Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет26/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 

 
Обком  бюросында  талас  пікірлер  талдап  тексеріліп,  қаулы  алынғалы 
бірнеше күндер ӛтті. Бюро Мейрамды қолдады. Мейрам Орталық Комитеттің 

314 
Sauap.org
 
ӛзінде  істейтін  болып,  оның  орнына  Жанабіл  тағайындалды.  Басқа 
ӛзгерістерді шахта алдындағы жарнама тақтасы айтып тұр: 
«Отыз бірінші номерлі бұйрық. 
...Комбинат  бастығы  жолдас  Щербаковтың  бұйрығы  бойынша, 
учаскелер саны азайып, кӛлемі үлкейеді. Үш сменаның екеуі кӛмір ӛндіруге, 
біреуі  дайындық  жұмыстарға  беріледі.  Бас  инженер  Әшірбек  Қалқаманов 
ашық  шахтаға  ауысқандықтан,  біздің  шахтаның  қызметінен  босатылады. 
Шахта бастығы Ермек Борантаев». 
Осы  кішкене  бұйрықтан  үлкен  жұмыстар  туды.  Адам,  машина,  құрал-
сайман  күштері  қайта  бӛлінді.  График  қайта  жасалды.  Он  үш  учаскенің, 
орнына алты-ақ учаске бар. Кейінгі күндерде Ермек тіпті тыным тапқан жоқ. 
Оқу бітіріп келіп жасаған жаңа графигі сәтсіздікке ұшырады. Енді ӛзі тіленіп 
алған  мынау  ӛзгерістер  тағы  сәтсіздікке  ұшыраса,  не  демек  жұртқа?! 
Сондықтан ұйымдастыру жұмыстарын созбай тез бітіру, тағы қате жібермеу 
—  оның  басындағы  ең  ауыр  ой  еді.  Шахтадан  кӛзі  жайнап  шықты.  Күйе 
басқан жүзі жымыңдағанда, әдемі ақ тісі анадайдан кӛрінеді. Қызыл мүйіске 
жебелей басып кірді. Бес-алты жұмысшы шахта газетіне жабырласып жатыр. 
— Бәле, Әкім тағы шырқады! Екі машинада бір ӛзі істепті. 
— Қанша беріпті? 
— Жүз жиырма процент! 
— Ой, қасқыр ауыз! 
— Воронов жүз он сегіз. 
— Бірін-бірі жібермейді-ақ. 
Ермек  келе  қабырғадағы  диаграмманы  түзеп  тұр.  Қызыл  сызық 
құлдилай-құлдилай  қағаздың  тең  ортасынан  асқан  екен,  кілт  бұрып  жоғары 
қайырды да: 
— Жігіттер!—деді.— Жоспар бүгін жүз он процент орындалды. 
Жұмысшылар енді диаграмманы кӛріп жатқанда, ол бӛгелместен шығып 
кетті.  Қуаныш  ауыр  мінезді  де  жеңілдетеді.  Қайғы  жеңіл  мінезді  де 
ауырлатады.  Ебелектеп  горкомға  келді.  Жанабіл,  Щербаков  оңаша 
әңгімелесіп отырған. Рұқсатсыз басып енді үстеріне. 
— Жай ма, Ереке!— деді Жанабіл. 
— Жүз онға бірден кӛтердік! 
— Дұрыс-ақ! Сергей Петровичтің күдігі біткен шығар. 
Щербаков  үндеген  жоқ.  Жүнді  саусақтарымен  столды  тықылдатқан 
күйінде  қалды.  Ол  айтыстан  жеңіліп,  партия  қаулысын  орындауға  бұйрық 
берсе  де,  бекінген  ойын  бұза  алмаған.  Әлі  де  сенбей,  тай  шығымынша  дыз 
еткен қарқын ба, деп отыр еді. Жанабіл сӛйлемеген еркіне қоймады: 
— Неге үндемейсіз? 
— Қорытындыны тым тез жасамалық. Бұл әдіс ақталса, барлық шахтада 
қолданылады.  Сондықтан  жете  зерттеу  керек.  Мейрам  Омаровичтің  үлкен 
кемшілігі осы шапшаңдылығында жататын. 

315 
Sauap.org
 
Ермек  пен  Жанабіл  кӛз  қиығымен  қарасып  күліп  қойды.  Сүйкімді 
қарттың  беделіне  дақ  түспесе  де,  ойы  жеңілгені  ӛзіне  қатты  батқан  тәрізді. 
Екеулеп жуып-шайып жатыр... 
— ...Талас үстінде әркімнің-ақ жеңгісі келеді,— деді Жанабіл.— Пікірім 
егер қате болса, жеңгенімнен жеңілгеніме қуанар едім. 
— Мен де ренжіп отырғаным жоқ. Тек Мейрам Омаровичтің — «кешегі 
тұрғыда қалдыңыз» дегені болмаса. 
Ойлы, арлы адамға бір сӛз де жетеді. Ойсыз, арсызға мың сӛз жетпейді. 
Сергей Петрович сол сӛзге қынжылып отырғанда, қызара бӛртіп Ардақ енді. 
Ыстық  күнде  асығыс  жүріп  тершіген, деміккен.  Рұқсатсыз енгеніне  кешірім 
сұрады әуелі: 
— Ғапу  етіңіздер,  уақытым  аз  болғандықтан  күтіп  тұра  алмадым.  Біз 
бүрсікүні  жүргелі  жатырмыз.  Ертең  Каргрэс  кӛлінің  жағасында 
жолдастардың  басын  қосып,  қоштаспақпыз.  Сергей  Петрович  алдымен  сізді 
шақыра келдім. Мекемеңізден таппай іздеп келдім. 
— Мейрам Омарович айтқан еді. Бара алмаспын... 
— Ертең жексенбі ғой? 
— Мен үшін, кейде жексенбі де жұмыс күні. 
— Онда бос күніңіз қайсы? 
— Рақмет, қызым, рақмет. Ӛткізе беріңдер, мен шығарып салам. 
— Мені  Мейрамға  күйдіргеніңіз  бе!—деді  Ардақ.  Осы  сӛздің  астында 
жүрек  қана  сезетін  жылылық  жатыр  еді.—  Сіз  «қызым»  дегенде,  мен  «әке» 
дейтінім қайда? Бірақ, әкемнен жақын едіңіз. Бұл қалай? 
Мейрам  шақырғанда  мызғымаған  Щербаков,  Ардақтың  сӛзіне  босап 
қалды: 
— Болмас, болмас, барайын!— деді басын сыйпап.— Жеңілдім, қызым, 
жеңілдім. 
Асығыс  кірген  Ардақ,  Ермек  асыға  кетті.  Олар  кетісімен  Жанабіл, 
Щербаков ашық шахтаны кӛруге шықты. Екеуі бір машинеде. Беттері Жаңа 
қаланың  оңтүстік  батысы.  Щербаков  алда  отырса  да,  кеудесі  отырғыштың 
арқасынан асып, Жанабілге басын тақай, дауыстап сӛйлеп келеді: 
— ...Отыз  бірінші  шахтаны  ВУГИ-дың  қарамағына  бердік.  Мыңдаған 
тонна  кӛмір  кеміді.  Мынаған  қаншама  күш  тӛгіп  жатырмыз.  Тек  ақыры 
қайыр болса неғылсын. Мейрам Омарович салмақты Жігіт еді. Ұшқалақ боп 
кетті, ұшқалақ! 
— Ол  халықаралық  жағдайды  кӛріп  асығады.  Қарқынды  күшейтелік, 
Сергей Петрович, қарқынды! 
— Соқтыға алмайды! 
— Европаны басып алып барады. Содан кейін қанды ауыз жай тұра ала 
ма? 
— Бұл соғыстар Гитлер Германиясының күшінен гӛрі ағылшын-француз 
басшыларының опасыздығын дәлелдеді... 

316 
Sauap.org
 
— Гитлердің  сапасыздығы  бәрінен  басым...  Оның  уәдесіне,  жасасқан 
шартына сену қиын. 
— Ӛз күшімізге сенеміз. Біз оған, бір ай тіресе алмай құлаған Франция 
емес.  Бірнеше  жыл  жағаласуға  жараймыз.  Ұзақ  соғыс,  ұзақ  ауыртпалық 
капиталистерді күйретіп тынады. 
Дүниежүзілік  жағдайды  шола  отырып,  ашық  шахтаға  жетті  бұлар.  Кӛп 
белестердің  бірінде  үш-тӛрт  экскаватор  кӛрінеді.  Анадайдан  қарағанда  қара 
бура сияқты, ұзын мойнын жоғары, біресе тӛмен созып, күрк-күрк етеді. 
— Бұған адам шақ келе ме? Бір экскаватор бес мың адамның жұмысын 
істейді... 
Жұмыс  жаңада  басталған.  Жаңа  экскаваторлар  қомағай  асап,  белді  әр 
жерінен  ойып  тастапты.  Бір  шұқырдан  Әшірбек  шыға  келгенде,  Щербаков 
сылқ-сылқ күлді. 
— Жабылып жеңдіңдер мені. Ал, жең енді мына белді. 
— Жеңеміз, Сергей Петрович. 
— Біткенше келмен деп едім, шыдай алмадым. 
— Бұл шыдамсыздығыңыз шыдамдылықтан артығырақ. 
— Артық болса, кӛрсетемін шыдамсыздықты, қашан бітіресің? 
— Жабық  шахта  жылға  созылады.  Бұл  үш-тӛрт  айда  эксплуатацияға 
беріледі. 
— Жоқ, екі ай жетеді. Одан әрі жоспарды лықылдата берем. Сендер енді 
қарқынды менен алыңдар. 
— Оған да тұрдым. Тек керегімді кедергісіз дайын етіңдер. 
— Не керек? 
— Алдымен  темір  жолды,  электрді  келтіру  керек.  Топырақ  сыймайды 
арнаға, поезбен тасып, сыртқа тӛгеміз. 
— Білем,  топырақтан  тау  жасайсыңдар,  оған  суды,  қарды  қос.  Сонда 
кӛмірге еңбектің неше проценті қалады. 
— Рас,  аз  қалады.  Бірақ,  сол  аз  кӛмірді  кӛп  те,  арзан  да  береді.  Егер 
пластың  бәрі  осындан  ашық  алуды  кӛтерсе,  жабық  шахта  сӛзсіз  жойылар 
еді... 
Ауыр,  аз  сӛзді  Әшірбек  ашық  шахта,  десе  сӛзшең,  жайдары  болып 
кетеді. Әр адамның сүйген ісі ӛзіне ыстығырақ қой. Ол тершіп, қыза сӛйлеп 
тұрып шылым тартпақ болғанда, шылымының сабағын салмай, басын салды 
аузына. Жанабіл күліп жіберді: 
— Апыр-ау,  сен  мұндай  қызба  ма  едің!  Шылымыңды  теріс  салдың 
аузыңа. 
— Мені ашындырған мына кісі. 
— Иә. Мені сендер тыныш қойдыңдар. 
— Бұндай  тиышсыздықтар  тиыштықтан  жайлырақ,—  деді  Жанабіл.— 
Бұл пластың басқа пластардан ӛзгешелігі қандай? 

317 
Sauap.org
 
— Саязда жатыр. Кӛмірдің қалыңдығы он-он бес метр. Тік емес, кӛлбеу. 
Поезд тура забойға енеді. Ӛнімділігі, арзандығы былай тұрсын, денсаулыққа 
пайдасы қанша!.. 
— Болды,  болды!—  деп  Жанабіл  Әшірбекті  азар  тоқтатты.  Мен  енді 
Сергей  Петровичті  қостаймын.  Ең,  әрі  салғанда  екі  айда  кӛмір  бересің. 
Барлық жағдай жасалады. Тек орындауды біл... 
Сағат  алты.  Экскаваторлардың  гүрілі  басылды.  Машинистер  қайта 
бастады. Әшірбекті ертіп жүріп басталған жұмысты кӛрген соң бастықтар да 
қайтты. Жақындағысы кӛгеріп, алыстағысы қарауытып әр тұста қолдан еккен 
ормандар  кӛрінеді.  Мұнарлы  қаланың  аспанын  жаңғыртып,  самолеттер 
қонғалы  келеді.  Жерін  жаңғыртып  поездар,  алуан  түсті  машиналар  жүйткіп 
барады.  Қала  кӛмір  үстінде.  Айналасы  колхоз,  подхоз,  жұмысшы 
поселкалары,  ұсақ  ӛндірістер.  Ӛндіріс  пен  ауыл  шаруашылығы  араласып 
жатыр... 
— Құлазыған жӛн еді-ау... Кӛз тоймайды дейтіні қайда! Тояды екен...— 
деді Жанабіл, қайнаған дүниеге қарап отырып. Сергей Петрович күңк етті: 
— Тек, Мейрам Омарович тоймайды. 
Жанабіл қарқылдап күлді. Балаша бұртиған үлкен адамды жұбатады: 
— ...Кеткелі жатыр ғой. Сағынасыз әлі. Мен Бәйтенді де сағынғам. 
Бұлар  келіп  кӛл  жағасындағы  шарбақты  бақшаға  енгенде,  Мейрам 
баласын  жетелеп  сейілде  жүрген.  Жанабіл  Щербаковты  үйіне  қалдырды  да, 
Мейрамға  кетті.  Содан  ол  түнде  де  ӛз  үйіне  қайтқан  жоқ.  Ертең  сәскеде 
Мейрам,  Болат,  Майпа  —  тӛртеуі  —  бір  машинаға.  Щербаков,  Антонина, 
Ардақ,  Жұмабай  —  тӛртеуі  бір  машинаға  отырып,  Каргрэс  кӛліне  тартты. 
Күн  жексенбі.  Жұрт  сәнді  киінген.  Кӛмірлі  Қарағандының  үлкен  базары 
қайнай  бастапты.  Мал  машина-машина,  арба-арба  азық-түлік.  Дүкендерден 
басқа,  ашық  үстелдерге  жайып  тастаған  ӛндіріс  бұйымдары.  Иін  тірескен 
кӛп. Қала мен колхоз мидай араласыпты... 
Рульді Мейрам ӛзі ұстаған. 
— Кӛре  кетелікші,—  деп  базардың  қасына  ӛте  бергенде  тоқтай  қалды. 
Жанабіл  екеуі  базарға  енді.  Керек  болмаса  да  кездескен  нәрсенің  бағасын 
сұрап,  саудаласып  қояды.  Жең  ұшынан,  қойнынан  әлденені  қылтыңдатып, 
сыбыр етеді біреулер. Телегей теңіз мемлекет, колхоз саудасының ішінде де 
жұлып жеп жүрген саудагердің бірін сезіп қалып: 
— Ұры иттей жылмаңдатуын қарашы!— деді Мейрам.— Ендігі ішкі жау 
осылар. 
— Бұлар  да  құруға  айналды  ғой,—  деп  еді  Жанабіл,  Мейрам  басын 
шайқады: 
— Бұларды молшылық құртады. Біз әлі толып болғанымыз жоқ. Кейбір 
кемшілікке шыбынша үймелейді бұлар. 
— Сергей Петрович айтса айтқандай! Кӛзің осы базарға да тоймады ма? 

318 
Sauap.org
 
— Сендер  қорғайсыңдар  Щербаковты.  Мен  сендерден  әрі  қорғаймын. 
Мейлі, ол дұшпан десін, менікі оған достық қана. Ақылды адам да қателеседі. 
Достық тек сипау емес, кейде шымшуға да болады... 
Кӛп бӛгелмеді, базардан шықты екеуі. Кӛмірлі Қарағандыны қақ жарып 
ӛтіп,  Каргрэс  жолындағы  белестерге  кӛтеріле  бергенде,  бұрыла  сала  кейін 
қайтты Мейрам. 
— Боқайға хабарлай алмапты Ардақ. Жұмыста шығар, ала кетейік. 
Қалаға  Каргрэс  жағынан  кіре  берісте,  айналасы  қоршаулы,  ұршық  бас 
темір бағаналар тұр. Олардың басындағы қым-қуыт сым ӛрмектердің ӛрбіген 
жері үлкен қызыл үй. Сонау Каргрэстен тартқан жуандығы білектей металл 
арқан, мосы мүсіндес биік, темір діңгектердің үстімен келіп осы үйге еніпті. 
Қабырғасының  ішкі  жағы  мрамор.  Мрамор  беті  жыпырлаған,  жалтылдаған 
кілең  никель,  жез,  электр  кнопкалары.  Кең  бӛлмеде  Боқай  жалғыз  отыр. 
Қызыл шұғамен жабулы столында телефон, газет, журнал, кезінде кӛзілдірік. 
Оқып отыр. 
— Мәссаған, кочегар!—деді Жанабіл кіре бере. 
Боқай қуанып, қалбалақтап қалды... 
— Жанабіл, Мейрамжан! Е, бәсе, келіңдер, келіңдер! 
— Кочегармын дегенің қайда?! 
— Коммунизм  кочегары  осылай  болады  да.  Каргрэстегі  үлкен  станция 
бұның  әкесіндей.  Біз  ток  жасамаймыз.  Тек  келген  токты  қабылдап,  қалаға 
бӛліп тұрамыз... 
Бұл станцияның бастығы ере келген. Боқайдың сӛзін бӛліп жіберді: 
— Жүре сӛйлесерсіздер. Мына кісілер сізді сұрап тұр. 
— Қызметті қайтем!? 
— Орныңызға кісі қоям. 
Боқай желкесін қасып, ойланды да: 
— Мейрамжан,  кейінірек  барсам  қайтеді?—  деп  қиылды.—  Смена 
бітпей кетсем, кӛңлімде кемтік тұрады. Мазам кетеді. 
— Кешікпеңіз,  жеңгейді,  інішекті  ала  келіңіз,—  деді  де  жүріп  кетті 
Мейрам. Үлкен жолға түскен соң рульді шоферға берді. Отты кӛзі күлімдей, 
Жанабілге бұрыла отырып, серпе сӛйледі: 
— Байқадың ба, социализм Боқайлардың сүйегіне сіңген! Қар кетісімен 
жаман  шым  қорасын,  келесі  қыстың  қамын  ұмытып,  байларға  елігіп, 
кедейлер де жайлауға кӛшетін. Сол Боқайлардың енді үйі сай, қысы қауіпсіз, 
басшылары  «жүр»  деп  тұр,  сонда  да  жұмысын  тастап  кетпеді.  Біздің 
адамдардың  бұл  ынтасы  керемет  күш  екенін  кейде  сезбейді,  Сергей 
Петрович.  Оның  большевиктігіне,  іскерлігіне  еш  күмәнім  жоқ.  Оны  кӛздің 
қарашығындай  сақтау  керек.  Сонымен  қабат  қатесін  кӛрсетуге  батылың 
жетсін.  Орталық  Комитет батыл  айтады.  Батыл  жоғарылатады,  тӛмендетеді. 
Мінсіз кадр, орны толмайтын кадр жоқ екенін күнде кӛрсетіп келеді. 
— Мен  сені  жаңа  ғана  түсінген  сияқтымын,—  деді  Жанабіл.  Одан  әрі 
үндемей, ойлы отырды. Оқу бітіріп келгелі бұрынғы сенімдеріне сын кӛзімен 

319 
Sauap.org
 
қарайтын.  Ең  жақын  деген  Мейрам,  Ардақ,  Щербаков,  Ермектердің  де  осал 
жерін таппақ болатын. Олар берік, биік жағын кӛбірек кӛрсетті. Мейрамның 
жаңағы  сӛзіне  қатты  риза  болып  —  бұрынғым  соқыр  сенім  екен. 
Жолдастардың  ойын  анық  кӛре  алмаған  екем.  Енді  анық  кӛрінді-ау!—
дегенде Мейрам қостай түсті: 
— Боқайлар  да  айқын  кӛрді.  Кӛңіл  шырағы  жағылды.  Ол  электр 
жарығынан  әлдеқайда  жарық.  Одан  нұрлы,  одан  күшті  ӛмірде  ештеме  жоқ. 
Біздің партияның ең зор табысы бұл... 
Тас қайрақ күрең жолда зымыраған машина белестерді қалдыра-қалдыра 
жазыққа құлады. Алда кӛкжойқын келе жатыр, кеңдігіне кӛз талып жетеді. 
— Кӛл  емес,  теңіз  ғой  мынау!—деп  шегін  тартты  Майпа.—  Тауды 
қоршап алған! Дәл ортада әне бір тӛбенің тӛбесі ғана қылтияды. 
— Оразбек аулының мекені болған «Жалғызтӛбе» сол. 
— Келесі жылы бұл кӛлдің ұзындығы жиырма бес-отыз, кӛлденеңі жеті-
сегіз километрге кетеді. Қазірдің ӛзінде тереңдігіне кеме қайраңдамайды. 
— Кеме неге салмайды? 
— Керегі болса салынар. Әзірге моторлы қайықтар ғана жүр. 
Мейрам мен Жанабіл кӛлдің жайын Майпаға түсіндіріп келеді.  Колхоз, 
подхоздардың  огородынан  алақандай  аман  жер  жоқ.  Қалың  қыртыс,  қара 
топырақты Нұра алқаптарын алуан түрлі ӛсімдіктер жауып, алқаракӛк бұйра. 
Бұйра  далада  машинаның  жолы,  шаңы  ғана  кӛрінеді.  Әр  тұста  егін 
суарған диқаншылар қалып барады... 
— Каргрэс  Қарағандыны  ғана  жарылқаған  жоқ,  маңындағы  ауыл 
шаруашылығын  да  жарылқады...—  деді  Мейрам.—  Есіңде  болсын,  Ыбраш 
үлкен маман. Ол енді желді бағындырғалы жүр. 
— Кӛрген жігітім емес. 
— Кӛресің, оны да шақырдым. 
Кӛл жағасында, шалғынды кең далада екі М-ка, екі велосипед кӛрінеді. 
Жетегін жоғары кӛтеріп байлаған фаэтон, сүлік қара қос арғымақ тұр. 
— Біздің  Жайлекең  мен  Маусекеңнің  ісі-ау,  анау,—  деп  күлді 
Мейрам.— Ұқыптысын қарашы. 
— Байлар  пәуескенің  жетегін  осылай  кӛтеріп  қоятын.  Үндеме,  байдың 
салтын ұмытпапсыңдар, деп әурелейін біраз. 
— Шынында кӛргенін істеген. Бірақ, Маусымбай сӛз табады. Тілді, есті 
қарт. 
Қонақтардың  бірсыпырасы  келіп  қалыпты.  Чайков  әйелімен  келген. 
Ардақ,  Антонина,  Щербаков  —  бесеуі  кӛл  жағалап  жүр.  Маусымбай, 
Жайлаубай, Шекер, Балжандар ошақ басында. Бәйтен жайылған кілемдердің 
үстінде  шалқасынан  жатыр.  Екі  қой  сойылып,  қазанға  түскен.  Кӛгала  түтін 
тынық күнде баяу ұшып, жоғарылап барады... 
— Ақсақалдар қойды қырып тастаған ба!— деді Мейрам келе.— Мұны 
тауысуға баяғының жемпазы керек шығар. 

320 
Sauap.org
 
Маусымбай  сақалын  сипап  қойып,  жымың  етті.  Екі  беті  шиқандай 
қызарып, қымызға қызып отыр екен, іліп әкетті сӛзді: 
— Жайлаубай  қу  ӛзін  ғана  кӛрсетпек  болып,  бір  қой  да  жетер  деп  еді. 
Мен одан қалам ба, қоса сойдым... Екеуміз бәсекеміз. 
— Оларыңыз маған жақсы. Қонақтан жеңіл құтылам. 
— Жыл  бойы  қонағыңды  кӛтерейік,  кетпеші.  Әйтпесе  ала  кет  бізді. 
Қартайғанда  кӛңіл  шіркін  қоңторғай  екен,—  деп,  Маусымбай  кӛзіне  жас 
алды.—  Сонау  бір  күндерде  құтқарғаның  былай  тұрсын,  мінезің  естен 
кетпейді. Мен емес, сен қиналдың-ау сонда... 
Бұл  сӛз  Мейрамның  да  жүйесін  босатып  еді,  Жанабіл  қалжыңмен 
сейілтіп жіберді: 
— Маусекеңнің  бақшасынан  бәрі  табылады.  Байға  еліктеуін  қарашы, 
арбаның жетегін қақайтып. 
— Дұрыс  айтасың,  бізден  табыла  береді.  Пәуеске  мінген  бай,  жібек 
киетін  жаз  күні.  Оны  сен  киіпсің.  Жетекті  жалпы  кӛтеретін.  Оны  мен 
істеппін. 
— Қап, мына шал жеңіп кетті. Жұмеке, кӛмекке кел! 
— Қарағым,  қалжыңға  ебім  жоқ-ақ,—  деді  Жұмабай.—  Тіпті 
балдыздарыммен әзілдескен емен. 
— Бәйтекең  құтқарады,  Бәйтекең  құтқарады,—  деп  Жанабіл 
дауыстағанда, Бәйтен басын кӛтеріп алды: 
— Сӛз баққан шал! Шыдатпайды. Жұмысқа келсе кӛрер едім, бәлемді! 
Маусымбай қағып қалып, Бәйтенді де мұрттай ұшырды: 
— Ол антұрған жұмыста шыдатпас, машинаның тілін білудей-ақ білетін, 
тек жүргізе алмайтын. 
Бірін-бірі  іліп  тастап,  ұтылай  қалжыңдап,  ду  күліседі.  Жайлаубай 
машина кӛлеңкесіндегі қара сабаны пісіп-пісіп, үлкен шыны тегенеге қымыз 
құйып  әкелді.  Қымыз  да,  қос  қара  арғымақ  та  совхоздікі.  Маусымбай  екеуі 
совхозда  істейді.  Совхоз  Қарағанды  кӛмір  комбинатына  қарайды.  Арақ-
шарап шай жабдығынан ӛзге қонақасының бәрін сол екі шал әкелген. Бірі — 
сүйек,  бірі  —  дос,  Мейрамның  қонағын  ӛздері  күтіп,  жӛнелтпек.  Шекер  ас 
басында.  Пысық  Балжан  Ардақтың  туған  жеңгесіндей  боп  кеткен.  Оған 
Майпа қосылып, дастарқан жая бастады. Кішкентай Болат Шекердің қасында 
жүр.  Айналып,  толғанып  қояды  Шекер.  Екі  машинамен  Қанабек,  Козлов, 
Лапшин, ЬІсқақ, Әкім, Ермектер келіп түсті. Су бетінде, Каргрэс жақта қайық 
кӛрінеді.  Ыбраштар  болу  керек.  Кел  жағалаған  Щербаков,  Ардақтар  да 
қайтты.  Ұзақ  сӛзге  орын  жоқ.  Шолақ,  киме  сӛзбен  қағысып,  қалжыңдасып 
жатыр.  Ендігі  әңгіме  Қанабек  маңына  үйірілді.  Қу  тілді,  жайдары  адам, 
мысал келтіре мысқылдап отыр: 
—...Жол  асфальтсіз,  машина  соғып  тастайды  деп,  біздің  кемпір  келмей 
қалды.  Бұндай  кесірді  кім  керген!  Сергей  Петрович  арқаға  қақса,  Антонина 
Федоровна  жайраңдайды.  Біздің  соққан:  тарт  әрі  деп  қағып  жібереді 
қолымды. Қалай жағарсың! 

321 
Sauap.org
 
Жұрт күліп жатыр. Сергей Петрович бір іліп қалды: 
— Бұл қу кемпірін жамандай береді. Жас әйел алғалы жүрмесін. 
— Бұрын  тӛсекті  байлар  жаңғыртушы  еді.  Осы  күні  хозяйственниктер 
жаңғыртады да... 
— Сені  ауру  жеңбесе,  ешкім  жеңбес,—  деп  жантая  кетті  Щербаков. 
Антонина  Федоровна  оның  екінші  алған  әйелі  болатын.  Күлкі  үдеген  кезде 
моторлы қайықпен Ыбраш келді. Қанабек оны да қағытты: 
— Шырағым, келін жай қалды ма? 
— Келініңіз Алматыда. 
— Жүрегім жаңа орнына түсті ғой. 
Әңгіме,  қымыз  қызуына  күн  қызуы  қосылып,  жұрт  біраздан  соң  суға 
түсе  бастады.  Жанабіл  мен  Ыбраш  Болатты,  әйелдерді  алып,  кӛл  бетінде 
қайықпен  жүр.  Кӛк  жайқынды  толқыта  жүйткіген  мотор  желдетіп, 
әйелдердің  жұқа  кӛйлектерін  желпіп  барады.  Мотор  даусынан  бұлардың 
қосыла  шырқаған  даусы  басымырақ.  Етпеттей,  шалқалай  жатып,  біріне-бірі 
су  шашып,  жалдау  білмегендерін  жалынтып  —  еркектер  ӛз  алдына  мәз-
мейрам... 
— Жолдастар!—  деді  Ардақ.  Ақша  беті  құбылып,  қызыл  күрең 
тартты.—  Тіпті  кеткім  келмейді.  Осы  жермен  бірге  гүлдеп  едім,  осы 
адамдармен бірге ӛсіп едім. Әттең Мейрамнан қала алмаймын. 
Майпаның кӛзінен жас ытып кетті. Антонина босаған кӛңлін білдірмей 
жұбатып жатыр: 
— Сіңлім, досым Ардақ, мұңайма! Совет жерінің бәрі қызықты... 
— Оны ерте білгемін. Адамның ұмыта алмайтын шақтары болады екен. 
Бұны жаңа білдім. Бәрі осында қалып барады... 
— Соның  бірі  —  дәуде  болса,  түн  ішінде  алаңда  кездесіп,  қаланың 
сыртына шыққан шығар,— деп қалжыңдап еді Жанабіл. Ардақ сақ-сақ күліп 
жіберді: 
— Сенің  ожар  сӛздерің  де  жарасымды!  Ыбраш,  сен  аз  білесің  бұл 
жігітті.  Ерке,  тентек  болатын.  Есі  еніп,  үлкейіп  келді.  Мейрам  үшеуіміздің 
арамызда  жасырын  жоқ.  Жанабіл  сенің  де  есіңде  болсын,  Ыбраш  біздің  ең 
қадірлі жолдастарымыздың бірі. 
— Сендерге  су  ток  берген  соң  қадірлі.  Маған  желді  ұстап  берсе, 
ардақтар едім. 
— Жолдас  секретарь!  О  да  болады,  сене  беріңіз,—  деді  де,  Ыбраш  кӛл 
ортасындағы  арал  тӛбеге  жетіп  тоқтады.  Айналдыра  ағаш  егіп  тастапты. 
Жаңадан  жасалған  екі  үй  тұр,  қаптаған  құс,  қиқулап  жатыр...—  Бұл  ара 
болашақ  құс  фабригі,  мүмкін  балық  заводы  да  салынар.  Биылдан  бастап 
балық  тұқымын  жібердік.  Құстарыңыз  мынау...  Жел  двигательді  алдымен 
осы  тӛбенің  басына  орнатып,  жаңағы  завод,  фабрикке  электр  қуатын 
берсем... деген қиял бастан кетпейді... 
Әйелдер тӛбенің екінші жағына барып суға түсті. Жанабіл мен Ыбраш та 
сүңгіп,  шомылып  алды.  Бұлар  қайтқанда  жағадағылар  судан  шығып, 

322 
Sauap.org
 
қымыздары бойына тарап, салқындап отырған екен. Жұманияз, Сейтқалылар, 
әйелімен Боқай келіп қалыпты. Ардақ келе бәрін дастарқан басына жинады. 
Ұзын  дастарқанның  ең  басында,  биік  бутылкалардан  бойы  аз-ақ  асып 
отырған Қанабек ӛзін-ӛзі тамада сайлады: 
— Жігіттер,  әкімдікті  бұл  арада  да  пайдаланам.  Тамада  мен.  Бірінші 
тостың сӛзін Мейрам айтсын, жасы кіші болса да жолы үлкен. 
Анау  ошақ  басындағы  жүріс,  дыбыстарға  дейін  тына  қалды.  Ол,  бірде 
биік, бірде аласа, бірде қатал, бірде жұмсақ мінезді, бірде шешен, бірде сараң 
сӛзді  еді.  Жұрт  оны  жоғары  санаса,  ол  жұртты  жоғары  санайтын.  Жұрт: 
«біздің Мейрам» десе, ол: «біздің адамдар» дейтін. 
— Жолдастар!— деп қолымен тӛңірекке жай ғана нұсқап ӛтті.— Тілдей 
Нұрадан теңіздей кӛл жасалды. Аядай құдықтан кӛмір ӛзені ақты. Қарағанды 
даңқы  совет  жерінен  әрі  асты.  Мақтаныңыздар!  Соны  жасаған  біз,  біздің 
адамдар!  Сол  мақтанға  жеткізген  партия  үшін  бір  тамшы  қалдырмай  ішіп 
қойыңыздар! 
Ӛмірі аузына арақ алмаған Жайлаубай, Маусымбай да: 
— Құйшы,  дозағын  бара  кӛрерміз...  партия  деді  ғой...—  деп  бір-бірден 
қағып жіберді. 
Келесі сӛзді Чайков сұрап алды: 
— Сонау белдің түбінде,— деді орнынан тұрып.— Бұдан он жыл бұрын 
Әшірбек  екеуміз  Мейрам  Омаровичқа  кездестік.  Жаңа  келе  жатқан  беті 
екен...  Ол  сонда:  «біздің  ел  әзір  техникалық  ғылымнан алыстау  жатыр» деп 
жабыңқы  тұрды.  Қазір  осы  дастарқан  басында  техника  мамандары  қанша! 
Мен  оған  Қарағанды  үшінші  орында  —  деген  едім.  Бүгін  Қарағанды 
кӛмірінің кӛптігі бірінші орында, деп сендіре алам. Ыбраш Жакаевич! Суды, 
токты  кӛбейте  түсіңіз.  Каргрэстің  жанынан  қара  металлургия  алыптары 
орнайтын  күн  жақын.  Коммунизм  барлаушылары  үшін,  қазақ  жерінің 
байлығын бұдан әрі аша беру үшін ішелік! 
Атап-атап ішіп жатыр. Әзірге Бәйтеннің ғана басы бұлғақтап: 
— Істеудей-ақ  істеуші  едік!—  деп  қояды  Жұмабайға.  Антонина  маза 
бермеген соң бір кезде түйедей боп Щербаков кӛтерілді орнынан. Мол денесі 
әдеттен тыс абыржып, толқи сӛйледі: 
—...Бізде не жасалса, бірлестік күшімен жасалды. Рас, кейде таласып та 
қаламыз. 
«Пікірлер 
соқтығысынан 
шындық 
туады». 
Шындыққа 
мойындаймыз.  Ұлт  достығындай,  жолдастық  достықтар  да  мызғымасын  — 
дей  келіп,  Мейрамды  аузынан  сүйді  Щербаков.  Екеуі  орамалын  алып 
кӛздерін  сүрте  бастағанда,  қуанғаннан  Антонина  мен  Ардақ  та  жылап 
жіберді. Дуылдасып, қошеметтеп жатыр бәрі. Ол екеуінің арасындағы кірбең 
әрқайсысының-ақ  кӛңіліне  бір  түйін  салған  еді.  Қазір  сол  түйін  шешіліп 
кетті. Бірінен соң бірі сӛз сұрап, жарыса, жадырай сӛйлеп жатыр... 
 
XI 
 

323 
Sauap.org
 
Күз келді. Бұлыңғыр аспан тарыдай ақ қиыршықтар бүркіп тұр еді. Түс 
ауа  етегі  түріліп,  қалың  сұр  бұлттар  шығысқа  қарай  ығысты.  Бұлт  шетінен 
жарқ  еткен  күн  қалаға  енді  жаймашуақ  нұрын  септі.  Боз  дӛңестің  бетінде 
жаңа шахта айқын кӛрінеді. Маңына бірнеше үйлер орнаған. Телефон, электр 
бағаналары да жеткен. Олардың сымдарын баяу жел жай ғана шертіп қояды. 
Адам  аз.  Поезд,  экскаватор,  тарам-тарам  темір  жол  жер  қойнын  кең  ашып, 
еніп кетіпті. Терең арнаның сонау биік ернеуінде топырақ тиеген, шыңырау 
түбінде кӛмір тиеген поездар бірі келіп, бірі кетіп жүр... 
Әшірбек  тіпті  жайраң.  Аузында,  қолында  дамыл  жоқ.  Даусы  қаттырақ 
шығып,  кӛтеріңкі  сӛйлеп  келеді.  Қасындағы  Жанабіл,  Щербаков,  Козлов, 
Ермектер ойы орындалған жастың оғат сӛзін де қақпай, жымыңдасып қояды. 
— Сенің  шахтаң  таудың  терең  шаты  тәрізді  екен.  Даусыңмен 
жаңғырығып қоса сӛйлейді!— деді Жанабіл. Десе дегендей, тӛбеде аспан, екі 
жақ биік жар. Жар қабағында тӛбе-тӛбе, бел-бел топырақ үйінділері. Дӛңесті 
сауырлай ойып, тереңдігі жиырма-жиырма бес, кӛлденеңі бірнеше жүз метр, 
ұзыны бір жарым-екі километр жердің топырағын, тасын аршыпты. Енді сол 
аумақта қалыңдығы он бес метр кӛмір ашық жатыр. 
— Міне, шетінен кертіп ала бер! Маған лава, вентиляция, врубмашина, 
комбайн  дегендер  керек  емес.  Поезд  әне  забойға  еніп  барады.  Дәрі,  бұрғы, 
экскаватор  құлатып  тиеп  береді...  деп  лаулаған  Әшірбекті  Ермек  бір 
мысқылдап қойды: 
— Құтыруын қарашы! 
— Шахтаң  жүз  процент  машиналанды.  Жүздеген  адамың  бар.  Жаңа 
графикті  орындап  дәуірлеп  тұрсың  ғой.  Жарысамысың?  Мен  ондаған 
адаммен артық берем сенен. 
Ермек таласпап еді, Козлов килікті: 
— Балақай, байқа, комбайн бітіп қалды. 
— Жоқ, Борис Михайлович, сіз қыңырлықты қойған күні бітеді. 
— Сен  енді  Сергей  Петровичті  жақтадың  ба!  Алмаймын  ол 
ұсынысыңды. Әкім екеуміз неде болса ӛз ойымызға бекідік. 
— Сізден бұрын Шевченко, Афанасьевтер де осылай бекіп, комбайнмен 
қоса құлаған. 
— Біз олардың қатесін таптық. 
— Ӛз қатеңізді тапқан жоқсыз әлі... 
Комбайн жайындағы бұлардың белгілі таласына Жанабіл мен Щербаков 
үйренген.  Сӛзге  араласпай,  ашық  шахтаның  әр  кӛрінісіне  құныға  қарап 
келеді. Қырық-отыз вагонды бір-ақ тіркеп, поезд забойда тұр, екі экскаватор 
екі  тұстан  тиеп  жатыр.  Бір  уыстағанда  үш  тонна  кӛмірді  бір-ақ  уыстап 
салады. Анау шетте десятниктің экскаваторшыға ұрысқан даусы естіледі: 
— Неге шүпілдетесің? Кӛзің бар ма? Тӛгіліп қалды ғой! 
— Кемтігін толтырам дегенде асып кетті. 
— Аққұла жұмыс жасауын қарашы! Сенің шашқаныңды кім жинамақ! 
— Жаным-ау, енді күрек, шүмек емес, экскаватор ептеуге кӛне ме... 

324 
Sauap.org
 
Жанабіл сылқ-сылқ күледі: 
— Десятниктер толтыр, тез толтыр!—деп айқайлайтын еді. Мынау асып 
кетті деп бақырады. 
Сергей  Петрович  әлі  үнсіз,  кӛкше  кӛзі  қадала,  тінте  қарайды  бәріне. 
Бағанадан  бері  тек  ӛз  ойымен  болған.  Енді  алға  түсіп,  ашық  шахтаның 
ернеуіндегі биік топырақ шоқысына кӛтерілді. Бұл шоқыдан бүкіл Қарағанды 
кӛрінеді...  Кӛмір  тиеген  ұзын  составтар  Оралға,  Балқашқа  тартқан  үлкен 
жолдарға әр тұстан құйылып жатыр. Аяқ астындағы терең забойдан шыққан 
мына поезд да кең арнаны жаңғырта солай тартты. Жол үсті тынымсыз ағын. 
Тау суындай шапшаң, қара бұйра кӛмір ағыны сарқырай ағып барады... 
Щербаков осы арада сүйген сӛзін тағы бір айтты: 
— «Пікірлер  соқтығысынан  шындық  туады».  Рақмет  Мейрам 
Омаровичқа.  Телеграмма  беру  керек  оған.  Бұл  шахтаны  енді  кӛбейтеміз, 
күшейтеміз.  Ӛзінің  тресін  құрамыз,—  деп  қолын  жоғары  кӛтеріп,  елу 
километр  алға  нұсқап  тұрды.—  Сонау  бұлдырап  кӛрінген  Сораң,  Шерубай 
Нұрасы  Қарағандының  жаңа  аудандары  болады.  Кӛмірлі  қала  енді  солай 
қарай  ӛседі.  Жұмыс  аумағы  екі-үш  есе  ұлғаяды.  Борис  Михайлович, 
комбайнды тез бітір... 
 
 
 
 
 
Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 
алуды ұмытпаңыз! 
Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 
ұсынылған. 
Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 
қалдырмай, жоюға тиіссіз. 
Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 
авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 
жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.  
Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 
жолмен қол жеткізуге шақырады. 
 


1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал