Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
VI 
 
Мейрам жер үстіне шыққанда арқасынан ауыр жүкті алып тастағандай, 
денесі  сергіп  сала  берді.  Кең,  жарық  дүниені  лезде  сағынып  қалған  екен, 
тӛңірекке  құныға  қарап,  тұнық  ауаны  сіміре  жұтып  келеді.  Қасында  Ермек. 
Үйге  тартпай,  екеуі  «Итжонның»  қыр жотасына  кӛтерілді.  Бұл  жота  кӛлбеу 
жатса да, жер биігі. Күндік жерге кӛз жетеді. Қыс бойы сұрапылдың ойнағы 
болған,  белес-белес  елсіз  «Итжон»  ақ  кӛрпесін  серпіп  тастап,  кӛк  торғынға 
оранып жатыр. Арқаның кӛктемгі шуағы жанды жадыратқан. Диқаншы жұрт 
думандатып  келіп,  сонау  алыстағы  кӛк  белдерді  кестелеп  жүр.  Бозторғай 
биікке  шығып  алып,  жақ  жаппастан  жырлап  тұр.  Әр  тұстан  әдемі  сағым 
ойнады. Анда-санда майда жел желпіді. Алуан түсті қызғалдақтар бас жарып, 
жұпар  исі  аңқыды.  Мейрам  енді  «Итжонның»  тӛрт  атырабына,  алысқа  кӛз 
тастады.  Сайларында  әлі  некен-саяқ  қары  бар,  «Семіз  қыз»,  «Қосағаш» 
таулары  жатыр  мұнартып.  Олардан  әрі  күндік  жердегі  «Қушоқы», 
«Наршӛккен»  биіктерінің  де  басын  шалды  жітігі  кӛзі.  Сол  таулармен 
сабақтаса  келіп  батысқа  таман  тұрған  «Құлжұмырсораң»,  «Байдәулет», 
«Алабас»  тауларын,  «Кӛктал-жарықтан»  бастап  «Иінжарға»  дейінгі  ұлан-
байтақ  кең  алқапты  сүзіп  ӛткенде,  кӛңілі  ӛткен  бір  дүниені  жүзіп  етті.  Бір 
кезде  осы  жерлер  Игіліктің  он  екі,  Тәтидің  он  жеті  мың  жылқысына  мекен 
болған еді. Қазір колхоз фермалары отыр. Кӛлі, ӛзені жоқ, кӛмірі кӛп, белес-
белес  осынау  «Итжонның»  салаларындағы  «Аққұдық»,  «Қарақұдық», 
«Жетіқұдық», «Тоғыз» құдық», «Сәмен», «Торқасқалар» ертеден еңбекші ел 
мекені болатын. Қазір қалпымен колхоз егін жайы болып кеткен. Солтүстікте 
орыс, қазақ аралас отырған Нұра ӛзені жатыр қарауытып. Мейрам елден ерте 
кетсе де, туған жердің кӛп сырын ала кетіпті. Қазір әр құдықпен, әр тӛбемен 
сырласып тұрғандай, ұзақ уақыт ӛзімен ӛзі болып: 
— Ермек!— деді бір кезде.— Ыстық екен туған жер. Қызық екен туған 
ел. 
— Ыстық  болмаса,  қызық  болмаса,  қу  трубаны  жылдар  бойы  күзетем 
бе!—деп  Ермек  толғанды.—  Әкем  Қарағандыға  менің  бес  жасымда  келіпті. 
Он жасымда жұмысқа түстім. Содан бері осындамын. 
— «Қарағанды» деген ат қайдан алынған? 
— Сонау  кӛк  белдің  бергі  алдында  Қарағанды  деген  ӛзек  бар,—деп 
Ермек  солтүстік  батысқа  сермеді  қолын.—  Ол  ӛзек  Байсалбайдың  мекені. 
Ерте  кезде  қарағаны  кӛп  болса  керек,  сол  ӛзектің  атымен  аталып  кетіпті. 
Бұның кӛмірін әуелде осы соқыр бойындағы «Бапаң» аулының бір жігіті қой 
бағып  жүріп,  суыр  інінен  тапқан  деседі.  Анау  тұрған  Қоңыртау  он  екі  мың 
жылқы  біткен  Игілік  байдың  мекені.  Оның  болыс  баласы  —  Тәти 
Қарағандыны орыс байларына екі жүз елу-ақ сомға сатыпты. 
— Сіз орыс байларында да істедіңіз бе? 

35 
Sauap.org
 
— Ол кезде тудым ба екен, тусам тіпті жас шығармын. Мен ағылшындар 
тұсында  істедім.  Тәти  Қарағанды  кӛмірін  орыс  байларына,  олар  ағылшын 
байларына сатса, ағылшындар жұмысшыны подрядшіктер арқылы жалдады. 
Қазақ,  орыс,  ағылшын  сүліктерінен  қалған  қанды  подрядшік  —  Шернияз, 
Дуналар да сорып бақты. Тек революция, совет құтқарды бізді. Қанаушылар 
бүлдіре, тастай қашқанда мен осы трубаның түбінде қалып қойдым... 
— Кӛремісің, сол трубаны қоршап жатыр ауылдар. Әр кӛш әрқилы жүк 
әкеп  жатыр.  Осы  ауылдар  күзге  дейін  қалың  елге  айналады.  Ел  салмағына 
қыстың салмағын қосшы, сонда не болады?! 
Сол ауыр салмақ басқандай, тына қалып, ілби аяңдап, қырдан түсе берді 
екеуі. Ойлы адамның уайымы кӛбірек қой, жаңа ғана лепірген кӛңілдерді ой 
қайтарып, арнасына түсірді... 
Құйылған ел құр қол келіп жатыр. Қарағандыда әзір жаңа техника түгіл 
ескі қайла да, нан түгіл су да жетпейді. 
Басқа мәдениетті былай қойғанда баспана қайда?! Темір жол Ақмоладан 
жаңа ғана асты. Осы жоқтарды ӛгізбен, түйемен тасып жасағанша, қыс күтер 
ме, ел шыдар ма! Miнe екеуін басқан ойлар осылар еді. 
— Үкімет бір шарасын істер!— деді Ермек. 
— Үкіметтің  оң  қолы  ӛзіміз  емес  пе,—  деді  де,  ойына  бойлай  берді 
Мейрам. 
Труба  түбіндегі  діңгекке  шолақ  рельсті  салбырата  байлапты.  Бір 
жұмысшы  қос-қолдап  ұрып  тұр.  Шаңқылдаған  ащы  даусы  ат  тӛбеліндей 
Қарағандыдан  асып  барып,  кең  далаға  сіңіп  жатыр.  Ермек  мырс  етіп  күліп 
жіберді де: 
— Соған да мақтанады, делқұлы,— деді... 
— Рельс, қоңырау не? Неге ұрады? 
— Шабаш. Сағат бес бопты. Есер Байтен еліре ұрып тұр. 
— Бәйтендеріңіздің есерлігі де бар ма? 
— Бәрі табылады одан,— деді де, Ермек жапырайған тӛрт-бес барактың 
біріне  нұсқады.  Кӛтеріңкіреп,  ескі  қаңылтырмен  жапқан  да  бояған  екен, 
қабырғаларын  ағартыпты.  Кызыл  тӛбелі  ақ  үй  ескілердің  ортасында  ӛзгеше 
кӛрінеді кӛзге. 
— Осыны  донбасшылар  келісімен  түзетіп  кіріп  алды.  Трест  бастығы 
Щербаков,  механик  Козлов,  слесарь  Лапшин  дегендер  ӛте  іскер  адам 
кӛрінеді.  Байқаған  шығарсың,  ӛзіңді  әкеп  тастаған  Чайков  қандай  білімді 
адам. Қарағандының ӛткенін бізден артық біледі, келешегін де қолмен қойып 
береді.  Донбасс,  Кузбастан  кейін  совет  еліндегі  зор  ӛндіріс  Қарағанды 
болмақ.  Қарағанды  үлкейген  кезде  кӛмір  тасыған  поездар  бір  темір  жолға 
сыймай,  екі  темір  жолмен  жүреді,  дейді  Чайков.  Щербаков  ата-бабасынан 
бері шахтер екен, совет тұсында оқып, инженер болыпты. Жер астына бұндай 
жетік  адам  сирек  шығар.  Солардан  үйрену  керек  десем,  Бәйтен  соққан, 
«аристократ» деп теріс қарайды. «Жақсы үйге неге құмар, олар» дейді. 
Мейрам ойынан сергіп, сылқ-сылқ күлді. 

36 
Sauap.org
 
— Жақсы  үйді  тек  аристократтарға,  жаман  үйді  жұмысшыларға  жазып 
қойған-ау! 
— Бір  себептен  оған  күлуге  болмайды,—  деді  Ермек.—  Қайтсін, 
Қарағанды,  Қарағанды  болғалы  жұмысшылар  жақсы  үйге  тұрғанын  кӛрген 
емес. 
Әңгімемен екеуі баракқа жетті. Қораштау барак. Ескі жұмысшылардың 
кӛбі осында тұрады. Ермек пен Сейтқали да осында. 
— Жуынып шығыңыз! 
— Әуелі сіз жуыныңыз. Мен тұра тұрайын. 
Монша,  душ  дегендер  жоқ,  әр  жұмысшы  ӛз  үйінде  жуынады.  Ермек 
үйіне  енді,  Мейрам  есік  алдында  кезек  күтіп  отырып  қалды.  Тосын  адам, 
тұрғын жұрттың елемейтініне де ежіктей қарап отыр. Шеткі есіктен, кӛнетоз 
күрең  сатин  кӛйлегінің  қисық  жағасы  салпылдап,  дудар  шаш  қара  жігіт 
шықты. Әуелі бір мықынын таянып еді, кейін екі мықынын да таянып, тым 
асқақ қарайды жан-жаққа. Ашулы ма, әлде әдеті ме, қабағын түйіп, ӛзі делдек 
танауын делдите түседі. Кӛзі тым шәлкес. 
— Бәйтен осы болар,— деп шамалады Мейрам. Дәл басты. 
— Бәйтенжан, ұрсып қойшы ӛзіне,—деп артынан шыққан қара бәйбіше, 
баласының ӛңіне үңіле бір қарады да, қайта енді үйіне. 
Сары атаншаны божылап жегіп, барактарға су тасыған керенау бір шал 
жүр. Барған барағынан шу кӛтеріп, осы шал міне келе жатыр. 
— Әй, тӛбет!— деді Бәйтен анадайдан,— конторшіктерді, ақ жағаларды 
суарып болсаң, бас аяғыңды! 
— Құдықтың суы жетпей жатыр, шырағым. 
— Бұрын бүкіл Қарағандыға жеткен су қалай жетпейді? 
— Ойбай-ау, қаптап кетті ғой ел! Бұзауына, ешкі-лағына дейін суарады. 
— Ананы!  Ӛңкей  кулак,  қашқын-пысқын,  келе  сала  қожайын  болмақ! 
Керек  болса  қазып  алсын,  айта  бар.  Ол  қашаннан  ескі  жұмысшылардың 
құдығы. 
— Қайдан білейін, бәріміз жұмысқа келдік,— деп бой бермейді. 
— Білемін, ішің бұрады. Сен де солардың бірі. Мына түйенің формасы-
ақ айтып тұр, кулак екеніңді. Қарашы ӛркеші тіп-тік... 
Мейрам  күліп  отыр.  Бәйтеннің  даусымен  шелегін  ала  әйелдер  жүгірді: 
Сушы маңы балық үлескендей, у-шу. Жуынып болып, Ермек шықты далаға. 
— Жуынбайсыз ба? 
— Бәйтеннің қызығына қарай тұрайын. 
— Әй,—  деді  Бәйтен,  кетіп  бара  жатқан  сушыға,—  бұдан  былай  су 
мезгілінде келмесе, осы Қарағандыда не сен тұрасың, не мен тұрамын. 
— «Ауыл итінің құйрығы қайқы» деген осы-ay деп, шал ӛзіне ғана күңк 
етті де кете барды... 
«Ӛкімет,  профсоюз,  саяси-ағарту  жұмыстары  жоқ.  Ескі  Қарағандыда 
надан Бәйтен ӛз деміне ӛзі пісіп тайтаңдап тұр» деген ойда Мейрам отырды. 

37 
Sauap.org
 
Қолында он екі тілді ескі гармонь, қара мұртты, қағілез Шәйкен шықты 
үйден.  Оған  ұзын  мұрын,  тәпелтек  Жолтай  қосылды.  Бірі  тартып,  бірі 
жырлап, жастарды лезді жиды маңына. Ескі қайлашылар: бурыл бас Сыпан, 
қара  сақал  Әубәкір,  карташы  Шаймерден,  шұбар  Бәйтікен  —әрқайсысы  ӛз 
есіктерінің алдында біраз қарап тұрып, біртіндей-біртіндей бұлар да аяңдады 
сауыққа.  Бәйтен  енді  екі  қолын  артына  ұстап,  кӛпке  кірмей  ойқастап  жүр. 
Сейтқалы  жұмыстан  жаңа  қайтып,  Мейрам  мен  Ермектің  қасына  отырды. 
Күн  еңкейіп,  кӛлеңке  ұзарып  барады.  Арқаның  кӛктемгі  желсіз  бір  тымық 
кеші.  Гармонь  даусын  алысқа  әкетіп  жатыр.  Қазақтың  ескі  «Елім-айына», 
орыс, татардың ескі частушкаларын қосып, Жолтай жақ жаппай жырлауда. 
«Екі ат жектім сабанға 
Тӛрт ат тарта алмағанға»,— 
десе, Бәйтен анадай жерде тұрып: 
— Ой, пәле-ай! Соқ!—деп қояды. Біреулер алақаның тізесін ұрып билей 
жӛнелді. 
— Е-е,  қыздырыңдар!—  деп  Сыпан,  Шаймердендер  де  орындарынан 
қозғалып-қозғалып қояды. 
Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс осы. Клуб, радио түгіл газет те 
жоқ.  Бұл  баракта  хат  танитын  Сейтқалы  мен  Жолтай,  бір  қазақ  газетін 
кезектесіп оқиды. Оның ӛзі аптасына әзер келеді. 
Мейрам  кӛрген  жайларды  кӛп  ойлап,  ӛзімен  ӛзі  болып  кетті.  Барак 
алдында сауық болып жатса, барак алдындағы дӛңесте жұмысшылардың ескі 
моласы  жатыр,  жер  болып.  «Сол  бишаралардың  кӛрген  қызығы  осы-ақ, 
болды-ау!» деп жабырқаса, жаңа Қарағандының елесі алдына келіп жұбанады 
Мейрам. 
Ымырт  жабылды.  Жұмысшы  жұрт  жатуға  тарады.  Мылқау  тыныштық. 
Жалғыз  трубаның  бауырында,  кӛмір  қордаларының  ортасында,  тас  баракқа 
арқа сүйеп Мейрам әлі ойда отыр... 
 
VII 
 
Шалқиған  қабырғаларын  тіреп  қойған  кішкентай  тас  барак 
ағылшындардың бүкіл Қарағандыға ашқан кішкене магазині еді. Қазір жаңа 
Қарағандының жаңадан келген кӛмір тресі осында орналасты. Трест бастығы 
Сергей  Петрович  Щербаков  ұзынша  бӛлменің  ең  тӛрінде,  жайдақ  столын 
қарындашпен  тықылдатып  қойып,  тӛмен  қарап  ойланып  отыр.  Шашының 
қарасынан  ағы  ден,  бетінің  ағынан  қарасы  ден.  Маңдай  әжімі  тереңдесе  де, 
кӛзінің  оты  әлі  жайнап  тұр.  Кең  адамның  кейпі  бар,  асығыс  жайты  бар. 
Жүндес білегіндегі сағатына  бір,  есікке  бір  қарай  түсіп, күдістеу  біткен кең 
иығын қозғап қояды... 
Есік қақты біреу. Сергей Петрович апсағай денесімен асыға барып, ашты 
есікті. Мейрам келген екен. 

38 
Sauap.org
 
— Қош  келдіңіз,  қуаныштымын  келгеніңізге,—  деп,  ескі  досынша 
қолтықтай жӛнелді тӛрге. 
— Айыпқа  бұйырмаңыз,  кеш  жатып  кешігіңкіреп  қалдым,—деді 
Мейрам, Сергей Петрович қалжыңға айналдырды ол сӛзін: 
— Уақасы жоқ. Жастардың жұмысы түнде кӛбірек болады. 
Мейрам  жауап  қайырмай  езу  тартты.  Сұрғылт  жүзіне  сәл  қан  жүгірді. 
Салған жерден ішіне еніп бара жатқан жасамыс адам, кӛпті кӛрген қу мүйіз 
сияқты. 
— Ал  әңгімені  бастай  берейік.  Уақыт  аз,  іс  кӛп,—  деді  де  іле  сұрақ 
қойды.—  Шашым  ағарса  да  мен  де  сіздей  жас  басшымын.  Қайсымыз 
бастаймыз? 
— Қайсыңыз бастасақ та «жастыққа» деген жеңілдік жоғын ұмытпайық. 
— Дұрыс  айтасыз, Мейрам  Омарович. Бала  десе басшы  етпес  еді бізді. 
Мен тек ерте туып, кеш қалыппын сізден. 
— Себебі не? 
Сергей Петрович қысқа ғана ӛмірбаянын айтып берді. Екі атасына дейін 
Донбастың  шахтері  екен.  Ӛзі  он  тӛрт  жасынан  бастап  шахтада  істепті. 
Кейінгі тӛрт жылда оқу бітіріп, мұнда жоғарылап келген беті кӛрінеді. 
— Ӛзіміз онша басшы болмасақ та, басшыларды кӛп кӛрдік,— деп күліп 
қойды. 
— Онда бастай беріңіз,— деді Мейрам.— Менен бұрын келдіңіз мұнда, 
тәжірибеңіз де кӛп. 
— Бірінші  бесжылдықтың  қалған  уақытында  «Үшінші  качегарканың» 
негізін  жасап,  Оралмен  байланыстырсақ,  ұлы  істің  түйінін  шешкен 
боламыз,— деп Сергей Петрович трубкасына темекі салды, тұтатып, түтінді 
бір бұрқ еткізді. Содан кейін тұрып барып терезе алдында жатқан бір кесек 
кӛмірді  алақанына  салып  тұрып  сӛйледі:—  Алтын  бұл!  Үміт  ақталды. 
Оралдан,  Донбастан  зерттеу  қорытындысын  алдық.  Жай  кӛмір  емес,  нағыз 
коксіленетін  кӛмір.  Бұл  жӛндегі  күмәндар,  ағылшын  есекдәмелері  мүлде 
күйреді. Енді Москва кӛмегі күшейе түседі. Алдымен темір жол, кадр, электр 
керек. 
Мейрам бір қағып қойды: 
— Бұларыңыз  ертеңгі  күннің  керегі  ғой.  Дәл  бүгінгі  күннің  керегіне 
келіңізші. 
— Сабыр  етіңіз.  Бүгінім  ертеңгіге  бағынышты  болған  соң  бұрын 
айттым.  Ал,  дәл  бүгін  Нұра  ӛзені  келгенше,  құдықтарды  кӛбейтіп,  ескі 
«Герберт»  шахтасының  суын  тартамыз.  Дайындық  жүріп  жатыр.  Электр 
қуатын  жасағанша,  бу  қуатын  пайдаланамыз.  Бұған  да  дайындық  бар.  Осы 
маңдағы  бұрынғы  Спасск,  Екібас  заводтарының  орнынан,  Қарағандының 
ӛзінен,  кулак  диірмендерінен  азын-аулақ  локомобиль,  шағын  котел, 
камерондар табылды. Соларды жамап-жасқап ылдабайлай тұрамыз. Бірақ пар 
қуатын жасағанша бадьяға шыдауға болмайды. 
— Иә, жұмысшылар тек батырлық еңбекпен ғана алып жатыр кӛмірді. 

39 
Sauap.org
 
— Сол батырлық басқаға жұмсалсын. Бадьяны ат бұрасын. Бір жұмадан 
қалдырмай атбарабаның жасауға механик Козловқа бұйрық бердім,— деді де 
Сергей Петрович шылымын тартып, тағы да біраз толғанып барып сӛйледі.— 
Барлық жұмыстың тетігі— шахтаны кеңейте беруде, кӛбейте беруде жатыр. 
Бізден  бұрын  ескі  жұмысшылар  ӛзі  ашқан  бір-ақ  шахта  бар.  Біз  екінші, 
үшінші,  тӛртінші  шахталарды  бастадық.  Күзге  дейін  он  бес  шахта  болмақ. 
Бұның аты — кемі он бес мың адам болмақ деген сӛз. 
— Соларға баспананы қайтпекпіз? 
— Иә,  бұл  ӛте  қиын  мәселе.  Қиындықтан  қорқу  айла  емес.  Осы  маңда 
«Аққұдық»,  «Қызылқұдық».  «Ащылы  айрық»,  «Бұқпа»  поселкелері  бар 
кӛрінеді.  Бір  жақсысы  қазір  колхоз  ғой  бәрі.  Уақытша  үйінің  бір  жағын 
берер. Бірақ, бұл қиындықтан құтқармайды, тек жұмысшылардың ӛздері ғана 
құтқарады. Ӛздеріне уақытша жербарак, кірпіш үй салып алуға толық жағдай 
жасаймыз. Ал, алдағы жазда жилкомбинаттарға орналастыра бастаймыз. 
— Оған дейін құрылысшылар не бітіреді? 
— Жаңа 
жұмысшыларды 
дайындайтын, 
ескі 
жұмысшылардың 
мамандығын кӛтеретін оқу комбинаттары керек. Олардың балаларына мектеп 
керек.  Монша,  нан  заводы,  магазин,  столовой  керек  емес  пе?  Ең  ақыры 
Қарағанды  тресі  осы  үйде  отырып  трест  бола  ала  ма?  Құрылысшылар 
алдымен кӛпшілік орындарын жасайды... 
Щербаков азырақ мүдіріп отырды да тағы сӛйледі: 
— Қазір  амалсыздан  осылай  істеуге  тура  келеді.  Келешекте  жаңа 
құрылыс жұмысшыларға жақсы үй тұрмысын жасаудан басталу керек. 
Жаңа  екі  басшы  кішкене  үйде  отырып,  алдағы  ұлы  істі  осылайша 
талқылай  берді.  Бірінің  бірі  ӛрісін  де,  іскерлік  қабілетін,  мінезін  де  байқап 
отыр. Мейрамның анда-сандағы сұрағынан, репликасынан «білімді, сабырлы, 
шалымды  жігіт-ау»  деп  Сергей  Петрович  ішіне  бір  түйіп  қойды.  Мейрам 
оның  білімінен,  сабырынан  гӛрі  іскерлігіне  қатты  сүйсінді.  Советтің  үлкен 
Қарағандысын жасау жоспарында, тіпті ешкімнің ойында жоқ  — «Герберт» 
суын тарту, ескі локомобиль, котел, камерондарды жинау, атбарабан жасау, 
жұмысшыларды  үйге  орналастыру  сияқты  уақытша  шаралар  жергілікті 
мүмкіндікті  жете  пайдалана  білген  —  Сергей  Петровичтің  іскерлігі  еді. 
Осыған толық түсінген Мейрам: 
— Біздің  қазіргі  жағдайымыз  ӛте  ұқыптылықты,  тапқырлықты  тілейді 
ғой,— деді. 
— Дұрыс айтасыз! Байқаған екенсіз. 
— Оқу  комбинаттары  жасалғанша,  одан  оқып  шыққанша  бірсыпыра 
уақыт ӛтеді. Мен жер астынан жаңа қайлашыларды кӛріп шықтым, әй қиын 
екен... 
— Жеңілдетуге не амал бар? 
— Жаңа жұмысшыларды ескі жұмысшыларға қосып беріп баулыса, деп 
едім Сейтқалыға... 
— Ол шошып кеткен шығар? 

40 
Sauap.org
 
— Маман жұмысшылардың жалақысы кемиді,— деп зар қағады. 
Щербаков үлкен денесін селкілдете күлді. 
— Нағыз  маман  баулудан  қорықпайды.  Ермек  баулып  жүр.  Жалақысы 
да  кеміген  жоқ.  Дұрыс  байқағансыз,  дұрыс  пікірге  келгенсіз.  Бұл  жӛнде 
ойласып,  маман  жұмысшылардың  еңбек  табысын  кеміместей,  жаңа 
жұмысшыларды үйретерліктей жағдай жасауымыз керек... 
Әңгіме үзіліп кетті. Есіктен ұзын бойлы, арықтау, кӛзілдірікті адам енді. 
Щербаковпен  қол  ұстасып,  Мейрамға  басын  иді.  Содан  кейін  оң  жақтағы 
столға барып, алдына бір папкені жайды да, кӛп цифрға қадала отырды. 
Сергей Петрович сағатына қарады да: 
— Жүре  сӛйлесейік,—  деп,  орнынан  тұрды.  Тысқа  шықты  екеуі.  Есік 
алдында  қазақы  күйкі  торыға  жегілген,  қорапсыз  легчанка  күтіп  тұр  екен. 
Қарқ-қарқ  күлді  Сергей  —  жайдақ  легчанкеден  газикке  міну,  қиқиған 
барактан кӛп этажды комбинатқа шығу қандай қызық! Бәрін кӛреміз, Мейрам 
Омарович.  Тек  үкімет,  партия,  профсоюз  ұйымдарын  тезірек  құрып  беріңіз. 
Сағынып  қалдым.  Жаңағы  кісі  трестін,  бас  инженері  Орлов.  Зйянкестер 
тобында  болған  жазалы  адам.  Сында  жүр.  Қызыл  мамандар  аз.  Мынау 
отырған  ауылдар  қалпымен  шикі.  Бәйтен  сияқты  ескі  жұмысшылардың 
ӛзінде  тот  қанша!  Ойлаңызшы  менің  халімді!  Кӛпшілік  ұйымдарының 
кӛмегінсіз кӛпті, үлкен істі басқару қиын ғой, тіпті мүмкін емес қой. 
— Ӛзіңіз  айтпақшы,  сабыр  етіңіз,—  деді  Мейрам,—  бәрі  болады, 
кӛмектесеміз. 
— Сіз қалай жүресіз енді? 
— Мен мынау ауылдарды барып кӛрем. 
— Дұрыс,  дұрыс-ақ,—  деп  Мейрамның  қолын  қатты  қысты  Сергей 
Петрович.—  Мен  жаңа  шахталардың  жайын  кӛрем.  Кӛргенімізді  ортаға 
салармыз сонсоң. 
 
VIII 
 
Ойдағы  екі  құдықты  қоршай  қонған  қараша  ауылдардың  ішінде  бірен-
саран  қоңыр  үйлер  «мен  орташа»  деп  тұрған  тәрізді.  Баяғы  байдың 
ауылдары: еңсесі биік ақ үйлер, қотан толы ақ қойлар, ұзын желі, үйездеген 
жылқылар жоқ. Азын-аулақ ылақты ешкі, қозылы қой, сауын сиыр, міңгіштер 
ғана  кӛрінеді.  Солардың  ӛзі  ауылдың  маңын  тері  сүйреткендей,  тақырлап 
тастапты. Қоңыр үй, құрым үй, қос жаппа тіккен, қайсыбірі арбаның жетегін 
кӛтеріп,  паналай  салған  ала-құла  ауылдың  қонысы  да  қызық.  Қотан  жоқ. 
Үйме-жүйме.  Біресе  созылып,  біресе  шанжау  кетеді.  Осылардың  үстіне 
кӛштер  үздіксіз  келіп  жатыр.  Ат  жеккен  бришке,  ӛгіз  жеккен  пұшық  арба, 
түйелермен  араласа,  дӛңгелегі  шиқылдаған  ырдуан,  башайы  сыртылдаған 
сиырлар  да  жүк  кӛтеріп  келе  жатыр.  Заводқа  жұмысқа  келіп  жатса  да,  кең, 
қонысқа  үйренген  мал-құмар  қазақ  жүктерін  түсіре  қоймай  жер  шолып 

41 
Sauap.org
 
алады. Алысқа кетсе су жоқ, жақында от жоқ, желкесін бір қасиды да жүгін 
түсіре береді. 
Сергей  Петровичтен  айрылысқан  соң,  Мейрам  осылай  қарай,  қырдан 
түсіп,  жай  аяңдап  келе  жатқан.  Бәрін  кӛріп  келеді.  Міне,  ауылдың  шетіне 
енді. Ең шеттегі қара қосқа келді. 
Қос ішінде үш адам бар. Үй иесі, жасы қырықтар шамасында, дӛңгелек 
сақал,  шарқы  ғана  кісі.  Табаны  ағаш,  үсті  сірі  шәрке  жасап  отыр.  Әйелі 
жиырмадан  жаңа  асқан  бүйрек  бет  қара  келіншек.  Ескі  қаптан  байпақ  тігіп 
отыр. Еңбектеген еркек бала, ӛзімен-ӛзі болып жүр. 
Мейрам сәлем бере кіріп, кішкентай үйдің тӛріне шықты. 
Тӛр  алдында  тоқымдай  ғана  ескі  жабу  жатқан.  Келіншек  сыпырып 
салғалы қозғалып еді. 
— Қозғамаңыз,—  деді  Мейрам.  Болжаусыз  келген,  киімі,  ӛңі  түзу 
қонақтан  үй  иелері  қымсынып  қалды.  Мейрам  оны  сезіп,  тез  жадыратқысы 
келді. 
— Ағай,  шәркеңізге  сәт!  Қайда  қамданып  жатырсыз?  Сірә,  анау 
байпақпен киесіз-ау? 
— Байпақпен  кием,—  деді  үй  қожасы.—  Жер  астына  қамданып 
жатырмын. 
— Бұрын істеп пе едіңіз жер астында? 
— Істемесем де тәуекел. Екі қолға бір жұмыс. Құдайға шүкір, денім сау. 
Ақшасы кӛп кӛрінеді, тура қайланың ӛзіне түсем. 
— А, дегенде қайланы бере қояр ма екен? 
— Боқты  бермес!—  деп  үй  қожасы  қойнына  қолын  тықты.  Орамалына 
қаттап ораған қағаздарды ұстата берді Мейрамға.— Бетімен келген қазақ біз 
емес. 
Мейрам үй иесінің қораздана кӛрсеткен қағаздарымен танысып шықты. 
Бұл  отырған  Боқай  Тӛлеубай  ұлы  екен:  жеті  жасынан  жалшы.  Былтыр  ғана 
байы кулакқа тартылып, ӛзі колхозға еніпті. Қиырдан, сонау Қу ауданынан, 
колхоз арқылы шартпен келіп отыр. 
— Қайлашылар  айына  бір  қара  табатын  кӛрінеді!  Жалда  жүргенде 
жылына бір қара таппайтын едік...— деп күні бұрын тойып отыр. 
— Қағазыңыз  мықты  екен,  Боқа,—  деді  де  қайырып  берді  Мейрам. 
Боқай масаттанып қақырынғанда, қақырығын есіктен далаға атты. Арық үйге 
мүсіркей,  семіз  кӛңілге  семіре  қарап  отырған  Мейрамға  жылы  ғана  сұрақ 
қойды, сонсоң: 
— Атың кім, інішегім? 
— Мейрам. 
— Қайда істейсің? 
— Әзірше ешқайда істемеймін. Ӛзіңіздей жаңа келдім. 
— Біздің  шаншардың  екі  қуы  түнделетіп  келе  жатса,  күн  жарқылдап 
қоймапты.  «Шам  жағып  қарасаң  да  екеу-ақпыз»  деген  екен  сонда.  Сол 
айтпақшы, қанша қарасаң да біздің үйдің сиқы осы. Дәмге ұяттымыз, шырақ. 

42 
Sauap.org
 
— Атай кӛрмеңіз, атай кӛрмеңіз! 
— Атамақ  түгіл  ендігі  буы  бұрқырап  та  жатар  еді.  Жоқтық  жомарттың 
қолын байлаған. 
— Жоқ,  жоқ  дей  бергенше,  дагауарды  апарып  алып  қайтсаңшы,—  деді 
келіншек шытынып. Боқай оған мыңқ етпеді. 
— Дагауар кӛп. Басы қатып жатқан болар. Бастығыңқырасын. 
— Осы  мінезің  ғой,  отыз  жыл  есікте  жүргенің.  Қалтайды  кулакқа 
тартпаса, ӛмірің есікте ӛтер еді. 
— Қайсыміздікі  жӛн?—  деп  Боқай  Мейрамға  бұрылды.—  Бұл  кісі, 
дагауарда айтылғанды, бар да шебін жұтқызбай ал, дейді. Мен, бұл завод та 
біздің  колхоз  сияқты  бастыға  алмай  жатқан  кӛрінеді.  Бұйырған  кетпес, 
деймін.  Байлар  жұмысын  бітіртіп  алған  соң  да,  ақымызды  жылдар  бойы 
созатын.  Заводтың  мойнына  әзір  ақы  салғамыз  жоқ.  Тіпті,  дагауарда 
айтқанын бермесе не қыламыз. 
— Әй, құдай-ай, сенің орныңа еркек болмаған екем!— деді келіншек.— 
Қазынаның берем дегенін сұрауға да бет моншағы түседі. 
Екеуінің  сӛзіне  Мейрам  жымиып  күле  берді.  Қарама-қарсы  екі  мінез, 
екеуі де орынды. Бірін жығып, сағын сындырудың керегі не. 
— Сіздікі  де,  сіздікі  де  жӛн.  Азырақ  сабыр  етсеңіздер,  бәрі  болады,— 
деді  де,  бағанадан  бері  кӛмейіне  келген  бір  сӛзді  айтып  салды  Мейрам.— 
Айыпқа  бұйырмаңыздар,  жастарыңыздың  арасы  алшақтау,  ӛз  араларыңыз 
тым жақын. Біле алмай отырмын? 
Келіншек  сен  айт  дегендей  Боқайға  қарады.  Боқай  әуелі  сірі  шәркеге 
бүркіп-бүркіп алды. Содан кейін күрсініңкіреп қойып, алыстан тартты сӛзді: 
— Жаңа  мына  кісі  айтқан  Қалтайдың  есігінде  отыз  жыл  жүрдім.  Сол 
отыз  жылғы  еңбекке  Қалтайдың  беріп  кеткені  —  басымыздағы  қара  қос, 
жанымдағы осы қара кісі. 
— Қос, үй кӛтеріп бергені шығар. Ал, мына кісіні қалай берген? 
— Бұл  кісі  бір  кедейдің  қызы  болатын.  Қалтай  маған  атастырғанда  бес 
жаста еді. Он беске келгенде алып берді. Мен оған бар еңбегімді бердім... 
«Сорлы  Боқайдың  кӛзі  жаңа  ашылған  екен  ғой»  деген  оймен  Мейрам 
орнынан тұрды. 
— Жай, жүрсіз бе? Бүйімтайыңыз жоқ па?—деді Боқай орнынан тұрып. 
— Жай жүрмін. Қош болыңыздар. Тағы да кездесерміз. 
Мейрам  қатты  риза  болып  шықты  Боқайға.  Кедейлігінде  де,  кеңдігінде 
де мін жоқ екен. Заман керігі осылар ғой шіркін!— деп қараша ауылды қақ 
жара аралап келеді. Әр үйдің жерошағында тезек орнына кӛмір кӛрінеді. Кӛп 
үйдің  алдында  құрық  орнына  қайла  жатыр.  Шыбықты  ат  қылып  мінетін 
балалар, столба қылып, сым тартып, темір дӛңгелектен арба жасап жүгіртіп 
жүр. Осының бәрі кішкене заводтың үлкен ықпалы болып кӛрінді Мейрамға. 
Бір жерошақтың жанынан ӛте бергенде, долы қатынның ащы тілін де естіді. 
— Осы ішіңе ғана... отын ба! Майдай жанатын қайран ақ тезегім!.. 

43 
Sauap.org
 
Жағуын  білмей  кӛмірді  жазғырған  долыға  Мейрам  не  десін?  Естімеген 
боп  кете  берді.  Құдық  басында  суға  таласқан  шаң-шұн,  дауыстар  шығады. 
Шалшықты сораптаған лақ, қозы, бұзаулар кӛрінеді. 
— Шақырып алып, сусыз қыра ма! 
— Қазып  алсаң  ақша  береді,  ішіңді  жара  ма?!—деген  дауыстар 
қынжылтты  да,  жұбатты  да  Мейрамды.  «Кӛп  қой,  кӛптің  ішінен  не 
шықпайды, ӛзі сынап, ӛзі түзеп жатыр» деген оймен келе жатыр. 
Ауылдан оқшауырақ, тақыр кӛгалда екі адам отырған. Біртіндеп қосыла-
қосыла оннан асты. Дауыстары жамырап шығады. Мейрам да осыларға келіп
шеткерірек,  елеусіз  отыра  кетті.  Шашын  қайырған  шелек  танау  шегір,  бала 
жігіттің  кӛңілі  тым  кӛтеріңкі.  Отырмай  тұра  келіп  жүр.  Кӛлденең  сӛз 
еткізбейді,  қолында  дамыл  жоқ,  сермеп,  нұсқап  қойғанда,  жалаңаяғымен 
жерді  тебініп  те  қалады.  Бірсыпыра  мінезі  Бәйтенге  келсе  де,  ӛткір,  ақ 
жарқын, қу тілді кӛрінеді... Бірін мінеп, бірін қостап, осы аз жиынды еріксіз 
басқарып барады. 
— Жанабіл,  ау,  Жанабіл!—  деді  шалқасынан  жатқан  шоқша  сақал, 
басын кӛтермей, сақалын ширатып жатып,— сен қайда істемексің? 
Шелек танау жігіттің аты Жанабіл екен. Терісқақпай жауап қайырды: 
— Совет жерінде істеймін. 
— Бар болғыр, дұрыс сӛйлесеңші. 
— Ендеше ӛнер дүкенінде істеймін. 
— Онысы қай жер? 
— Анау  тұрбаның  түбінде  мехцех  бар.  Мехцехта  үйтентек  Бәйтен  бар. 
Қасақана сонымен бірге істеймін. 
— Ауылдағы  мінезді  қойсаңшы,  шырағым,—  деп  шоқша  сақал  басын 
кӛтерді.— Ескі жұмысшымен байланыспа. Нан тауып жүре бер. 
— Бұға  берсең,  сұға  береді,— деді  Жанабіл.— Мінезде де,  жұмыста  да 
тайталас  керек.  «Он  сегіз  жыл  стажым  бар»  деп  қожаңдайды  Бәйтен.  Ӛзі 
егеуді қалай ұстауды білмейді. 
Мен  екі-ақ  жыл  батырақ  болдым,  қой  бағуды  сұрашы,  кәне?  Екі  жыл 
мехцехта істесем, Бәйтеннің әкесін танытам. 
Жас  Жанабіл  жанып  тұрған  от  секілді  кӛрінді  Мейрамға.  Баяғының 
бұйығы  батырағына  ұқсамайды.  Ауылда  тап  тартысын  ӛткізіп,  ӛзін  езген 
жуандарды  жойып  келген,  ашынды,  алымды  батыракқа  ұқсайды.  Тӛмен 
қарап шӛп ширатып, жымиып отырған мұртты жігіт. 
— «Тап  саясаты,  тап  саясаты»,  деп  жүріп  Күржікті  құрттың.  Бұнда 
Бәйтенді  жеңуге  егеуден  гӛрі  қайла  қарымдырақ  қой,—  деп,  елеусіз  ғана 
кекеп еді, Жанабіл түсіне қойды. 
— Қырда  Күржік,  ойда  Бәйтенге  мені  салып,  сіз  осылай  шӛп  ширатып 
отыра  бересіз  бе,  Дүйсен  жолдас?  «Тап  саясаты»  Күржікті  құртса,  егеу 
Бәйтеннен  асырады,  қайлаға  әлі  жаспын.  Бірақ,  егеу  —  ӛнер.  Егеу  машина 
аспабы, сұлу мұрт жолдас. Әйел сұлуы жерде қалмайды. Осында бір қыз жүр, 
жұрттың бәрі соған қарайды. Ал сіздің мұртқа кім қарайтынын білмеймін. 

44 
Sauap.org
 
Бәрі  ду  күліп,  тұс-тұстан  жамырай  сӛйлеп  кетті.  Жанабіл  ойқастап 
шеттегі Мейрамды жанай бірер ӛтті де, қасына келіп тұра қалды. 
— Сіз де жұмысқа келдіңіз бе, жолдас? 
— Келсе несі бар? 
Нанбағандай  басын  шайқап  жүре  берді  Жанабіл.  Дуыл  саябырлаған 
кезде, сұлу мұрттың жанындағы кӛк сақал қарт: 
— Қыс  келер  әлі  қылышын  сүйреп,—  деп  демін  күрсіне  бір  алып  еді, 
әрқайсысына ой түсіп, алуан-алуан сӛз қозғады: 
— Осынша жұртқа үйді қайдан тауып береді?! 
— Дагауармен келгенді бірдеме қылар-ау. Дагауарсыздар қайтеді? 
— Адам орын табады, малды айт. Шеп, қора қайда, қалай сақтаймыз? 
— Дагауардағы жұмыс киім, авансының ӛзін созатын түрі бар ғой. 
— Ау,  ақша  болса  бәрі  болады.  Ақша  табыңдар  әуелі.  Ақша  қайлада 
кӛрінеді. 
— Қайлаға шама келе бере ме? 
— Мен әуселесін байқаймын да, жақпаса қайтып жүре берем. 
— Сарыуайым,  сарымай  емес!—  деді  Жанабіл  дауыстап,—  кӛп 
жесеңдер  ӛзектерің  талады.  Мен  кеше  Щербаковпен  сӛйлестім.  Мейрам 
деген қазақ жігіті партия ұясына хатшы болып келіпті. Онымен де сӛйлесем, 
сабыр  етсең  бәрі  болады.  Анау  трубаның  түбінде  ойлап  жатыр  біздің 
қамымызды. 
— Щербаковың кім, ей? 
— Завод бастығы. 
— Е, айтсаңшы қандыра! 
— Әзірге  осы  да  жетеді!—  деп  Жанабіл  қырын  қарады  бұлдана.— 
Болмашы  орысша  тілден  тапқан  пайдам  бұл.  Қазақша  білмейді  екен.  Әлгі 
қазақ жігітпен сӛйлескен соң жарытам әңгімеге. 
Жанабілдің осы айтқанының ӛзі-ақ жұрттың кӛңілін кӛтеріп тастады. 
— Міне, орысша білгеннің пайдасы. 
— Осыдан бірдеме шығады түбінде. 
— Келмей жатып бастықпен танысып қалғанын қара. 
— Бәсе, ӛзіне-ӛзі сенбесе, осы жұртты жинай ма түге! 
Бір  олай,  бір  бұлай  толқыған  ұзақ  кеңесті  бұдан  әрі  күтпеді  Мейрам. 
Сытылып шығып, кӛптің ойын оңаша талдап келе жатыр еді, кенет селк етті. 
Кӛзін алмай қадалып қалды... 
Есігі  ашық,  алдында  бір  қоңыр  үй  тұр.  Маңдайшаға  қол  артып, 
жасӛспірім  бір  қыз  тұр.  Тал  шыбықтай  бұралады.  Аппақ  уыз  бетінде,  қара 
мӛлдір  кӛзінде  қайғы  мен  шаттық  бірдей  бар.  Түйіледі  де  жазылады. 
Мұңаяды да паңданады. Жас аруда не сыр бар? 
Қара бұлттың ішінен жарқ еткен айдай-ақ қараша ауылдың ішінен шыға 
келген  жас  сұлу  Мейрамды  ӛзіне  тартып  алды  да,  ақ  тиіндей  сүңгіп  кетті 
үйіне. Мейрам аңырып тұрып қалды. Әлі тұр. Түс кӛріп оянғандай тұрыс. Бір 

45 
Sauap.org
 
кезде ӛрлігі ұстап, кете бермек болып еді, басқа жаққа баспады аяғы. Еріксіз 
бұрылды  қоңыр  үйге.  Мұны  кӛріп  қоңыр  үйден  жүзтаныс  бір  адам  шықты. 
Келе-ақ қолын ұстап, қуанғандай ыржияды. Ӛзі кіргелі келген кісіні: 
— Үйге  кіріңіз,—  деп  бастай  жӛнелді.  Қайда  кӛргенін  есіне  түсіре 
алмады Мейрам. Табалдырықтан аттағанда, жас сұлу кӛзін жай тастап, денесі 
бір  шымыр  етті  де,  қасындағы  қызына  үйрете  берді  сабағын.  Тӛмен  қарап 
тұнжырап,  тӛр  алдында  сақалды  адам  отыр.  Орнынан  ауыр  қозғалып,  орын 
берді  қонаққа.  Кішкентайын  бауырына  сап,  ши  жақта  бір  әйел  жатыр, 
қозғалған  сайын  қынжылып,  шойрылмасы  ұстап  жатыр.  Жыртық  шидің 
арасынан  құрымдай  қара  торсық  кӛрінеді.  Бір  күрек  пен  бір  қайла  керегеге 
сүйеулі тұр. 
Сыпайы  амандасып,  жайланғанша,  Мейрамның  кӛзінде,  кӛңілінде 
қалғандары  осы  болды.  Қарсы  алған  таныс  әлі  тізе  бүккен  жоқ.  Мықыны 
сыпырық  па,  бос  байланған  ба,  тері  шалбарының  ышқырын  кӛтере  түсіп, 
жатқан әйелге бір, екі қызға бір жапақ-жапақ қарай береді. 
— Ардақжан,  Майпажан!  Шай  қойыңдар,—  деді  әйел,—  белім 
қозғалтпай жатыр. 
Екі қыз кітап, тетрадьтарын жия бастады. 
— Маған  бола  шай  қоймаңыздар,—  деп  Мейрам  қыздарға  бұрыла 
қарағанда, жертӛсектің үстінде жатқан «Анна Каренинаға» кӛзі түсті. Қырдан 
келген қазақ үйінде Толстойдың жатқанына тойып қалды кӛңлі. Оны оқушы 
жас сұлу екеніне күмәнданған жоқ. Бірақ «Ардағы», «Майпасы» қайсы? Әйел 
кімдікі! Екі еркек кім? Біле алмай отыр еді. 
— Құданың құдіреті,— деді,— таныс еркек тамсанып,— қатын ауырып 
қалғаны. 
Қатын  жайы  анықталды.  Сұлудың  жанындағы  жуан  бас  қыздың  жіпсік 
кӛзі осы қатынға, салбыраңқы мұрны, еңкістеу кеудесі оның байына ұқсайды. 
Бағанадан табжылмай қалған, ұрты суалыңқы, қара сақал, қара кісі әлі де сыр 
бермей отырып: 
— Ардақжан,  қымыз  ауыз  тигіз,—  дегенде,  «Сұлу  қыз  осынікі»  деді 
Мейрам ішінен. 
Талдырмаш  Ардақ  орнынан  тұрды.  Үстінде  орысша  тіккен,  кӛнетоздау 
кӛк  репс  кӛйлегі  бар,  ашық  жағасынан  күн  шалған  ақ  омырауы  күреңітіп 
кӛрінеді.  Сол  кездегі  салтпен  мақпал  қара  шашын  желкесінен  қырқып, 
қайырып  тастапты.  Әжімсіз  кең  маңдай  айқын  тұр.  Қысылмай,  қымтынбай 
жүрсе де, кәрлен кесемен еңкейіп қымыз ұсынғанда, кішкене қызыл ерні, жай 
ғана жымырылып, ақ жүзі әнтек қызғылт тартты. Әріде жатқан ауыр сырды 
аңғартып  тұрған  мӛлдір  кӛз  де  бір  күлім  еткендей  болды.  Сымбатты  кӛркі 
ғана емес, әрбір қимылы, мінезі де осы уыз қымыздай ләззат берді Мейрамға. 
Енді  лебізін  естуге  ынтық.  Сӛзге  оңтайлы  оймақ  ауыз,  жұқа  ерін  сӛйлемеді 
бірақ.  Үлкендердің  алдында  әдеп  сақтаған  қалпы  бар.  Сол  қалыпты  бұза 
алмай, әуелі алыстан орағытты Мейрам. 
— Анау қайланың иесі қайсыңыз? 

46 
Sauap.org
 
— Кӛріп  едіңіз  ғой  мен,—  деді  таныс.—  Құданың  құдіретімен  кесіп 
іздеп шығып ек, қиын екен ӛзі... 
Мейрамның  есіне  жаңа  түсті.  Құтжан  балуанның  забойында  қара  тер 
болған екі қайлашының бірі екен. 
— Сонда сіздің атыңызды сұрамаппын-ау? 
— Атым Жұмабай. 
— Мына кісіні де сонда кӛрсем керек? 
— Кӛрдіңіз, бұл кісі күрекші, тәшкеші болып істейді. 
Құданың  құдіреті,  ойда  жоқта  кездесіп  таныс  болдық,  тіпті  дәмдес 
болып кеттік. 
— Бұл отағасы қай жерден келген? 
Жұмабай  жауап  бере  алмай,  отағасыға  қарады.  Отағасы  ешкімге 
қарамастан әлден уақытта: 
— Алыстан.  Семей  округінен,—  деді  де  қоя  салды.  Бойына  дарытпай, 
суық отырған соң Мейрам қудалаған жоқ. Қызға кӛз тастады. 
— Қарындасым, мына кітапты сіз оқисыз ба,— деп еді, біліп отырса да, 
Ардақ та бӛгеліңкіреп, қысқа берді жауапты. 
— Иә. 
— Сабақ бересіз-ау, деймін? 
— Мектеп бар ма осында!— деп жымиды Ардақ.— Жай, сауат ашу ғой. 
— Сауат аша берген жақсы. Бірсыпыра жұрт сауатсыз ғой әлі. 
Жаңа  басталған  әңгімені  бұдан  әрі  ӛршітпей,  ызбарлы  отағасы  бӛліп 
жіберді. 
— Ардақжан, биенің сауыны болған шығар. 
Екі қыз бір шелекті қолдасып, іле үйден шықты. Ашық есіктен Мейрам 
екеуін  кӛзімен  ұзатып  салды.  Сонау  жерде  құлыны  қосақтаулы,  аяғы 
шідерлеулі торы бие жайылып жүр, соған барады. Қыздар кӛңілін ала кетіпті, 
кӛп кідірмей Мейрам да шықты. 
Аспанда  бағана  ақ  шарбы  бұлттар  бар  еді,  қазір  шайдай  ашық.  Күн 
бесіндікке  барған.  Түскі  тамақ  уақыты.  Ығы-жығы  кӛп  ауылдың  кӛк  түтіні 
тымық күнде баяу кӛтеріліп, жоғары ұшып барады. Қыр басындағы заводтың 
рельс  қоңырауы  естіліп  тұр.  Бара  жатқан,  келе  жатқан  жұмысшылар, 
арбакештер, кӛрінеді. Әр үйдің жанында, құдық басында бытырап жүрген әр 
түлік мал, бәрі бір жаққа ӛрістеген екен, енді қомақты мал тобы кӛрінеді. 
Ауылдың  осы  тіршіліктерін  Мейрам  кӛзімен  ӛткізіп  келе  жатқанда, 
Ардақты  кӛңілінен  тастай  алған  жоқ.  Ардақ  та  артына  екі  рет  бұрылып 
қарады. Қайтып бара жатқан Мейрамға ма, басқаға ма? Белгісіз. Ұзап алған 
соң «Аққұмға» шырқап барады. 
Әдемі  ән,  әдемі  қыз,  әдемі  дала!  Мейрам  мас  болғандай  теңселе  басып 
келеді.  «Қыз  кім?  Тілсім  әке  кім?»  деген  жалғыз  ғана  мазасыз  ой  бар 
басында. 
Мейрам ӛзі шеше жатар. Автор енді сол қыз жанында бастамақ әңгімені. 

47 
Sauap.org
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал