Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
XI 
 
Жасы  қырықтың  жуан  ішінде,  қолтоқпақтай  ғана  денесі  бар,  сарша 
жүзінде  қорасан  дағы,  қалыңдау  аузында  сиректеу  сақалының  тұқылы  бар 
Қанабек күле сӛйлеп, «қарағымдап» қояды Мейрамды. Сӛзінде мысал, мәтел 
кӛп. Шынын жайып салған ақ жарқын адам.— Советтің еркесі сияқты. Бәрін 
сырттан  билеп-тӛстеп  отыр.  Әзір  «болмайды»  деген  бір  сӛзін  есіткен  жоқ 
Мейрам. 
— Жастық  шіркін  жалын  ғой!—  деді  бір  кезде,—  ӛзімдей  шұбар 
кемпірім  бар.  Мен  қысқа,  ол  ұзын.  Ашуланса  кӛсеу  ала  жүгіреді  антұрған. 
Соның жолында да от пен судан тайынбадық. 
Мейрам  күліп  жіберді.  Қанабек  ӛзі  қоса  күліп,  сӛзінің  артын  түзеп 
әкетті.—  Қалжыңдасам  да  мысал  үшін  айтам.  Жалын  сүюден  шығады.  Сен 
Қарағандыны сүйесің де күйесің. Түнде бюрода кінәлап та алдың бізді. Бәрі 
дұрыс.  Тек,  шырағым,  ұмытпа:  Қарағанды  аудан  түгіл  Қазақстанның 
қойнына сыймайды. Ол бүкіл Совет Отанының үшінші кочегаркасы. Ол, жүз 
жыл артта қалған қазақ кӛшін кӛк майсалы кӛңіл арманына жеткізеді. Оңай 
ма, бұл? 
— Мен сізден тек ауданның ӛз кӛмегін сұрадым. 
— Аудан кӛмегі айтылды ғой түнде. 
— Соның орындалуы қашан? 
— Қарашы  тақақтатуың—  деп  қарқ-қарқ  күлді  Қанабек,—  Сендерге 
алдымен  керегі  үкімет  болса,  ертең  орынбасарым  Кәрібайды  жіберем. 
Поселкелік совет құрады. Одан кейін профсоюз болса — аудандық профсоюз 
бастығы  Жұманияз  барады.  Тӛменнен  жоғарылаған  Екібас  жұмысшысы. 
Мүмкін, екеуі де қалып қояр сонда. Енді ризамысың. 
— Бермек болған жұмысшыларыңыз қайда? Беріп болған жоқсыздар әлі. 
— «Кӛсені үйге кіргізбе, дүмін жерге тигізбе» деген осы,— деп, Қанабек 
тағы да бір күліп алды.— Жарайды. Бір жұманың ішінде бес жүз жұмысшы 
жіберейік.  Бірақ,  колхоздан  шартпен  барады.  Шартты  бұлжытпай 
орындаңдар. Үстеріңнен шағым түссе ӛкпелесеміз. 
— Солардың кӛбі сауатсыз ғой. Мұғалім жоқ бізде,— деді Мейрам. 
Қанабек ойланып қалды. Жаңа завод жасаудан мәдениет революциясын 
жасау  қиынырақ  еді.  «Техника  бәрін  шешеді»  деген  ұран,  сол  техниканы 
меңгеруге шақырған білім ұраны да болатын. Қазақ аулының дені сауатсыз. 
Осы  жайды  кӛп  ойлап,  саражол  іздеген  Мейрам,  Қанабектің  қысылғанын 
сезіп, бір ұсыныс айтып жіберді: 
— Тура орыс әрпімен оқытса қайтеді? Сонда мұғалімге де тарықпаймыз. 
— Асығыс  қарағым,  асығыс  мұның.  Ол  үшін  бүкіл  қазақ  баспасӛзі 
орысшаға кӛшу керек. Оны үкімет шешеді. 
— Ендеше мұғалім беріңіз! 

64 
Sauap.org
 
— Е, ауылдағы аз мұғалімге қол салдың ба, бала,—деп ыңыранып қойды 
Қанабек.—  Бере  алмаймыз.  Ӛлкелік  Партия  Комитетінің  Қарағандыға  бес 
жүз саяси ағарту қызметшілері жіберілсін деген қаулысы бар. Соны күт. Оған 
дейін  сол  кӛптің  ішінен  сауаттыларын  пайдалан.  Қарағанды  тек  кӛмір 
ӛндірісі  емес,  мәдениет  те  ӛндірісі.  Ауыл  мәдениетті  сендерден  алады. 
Жасаңдар. 
Мейрам  сұрарын  сұраса  да,  кішкене  аудан  үлкен  Қарағандының 
мәдениет  сусынын  қандыра  алмайтынын  жақсы  біледі.  Қасарыспады. 
Қанабектің уәделерін блокнотына жазып алып қайтуға орнынан тұрды. 
— Рақмет, кӛп жәрдем еттіңіздер. Тек уәде орнынан шықсын. 
— Қайрама  бала,  қайрама!  Сенсіз  де  қайрап  жатыр  партия.  Іске  сәт. 
Щербаковке сәлем айт. Оның кеңесін кӛбірек тыңдағайсың. 
Мейрам  далаға  нұр  жайнай  шықты.  Қанабек  аудандық  атқару 
комитетінің председателі. Онымен тек кейбір мәселелерді ғана шешті. Түнде 
Румянцев  басқарған  бюрода  мәселе  бұдан  әлдеқайда  қомақты  қойылған. 
Қаулап ӛсіп бара жатқан Қарағанды жұмысшыларының азық-түлігі жайында 
сӛз болды. Үкіметтің үлкен жоспары бойынша бірнеше совхоздар, подхоздар 
болмақ. Оларға жер керек. Долинкеден бастап, Жаңарқа ауданындағы сонау 
«Ақтау»,  «Ортауға»  дейін,  мына  жағы  «Ақбастау»,  «Қосағашқа»  дейін 
Алтай-қарпық рулары мекен еткен ұлан-байтақ дүниеге Қарағандының егін, 
мал  шаруашылығы  жайылады.  Солардың  ішінде  ат  тӛбеліндей  болып 
қалатын  Тельман  ауданы  бар  кӛмегін  Қарағандыға  береді.  Аудан  орталығы 
биылдың,  ӛзінде  бұл  арадан  кӛшіп,  Нұра  жағасындағы  «Қан  сүйегіне» 
(Токаревка  селосына)  барып  орнамақ.  «Долинке»,  «Кампан»,  «Самархан» 
сияқты бірнеше колхоздар да үлкен совхоздарға орын босатпақ. 
Сұраған  кӛмегін  алып,  мән-жайға  қанып  шыққан  Мейрам,  Қарағанды 
«бірінші бесжылдықта-ақ» ӛткен ондаған жылдарды аттап ӛтеді деп қуанды. 
Ӛз  елі,  ӛз  жері  кӛркейгенін  кӛрудің  ӛзгеше  бір  қасиеті  —  оның  ӛткені  кӛз 
алдында тұрады ғой. Мейрам елден жастай кетсе де бос кетпепті. Осы аудан 
орталығы да оған жылы ұшырап, кӛп нәрсені ойына салды. Кеше кеш келген. 
Бүгін  жаңа  босанды.  Енді  атына  мініп  әдейі  аудан  орталығын  аралай 
қайтты... 
Міне  «Кӛкӛзектен»  ӛтіп  келеді.  Ерте  күнде,  бұл  ӛзектің  батыс  жақ 
бетінде  дүкен  ұстаған  кӛпестер,  саудагерлер,  қасапшылар  тұратын.  Алты 
болыс елдің базары еді. 1916 жылы он тӛрт болыс ел иіріліп, адам саудасы, 
ар  саудасы  қызған  кезде,  сол  базардың  кіндігі  болған  кӛк  үй  әлі  тұр.  Бірақ, 
құр сілімтірі қалыпты. Жуан, қара шұбар иесі де, кӛзі шатынаған еңгезердей 
крестьянский  начальник  те  әлдеқашан  жойылған.  Қазір  тек  маңдайшасында 
«Аудандық  ескі-құсқы  жинау  орны»  деген  жазуы  бар.  Мейрам  сол  жазуды 
оқығанда жымиып қана күлді. 
Ӛзектің  шығыс  жағы  завод  жері.  Қызыл  кірпіштен,  тастан  салған 
жатаған  үйлерде  пристав,  урядник,  конторщик,  дәрігер,  мұғалімдер,  бірен-
саран маман жұмысшылар тұратын. Мейрамның кӛзі бәрін шолып ӛтті. Қай 
үйдің  қалай  ӛзгергенін  де  кӛріп  келеді.  «Бесжылдық  орыс-қазақ  мектебі» 

65 
Sauap.org
 
ӛзгеше  жылы  ұшырады  кӛзге.  Атының  басын  тартып  тұра  қалды.  Ӛткен 
күннің  бір  суреті  елестеп  тұр...  Онда  он-он  бір  жасар  бала  еді.  Күзгі  қара 
суық уақыт. Әкесі марқұм артына міңгестіріп келіп, осы үйге тастап кеткен. 
Сондағы жұмақ тәрізді үй қазір жай бір үй... Адамның ойы, бойы жас кезінде, 
сәл нәрсенің зор кӛрінуі болады. Ойы, бойы ӛскен кезде зор нәрсенің де сәл 
кӛрінуі болады. Мейрам мұны жаңа ғана білді. Ойы басқаға кетті. Сонау ескі 
моладай  жер  боп  қалған  жұмысшы  жеркепелерінің  ішінен  үш  стражник  бір 
қазақ  жұмысшысын  айдап  келеді.  Жұмысшының  басы,  кӛзі  қан.  Тура 
сермеген қылыш тая тиіп, жақ етін сыдырған да, құлағын жұлып әкеткен. Үш 
стражниктің  бірі  —  аласа  бойлы,  үстінде  түйе  жүн  шекпен,  қылышы  жер 
соғады,  жас  жігіт.  Сол  жігіт  енді  басқаша  елестеп  кетті...  Жасы  қырық 
шамасында,  қияқ  мұрты  қап-қара,  ойнақы  кӛз,  жылпос  адам  Алматының 
кӛшесінде  солқылдақ  фаэтонда  кӛк  арғымақпен  зырлатып  жүр.  «Спасскінің 
ескі  жұмыскері»  деседі.  Апыр-ау,  анық  сол  ма?..  Әлде  балалық 
алданыштардың бірі ме?— деген ойы жеңісе алмай Мейрам завод қақпасына 
жетті. 
«Мыс  қорытатын  Спасск  заводы»  деген  үлкен  жазу  жоқ.  Заводты 
қоршаған  тікенек  сым  қоршаулар  да  жоқ.  Жадағай,  ӛлі  дүние.  Жайлауға 
кешкен  елдің  бос  қоралары  сияқты.  Аңғал-саңғал  завод  коробкалары 
қалыпты. Қарт күзетші қарсы алды Мейрамды. 
— Балам, не іздеп жүрсің? 
— Жай, кӛргелі жүрмін. 
— Кӛретін не қалды мұнда? Қалған кӛр-жерді Қарағанды жиып алды. 
Мейрам бұны бұрын естіген. Балалық шағын іздеп келіп тұр. Солында, 
қырық  километр  жердегі  Қарағанды  кӛмірін,  оңында,  жүз  он  километр 
жердегі  Нілді  кӛк  тасын  әкеп,  мыс  қорытатын  Спасск  заводы  осы.  Бұл 
заводтың ішінде жатып, табельщик Жүсіптен бір жыл оқыды Мейрам. Содан 
кейін  «Орыс-қазақ  мектебінде»  де  бір  жыл  оқыды.  Одан  әрі  Октябрь 
революциясы киіп кетіп, ағылшындар тайғанда, завод жабылып қалған. 1918 
жылғы  қалың  сүзекте  Мейрамның  ата-анасы  бірден  қайтыс  болды.  Ел 
ішіндегі  кірме,  еті  тірі,  кедей  жігіт  еді  әкесі.  Жалғыз  баласын  кӛңілдес 
табельщикке  жасынан  беріп,  жұма  сайын  осы  қақпаның  алдына  келіп 
тұратын.  Қойнындағы  түйіншегін  беріп,  баласын  бетінен  сүйіп,  «қарағым, 
жақсы  оқы,  оқу  жеткізер  мұратқа,  оқымаған  біз  жоқшылықты,  қорлықты 
арқалап  ӛтіп  барамыз»  дейтін.  Мейрам  жетім  қалған  соң  бір  жылдай  ғана 
байдың  қозысын,  бұзауын  бақты.  Одан  әрі  совет  тәрбиесінде  болды. 
Интернаттан бастап, институтты бітіріп шықты. Қазір оның кӛз алдынан бала 
күнгі  елеусіздің,  кӛмескінің  бәрі  сайрай  бастады.  Күзетші  шалға  бӛгелген 
жоқ.  Ӛзімен-ӛзі  болып  келеді.  Міне  есігінен  күнде  қарап,  ішіне  кіруге 
батпайтын  ысқырған  от  үй,—  мыс  пеш  құртша  бұрқылдап  қайнап  жатыр. 
Алдына киіз омырауша, табанына ағаш таған байлаған қазақ жұмысшы темір 
сапты, құлаш ожаумен кӛсіп алып, кӛтерген сайын тер моншақтап құйылады. 
Бір  құйғанда  қырлы  шойын  қалып  азар  толады.  Сол  жұмысшы  осылай  он 
сағат  қимылдағанда  бойында  не  қалады?  Бүкіл  заводтың  бар  шығынын 

66 
Sauap.org
 
салғанда,  сол  мыс  кірпіштің  біреуі  бір  жарым  тиыннан  айналса,  әлгі 
жұмысшы не алады?.. 
Мейрамның  алдынан  ӛткен  елестер,  осындай  сұрақтар  да  беріп  кетіп 
жатты.  Енді  бір  үлкен  оқиға  етіп  барады...  Жаңағы  жан  тері  шыққан 
жұмысшыға атақты Хол келді. 
Ұзын  бойлы,  сыйда  қара.  Ӛзгелер  сӛз,  қол  жұмсағанда  бұл  тек  аяқ 
жұмсайды.  Аяғы  қамшыдан  оңтайлы.  Келе-ақ  мыс  құйып  жүрген 
жұмысшыны  теуіп  қалып,  етпетінен  түсірді.  Тебе-тебе  есіктен  де  шығарды. 
Әлден  уақытта  шабаш  мезгілсіз  боздады.  Аяқтарындағы  ағаш  тағаны 
тарсылдап жұмысшылар жүгірді, жан-жақтан. Завод іші дуға толды. Холдың 
екі  қолын  артына  қайырып,  біреулер  ұстап  әкеле  жатыр,  біреулер  темір 
тәшке  дайындап  тұр.  Сол  тәшкеге  Холды  салды  да,  биік  шлак  жартастың 
басынан, шлак тӛккендей жүгіртіп апарып тӛге салды. Домалап барады Хол... 
Мейрам  бұл  оқиғаны  есептей  келе,  1914  жыл  деп  шамалады.  Сонда 
тоғыз  жасар  бала.  Дәл  осы  мыс  қорытатын  пештің  алдында,  бұйраттың 
үстінде,  қабырғасын  екі  жерден  тіреген  бір  бӛлмелі  жай  кірпіш  үйде  — 
табельщик  Жүсіптің  пәтерінде  тұратын.  Ол  пәтер  әлдеқашан  жер  болып 
кеткен.  Мейрам  сонда  да  орнына  келіп,  ат  үстінен  біраз  қарап  тұрды  да, 
тебініп шоқыта жӛнелді... 
Ат  екпіні  бағанадан  бері  басқан  қапырық,  ыстықты,  шытырман  ойды 
серпіп  тастап,  жадырап  кетті  кӛңіл.  Ауыздығымен  алысқан  жарау  тобылғы 
торының дізгінін босатып-босатып та алды, Мейрам. Зырлатып «Құлжұмыр-
Сораң» тауының бұйрат, шоқыларына кӛтерілген сайын лепірген кӛңіл терең 
сайына түскенде, қамалып та келе жатыр еді. Кең жазыққа шықты. Кӛлденеңі 
онша  ебедейсіз  болмағанмен,  шығыстан  батысқа  созылған  ұзын  жазық 
ұшықсыз сияқты. Әдетте қалайда бір далдадан шығып, далдаға бататын күн, 
бұл жазықта таса таппай, жерден шығып жерге батады. «Кӛктал-жарықтың» 
қалың  шабынынан  басталып,  алпыс-жетпіс  километрдегі  сонау  Долинкеден 
әрі  ӛткен  бұл  жазықтың  солтүстігі  —  ирек-ирек  байтақ  жон.  Кілең  егін, 
кӛмір. Оңтүстігі — тізбек-тізбек, жатаған кӛгілдір таулар мал фермаларының 
қонысы  болмақ.  Түндегі  бюрода  сӛз  болған  осы  үлкен  алап  Қарағанды 
жұмысшыларына  азық  беретін  жердің  бір  бӛлшегі  ғана.  Орманы,  ӛзені 
болмағанмен,  қарағаны  тоғайдай,  шиі  қамыстай,  кӛдесі  қоян  жасырады. 
Шабыны  мол,  тауы,  жоны,  жазығы  түгел  келген  құйқалы  жер  —  екі  ру 
Сармантай,  Мұраттың  мекені  болатын.  Қарағанды  алдымен  сол  руларды 
тартты  ӛзіне.  Қазір  бұл  жердің  бірсыпырасы  босап  қалды.  Толықсып, 
жайқалып  тұр.  Бӛртпе-бӛртпе  бетегелері  бойжетіп,  жер  бетін  шоқ-шоқ  үкі 
қаптағандай,  тобылғы,  қарағандары  тікенектеп,  кішкене  кӛк  жапырақтары 
шытырдай,  сасырлары  бас  жарып,  жасыл  жібек  шашақтай  кӛрінеді.  Алуан 
түсті  қызғалдақтар  жер  бетін  кӛркейте  түссе,  тұс-тұстан  сағым  ойнап 
құлпырта түседі... 
Хош  иісті,  кілем  түсті,  кең  далада  жақсы  атпен  жортып  келе  жатқан 
Мейрам кӛңілі шалқып әнге басты. Кең далаңы әр жерінен кесіп ӛткен қасқа 

67 
Sauap.org
 
жолдардың  үстіндегі  қалың  жүргіншіні  әзір  байқаған  жоқ.  Әннің  әуенімен 
келеді: 
Күн құшқан айдын кӛлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су, 
Таранып, қаранады жан-жағына 
Сұлуды тасалама кӛк торғын бу,— 
деген  Ардақ  елестейді  кӛзіне.  Бір  кӛргенде-ақ  ұмытылмайтын  елес 
қалдырған  Ардақты  Мейрам  ойлаудан  ерінген  емес.  Сыртын  сонда-ақ 
ұнатқан, енді ішін білгенше асық. Бәрін сыртына жиған, іші бос есер сұлудан 
жиренеді  Мейрам.  Сұлулық  алдымен  іште,  істе.  Сыртқы  сұлулық  алдауыш. 
Ол,  басқа  түгіл  сұлудың  ӛзін  де  алдайды  десе  де,  Ардақты  бұған  тіпті 
қимайды.  Айналып  келіп  әкесіне  тоқтала  береді.  «Табы  кім?»  деген  үлкен 
сұрақ тұр алдында... 
Алыстағы  жатаған  кӛк  таулардан  шығатын  тарам-тарам  кӛп  жол 
жазыққа  құлағанда  биік  қарағай,  қорық,  шилерге  сіңіп  кӛрінбей  кетеді. 
«Соқырдан»  еткен  соң  Қарағанды  қайқанына  шыға  бірсыпырасы  тоғысады 
да,  кең,  күрең  жол  боп  қасқиып  жатады.  Осы  кең  жолдың  үсті  үздіксіз 
ағылған кӛш. Мейрамның кешті кӛріп кӛңілі бӛлінді. Жамыраған, бытыраңқы 
кӛш емес, ұзын тізбек — қалың керуен. Алды белден асты, арты жазықтағы 
қараған, қорық, шилердің арасынан шығып жатыр, шығып жатыр, таусылар 
емес. Кӛліктерінің ен-таңбасы, адамдарының киімі алуан-алуан. Қазақ елінің 
әр  жерінен,  әр  руынан,  алыс-жуықтан  құралған  ұлы  кӛш  —  ӛзара  жіктесе, 
күрең жолмен ӛрмелеп барады ӛрге... 
— Иә,  ұлы  ӛзгеріс!—  деді  Мейрам.  Бәрі  Қарағандыға  бара  жатқанын 
білсе де, кӛшті бойлай жүріп, әр тұстан бір сұрастыра отырды. 
— Қайда барасыздар? 
— Қарағандыға. 
— Қайдан келесіздер? 
— Колхоздан. 
— Шарт бойынша ма? 
— Шартпен келеміз. 
Ұзын кӛштің берген жауабы осы. Бірнеше белдерден асқан соң, жолдан 
аулағырақ,  жамбастағы  Тасқұдықта  қонып  жатқан  тағы  бір  шағын  кӛш 
кӛрінді.  Малды  кӛш.  Беткейде  бытырай,  аралас  жайылып  түйе,  жылқы, 
бұзаулы  сиыр,  қой-ешкілер  жүр.  Мал  қарамы  әжептәуір.  Мейрам  енді 
осыларға бұрылды. 
Кӛлігін  шеткерірек  доғарған  итарқаның  аузы  бері  қарап  тұр.  Ішінде 
бүктүсе демалып, ерлі-байлы екі адам жатыр. Ат аяғының дүбірімен екеуі де 
басын кӛтерді. Мейрам атынан түсіп, сәлем бере келді. Егде тартқан адамдар 
екен,  ӛңдерінен  шаршағандық  байқалады.  Сӛздері  де  жол  бойындағы 
керуендерден бӛлек шығады. Амандықтан кейін: 
— Қайда беттеп барасыздар, отағасы?— деді Мейрам. Отағасы қызарған 
кӛзін уқалай отырып қайырды жауапты: 

68 
Sauap.org
 
— Қарағандыға. 
— Қайдан келесіңдер? 
— Қарқаралы оязынан. 
— «Ояз» жоқ қой қазір. 
— Бұрынғы әдетпен аузыма түсіп жатыр. Қаракесек —Қарсон боламыз. 
— Тіпті, алыстан келесіздер-ау? 
— Алыстан  келеміз.  Бұрыннан  жортымпаз  ел  едік.  Жұрттың  бәрі 
колхозға енген соң, кӛзге түрткі болмалық деп жортып кеттік. Осынау етек-
жеңі  кең  заводқа  паналағалы  келеміз.  Жасасқан  шартымыз  жоқ.  Бізге  қыр 
үстінен  жеңіл-желпі  жұмыс  берсе,  бірді-екілі  малымызды  бағып  отыра 
береміз ғой. 
Кең  далаға  сыймай,  тар  заводқа  келіп,  мал  ӛсіретін  отағасыға  Мейрам 
бұрыла қарап, бір күліп қойды. Отағасы сезген жоқ. Сирек сақалын тарамдай, 
қаперсіз  сӛйлеп  отыр.  Осы  қаперсіздігінен  мейлінше  кеңдік,  мейлінше 
тарлық байқалады. Мейрам екеуін де кӛріп, қайран қалды. «Бұл тұлға неге де 
болса  шыдайды.  Айыл-шеттікті  олжа  кӛретін  қазақ  кезі  келгенде,  ат  пен 
түйені шығын да кӛрмейді» деді ішінен. Риза болып атын сұрап еді. 
— Атым  —  Жайлаубай,—  деді  де  қарсы  сұрақ  қойды.—  Ӛз  атың  кім, 
шырағым? 
— Мейрам. Әкем аты — Омар. 
Отағасы да, әйелі де елең етіп, ежіктей түсті. 
— Руың кім? 
— Ру жайын аз білем. Осы елдің ішіне әкем ертеде келіп тұрып қалған 
екен. Әке-шешеден жастай айрылып, оқу іздеп кеттім. 
— Шешең атын білемісің, шырағым? — деп қартаң әйел қасына келді. 
— Білем, Мәлике. 
Әйел  бас  салды  Мейрамды.  Дауыстап  жылап  жатыр.  Жүргіншілер 
жиналып қалды... 
— Мәликеден қалған жалғызым!.. Қазір алсаң да ризамын, жасаған!.. 
Мейрам  аң-таң.  Ата-анасының  мұндай  туысын  естіген  де,  кӛрген  де 
емес. Жиналғандар да түсіне алмай тұр. Әйел жуықта айрылмаған соң, біреу 
барып айырып жіберді. Жайлаубай мән-жайды айта бастады... 
Бұл әйел Мәликенің Шекер деген жалғыз апасы екен. Мейрам туғаннан 
кейін  бір-ақ  рет  келіп  кеткен.  Алыста  жатса  да  сіңлісінің,  күйеуінің  қайтыс 
болғанын, одан қалған жалғыз баланың хабарсыз кеткенін, құлақ түріп естіп 
жатыпты.  Орта  ауқатты  адамдар  кӛрінеді.  Колхозға  енуге  тартпақтап, 
жекешелерге қосылып келе жатқан жайы бар. 
Ойламаған  жерден  туыс  тауып,  Мейрам  да  қуанып  қалды.  Әйелдің 
бірсыпыра  бейнесі  шешесіне  келеді.  Әсіресе  қадала  қараған  қой  кӛзі  тым 
отты, шешесін есіне түсіріп тұр. 
— Жоғалтқаным табылды, ӛшкенім жанды, найқалма, шал. Бол!..— деп 
шелекті ала жӛнелгенде Мейрам тоқтатты. Қанша бәйек болса да, соймақшы 
болған  малына  қарамады.  Қымыз  ішіп  отырып,—  Қарағандыға  барған  соң 

69 
Sauap.org
 
жерміз,—  деді  де  қонатын  қоныстарын  нұсқады.  Нұсқаған  жері  —  Ардақ 
отырған кӛп ауыл. 
— «Кебін  киген  келмейді,  кебенек  киген  келеді»  деген  осы,—  деді 
Жайлаубай.—  Енді  бізді  ӛзің  басқара  бер,  шырағым.  Суға,  отқа  айдасаң  да 
тартыну жоқ. Шүкір, бетім дұрыс екен! 
— Біз де бӛтенің емеспіз, шырағым. 
— Бәріміз де жармасармыз,— деп кӛңіл білдіріп тұрғандарға: 
— Әрқайсыңыз  тиісті  орныңызды  аласыз,—  деді  де  Мейрам  атына 
мінді... 
Жүгіртіп  биік  белге  шыға  келгенде,  бұзылған  бекеттің  дәл  үстінен 
шықты.  Ойда  отырған  кӛп  ауыл  бұрынғысынан  да  кӛбейіп  кӛрінді. 
«Майқұдық»,  «Қызылқұдыққа»  қарай  созыла,  жиілене  түскен.  Сол 
ауылдардың  ішінен  қоңыр  үйді  тінте  қарап  келеді  Мейрам.  Міне  тапты. 
Ардақ есік алдында, қорапты арбаға сүйеніп тұр. Оған қарсы, арбаның екінші 
жақтауына сүйеніп, орысша әдемі киінген, бұйрабас жігіт тұр. Кӛп ауылдың 
ішімен келіп қалған Мейрамды екеуі де байқамады. 
— Есенсіздер ме!— дегенде ғана, сӛздерін бӛліп елең етті. Ардақ әнтек 
күлімсіреп,  бетіне  қан  жүгіріп,  қобалжығандай  болды.  Бұйрабас  жігіт  тым 
нығыз. Ұзамай ерсілі-қарсылы жүре бастап, «да» деп қояды. Жасы әлі отызға 
жетпесе  де  беті  етейіп,  мұрны  ісініп,  бұғағы  томпия  қалған.  Қарны  да 
шошайып келеді. Әлден-ақ болған, толған адамның мінезі, кескіні бар. Қыр 
кӛрсеткені ме, қызға мақтанғаны ма кім білсін, теңселе жүріп, талтаң басады 
аяғын. 
— Сізден  жақсы  сауда  қызметкері  шығар  еді,—  деп  сұқтана  қарауы, 
ӛзінің  сауда  қызметкері  екенін  ғана  емес,  қызға  саудаласып  тұрғанын  да 
аңғартады.  Мейрамды  тіпті  елеген  жоқ.  Мейрам  «тырсиған  немені  тесіп 
кетейін бе» деп бір оқталса да, тұтанған қызғанышың ӛр мінезін әзір еркіне 
жібермей тұр еді. Ардақ соны сезгендей екеуін жарастыра сӛйледі: 
— Таныс па десем, тосырқап тұрсыздар ғой. Мен таныстырайын. Мына 
кісі  ауданда  істейтін  кӛрінеді,  кеше  келді,  кооперация  бастығы.  Дүкен 
ашқалы  жүрі  жаңылмасам  аты  —  Махмет.  Мына  кісі,  осында  істейді, 
жаңылмасам аты — Мейрам. 
— Рақмет!—  деді  Мейрам.—«Жаңылмасам»  деп  ұдайымен  екі 
айттыңыз, үшіншіде жаңылмас деп сенем. 
— «Ер кезегі үшке дейін» дегеніңіз бе? Ер екенімді қайдан білдіңіз? 
— Ер болмағанда жаңыла бересіз бе? 
— Жаңыла жүріп үйренеміз де. Оның не айыбы бар? 
— Сӛз  саптауы,  осы  жігіт  айыптайды  білем,—  деп  сылқ-сылқ  күлді 
Махмет.  Әлі  де  ӛзін  жоғары  ұстаған,  келемеж  күлкі.  Мейрам  Ардаққа 
қайырған жауабында бұл күлкіні елеусіз тастамады: 
— Айыпты бола қалғанда да қорғаушыңыз қасыңызда екен. Кӛзге қораш 
кӛрінбейді,— дегенде Махмет шамдана бастады: 

70 
Sauap.org
 
— Жігітім,  келгеннен  тиісе  келдің,  осы  ауылдың  бетке  шығары-ақ 
боларсың. Байқап сӛйле. Кезі келсе қорғаушы болудан жасқанбаймын. 
Мейрам  да  келемеждегендей  бір  мырс  етті.  Ардақ  ыңғайсызданып 
қалды.  Жұмыстан  келе  жатқан  әкесін  кӛріп,  үйіне  беттеді  де,  екі  жігітке 
бірден қайырды жауапты: 
— Әзір қорғаушыға күнім түскен жоқ, бекер таласасыздар. 
Ардақ  кеткен  соң  бӛгелмей  Мейрам  да  кетті.  Ішіне  түскен  қызғаныш 
шоғын ала кетті. 
 
ХІІ 
 
Үйінің  қасында  кімдер  тұрғанын кӛріп  келе  жатқан  Әлібек  олардың  не 
сӛйлеп,  не  ойлап  тұрғанын  да  топшылап  келе  жатыр  еді.  Үйіне  жеткенше 
кӛптен  бергі  екі  жар  ойын  асыға  түйді.  Баласына  бүгін  бетін  білдірмек. 
Торушылар  кӛбейіп  барады.  Әлдекімнің  арбауына  түсіп  қалса,  айырып  алу 
қиын.  Әсіресе,  Мейрамнан  қауіптенеді.  «Білімді,  алғыр  жігіт»  десе  де, 
«баламның  теңі,  маған  тең  емес.  Айтқаныңа  жүретін,  пайдаңа  жарайтын 
Махмет артық одан» деген қортындыға келді. 
Адамды бір кӛргенде-ақ байқап қалатын зымиян Әлібек, Мейрамды екі 
кӛргенде  кӛп  нәрсені  байқаса,  кешеден  бері  үйінде  жатқан  Махметтің  бар 
қалтасын  ақтарған.—  Партбилеті  болса  да  осы  қолға  қонып  тұр.  Мол 
қазынаны, беделді билетті жастана жатайын...— деп бекіне енді үйіне. 
Ардақ  күндегі  әдетінше,  әдепті,  жылы  жүзбен  қарсы  алды  әкесін. 
Жуынатын  суын,  таза  киімдерін  дайындап  қойған.  Жұмыс  киімдерін 
шешіндіріп алып кетті де, әкесін оңаша қалдырды. Жұмабай, Майпа, Қант — 
жақын  туыстары  қатты  науқас  болып,  кеше  кешке  үшінші  шахтыға  кеткен. 
Қайтқан  жоқ.  Әлібек  оңаша  үйде  жуынып  жатқанда,  жерошақ  басында  шай 
қамдап жүрген Ардаққа қолғабыс етіп, шамға түсетін кӛбелектей Махмет те 
ебелектеп  жүрді.  Ӛзінше  сегіз  қырлы  жігіт  болғансып,  осы  үйді  әлден-ақ 
ӛзімсіне қалыпты. Тасып тӛгілген шайнекті Ардақтан бұрын ұстай алам деп 
қолы  күйді.  Қолы  удай  ашып  тұрса  да  білдірмей,  Ардақ  езу  тартса,  қақала 
ұзақ күледі. Нәзік жанның нәзік күлкісі добалдай жігітті допша ойнатқанда, 
добалдай  жігіттің  жуан  күлкісі  нәзік  қызды  тебіренте  де  алмады.  Мұны  әлі 
сезген  жоқ  Махмет.  Құмарлық  кӛзіне  дейін  қызартыпты.  Ардақ  біліп  тұр. 
Аяйды,  әйбат  жігіт,  бойында  бәрі  түгел  сияқты.  Бірақ,  неге  екені  белгісіз, 
сүюге  жүрек  бармайды.  Әлденені  іздейді.  Кейде  кӛз  кӛрмегенді,  ақыл 
кӛрмегенді  соқыр  сезім  тап  баспай  ма.  Махметтің бойында  от  аз.  Отты  қыз 
соны іздеп тұрғанын ӛзі де сезбейді. Бәйік болып кішірейген кінәсіз жігіттің 
сағын қалай сындырар? Тас жібісе жібімес, суық жүрек қалай жылынар? Қос 
бұрауға  түскен  жас  Ардақ  қынжылса  да  қыңқ  етпей  ішінен  ғана  қиналды. 
Сыртын  кӛрген  Махмет  —  шыңға  шыққандай  шаттанды.  Әлібек  жуынып 
болған кезде екеуі де үйге енді. 

71 
Sauap.org
 
Әлібек  малдасын  құрып,  тӛмен  тұқырына  қарап,  тӛр  алдында  отыр. 
Бұрын  басын  мұнша  еңкейтпейтін  майлы  бұғақ  суалған.  Кӛлденеңі 
шығыңқы,  жалпақ  беті  де  қалың,  еттен  айрылып,  ұрты  ортая,  бет  сүйектері 
шыға  бастаған.  Кӛмірдей  қара  шашына,  тығыз  дӛңгелек  қара  сақалына 
алашабыр  ақ  еніпті.  Тӛмен  қарап  тұнжырап,  тапжылмастан;  отырса  да, 
тереңде жатқан жылан кӛз анда-санда жылт етіп, жарқабақтың астынан бәрін 
бақылап қояды. Үлкен денелі қара кісінің дәл осы отырысы, тышқан аңдыған 
үлкен  қара  құстың  отырысы  сияқты  еді.  Махметке  ақиықтай  кӛрінді.  Сол 
кезде  емге  табылмайтын  бес  жұлдызды  коньяк,  коробкалы  шоколад, 
печеньелер  әкеп  қойды  дастарқанға.  Бәрін  ӛз  қолымен  ашып,  үш  кесеге 
коньяк құйды да: 
— Алыңыздар!  —  деді.—  Қонақ,  келген  күні  қонақ.  Бұдан  былай  мен 
салмағымды  салмаспын  сіздерге.  Шынымды  айтайын,  отағасы,  сізді  тіпті 
қимаймын қара жұмысқа. 
— Рақмет,  шырағым!—  деп  Әлібек  құйылған  арақты  ішті  де,  қайта 
құйғызбады. Ардақ ерніне ғана тигізіп, қайтып берді. «Ішіңіз, неге ішпейсіз!» 
деп ӛзеурей берген Махметті жай ғана тойтара салды. 
— Ауыз тидім ғой. Тоя ішіп, мас бол демесеңіз. 
Махметтің дымы ӛшті. Әлібек осы сӛздің әуенінен-ақ қызы бойын тежеп 
отырғанын  сезді.  Лақ  етпей,  шыжымдай  тартып,  шерменде  жігітті 
шынтағымен  шүйіргеніне  сүйсінеді.  Әлде  Мейрамға  кӛңілі  ауа  ма  деп 
қауіптенеді. Сол қауіппен Ардақтан сыр тартты: 
— Ардақжан,  жер  асты  қажытатын  сияқты  мені.  Жәрдемдеспесең 
болмас. 
— Жарайды,— деді Ардақ.— Демалыңыз, мен қызмет істейін. 
— Сен  бастыққанша  істей  тұрармын.  Қызметке  тұратын  болсаң,  сауда 
жағын үйрен. Махмет шырағым, әуелі құдайға, қалды саған тапсырам. 
— Құп. Айттым ғой кеше,— деп Махмет жайраңдап кетті.— Әзірге бес 
жерден  дүкен  ашамыз,  соның  таңдағанын  алсын.  Бастыққанша  қасына  кісі 
беруге  болады.  Қарағанды  кӛп  ұзамай  қалаға  айналады.  Ӛзім  осында 
ауысуды осы бастан ойлап жүрмін. Жер астын қайтеміз, отағасы. Тұрмыстан 
тарықтырмаспыз... 
Бұл сӛздерден Ардақтың бойы суып сала берді. Әкесі ойландырмай тез 
айтып,  тез  қорытқаны  несі?  Оны  Махмет  іле  жӛнеліп,  қолма-қол 
жайғастырғаны  несі?  Екеулей  шырмап,  бүлк  еткізбей  қоймақ  па?  Сол 
шырмауды  бұлқынып  шарт  үзсем  бе?  Әлде  сытылып  шығып  кетсем  бе?  — 
деген оймен Ардақ дастарқан жиналғанша тіл қатпады. 
— Балам,  таң  қысқа,  тӛсек  сал!  —  деп  Әлібек  кӛз  тоқтата  бір  қарады. 
Сол  қараста  жылтыраған  ӛткір  кӛзі  Ардақты  тінтіп  тұрғандай  еді. 
Дүдамалдан  басқа,  айқын  ештеме  таба  алмады.  Сырға  әкесінен  де  беріктеу 
екен Ардақ. Жас ботадай монтиған жүзін бұзбастан орнынан тұрды. 
Әлібек тӛр алдында жататын. Бүгін «еті қызып» далаға жатқысы келіпті. 
Есік  алдындағы  арбаны  үйдің  кӛлеңке  жағына  тартып,  тӛсекті  жәшікті 

72 
Sauap.org
 
арбаның  ішіне  салғызды.  Махмет  тӛр  алдына  жатты.  Сұлу  қыз,  оңаша  үй, 
қараңғы түн. Кӛзін қанша жұмса да кӛңілінен кетпей, тулап жатыр жүрегі... 
қонақ пен әкесін жатқызып, үй ішін жинастырған Ардақтың қыбыры жуықта 
бітпеді.  Ең  ақырында  шамды  алдына  қойып,  киімшең  отырып,  Горькийдің 
«Ана» романын алды қолына. Шам сӛнуін қыз жатуын асыға күткен Махмет, 
дӛңбекшіп жатып, қысқа таңды кӛзімен атырды. Ардақ әлі оқып отыр... 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал