Ғабиден мұстафин



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/26
Дата07.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

*** 
 
Поезбен тоғыз күн, атпен үш күн жүріп, Мейрам қазір кең далада келе 
жатыр. Ылаушы жігіт чемоданды ӛңгеріп алған. Астында жылпос кӛк байтал. 
Ӛзі  де  жылпос.  Біресе  ел  жайын,  біресе  жер  жайын  әңгімелеп,  құлақ 
құрышын қандырды. Жолсыз тӛтелей салып: 
— Мына жылғаны ӛрлей, анау қырқадан тік ассақ, Қарағандыға дік ете 
түсеміз,— деп қояды. Кӛк бетегелі белестер, әр тұста вышкалар, бұрқылдаған 
түтін,  бірен-саран  адам  кӛрінеді.  Күмпілдеген  дыбыстар  естіледі.  Қайсыбір 
беткейлерде темір қазықтар қалып барады... 

13 
Sauap.org
 
— Бұлар жайында не білесің?— деп еді Мейрам, ылаушы мүдірген жоқ: 
— Кӛмір іздеп жүргендер ғой. Тіпті ерінбейді. Тесе береді жерді. Бұлар 
келгелі екі-үш жыл болды... 
— Қанша тапты екен? 
— Біреуінен  сұрағанымда:  Алтай-қарпық  болып,  олардың  баласы, 
баласының  баласы  болып  жабылса,  Қарағанды  кӛмірін  алып  бітіре 
алмайды,— деді. Қоспасы бар шығар, әйтеуір кӛп сияқты кӛмір. 
— Кем  айтқан  екен.  Алтай-қарпық  түгілі  орыс,  қазақтың  немере, 
шӛбересіне жетеді. 
Белеске  шыға  келгенде,  әріректе  биік  жотаның  бетінде  түтінсіз  жалғыз 
труба «мен мұндалап» тұрды. 
— Әне  Қарағанды!  —  деді  ылаушы.  Болашақ  үшінші  кочегарканың 
қараша  ауылдар,  жайылған  малдар  ортасында  мойны  ғана  сораяды.  Белдің 
дәл  етегінде,  вышка  түбінде  бір  машина  жерді  күмп-күмп  пісіп  тұр. 
Мұржасынан  лықып  шыққан  ақшыл  түтін  кең  далаға  лезде  сіңіп  жатыр. 
Машина  маңында  ақ  шатыр,  шатыр  жанында  бір  газик  кӛрінеді.  Екі  адам 
шатырдан шығып машинаға қарай келеді. Бірі — орыс, орта жаста, екіншісі 
— жас қазақ. Мейрам аты үркіп ойқастай берген соң, атынан түсіп жаяу келді 
бұларға.  Амандасқан  бетте-ақ  бірін-бірі  байқаған  тәрізді.  Орыс  жігіт 
тосырқамай, тойпаңсыз сӛйледі: 
— Біз  барлаушылармыз.  Мен  —  Анатолий  Федорович  Чайков  — 
барлаушы  партиясының  бастығымын.  Мына  жігіт  —  Әшірбек  Қалмақанов. 
Кен  институтының  оқушысы.  Тәжірибеде  жүр...—  деп  бұрғышы 
жұмысшыларға  дейін  таныстырып  ӛтті.  Сӛзі,  мӛлдір  кӛк  кӛзі  ӛткір,  шымыр 
денелі шапшаң адам екен, лыпып тұр.— Ӛзіңізге жол болсын? 
— Қарағандыға  келем.  Сіздер  істеп  тастаған  екенсіздер.  Mен  енді 
бастамақпын. 
— Қай салада істемексіз? 
Кӛпшілік-ұйымдастыру  жағында  істермін.  Техникалық  ғылым,  әзір 
алыстау жатыр ғой біздің елден. 
— Ленинград  та  жақын  емес.  Біз  Ленинградтан  келдік.  Үш-тӛрт  жыл 
ішінде  тапқанымыз,  ағылшын,  орыс  байларының  елу-алпыс  жыл  бойында 
тапқанынан  артығырақ.  Алысты  осы  қарқынмен  ӛлшесек,  жақын  болып 
шығады. 
Мейрам жай ғана басын шайқап, езу тартты. Чайков ынтығып, ежіктей 
бастады. 
— Неге күлдіңіз? Әлде сӛлекет бірдеме айттым ба?! 
— Ескі Россияның он-он бес жылда жасағанын жаңа Россия бірер жылда 
жасауы қанағат па?! Россия ондаған жыл кейін қалса, қазақ елі жүздеген жыл 
кейін қалған. Социализм барлаушылары бұны естен шығармасын. 
— А,  қарқынды  күшейте  түс  дегеніңіз  бе!  Дұрыс  айттыңыз,  дұрыс!  — 
деді  Чайков.  Осы  сӛз  дәл  қышыған  жеріне  тигендей  жайнап  кетті  жүзі.— 

14 
Sauap.org
 
Қазақ  қанша  артта  қалса  да,  пікірі  алда.  Бұл  ұлы  қасиет  жеңіп  тынады.  Сіз 
Қайыр Аманбековичті білерсіз? 
— Сыртынан ғана білем. 
О, алтын бас, алтын! Менің досым. Екеуміз осы қарқын жайында біздің 
Главкадағы кейбір қыңыр адамдармен айтысып келеміз. 
— Иә, хабарым бар. 
— Сіз  сол  айтысқа  кӛлденең  кездесіп,  пәтуа  бергендей  болдыңыз-ау. 
«Қазақ  жері»  деген  екі  сӛзге  европалық  әлденеше  мемлекет  сыйып  кетеді. 
Кӛмір, темір, алтын, жез, сирек металдар, нефть... не жоқ бұл жерде! Қайыр 
Аманбекович екеуміз осы байлықты ашуға ӛзара жарысқа түскендей едік. Ол 
оқып  тұр:  жез  молдығы  дүние  жүзінде  алдыңғы  қатарда  екенін  дәлелдеді. 
Мен  тек  совет  жерінде  кӛмір  үшінші  орында  екенін  дәлелдедім.  Сондағы 
зерттегенім  мынау-ақ!  деп  Чайков  қолын  кӛтере  айналаға  мегзеді.  Сайы 
шалғын, қыраты бетеге, майлы қарта сияқты ирек-ирек белестер бірімен-бірі 
жалғасып,  ұзақ  кеткен.  Ұшығын  кӛрсетпейді.  Солардың  жотасындағы 
вышкалар,  етегінде  не  беткейінде  меңдей  боп  кӛрінген  шурф  бұрғы 
машиналары,  будақтаған  түтін  саны  барлаушы  партияның  да  аз  істемегенін 
айтып тұр еді. Мейрам тӛңірекке кӛз жіберіп: 
— Неше миллиард тонна таптыңыздар?— дегенде, Чайков жымың етті. 
— Ол мемлекет қалтасы ғой. Ақтармай-ақ қояйын. 
— Сұғанақтық болса кешіріңіз. 
— Алып үлгерсеңіздер, біз тауып үлгереміз. Қарағанды байлығы үшінші 
орында  емес,  бірінші  орында.  Мен  оны  дәлелдемей  тынбаймын.  Қазақ 
даласына  жайылған  осынау  движок  мұржалары  бесжылдықтарда  түсті 
металлургия,  қара  металлургия,  химия  заводтарының  зор  трубаларына 
айналуына еш күмән жоқ. Сіз арман еткен техникалық ғылымдар да сол кезде 
қазақ ортасында қайнап жатады. Қазірдің ӛзінде мынау Әшірбектер табиғат 
кілтін бұрап жатыр... 
Әшірбектің  әңгімемен  ісі  жоқ.  Тұйық  жігіт  кӛрінеді.  Ортасы  кӛтеріңкі 
үлкен  мұрны  бұрғы  шығарған  жұмыр  балшыққа  аз-ақ  тимей,  үңіліп  отыр. 
Станокты  бұрғы  жылмаңдап  еніп  барады  жерге.  Оны  қозғаған  машина 
дӛңгелегі кӛз ілестірмей зырлайды. Бұрғы дӛңгелектен де шапшаң. Басқарып 
екі жұмысшы жүр. Алуан түсті жұмыр балшықтарды тігінен қойып, қатарлап 
тастапты. Әр балшықта жазу бар. Чайков жазуға қарамай-ақ баяндап кетті... 
— Бурыл кӛмір, тас кӛмір, антрацит... 
— Бұлардың бірінен бірінің айырмасы не? 
— Басты  айырмасы  углеродта.  Бурыл  кӛмірдің  қырық  бес-жетпіс  бес 
проценті,  тас  кӛмірдің  жетпіс  бес-тоқсан  проценті,  антрациттің  тоқсан  бес 
проценті, одан да кӛбірегі углерод. Кӛмірді маркаға бӛлеміз. Мысалы: Т мен 
Д  маркасы  отын  орнына,  Г  генератор  газын  алуға,  ПС,  К,  ПЖ  маркалары 
кокс, тағы басқа қымбатты заттар қорытып алуға пайдаланылады. Кӛмірден 
қарамай,  бензин,  керосин  сияқты  химиялық  заттар  да  шығады...  Қарағанды 

15 
Sauap.org
 
кӛмірінің  зор  қасиеті  —  коксіленетін  кӛмір.  Кокс  —  ӛндірістің  ең  құнарлы 
азығы. 
Әңгімені  ылаушы  жігіт  бӛліп  жіберді.  Келгелі  газикті  айналдырып,  о 
жер, бұ жерін шұқып жүрген. Гудокты басып қалғанда, кӛк байтал осқырып, 
атып түсті. Шылбырды үзіп босанып, қашып барады. Жігіт қуып барады. 
— Қап, мынау жаяу тастап кетті-ау! — деді Мейрам. Чайков сылқ-сылқ 
күледі. 
— Жұртқа  қазір  машина  қандай  таңсық!  Осы  жастар  ертең  оның  рулін 
тізгінше ұстайды. Жүріңіз, сізді енді мен апарып тастайын. 
— Иә, сіздің ауылдан да ылау мінейік. Қош, Әшірбек жолдас. 
Әшірбек  басын  кӛтеріп,  аузын  жыбырлатты  да  қайта  үңілді 
балшықтарға.  Бірауыз  сӛзге  келместен  қалды.  Чайков  пен  Мейрам  газикке 
отырып, әңгімелесе кете барды... 
Жалпақ  жонды  кең  далада  шоқ-шоқ,  ойдым-ойдым  қарағандар, 
тӛмпешік-тӛмпешік болып жатқан суыр індері кӛрімеді. Суыр ӛрбіп жүр. Ӛте 
сақ, машинаны кӛрісімен мыртың-мыртың жүгіріп, қашып бара жатыр. Бес-
алты күшігін ерте басқадан бұрын зытқан бір қараней ініне жеткенде артқы 
аяғымен  тік  тұра  қалды.  «Не  қыласың,  ұстап  алшы,  кәне»  дегендей 
шықылықтап тұр. 
— Қарағанды кӛмірін осы суыр індерінен бір мың сегіз жүз отыз үшінші 
жылы қой бағып жүріп бала жігіт Апақ Байжанов тауыпты,  — деді Чайков. 
Мейрам  естімеген  екен,  құмарта  тыңдады.—  Бірақ,  не  екенін  білмеген. 
Ауылға  келіп  ақсақалдардың  сарабына  салғанда,  олар  да  таба  алмай,  дал 
болыпты. 
— Неге  дал  болады?  «Кӛмір»  деген  қазақтың  ескі  тілі.  Тіл  тегін 
жасалмайды.  «Осал  деме  кӛмірді,  бұрқылдатар  темірді»  деген  мәтел  де  бар 
қазақта. Жас Апақ білмесе де қариялар білуге тиісті. 
— Иә,  солай-ау,  білмесе  болыс  Тәти  Ушаковқа  екі  жүз  елу  сомға  сата 
ма? 
— Жеткізген екен бағасын!— деп Мейрам Тәтиді кекеп қойды. Соған он 
екі мың жылқы бітіпті. Мынау есепшілдігіне қарағанда қалай бітті екен! 
— Оны  азсызсаңыз,  Нелді  кенін  Байзақов  деген  бай  сексен  алты  сомға 
сатқан. 
— Ушаков қаншаға сатты? 
— Ушаков та қазақ байынан онша ұзаған жоқ. Елу жылдай қожа болып 
тұрып,  ақыры  бір  мың  тоғыз  жүз  тӛртінші  жылы  француз  капиталисі  — 
президенттің  баласы  —  Карноға  жеті  жүз  алпыс  алты  мың  сомға  сатқан. 
Карно екі-үш жылдап кейін ағылшын капиталистеріне ӛткізіпті. Ғасыр бойы 
байлар  арасында  саудаға  түсіп  келген  Қарағанды—Спасск—Нілді  жеріне 
европалық бір мемлекет сыйып кетер еді. Бәрінен қалған мұра мынау,— деп 
Чайков  қыр  басында  сойдиған  жалғыз  трубаға  иегімен  мегзеді.  Қарағанды 
хикаясы таусылар емес. Енді барлау жұмысын баяндай бастады: 

16 
Sauap.org
 
— Бір  мың  тоғыз  жүз  жиырмасыншы  жылы  Александр  Александрович 
Гапеев  экспедициясы  келіпті  бұл  далаға.  Қарағанды  кӛмірінің  молдығын, 
коксіленетінін бірінші рет сол айтқан екен. 
— Орыс, ағылшын капиталистері мол кенді жалпағынан басса да терең, 
зерттей алмады, шұқылап-шұқылап қана пайдаланды. Гапеев Қарағандының 
ӛзінде  «жаңа»  пласт  кӛмірін  қолдан  жағып,  коксіленетінін  білді.  Қарағанды 
бассейнінің  жергілікті  ғана  емес,  жержүзілік  маңызы  бар  деген 
қорытындымен  қайтты.  Біз,  Қайыр  Аманбековичтер  сол  Гапеевтің 
шәкірттеріміз. 
— Шәкірттік  дәуірден  әлі  ӛткен  жоқсыздар  ма?—  деп  Мейрам  жымия 
күлгенде, Чайков сақылдай күлді. 
— Онда кеще шәкірт болғанымыз да! Әзірге зерттеген жеріміздің кӛлемі 
Гапеевтікінен  бес  есе,  тапқан  кӛміріміздің  кӛлемі  екі  есе  артты.  Қазір 
Қарағанды  кӛмірінің  молдығына,  оның  коксіленетініне  күман  қалған  жоқ. 
Сыртқы жау енді «бесжылдыққа» сенбесе, Главкадағы оппортунистер әлі де 
коксіленуіне сенбейді... 
— Сенбесе мейлі, халық сенсе болғаны!— деп еді Мейрам. 
— Әрине,—  деді  Чайков,  машинаны  ӛзі  жүргізіп  келе  жатқан,  бір 
қолымен  алға  нұсқады,—  әне,  анау  труба  маңындағы  тобыр  халық! 
Сенгендіктен келіп жатыр... 
— Кӛмірдің  коксіленетінін  дәлелдеуден,  бұл  сенімді  ақтау  қиынырақ. 
Олар  құр  сеніммен  ғана  келді.  Тәжірибесі,  білімі,  құралы...  жоқ.  Бұл 
жоқтардың бірде-бірі орыс кӛмегінсіз жасалмайды... 
Жай сӛйлеп, кең толғап отырған Мейрамның жүзіне оқтын-оқтын қарап 
қойғанда  Чайковтың  кӛзінен  шаттық  ұшқыны  шашырайды.  Бұл  далада  ӛте 
сирек  кездесетін  оқымысты  жас  қазақтың  жаңа  пікірлерін  құмарта  тыңдап 
келеді. Кейде сабыры жетпей бӛліп жібереді сӛзді. 
— Сіздің  уайымдарыңыздан  да  жанға  жайлы  самал  соғады.  Бейсек 
Керімов  ақылсыз  адам  емес  қой.  Ол  кісімен  сан  кездескенде  бұндай  әсер 
алған емеспін. 
Мейрам мырс етіп күліп жіберді. 
— Қолайсыз  теңеу.  Бейсек  ұлт  батпағынан  шыға  алмай  жүр  ғой.  Мен 
әзір ешбір батпаққа ұрынғаным жоқ. 
— Ғапу  етіңіз.  Рас  қолайсыз  екен-ау!—  деп  ыңғайсызданып  қалды 
Чайков.  Екеуі  әңгіме  еткен  Бейсек  Керімов  Қазақстан  Халық 
Комиссарларының  бірі  болған,  кейін  оңшыл,  ұлтшыл  қылықтары  үшін 
тӛмендеп, Ақмоланың округтік мекемелерінің бірінде істейді. Чайков енді ол 
тақырыптан тайып шығып, Мейрам сӛзін қуалай сӛйледі: 
— Халықтар  достығы,  социалистік  қарқын  жайында  баса  айтасыз. 
Дұрыс-ақ. Бұл екеуі күшейсе, ӛмірдің әр тамыры дұрыс соғады. Социализмге 
қарсы  пікірсымақ,  ғылымсымақтардың  барлығы  осы  жанды  жерге  жаман 
кездігін сермеп бақты. 
— Әлі де сермейді. 

17 
Sauap.org
 
— Иә,  сермейді.  Әзірге  ортасынан  сынды  ол  кездік.  Социалистік 
шабуыл мүлде ұнтап тынады оны. 
Екі  ӛгіз  жегетін  ырдуанға  айыр  жетекпен  жалғыз  ат  жегіп,  жалғыз 
сиырды соңына тіркеп, шықыр-шықыр ілбіп бара жатқан бір кеш жол үстіне 
шоңқая кетті. Кӛш иесі екеу-ақ: бір әйел, бір еркек, қимасы түскен ырдуанды 
мықшың-мықшың  кӛтеріп  жатыр.  Легчанкеге  мінген  зор  адам кӛлденеңінен 
кездесті  бұларға.  Арбасынан  түсе  сала  екеуі  кӛтере  алмаған  ырдуанды 
жалғыз  кӛтеріп,  шандыған  дӛңгелекті  белдікке  қайта  кигізген  соң  жӛнеле 
берді. Анадайдан танып, трест бастығы Щербаков деді,— Чайков,— қуамыз 
ба, кейін-ақ кездесесіз бе? 
— Асығыс тәрізді ғой. Бӛгемейік. 
— Қажырлы, іскер адам... Келісімен ӛлі Қарағандыға жан салды. Сонау 
беткейлерде бірен-саран  қарайған  жаңа  шахталардың  бастамасы.  Қарағанды 
зерттеу,  талас  дәуірлерінен  ӛтіп,  дереу  мыңдардың  еңбек  майданына 
айналғалы тұр. 
Мейрам  ойлы  үнсіз  келе  жатыр  еді.  Кештің  жанынан  ӛте  бергенде 
Чайковтың сӛзін бӛлді: 
— Щербаков жаңағы болмашы кӛмегімен үлкен денесін ғана емес, үлкен 
жүрегін де кӛрсетіп кетті. 
— Дұрыс  байқағансыз.  Кӛпшілік-ұйымдастыру  жұмыстарында  да  ол 
сіздерге үлкен жәрдемші. Қарағанды алдымен ӛзінің партия, совет, кәсіподақ 
ұйымдарын құрып алу керек. 
— Әрине, оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды. 
Kӛш,  бетімен  жайылған  мал,  біресе  ұйыса,  біресе  бытырай  қонған  киіз 
үйлер,  кӛмір  қордаларының  ескі  тӛмпешіктері...  Солардың  ара-арасымен 
бұлтақтай жүріп келе жатып: 
— Қайда түсесіз?— деді Чайков. 
— Сейтқалы деген ескі жұмысшы болатын... 
— Білем,  білем,  қазір  десятник.  Анау  баракта  тұрады.  Ағылшындардан 
қалған  бес-алты  барактың  біріне  келіп  тоқтады  машина.  Барак  алдында 
махорка шылымын орап отырған жуан мұрынды, сарша жігіт күрілдей тұрды 
орнынан: 
— Жаным-ау,  Мейрам  ба,  мынау?  Келші,  кӛрмегелі  қашан?  —  деп 
құшақтай  алды.  Сүйіп  те,  жылап  та  жіберді.  Екеуінің  шұрқырасуы  ұзаққа 
созылып барады. Чайков қайтуға асықты: 
— Рұқсат етсеңіз, Мейрам Омарович, дала мені күтіп тұр. 
— Рақмет, Анатолий Федорович. Бұл менің туған жерім болса да сырын 
сізден аз біледі екем. Әрдайым кеңесіп тұралық. 
— Кеңесуге мен сізден әрі құмар. 
Чайков қоштасып жүріп кетті. Сейтқалы Мейрамды ертіп үйіне енді. 
 
III 

18 
Sauap.org
 
 
Мейрам  ертеңіне  таңертең  Сейтқалыны  ерте  Щербаковтың  пәтеріне 
қарай аяңдады. Күн найза бойы кӛтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен 
жел жоқ. Бүгін тымырсық ыстық болатын түрі бар. Таңертеңгі тұнық ауаның 
ӛзінде күлімсі кӛмір иісі аңқып тұр. Мехцех жақтан шақылдаған балға даусы 
естіледі.  Бірінші  шахтадан  шелектеп  кӛмір  тартқан,  ташкелеп  кӛмір  үйген 
жаңа шахтерлер кӛрінеді. Баракта тұратын ескі жұмысшылардың бірен-саран 
сиыры  бел  асып,  ӛрістеп  барады.  Бірнеше  жыл  думанды  Москвада  тұрып 
үйренген  Мейрамның  кӛңілі  бұл  кӛріністерге  толған  жоқ.  Атрапқа  жіберді 
кӛзін.  Беткейлер  бетінде,  кӛп  уақыт  адам  жүрмей  су  сойып,  шалғын  ескен 
жолдар  жатыр.  Сол  жолдардың  шалғын  жалын  майырып,  шаңын  кӛтере 
үздік-создық  кӛштер  келеді.  Қарағандыны  тӛңіректей,  ойпаттағы  кӛгалды 
сағалай қонған ауылдар кӛрінеді... 
— Ӛлі дүниеге жан ене бастаған,— деді Мейрам. Жан-жағына байыпты 
қарап, жүре тоқтап келе жатыр еді. 
— Тезірек  жүрелік,  кетіп  қалар,—  деп  Сейтқалы  алға  түсті.  Үйдегі 
әңгіменің жалғасын айтып барады.— Білгір адам. Әсіресе жер астын тамаша 
біледі... 
Алдарында жапырық тас үй тұр, тӛбесін жаңадан кӛтеpiп жауыпты, екі 
жақ  қабырғасы  жыпырлаған  есік.  Ағылшындардан  қалған  үй  екенін 
нұсқасынан-ақ білуге болады. Бір есіктің алдында жайдақ легчанкаға жеккен 
торы ат кӛрінеді. Легчанкада қаба сақал қазақ шалқасынан жатыр, ыңырсып 
әндетеді. 
— Щербаковтың  кучері.  Жүргелі  жатыр  екен,—  деп  Сейтқалы 
жылдамырақ  келіп  есік  тұтқасын  ұстай  бергенде,  Мейрам  оны  қолынан 
тартты да, есік қақты. 
— Рұқсат, кіріңіз,— деген жуан дауыс естілді. 
Щербаков  жалғыз,  ішкі  кӛйлекшең,  сақалын  қырып  отыр  екен.  Есік 
ашылғанда ұшып тұрды орнынан: 
— Қош келдіңіздер! 
Мейрам қол алысып, орыс салтынша таныстырды ӛзін: 
— Мейрам Омарович Омаров. 
— Сергей  Петрович  Щербаков.  Отыруларыңызды  сұраймын.  Ғапу 
етіңіздер, қазір босаймын, қазір. 
Екеуінің  астына  екі  жайдақ  орындық  қойды  да,  ӛзі  жайдақ  столына 
барып  қырына  берді.  Жеңі  сыбанулы,  жағасы  ашық,  жалпақ  кеудесі,  еті  аз, 
сіңірлі  жуан  білегі  тым  жүндес:  қою  салалы  қара  жүн  саусақтарына  дейін 
басыпты. Шықшытты, қара қоңыр бет бейнесіне қарағанда, шекесі қысықтау, 
маңдайы шығыңқы, бурыл шаш, алып денелі бұл адам ӛте кішіпейіл тәрізді. 
Алдындағы  кішкентай  қолайнамен  қатар  шынылы  рамка  ішінде  бір  әйел 
суреті  тұр.  Жасы  отыздың  ішінде,  сымбатты,  күлімсіреген  мӛлдір  кӛк  кӛзі 
қандай  ақылды.  Кербез  қарап  бір  жылы  сӛз  айтқалы  тұрған  сияқты.  Сол 
суретке сүйей қойған конверттегі: 

19 
Sauap.org
 
«Москва...  Антонине  Федоровне  Щербаковой»  деген  жазуға  кӛзі 
түскенде,  «әйел  екен»  деді  Мейрам  ішінен.  Аласа,  тӛбесі  шатырша,  шағын 
бӛлмеде  мүлік  аз. Жабайы  темір  кровать,  үлкен  чемодан,  бір  стол,  босағада 
ілулі  шахтер  шамы  кӛрінеді.  Кішкентай  бӛлмедегі  мол  денелі,  кең  мінезді 
адамның жұпыны  тұрмысын  кӛрген  соң  «большевик-подпольщиктердің бірі 
болар» деп тағы да бір жорамалдады Мейрам. 
 
* * * 
 
Мейрам  дұрыс  жорамалдап  отыр.  Сергей  Петрович  1914  жылдан  бері 
коммунист  партиясының  мүшесі.  Шашы  бурыл  тартқанмен  жасы  қырық 
бестен  жуырда  ғана  асты.  Бұдан  отыз  екі  жыл  бұрын  Донбаста  болған 
жұмысшылар  забастовкасының  бірінде  оның  әкесі  Петр  Алексеевичті 
полициялар қылышпен жаралады. Қанға боялған зор денелі, апсағай шахтер 
сонда да қаймыққан жоқ. Қолын жоғары кӛтеріп, жұдырығын түйе айқайлап 
тұрды: 
— Қанның есесі қанмен қайтар!.. 
Сергей  Петрович  бұл  кезде  оқып  жүрген  бала.  Мектептен  келе  жатып, 
әкесінің  аянышты  түрін  кӛргенде,  ашынды  үнін  естігенде  шыдай  алмады. 
Дереу  үйіне  келіп,  рогаткасын  алды  да,  қайта  шықты.  Ӛшіккені  —  күрең 
атты, ұзын мұртты, жуан мойын полиция. Әкесін қылышпен ұрған сол екенін 
кӛзі шалып қалған. Miнe, сол белгілі жау жұмысшы кӛпті ат бауырына ала, 
қылышпен шайпай: 
— Тара,  тара!  —  деп  тағы  келеді  ақырып.  Бала  Сергей  бұғып  тұрып, 
рогаткасын  тартып  қалды.  Түйе  құмалағындай  темір  винт  дәл  кӛзден  тиді, 
ұзын мұртты полиция ат жалын құшып, ұрыстан шыға берді... 
Бұдан кейін бір жыл ӛтті. Петр Алексеевич қайтыс болды. Одан қалған 
екі ұл, бір қыздың үлкені Сергей — он тӛрт жаста. Кешке жақын, ала кӛлеңке 
бӛлмеде  қам  қӛңіл  үш  жетім  жесір  ананы  қоршай  жабыңқы  отырды.  Ертең 
нан  алуға  ақша  жоғын  бәрі  біліп  отыр.  Мінезі  шадыр,  қой  кӛздерінің 
кірпіктері тік біткен Коля да, жақ жаппайтын, дамыл таппайтын алты жасар 
Светлана  да  қазір  кәдімгідей  салмақты,  ойлы,  «енді  қайтеміз?»  дегендей 
жалтақтап  қарай  береді  анасына.  Анна  Никифоровна  Сергей  түстес  қоңыр, 
мінезі ауыр кісі еді, қайғымен қарая түсіпті. 
— Сережа!— деді  әлден  уақытта  күрсініп.—  Семья  салмағы  енді  саған 
түсті. Оқуды қоя тұрасың да. 
Петр Алексеевичтің де жасында оқуға мұршасы болмаған. Ол кеткен соң 
бір  жұма  ӛтпей-ақ  баласы  мектептен  қалды.  Борис  Михайлович  Козлов  ол 
кезде  жиырмаға  жетпеген  жас  жігіт,  жұмысшы  —  металлист  болатын, 
Сергейді ертіп апарып шахтаға орналастырды. 
Салмақты,  салқам,  аз  сӛйлейтін  бала  Сергей  жұмыс  таңдаған  жоқ, 
таңдағанын  кім  береді,  лампа  тасудан  бастады  еңбекті.  Одан  жоғарылап  ат 
айдаушы  болды.  Аласа,  лас  забойларда  ауыр  шананы  еңбектеп  мойнымен 

20 
Sauap.org
 
сүйреп те жүрді. Сонымен тӛрт жыл ӛтті. Сергейге он сегіз жас толды, енді 
қайла ұстады қолына. Лампашы, ат айдаушы, шанашы деген қосымша аттар 
ӛзгеріп, забойщик Сергей атанды. 1914 жылғы жержүзілік соғысқа дейін сол 
шахтада,  сол  кәсібінде  қалып  қойды.  Барлық  жағынан  ер  жетті.  Алдымен 
саяси  сауаты  ашылды.  Соғыс  алдында  партияға  енді.  Соғыс  күндерінде 
үстінде  шинель,  қалтасында  коммунистік  билет,  майданда  жүрді.  Мылтық 
асынған кӛптің бірі болып жүрген жоқ, соғысқа қарсы листовкалар таратып, 
ӛз партиясының үгітшісі болып жүрді... 

21 
Sauap.org
 
* * * 
 
Сергей  Петрович  Щербаков  ӛмірдің  осындай  қиын  кезеңдерінен  ӛтіп 
келген  адам.  Қырынып  бола  сала,  жұмыс  пенжегін  киді  де,  қонақтарға 
жақындай келіп отырды. 
— Кәне енді әңгімелесейік. 
— Танысыңыз,—  деп  Мейрам  ӛлкелік  партия  комитеті  берген  қағазды 
ұсынды. Сергей Петрович тікше, тура мұрнына кӛзілдірігін дәлдеп қойды да 
оқи бастады. Оқып шығысымен кӛзілдірігін қолына алғанда кішірек кӛкшіл 
кӛзі жайнап кетті. 
— Жақсы  болды!  Ӛте  жақсы  болды!  Қажетіміз  кӛп,  соның  ішінде  ең 
қажетіміз жергілікті партия ұйымы еді. 
— Қанша коммунист бар? 
— Әзір кездестіргенім он шақты. Келіп жатыр халық. 
— Бетімен бе, ұйымдасқан түрде ме? 
— Кӛпшілігі ұйымдасқан түрде. Аудандарға жоғарыдан нұсқау берілген. 
Колхоздарға  шарт  үлгісі  жіберілген.  Аудан  ӛкілдері  қазір  ел  ішінде  болар. 
Тельман  ауданы,  оның  председателі  Қанабек  жолдас,  адам,  кӛлік  күшін 
қолма-қол ұйымдастырып береді. 
— Қазір халық қанша, осында? 
— Үш жүзге тарта бар. Біз келгенде қырық-отыз ғана еді. 
— Бұныңыз қашанғы есеп? 
— Бұдан үш күн бұрынғы. 
— Ел қарамы одан кӛбірек сияқты. 
— Мүмкін. Күндіз-түні құйылып жатыр ғой,— деді де Сергей Петрович 
әңгіменің бетін басқа жаққа бұрды. 
— Қашан келдіңіз? 
— Кеше. 
— Қайда орналастыңыз? 
— Мына  Сейтқалынікіне  түсіп  едім,  басы  кӛбірек  екен.  Бұл,  Ермектің 
үйіне орналастыратын болды. 
— Дұрыс орналастырған. Ермек екі-ақ бас. Жалғызсыз ба, келіншегіңізді 
ала келдіңіз бе? 
— Келіншегім жоқ еді, деп жай ғана жымиды Мейрам. 
— Біз  сізді  үйлендіреміз  осында.  Үйленуден  бұрын  келіншекке  үй 
саламын.  Үйсіз  оларды  ұстау  қиын.  Менікі  Москвада  қалды.  Ал,  неден 
бастамақсыз жұмысты? 
— Рұқсат  етсеңіз  әуелі  шахтаға  түсер  едім.  Шахта  дегенді  кӛрген 
емеспін. Содап кейін мынау ауылдармен танысам да, ауданға барып қайтам. 
— Дұрыс кӛріңіз бәрін, — деді Сергей Петрович «Уақытым жоқ» деуге 
аузы бармай, қипақтаңқырап отыр еді, Мейрам соны сезгендей сӛйледі: 

22 
Sauap.org
 
— Сіз жаңа шахталарды араламақсыз ғой, жолыңыздан қалмаңыз. Маған 
Сейтқалы кӛрсетер. 
— Табылған  ақыл.  Әйтседе  кӛзіктіріп  кетейін.  Үшеуі  үйден  шықты. 
Бірінші  шахтаға  жаяу  келеді.  Бұларды  кӛріп  бұраншылар  ӛзара  күбірлесіп 
тұр: 
— Анау, жаңа жігіт кім? 
— Крайдан келіпті кеше. 
— Крайдан да келе бастады ма? 
— Е-е, Қарағанды дүрілдегелі тұр ғой. 
Бұраншыларға  жеткенде  Щербаков  талтия  тұрып,  шылымын  тартты. 
Имек, жуан трубкадан түтінді бір бұрқ еткізіп: 
— Бұны бізден бұрын Ермек ашқан,— деді,— осының кӛмірін астыққа, 
қойға айырбастап күнелтіпті. Кӛріңіз, ағылшын тұсындағы мешеу әдістер әлі 
бар. Біз соны социалистік әдіспен ӛзгертуге тиістіміз. Бұл жӛнде ертең сағат 
тоғызда, тресте отырып кең сӛйлесейік. 
Щербаков қоштасты да жүріп кетті. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал