Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
* * * 
 
Кӛмірге боялған жігіттер бұранды дамылсыз бұрап тұр. Олар шығарған 
кӛмірді ӛгізді-түйелі үш-тӛрт кірекеш салып алып тұрған. 
— Етегінен  алыңдар,  жау  мүлкіндей  таптамай!—деп  Сейтқалы  бір 
дауыстап қойды. Даусы жуан, қабағы түйілген, томырық мінез, наубас жігіт 
тосын кӛзге тым ызғарлы кӛрінсе де, «ӛзіміздің Сейтқалы» атанған жағымды 
десятник еді, кірекештер ұнатпай қалды: 
— Кен  екеш  кенге  де  тарылды,  а!—  деп,  дода  сақал  біреуі  басын 
шайқағанда,  қасындағы  жалақ  сары  қабағын  шытынды.  Насыбайын  тілінің 
астына салып, шырт түкірген соң ғана сӛйледі ол: 
— Тегін  жатқан  кен  бар  ма?  Анау  темір  шелектермен  «арыстанның 
аузынан, түркпеннің терінен алып» тұр ғой. 
— Осы шіркін алтын болса да сонша жерден келмес едім, әттең кӛріктің 
бұнсыз күні жоқ. 
— Мына  тобырдың  бәрі  кӛрікке  бола  келді  ме?—  деп  жалақ  сары 
қараша ауылдарға қарай қолын кӛтере сермеді. 
Ойда, кӛгалды қуалай қонған қараша ауылдар отыр. Біреулер жаңа келіп 
жүгін  түсіріп,  біреулер  шаңырақтарын  кӛтеріп  жатыр.  Ерте  уақытта  жан-
жақтан келетін тоғыз торап жолды шӛп басқан. Енді солардың шалғын жалы 
майырылып,  шаңдата  бастапты...  Дода  сақал  кірекеш  күрегіне  сүйене 
тыныстап тұрғанда бәріне кӛз жіберіп тұрды. 
— Колхоз жасау бұдан да қиын,—деді бір кезде,— осы қиындарға жұрт 
неге құнығатынын білмеймін. 
Жалақ сары мырс етіп, тағы бір түкірді. Қаршыға кӛзі күлімдеп: 

23 
Sauap.org
 
— Ей, Иса!— деді содан кейін,— кедей болып жоқшылықтың зарын, бай 
болып  рақаттың  дәмін  татпадық.  Сондықтан  білмейсің.  Білмесең  де  кӛп 
ауқымынан шықпадың, кӛппен кӛрген ұлы той. 
— Сол  кӛбің  колхоздан  келіп,  әне  осы  трубаның  маңына  жинала 
бастаған жоқ па? Бәріміз кӛмірші болсақ тамақ қайда? 
— Бәріміз колхозшы болсақ кӛмір қайда? Кӛмірсіз ӛмір қайда? 
— Түсінбеймін.  Әйтеуір  сеңдей  соғылысқан  бір  дүние  деді  де  Иса, 
толған  арбасын  тарта  жӛнелді.  Әңгімемен  кӛмір  кӛбірек  салынып  кетсе 
керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқиып қалды. Колхоз кірешілері 
жиналып «әуп-әуп» десіп жатыр... Бадьяны ырғала бұрап жұмысшылар тұр. 
— Сейтқалы  жұмыс  жайын  қыза  әңгімелесе  де,  Мейрам  сыбырмен 
тыңдап тұрып: 
— Табыстарың  талапқа  сыздық  та  болмайды,—  деп  қойды.  Ӛршелене 
түсті Сейтқалы: 
—Сен кеше ғана келдің, білмейсің ӛліп қалған завод болатын бұл. Miнe 
тірілді, кӛмір бере бастады елге... 
Мейрам  таласпады,  үлкен  адамның  болмашыға  балаша  қуанғанына  тек 
езу  тартты.  Кӛмір  құдығының  тақтаймен  кӛмкерген  ернеуіне  асыла,  түбіне 
телміре қарап түр. Тіп-тік шыңырау. Тӛрт қабырғасына ағаш қиып, шегендеп 
тастаған.  Қаратүнекке  қанша  үңілсе  де  кӛз  жетпеді.  Сол  түнектен  оқтын-
оқтын: 
— А-й-да-а,  —  деген  талмау  дауыс  естілді.  Дауыс  естілгенде 
бадьяшылар жеделдете бұрайды. 
— Бұл  не  дауыс?  Нені  айда  деп  жатыр?—деген  Мейрамның  сұрауына 
күледі  бәрі.  Кӛмір  құдығының  жанындағы  қақпақты  құдықтың  қақпағын 
ашып: 
— Жүр барған соң кӛреміз — деді де түсе жӛнелді Сейітқалды. 
Бүйінің  ініндей  тіп-тік,  аясына  аясына  екі  адам  сиярлық  қара  үңгірдің 
түбіне  апаратын  басқышқа  Мейрам  алғашқы  рет  қадам  басты.  Түтіні 
бұрқыраған  бӛлешке  шамның  әлсіз  жарығы  аяқ  астын  да анық  кӛрсетпейді. 
Сейтқалы  тік  сатыда  жай  жердей  жортақтап  барады.  Мейрамның  жүрегі 
қобалжып,  буындары  босаңсып,  арттан  біреу  итермелегендей  денесі  алға, 
аяғы кейін тартып сатыны басуға әзер үлгереді. Шамы ӛшіп қалған. Маңдай 
тершіді, жүрек қақты. Берекесі қашқанын білдірмейін десе де болмады. 
— Тоқташы, демалайық. 
— Сейітқалы да, шам да жоқ. 
— Қайда сүңгіп кетті? 
Алақтап жоғары қарады Мейрам. Жұлдыздай жылтырап кӛз ұшында кӛк 
сәуле кӛрінді. Тӛмен қарап еді, қоламтаның шоғындай әлденелер сығырайды. 
Ӛзгенің бәрі қаратүнек. ештемені болжап болмайды. 
— Бармысың,  бӛрібас?  Бас  айналды.  Жаным-ау,  жаңағы  құлап 
кеткеннен аман ба?! 

24 
Sauap.org
 
— Атаңның  басы!—  деп,  шамын  сонда  ғана  жарқ  еткізді  Сейтқалы. 
Масаттанып кеңк-кеңк күледі. 
— Неткен сүңгуір едің, қайдан шыға келдің? 
— Шамымды етегіммен бүркеп, жақында-ақ тұрғам. Састың білем, ә? 
— Болмашы ойынға ертеден құмар едің, әлі тастамаған екенсің. 
— Әдет ӛзгере ме? 
— Бәрі ӛзгереді. 
— Ӛзгертсең кӛрерміз, алдымен Бәйтенді ӛзгертіп берші. 
— Ол кім? 
— Ескі шахтер. Ескі жалқау. Қарағандыны жұрттың бәрінен қызғанады. 
Ӛзі тек аузымен орақ орады. 
— Қарағанды  Бәйтен  түгіл,  бүкіл  қазақ  құшағына  сыймас,—  деді 
Мейрам. Үлкен ойын тар жерде жайғысы келмегендей, одан әрі сӛздің бетін 
бұрып әкетті.— Сонау жоғарыдағы сәуле не? 
— Даланың сәулесі. 
— Тӛмен де жылтыраған не? 
— Шахтерлердің шамы. 
Азырақ  демалған  соң  екеуі  тағы  жүрді,  жүрген  сайын  жылтыраған 
жұлдыздар жақындап, тасыр-тұсыр дыбыстар естіле бастады. Тоғыз сатыдан 
етіп, оныншы сатыға жеткенде аяқ астынан: 
— А-й-д-а — деген дауыс саңқ етті. 
— Бұл  ескі  шахтер  Ысқақ.  Тысқа  кӛмір  жӛнелтіп  тұр.  Манағы  дауыс 
осынікі,— деді Сейтқалы. 
Мейрам кӛмір құдығының түбіне жеткенде басқа бір дүниеге жеткендей 
болды.  Тоғыз  қанат  киіз  үйдің  кӛлеміндей  ғана  қуыс,  тӛбесінде  кішкене 
шаңырақтай  тесігі  бар.  Сол  тесіктен  жылтыраған  кӛгілдір  сәулені  кӛмір 
тартқан  екі  шелек  дамыл-дамыл  түсіп  шығып  бүркей  береді.  Күн  батысқа 
қарай  жер  астын  кеулеп  кеткен  бір  қуыс  жатыр:  биіктігі  кісі  бойы, 
ұзындығына  кӛз  жетпейді,  қабырғалары  кӛмір  —  бӛлешке  шамның 
жарығымен шағылысып, жылт-жылт етеді. Тӛбеге қолдың саласындай қылып 
ағаш қиыпты, әр ағаштың екі басына тіреу қойып, қабырғаға жапсыра тіреп 
тастаған.  Осы  жолмен  келіп,  кетіп  жатқан  тәшкешілердің  дабыры, 
шиқылдаған  тәшке,  кӛтерілген  кӛмір  тозаңы  тосын  кӛзге  жер  астын  алай-
түлей,  даң-дұң,  жат  дүние  кӛрсетіп  тұр.  Мейрам  байыпты  кӛзімен  бәрін 
болжап шыққан соң: 
— Кӛмір құдығы қымбатқа түскен екен,— деді.— Қаншама уақыт, күш, 
денсаулық ысырап болып жатыр. 
Ысқақ  ентіге  тұрып,  басын  ұзақ  изеді.  Онысы  қостағаны  емес, 
қарсылығы екен: 
— Қай жігітсің, шырағым? Ұмытып қалдым атыңды? 
— Жаңадан келген жігітпін. Атым Мейрам. 
— Жас  екенсің.  Оның  үстіне  жаңадан  келсең  білмей  айтып  тұрсың. 
Ағылшындар, подрядшіктер үшін  де  тӛгілген бұл  тер.  Тӛбеден  су  сорғалап, 

25 
Sauap.org
 
тізеден саз кешіп, еңбектеп тартатынбыз шаманы. Сӛйтіп тапқан тиыннан да 
жейтін олар. Енді жеуші жоқ. Ұқсата алмасаң ӛз обалың ӛзіңе. 
Мейрам  кӛзін  алмай,  Ысқаққа  қадалып  қалды.  Селдір  сақал,  бет  әжімі 
терең, қатыңқы адам, барлық тәшкешілердің тасыған кӛмірін сыртқа жалғыз 
жӛнелтіп  тұр.  Әр  шелекті  жӛнелткен  сайын  дауыстайды.  Тек  осы 
дауыстаудың  ӛзіне  шыдамас  еді  кісі.  Мейрам  бірақ  бұл  күшке  таңданбады. 
Кӛмір  теңізіне  шӛгіп  жатқан  шонжар  белді  тӛңкеріп  тастайтын  сана  тапты 
Ысқақтан. Оның атын блокнотына жазып алып: 
— Ағай,  қолыңдағы  шамыңнан,  кеудеңдегі  шамың  жарығырақ  екен. 
Кешеден  бері  кӛргені  кӛңілін  кӛтертпеп  еді,  Ысқақ  сӛзі  сейілтіп  жіберді. 
Сейтқалыға  енді  шешіле  сӛйлеп  келеді.  —  Мыңдаған  жұмысшы,  мыңдаған 
тонна  кӛмір  керек.  Ондаған  жұмысшы  шелектеп  әзер  алып  жатыр.  Бірақ, 
жаңағы  сана,  шыдам,  құмарлық  мұратқа  жеткізбей,  қоймайды!  —  дегенде, 
Сейтқалы кеңкілдеп тұрып күлді. 
— Неге күлесің? 
— Сен  оны  ауылдан  жаңа  келген  шаруа  деймісің,  нағыз  шахтер  солай 
демегенде не дейді? 
— Ескі шахтерің қанша? 
— Отыз шамалы. 
— Донбастан келгендер қанша? 
— Әзірге он бес-жиырма адам. 
— Осылардың маңына маңды үйіре білуіміз керек. Құдығың сонда ғана 
кӛлге айналады. Түсінікті ме? 
Сейтқалы үндемеді. Қарсылығы ма, кенгені ме, әлде тіпті елемегені ме 
—  белгісіз.  Томсарып  келе  жатып үлкен  мұрнын ұстай  бір  сіңбіріп  тастады 
да: 
— Бұл келе жатқанымыз коренной штрек. Барлық кӛмір осымен ӛтеді,— 
деді.—  Мынау  оңға-солға  кетіп  жатқан  қуыстар  —«пеш»—  қазақша  «тӛрт 
бас». 
Мейрам жымиып Сейтқалының бетіне бұрыла қарады. «Мен сенен «тӛрт 
басты»  сұрадым  ба?»  деген  қарас  еді.  Сейтқалы  бұған  да  жауап  берместен 
кӛмір жайын айта берді: 
— Кӛмірдің  жігі  болады,  беталды  қаза  бермейді.  Бірде  оң,  бірде  теріс 
кездеседі  ол  жік.  Оңынан  кездессе  «тӛрт  бас»—  шабуға  жеңіл.  Солынан 
кездессе  «теріс»  шабуға  қиынырақ.  Сен  пожалыста  «құдық»  дегеніңді  қой. 
Құдық түгіл шурф та емес бұл. Кәдімгі шахта, кӛрмеймісің? 
Мейрам қарқ-қарқ күліп жіберді. «Құдық» дегені Сейтқалыға құбыжық 
екенін жаңа білді. 
— Соны енді, аузы-мұрныңды дорбитпай-ақ айтсаң қайтеді? 
— Әр нәрсені ӛзінің атымен атау керек. «Құдық-құдық» деп қоймайсың. 
— Ал, шахта дейік. 
Сейтқалы сабасына түскен тәрізді. Оңға бұрылды. Жылтыраған шамдар, 
кӛтерілген тозаң кӛрінеді. Қайла дүрсілі естіледі. 

26 
Sauap.org
 
— Қайда келеміз? 
— Қайлашыларға. 
Бұлар келгенде екі жігіт тәшкесіне сүйеніп, мүлгіп тұрды. Екі қайлашы 
шарта жүгінген, кеудесінен жалаңаш, алдарындағы кӛмір қабырғасын жантая 
беріп,  құлаштай  ұрады.  Сүйсінгені  ме,  шаршағаны  ма,  ұрған  сайын 
ыңқылдайды.  Белдеудегі  қара  балшық  ысқаяқтанып,  жылтылдап  алған,  бір 
салғанда асықтайы азар сынады. Жігіттердің басынан буы бұрқырады. Шып-
шып шыққан қара тер денені айғыздап, тарам-тарам жол салды. Мейрам аяп 
тұрды  ішінен,  Сейтқалы  қабағын  қарс  жауып,  жан-жағына  қарады  да,  cӛгe 
бастады қайлашыларды: 
— Қабырғаны  қарашы,  ауылдың  шым  қорасындай  қиқы-жиқы.  Раскос 
алмаса  болмайды.  Жолдарыңнан  сайтан  тайып  жығылатын,  тәшке  қалай 
жүреді?  Кӛмірлеріңе  балшық  араласқан.  Балшық  та  жана  ма?  Тәшкешілер 
міне қарап тұр. Бүгін бір түйір кӛмір жӛнелткен жоқсыңдар. Осындай жұмыс 
бола ма екен? 
Қайлашылар  жақ  ашпады.  Апсағай  денелі,  қара  сақал  біреуі  қаңылтыр 
торсығының  аузынан  сылқ-сылқ  су  жұтып  жатыр.  Жалаңаш  кеудеден 
бұрқыраған  бу,  қайла  кӛтерген  тозаң,  будақтаған  шам  түтіні  тұтасып,  ӛзі 
сарғылт сәулені кӛмескілеп барады. 
— Апырай,  тастай  екен!  Тастай  екен!  Бір  кісідей  әлім  бар  еді,—  дей 
берді, жаңағы сусындап алған қара сақал қайлашы. Сейтқалы сирек мұртын 
селтите енді күле қарап тұр оған. 
— Қайла  оңай  болып  па.  Ертерек  дегенім  қайда?  Аяғандай  кӛрдіңдер. 
Күшің кӛп, ақылың, айлаң аз. Қара күштен, қара кӛмір күштірек. Шыдасаң, 
тәсілін тапсаң ғана жеңесің,— деді де Мейрамды ертіп жүріп кетті. 
 

27 
Sauap.org
 
 
IV 
 
Қара  сақалды  қайлашы  бір  кезде  топқа  түскен  балуан  Құтжан  дейтін. 
Бұрын  шахта  кӛрмесе  де  бойына  сеніп,  келген  бетінде  қайла  сұрады. 
Кӛміршілер  арасында  қайлашы  үлкен  атақ.  Жоспардан  асыра  орындаса 
ақшасы  да,  беделі  до  арта  береді.  Бірақ,  қайла  әркімнің  қолынан  келе 
бермейді.  Сондықтан  әркімге  беріле  де  бермейді.  Құтжан  балуан  атағын 
бетке ұстап азар алған. Қасындағы үш жігіт балуанның бригадасына енгенде, 
тӛбесі  кӛкке  жеткендей  болған.  Енді  бәрі  тұнжырай  қалыпты.  Ысыған  дене 
суыған  сайын  ауырлап,  қозғалса  жыртылып  кететіндей,  тӛртеуі  тӛрт  жерде 
сілейіп отыр... 
— Е,  е  жаңа  келген  жұмысшы  ел  ішіндегі  кірме  сияқты  ғой,—  деді 
басын  изеп бір  тәшкеші. Жасы  қырық бестер  шамасында, бетінің кӛлденеңі 
шығыңқы,  қара  сақалды  адам  екен,  тісі  қыши  ма,  әлде  әдеті  ме,  тісін 
шықырлатып  қояды.  Кіші  кӛзі  тереңде  жатса  да  тым  мазасыз,  ойнақшытып 
қарай береді қасындағыларға. Бұлар бір забойда істесе де бірін-бірі әлі жете 
білмейді  —  жаңадан  келгендер.  Осы  кісіні  кезінше  «отағасы»,  сыртынан 
«кӛсеу қара» дейді бәрі. 
— Неге де болса кӛніп келдік қой, отағасы,— дей беріп еді бірі, «кӛсеу 
қара» оның сӛзін бӛліп жіберді: 
— Қуырып  жесе  де  тілдеуін,  кіжінуін  қойса  екен.  Жаңағы  десятник 
сӛзімен қабырғамызды сӛгіп кеткен жоқ па? 
Құтжанда үн жоқ, ӛзімен ӛзі болып отыр. Кекештеу сӛйлейтін теке кӛз 
бала  жігіт,  әрқайсысының  аузына  жалтақ-жалтақ  қарап  тұрған.  Жасынан 
тәшке  ұстап,  үлкеннің  ісіне  араласқан  жас,  үлкеннің  ӛзіне  де  араласты  бір 
кезде: 
— К-кінә ӛзімізден. Сырттан сӛйлеуді ғана білеміз. Уа, шіркін, Ермектей 
істесең, ды-десятниктерің құрдай жорғалар,— дегенде «кӛсеу қара» кірпідей 
шиырылды. 
— Оттамашы,  кекеш  неме!  Жасынан  жалпақ  шешенін!  Ермек  ескі 
жұмысшы, оны ӛсіре береді. Бізді таптай береді. 
Қара  бала  қарғып  тұрды  орнынан,  қызараңдап  үлкен  кӛзі  шарасынан 
шыға  жаздады.  Ашуланғанда  тіпті  кекеш  екен,  тұтыға-тұтыға  бірауыз  сӛзді 
азар айтты: 
— Се-се-сен, дәуде болса құ-құ-құлақсын! 
— Тоқтат!—  деп  ақырып  қалды  Құтжан.  Саңқ  еткен  даусы  шахта  ішін 
жаңғыртып  жіберді.  Бәрі  жым  болды.—  Құлақ-сұлақ!  Ескі-жаңа!  Тантуын 
түге! Одан да кӛмірді құлата беріңдер! 
Орындарынан  баяу  тұрып,  әрқайсысы  ӛз  жұмысына  кірісті.  Забойлап 
болып қалған. Бірақ забойдық тереңдігі қырық-ақ сантиметр. Тым аз. Жарты 
норма  бергеніне  балуан  Құтжан  бағанадан  бері  қынжылып  отырды.  Енді 

28 
Sauap.org
 
қатулана қимылдаса да одан асар емес. Ұялды ма, әлде ауырды ма, забойлап 
бітірген соң: 
— Ӛздерін,  құлата  бер,  кетем,—  деді.—  Күресіп  жүргенде  тоқпақ 
жілігімнің тайғаны бар еді, ауырып тұр. 
Забойлау  қиын,  құлату  оңай.  «Кӛсеу  қара»  оңайды  лезде  опырды.  Екі 
тәшкеші  бәсекемен  жүгіре  тасыды.  Құтжан  үйіне  жеткен  кезде  бұлар  аз 
кӛмірді шығар ауызға жеткізіп те үлгерген еді. 
— Бала,  қайт,  шаршаған  шығарсың,—  деп  қамқорлық  кӛрсетті  «кӛсеу 
қара».—Мынау  екеуміз  тіреу  қойып  десятникті  тосып,  күн  жаздырып 
қайтамыз. 
Бадырақ кӛз бала қайтып кетті. Қалған екеуі тӛбені тіреп жүр. Бағанадан 
бері жақ жазбаған серігіне: 
— Ей, Жұмабай,— деді бір кезде «кӛсеу қара»,— осы бізге керегі ақша 
ма? 
Жұмабай  жауап  қайырғанша  бірсыпыра  уақыт  ӛтті.  Тері  шалбарының 
босаған бауын кӛтеріп байлап тұрып, сылбыр сӛйледі: 
— Әйтеуір бала-шағаға нафақа іздеп жүрміз ғой. 
— Қырық сантиметр қанша нафақа сонда! 
— Қайтейін, ӛзім әйтеуір аянғам жоқ. 
— Аянбасаң, ақшаны күреп аласың. 
— Айтсаңшы, ағатай. 
— Айтайын, аузың берік пе? 
— Берік болмаса, қазіреттің сұмдығы жата ма іште. 
— Не сұмдығы? 
— Ол жағын сұрай кӛрме, ағатай, ішіме мықтап түйгем. 
— Онда сен де сұрама менен. 
Тып-тыныш, қойдан қоңыр Жұмабайдың ішіне от тастады «кӛсеу қара». 
«Қазіреттің  сұмдығы»  сан  молдада  кездесетін  қылық  болса  да,  Жұмабайға 
зор  оқиға.  Айту  қиын,  берік  түйген  ішіне.  Айтпаса  бала-шағаның  мол 
нафақасынан қағылады. Момын Жұмабай, біресе ұят, біресе құлқын қысып, 
маңдайы  тершігенде,  «аузымнан  қағындым»  деп  ӛзін-ӛзі  жерлеп  те  алды. 
Бәрін сезіп отырған серігі: 
— Мейлің, ӛз обалың ӛзіңе,— деген кезде шыдай алмады Жұмабай: 
— Ағай, ӛз ішің кең шығар, а? 
— Түйені тірідей тықсаң да сияды. 
— Ендеше  айтайын.  Жер  хабар  бермесін,—  деп  бастады  Жұмекең 
сырын.— Біздің ауылда бертінде байыған Жамантік дейтін байсымақ болды. 
Қазір  кулак  болып  кетті,  бишара.  Құданың  құдіреті,  сол  мал  бітісімен 
желігіп,  бүлдіршіндей  бір  тоқал  алды.  Аты  Бибіжамал.  Құданың  құдіреті, 
нағыз  қырсық  еді  осы  қатын.  Қит  етсе  ауыра  қалады.  «Қазіретке  үшкірт, 
қазіретке  үшкірт»  деп  жатқаны.  Ӛзі  сол  жақтың  қызы.  Сірә,  бұрын  бір 
үшкіртіп, тәуір болса керек. Жамантік мені атқосшыға ертіп, тоқалын күндік 
жерге  қазіретке  әкелді.  Балпандай  бір  байтал  жетелей  келдік.  Қазіреттің  ӛз 

29 
Sauap.org
 
үйі  ауылда,  ғибадат  деген үйі  анадай, оқшау  екен. Дәретсіз  ешкім кірмейді. 
Түнеуге,  үшкіртуге,  қол  тапсыруға  келгендер  толып  жүр.  Біз  де  кірдік 
қазіретке.  Аузында  алла,  басында  сәлде,  тіпті  жоғары  қарамайды,  кӛп 
сӛйлеспейді,  орта  жаста,  етженді  адам  екен.  Құданың  құдіреті,  салған 
жерден, «қолдаушыларың, пірлерің бар ма?» дегенде, Жамантік сасып қалып, 
қол  тапсыруға  келдік  дегені.  Қолма-қол  үшеуміздің  де  мойнымызға  белбеу 
тастап,  мүрит  қылып  алды.  Жамантік  жаңа  тіктіріп  киген  шапанын  жапты. 
Бибіжамал  алтын  дүзігін,  мен  бәкімді  бердім.  Барым  сол  еді.  Қазірет 
Бибіжамалдың тамырын, о жер, бұ жерін ұстап отырып, «бір ай үшкіремін» 
деді.  Шаруасын  тастап  Жамантік  жата  алар  ма,  қайтып  кетті.  Қазірет  пен 
Бибіжамалды күтіп мен қалдым. Қазірет оңаша үйде үшкіреді де жатады. Бір 
күні  тал  түс,  күн  ыстық-ақ,  түндік  жабулы.  Ғибадат  үйінің  кӛлеңкесінде 
шаруамды,  бала-шағамды  ойлап  шүңкиіп  отыр  едім,  құданың  құдіреті,  бір 
құйын  ұшып  келіп,  ғибадат  үйін  тӛңкеріп-ақ  тастағаны.  Қазірет  кӛйлекшең, 
«сәлдем  қайда,  сәлдем!»  деп  безектей  тұра  келді.  Бибіжамал  ұйқы-тұйқы 
болып тӛсегінде отыр. Құданың құдіреті, сол сәлде Бибіжамалдың тӛсегінен 
табылды.  Міне,  осыған  он  жыл.  Қазірет  кулак  боп  кетті.  Бибіжамал  қайтыс 
болған, жер хабар бермесін, аузымнан шығып отырғаны осы. 
Жұмабайға бұл үлкен оқиға кӛрінсе де, «кӛсеу қара» аса мән берген жоқ, 
келемеждегендей: 
— Аузың берік-ақ екен, мен саған айтпай кӛрсетемін,— деді де орнынан 
тұрды.  Бір  тіреудің  басына  қарындаш  пен  салынған  елеусіз  белгіні  сүртіп 
тастап,  сондай  белгіні  екінші  тіреуге  салды.  Жұмабай  түкке  түсінбей 
бажырая қарап тұр. 
— Біздікі енді қырық сантиметр емес, метр болды. Жетер,— деп күледі 
«кӛсеу қара». 
Бұл қулықты Жұмабай түгіл жұрттың кӛбі білмейді. Ол кезде шабылған 
кӛмір  ӛлшенбейтін.  Ӛлшеуге  кір,  кірші,  не  ӛлшенген  вагонетка  керек. 
Бастықпаған шахтада бұл жоқ. Шабылған жерді ғана ӛлшейді. Жер ӛлшеуден 
алдану  оп-оңай.  Алданбау  үшін  әр  забойды  смена  сайын  басынан  ӛлшеп 
келесің,  оған  уақыт  қайда!  Сондықтан  Сейтқалы  түрлі  белгілер  қолданып 
жүр. Соның бірі, ӛзі ғана білетін елеусіз қарындаш белгісі еді, «кӛсеу қара» 
сезіп қалып ӛзгерте қойды. Жұмабай әлден уақытта түсініп, жағасын ұстады. 
— Япырай, пенденің ала жібін аттамаған едім? 
— Үндеме, бишара, жаңағы қазіреттен әулиемісің. 
— Оныкі қарлық қой. Осымыз кәдімгі ұрлық емес пе? 
— Кӛмір  құдайдікі.  Ақша  қазынанікі.  Қазына  ӛзіміздей  кедейдікі.  Ӛз 
мүлкің ӛзіңе не қылған ұрлық! 
— Түбінде осынымызды десятник білсе, кулак қылып жібермей ме? 
— Нағыз  сорлы  екенсің!—  деді  «кӛсеу  қара»,—  бір  үйде  жатып,  бір 
дастарқаннан дәм татып отырған соң тілегіміз де бір ғой,— деп айтып едім. 
Келген  нафақаны  алмайсың,  несіне  нафақа  іздейсің!  Кулагі  несі,  жұмысшы 
кулак бола ма екен? 

30 
Sauap.org
 
Не  қыларын  білмей  басы  қатқан  Жұмабай,  желкесін  қасып  отырып, 
мейлің, деп қалды, зәуде сӛз болса менен аулақ. Ӛзін, бер жауабын. 
Сақ-сақ  күліп  жіберді  серігі.  Ӛтірік  күлкі  екені  ӛзгермеген  ӛңінен 
кӛрініп тұр. Жұмабай сезген жоқ. Сейтқалы келді. Жасырын белгісіне елеусіз 
бір кӛз тастап, шабылған жерге шұқшия қарады. 
— Апыр-ау, қанша айдағансыңдар?! 
— Қайдам, бары осы ғой. 
— Мына жерден бастап па едіңдер? 
— Е, сол жер шығар. 
— Балуан  намыстанған  екен,—  деді  Сейтқалы  ӛлшеп  жіберіп.—  Бір 
метр  бес  сантиметр  айдапсыңдар.  Әдейі  намыстарыңа  тиіп  едім.  Кӛріп  қой, 
намыстың күшін! 
Сейтқалы  қатты  риза  болып  күн  жазды  да  кете  берді.  «Кӛсеу  қара» 
Жұмабайды түртіп қалып, жымың етті. 
 

 
Құтжан  забойы  жаңа  ой  салды  Мейрамға.  Қайла  шабуға  да  ақыл,  айла 
керегін  кӛргені,  естігені  осы.  Балуан  бүйтіп  былығып  жатқанда  жаңа 
жұмысшылардың  ӛзгесі  не  береке  таптырмақ?  Курс  ашып  үйретпесе 
болмайды.  Оған  дейінгі  жалғыз  амал—  ескі  жұмысшыларға  қосып  баулу-
дағы, деген тоқтамға келсе де, Сейтқалыдан сӛз тартты: 
— Сен  ұрыстың-ау  жаңағыларға.  Кейде  ол  да  керек  шығар.  Басқа 
кӛмегің бар ма? 
— Басқа не кӛмек керек. Ӛсте-есте үйреніп кетеді. 
— Жаңағыларды жеке жібермей, ескілер баулыса қайтеді ? 
— Ермек баулып жүр ғой, ӛзгесі қашады. 
— Неге қашады? 
— Бӛгет болады, еңбекақылары кемиді. 
Мейрамды  бұл  сӛз  тағы  да  ойлантты.  Үйрету,  үйрену  жолын  тапса  да, 
жұртты  сол  жолға  салу  әдісін  таппапты.  Ескі  жұмысшылардың  еңбекақысы 
кемісе  жалаң  үгіт  қаншаға  апарады?  Жаңа  жұмысшыларды  баулымаса, 
азғантай  ескі  жұмысшы  қаншаға  апарады?  Салмақты  мемлекетке  салмай 
болмайды, деген қорытындыға келіп: 
— Ескі  жұмысшылардың  еңбекақысы  да,  еңбек  ӛнімін  де  кемітпей 
отырып, баулу керек,— деп еді, Сейтқалы күр ете қалды: 
— Собес пе, мектеп пе, шахта? 
— Шахта кӛмір орны ғана емес. Еңбек мектебі екенін де ұмытпа? 
Сейтқалының қабағы жабылып, аузы дүрдиіп кетті. Бұл ұнатпағандағы, 
сӛйлескісі  келмегендегі  кескіні  еді.  Енді  бірер  түртсе  тарс  жарылатынын 
Мейрам біле қойды.  Қабілеті, ойы  күнделік  ісінен  аспайтын, ӛзіне ӛзі берік 

31 
Sauap.org
 
адал, момын, мәрт жанды ішінен ұнатып та, ұрсып та келеді. Бірақ сыртына 
шығармады. 
Алдарынан  бір  штрек  кездесті.  Сейтқалы  бұл  жолы  таныстырмай үнсіз 
бұрылды.  Ашыған  нанша  беті  әлі  қабарып  тұр.  Штректің  табаны  асфальт 
тротуардай теп-тегіс, шашылған бір түйір кӛмір не балшық жоқ. Қабырғалар 
машинамен  шапқандай,  мінсіз  тіп-тік.  Кеннің  жатысына  қарсы  тіреулі 
самсаған  кірептер  телеграф  бағаналарындай  түзу  тартылған.  Арқалық 
ағаштар  мен  тӛбенің  арасындағы  саңлауларды  сыналап  тастапты.  Ұқыпты, 
шебер қол жасаған штрек екенін бұрын шахта кӛрмесе де Мейрам айтқызбай 
білді. 
— Е, мынау тәртіпті дүние ғой!— деп еді. 
— Ермек жасап бара жатқан жаңа штрек,— деді Сейтқалы. 
Штрек түбінде шарта жүгініп, құрыш кесек Ермек отыр. Қолындағы екі 
жүзді  болат  қайла  сілтеген  сайын  шаммен  шағылысып,  жарқ-жұрқ  етеді. 
Бӛкен  қабақтың  астындағы  бүркіт  кӛз  қайда  қадалса,  иненің  жасуындай  да 
аумастан  қайласы  сонда  барып  қадалады.  Мықыр  саусақтары  қайланың 
сабын  бойлап,  перне  басқандай  безектеуде.  Денесінде  күйе  бар,  тер  жоқ. 
Құрғақ күйе қимылының лебімен ұшып жатыр, мұның қайла сілтесі ӛзгеше. 
Құлаштамайды,  асығып  аптықпайды  біркелкі  текірек.  Сонымен  отырып, 
қасындағы  алпарысқан  жас  жігітті  бір  метр  артқа  тастаған.  Тәшкеші, 
күрекшілер шабылған балшықты қолма-қол алып тұр. Крепшілер ағаштарын 
тастап,  кесіп  дайындап  қойыпты.  Кейіс,  абыржу  жоқ.  Жұмыс  жай  жүріп 
жатқан  сияқты.  Қыбын  тапқан  еңбек  жай  кӛрінсе  де  тым  алымды  —  сом 
қабырғаны сүмпитіп, еңсеріп барады. 
Мейрам  мен  Сейтқалы  үнсіз  келген  бетінде  біраз  қарап  тұрып  қалды. 
Сүйсінген қарас, әркім осылай істесе деген тілек сезіледі түрлерінен. Ермек 
жуырда  артына  бұрылмады,  басқалары  кӛрсе  де,  жатырқай  бір-біріне 
қарасып, ӛз жұмыстарымен бола берді. 
— Ермек,— деді Сейтқалы,— борат! 
Ермек сонда ғана мойнын бұрды. Амандасудың орнына басын изей, бір 
күлімдеп қоя салды. Бұның аузы тіпті ауыр. Бірақ, қайратына шеберлігі сай, 
ойы алғыр адам екенін әр ісі-ақ айтып тұр. 
— Мен забой аралаймын, Мейрам екеуің бір шығарсың,— деді де кетіп 
қалды Сейтқалы. 
Ермек  қапелімде  кісікиіктеу  жігіт,  үйреніскенше  сырға  сырдаң,  бойын 
аулақ  ұстайды.  Оған  аз  сӛзділігі,  ауыр  мінезі  қосылғанда  тосын  адам  безе 
жӛнелмегендей.  Сейтқалы  ӛзі  жайдары  кісіше,  Ермектің  бұл  мінездерін 
кеңкілдей  күле  отырып  таныстырған  еді  Мейрамға.  Мейрам  кәзір  Ермекке 
ескі  танысша,  бауырына  кіре,  бүркеген  сырларын  аша  сӛйлеп  отыр.  Жел 
кірмеске  сӛз  кіреді,  жер  кӛтерместі  ой  кӛтереді.  Мейрам  сӛзі  Ермекті  тез 
тебірентті. Сӛйлесуге икемделіп: 
— Сіз кім болып істемексіз осында?— деді. Әуелі біліп алмай беталды 
адамға ашыла қоймайтын әдеті еді. Мейрам сезе қалып, әлі ешкімге ашпаған 
ойын ашық айтты: 

32 
Sauap.org
 
— Партия ұясында істемекпін. 
— Хатшы болып па? 
— Кӛп сайласа болармыз да. 
— Сайлайтын  шығар,—  деп  күбір  етті  Ермек.  «Бұдан  артық  кімді 
сайлайды?  Білгіш  жігіт,  іштен  оқып  туған  ба!»—деген  ойын  сыртқа 
шығармай сақтап қалды. 
— Кӛп істедіңіз бе шахтада? 
— Он жасымнан бері. 
— Қандай кӛмір кендерінде болдыңыз? 
— Қарағандыдан шыққан емеспін! 
— Қарағанды тоқтағанда қайттіңіз? 
— Күзетіп қалдым. 
Мейрам әңгімеге жарымады. Қарағанды жайы, кӛмір жайын кӛп білетін 
ескі  жұмысшы  есіле  жӛнелген  жоқ.  Сұрағанына  осылай  сараң  жауап 
қайырып,  сілесін  қатырды.  Білгені  сол  ма,  іркіп  отыр  ма,  әлде  қыбын 
таппадым  ба,  деп  отыр  еді  Мейрам.  Ермек  бір  кезде  жымың  етіп,  иегімен 
мегзеді забой жаққа. 
— Жетемін,— деп жанталасып жатыр. 
Жайнақ ауыз жас жігіт артына жалт-жалт қарап барынша сілтеп барады. 
Қызып алған. «Бӛгеле тұрса жетер едім» деген ойын асыға қимылдап, артына 
қарай беруі  білдіріп-ақ  тұр.  Ермек соны  сезгендей  қасына  барды.  Қайласын 
алды қолынан. Қайланың ұшын ұстап кӛрді. 
— Жаман ұштаған. «Ӛтпес пышақ жан қинарды» естімеп пе едің әлі. Мә, 
менің қайламмен шап!— деді де қайта келді Мейрамға. 
— Бұл қай жігіт? 
— Әкім деген жігіт. Жақсы қайлашы шығады осыдан! 
— Жаңадан келген бе? 
— Келгеніне  бір-ақ  ай  болды.  Әуелде  күрекші  еді.  Бес  күннен  кейін 
қайла беріп, қасыма алдым. Енді менімен жарыспақ. 
— А, әңгімені қайладан бастау керек екен ғой,— деді ішінен Мейрам.— 
Қайлаңыз  онша  қиын  болмады  ғой,—  деп  қасақана  соқтыққанда,  Ермек 
басын  шайқады.  Содан кейін  үзіп-үзіп жай  сӛйлеп,  ұзартып  әкетті  әңгімені. 
Қайланы  ұштап,  суарудың,  құлаштай  сілтеу  мен  тежей  сілтеудің  ӛзінде  кӛп 
мән бар кӛрінеді. Кӛмір алу үшін ствол, шурф, штрек, коренной штрек, лава, 
пештердің  неге  керегін,  олардың  қиын  техникаларын  жайлап  айтқанда, 
Мейрам қарапайым жұмысшының мамандығына таңқалып, сұрақ қойды: 
— Сіздің оқуыңыз қанша? 
— Қол қоюды ғана білем. 
— Әйтседе бір инженерден кем білмессіз? 
Ермек тыжырыныңқырай теріс қарады да, қолын бір сермеді. 
— Олар ештеңе білмейді. Мен біреуін штректен қуып шықтым. 

33 
Sauap.org
 
Мейрам  ұнатпады  бұл  мінезді.  Ермек  жалан,  инженерлерді  емес, 
оқығандардың  кебін  ұнатпайды.  Оның  ойынша,  оқығандар  тек  бай  баласы. 
Инженерлер  тек  байдың  қолшоқпары.  Ӛзі  оқымаған.  Қарағандыдан 
шықпаған  адам.  Ескі  Қарағандыдан  кӛргенін  мықтап  ұстапты.  Егер  галстук 
байлап,  ақ  жағамен  келсе,  Мейрамның  ӛзімен  де  сӛйлеспес  еді.  Қазір  оның 
кідіріп қалғанына сезіктеніп: 
— Әкеңіз  кім  болған  еді?—  дегенде  Мейрам  да  сезе  қойып  күліп 
жіберді. 
— Әке балаға ӛлшеу бола бермейді. 
— Қасқырдан қасқыр, қарғадан қарға туады ғой. 
— Ұяда  кӛрмесе  қасқыр  қой  жемес  еді,  қарға  боқ  шоқымас  еді.  Біздің 
қазіргі  социалистік  Отанда  бұрынғы  жаман  әдеттер  де,  пиғылдар  да 
ӛзгереді... 
— Сіз не деп барасыз!?—деп жаңа ғана тура қарады Ермек. Қанды кӛзі 
лап еткен оттай жанып кетті.— «Промпартия» дегендер басқа отаннан келді 
ме? Осы шахтаның ішінде қой терісін жамылған кулактар, кулакшылдар жоқ 
па? Солар да социализм жасамақ па? 
Ермектің  тап  қырағылығына  сүйсінсе  де,  «кулакшылар»  дегені, 
«қасқырдан  қасқыр,  қарғадан  қарға  туады»  дегенін  қайталап  тұрғандай 
кӛрінді Мейрамға. Анықтау үшін: 
— «Кулакшылдарыңыз» кім?— деп еді. 
— Батырақ,  кедейді  білмеймін.  Орташалар  кулакшыл  емей  немене!— 
деді Ермек. 
Мейрамға  ауыр  тиді  бұл  сӛз.  Жоғары  дәрежелі  саяси  мектепті  бітіріп 
келген болашақ хатшыны білім, албырт жастық толқытып-толқытып жіберсе 
де, қалпына қайта келіп, келелі жауап қайырды: 
— Дұрыс айтасыз. Қырағылық дәл қазір керек. Бірақ, қырағылық жауды 
кӛруге  ғана  емес,  досты  кӛруге  де  керек.  Ауыл  мен  қала  асты-үстіне  келіп 
жатқан  шақ.  Бұл  ұлы  ӛзгеріс  социализмнің  ұлы  армиясын  жасап  жатыр. 
Орташалар осы армияның жуан ортасында. Сол армияны кӛрсеңіз, қауіптен 
сенім  әлдеқайда күшті  екенін де  кӛресіз.  Қарағандыны  қоршап  бара жатқан 
қараша  ауылдар  сол  ұлы  армияның  бір  бӛлегі  —  жаңа  жұмысшылар,  жаңа 
ӛмірді жасаушылар... 
Күрс  етіп  опырыла  құлаған  кӛмір  қабырғасы  әңгімені  бӛліп  жіберді. 
Қара  тозаң  бұрқ  етіп,  қара  тұман  боп  тұра  қалды.  Тұман  ішінде  шам 
сәулесімен  жігіттердің  қарасы  ғана  кӛрінеді.  Темір  қазық  қаққан  балғаның, 
кӛмір  күреген  күректердің  тарсыл-тұрсылы  үдеп  барады.  Мейрам  орнынан 
атып тұрып, әрі кеткен. Ермек дудың ішінде жүр. 
— Ой, қасқырауызым!— деп Әкімге сүйсінген даусы естіледі. 
— Бүгін  ӛзіме  беріңіз  билікті?  Сынаңызшы,  қайта  беріңізші?—  дейді 
Әкім. 
Ермек  бәрін  ӛз  кӛзімен  кӛріп,  құлату  біткен  соң,  туман  ішінен  қайта 
шықты. Күлімдей шықты. Мейрамға келіп: 

34 
Sauap.org
 
— Осы қасқырауызым үлкен қайлашы болады!— деді тағы да.— Қайта 
берейік. Бүгін ӛзіне басқартып бір байқайын. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал