Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет7/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

 
XIII 
 
Мейрам  келгелі  кӛбінесе  завод  ӛмірін  зерттеумен,  танысумен  болса, 
кейінгі жұмада қызу жиын, қауырт жұмыстарға араласты. Поселкелік совет, 
комсомол,  профсоюз  ұйымдарын  құру,  толып  жатқан  жиналыстар  ӛткізу, 
алуан-алуан  сӛз,  пікір  талқыларына  түсу  —  шын  ӛмірге  жаңа  араласқан 
жастың  тойпаңын  жазып,  бірсыпыра  ашып  тастады.  Мейрам  қазір 
«жұмыстың қыбын, адамның ішін білуді» ӛзінің мектепте ең жақсы кӛретін 
математика  сабағы  есебінде  үйреніп  жүр.  Отты,  ойлы  кӛзі  салмақпен 
қозғалып,  жалт  қарағанда  ішіңді  кӛріп  тұрғандай  болады.  Ақсұр  жүзі,  ӛз 
ішінен ештеме сездірмейді. Қағылез, тіп-тік, орта бойында мін жоқ. Жалғыз-
ақ  биіктеу  қабағынан  жасында  ат  тепкен,  тұяқ  дағы  бір  жаңа  айдай  имек 
сызықша  болып  қалып  қойыпты.  Оқта-текте  қасын  кӛріп,  жұпыны  столда 
жалғыз  жазып  отыр.  Отырған  бӛлмесі  де  жұпыны.  Ақ  қағазға  маржандай 
тізген ұсақ жазуы тым әдемі. Ойға бойлап, тар үйде үлкен іс жасап отырған 
кең жігіттің қабілеті кӛрінеді... 
Қалжыңдаса,  қағыса  сӛйлеп  Щербаков,  поселкелік  кеңес  председателі 
Кәрібай,  профсоюз  комитетінің  председателі  Жұманияз,  механик  Козловтар 
енді үйге. Бәрі де партия ұясының бюросына келді. Партия, профсоюз, совет, 
комсомол  ұйымдары  құрылғаннан  кейінгі  бюроның  бұл  маңызды  мәжілісі. 
Қаралатын  мәселе  белгілі  —  ӛндіріс  жайында.  Әрқайсысы  ойлана,  толғана 
келіп  отыр.  Ермек  пен  Жанабілден  басқасы  талай  бюроны  кӛрген,  жаңа 
секретарьдің аяқ алысын байқағалы да отыр. 
Мейрам күн тәртібін ресми түрде жариялап, Щербаковқа сӛз берді де: 
— Сӛздің  де  тӛтесін  таба  сӛйлейік,—  деп  бәріне  бір  ескертіп  қойды. 
Сырты  тыныш  кӛрінгенмен  ішінен  қобалжыңқырап  отыр.  Бұрын 
басшылықта  болмаған  жас  сүрінбесем,  пікір  қағыстарына  қателеспей 
дұрысын  ұстасам,  дейді.  Бұл  бюроға  бірсыпыра  дайындалса  да 
дайындығынан гӛрі тәжірибелі Щербаковке кӛбірек сенеді. Сондықтан сӛзді 
әуелі соған бастатты. 
Сергей  Петрович  орнынан  тұра  сағатына  қарады.  Күдістеу,  апсағай 
денесін тікейте, екі қолын артына ұстап, жай бастады сӛзін. Жатқа айтты. Бұл 
отырғандардан  денесі  ғана  емес,  жасы  да,  тәжірибесі  де  үлкен. 
Қарағандының  қазіргісін  ғана  емес,  келешегін  де  кӛрген  байсалды  адам, 
жұмыс  жайын  жайып  салып,  картадан  кӛрсеткендей  сӛйледі.  Оның  сӛзі 
дағдылы  баяндамадан  гӛрі,  үлкен  аудиториядағы  үлкен  ұстаздың  ғылыми 

73 
Sauap.org
 
лекциясына  ұқсады.  Айта  келіп  сынап  та,  кейіп  те  қояды.  Онысы  қамқор 
әкенің  сынауы,  кеюі  сияқты.  Қазір,  Қарағандының  келешегінен  гӛpi  бүгінгі 
жағдайын баса айтып, түйінді бірнеше мәселеге тоқталды да, бәрін ӛзі шешіп 
берді. 
—...Бізден  бұрын  Ермек  ашқан  бір  ғана  шахта  істеп  тұр.  Ескі 
жұмысшылар  үйренген  ӛндірісін  тастап  кете  алмаған.  Кӛмірді  қолбұранмен 
шығарып, елге азық-түлікке айырбастап күн кӛріпті. Енді қайтсін. Біз келгелі 
жаңадан тӛрт шахта қазылып жатыр. Материал, алдымен ағаш жетпейді. Су, 
азық-түлік  жетпейді.  Ағылып  келіп  жатқан  жұмысшыларға  үй  жоқ.  Бәрі 
темір  жолдың  келуін  күтеді.  Оған  дейін  кӛпті  қаңтарып  тұра  аламыз  ба? 
Әрине,  тұра  алмаймыз.  Жергілікті  мүмкіншілікті  барынша  пайдалана  білу 
керек.  Сол  мақсатпен,  бірінші  шахтының  ӛте  ауыр  қолбұранын  атбұранға 
айналдырдық. Бұл, еңбек ӛнімін бес есе арттырды. Таяуда ат күшін бу күші 
басады.  Еңбек ӛнімі  тағы да  арта  түседі.  Электр  қуатын жасағанша, осылай 
амалдай  тұрармыз.  Ӛте  қиын  жағдайда  істеуге  тура  келеді,  жолдастар. 
Жергілікті мүмкіндіктерді, бойда бар қуатты жете пайдаланбай, бәрін жоғары 
жақ жібереді деп отырсақ ұтыламыз. Қиындықтарды жеңу үшін коммунистер 
алда болуы, кӛпке үлгі кӛрсетуі керек... 
Щербаков жай сӛйлеп, алдағы қауырт жұмыстарды қиындықтармен қоса 
кӛз  алдынан,  ӛткізіп  тұр.  Мейрам  оның  сӛзінен  сол  қиындықтарды  жеңетін 
күшті де кӛріп, сүйсініп отыр. Оқта-текте сұрақ беріп қояды. 
— Су мұқтаждығын қалай жоямыз? 
— «Герберт»  суы  ертең  жер  бетіне  шықпақ.  Құдықтар  тек  адам  ішуге 
ғана  қалады.  Онымен  де  су  мұқтаждығынан  құтылмаймыз.  Екі  километрде 
«Майқұдық» бұлағы, отыз бес километрде Нұра ӛзені жатыр. Соларды тарту 
керек.  Темір  жол  келіп,  трубалар  жеткізгенше,  канал  дайын  тұрсын.  Қысқа 
қалса  канал  қазуы  қиындап  кетеді.  Жаздың  жартысынан  кӛбі  бітті. 
Жұмысшылардың жүзден тоқсан тоғызы үйсіз. Қалған уақытта оларды тегіс 
үймен қамтамасыз ете алмаймыз. Егер жұмысшыларды ұйымдастыра білсек, 
әрқайсысы  ӛзіне  уақытша  баспана  жасап  ала  алады.  Осы  маңдағы  бес 
колхозбен  шарт  жасасып  отырмыз.  Бұлар  да  пәтер  кӛмегін  кӛрсетпек. 
Мемлекет  берген  азық-түлік  қорын  тасып  алу  қиынға  соқты.  Бірақ,  бұл 
мәселе  қанша  қиын  болса  да,  колхоздар  құтқарады.  Бұрынғыдай,  кулактың 
қолына қараудан кеттік. 
Сергей  Петрович  кең  тұрып,  кӛбіксіз,  бұлдырсыз,  жұмыс  тілімен 
жағдайды дәл ескертті де, сағатына тағы бір қарап, орнына отырды. Ол бәрін 
айтып,  бәрін  шешіп,  басқаға  ештеме  қалдырмай  кеткен  тәрізді.  Ешқайсысы 
сӛйлей қоймай, біраз уақыт ӛтті. Мейрам сұрақ қойды: 
— Кӛп жұмысты темір жолдың келуіне қараттыңыз. Оған тиеген жүгіңіз 
бар ма, қашан келеді? 
— Жол  біздің  қарауымызда  емес  қой,  кесіп  айту  қиын.  Қазір 
Осокаровкаға  жетіпті.  Январьға  дейін  Қарағандыға  жетуге  тиісті.  Жеткен 
күні Донбастан кӛмек келеді. 
— Қандай кӛмек? 

74 
Sauap.org
 
— Бір  бу  генераторы,  екі  бу  қазаны,  нефть,  двигатель,  болат  арқан, 
трубалар,  бірнеше  динамо.  Ұсақтарын  қоспағанда  бастылары  осылар. 
Осының ӛзі бір адым алға жібереді бізді. Үлкен қуанышымды іште іркіп отыр 
едім,  сыймады,  айтайын.  Бүгін  Орджоникидзе  жолдастан  жауап  алдым, 
жауабымен  қоса,  «Бірінші  бесжылдықтың»  бел  балалары  —  тӛрт  трактор 
жӛнелтіпті. Қарағанды мәселесін ӛз қолына алыпты... 
Бәрінің жүзі күлімдеп «айта түс» дегендей Щербаковтің аузына қарады. 
Қуаныш  кернеген  кӛңілден  шашыранды  лебіздер  шығып  жатты. 
Орджоникидзенің «ӛз қолына алуы»— жӛргектегі нәрестені ананың баурына 
алуы тәрізді сезілді, бұларға. Болашақ Қарағанды қанша алып болса да, осы 
сенім күштерінен тӛмен еді. 
Жұманияз  сӛз  алды.  Кербез,  әдемі  қара  мұртты,  қара  торы  жігіт. 
Оқымыстыға  кӛп  ұқсаса  да,  тӛменнен  жоғарылаған  Екібас  жұмысшысы. 
Алғашқы сӛзінен-ақ Мейрам оқымаған, тәжірибелі адам екенін аңғарды. 
— Жолдастар,  мен  турасын  айтам,—  деді  Жұманияз,—  «профсоюз 
коммунизм мектебі» деген Ленин. Ленин бастаған сенбілік бар. Соның керегі 
дәл  қазір.  Нұра,  «Майқұдық»  каналдарын  жұмысшылар  сенбілікпен  жасап 
береді. 
— Міне, тапты,— деп Сергей Петрович гүл жайнады Жұманияз тағы бір 
қиынды жеңілдетті: 
— Пролетариат қиындықтан қайтпайды. Ӛзіне баспана салу деген сӛз бе 
екен!  Бүкіл  заводты,  қаланы  жасайтын  солар.  Тек  уақыт  берілсін,  материал 
берілсін.  Бірақ,  бірнәрсені  қатты  ескертем  —  бәріміз  қоммунист  болсақ  та 
шарт жасасамыз, жолдас Щербаков. Шартты бұзушыны аямаймыз. 
Сергей Петрович қарқ-қарқ күлді. Донбастан келгелі профсоюз дауысын 
естігені  осы.  Кӛп  талқысын,  шарт  талқысын  сағынып  қалған  тәрізді. 
Жуманиязды сӛйлете түскісі келіп отыр: 
— Міне, бұлар шартын ала жүгіреді. Ескі әдет. 
— Иә, ескі әдет. Ескінің пайдалысын тастамаймыз. Социализм тұсында 
да  тәртіп,  заң  бар,  жолдас  Щербаков.  Профсоюз  бұл  дәстүрін  коммунизмге 
жеткенше қалдырмайды. Ӛзіңіз де профсоюз мүшесі екеніңізді ұмытпаңыз. 
— Қойдым,  қойдым!  —  деді  Щербаков.—  Қазір  тәртіпке  шақырғалы 
тұр, байқайсыздар ма? 
Біраз  күлісіп  алды.  Мәжіліс  жаңа  ғана  қыза  бастады.  Әрқайсысы-ақ 
сӛйлегісі  келіп,  қыпылдап  отыр.  Механик  Козлов  тұрды  орнынан.  Аласа 
бойлы,  бурыл  бас  қарт.  Тісінің,  саусақтарының  бірсыпырасы  түскен. 
Донбастың  ескі  жұмыскері,  Щербаковтің  ала  келген  ең  жақсы  серіктерінің 
бірі еді. «Болмайдысынан», «боладысы» кӛп, уайымнан қуанышы кӛп, әмен 
алға тартатын адам кӛрінеді. 
— Мен  тек  кадр  жайында  ғана  айтам,—  деп  бастады  сӛзін.—  Қазақ 
деген  елдің  атын  естігенім  болмаса,  бұлай  екенін  білген  емен.  Мехцехта 
жиырма бес қазақ жұмысшысы істейді. Соның оны ескі, он бесі жаңа. Әуелде 
бірде-бірі егеуді дұрыс ұстай білмейтін. Аз уақыттың ішінде мынау отырған 

75 
Sauap.org
 
Жанабіл,  Шәйкен,  Жолтайлар  механизм  тіліне  түсініп  қалды...  Қуанышпен 
естіртем, жолдастар, еңбегің тыңға сепкен дән тәрізді. Себе бер. «Казақ мал 
бағудан  басқаны  білмейді»  деген  мүлде  ӛтірік.  Жаңа  жұмысшыларды  ескі 
маман  жұмысшыларға  баулыға  бер.  Түбінде  сол  жаңалар—  ауылдан  келген 
қазақтар, қазақтың жұмысшы табы болып қалады. Біздің ескі Ресейде бес-он 
жылда үйренгенімізді, бұлар бес-он айда үйренетініне кӛз жетті. Бәрі болады, 
жолдастар. Тек жасыма, шыда, баулы. Кадр бәрін жасайды... 
Кӛрмейсіздер  ме,  Қарағандының  қарамы  әнеукүні  қандай  еді,  бүгін 
қандай! Осылай кете бермек... 
Козловтан  кейін  сӛйлеген  Жанабіл  еді.  Жас  батырақ  арындай  жӛнелді. 
Екі  сӛзінің  бірі  —«тап  тартысы».  Жаратпаған  адамын  кулакқа  теңейді. 
Сӛзінде  ауыл  тілі  кӛп.  Тілінде  ӛзгеше  бір  ӛткірлік,  тапқырлық  бар.  Сол 
қасиеті  кӛп  мінін  кӛрсетпеді.  Бюро  мүшелері  оның  аузынан  шыққанды  жас 
баланың аузынан шыққандай қызыға тыңдап отыр... 
—...Кулак,  жалқау,  бойкүйездер  —  Ленин  айтқандай,  бір  ақшаның  екі 
беті. Кейінгі екеуін де тап есебінде жою керек дегенде, ду күлді бәрі. Мейрам 
күле отырып қағып қойды: 
— Жалқау, бойкүйездерді жою керек емес, ыспалау керек. 
— Ендеше  екі  асықтың  арасына  салып,  таспаша  ысып  жатырмыз 
Бәйтенді. Комсомолдар аянбай күреседі олармен. Тек арашаламаңыздар... 
Аузы  ауыр  Ермек  Жанабілдің  сӛзіне  жымия  күліп,  анда-санда  басын 
шайқап  қояды.  Бұл,  қатты  сүйсінгендегі,  не  қатты  ұнатпағандағы  мінезі. 
Қазір соның екеуін бірден кӛрсетіп отыр. Ойын тайынбай тура айтқан ӛжет 
жасқа  мейлінше  риза.  Ал  Бәйтенге  соқтыққанына  шамданады.  Бәйтенді 
Ермектің ӛзі де ұнатқан емес. Бірақ, ол ауыр бейнеттерді басынан кешірген, 
қажыған  ескі  жұмысшы.  Ескі  жұмысшылардың  арасында,  бір  түрлі 
ұйымшылдық  дәстүр  бар.  Ӛзара  ұрыссып,  боқтасып  жүргенде  де  басқадан 
жанын сала қорғайды. Сӛйлегісі келмеген Ермекті осы намыс қозғап жіберді: 
— Әуелі  мына  жігіттің  сӛзіңе  жауап  қайырам,—  деді  Ермек.—  Оңды 
жігітсің.  Бірақ,  Бәйтен  сенің  кулагің  емес,  жолдас.  Конфискелейтін  де 
ештемесі жоқ. Ескі Қарағандыда он сегіз жыл істеген адам. Ағылшындардың, 
бай,  подретшіктердің  жұмысына  селқос  қарап  әдеттенген.  Енді  әліне  сай 
жұмыс  беріп,  баулыса  жаңаша  да  істеуге  үйренеді.  Осында  сӛйлеушілердің 
бірде-бірі  жер  астына  қарамай  ӛте  шықты.  Қарағанды  —  алдымен  кӛмір  — 
деген  сӛз.  Кӛмір  жер  астында.  Айласын  таппасаң  алдырмайды.  Ен  кӛмірге 
енетін бір ғана жол — штрек бар. Штрек, лава, проходкалар кӛбеймей, кӛмір 
кӛбеймейді. Тұйыққа тығылмай тұрып, жер астының дайындық жұмыстарын 
ӛршіту керек. Ертең машина жүре бастағанда, мол кӛмірден кӛмір бере алмай 
отырсақ, ұят емес пе? 
Кәрібайдан  ӛзгесі  үлкенді-кішілі  ой  айтып,  кейбірі  еселей  айтып,  жаңа 
Қарағандының тағдырын шешіп жатты. 
Жасы бірсыпыраға келген, тәжірибесі бар, поселкелік совет председателі 
—  Кәрібайдың  үндемеуін  Мейрам  ұнатпады.  Бағанадан  бері  айтылған 
пікірлерді қорыта ӛзі сӛйлегенде, алдымен Кәрібайдан бастады: 

76 
Sauap.org
 
— Жергілікті ӛкімет бастығы Әлібаев жолдастың, айтары жоқ па, іркіп 
қалды  ма,  әйтеуір  үндемеді.  Қайсысы  болса  да  жараспай  тұр.  Осындай  сәл 
нәрсенің  ӛзінде,  кейде  салмақты  мән  жатады.  Мен  қазір  кінәлаудан 
аулақпын. Халықтық ұлы істе әркімнің ұлылы-кішілі сыбағасы бар, соны ал 
демекпін,—деп Мейрам сӛзін бір түйіп тастады. Кәрібай кӛсе қара жігіт еді. 
Беті қара күрең тартты. Салған жерден сынға алған секретарь әрқайсысын бір 
қымсынтты.—  Советтік  Қарағандыны  жасау  —  социализм  жасау  болып 
шығады.  Социализм  мен  надандық  бір  қазанға  сыймайды.  Меньше,  үлкен 
қауіп,  үлкен  күрес  мәдениет  жолында  тұр.  Кеше  екі  жұмысшы  боқтасып 
жатыр екен. «Сен шошқа баққаннан басқа не біліп едің» дейді бірі. «Сен қой 
құрттағаннан  басқа  не  біліп  едің»  дейді  екіншісі.  Қазір  атын  атамаймын, 
осында  отырған  жолдастардың  бірі  ести  тұра  бұл  сӛзге  сол  арада,  не  осы 
бюрода мән бермеді. Мән бермейтін сӛз бе? Ескі ұлт ӛшпенділігін кулак үгіті 
қоздырып  тұрған  жоқ  па?  Егерде  сол  жұмысшылар  саяси  сауатты  болса, 
солай  сӛйлеспейді.  Егер  оларды  тыңдап  тұрған  жаңағы  жолдас  адал,  саяси 
сауатты  болса,  ескерусіз  қалдырмайды.  Белгілі  Бәйтен  жұмсақ  егеумен 
егейтін темірді, түрпідей егеумен егеп тұрғанын кӛрдім. Кӛп ауылдың ішінде 
бір әйел кӛмірді жаға білмей, ақ жапаны жоқтап тұрғанын кӛрдім. Екеуінде 
де  Жанабіл  айтатын  «кулак  қастандығы»  жоқ.  Білім  жетпей  жатыр.  Қайтсе 
жетеді?.. 
Мейрам  осылай  сұрақ  қоя,  ол  сұрақты  ӛзі  шешіп  тұрды.  Мысалдар 
келтіріп,  оған  терең  түсініктер  берді.  Үндемей  жүріп  аз  уақытта  ішіне  кӛп 
тоқыған.  Ленин  ғылымдарына  сүйеніп,  жержүзілік  жағдайды  да  кез  алдына 
әкелді. Сӛзінің бәрі мәдениетке тіреледі. 
Жадағай  ауылдан  жоғары  кӛтеріліп,  биік  басқышқа  шығып  бара 
жатқандай, тіпті осы отырғандардың ӛзін үйретіп тұрғандай әсер берді. Окта-
текте қолымен жай орағытып еткені, бүкіл Қарағандыны орағытып ӛткендей 
сезіледі. Сӛзінің ақырында не істеуді кесіп-кесіп, айтып тастады... 
— Жалпы білім беретін мектептер, оқу комбинаттары құрылғанша, жан-
жақтан  мәдениет  кӛмектері  келгенше  барымызбен  базарлай  тұрайық. 
Поселкелік  совет,  профсоюз  комитеті  ертеңнен  бастап  санаққа  кіріссін. 
Сауатсыздар  қанша,  оларды  оқытуға  жарайтындар  қанша?  Білейік. 
Оқытушыларға  норма  беріп,  еңбекақысынан  басқа  сыйлық  жариялайық. 
Жоспарлы  түрде  саяси  оқу,  жиналыстар  ӛткізуді  партия,  комсомол  ұясы 
ерекше  міндетіне  алсын.  Оқу  жалаң  қағазда  емес.  Әрбір  тәжірибелі,  маман 
жұмысшы  бірнеше  жаңа  жұмысшыны  жұмысқа  үйретуге  тиісті.  Бұған  да 
белгілі срок, норма-беру, ықластандырарлықтай ақы, сыйлық белгілеу треске 
—  жолдас  Щербаковке  тапсырылса  деймін.  Жұмысшыларды  үйсіз,  сусыз 
ұстап болмайды. Сол сияқты «сенбілікті» де, үй салуды да бетімен жіберуге 
болмайды.  Ұйымдасқан  түрде,  жоспарлы  түрде,  негізгі  жұмыстарды 
бӛгеместей етіп, жүргізуіміз керек. Поселкелік совет, трест, профсоюз бұның 
жоспарын  кешіктірмей  жасап  әкелу  керек.  Естеріңізде  болсын,  осы 
айтылғандардың  орындалуы  алдағы  бюрода  тексеріледі.  Әркімнің  іскерлігі 

77 
Sauap.org
 
байқалады.  Бізде  күш,  ықлас  жеткілікті,  жолдастар.  Іскерлік,  тек  іскерлік 
жетсін, оған сезімпаздық, керімпаздықты қосалық!.. 
Мейрам  мен  Щербаков  дайындаған  қаулының  проекті  бұл 
айтылғандардан  кеңірек  те,  дәлірек  те  еді.  Бірауыздан  қабылданды.  Бюро 
тарады. Әркім кӛтергенше жүк алып шыққандай, толғана басып, ауыр қозғап 
барады аяғын Щербаков Мейрамның қасында қалып қойды. Жайран, қағып, 
кӛтеріле  сӛйлеп  отыр.  Жасамыс,  байсалды  адам  болса  да,  қуаныш  үстінде 
жеңіл екен, жас секретарьға, ол басқарған мәжіліске риза кӛрінеді: 
— Жақсы басқардыңыз, Мейрам Омарович. Гәптің бәрі басқаруда ғой,— 
деп бір кідірді.— Баспана, су, тәрбие... бүгінгі ең ауыр міндеттер еді. Соны 
орындаудың  бюро  дұрыс  шараларын  белгіледі.  Отыз  коммунист  бармыз. 
Үлкен  күш,  бұл  —  үлкен  күш.  Жұманияз,  Жанабіл,  Ермектер  қандай  таза 
жанды адамдар!.. 
— Козлов ше? 
— Ол белгілі тарлан. 
— Кәрібай маған ұнамады. Ӛз ойы жоқ. Кеше екі жұмысшы керіскенде 
қасында  тұрған  да  сол.  Коммунист,  жергілікті  совет  председателі  осылай 
бола ма? Шляпа! Кулак үгіті надандықты қоздырып жатса, ол жақ ашпайды. 
Сергей Петрович жымиды да, біраз үнсіз қалды. Алғыр жастың албырт 
мінезін  де  сезіп  қалған  тәрізді.  Ендігі  сӛзінен  ӛзіңе  тан  байсалдылық, 
қамқорлық кӛрініп тұр: 
— Адамдар  әрқилы,  кемшіліксіз  бірі  жоқ.  Кемшілігін  кӛрсете, 
шыдамдылықпен тәрбиелей білу керек. Дұшпан болса бір сәрі. 
Мейрам  жауап  қайырмады.  Жұқа,  таза,  ақсұр  жүзінен  бұл  сӛздердің 
әсері  байқалған  жоқ.  «Ӛзімшілдігі  басым,  ӛр  мінез  жігіт  пе?  Әлде  түсінді 
ме?» деген ойдың біріне тоқтай алмай, Сергей Петрович ақылын айта берді: 
— Жақсы  қаулы  жарым  іс.  Оның  орындалуын  қадағаласаң  ғана  толық 
іске айналады. 
— Дұрыс айтасыз. 
— Бірнәрсені ұмытып барамыз. Осы жұртқа ойын-сауық та керек. 
— Рас, бірақ қазір амал не? 
— Самодеятельность.  Жанабілдер  жанып  тұрған  жоқ  на?  Мегзесең 
болғаны, жинап алады жастарды. 
— Ол кәріні де тиыш қоймайды. 
Жаңа  қоныс  кӛптің,  жаңа  ӛндірістің  мүдделерін  Сергей  Петрович 
біртіндеп айта берді. Сағат екіден ауғанда ғана орнынан тұрды екеуі. Сараң 
сӛйлеп, кӛп тыңдаған Мейрам, кӛңілін де аз сӛзбен білдірді: 
— Тәжірибеге кедейлігімді аз күнде кӛп кӛрдім. Әрдайым жәрдем етіңіз. 
 
XIV 
 

78 
Sauap.org
 
Бүгін  бір  желді  күн.  Кӛп  ауылдың  аяғымен  тақырланған  тӛңірек 
борандатып  тұр.  Қарағандының  ӛз  іші  қара  боран.  Ұйтқып-ұйтқып  соғады. 
Панасыз биік жон қыс болса қардың, жаз болса осылай топырақтық ойнағы. 
Алыстан  қарағанда  сары,  қара  шаң  діңгектері  аспанмен  тілдесіп,  олардың 
түбіндегі  тұтас,  сарғылт  мұнар  заводты  бүркеп  кӛрсетпейді.  Тек,  биік  темір 
труба ғана, толас-толаста «мен мұнда» дегендей қараң етіп қояды... 
Осы астан-кестен дүниеден бӛліне шыққан бір шаң кәдімгі Қара Нұраға 
беттеп барады. Шалғыны жайқалып, тұнық толқыған жер бетіне атжал болып 
тұрып қалды сол шаң. 
Қарағанды  мен  Нұраның  арасы  отыз  бес  километр.  Үкіметтің  үлкен 
жоспары бойынша, Қарағандыны Нұра суымен, электрмен қамтамасыз етеді. 
Ол  үшін,  Нұраны  байлап,  миллиондаған  кубаметр  су  қорын  —  теңіз  жасау 
керек.  Теңіз  де  аздық  қылады.  Нұраның  астын  зерттеу,  тереңдігі  күшті  су 
кӛзіне  жету  қажет.  Бұның  бәрі  —  келешекте  «Каргрэс»  аталатын  үлкен 
мекеменің міндеттері. 
Мейрам мен Щербаков ол үлкен міндетті иелеріне тастап, ӛз тұстарынан 
тӛтенше  шара  қолданды.  Ӛткен  бюроның  қаулысы  бойынша,  Қарағанды  — 
Нұра  канауын  бастап  жіберді.  Ұзыннан-ұзақ  атжал  болып  кӛрінген  шаң  — 
ауылдан  жаңа  келген,  суға  аңсаған  жаңа  жұмысшылардың  шаңы.  Жүздеген 
қайла,  шот  тың  қолдарда.  Ғасырлар  бойы  ескі  арнамен  аққан  Нұраға  жаңа 
арна жасап барады жұрт. Үш жүзге бӛлініп, ӛзара жіктесе, жұлқыса жүретін 
қазақ  жұрты  осы  араға  келіп,  ынтымағын  қосқан  тәрізді.  Алуан-алуан 
тымақтар  —  әр  руды  кӛрсетіп  тұр.  Әр  тұстағы  бір  түс  қызыл  тулар  тілек 
бірлігін  кӛрсетіп  тұр.  Ленин  бастаған  сенбілік  жойқын  күшпен  кең  даланы 
қопарып барады... 
Бұл кӛптің ішінде Жайлаубай да бар. Тӛрт қанат қоңыр үйін ала келіп, 
шаңнан аулақ, шалғынды ӛзекшенің қабағына тігіпті. Айдау кӛрген үш-тӛрт 
қарасы,  он  шақты  қой  тұяғы,  соны  жерге  тұмсығы  тиген  соң  қарындары 
қампия қалыпты. Кӛппен бірге канау қазып жүрсе де, Жайлаубайдың бір кӛзі 
малдарында.  Қойлары  желге  беттеп,  канауға  жақын  келген  екен,  шотын 
тастай сала: 
— Шайт!—  деді  Жайлаубай.  Әрірек  айдап  тастап  орнына  қайтты. 
Шотын тіпті тӛмен сермейді. Әйтседе молырақ қамтып, опыра құлатпақ ойы. 
Онысына  жер  кӛнер  емес.  Азырақ  алып  еді,  ӛнер  емес.  Шот  ұстасының  ӛзі 
тым  олақ.  Әйелше, балаша  қылғындыра  ұстап,  қара  күшке  салып  тұр.  Міне 
қойлар тағы келді. Тағы да,— шайт!— деп кейін қайырды Жайлаубай. 
Пар  ат  жеккен  арбада,  канауды  бойлап  келе  жатқан  Мейрам  мен 
Щербаков Жайлаубайды кӛргенде қатты күлді. 
— Екі жақты Жайлекең — қой ұстарын, кетпен ұстарын біле алмай жүр-
ау!—  деп  күледі  Мейрам.  Жайлаубайдың  халіне  күліп  те,  аяп  та  қарады 
бұлар.  Бірақ,  кең  Жайлаубайда  қысылған  түр  кӛрінбейді.  Маңқая  тұрып, 
ыржия күліп, қарсы алды екеуін. 
— Бәрекелде! «Бітер істің басына, жақсы келер қасына». Кәне, үй жаққа 
баралық... 

79 
Sauap.org
 
— Үйді қайтесіз...— деген Мейрамға одырая қарады Жайлаубай... 
— Онысы несі! Қойдың бірін соям, дәм татып кетіңдер. Қасыңда ұятты 
кісі бар кӛрінеді... 
Мейрам  бұл  сӛзді  орысшалап,  Щербаковқа  жеткізіп  еді,  екеуі  шегі 
түйіліп  құлап  қалды.  Ұлы  жиын,  қызу  жұмыс  мынау.  Жайлекең  жайланып 
отырып қонақ күтпек. 
— Ай, Жайлеке,— деді Мейрам.— Жұмысты қайтеміз?! 
— Е,  тәйірі,  осынша  жұрттан  жұмыс  қала  ма?  Дәмнен  үлкен  ештеме 
жоқ. 
Күні ұзын аңызақ жел қаққан қонақтар, мал союға кӛнбесе де, сусындап 
шығуға қарсы болмады. 
Қоңыр  үйге  келіп,  атбасын  тіреді.  Мейрамның  нағашы  апасы  Шекер 
шығып  қарсы  алды.  Жаулығының  сыртынан  күндік  тартқан,  кӛйлегін 
шалбарланған,  денелі,  мұрынды  қартаң,  әйел.  Әлі  тың.  Еңбекке  піскен, 
шаруақор сиқы бар. Дереу қара құманды мосыға іле бастап еді. 
— Қозғама. Жиен шіркін ел бола ма!— деп қалжыңдады Жайлаубай,— 
Қымыз әкел. Қашқалы отыр. 
— Асығыс шығар, — деді Шекер. — Жиен ел болады малы болса, желке 
ас болады жалы болса. Мейрамжанда екеуі де бар, кемітпе. 
— Желкесі  пышақ  жанығандай,  жалы  қай  жерінде?  Тӛңірегі  тері 
сүйреткендей, малы қай жерінде? 
— Бәрі  маңдайда.  Маңдайыңнан  қасқиған!—  дегенде.  Шекер  мейірі 
түсіп,  мақтан  кернеп,  шалқып  отырды.  Қадағалап  сауған,  баппен  ұстаған 
жалғыз биенің қымызы балдай екен. Қонақтар маңдайы терши, мақтай ішіп, 
Жайлаубайдың  жайын  сұрастырды.  Мейрам  бұл  үймен  араласып  кеткен. 
Жайлаубайдың  үйін  кӛшіре  келгендегі  ойы  белгілі.  Бірақ,  сол  ойдың 
орындалуы кӛрінбейді. 
— Жәке, елден бұрын кешіп едің, ештеме бітірмепсің ғой? 
— Бұл ӛзі колхоз жері екен. Колхоз дегенің мәйек түгіл, даланың шӛбін 
де  қориды.  Шалғымен  шұқып,  қатын  екеуміз  тӛрт-бес  кӛпене  шауып  едік, 
түнде біреу алып кетіпті. Білмеймін кім алғанын. 
— Енді қайтесіз? 
— Е, бір жӛні табылар. 
Қыстайтын  үй,  малына  қора,  шӛп  жоқ.  Жайлаубайда  сонда  да  уайым 
жоқ. Жай сӛйлеп, кең отыр. Ол үшін Мейрам қысылып барады: 
— Апыр-ау, сенгеніңіз бар ма? Бір саспайсыз! 
Жайлаубай әдетінше сақалын тарамдай, жай ғана жауап қайырды. 
— Неге сасам?! Осынау жұрт не болса, мен сол болам. Тәуекел. 
Мейрам  Жайекеңе  таңдана  қарады.  Тәуекелінде  таудай  күш  жатқан 
сияқты, сол күшті таба алмай: 
— Сергей  Петрович!  —  деді  бұрылып.—  Біздің  осы  кісі  тәуекелшіл. 
Тәуекелінен не шығар екен? 

80 
Sauap.org
 
— Ол жақсы қасиет, Мейрам Омарович. Ӛндіріске икемі аз, тым жайуат 
демексіз  ғой.  Менімше,  бұл  ӛте  мықты  адам.  Тек  орнын  таппай  жүр.  Орны 
ӛндіріс емес. Подхоз, совхоздардың малын қолына берсе, қандай ұқсатар еді. 
Адал, мал жайын жетік білетін, ерінбейтін, қажырлы адам сияқты кӛрінеді. 
— Ол жағы жетеді. 
— Онда бұны подхоз, совхоздар құрылғанша, атқораға ала тұрайық. 
— Орнын  жаңа  тапты  білем!  —  дейді  Мейрам.  Щербаковпен  орыс 
тіліндегі кеңестерін айтқанда Жайлаубай ыржия күліп, әйеліне бұрылды: 
— Жоқ, жиеннің жалы да, малы да бар екен. 
Бұл,  мейлінше  қуанғаны.  Сонда  да  сыртына  шығарғаны  осы-ақ.  «Бізді 
енді  ӛзің  басқар»  деп  анада  айтқан  бір  ауыз  сӛзден  кейін  қыңқылдамады. 
Мейрам үндемей келсе де саспады. Кең жайлаудай осы кӛңілге ғылым қонса 
қайтер  еді?  —  деген  ойымен  үйден  шықты  Мейрам.  Шекер  ере  шығып, 
Щербаков пен Жайлаубайдан бӛліп әкетті. Оңаша aпaрып сыбырлап тұр: 
— ...Сол  бала  маған  ұнап  қалды.  Құдай  бірдеме  сездіре  ме,  жақын 
тартады, бізді. Не ойың бар? Әркім айналдырып жүрген сияқты. 
Кӛп ауылдың ішінде отырғанда Мейрам бұл үйге бірер келген болатын. 
Орнығып  сӛйлесе  алмаса  да,  Ардақпен  тары  бір  кездескен  болатын.  Содан 
бері  Ардақ  бұлармен  жылы  амандасып,  Мейрамды  сырттан  торып  жүрсе 
керек. Шекер жаңағы сӛзімен ӛз ойын ғана емес, қыз бен жігіттің райын да 
айтады. Енді қыздың, ішін сипаттай бастады: 
— Ардақ  десе  Ардақ.  Сызылып  тұрғаны.  Ақылы  қандай,  аңдамай  аяқ 
баспайды. «Ата кӛрген оқ жонады, ана кӛрген тон пішеді». Кӛргенді бала. Бір 
мен  емес,  жұрттың  бәрі  ұнатады.  Құдай  жазса,  шырағым,  жіберме  осы 
баланы. 
— Баланың ойында не бар екенін қайдан білесіз? 
— Білем, кет әрі емес. 
Мейрам ашып ештеме айтқан жоқ. Ардақ аты қанын қыздырып жіберсе 
де, тасыған іш терең арнадан аспады. 
— Ойласармыз,  апа.  Ӛзіңізге  ақылдаспай  ешқайда  ұрынбаспын,—  деді 
де арбасына мінді. 
Оқтай  түзу  ұзын  тізбек,  тынымсыз  қыбыр,—  анадайдан  қарағанда 
құмырсқа  жолы  сияқты  қайнап  жатыр.  Алды  жазықтан  ӛтіп,  «Керіалат» 
белестеріне шыққан, қызыл тулар ӛр бетінде тіпті айқын тұр. Бӛкселері канау 
ішінде, кеуделері сыртта қалың кӛп мыңдаған қолын қауырт сермеп барады. 
Дүңкілі  тым  күшті.  Үзілмей  алыстан  естіліп,  ӛзгеше  бір  күй  ырғағындай 
сезіледі. Канаушы жұрттың аржағында, сонау «жер мен кӛктің жапсарында» 
қара бұлттар топталған. Түсі суық. Қаратүнектің ішінде от бишік шартылдап, 
жарқылдап қояды... 
Мейрам мен Щербаков бәрін кӛріп келеді. Канаудың алдыңғы жағында, 
кӛп еркектің ішінде бір-екі әйел де жүр. 
— Қазақ  әйелінің  завод  ісіне  араласқанын  кӛргенім  осы!  —  деді 
Щербаков. 

81 
Sauap.org
 
— Мен де қайранмын. Кім болды екен бұлар? — деп Мейрам да қадала 
қарады. — Кім болса да қарлығаштай кӛмегімен қырандай кӛзге түсті-ау! 
— Иә. Қазақ әйелін үй жұмысынан кӛп жұмысына бастады бұлар. 
Мейрам  мен  Щербаков  жеткенде,  бастарына  орамал  байлаған, 
кӛйлектерін шалбарланып, белін буған екі қыз теріс қарап, бірінің қолын бірі 
орамалмен таңып тұр еді. 
Жалт қарағанда Мейрам аңырып қалды. Ардақ пен Майпа екен. 
— Бәрекелді! Сіздер де келгенсіздер ме?! 
— Ол  не  дегеніңіз!  —  деді  Ардақ.—  Ленин  келген  сенбілікке,  кӛп 
жұмылған игі іске біз неге келмейміз? 
— Дұрыс-ақ! Осы келістеріңізбен кӛп әйелге жол салыңыздар. 
— Оныңыз артықтау болар. Әзірге ӛз жолымыз да жоқ. 
Ұялыңқырап  қырындай  тұрса  да,  Ардақ  сӛзден  ұтылар  емес.  Бусанып, 
қызарып,  жайшылықтағыдан  беті  толығa,  кӛркейе  түскен.  Мейрамның  да 
сұрғылт  жүзіне  қан  жүгіріп,  салмақты,  ойлы  қой  кӛздері  күлімдей  береді. 
Щербаковты сырт қалдырып, қазақша сӛйлесіп кетуді лайықсыз кӛрді білем, 
екеуі  орыс  тілінде сӛйлесті.  Ардақтың  орысшасы  тіпті жатық екен,  Мейрам 
қатты  сүйсінді,  бұдан  гӛрі  жақын,  жылы  сӛйлесудің,  қалжыңдасудың  ретін 
таппай тұрды да: 
— Олай  орамаңыз,—  деп  барып  Ардақтың  қолынан  ұстады.  Орауды 
жазып  қайта  орап  жатты.  Екі  алақан  бірдей  қолдырап,  жарылған,  ашып, 
аурып тұрғанын Мейрамның кӛзіне кӛзі түскенде ұмытып кетеді Ардақ. Бір 
алақанды Мейрам ӛз орамалымен орады. — Таза, ұсталмаған орамал. Дәрігер 
кӛмегінің жоғын қарашы. О да болар әлі. Енді істемеңіз, ушығып кетер. 
— Ушыққаннан да, жаман тақтаға жазылған батады. 
Щербаков  тақтадан  бұрын  Ардақтың  бетіне  қарады.  Орысша  таза 
сӛйлеген қазақ қызы таңқалдырды оны. 
— Қай қаладан келдіңіз? 
— Ауылдан келдім. 
— Ауылдан?! 
— Донбасшылардың,  қазақ  ауылы  туралы  ұғымы  қызық,—  деп  күлді 
Ардақ.—  Қазақ  аулынан  Шоқан,  Ыбырай,  Абайлар  да  шыққан.  Естімеп  пе 
едіңіз? Қазақтар Пушкин, Лермонтовқа қоса Шевченконы да оқиды. 
Щербаков  үлкен  денесімен  етпетінен  құлағандай  болды.  Мейрам  да 
сілейіп қарап қалды Ардаққа. Қазақтың бұл тарихи адамдарын бірі аз білсе, 
бірі  жаңа  ғана  естіді.  Жас  қызды  жаңа  таныды.  Екеуінің  басынан  асып, 
қырандай  қияға  кӛз  жіберген  тәрізді.  Бірақ,  осы  ұяттарын  Мейрам  мен 
Щербаков 
үлкен 
сабақ 
есебінде 
қуана 
қабылдады. 
«Саясатты, 
шаруашылықты ғана білу аз екен» деген ойларын бір-біріне кӛз тастап, үнсіз 
ұғысып тұрды. 
— Ау, бай қызындай нәуетек болмаңдар!— деп Жанабіл дауыстады осы 
кезде.  Денесі  белуарынан  жоғары  жалаңаш.  Шашы  будыраған.  Сарша 

82 
Sauap.org
 
жүзінде  шолақ  танауы  саңқиып,  шегір  кӛзін  қадай  келеді.  —  Жазам-жазам, 
ана тақтаға! 
Еті  суыңқыраған  Ардақ,  ораулы  қолынан,  қорғана-қорғана  қайланы 
қайта ұстады. Кӛрнекті жерде екі тақта тұр. Бірі қара, бірі қызыл. Қызылдың 
жоғарғы  жағына  —  самолет,  поезд,  ат  суреттерің  қараның  жоғарғы  жағына 
— түйе егіз, тасбақа суреттерін салған. Бірі ұят, бірі мәртебе тақтасы. Мехцех 
алдында  тұратын.  Жанабіл  бұнда  ала  келіп,  асыра  сілтеңкіреп  жіберді. 
«Сенбілікке»  ақысыз-бұлсыз,  еркімен  келген  жұрт  аяна  ма.  Әркім  барын 
берсе  қара  тақтаға  жазып  несі  бар?  Норма  беріп,  екі  қызды  осы  тақтамен 
қорғалатып алыпты. Қыздар қысылып барады. Ардақ қайласын сермеп қалып 
қынжылды. Жаралы қол жанды жесе де, білдірмеуге тырысып жатыр. Майпа 
әзір сыр білдіретін емес. Үндемей құнжың-құнжың етеді. 
Мейрам  Жанабілдің  асыра  сілтегенін  білсе  де  үндеген  жоқ.  Жұрт 
кӛзінше  еркелетіп,  мұндай  мінездерді  оңашада  түзейтін.  Ардаққа  жаны 
ашып: 
— Маған  беріңіз!  —  дегенде,  қайласын  ұсына  берді  Ардақ.  Щербаков 
Майпаның  қайласын  алды.  Тыңнан  қосылса  да  ұзаққа  бара  алмазы  бұлар. 
Қарқындары  жайылған  соң  ентігіп,  терши  бастады.  Мейрамның  алақаны  да 
қызарып қалды. 
— Былай, тұрыңыздар, былай! — деп Жанабіл ӛзі түсті канауға.— Тіпті 
қолдары  батпайды.  Сонда  да  жауыр  болғыш.  Хан  қызы  ма,  түге!  Тӛртеуі 
бірдей болдыра қалғаны несі! Сӛзге келсе алып қашар еді... 
Жанабіл жұмысты қаусатып та, күлдіріп те барады. Қарымды жас жігіт. 
Тал  шыбықтай  бұралып,  шүйіре  соғады  қайланы.  Қозғалған  сайын  бұлшық 
еттері ойнақшып, шашы желкілдеп тұр. Дене қозғалысында белгілі бір дағды 
бар.  Саспайды,  шабандамайды,  Алқынып,  терлеген де жоқ.  Жер  тіпті  жеңіл 
опырылып жатыр. Оқтын-оқтын қыздарды қағытып қояды. 
— Әлден тақыс, бара-бара не оңдырады бұлар! 
— Беймаза  жігіт,  —  деді  Ардақ.  —  Үй  басы  кіріп,  маза  бермеген  соң, 
тегіс аттанды ауыл. 
— Жоқ, сіздің отағасы қалып қойды, зілдей екен, кӛтере алмадым. 
— Ӛзі келмесе, баласы келді. Азсынсаң тағы бір норма бер. 
Жанабіл қарқ-қарқ күлді. 
— Айттым  ғой,  сӛзге  келсе,  шыдатпайды  бұлар.  Дал-дал  болып  тұрып 
мықтысын қарашы! 
Мейрам  мен  Щербаков  жастардың  қалжыңына  біраз  араласып  күлді  де 
тақтаға барды. Канаудың бұл бӛлігінде жұмыс тіпті қызу екен. Жұрт ӛзінше 
норма шығарып, ӛзара қазатын жерін бӛліп алған. Ең алда Жанабіл кӛрінеді, 
самолеттің астында тұр. Екі қыз әлі тақтаға түспепті. 
— Ұрысса  да,  қыздарын  аяйды  антұрған!—  деп  күлді  Мейрам. 
Щербаков бір жымың етіп Мейрамның ӛзін қағытты: 
— Қолдыраған  қолдарды  кӛргенде,  сіздің  кӛзіңіз  тіпті  жасаурап  кетті 
білем. 

83 
Sauap.org
 
— Сергей Петрович, ӛзіңіз ғой алдымен шұрқырап түсе қалған. 
— Жо-жоқ,  о  тықыр  мен  бұ  тықыр  қосылмайды!  Менікі  тек  әкелік 
махаббат. Шынында, Мейрам Омарович, қапы қалмаңыз. Осы бала үлкен ой 
салды маған. Жаңағы бір сӛзі тым нәрлі жатыр. Бірсыпыра кӛрсең де, білсең 
де мұнда жүр екенсің, деген жоқ па? 
— Сол  сӛз  сізден  гӛрі  маған  батты.  Оқысаң  да  ӛз  еліңді  білмейсің, 
басқаны қалай білесің? — деген сияқты. 
— Түсіністік білем, — деді Щербаков.— Енді кез жазып қалма! 
— Әкесі жұмбақ,— деп Мейрам күмілжігенде, Щербаков үлкен денесін 
селкілдете күлді.. 
— Жанабілшілдеп  тұрған  жоқсыз  ба?  Бұл  балаға  әкеден  совет 
мектебінің,  совет  қауымының  бергені  кӛбірек  болу  керек.  Тіпті,  әкесі  жат 
болған  күнде  ашына  қимылдап,  айырып  алу  керек.  Мен  олардан  жақсының 
қиқылын да қызғанамын. 
Мейрам жауап қайырмады. Әңгімені бӛліп, Жанабілді шақырды. Сергей 
Петровичтың «солақайлау ма, әлде сақтығы ма?» деген ойын Жанабіл келіп 
бұзды. 
— Білем, тағы бірдеме тапсырмақсыздар ғой. 
— Иә,—  деді  Мейрам.—  Жұмысың  жақсы  барады  екен.  Ал, 
самодеятельность қалай? 
— Үш жастан үйірме құрдым. 
— Олар кім? 
— Ардақ, Майпа, ӛзім. 
— Аздау, кӛбейте түс. 
— Талғамай  тарта  беруге  болмайды,  жолдас!  Үйірменің  абыройын 
түсіреді. 
Сергей Петрович Жанабілдің олақ орысшасынан гӛрі мінезін қызықтап 
тұр. 
— Бұл жӛнінде де комсомол тәртібін қолданғанбысың? 
— Енді қалай? Комсомол тәртібі партия тәртібімен байланысты. Партия 
тәртібі барлық іске байланысты. 
— Онда  үйірмеге  енген  қыздарға  анкет  толтырып,  ӛмір  тарихын  да 
жаздырғансың ғой. Тегі кім екен? 
Жанабіл мүдіріп, басын бір сипап қойды. 
— Тегін кім біліпті, қағаз толтыртқам жоқ. Кулактан жаман жұмсаймын, 
қыңқ етпейді. Түбі бұл екі қыздан бірдеме шығады. Анау Ардақ тіпті мұғалім 
болғалы тұр. 
— Онысы  тіпті  жақсы.  Тарта  бер  ішке,—  деп  Сергей  Петрович 
Мейрамды  түртіп  қойып:—  Байқайсыз  ба,  қыздарды  баулып  жүр,  ісімен 
ӛлшеп жүр. 
Мейрам  бір  мырс  етті.  «Сен  де  солай  ӛлше,  баулы»  деген  сӛз  екенін 
түсінген  тәрізді.  Жанабілді  қайтарды  да,  екеуі  енді  жүре  сӛйлесіп,  канауды 
бойлаңқырай барып тұрды. 

84 
Sauap.org
 
Инженер  қаққан  кӛп  қазықты  қуа  қазып  келеді  жұрт.  Тӛменірек, 
канаумен жарыса үлкен жол жатыр. Жол үсті үздік-создық кеш. Қазақ кеші 
ғана  емес,  орыс-қазағы,  украиналықтары,  эстоны,  татары  аралас,  қым-қуыт 
кӛш.  Қарағандының  бұл  жағынан  Сүйіндік,  Павлодар  округінің  қазақтары, 
Нұра  бойындағы  әртүрлі  ұлт  поселкелерінің  адамдары  келеді.  Солардың 
ішінде цыганның да бір таборы қосылып кетіпті. Жолдың, канауды дәл кесіп 
ӛтер  жерінде,  жоғарыда,  кӛлденең  тартқан  ұзын  қызыл  матада:  «Ленин 
келген сенбілікке келіңіздер!» деген ірі ақ жазу тұр. Бұл жазуды оқымай, ең 
азы бір метр жер шаппай еткен кӛш жоқ. Міне, тағы бір арба жақындады. Іші 
толған адам. Үбір-шүбір сегіз бала, селкілдеген ақбас шал отыр.. Ерлі-байлы 
екі адам арбаны жанамалай жаяу келеді. Қызыл матадағы жазуды кӛргенде, 
тоқтай  қалып  жамырай  оқыды  бірнешеуі.  Тобымен  келіп  түсті  қанауға. 
Арбада  жалғыз  қала  алмай,  таяғына  сүйеніп,  әпі-тәпі  басып,  кәрия  да 
аяңдады. Бүкіл денесі қалтылдап, канауға жеткенде қолын жайды кӛтере! 
— О,  жасаған!  Кӛп  тілегін  кӛл  ет,  кӛп  дұшпанын  жер  от.  Даналардың 
сӛзі, қаралардың тері сіңген жер екен. Немереме, шӛбереме осы жерді несіп 
ет...— деді де азар еңкейіп, канаудан бір кесекті алып тастады. 
Қызу жиын аруақ сынды кәрінің батасын да, кесегін де байқаған жоқ еді. 
Анадайдан бақылап тұрған Мейрам: 
— Қараңыз,—  деді  Щербаковке,  —  осынау  қаусаған  қазақ  шалы 
бойындағы  болмашының  бәрін  берді...  Сонымен  қоса  бүкіл  жұртты  беріп 
кеткен тәрізді. 
— Япыр-ай, байқағыш екенсіз!— деп, сүйсініп қалды Щербаков.— Мен 
осы жұрт шахтаға түскенде, оның қолына машина берілгенде, кӛмір Нұрасын 
ағызады, деген ойда тұр едім. Кәрия екеуіңіз сол ойды, дәл бастыңыз-ау! 
Екеуі канауды бойлаған сайын алуан кӛптің алуан ойын да, әрекетін де 
кӛріп бара жатты... 
Техника  жоқ.  Қайла,  шот,  күректердің  ӛзі  жетімсіз.  Олардың  сынған, 
мұқалғанын  қолма-қол  түзеу  үшін  Козлов  мехцехтың  ұсталарын  ала  келіпті 
осында.  Әр  тұста  ұста  балғасының  шаңқылы  естіледі.  Салт  атпен  канауды 
жағалап, кейде аттан түсе сала: 
— Былай  шап!—  деп  кӛрсетіп  Жұманияз  жүр.  Бір  кӛріктің  басында 
шылымын ойлана сорып, Козлов тұр. Щербаков қалжыңдай келді оған: 
— Қиялда, Борис Михайлович, қиялда! 
— Қиялдамасқа  болама,  —  деді  Козлов.—  Осынша  адамның  істегенін 
бірер машина-ақ істер еді... 
— Рас.  Бірақ,  кӛп  ауқымы  техникадан  күшті.  Техниканы  жасайтын  да 
сол ауқым. 
— Бұл жұрттың кӛпшілігі сауатсыз. Бәрінен қиыны осы ғой!  — деп еді 
Мейрам, Щербаков оны да бір қайрап қойды: 
— Жоқ, ең қиыны — қорықпау,— деді де арбадан түсті. Иықты, апсағай 
зор денесін кӛре тұрып, тӛңірекке қолымен нұсқай сӛйледі.— Кӛресіздер ме, 
тұс-тұстан  құйылып  жатыр  кӛш.  Бұлар  тек  осы  тӛңіректің  кӛші.  Темір  жол 

85 
Sauap.org
 
келгенде  бүкіл  Қазақстаннан,  бүкіл  Совет  Одағынан  құйылады.  кӛш... 
Орджоникидзе  жолдас  прямой  провод  арқылы  ауызба-ауыз  сӛйлесе 
бастады... Біздің осы сенбілігімізді біліп отыр, ол кісі. 
Кӛктайынша  әңгімеге  араласпай,  қайла  шоттарды  бірінен  соң  бірін 
таптап, ұштап тұрған: 
— Oho!— деген даусы кенеттен қаттырақ шықты,— Серго білсе болды. 
— Әрине,—  деді  Щербаков.  Кӛктайынша  балғасын  да,  сӛзін  де 
шапшаңдата түсті: 
— Қимылдаңдар,  жігіттер,  қимылдаңдар.  Мен  ақылы  істен  осы  істі  екі 
есе артық істеуге шақырам!.. 
Жайдақ  легчанкеге  аяғын  салбырата  отырып,  канауды  бойлай  Орлов 
келеді.  Қасында  ӛзімен  бірге  істейтін  инженер  бар.  Щербаков  соларға 
иегімен нұсқап қойып, күңк етті Козловқа: 
— Қалай істеп жүр? 
— Салқын. 
— Бетте  шіркеу  болған  соң  салқын  да,  жасқаншақ  та  шығар.  Біз 
түсімізді суыта бермей, кейде жылытайық... Орлов ӛте керекті адам... 
Орлов қашықтау келіп тоқтады Легчанкеден түсе, плащын шешіп сілікті. 
Баусыз кӛзілдірігін сүртіп қайта киді. Үлкен басшының кабинетіне енетіндей 
далада  біраз  баптанып  алған  соң  жаяу  келіп,  сынайы  амандасып,  сұлық 
тұрды, Сида, қағілез адам, аузын бағып, сергек тұр. 
— Жұмыс қалай бара жатыр, Андрей Андреевич?— деді Щербаков. 
— Бұл қарқынмен бір-ақ жұмада бітіреді. 
— Сіздің шамаңыз екі жұма еді-ау!? 
— Қарқын менің ойымнан озып кетті. 
— Иә,  су  мәселесі  тез  шешілетін  болды.  Канау  дайын,  темір  жол  мен 
трубалардың  жетуін  ғана  күтеміз.  Бірақ,  осының  бәрі  уақытша  шара. 
Чайковтың  мәліметі  бойынша  жер  үстіндегі  Нұрадан  жер  астындағы  Нұра 
молырақ.  Сол  мол  суға,  электр  байлығына  Каргрэс  жеткізеді  бізді.  Жер 
үстіндегі Нұрадан шалқар кӛл жасалады. Ол кӛлдің, бір ұшы мен бір ұшына 
кӛз жетпейді... 
— Әзірге қолда бар аз суды дұрыс пайдаланса...— деп күмілжіді Орлов. 
Щербаков «айтыңыз, айтыңыз!» деген соң ашыла сӛйледі: 
— Нұра  суын  ішуге  пайдалансақ,  «Герберт»  суын  құрылысқа  берсек, 
«Майқұдық» бұлағын тек қазандарға арнасақ. Ӛйткені «Майқұдық» суы ӛте 
аз және тұщы... 
— Жаны бар сӛз. 
— Жылымшылап  аққан  «Майқұдық»  бұл  күйінде  қазандардың  ӛзін 
жарытпайды,  жарыту  үшін  оны  бетімен  жібермей,  қазірден  байлап,  не 
жерден қазып су қорын жасап алу керек... 
— Дұрыс  ақыл!  Сіздер  не  айтасыздар?  —  деп  еді  Щербаков,  Козлов 
қостай  жӛнелді.  Мейрам  ештеме  айта  алмады.  Тәжірибесіз,  жас  адам, 

86 
Sauap.org
 
әрқайсысының  аузына  бір  қарaп,  шаруашылыққа  шорқақ  екенін  бағанадан 
сездіріп тұр. 
— Жүріңіздер.  Сол  бұлақтың  басына  барып  кеңеселік,—  деді  де, 
Щербаков арбасына мінді... 
— Канауды  бойлап  қайта  жүрді  бұлар.  Шаңқай  түс.  Жұмысшы  халық 
тыныстай бастаған. Жанабілде әлі тыным жоқ. 
— Ән  естіңдер,  ән!—  деп  қолын  бұлғай  айқайлап  тұр  ол.  Жұрт  лезде 
жиналды.  Бір  арбаны  жаяу  сүйреп  әкеліп,  жұрттың  алдына  қойды  Жанабіл. 
Ардақты сол арбаға кӛтеріп мінгізді. 
— Тырс  етпеңдер!  Ардақ  «Ардақ»  деген  ән  салады.  Бұрын  топ  алдына 
шықпаған жасӛспірім қыз қипақтап, қызыл түлкідей бұлаңдап біраз тұрды да, 
даусын шығарды: 
Уай, Ардақ, сен ақ қоян шыққан қашқан
Артыңнан мен ақ тұйғын тілеп ұшқан. 
Щербаковтер қаттырақ жүріп ӛтіп бара жатыр еді, аттың басын тежеді. 
Кӛгі жетіліп толықсыған кең даланы, қызу еңбектен кейін тыныстаған қалың 
кӛпті нәзік ән тербеп тұрған тәрізді... 
— Қазақ қандай әнші халық еді!— деді Сергей Петрович. Қыбыр етпей, 
ұйып қалған, ән басылған кезде ғана үні шықты.— Елінің әдемі әнін шырқап, 
әйелін ӛндіріске бастап, есте мықты қалды-ау бұл бала. 
Арт  жақта  кӛпшілік  дуылдасып  қол  соғып  жатыр.  Бұлар  да  соғып 
барады.  «Ӛркенің  ӛссін,  тағы  да,  тағы  да!»  деген  дауыстар  естіледі.  Ардақ 
енді  «Сырымбетті»  айтты.  Жүрегі  орнықса  керек,  тамылжыта  шырқап  тұр. 
Әсем ән алыстаған сайын асқақ сезім берді Мейрамға... 
— Кім болды екен, бұл қыз?— деп жай ғана бір күрсініп қойды. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал