қалдың? Жанжалдың керегі не саған. 
— Құданың құдіреті, қалай барып қалғанымды ӛзім де білмеймін,— деді 
аңқау Жұмабай.— Тәңір жазасын берсін! 

96 
Sauap.org
 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал